Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы

Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

І. Кіріспе...........................................................................................................2

 

    1. С. Мұқанов – қазақ әдебиетінің 

көрнекті қайраткері.................................................................................3

 

1.2.  Поэзиясы.............................................................................................5

 

1.3  С. Мұқановтың прозасы...................................................................11

 

 

ІІ. Негізгі  бөлім: С.Мұқановтың «Ботагөз» романы

 

      2.1. «Ботагөз»  романы ...........................................................................14

 

      2.2. Романдағы Ботагөз бейнесі...........................................................16

 

      2.3. Романның  көркемдік             

             ерешелігі............................................................................. ................24

 

ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 27

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты  мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі  журналист,  ағартушы, прозаик және қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері Сәбит Мұқановтың алатын орнын анықтау. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.

         Сәбит Мұқановтың  өз дәуірі үшін маңызды, ірі еңбегі —«Ботагөз» романы. Әуелде роман «Жұмбақ, жалау» деген атпен  1938 жылы басылып шықты.

 Кейін кітаптың атын «Ботагөз» деп өзгертті. Мұнысы өте орынды еді.

 Өйткені романда бастанаяқ айтылатын кейіпкер, бүкіл оқиғаны, сюжетті

 ұстап тұрған басты бейне — Ботагөз қазақ қызының бейнесі.

 

Алдымен «Ботагөз»  романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы

 

жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі

 

оқиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып,

 

оқушысын  тауып отырған бұл шығарма  бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет

 

қорының төрінен  орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының

 

көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман

 

оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен

 

тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта

 

Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын-қыстау хал-

 

деріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген

 

халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты.

 

       Осы романды талдап, талқылап, көтерілген мәселелері мен

тақырыбын ашу.

Шығармаға арқау болған оқиғалар XX ғасырдың басында қазақ

өлкесінде жиі  кездескен жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген

адамына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері. Автор қазақ

қоғамының қайшылықты жақтарын адам тағдырын, нақты әрекет, тартыс

арқылы суреттеуін көрсету.

 

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

    1. . С. Мұқанов – қазақ әдебиетінің  көрнекті қайраткері

 

Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының

 

Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу — молда оқуы

 

болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша   хат   таниды.   Ел   арасына  

 

көп   тараған   қисса-поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-

 

жырға, ертегі-әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи

 

бастайды. Ол кездегі азын-аулақ қазақ, кітаптарында ескі өзбек, немесе татар

 

тілдері араласып  келетін.  Бұған себеп кітап  бастыру ісі көбіне ескіше,  дін 

 

оқуына   қанық  молда,  немесе   қазақ тіліне  шорқақ, білмейтін татар

 

оқығандарының қолында болатын. Талантты жастың қолына осындай әрқилы

 

кітаптардың ішінен татардың классик ақыны Ғабдолла  Тоқайдың,   Абайдың 

 

кітаптары  түседі.   Бұл  — қараңғыда  нұр жауғанмен бірдей  еді. Өйткені

 

поэзиядан түсінігі молайған  Сәбитке  нағыз  керегі  де  осындай  шыншыл, 

 

түсінікті поэзия болатын. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол, әрі

 

сұлу өлеңдері көкейіне қонып,  Сәбиттің кейін ақындық, жазулық  жолға 

 

түсуіне  көп  әсер  етеді.

 

Ендігі мәселе — білімді тереңдету. Өйткені ескі оқумен алысқа бару

 

жоқ.

 

С. Мұқанов Омбы қаласындағы  мұғалімдік оқуға түседі.

 

1922 жылы Орынбор қаласында  жұмысшы факультетінде (рабфак )

 

оқиды. Осы кезде орысша үйреніп, орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, 

 

поэзияның үлкен дариясынан сусындайды, алуан түрлі жандарды, ғажайып

 

бейнелерді ол сонан  көреді. Біліміне ақындық таланты  ұштасқан С. Мұқанов

 

бірнеше өлеңдерін шығарады,  ал 1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң 

 

«Батырақ»,  «Октябрь өткелдері»,   «Сұлушаш»  поэмаларын   жазады.

 

Өлеңдері  мен  поэмалары бірнеше кітап болып басылады.

 

1926—1928 жылдары  С. Мұқанов республикалық, «Еңбекші қазақ» (қазіргі

 

«Егемен Қазақстан») газетінде, баспа орындарында қызмет істейді. Мұнан

 

кейінгі жылдарда Ленинград университетінде, кейін Мәскеудегі қызыл

 

профессура  институтында оқып, оны 1935 жылы бітіріп шығады.

 

Осы кезеңде С. Мұқанов белгілі «Майға сәлем!» өлеңін; «Ақ аю»

 

поэмаларын жазды.

 

1935 жылы С.  Мұқанов жаңадан шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» 

 

газетінің редакторы болып істеді. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының

төрағасы қызметін атқарды.

 

Бұл кезеңдегі  С. Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар «Ботагөз»

 

романы (1938, бұрынғы аты «Жұмбақ жалау») «Менің мектептерім» (1941)

 

«Колхозды ауыл осындай» (1937) сияқты шығармалар.

 

С. Мұқанов  соғыс жылдарында фашистік басқыншыларды

 

әшкерелейтін бірнеше уытты өлеңдер, очерк, әңгімелер жазды. Халқымыздың

 

майдан мен тылдағы ерлігін, қаһармандығын паш етті.

 

1943 жылдан 1951 жылға дейін  С. Мұқанов екінші рет Жазушылар

 

одағының  төрағасы болып, республикада көркем әдебиетті онан әрі

 

өркендету жолында  қызмет етті. Бұл жылдары әдебиеттің жас кадрларын

 

тәрбиелеу, жаңа тақырыптарды игеру, заманға лайық көлемді шығармалар

 

беруді әдебиет  майданындағы ең маңызды міндеттердің бірінен санаған

 

С. Мұқановтың тәрбиелік, ұстаздық еңбегі елеулі.

 

1950 жылдары  С. Мұқанов «Сырдария» романын, «Шоқан Уалиханов»

 

пьесасын  жазды. Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір мектебі

 

кітабының жалғасы  ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романын

 

жазып шығарды.

 

С. Мұқанов  — белгілі қоғам қайраткері. 1947 жылдан 1963 жылға дейін

 

Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

 

Әдебиетті дамытудағы қажырлы еңбегі үшін С. Мұқанов,екі рет Еңбек

 

Қызыл Ту орденімен, 1960 жылы 60 жасқа толуына байланысты Ленин

 

орденімен наградталған.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1.2.  Поэзиясы

 

         

         С. Мұқанов революция қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі,

 

арман туралы өлеңдер жазған. Сонын ішіндегі ең маңыздысы — 1919 жылы

 

жазылған «Бостандық» өлеңі. Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада. еркіндік

 

әкелді деген кешегі күнге дейін айтылып келген ұғымға саяды.

 

Бұл   бостандық,   көктен   бізге   келмеді,

Ешкім бізге сыйлап  және бермеді.

Мұнда   қазір  ортағы   жоқ өзгенің

Бұл бостандық — жұмыскердің  жеңгені!

 

Бұл шумақтан еңбекші халыққа келген бостандықты ақынның факт

ретінде ғана ұғып қоймай, оның саяси, таптық мағынасын басқаға 

насихаттайтынын   көреміз.   Таптық   күрестің   ымырамен бітпейтінің,

қанаушылармен үзілді - кесілді айқас үстінде ғана, оларды біржола жеңуімен

ғана тынады деп ұғады ақын. Казан төңкерісі әкелген бостандық орталық

Ресей халқы үшін де, шет аймақтағы қазақ халқы үшін де көктен түскен

емес, езілген еңбекшілердің, жұмысшы табының ондаған жылдар бойғы

күресінің нәтижесі болып көрінеді.  Ол кездегі ұғым солай еді.

 

1920 жылы жазған  «Кедей баласы» өлеңінде С.  Мұқанов сол

 

революциялық тақырыпты  онан әрі кеңейте түседі, таптық қырын өткірлей

 

береді. Қанаушы таптың қазақ аулындағы сұрқиялары бай, би, молдалар,

 

олардың қолданар әдісі алдау, арбау, дінмен көзді байлау деп ұғады ақын.

 

Молдекеңдер алдауға бата алмас,

 

Кұдай-дағы   жұмағын малға сата алмас.

 

Енді  байлар  бостандыққа  бір адым

 

Баса   алмас  та, кедейменен   қатарлас...

 

Еңбекшілер,  ендігі   күн  сенікі,

                     

                            Жасайды  кедей,   гүлденсің  кедей,  жасасын!

 

 

Ақын жиырмасыншы жылдары қазақ ауылы, қазақ кедейінің халі,

шаруалар   тұрмысы   жөнінде   көптеген   өлеңдер   жазады.    Оның

бастылары «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар

біздің жолға  қосылсын», «Егістік», «Балқаш», «Конвеер» және басқалары.

 

Бұрынғы қазақ  ауылы кедейлерінің типтік бейнесі  «Шоқпыттың

 

шаруасы»» (1926) деген өлеңінде көрінеді. Ол революцияға дейін еңбегі

 

жанбай көп азап көрсе, енді үкімет көмегінің арқасында  егіншілікті кәсіп

 

етіп, табысы табысқа  ұласты.

 

«Егістік» өлеңінде (1926) Шоқпыттың саналы шаруаға айналғаны,

 

болашақ, ауылдың  тірегі енді осы Шоқпыт болатыны көрінеді:

 

Тұқымды   кім  бергені,

Қалайша    күн    көргені.

Өзіне айқын  Шоқпыттың

Бүкіл қазақ, халқына...

 

Кейін   ұжымдастыру    (коллективтендіру),    индустрияландыру

дәуірінде  С.   Мұқанов   көптеген   жаңа  өлеңдер  жазды.   Бұлардың қай-

қайсысында болса да ақын құрылыс майданындағы қайнаған  еңбекті,  

жұмысшы,   малшы,   егінші   өмірін   негізгі   тақырып   етіп алады. 

 

С. Мұқанов, жоғарыда айтқандай, қазақ поэзиясына жай ақын болып

 

қана келген жоқ, өзінше жаңа түр мен мазмұн ала келді. Байырғы поэзия

 

үлгісі, әрине, жаңа заманға үйлесе бермейтін еді. Ақын поэзияға жаңа өрнек,

 

түр беруге, оны осы  күнгі өмір, тұрмысқа бейімдеуге ұмтылады. Осындай

 

соңы, әуенді туындысы — 1933 жылы жазылған «Майға сәлем!» атты өлеңі.

 

Мұнда ақын дүние жүзі еңбекшілерінің, ынтымақ күні — 1 Майды тек жасыл

 

көктем, шуақ күн деп қана жырламайды, бұл күн бүкіл езілген халықтың

 

қолына ту ұстап, күреске шығатын, бостандыққа ұмтылатын, азат еңбекке

 

бастайтын күн дегенді  уағыздайды. Май мейрамынының өзін 

ақын  «Жолдас» деп атап,  оны жаңа адам,  жұмыскер бейнесінде елестетеді.

 

Мың сәлем саған,

 

          Мәңгі, жолдас майым!

 

Сен жылда жас жігіт  боп келген сайын,

 

Жер жібек, барқыт киіп,

 

          Жасыл желек,

 

Бүркенеді үйеңкі, терек қайың!

 

Басқаға қымбат, саған тегін, арзан,

 

Түрлі гүл, інжу, жақұт, лағыл, маржан

 

Үстіне    төгіледі.

 

           Үкің — бұлт,

                              Қалпағың— күн.

                      

                               Найзағай қылыш қазынаң —

дейді.

 

    Әрі қарай, жеңген елде бостандық алған халық еңбек мейрамын қандай

 

табыстармен қарсы алып отырғаны, шаруа мен жұмыскердің бүкіл байлықтың

 

иесі болып  отырғаны өлеңде мақтанышпен айтылады. Лирикалық кейіпер

 

өлеңмен, әнмен  бірге бүкіл еңбекшілер тобы алға, өрге жетелейтін озат,

 

жоғары саналы құрылысшы, еңбекқор  болып  көрінеді.

 

   «Майға сәлем» — С. Мұқановтың поэзиядағы зор жаңалығы. Жол сандары,

 

буын, ырғағы жағынан бұрынғы қазақ поэзиясына ұқсамайтындығы үзіндіден

 

көрініп тұр.

 

   «Малшының мақтанышы» (1934), «Колхозды ауыл осындай» (1938) атты

 

өлеңдерінде С. Мұқанов ауыл еңбеккерлерінің бейнесін жасайды.

 

   С. Мұқановтың көптеген өлеңдері соғыс тақырыбына, кейін бейбіт еңбек,

 

тың тақырыптарына арналды. Соғыс кезінде «Мен де аттандым майданға»,

 

«Фашизмнің ажалы», «Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында» сияқты

 

жоғары патриоттық сезімдерге толы өлеңдер жазды.  «Берлин алынды»

 

өлеңінде:

 

Көз жасын көлдей  қылған талай елдің,

 

 

Сан жетпес жүректерге қайғы-шердің.

 

Уын    төккен,

 

Ордасы — жылан-шаян,

 

Фашизмнен тазарды  бүгін Берлин!—

 

деп қуанады ақын бүкіл халық атынан, соғыс бітіп, Берлинде жеңіс туы

желбірегенде.

 

  Ақынның лирикалық өлеңдерінің негізгі кейіпкері — қарапайым, еңбекші

 

халық өкілі.

 

   С. Мұқанов лирикалық өлеңдермен қатар көптеген поэмалар жазды.

 

Поэмада ақын сан алуан өмір құбылысын кең алып, белгілі кейіпкерлердің

 

әрекетін көрсету арқылы, оның қоғамдық, әлеуметтік немесе моральдық,

 

философиялық  сырын ашу арқылы дәуірге сай негізгі айтпақ идеямен

 

баяндайды. Лирикалық өлеңдерге қарағанда поэмаларында нақтылы

 

кейіпкерлердің  істері суреттеледі.

 

  Поэма бұрынғы қазақ әдебиетінде көбіне қисса, жыр, дастан, түрінде

 

ұшырайтын. Жаңа әдебиет дамуының барысында поэма өзінің қазіргі түр-

 

сипатына, яғни бүкіл классикалық әдебиет үлгісіндегі формаға ие болды, өмір

 

құбылыстарын  заманға сай шыншылдықпен суреттеуге ұмтылды. Ақын өзі

 

өмір сүріп  отырған ортаның адамдарын яғни кешегі қанау-бұғаудан құтылып,

 

бүгін қоғамның тең праволы  мүшесіне айналып отырған нағыз  кейіпкерлерді

 

шығармаларына тақырып, арқау етіп алды.

 

    С. Мұқановтың поэмалары 1925—1928 жылдары-ак жарық көре бастады.

 

«Пионер» мен «Жетім қыз үйінде» жазушы қазақ ауылындағы кедейлердің

 

хал-ахуалын көрсетіп. 1926 жылы жазылған «Кешегі жалшы мен бүгінгі

 

жалшы» (кейін «Батырақ»  атанған) атты поэмасында ақын ауылдағы бай мен

 

кедейдің  ара қатынасын нақтылы образдар арқылы суреттеді.

 

1928 жылы ақын  драмалы оқиғаға құрылған «Сұлушаш» поэмасын жазды.

 

Поэманын 20-жылдардағы қазақ поэзиясының таңдаулы шығармасы болып

 

саналуына ақынның  көркемдік ізденуі, сюжет тартымдылығы, тіл шеберлігі

 

және оның халықтық сипаты себеп болды. Рас, поэмаға арқау өткен оқиғаның

 

таптық мәні зор еді; ескі қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздің

 

көрген қорлығы, әсіресе адамның бас бостандығының жоқтығы суреттелген.

 

Поэманың өлеңдік, поэзиялық тартымдылығы да оқушыларға айрықша әсер

 

етеді.

 

Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегіне құрылған.

 

Яғни осы  екі жастың сүіспеншілігі, бір-біріне махаббаты жырланады. Трагедия

 

Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Бұл екеуінің бірін-бірі жан

 

тәнімен жақсы көрген, бар жүрек лүпілімен бір-біріне ұмтылған адал, албырт

 

сезімдерін  феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен

 

айырады. Ақырында қуғын-сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса

 

болып, азапта    өледі.

 

Ақын халық арасындағы аңызды алып, екі жастың орындалмаған

 

арманын хикая етеді. Ақын аянышты еткен екі өмірдің тағдырын қызықтау,

 

оған тамсану  мағынасында жырламайды; поэмаға күшті әлеуметтік арқау

 

беріп, ол арқылы қазақ  даласында өткен әділетсіздікті әшкерелейді; кіршіксіз

 

таза екі жанның арманына жете алмай, қыршын кетуі сол заман  кеселінен

 

деген ойды уағыздайды.

 

Ескі өлең, қиссаларда, эпостық жырларда кездесетін бейнелер  де өз

 

алдына  сұлулық, көркемдік, ұнамдылық қасиеттерімен көзге түсетіні рас,

 

бірақ «Сұлушашта» осы ерекшеліктер айрықща жарасымдылықпен,

 

нанымдылықпен, әрі идеялық терең мазмұнымен көрінеді. Оның үстіне

 

С. Мұқанов поэмасында атам заманғы жайттар емес, қазақтың таяу

 

мерзімдегі хал-күйі, қоғамдық, әлеуметтік жайы, қарама-қарсылық сияқты

 

саяси мәні зор оқиғалар көтеріледі. Алтайдың бар іс-әрекеті — бас бос-

 

тандығы үшін, теңдік үшін күрес Сүйген жары Сұлушашқа қосылу жолында

 

ол үлкен өмір азабын бастан кешеді, ақыры арманына  жете алмай трагедияға 

 

ұшырайды.

 

  Сұлушаш Тілеуберді деген бай қызы болса да, жастайынан бірге өскен,

 

еңбекпен  шыныққан, жас жылқышы Алтайды жақсы көреді, Алтай үшін

 

жанын қиюға бар:

 

Басқаны Сұлушаштын сүйері жоқ,

Алтайдан  басқа   көңілі  иері   жоқ.

Кездескен  қай  мырзаға  көз салса да,

Ішінде тап  Алтайдай  жүйелі  жоқ.

 

  Кейін атастырған күйеуіне зорлап апарылған Сұлушашты Алтай құтқарып

алады. Бірақ қуғындағы өмір сүйіскен жастарға бақыт орнына азап әкеледі.

Ақыры «мен сендік, сенер болсаң сырым осы, қосылмасам өлемін батып

қанға» деп серт берген Сұлушаш жартастан суға құлап өледі. Атыс-шабыс,

торуыл кездерінде Сұлушаш қайсарлық, .табандылық, ақылдылық көрсетумен

оқушыны сүйсіндіреді. Жаны таза, махаббатына берілген, адал көңілді Сұлу

шаш қара түнек заманның осылай құрбаны болады.

 

Алтай поэмада батыл, ер жүрек жан болып суреттелген. Оның бар өмірі

 

байдың малын бағумен өткен. Көрген азабы ұшан-теңіз. Сондықтан да кек пен

 

өш оған айрықша  күш береді. «Сол бейнеттің бәрін де көргенімен, болып өсті

 

ер Алтай ер сымбатты»,—  дейі ақын.


 

                       Бір  доғал,   жасынан   бір  бетті   болды,


                       Кекшіл   қасқыр  секілді  кекшіл болды.

                       Аузынан   шыққан  сөзден   қайтпайтұғын

                       Сөз   ұстағыш,   қажырлы,   сертті   болды...

                             Бала   күннен   әлдінің   қылығы  өтіп,

                            Жас    күнінен    өзегі    өртті  болды.

 

Поэмадағы оқиғаның өрбу барысында Алтай мінезі айқын көріне түседі.

Қайсарлық, табандылық — оның басты қасиеті. Сүйгені Сұлушашқа қосылу

мақсатымен  оның істемеген әрекеті қалмайды. Бірақ «бұзық құлға»

қалыңдықты  бермейміз деп айттырған күйеу жақтың жуандары Алтайды бір

қуғыннан екінші қуғынға ұшыратады. Алды-арты бірдей торулы Алтай тек

анда-санда  ғана сүйгенімен көрісіп, мауқын басқаны болмаса, азапты күреске

еніп, басын қауіпке тігумен жүреді. Ақын осы кезеңдерді суреттеуде басты

қаһарманды  тек Сұлушашты іздеумен ғана емес, өз махаббаты үшін теңдік

іздеуші ретінде  көрсетеді. Алтайдың Қайсар, Тұтқын сияқты жалшы адал

жандармен достасуында да әлеуметтік мазмұн жатыр. Байдан, дәулеті

асқандардан кек алу — оның арманы. Бірақ  өзінен басым күшпен арпалыста

мерт болады, теңсіздікке, Сұлушаш өліміне шыдай алмаған Алтай өзін-өзі

өлтіреді. Бірақ  поэманың жалпы мазмұнынан болашақ теңдікке, жарық күнге

сенім мол байқалады. Қазақ жастары үшін бостандық күш туып, олар азап

пен қорлықтан біржола азат болды.

 

«Сұлушаш» поэмасы — реалистік шығарма. Оның каһармандары ойдан

 

жасалған, қиялдан  шыққан жансыз, қансыз бейнелер емес, өмірдің қайнар

 

бұлағынан алынған  таза жанды, ыстық қанды, халық ортасынан шыққан.

 

Алтайдың  мал соңындағы өмірі, жалшылық тіршілігі, бай үйінің суреті асқан

 

шыншылдықпен  берілген. Бұрынғы ауыл келбеті, кешкі мезгіл, айлы түн, таң

 

алдында өрген мал, құрық ұстаған жылқышы мен қымызды жатып ішер

 

байдың жалқау, маужыраған кейпі — бәрі де нанымды, шебер суреттелген.

 

Әсіресе Алтай мен Сұлушаштың ішкі жан толқыны, көңіл серпілістері, оттай

 

лаулаған  сезім мен аңсаған армандары  поэманың асыл сөздерімен көркем де

 

шебер қиыстырылған тұыстары.

 

«Сұлушаш» — сюжетті поэма. Окиғаның басталуы, шегіне жетіп,   

 

шиеленісуі,    кейін    шешілуі    —    бәрі   де    классикалық шығармаға тән

 

заңдылықпен өсіп-өрбіп отырады. Қай қаһарманның болса да, кейпінде,

 

сезімінде жасандылық жоқ, қайта олардың әрбір қылығының орындылығы,

 

нанымдылығы оқушыны сүйсіндіріп отырады. Бұл — жоғары көркем

 

туындыға бірден-бір тән қасиет. Бұрын қазақ поэзиясында белгілі дәстүрмен

 

жазылса да реалистік  өткірлігі, идеялық тереңдігі жағынан, сюжеттік

 

құрылыс, поэтикалық шеберлігі  жағынан «Сұлушаш» қазақ әдебиетінің

 

қорына  үлкен  үлес болып  қосылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.  Сәбит Мұқановтың прозасы

 

     

         Қазақ  әдебиетінің проза жанрын  өсіріп-өркендетуде Сәбит Мұқанов

 

үздік еңбек еткен  жазушы. Өскен, марқайған әдебиеттің белгілі — іргелі

 

прозаның болуы. Бұрын тек поэзиялық шығармалар, яғни халық поэзиясы

 

басым болып  келген қазақ әдебиеті тек XX ғасырдың түрлі жанрларымен

 

байыды. Қазір поэзия, проза, драма,сын, кино салаларында сан алуан

 

шығармалар бар да және олардың мазмұн, сапасы айтарлықтай жоғары. Бұл –

 

әдебиеттің күрделі  өскендігін, басқа озық мәдениетті халықтардың әдебиеті

 

сияқты бейне, тақырып, идея жағынан  өнеге көрсете аларлықтай екендігін

 

байқатады.

 

   Қазақ  прозасының  үлгілерін  бұрынырақ  Спандияр   Көбеев, 

 

Сұлтанмахмұт   Торайғыров, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов

 

көрсетсе, оларға іле-шала Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин,

 

Мұхтар Әуезов алғашкы әңгімелерімен ілгері дамытты.   30-жылдардан

 

бастап   прозалық   шығармалар   көбейді. Әңгіме, очерктермен қатар повесть

 

туа бастады. Сәбит Мұқанов — осы кезеңде   көптеген  прозалық  туындылар

 

беріп,   бұл   жанрды  көш ілгері өсірген  жазушы.   Оның «Теміртас»,   «Есіл» 

 

романдары осы тұста   жарық   көрді.  «Менің  мектептерім»,   «Өмір  мектебі»  

 

атты өмірбаяндық романдар тізбегі де осы кезеңде басталып, соңғы «Есею

 

жылдары» атты кітабы 1964 жылы басылып шықты. Үш кітаптан тұратын

 

бұл туындының қазақ  прозасында алатын орны аса үлкен. Қазан

 

революциясы қарсаңындағы тап күресінен бастап, революция жылдары,

 

азамат соғысы кезеңі, ауылды советтендіру, колхоздастыру, республиканың

 

қоғамдық, мемлекеттік  жағынан өсіп нығаюы, қазақ  интеллигенциясының 

 

қалыптасуы,   оқу,  өнер,   мәдениет мәселелері, партияның  социализм үшін

 

деген күресі, оның ұлт саясатын жүргізілуі және басқа да тарихи маңызды

 

мәселелер романда кеңінен қойылып, әңгіме етіледі.Бұлардың бәрі, бір жағынан,

 

автордың өзі басынан кешкен жайттар болса, екінші жағынан, бүкіл халық

 

үшін, Қазақстан үшін кезінде әсері мол болған оқиғалар еді, большевиктер

 

партиясы мұның бәрін  өз жеңістері мен жемістері деп отырды. Бұл романның

 

бүкіл қазақ әдебиетінде  алатын орны үлкен. Шебер жазушының шебер

 

қаламынан шығып, әуелде «Менің мектептерім» (1941, 1950) атанып, сонан

 

соң «Өмір мектебі» (1953), кейін «Есею жылдары» болып жалғасқан осы

 

шығарманы оқушы жұртшылық кезінде жылы қарсы алып отырды. Балалық

 

шақты, ауыл өмірін, оқу, дін, шаруа жайын, түрлі қылықты, сан мінезді жандарды суреттеген бірінші кітабынан-ақ жазушы жұрт назарын өзіне

 

аудартқан еді. Кейінгі кітаптары бүкіл республика тарихының шешіресі

 

болып, қоғамдық идеялық-көркемдік мәні зор кесек туынды ретінде әдебиет