Саяси мәдениет
Саяси
мәдениет
Саяси мәдениет жие
барлық саяси іс-әрекеттерді қарастырады
немесе мінезді анықтайтын фактор ерекше
саяси іс-әрекеттің даму деңгейін қарастырады.
Мазмұнына түсінік «Саяси мәденит» тарихи
тәжірибеде қосылады,саяси сферадағы
жеке индивид,бақылау дағды,саяси мінез-құлық
әсер етеді.
1956 жылы Амеркандық саясаткер Г.Алмандан
«Саяси мәдениет»термініне түсінік берді.
Саяси мәдениеттегі 4 негізгі топқа түсінік.
1.Психологиялық түсінік-саяси мәдениет
саяси обьектіні бақылау деп алып қарастырады.
2.Талдап қортуға түсінік-саяси мәдени-
бағыт мінез-құлық депм түұсінеді.
3.Саяси обьективті түсінік-мәдени обьективті
белгі,қатысушының мінез-құлқы.Бұл жүйеде
негізгісі индивидтің жағдайы.
4.Эвристикалық түсінік-саяси мәденинт
гинетикалық конструкт, аналитикалық
мақсат құруды карастырады.
Саяси психика.
Саяси психика-негізгі саяси психологияны,негізі
психологиялық функцияның жүйксін қарастырады.
Саяси психикада негігі 4 кітапты қарастырады.
Саяси қабылдау- 20-30 жылдары «New look» американдық
психологиялық мектептерде көптеген эксперименталды
қортындылар дәлелденеді.Біздің қабылдауымыз
бағытқа және бәздіңсанамыздың стеротиптеріне
байланысты.Саяси аспект- саяси түсінік
өзіндік сана және саяси мәдениет жатады.
Саяси ойлау-бұл түсінік адамның жүйелік
тойтарысты тиімді түсінуі және қоршаған
саяси пікірдің шындығы шешім және ой
қортындысы.Саяси ойлау өзіне когнитивті
емес эмоцияларды бағалау механизімін,
жее антологиялық статусты қосады.Саяси
ойлаудың мазмұны түсіні көптеген логикалық
механизм бағыт, мақсат және бағалау саяси
түсінікті анықтау және саяси мәдениет.
Саяси эмоция- бұл аффективті бағалау
және реакция түріндегі саяси шындықтың
адамның санасында бейсаналы формада
бейнеленуі.
Инерция психика саясатта- лат inertia қимылдамайтын,іс-әрекетсіздік
деп аталады.
Саяси бағдар және стереотип.
Саяси бағдар және стеротип саяси ойлауда
үлкен рол ойнайды.
Бағдар түсінігі-шамалы қиын және саяси
психология.Бағдар саяси субьектінің
ішкі сапасы саяси мәдениет және өтен
тәжірибені тіркеу шамалы анық және өңдеуді
түсіндіреді «саяси стереотип».
Стереотипке түсінік-грек сөзінен аударғанда
жан дегенді білдіреді.stereos (қатты) + typos
(белгі).
Саяси трактаттың таптаурынын 2 жолмен
анықтауға болады.
1.Полиграфиялық стереотип-монолитті көшірме
формасы.Көптеген тиражды және қайта шығару
баспасын қолданамыз.
2.Физиологиялық және динамикалық стереотипі-
мидың іс-әрекетінің толық формасы,саналы
тойтарыс және мінез-құлық фиксировтивті
түрі шартты рефлекторлы әсердің тәртібі.
1922 жылы У.Линпманың стереотиптерге түсінік
және психология.
Ішкі стереотип-екі негзгі элемент.
Білім-эмоционалды-сезімтал және бағалау
компоненті.
Стереотип құрлымы-«стержен» және «периферию»
орталықта қосылады.Орталықта бір-екі
қолайлы белгілер,ашық эмоционалды қабылдау
белгісі.Мысалы:этно стереотип үшін ішкі
қырлары,терісінің түсі,көзінің формасы,мұрынның
өлшемі,шашының түсі және киімі.
Саяси әлеуметтік үшін символдар- жалау,
герб, белгі афоризм программалық фаза
бұлар перифериямен байланысты және мінез-құлық
(адамның стереотипі) ойға салдары және
қайнар көзі немесе жүйеде.
М
САЯСИ МӘДЕНИЕТ САНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Бөлісу…
Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш СҰЛТАНОВПЕН әңгімелескен едік.
Еліміз экономикасы айтарлықтай нығайған соң саяси өзгерістер қолға алына бастады. Парламентте пікір алуандығын қалыптастыру үшін оны көппартиялы негізде құру туралы мәселе қоғамда толассыз айтылумен келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда ол Парламент Мәжілісінің талқысынан өтуде. Біз аталған заң жобасының мәні мен маңызын кеңірек ашу үшін Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш СҰЛТАНОВПЕН әңгімелескен едік.
– Қуаныш Сұлтанұлы, соңғы кезде елімізде саяси либерализация үдерістерінің тереңдеуіне айрықша мән берілуде. Сайлауға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілу қажеттігі күн тәртібіне шығарылды. Бұл халықаралық белді ұйымдардың талабы ма, жоқ әлде өзіміздің қоғамның қажеттілігінен туындап отырған жәйт пе?
– Қандай да бір заң қабылдау ең алдымен мемлекеттің өзінің өркендеу мүддесінен туындайды. Сондықтан қоғамдағы талап-тілектер ескеріле отырып заңдар әзірленеді. Әуел бастан “біреу былай айтты, не болмаса талап етті” деген жолмен жүретін болсақ, ол жол мақсатымызға жеткізеді деп есептемеймін. Президент Нұрсұлтан Назарбаев не себепті “Қазақстандық жол” деген идеяны айтып жүр? Бұл аяқ астынан туындаған әңгіме емес. 90-жылдардың басында, өз тәуелсіздігімізді енді жариялап жатқан тұста біз “қай жолмен қай бағытқа бет аламыз, қандай мемлекет құрамыз, қандай қоғамға бет түзейміз” деген сұрақтар алдымызда тұрды. Сол кезде Президент Н.Назарбаев: “Біз ешкімге де еліктемейміз. Ешкімнің де жолымен жүрмейміз, бірақ, дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттер тәжірибесін зерттеуіміз керек. Дамыған демократиялық, құқықтық мемлекеттер тәжірибелерінен біздің мемлекетіміздің мүддесіне жауап бере алатындарына айрықша мән беруге тиіспіз. Солардың жақсысын ұлтымыздың, мемлекетіміздің игілігі үшін, елдің ерекшелігін ескере отырып пайдалана алсақ, ұтарымыз көп болмақ”, – деген болатын. Осы шақтарда мәскеулік және еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары біздің бағытымызды қалт жібермей, үнемі қадағалап отырды. Бұрынғы кеңестік жүйе ресми түрде таратылған соң, бұлар, яғни біз сияқты “Орталық Азиядағы бұрынғы республикалар мемлекет бола ала ма, бола алмай ма”, – деген пайымдаулар айтыла бастады. “Күні ертең осылар экономикалық тұрғыда тәуелді болып, алдымызға қайта келеді”, дегендей мысық тілеулер кеңінен көрініс берді. Сол кездері біз Түркиямен қарым-қатынасымызды қалыптастырып жатсақ, “Қазақстан “түркиялық жолмен” жүретін болды”, біз Кореямен байланысымызды байыптап, барыс-келісті жиілетсек, “Қазақстан “корейлік жолды” таңдады”, не болмаса, Қытаймен қарым-қатынасымызды жандандыруға әрекеттенсек, “Қазақстан Қытайға бет бұрды” деген сияқты лақап сөздер өте көп тарады. Соларды бақылай отырып, халықаралық дәрежеде, не өзіміздің күнделікті өмірімізде “қазақстандық жолмен” жүретіндігімізді дәлелдеуге тырыстық.
“Қазақстандық жол” дегеніміз не? Бұл сұраққа ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір том еңбегін арнады. Онда оған толық жауап берілген. Жинақтап айтар болсақ, біз демократиялы әрі ізгілікті мемлекет орнатып, зайырлы әрі азаматтық қоғам құрамыз, еркін экономикалық қарым-қатынас жасаймыз және дүние жүзіндегі озық тәжірибелерді пайдаланып, адам құқығының сақталуына айрықша мән береміз дедік. Адамның мәртебесін көтеруге, оның мемлекетпен қатынасын арттыруға мүмкіндік жасайтын қағиданы ұстандық. Бүгінгі Парламент қарауына алынған заңдарымызға өзгерістер енгізуіміздің өзі де ең алдымен осыдан туындап отырған жәйттер.
Сіздің сұрағыңыздың жаны бар. Өйткені, біз бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықпен араласып отырмыз. Біз – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекеттің біріміз. Оның үстіне сол белді халықаралық Ұйымның төрағалығына сайландық. Қоғамдағы көзқарасқа назар аударсаңыз, біреу бізді сырттан бақылауы керек сияқты көрінеді. Біз әлі күнге сондай жаман қасиеттен арыла алмай жүрміз. Неге бізге міндетті түрде біреу бақылау жүргізуі тиіс? Біздің санамыздан әлі күнге КОКП Орталық комитетінің әкімшіл-әміршіл жүйесі өшпей тұрған секілді. Еліміздің интеллектуалдық әлеуеті жеткілікті, өзіміздің мемлекеттік институттарымызды құрып алдық. Сыртқы саясатымыздың тұжырымдамасы мен қорғаныс тәсіліміз де белгілі. Дүниежүзілік қоғамдастықпен қарым-қатынасымыздың негізгі бағыттары мен жолдары нақтыланған. Оларға күмән келтіріп отырған да ешкім жоқ. Біз өзге елдерден бұрын жаппай қарулануға қарсы шығып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналымыздан бас тарттық. Осы қадам арқылы Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастағы бейбіт саясаты қалыптастырылды. Бұл жерде одан жәй бас тарта салған жоқпыз, алдымен барлық ядролық мемлекеттерден кепілдік сұрадық. Сол кепілдікті заңдастырдық. ЕҚЫҰ шеңберінде 1994 жылдың 6 желтоқсаны күні Будапешт қаласында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Қазақстан атынан дүние жүзінде “ауа райын” жасайтын байырғы мемлекеттер басшыларымен тең дәрежеде сөйлесіп, Қазақстанды ешқашан ел екен деп көрмеген, танымаған ірі мемлекеттер басшылары – АҚШ Президенті Билл Клинтон, Ресей Президенті Борис Ельцин, Франция Президенті Франсуа Миттеран, Англия Премьер-министрі Джон Мейджер қауіпсіздік кепілдігіне қол қойды. Одан кейін бір жыл өткен соң Қазақстанның қауіпсіздігіне Қытай осындай кепілдік берді. Міне, осындай жағдайлардың барлығы бұрын-соңды Қазақстан тарихында болып көрмеген еді. Біз осылайша бірте-бірте өзіміздің жаңа тарихымызды қалыптастырудамыз. Жаңа өмірімізді жасампаздықпен дүниеге танытып келе жатырмыз және өзіміздің ұстанған жолымыз бар. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстанда демократия әлсіздеу деген пікір айтады. Еуропада демократияның өркен жайғанына 300-400 жыл болып қалды. Ал 300 жылдық тарихы бар Америка Құрама Штаттарында әйелдерді сайлауға қатынастыру тек ХХ ғасырда ғана қолға алынды. Біздің тәуелсіздігімізге 17 жыл енді толды.
Жалпы айтқанда, демократия қазақтың санасында, керек десеңіз табиғатында бар нәрсе. Бұрын қазақта түрме, абақты деген болмаған. Оның барлығы бізге Ресейдің отарлық саясатының салдарынан келген. Өлім жазасына мораторийді ең жоғары гуманизм деп қалыптастырып жатырмыз. Қазақта түрме, абақты орнына құн төлету және басқа да өтемдер орныққан. Сырттан араласу болмағанда, біздегі жағдай тіпті басқаша қалыптасар ма еді, кім білсін. Өмір өзгереді, сонымен қатар, заңдар да біртіндеп өзгерістерге ұшырайды. Өздеріңізге мәлім, біз өзіміздің алғашқы Конституциямызды 1993 жылы қабылдадық. Ал 1995 жылы сол Ата Заңымыздың өзін жаңадан қабылдауға тура келді. Бұл өмір бір орнында тұрмайтынын көрсетсе керек. Конституциямызға 1998 жылы қайтадан өзгерістер енгіздік. Сол сияқты алдағы уақытта сайлау заңнамасына да жаңадан өзгерістер енгізуіміз әбден мүмкін. Мысалы, бұған дейінгі сайлау заңнамасында мажоритарлық жүйе болған болса, қазір бізде партиялық жүйемен сайлау орнықтырылып отыр. Былтырғы конституциялық өзгерістерде көптеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сайлау, партия, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарға өзгерістер пысықталуда. Бұл заң жобалары қазіргі кезде Мәжілісте, одан кейін Сенатта қаралатын болады. Қазірдің өзінде аталған заң жобаларына қатысты қоғамда қызу пікірталастар жүріп жатыр.
– Сайлау туралы заң жобасына егер сайлау барысында бір партиядан өзгесі 7 пайыздық межеден аса алмаған жағдайда осы көрсеткішке жақындап, біраз дауысты еншілеген партияға да депутаттық орын беру керектігі жазылмақ. Оның тетігі қандай болу керек деп ойлайсыз?
– Дау туғызып отырған да осы жәйт. Және ол негізсіз де емес. Одан да табалдырықтың аттау пайызын жеңілдету қажет деген пікірлер де айтылып жүр. Олай жасауға да болар еді. Былтыр мемлекеттік комиссия жұмыс жасады ғой, сол кезде осы мәселелердің барлығы талқыланды. Сол кезде біз 7 пайызды жөн санадық, алайда өмір тоқтап қалуға болмайтынын көрсетуде. Ал Парламент екі партиялыдан кем болмауы тиіс дегенге келсек, ол Мәжілісте кем дегенде екі партия өкілдерінің болуын қамтамасыз ету деген сөз. Оның жүзеге асырылу тетіктері депутаттар ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен партиялар тарапынан кеңінен талқыланып жатыр. Артынан бір мәмілеге келетін болармыз.
Менің о бастағы жеке пікірім, осыны 5 пайызға түсірсек керек. Алайда, бұл жерде мәселенің екінші қыры бар. Мысалы, кез келген партия өз күшімен қоғамда электоратқа ықпал ете алатын әлеуетке ие болуы керек. Қоғамда мейлінше көппартиялы жүйе орнату үшін өзінің саяси ықпалы бар бірнеше партияның болғаны дұрыс. 90-жылдардың басында бізде партиялардың саны қырыққа дейін жеткен. Қазіргі кезде кез келген партияның тіркеуден өте салуын өз басым демократияның көрінісі деп санамаймын. Партиялардың шамадан тыс көптігін демократияның ең алғашқы тәй-тәй басқан қадамдары деп қарастырған жөн. Сонымен бірге, саяси құрылымдардың дәрежесін әлсіретіп алмауды да ойластыруымыз қажет. Партияның ықпалы мен беделі артуы тиіс. Өзіңіз қараңыз, сайлау кезінде партиялардың сайлауалды бағдарламалары бір-біріне қатты ұқсас болып келеді. Одан бізге қандай пайда бар, қандай даму мен өсім болады. Сондықтан саяси партиялардың ықпалды да қуатты болғаны ұтымды. Ең бастысы – саяси партиялардың қоғамда өзінше ізденіп, танылғаны жақсы.
– Қоғамда, не болмаса партиялар мен саяси тұлғалар арасында саяси мәдениеттілік қаншалықты деңгейде қалыптасқан дей аламыз? Бізде біреу жеңсе, екіншісі дүрдараз кейіп танытып жатады. Саяси мәдениеттіліктің үлгісін дамыған Батыс елдерінен көріп жүрміз. Бізде бір-бірін жеңісімен құттықтайтын үрдіс қашан орнығар екен?
– Жалпы, қоғамның, партиялардың саяси белсенділігі, күресі, сайып келгенде, мәдени қарым-қатынастарға келіп тіреледі. Солардың мәдениетін көтере білу адамдардың қоғамдағы орны мен дәрежесіне және олардың дүниетанымына байланысты. Әрине, біздің қоғам осыдан 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда, көп өзгеріске ұшырап, айтарлықтай өсті. Шынтуайтына келгенде, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзі саяси партиялардың ықпалына да қатысты жәйт. Саяси мәдениет адамдардың төзімділігінен, бір-біріне кеңшілігі мен түсінушілігінен туындайды. Бізде шенеуніктер адами қарым-қатынасқа деген көзқарасын өзгертуі тиіс. Адам адамды оның қызметіне қарамай сыйлай білуді үйренгені жөн. Қызметтік, лауазымдық үстемдіктен құтылу керек. Іштарлық пен қызғаншақтық сияқты надандық індетінен арылу қажет. Әсіресе, жас буын бірін-бірі аңду интригасынан гөрі, өз білімін көтеру мен өзінің рухани тазалығын көбірек ойлауға міндетті.
– Көптеген елдер өз парламенттерінде жастарға, әйелдерге және де қоғамның өзге де жіктері мен топтарына квота беріп жатады. Сіздің ойыңызша, Қазақстан жағдайында бұл керек пе?
– “Квота” біздің барлық “дертімізді” дауалап береді деп айта алмаймын. Оған мен онша құштар да емеспін. Егер біз өйтетін болсақ, онда әлеуметтік топтарды қайтадан бөлшектейміз. Социализм кезінде ол идеологиядан бас тарттық. “Ондай болатын болса, жастарға, әйелдерге, содан кейін жұмысшыларға, оқушыларға, ардагерлерге, мүгедектерге неге бермейміз” деп кете береді. Қазақстан халқы Ассамблеясының өзіне жаңа конституциялық статус бердік қой. Онда да ұлтаралық қарым-қатынастың өте нәзік екендігін ескере отырып бердік, бірақ соның өзінде соншама ұлттың барлығын депутаттық орынмен қамтамасыз ете алмаймыз. Қазақстанда бір ғана халық, содан кейін басқа этностардың өкілдері бар. Қазір жүзден аса этнос бар екендігін қаперге алсақ, солардың барлығын Парламент орынтағымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ, жалпы қандай да этнос өкілдеріне тең құқықтық жағдай туғызу қажеттігі мақсатқа алынады.
– Қазіргі қаралып жатқан сайлау туралы заң жобасында әттеген-ай, мына мәселе назардан тыс қалды деген тұстар бар ма? Болса, олар қандай?
– Қай заң болса да одан талай кемшін тұстарды табуға болады. Қабылданған заңдардың өзі толық талапқа сай деп айта қою да қиын. Жақында Салық кодексін қабылдадық. Сонда да шешімін таппаған мәселелер баршылық болды. Сенатта пікірталас туындаған кезде мен ол туралы айтқанмын. Мысалы, орта және шағын бизнесті өркендетуге байланысты пікірімді ашық білдірдім. Олардың төлейтін салығының көлемін азайту туралы ұсыныс енгіздім. Бизнес өкілдері төлейтін салық түрлерінің санын кемітуді талап еттім. Экономикалық ауыр жағдайға сүйенген біздің қаржы орындарының дәлелдеуі бойынша, салық кемітілмей төленуі қажет екен. Менің көпшілікпен келіспеске амалым қалмады. Сол сияқты, заңдардың әлі піспеген жерлері жеткілікті дер едім. Қайшылығы да баршылық. Оның барлығы талқылау барысында анық көрінеді. Талқылау жаңадан басталып жатыр және мұны белгілі бір уақытпен шектеп, науқаншылыққа ұрынбаған ұтымды.
– Байқаушылар мәселесі өз алдына бөлек әңгіме десек те осы тұрғыдағы сіздің пікіріңізді біле кеткеннің еш артықтығы жоқ сияқты…
– Меніңше, жаңа өзгерістерге сәйкес байқаушыларға мейлінше еркіндік беру көзделіп отыр. Сөйте отырып, мысалы, Еуропаның кейбір елдерінде, тіпті Америка Құрама Штаттарын алыңыз, сайлау комиссияларына байқаушылар мүлде жіберілмейді. Оларды әрбір елден келтіруге рұқсат беріледі, бірақ дауыс беру комиссияларының маңына да жолатпайды. Мән-жайды осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ал біз барлығына мейлінше еркіндік беріп, есік-терезені ашып қойып, “көріңдер” деп отырмыз…
– Жоғарыда еліміздегі саяси партияларға өздерінің әлеуетін арттыру керек екендігі туралы айттыңыз. Дегенмен, қазіргі таңда олардың қоғамдағы ықпалы қай деңгейде деп білесіз?
– Бізде саяси партиялардың даму үдерісі жалғасуда және алдағы уақытта да жалғаса береді. Демократиялы елдерде партиялардың белсенділігі сайлау кезінде артады. Сайлау заңдарына сәйкес, партиялар тіркеуден өтіп, сайлауда белсенділіктерін арттыру үшін олар оған дейін де белсенді әрекеттер жасауы тиіс. Қазір Қазақстанда аса белсенді “Нұр Отан” ХДП ғана. Партия беделінің артып тұрған себебі, оның Төрағасы Президент болып табылатындығында. Сондықтан да партияның айқын көрсеткіштерін Президенттің арқасы деп түсінген жөн. Және соңғы сайлауда бір-ақ партияның жеңуі де Елбасымен байланысты.
– Тұшымды әңгімеңіз үшін рахмет.
Саяси мәдениет
| САЯСИ МӘДЕНИЕТ Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. «Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген. Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтері елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХVIII ғасырдағы неміс ағар¬тушысы, философ Иоганн Гердер болды. Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қа¬тынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқау¬лар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлт¬тардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежесін де білдіреді. Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады. Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді арттыруда алдымен сауат¬тылық қажет. Осы орайда В.И. Ленин былай деп жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес, тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И. Ленин, ШТЖ, 44-том, 188-б.) Сондай-ақ дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады. Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты. Әрбір адамның азаматтық міндет¬тері мен құқықтарына деген көзқарасы оның билік институт¬тарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детер¬минанты ретінде өкіметтің өз мәдени деңгейі көрінеді. Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады: – танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды; – аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін; – саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақ¬тылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауап¬кершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды рет¬теуді қамтамасыз етеді. – саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдар¬ды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді; – қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады; – қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналар¬ды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі. Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеумет¬тік қорғау», «автономия», «төзімділік», т.б. сияқты саяси қазы¬налардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либерал¬дар деп бөліну де содан келіп шығады. Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады. Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі ретінде қолданылады. Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрай¬ды. Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатын¬дығы белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер. Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында ауызша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдір¬мей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді. Өйткені қазақ тілі – өте бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Пушкин, Лермонтов шығармала¬рын ХIХ ғасырда-ақ көп елдерден бұрын аударуға жараған тіл... Біз Маркс, Ленин еңбектерін көп елдерден бұрын аудар¬дық. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілді таза ұстаған жөн. Оның үстіне, тіл – саясат құралы емес, таным құралы. Талайлардың қателігі осында, таным құралын саяси қаруға айналдыруда жатыр. Тіл еш¬уақытта саясаттың нысанасына айналдыруға болмайтын киелі, қасиетті ұлттық ұғымдардың қатарына жатады. Ол саясаттан да жоғары тұруы тиіс. Сондықтан тілді орынды пайдалану үшін, әрине едәуір қам-қарекет істеу керек. Ең алдымен мектепке балалар білімінің тек теориялық негіздерін жаттап өспей, сол білімді іске асыратын болып тәрбиеленуі керек болса, соның бір жолы – оқушының ойын дұрыс айтып бере білуге үйрету. Ол үшін мектеп бағдарламаларына «Тіл мәдениеті», «Шешен сөйлеу үрдісі» сияқты пәндерді енгізу керек деп санаймыз. Аталған іс-шараның орындалуын қадағалап, міндеттеп отыруды тіл шаруасын тәртіпке шақыратын құқы бар ресми орын – Тіл комитеті қолына алуы қажет. Тек осындай жолмен ғана біз тілдің мәдениетін кемелдендіріп, оның қолданыс ауқымын кеңейте түсеміз. Айталық, саяси тілде «әскери өнеркәсіп», «әскери комплекс», «қару-жарақ», «қарулану», «әскери блок», «соғысқа әзірлену», т.с.с. қолданылса, сөз жоқ, тіл мәдениеті өзінен-өзі байқалып тұрады. Саяси мәдениет осы аталғандармен ғана шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды. Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және т.б. жатады. Әр түрлі елдерде бұл мәселе¬лерге көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге немесе одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге үйретеді. Қоғамдық жағдайларға, сонымен қатар көпшілік арасында кең тараған ереже, қалып, үлгілерге байланысты саяси мәде¬ниет әр түрлі болады. Мұны мәдениеттің әр түрлілігі дейді. Оны ғалымдар әр алуан жіктейді. Солардың ішінде ең көп тараған Г. Алмонд пен С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін талдай келіп, саяси мәдениетті патриархалық, азаматтық және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі. Бірақ ол көбінде аралас болып келеді. Қоғамның жеке топтарының саяси мәдениеті де пайда болады. Оны субмәдениет дейді. Мысалы, Алматы мен Шымкент тұрғындарының саяси ойлауы мен өзін-өзі ұстауында шамалы ғана өзгешелік байқалса, Қазақстан мен Балтық жағалауы республикаларының саяси мәдениетінде елеулі айырмашылықтар бар. Бұрынғы КСРО-ны тұтасымен алсақ та соны байқауға болады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот орган¬дары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің қалыптасуын қатаң қадағалайды. Айталық, республиканың туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғам¬дық ұйымдар, әсіресе партиялар да қатысады. Саяси мәде¬ниетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір олардың биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсат¬ты түрде қатысушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі. Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер де қатысады. Мәселен, бұрынғы Пруссияның, Алманияның, тіпті оның бергі жағында бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдение¬тінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Саяси мәдениеттің жалпы міндеті – белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ереже¬лер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлес¬тіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін. Бұрынғы Кеңес Одағында саяси мәдениеке нұқсан келті¬рілгені белгілі. Ал Одақ ыдырағаннан кейін кейбіреулер мем¬лекеттік басқару органдарының толық саясатсыздандыры¬луына, идеологиясыздандырылуына шақыруда. Президент Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «соңғы уақытта көзқараста алаң¬датарлық тенденциялар байқалуда, ал ол мәдени, саяси құн¬дылықтардан жұрдай жас ұрпақтың өсіп, ержетуіне әкелуі мүмкін. Қоғамдық пәндердің екінші дәрежедегі қатарға құлды¬рауы практикасымен келісуге болмайды». Керісінше, халық демократиялық жолмен даму тәсілдерін, бұрынғы тоталитар¬лық тәртіпті болдырмау әдістерін жақсы білуі керек. Сондықтан күні кешегі құбыламыздың – Мәскеу, Меккеміздің – Кремль, құранымыздың – СОКП-ның тарихы, мешітіміздің – партияның саяси ағарту үйлері болғандығын есте сақтай отырып, оның ауылының келмеске кеткендігін де қанағат тұтқандығымыз жөн. Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәдениетінің жоғары, тұрақты болуының кепілі. Халық арасында мәдениеттілік саясатты жүргізгенде мына мәселелерге мән берілгені жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, еркі мен міндеттерін білуі, мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, саяси мәселелерді шешу, қоғам мен мемлекеттік басқарудың түрлері жөнінде хабардар болу, мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу, өкімет пен саясат жөнінде білімі болу және т.с.с. Егер өз мемлекетінің және басқа елдің тарихын, олардың қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы түсінігі болса, тіпті орынды болмақ. Мәдениеттік саясатты жүргізудің тісілдері мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Қазір БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, жер шарының 700 миллионға жуық ересек халқы сауатсыз. Мәдениеттілік саясатты жүргізуде ғылымдарды дамытудың рөлі зор, әсіресе қоғамдық ғылымдар адамдарға өздерінің саяси қатынастарының қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысы¬ның заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар өмірді жаңа негізде құруға, қоғамдық қатынастарды жетіл¬діруге, әлеуметтік-экономикалық процестердің болжамын жа¬сауға кең өрістер ашады. Адамның саяси дамуы, оның ішкі дүниесінің толымдылығы, дүниетанымы мен адамгершілік келбетінің қалыптасуы әде¬биет пен өнердің өркендеу деңгейіне байланысты. |