Семей-қазақстанның рухани астанасы



КІРІСПЕ

 

Рухани өрлеудің күші мен мәнері – көпқырлы. Рухани байлыққа жетер өлшем жоқ, ал әрбір халықтың абыройы мен беделі, бұл мәдениет сарайлары мен үйлері, театрлар, кітапханалар, бірақ мұндағы басты тұлға – адамдар. Семей қаласы бұл тұрғыдан да ғажайып тамашаларға толы. Еуразияның нақ жүрегінде, оның географиялық кіндігінде орналасқан, аса бай тарихы мен дәстүрлері бар қасиетті Семей қаласы шын мәнінде рухани және мәдени орталық болып есептеледі.

Қазақ жері ұзақ уақыт  бойы Ресейден қоныс тепкен саяси  жер аударушылардың мекені еді. Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталықтарының бірі – Семей шаһары болды. Қаланың мәдени – рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты. Оның түптамыры өте тереңде  жатыр. Патша өкіметінің шешімімен қазақ даласына жер аударылып келген желтоқсаншылар, жазушылар, студенттер, ғалымдар мен поляк революционерлерінің барлығыда Семей аймағының тарихын зерттеуге, жергілікті халықтың рухани – мәдени құндылықтарын арттыруға ат салысып, қаладағы ағартушылық саланың қалыптасуына  негіз жасады. Олардың жүргізген қарқынды жұмыстары қала жастарының ғылым мен қоғам мүддесін көздейтін мақсаттарының бірі білім алуға деген құштарлықтарын арттыра түсті. Осындай оңды іс – шаралардың ықпалымен көптеген қыздар мен жігіттер Семейдегі гимназия мен мектептерді тәмамдап, өз білімдерін Қазан, Томск, Петербург, Мәскеу сынды ірі қалаларда жетілдіре жүріп, Семей ордасының білім мен ғылым шаһарына айналғанын дәлелдеп берді.

Мәдени – ағартушылық  және рухани іс – шаралардың кең  етек жаюы тарихи үрдіс болып табылады. Қоғамның даму кезеңдері өзгерген сайын мәдени – ағарту шаралары да дамып,өркендейді. Мұның өзі білім беру және мәдени мекемелердің пайда болуына әкеледі. Ол кезде қоғамдық ойлар мен мүдделер халықтық оқулар арқылы таратылып, киелі Семей жерінде училище, мектеп, кітапхана, мұражайлар ашыла бастады.

Семей барлық кезеңде  де Қазақстанның рухани орталығы болып  келеді. Ол әдебиет, өнер және ғылымдағы  аса көрнекті ұлы тұлғалардың  Отаны болып саналады. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды даналар тек ұлт қана емес, адамзат мақтанышы. Ал көне Семейде олардың жүріп өткен табанының ізі күні бүгінге дейін сайрап жатыр. Сонымен бірге Семей екі ұлттық алыбы – Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің ұлағатты достығына куә болған қала. Сондай – ақ мұнда өлкеміздің рухани өміріне үлкен үлес қосқан Михаэлис, Долгополов, Гросс, Лобановский сынды саяси жер аударылушылар тұрды, міне өз кезінде ұлы Абай олармен жиі қарым – қатынаста болды. Осыдан  - ақ біз семей  - халқымыздың мәдени – рухани байлығының алтын бесігі екенін көре аламыз.

Тақырытпың өзектілігі. Зайырлы, өркениетті даму үрдісіне бет  бұрған қазақ қоғамының өткен  тарихын саралау тарихы әр қилы. Бүгінде тарих тағылымының қоғаммен аралас қабаттасқан беттерінің бірі – бұрынғы Одаққа қараған кезеңде қатысты қалалар тарихы мен олардың бүгінгі таңда рухани ошаққа айналу мәселелерін өзіндік бағымда зерделеу және тың көзқараста оған баға берудің сұранысы ерекше.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев елдің іргесі түзуленген кезеңнен бастап өткен әр тарихи жылды атап өту дәстүрін жалғастырып, 2001 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялануының қазақ халқының тағдырында, ұлттық болашағының іріктелуінде олар орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда мәдениеттің әлеуметтік салмағы мен бағыт – бағдарын пайымдайтын, қазіргі қоғамға лайық ұлттық рухтың беріктігі мен биіктігін анықтайтын, оған ғылыми талдау жасайтын, сараптайтын уақыттың дұрыс келгенін ұғыну қажет.

Қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің руханияты және елдік  мәдениетінің қалыптасуымен тығыз  байланысты тарихы бар. Семей қаласының өткені әртүрлі кезеңдерді зерттеудегі нысаныға арқау бола алады. Семей қаласының рухани – мәдениетінің даму шегі ХVIII ғасырдың 50-ші жылдарынан басталғанымен, кеңестік кезең мәдениет пен өнерді, ұлттардың өткен мұраларын, олардың тарихын топтық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай – ақ осы ұстанымға сай мәдениет жасауға бет бұрды.

Соғыстан кейінгі жылдар идеологиясындағы қала өміріне қатысты  тұста оның мәдениетінде ұлттық салт – сана, дәстүрлі, оның табиғылығын  өркендету мүддесі болмағанымен, бұл жағдай кеңестік мәдениеттің әмбеге ортақ жүйесін қалыптастырып үлгерді. Осының нәтижесінде қала өмірінде бірнеше ұлттар мәдениетінің аралас калориді тұрақтанып, қазіргі түзеуі қиын келеңсіз құбылыстарға алғышарттар негізін туындатты.

Қазақстанның қазіргі  болашағының айқымдалу бағдарламасының 2030-шы жылға бағытталған жетістіктерге  жету асуының бағдарлық озығында тарихтың өткен беттерінен сабақ  алу арқылы оған өзгерістер енгізу әрбір саналы азаматтың міндеті  екендігі көрсетілген. Өткен тарих беттерінің барлығына жағылған жағымсыз идеологияның бүгінгі салмағы әлі де қоғамды сауықтырудағы біршама шараларды талап етеді.

Алайда, біраз жылдың көлемінде жаппай жабылу құрбанына тап болған қала өмірінің мәдени орталықтары кітапхана, киноүйлері, мәдени үйлерінің сол кездегі тағдыры анағұрлым жанданған өмір салтында жұмыс жүргізгенін де бүге кетуге болмайды. Жұмысшылар мен қала еңбеккерлері, жастар, студенттер мен тұрғындардың рухани өмірінің бірыңғай бет – белесінің тіршілігін құраған мұндай мәдени ошақтар жұмысы «кеңес құрылысшыларының» «коммунизмге» деген жарқын болашағын жігерлендіру мақсатында жоспарлы түрде үздіксіз жұмыс жүргізіп тұрған еді. Кеңестік салт – сананы сіңірудің бұл мәдени құралы іспетті орталықтарда ұлттық мүддеге салт қылаң берген шара болған болса ол «тап жауларының пиғыл әрекеті» ретінде «кемелденген социализм» тұсында да ашық айыпқа ұрынды.

Сондықтан Семейдің рухани орталық ретіндегі тарихына қатысты  мәселенің негізі – оның нендей шаралар жағдайымен ұштастырылғандығын, қоғамда қалыптасу ортасының деңгейілігін, даму ерекшеліктеріндегі жетістіктер мен кереғарлықтардың бөлу сипаттылығын анықтаумен сабақтаспақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың тарихнамасы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылданған, Шоқан Уәлихановтың досы Николай Абрамов 1860 жылы «Областной город Семипалатинск» деген еңбек жазып, баспаханаға тапсырады, ол Санкт – Петербург қаласында 1861 жылы жарық көрді. Н.Абрамов қаланың рухани өрлеуіне ат салысып, Ш.Уәлихановтың орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылдануына жәрдем береді.

Петр Петрович Семенов  Тянь – Шаньскийдің бірнеше томдардан тұратын географиялық суреттеме жазбалары Санкт – Петербург қаласында 1903 жылы жарық көрген. Еңбектің 18 – ші томы қазақтарға арналған. Ішінде Семей де бар.

Ағылшын саяхатшысы, Кембридж университетінің түлегі Томас Уильям Аткинсон (1799 – 1861жж.) Семейде болған Оны бұл жерге ертіп әкелуші  Нұралы ханның ұлы, Ресей патша үкіметінің полковнигі, ұлы жүздің аға сұлтаны  Тезек Нұралин мырза еді. 1867 жылы Лондон қаласында И.У.Аткинсонның «Саяхат» атты кітабы шығады. Мұнда Семей туралы жазылып, Семей қазақтарының тұрмыс – тіршілігі мен салт – дәстүрі, мәдениетіне өте жақсы баға берілген [27,3 б.].

1875 – 1882 жылдар аралығында  Е.П.Михаэлис облыстық әкімшіліктің құрылу жобасы мен аймақтың жағдайы туралы жыл сайын берілетін есептің жобасын құрастырды. Е.П.Михаэлис жергілікті қазақ халқына үлкен бір сүйіспеншілікпен қарап, олардың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, өмірін зерттеді. Қызмет бабымен Семей ауылдарын аралап,  қазақ билері мен старшындарының съездеріне қатысып, өзіне көптеген қазақ достарын тауып, қазақтың руханияты мен мәдениетіне қатысты мақалалары «Записки Семипалатинского подотдела Русского географического общества» деген ғылыми академиялық еңбекте жарық көріп отырды 10,13б.].

Қазақстанда мәдени –  ағартушылық тарихына байланысты еңбектер өте аз. Республикада алғаш рет  осы  тақырыпты ғалым – педагог  Т.Т.Тәжібаев «Просвещение и школы  Казахстана во второй половине ХІХ  века» (1962ж.) деген еңбегінде қарастырады. 1975 жылы Е.Н. Шмелев пен Н.К.Дәулетовтың «Из истории библиотечного дела в Казахстане» атты брошюрасы жарыққа шықты. Мұнда революцияға дейінгі Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуы жайлы сөз қозғалады. Қазақстандық тарихшы В.З.Галиев өзінің «Ссыльные революционеры в Казахстане» атты монографиясында мәдени ағартушылық мекемелердің іс - әрекеттеріне тоқталса, А.М.Кимасов өзінің «Деятельность статистических комитетов Казахстана и их роль в изучении края. 1877 – 1917гг.» атты кандидаттық диссертациялық жұмысында Семей қаласындағы статистикалық комитетінің жұмысына сараптама жасап, баға береді.

Революцияға дейінгі  рухани – мәдени орталықтардың (мұражай, кітапхана, қалалық статистикалық  комитет т.б.) қалыптасуы мен дамуын зерттеуде ерекше орынды Ж.Қ.Қасымбаевтың төмендегі монографиялық зерттеулері алады: Семипалатинск в канун Октябрьской революции. Алма – Ата, 1984; Семипалатинская крепость. – В кн.: Семипалатинск. История городов Казахстана. Алма – Ата, 1984; Под надежную защиту России. Алма – Ата, 1986; Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение. Алматы, 1995[34,7-8б.].

Ел өткенін жан –  жақты өзекті мәселелерде зерттеп, ғылымға саналы үлес қосып жүрген атақты ғалым және Отанымыздың бірқатар марапаттарына иегер Ж.Қ.Қасымбаевтың қалалар тарихына қатысты зерттеулерінің көтерген мәселелері, ондағы жасалынған тұжырымдар, сондай – ақ олардағы деректік қисын ауқымды деуге болады. Оның зерттеулерінде Семей қаласының қазан төңкерілісіне дейінгі кезеңдегі тарихы, қазақстан қалаларының ішіндегі Семейдің рухани – мәдени орталық ретіндегі рөлі, қаланың бекеніс ретінде салынуының саяси астары сияқты мәселелер дерегі жеке талдау арқылы беріледі.

Семей қаласының 250 жылдығына  арналған С.Анисимов пен Г.Бутлердің қосалқы авторлығымен жарияланған  «Семипалатинску 250 лет» атты еңбек ауқымды кезеңдегі қаланың іргетасы қаланғаннан бастап әр-түрлі саясат үстем болған тұстардағы қоғам өзгерістеріне тоқталу, қала тарихына қатысты мәдени ескерткіштерге баға беру кеңестік дәрежелеу көзқарасында болса да қарастырады.

Республикалық ғылыми журнал мен газет беттеріндегі мақалаларда  қаланың мәдени тарихының өзекті мәселелерін қамтитын бірқатар жәйттар  қарастырылады. Д.Сейсенұлының «Егемен  Қазақстан» газетінде 2000 жылы 1 қаңтарда жарық көрген «Көне ғимараттарға тіл бітсе» атты мақаласында Семей қаласындағы көне ғимараттарға журналистік зерттеу жүргізу арқылы оларға қамқорлық көрсетуге қатысты өзекті мәселелер тілеген ағытады [16, 7-8б.].

Бұл тоқталған монографиялық  деңгейдегі зерттеу жұмыстар мен ғылыми мақалалар қалалар тарихының өткенін жаңғыртып, болашақтағы келелі мәдени – рухани мәселелерін шешуде арқау боларына бұлардың нақты тұжырымдар екендігіне сенім білдіруге болады.

Бітіру жұмысының мақсаты  мен міндеттері көтерілген мәселенің  өзектігі мен қарастырылу дәрежесіне тікелей қатысты туындайды. Тақарыпты ашу барысында оған қатысты жүйеленген, айтар ойға арқау болған құжат деректерімен айналысқа енген мәселелік бағдарға сүйене отырып, осы кезеңдегі қаланың рухани – мәдени тарихындағы бұрын – соңды жарыққа шықпай қалтарыста  қалып келген аспектілерді ғылыми талдауда қарастырып, зерттеу мақсатының нысанасымен ұштастырылмақ. Осы мақсатты нысананы жүзеге асыруда бірқатар міндеттер туындайды. Бұл міндеттер былайша түзеледі:

- Қазақстанның ірі  орталығы – Семейдің қазіргі кезеңдегі пікір қайшылығын тудыратын кейбір тарихи, мәдени және рухани мәселелерін ғылыми аспектіде табиғи тұрғыда бағымдау;

- XVIII ғасырдың 50-ші жылдарынан бастау алатын мәдениет ошақтарының даму қарқынын жүйелеу;

- «кемелдеген социализм» дәуіріндегі қалалықтар өміріндегі рухани мәдениеттің кембағалдануын нақты дәлелдермен көрсету;

- Қала мәдениетіне қатысты мұралар  тарихымен танысу;

- Семей қаласының мәдени –  рухани жағдайын объективті сүзгіден  деректік мәліметтер тұрғысында  өткеріп оған жалпы жағдайлық талдау жасау;

- Қасиетті Семей елінен шыққан  алып тұлғаларды зерделеп, олардың  қала мәдениетінің өркендеуіне  қосқан үлесін, анықтап көрсету.

Зерттеу жұмысының методологиясы. Тарих ғылымының ұлттық рухын  танып білуге дейінгі кезеңде қатып қалған нысана, жалпы танымдық тәсіл – марксизм – ленинизм «ғұламаларының» қандай қарастырылатын мәселеге болмасын қатысты жүзеге асқаны белгілі. Бұл алдыңғы үстем болған қоғамдық жүйедегі қандай ғылымдағы жаңалықтың болмасын анықтаушы ұстаным тәсілі болатын. Ал қазір ел өткенінің тарихын жаңартуға және мәдени – рухани шынайылықты қалыптастыруға қажет тәсіл және оның жаңа айналысқа енуші деректік қорын қарастыруда орын алатын түзу методологиялық негіздің қажет екендігі нақты. Қазіргі өркениетті елдер ғылымын жетістікке жеткізіп, көпшілік сұранысымен қанағаттандырылып жатқан еркін  ойлау қабілеттілігіне сүйенген ғалымдар еңбегіндегі және отандық тарихшылардың шынайы көзқарас, табиғи болмысқа сүйенген зерттеулеріндегі үлгі методологиясы басшылыққа алынды. Қазір сондай – ақ тарихи деректі сұрыптауға сүйенетін контент – анализ тәсілі мәселеге жүйелілік әкелері сөзсіз.

Зерттеудің деректік негізін бірқатар құжаттар мен материалдар жинағы, сондай – ақ мұрағат қорларындағы бұрын айналысқа енбеген мәселеге қатысты деректер құрайды. Әрине бұл мәліметтердің тақырыпты ашуда берері мол. Бұрынғы Семей облыстық мемлекеттік және партия мұрағаты қазір Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарих құжаттарының орталығы деген атаумен өзгертілген. Бұл орталықтан алынған мұрағаттық құжаттар жиынтығы Семей өңірінің мәдени – рухани орталық ретіндегі дәрежесін анықтауда және зерттеу жұмысының негізгі деректік қорын жасауда құжаттар жиынтығын құрайды.

Ресей империясы құрамында және Қазақ КСР-і болған тұстағы біршама  халыққа білім беру, оқу орындары және мәдени орталықтардың ашылуына байланысты мәліметтерді құжаттық және материалдық жинақтардан қарастыруға болады.

Жоғарыда аталған деректер тобын  қарастыруда Семей қаласының  мәдени – рухани орталық ретінде  қалыптасуының сипатын құруға талпыныс жасалынды.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы. Зерттелген мәселеде Семей қаласының сонау  XVIII ғасырдың 50 – ші жылдарынан бастап қазақтың рухани орталығы болып қалыптасқан тарихы қамтылады. Бұрын біз Семейді тек әдебиет пен ақындық өнер орталығы ретінде ғана танып жүрсек, енді оны алғаш баспахана мен баспасөз құралдарын ұйымдастырған, үлкен – үлкен білім ошақтарының іргетасын қалаған білім, ғылым, өнер ордасы ретінде тануымызға толық мүмкіндік бар. Осы мәселені ашуға арқау болған дерек көздері тұңғыш рет жаңарған көзқараста жарыққа шығып ғылыми жаңалық ретінде еніп отыр.

Бітіру жұмысының тәжірибелік  маңызына келер болсақ, бұл зерттеу  жұмысының материалдары қалалар  тарихын жарақтау мен рухани –  мәдени құндылықтарды зерттеу мен  айналысар мекемелердің құжаттық анықтамасы мен энциклопедиясын жасауда, мұрағат құжаттарын қажет деп тапқан мәлімет сұраушы қоғамтанушы сұранысында қанағат бола алады. Сондай – ақ өлке тарихын оқытушы мұғалімдер мен мәдени орталықтардағы көмекші құрал жасаушыларға да тиімді. Қазақстан тарихы курсында дәрістер, арнаулы курстар, тәжірибе сағаттар мәселеріне арқау болатын мәліметтер ретінде пайдалануға болады.

Бітіру жұмысының хронологиялық  ауқымы  XVIII ғасырдың 50 – ші жылдарынан ХХ ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды.

Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

 

 

1   СЕМЕЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ

1.1 Кеңес өкіметіне  дейінгі Семей өңіріндегі мәдени  мұралардың 

       қалыптасуы мен дамуы

 

XVIII ғасырдың бас шенінде Батыс Сібір жерінің Ресейге қосылуы аяқталды. Патша өкіметі өзінің діттеген мақсатына жету үшін және осы аймақтағы шығыспен шектес жерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Ертіс өзені сағасында бірнеше қала-бекіністердің негізін қалады. Екінші жағынан алғанда бұл патша өкіметінің отарлық саясатының бір бағыты болатын. Осылайша, І-Петрдің бұйрығы бойынша бекініс салуға Ертістің оң жағалауынан жер таңдауға келген Чередов отряды 1718 жылы Семь палат деп аталатын қала – бекіністің негізін қалады [11, 24-25б.].

Семей бекінісі алғашында  әскери база ретінде салынды. Бірақ  та кейіннен Семей қаласы қазақ елімен Ресей, Орта Азия және Батыс Қытайды  байланыстыратын маңызды сауда  әрі мәдениет ошағына айналды  [11, 29 б.].

1846 жылы қаланың салыну жоспары даярланып, ол Батыс Сібір генерал губернаторының қарауына жіберілді. Жоба бойынша қала 20000 адамға есептелінді. Дегенменде қаланы салу құрылысы стихиялы түрде жүрді. Бұған Барон А.Е.Врангельдің «Воспоминания о Ф.М.Достоевском в Сибири 1854 – 1856 годах» атты еңбегі дәлел бола алады. Семей қаласын Ф.М.Достоевский жартылай қала, жартылай ауыл ретінде сипаттайды. Қала тұрғындарының саны қоқан, бұхар, қазан саудагерлері және гарнизон әскерлерінің санын қоса есептегенде 5 – 6 мың адамға ғана жетті. Жартылай көшпелі қазақтар өзеннің сол жағалауын мекендеп, көбі киіз үйлерде тұрды. Қалада тастан қаланған жалғыз православтық шіркеу, жеті мешіт, сауда керуені орналасатын үлкен алаң, мемлекеттік госпиталь мен казарма орын тепкен. Жалғыз уездік мектептен басқа училищелер болмады. Халықты тек ойынханалар мен сауда мәселелері ғана қызықтыратындықтан, қалада бар – жоғы 10 – 15 адам газет – журналдар оқып, жазылып отырды. Халықтың басын қосатын бірде – бір мәдени орындар болмады. Бүкіл қалада тек бір ғана күйсандық кездесетін. Міне, Ф.М. Достоевский өз өмірінде ерекше  рөл атқаратын Семей қаласының рухани мәдени құндылықтарына осындай сипаттама берген болатын.

Семей қаласының мәдени – рухани мұраларының қалыптасуына, дамуына саяси жер аударушылардың тигізген оңды жерін ерекше атап өткен жөн. Ресейдің түкпір – түкпірінен келген саяси жер аударушылардың Семей қаласына қоныс тебуі 1883 жылы Семей қаласында бірінші рет бүкілхалықтық кітапхананың ашылуына себеп болды. Кітапхананы қаржыландыруды саудагерлер А.Ф.Плещеев пен И.И. Хабаров және Павлодарлық саудагер С.М.Деров өз мойындарына алды. Кітапханаға әдебиеттерді саяси жер аударушылардың достары мен таныстары жіберіп отырса, ол кейбір құнды еңбектерді қайырымдылық жәрменкелерінен жинап отырды.

Кітапхана  негізінен 1878 жылы құрылған Облыстық статистикалық комитетінің құрамына кірді. Бұл істі Е.П. Михаэлис тікелей өз басшылығына алған болатын. Кітапхананың одан әрі дамып, көркеюіне жергілікті қала тұрғындары әрі атақты өлкетанушылар Г.Колмагоров пен И.Земляницын ат салысты. Тіпті И.Земляницын өз баспанасын кітапхана үшін ғимарат ретінде  жалға да берген болатын. Өлкетанушының үйінде кітапханамен қатар кішігірім мұражайда орын тепті.

Осы жылы көктемде Петербург қаласынан кітапханаға арналып жіберілген кітаптардың алғашқы түсімі болды. Енді кітапхана сөрелері тарихшы С.М. Соловьевтің бірнеше томдық шығармалары, Л.Н. Толстой романдары, В.М. Одоевский, Н.П. Огарев, А.Н. Плещеев сияқты жазушылардың еңбектерімен толықтырылды. Жылдар өткен сайын кітапхана қоры В.Г. Белинский, А.И.Герцен, В.Г.Короленко, И.С.Тургенев, А.Ф.Писенский, А.Н.Энгельгард, М.Е.Салтыков-Щедрин, Г.И.Успенский, П.Ф.Якубович, А.Н.Толстой, А.П.Чехов шығармаларымен молая түсті. Кітапханада атақты американ журналисі Джорж Кеннан болып, өзінің саяси жер аударушылардың ерен еңбегіне деген және мол кітап қорына деген таңданысып жасыра алмады. Енді бұл кітапхана бүкіл халықтың басын қосатын рухани орталыққа айналды. Халықтың бір тобын жаңадан түскен журналдар қызықтырса, екіншілері шетел туындыларын аударумен айналысып, үшіншілері қазақ халқының құқықтық дәстүрі мен әдет – ғұрпы жөнінде деректер жинады. Бір жылдан соң кітапхананың 130 тұрақты оқырмандары болды. Ол кезде оқырмандар деп жыл сайынғы мүшелік төлемді төлеген адамдарды айтатын. Екі жылдан соң оқырмандар саны 270 адамға жетсе, оның 100-і төменгі тап өкілдері болды.

Кітапхананы негізінен  ғимарат мәселесі көп толғандыратын. Бір ғимараттан екінші ғимаратқа  көшу кезінде көптеген кітаптар жарамсыз болып қалып, кейбіреулері із – түссіз жоғалып жатты. 1914 жылға дейін кітапхананың өз ғимараты болған жоқ. Оны инженер С.С.Курушиннің Бастауыш білімді жетілдіру қоғамынан кітапханаға ғимарат салу үшін қаржы сұрағанынан көруімізге болады. Осы қиыншылықтарға қарамастан Семей қаласының бүкілхалықтық кітапханасының оқырмандары жылдан жылға өсе түсті. 1904 жылғы қараша айындағы есеп бойынша оқырман залында 335 абоненттер қызмет етіп, 19 адам ақысы бөлімде қабылдауда болды. Кітапханада балалар әдебиеті (115 кітап), тарихи және мемуарлық оқулықтар (19 кітап), көркем әдебиеттер (446 кітап) өте үлкен сұранысқа ие болды. Оқырмандар залының тарлығы мен кітап сөрелерінің аздығына қарамастан кітапхана қызметкерлері халық үшін ерінбей еңбек етті. Бұл істердің барлығы Семей қаласындағы мәдени мұралардың қалыптасуының алғашқы сатысы болып саналып, ол қоладағы рухани өмірдің жаңа кезеңіне жол ашты.

Қазақстан территориясында  ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капитализмнің өріс алуы мәдени – ағартушысың саланың  дамуына оңды әсер етіп, оның ішінде қоғамдық кітапханалардың дамуына  өз үлесін қосты. Оның ішінде ерекше атап өтетін кітапханалардың бірі – Н.В.Гоголь атындағы қоғамдық кітапхана. Ол Семей облысының әскери губернаторының жарғысы бойынша 1902 жылы 23 қазанда ашылды. Жарғы бойынша кітапхананы шіркеу басы Иоанн Никольский өз бақылауына алды. Жауапты хатшы ретінде Б.Е.Стеблин-Каменский, ал кітапханашы қызметін атқаруға И.Г.Шрифельд бекітілді.

1903 жылдан бастап кітапханада  кітаптар қоры молая бастады.  Оны төмендегі кестеден көре  аламыз [36, 9-16 б.].

Кесте 1.1 Кітаптар қоры 1903ж.

№

Кітап мазмұны

Кітап саны

Том саны

1

діни ғұрыптық

177

191

2

орыс тарихы мен жалпы  тарих

69

84

3

география және этнография

134

143

4

әдебиет пен сөз тарихы

543

694

5

жаратылыстану мен ауыл шаруашылығы

94

96

6

медицина және гигиена

22

24

7

қоғам және заң ғылымдары

20

20

8

қолөнер мен өндіріс

4

4

 

жалпы саны

1063

1256


 

1914 жылы Н.В.Гоголь атындағы халықтық кітапханаға қайырымдылық қорынан 200 том кітап берілсе, 1917 жылы Д.Юринский 27 том, Л.Желнорович 19 том, Ресей ғылым Академиясы 40 том кітаптарды сыйға тартты. Н.В.Гоголь атындағы қоғамдық кітапхана семейліктердің мақтан тұтатын мәдени мұраларының бірі. Оның алғашқы директоры В.Н.Глубин ХХ ғасырдың басында кітапхананы дағдарыстан алып шығып, оның қала тұрғындарының сүйікті мәдени орталығына айналуына өте үлкен үлес қосты. Бүгінгі таңда Семей қаласында қызмет етіп жатқан 42 кітапхана өздерінің тарихи даму негізін осы Н.В.Гоголь атындағы халықтық кітапханадан алған. Бұдан шығатын қорытынды – Н.В.Гоголь атындағы халықтық кітапхананың материалдық мол қорының арқасында ХХ ғасырдың басындағы Семейдегі сауатсыздықты жою үшін күрес пен халық ағарту ісі алға жылжып, өзінің даму саласын айқындады.

Қаланың мәдени мұраларының ішінде Семей облыстық өлкетану мұражайы ерекше орын алады. Мұражай 1883 жылы орыстың  саяси жер аударушылары Е.П.Михаэлис, В.И.Леонтьев, Н.Н.Лобачевский, Н.Я.Коншин және тағы басқалардың бастамасы бойынша құрылды. Бұл мұражайды археологиялық, зоологиялық, ботаникалық жинақтармен қатар аймақтың тарихы мен этнографиясы жайлы құнды деректер жинақталған. Мұражайдағы бағалы жинақтар кейіннен мемлекет меншігіне өтіп кетті.

Семей өлкетану мұражайының дамып, өркендеуіне А.А.Адрианов пен В.Д.Хлопин еңбектері зор үлес қосты. Олар мұражайдағы  алғашқы бағалы жинақтардың қамқоршысы әрі тұнғыш кеңестік экспозицияны ұйымдастырушылар ретінде белгілі болды. Бұл мұражай еліміздің тарихындағы тұнғыш өлкетану мұражайы болып табылады.

1902 жылы негізі қаланған  Орыс географиялық қоғамының  Семейдегі бөлімшесі – еліміздің  мәдениетінің өркендеуіне үлкен  үлес қосқан рухани орталықтардың бірі. Орыс географиялық қоғамына мүшелікке М.О.Әуезов, Ж.Шанин, атақты ағайынды семейлік өлкетанушылар Белослюдовтар, Н.Я.Коншин, суретші Н.Н.Крутильников кірді [2, 53-54 б.]. Кейіннен Орыс географиялық қоғамы география, тарих, этнография бойынша ғылыми мақалалар жарияланатын бюллетеньдер шығара бастады. Бөлім мүшелері қалада орналасқан өлкелік мұражай, мектептер, техникумдар мен кітапханаларда әр түрлі тақырыпта дәрістер оқыды. 1914 жылы желтоқсанда Абай Құнанбаевтың дүниеден өткеніне 10-жыл толуына байланысты Орыс географиялық қоғамының семейдегі бөлім мүшелерінің көмегімен қаладағы Луначарский атындағы театрда Абайды еске алу кеші өткізілді. Кейіннен осы қоғамның мүддесі бойынша Семей қаласындағы аудандық өлкетану бюросының негіз қаланды. Аудандық өлкетану бюросының мақсаты - өлкедегі мәдени іс – шараларды практика жүзінде іске асырып, тәжірибе жинақтау болып табылады. Осы аталған ұйым мүшелері қасиетті Семей жерінің табиғи байлықтары мен өндіріс күштерін зерттеп, қала мәдени мұраларын дамыту үшін ерінбей көп еңбек етті. Семей қаласының мәдени мұраларының дамуында баспахана ісі ерекше орын алады. Қаладағы ең алғашқы баспахана 1850 жылы тамыз айында құрылды. Оған жабдық, шрифтер сатып алуға сол кездегі бірінші гильдиялы көпестер Мусин (1793 - 1882), Федор Сергеевич Афанин (1798 – 1878), Сидор Иванович Самсонов (1804 – 1886) және Бұршақ Еспаев (1803 – 1889) өз қалталарынан ақша шығырып, кең молынан болысты. Қазірде Семейде сол баспахана мұражайы бар. Оған неше түрлі экспонаттар қойылған. Солардың ішінде балғамен ұрып жазу жазатын шеге шрифтер де бар. Мұны Ресейдің Нижний Новгород қаласынан сатып әкелген кісі Бұршақ Еспаев болатын. Ол Шоқан Уалихановтың Қашқариядағы экспедициясына да қатысқан. 1854 жылы 1 қазанда Семей облысының ұйымдасып, оның ірі аймақ болуын да Бұршақ Еспаев ересен көп ат салысты. Ол Омбыға барып өз қалтасынан қаражат шығарып, Семейдегі екі минәретті мешіттің жобасын жасатып әкелді. Бұл ғимарат 1854 – 1858 жылдар аралығында салынды. Осыған қоса телеграф көшесі бойында ең тұңғыш  үш қабатты облыстың баспахана үйі бой көтеріп, ол 1863 – 1868 жылдар аралығында салынды.

Ол әлі бар бүгінде  онда семей аумақтың биоресурстар және экология басқармасы орналасқан мекен  жайы: Буаыржан Момышұлы көшесі, 17 үй. 1906 жылы Семейде төрт баспахана қызмет етті. Оның біріншісі 1850 жылы ұйымдасқан облыстық баспахана. Екіншісі Поченкин деген Семейге жер ауып келген кісінің жеке меншік баспаханасы. Бұл объект бұрыңғы Октябрь (қазіргі Алаш Қозыбағаров) және Достоевский көшелері қиылысында тұрды. 1968 жылы ол бұзылып тасталды.

Семейдің телеграф үйінің де баспаханасы болды. Ол Телеграфная  көшесінде тұрды. В.И.Ленинге арналған қалалық демалыс паркі жасалуына орай айтылған көше жойылып жіберіледі. Телеграф үйі мен оның баспаханасы қиратылды.

Төртінші баспахана Александр Федорович Плещеев деген Семейде арақ – шарап сатып байыған миллионер көпестің жеке меншігінде болды. Соған 16 жасында жұмысқа орналасқан Татьяна Филипповна Пупырева (күйеуге шыққаннан соңғы фамилиясы Вострикова) баспаханада 60 жыл бойы жұмыс істеп, осы салада өзіндік рекорд жасады.

Айтылған Плещеевтің баспаханасында Мұхтар Әуезовтың досы, орыс совет жазушысы Всеволод Иванов (1895 – 1963жж.) 1912 жылы 17 жасынан бастап еңбекке араласып, Семейдегі №16 облыстық баспаханасында әріп теруші болып жұмыс жасады.

Семей тарихында аса  бір із қалдырған ірі баспахана  «Жәрдем» (Ярдам) деп аталды. Ол жоғарыда аталған объектілердің бесіншісі болып табылады. Ол кейіннен «Ярдам Серіктестігі» деп те аталды. Бұл баспахананы ағайынды Садық, Сұлтан  және Хасан Ниғматуллиндер 1912 жылы ұйымдастырды. «Жәрдем» баспаханасын Семейде ұйымдастырған Ниғматуллиндер өте ірі көпестер болды. Сыдық Исмайылович Ниғматуллиннің кезінде сауда дүкені Жданов көшесі №62 мекен – жайда болды. Соның ауласында екі қабатты баспахана «Жәрдем» тұрды. Өкінішке орай 1934 – 1937 жж. қүғын – сүргін жылдарында Семейдің көптеген бай адамдарының фотосуреттерін олардың ұрпақтары жойып жіберді. Осы баспаханада тапсырыстар қабылдап, қол жазбаны кітап етіп шығаруға басшылық жасаған өзі көп оқыған білімді кісі Рахметолла Елкібаев еңбек етті. Ал баспахана меңгерушісі  болып Ғабидолла Ғимадов тағайындалды. Әріп теру, қолжазбаны оқу, корректорлық жұмыстарды атқару, кітаптарды түптеу жұмыстарын апалы – сіңлілі Клавдия және Евдокия Легиналар жүргізді. Баспахананың үстіңгі қабатында теру, ал астыңғы қабатында баспа цехтары орналасты [44, 14 б.].

«Жәрдем» баспаханасы 1912 – 1915 жылдар аралығында он шақты  қазақ кітаптарын шығарды. Біздің кемеңгер бабамыз Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары осында жарық көрді. Осыдан оның беделі өсіп, есімі елге танылды. «Жәрдем» баспаханасынан шыққан ең алғашқы шығарма – Тайыр Боқайұлы Жомартбаевтың «Қыз көрелік» деген қазақ тілдегі романы болды. Ол 1912 жылы жарық көрді. Бұл роман қазақ тарихында жарық көрген ең алғашқы роман ретінде қалды.