Семей орманы Мемлекеттік орман табиғи резерваты

Жоспар

Кіріспе....................................................................................................................2

Негізгі бөлім .........................................................................................................5  

 Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері...............................................................5

 Орман шаруашылығын басқару.......................................................................6

  Шығыс Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері..............................................10

2.4  Қазақстан орман қорының қысқарылуы.......................................................17

  3     «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты.......................19                                    

  3.1  Орман қорының құрылымы.....................................................................19

  3.2  Территорияда орманды өсіру және экологиялық шарттары................20

  3.3  МОТР «Семей орманы» филиалдары жайлы мәліметтер....................21

  4    Қортынды...................................................................................................27

  5    Тұжырымдама және ұсыныс.....................................................................28

  6   Қолданылған әдебиеттер...........................................................................29

  7    Қосымша.....................................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              1 Кіріспе

Қазақстан Республика ауданы 2717,3 мың кв км2  алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Оның 70% ШҚО-да орналасқан. Қазіргі уақытта Қ.Р флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің,  шөптердің 2598 түрі бар. Республика  ландшафтының басым бөлігін шөл, жартылай шөл, далалық аймақ алып жатыр. Орман алқабының % үлесін 7,9% қарағай, 5,7% самырсын, 2,3% балқарағай, 1,8%шырша, 52,2% сексеуіл, 8,7% қайың, 3,4% көк терек, 1,3% теректің барлық түрлері, 12,2% бұталы ағаштар, 2,3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль, фисташка және т.б.

Тек  Қ.Р территориясында ғаламшардың басқа жерлерінде кездеспейтін ағаштардың және бұталар 115 түрі, М: астрагань (35 түрі), джузгунь (28 түрі), қырғыз қайыңы, түркістан және шренк раушан гүлі, вилова алмасы және т.б.

Қ.Р. орман шаруашылығының иелігінде ағаш қоры 292,42 млн м3 құрайды. Оның ішінде пісіп жетілген 141,94 млн м3 немесе 48,5% құрайды.орман сексеуілдер мен бұталардың есептеген аумағы 3,35%, ал оларсыз 1,2%. Қ.Р. орман бөлінуі солтүстік обл. Қайыңды, теректі, солтүстік батыс қарағайлы орман; Ертіс жағалауының бойы. Алтай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шань етегіндегі таулы ормандар, Сексеуілді ормандар Тугайные, Аңғарлы, Республиканың негізгі орман қоры солтүстік шығыста, оңтүстік – шығыста, Алтай, Тянь-шань тауында шоғырланған.

1. «Семей орманы», 2003 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 662,167 га, орналасқан жері: ШҚО-ың  Бесқарағай, Жарма, Бородулиха, Үржар, Аягөз, Тарбағатай ауданы, Семей қаласы.

2. «Ертіс орманы», 2003 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 277,961 га, орналасқан жері: Павлодар облысының Аққу, Шарбақты ауданы.

3.  «Ырғыз торғай», 2007  жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 763549 га, орналасқан жері: Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы.

Орманның қалыпты жағдайын бұзатын себептер

Орманның қалыпты жағдайын бұзатын себептерді 3 топтық факторға бөлуге болады: 1. Абиотикалық, 2. Биотикалық, 3. Антропогендік                            1.Абиотикалық факторға климаттық және топырақ факторлар жатады. Олар экосистеманың бірнеше потологиялық құбылыстарын тудыру мүмкін. Жел – жел опырықты тутырады, қатты дауыл ағаштарды құлатады, қар – қар дауыл тудырып ағашты сындырады, құрғақ және жоғары темпиратура өртті тудырады, ол ағаш жәндіктер қантап, алқап жаппай қурап кетуі мүмкін. Топырақтың түрлі өзгерістері, батпақтану, грунттық судың лезде төменделуі орман экосистеманың қалыпты жағдайын бұзады.

2. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктер жапырақтың деформациясына әкеледі. Діңгек зиянкестері әлсіреген ағаштың және барлық алқаптың тіршілік жоюын жылдамдатады. Қабыққа орналасқан олар сүректі, шелқабықты зақымдайды және ағаш тіршілігінде терең өзгертулер туады.               Орман экосистемасын паразитті саңырауқұлақтар көп зиян келтіреді. Тамыр зиянкестері алқапты құртып, өсімділікті төмендетеді.

3. Антропогендік факторлар орманда көптеген потологиялық құбылыстар туғызады. Техниканың және халықтың өсуі, урбанизация – осының барлығы табиғат кешендерінде, оның ішінде орман экосистемасында жаңа кездейсоқ әрекеттерді туғызады.

Орман экосистемасына өндірістік қалдықтар, рекреациялық жүктеме, ағаш дайындаудың жаңа технологиялары, таудағы топырақ эрозиясы, ағаш кесетін шаралар зор әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Курстық жобаны орындау мақсатым Республика деңгейінде орманмен қамтылған аймақтарға қысқаша сипаттама беру.Оның ішінде ММ МОТР «Семей орманын» қамтитын орман жерлері.

 

Тапсырма:

1 Қзақстанның орманында кездесетін ағаш түрлері.

2 ШҚО кездесетін ағаш түрлері.

3 Қарағайға сипаттама беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Негізгі бөлім

Қазақстанның ормандарында кездесетін ағаш түрлері.

2.1Кестеден көріп отырғанымыздай, 1995-2007 жылдар аралығында орташа жастағы екпелер ауданы 112.5 мың га (3.7%), толыса бастаған екпелер ауданы 50.7 мың га (2.8%), толысқан жэне қураған екпелер ауданы 835.1мың га (39.9%), екінші сыныптағы жас екпелер ауданы 249.9 мың га (34.0%) үлғайған, ал бірінші сыныптағы жас екпелердің ауданы, керісінше, 45.7 мың га (11.4%) қысқарған.

Қылқанды және жұмсақ жапырақтылар аудандарында орташа жастағы (сәйкесінше 16.6% және 14.8%), толысқан жэне қураған (сэйкесіише 17.4% және 13.6%>), қатты жапырақтыларда орташа жастағы (1.7%) жэне екінші сыныптағы жас екпелер (2.6%), сексеуілдерде орташа жастағы (66.7%), толыса бастаған (71.6%), толысқан және қураған (68.7%) екпелердің үлестері басым келеді және 1993 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмаған

1- кесте. 

Республика деңгейінде жас топтары бойынша орманмен қамтылған ауданды бөлу (қала және аудан әкімшілігінің ормандарын қоспағанда)

(алымы - аудан, мың га, бөлімі - %)

Ағаш түрлері

 

 

Жас топтары

Барлығы

 

 

Жас екпелер

Орташа жастағы екпелер

 

Толыса бастаған екпелер

 

Толысқан

және қураған екпелер

 

1 сынып

2 сынып

1993 жыл

Қылқанды жапырақтылар

160.0

271.4

493.5

311.2

506.4

1742.5

Жүмсақ жапырақтылар

128.2

104.9

582.2

271.9

236.8

1324.0

Қатты жапырақтылар

12.4

24.3

51.5

3.9

3.1

95.2

Сексеуілдер

95.3

335.0

1786.3

1366.4

1411.7

4994.7

Барлығы

395.9 4.8

735.6 9.0

2913.5

35.7

1953.4 23.9

2158.0 26.4

8156.4 100

2007 жыл

 

Қылқанды жапырақтылар

128.1

229.3

504.7

284.8

503.9

1650.8

Жұмсақ жапырақтылар

96.3

151.1

448.6

282.2

394.4

1372.7

Қатты

жапырақтылар

13.5

25.9

53.3

4.0

3.6

100.3

Сексеуілдер

107.7

579.2

2022.7

1443.1

1984.2

6136.9

Барлығы

345.6

3.7

985.5 10.6

3029.3

32.7

2014.1 21.7

2886.2 31.2

9260.7 100

2003 жылды 1993 жылға пайызбен шаққанда, %

87.3

134.0

104.0

103.1

133.7

113.5


 

Республика деңгейінде жас топтары бойынша орманмен қамтылған ауданды бөлу қала және аудан әкімшілігінің ормандарын қоспағанда. Ағаш түрлеріне байланыты топтарға  бөліп жас екпелер 1 - 2 сыныпқа бөлді. Орташа жастағы екпелер Толыса бастаған екпелер Толысқан және қураған екпелер болып  бөлінген соларды соңғы   2007 жылғы көрсеткіштері мыналар: қылқанды жапырақтылар 1650.8, Жұмсақ жапырақтылар1372.7, Қатты жапырақтылар100.3 , Барлығы 9260.7 100, Сексеуілдер 6136.9 аудан, мың га алып жатыр.

2.2 Қазіргі кездегі орман шаруашылығы мекемелерін басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды ұдайы өндіру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шаралармен қатар, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. Оның басты міндеті – сирек өндіру. Ол көптеген орман шаруашылықтарын және басқа да орман шаруашылығы мекемелерін біріктіреді. Бұл мекемелердің табысты іс-әрекет етуі орман шаруашылығын басқарудың ұйымдастырушылық деңгейімен анықталады.

Қазақстанның ормандары ел экономикасын дамытуда, қоршаған ортаны қорғауда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан орман байлығын ұтымды пайдалану, сақтау және көбейту мемлекеттің негізгі орман саясаты, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының басымды міндеті болып табылады.

Басқару – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Орман шаруашылығын басқару ғылымының мазмұны 1-суретте келтірілген. Орман шаруашылығын басқарудың мақсаты халық шаруашылығының және халықтың ағаш және орманның басқа да өнімдіріне қажеттілігін қамтамасыз ету, орман ресурстарын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әралуандығын сақтау негізінде ормандардың пайдалы табиғи функцияларын сақтау және күшейту.

Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық бөлу. Ормандарды мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық орман иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау. Орман қорына мемлекеттік меншік кезінде орман шаруашылығын жүргізу бойынша органдар құрылады. Мұндай ұйымдастыру орман иесіне көптеген құқықтар береді

 

 

 

 

 

 

 

Орман шаруашылығын басқару ғылымының мазмұны

Басқару механизмі дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының, функцияларының, қағидалары мен әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және құқықтық нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді түрде саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Басқару механизмін анықтауда басқарушылық әсердің мақсаттарын көрсету маңызды. Себебі, басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді. Өндірісті жоспарлау және экономикалық ынталандыру әдістерінің жиынтығын басқарудың экономикалық механизмі деп те атайды, ол шаруашылық жүргізу процесінде басқару инструментариі ретінде қолданылады. Өндірісті жоспарлау, оны экономикалық ынталандыру және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы – бұл шаруашылық механизмнің элементтері. Олар мазмұны мен міндеттері жағынан ерекшеленеді.

«Орман басқару», «Орман шаруашылығын басқару» және «Ормандарды басқару» түсініктерін анықтауда теориялық-әдістемелік көзқарастарды талдау орман басқару жүйесінің тұжырымдық үлгісін құруға мүмкіндік береді (1-сурет). Орман басқару жүйесінің құрылымы ормандарды мемлекеттік басқарудан, орман қоры меншігін басқарудан және экономикалық қызмет түрі ретінде орман шаруашылығын басқарудан тұрады. Орман басқару жүйесінде байланыстар ретінде қарастырылған орман қатынастары келесілермен анықталады: орман қорына меншік нысандары; орман қорын пайдалану, күзету, қорғау және ормандарды ұдайы өндіру саласындағы өкілеттіктерді басқару деңгейі бойынша бөлу; орман ресурстарын пайдалану құқықтары; орман ресурстарының ұдайы өндірісін экономикалық ұйымдастыру; қаржыларды ұйымдастыру (орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер, қаржылық ағымдар).

Ормандарды мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық орман иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау. Орман қорына мемлекеттік меншік кезінде орман шаруашылығын жүргізу бойынша органдар құрылады. Мұндай ұйымдастыру орман иесіне көптеген құқықтар береді. Орман шаруашылығын жүргізу: орманды пайдалану және ұдайы өндіру саласында отандық және шетел тәжірибелері көрсеткендей, мемлекеттік емес (жеке) ұйымдарға жалға беру, мердігерлік құқықтарында берілуі мүмкін. Мұндай ұйымның құқықтары мен міндеттері шартпен анықталады, ал билік-бағыну қатынастары көлденең шарттық қатынастарымен алмастырылады.

Орман қорын пайдалану, күзету, сақтау және орман ресурстарын ұдайы өндіру саласындағы мемлекеттік басқару деп жеке адамдардың, ұйымдардың қоршаған табиғи ортаны сақтаумен тығыз байланыста жүретін мүдделері мен қажеттіліктері жүзеге асырылатын орман қорын пайдалану, сақтау, күзетумен және ормандарды ұдайы өндірумен байланысты қызметіне мемлекеттік институттардың мақсатты бағытталған әсерін түсінеміз. Мемлекеттік орман басқаруды жүйе ретінде зерттеу қызметі ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған оның құрылымдық элементтерін біртұтас жүйеге біріктіретін мақсатты анықтап, жүйені ресурстық қамтамасыз етуді жорамалдайды

Мемлекеттік басқару – бұл әлеуметтік басқарудың ерекше түрі. Кез келген деңгейдегі әкімшілік – мемлекеттік шешімдер қандай да бір саяси шешімдердің шеңберінде жасалады, қабылданады және жүзеге асырылады. Орман секторының тұрақты дамуын анықтайтын фактор – орман саясаты (институционалдық аспект) болып табылады. Мемлекеттік орман басқарудың ұйымдастырушылық-бақылау механизмі функцияларымен, әдістерімен, шешім қабылдау процедураларымен, басқару органдарының құрылымымен, тиімділігімен сипатталады. Шаруашылығы өндірісінің оң және теріс жақтарын бағалауға, соның негізінде оның даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, алдымен Қазақстан Республикасы бойынша орман қоры серпінін қарастырайық.

2.3 Шығыс Қазақстанда кездесетін  ағаш түрлері.

Шырша. Аңшылық шаруашылығындағы маңызы өте жоғары, өйткені оның тұқымы тиіндер үшін ең негізгі азық қоры. 1 жәие 2 бонитетті ең жақсы дамыған шырша ағашының өнімі 50-70, кейде кг/га барады. Кейде (Эстонияда) тұқымдық өнімі 132 кг/га жетеді. Орман шетінде жэне сердірлеу ағаштар арасында өскен, ұшар блып жайқалған кейбір шыршалар 100-ге дейін бүршік бере алады, яғни жалпы салмағы 0,5 кг және оданда жоғары. Солтүстік аймақта өсетін шыршалардың өнімі 6-10 кг-нан аспайды.

Шырша әрбір 3-4 жылда жақсы әнім береді. Бүршіктері ашылған тұқымы қыстың екінші жартысында шашыла бастайды. Мысалы, Белорусияда наурыз айында барлық бүршіктің 1,4% шашылса, сэуірде-15,9, мамырда-58,3, маусымда-18,9, шілдеде-4,7, тамыз және қыркүйекте қалғандары, яғни 0,8%-ы шашылады. Басқа айлар бөлшектерінде шыршаның түқым шашуы басқапіа пропорциялы жүреді. Тянь-Шань шыршасының бүршіктері тамыз-қыркүйек айларында ашылып, тұқым шашуы бірнеше күнге дейін созылады.

Тиіндердің өмір сүру барысында "қышқыл" бүршіктердің (пісіп ия болмаса балауызданып пісе бастаған кезеңде жерге шашылмаған бүршіктердің аталуы) маңызы өте зор. Өйткені "қышқыл" бүршік келесі жылдын күзіне дейін азықтық қасиетін жақсы сақтай алады.

Қарағай. ТМД елдерінде оның 49 түрі бар. Кэдімгі қарағай 300 жылға дейін және оданда көп өмір сүреді, 100-120 жылда биіктігі 30 метрге дейін барады. Жарықты жақсы көреді, өсу қарқыны тездеп топырағы құнарлығына және ылғал мөлшеріне талабы төмен, қыста аязына берік. Жершарының Еуропа бөлігіде тоғайлы тундрада орман далалы жерге дейін тараған, әрі карай аралдау  болып   кездеседі.  Далалы  жерді  айналып  кетіп,   Қырымда  және Кавказда жақсы өсіп жайғасады. Құлынды даласында (куландинские стеии) атақты лента түрлі қылқанды орман болып жайғасады.

Кәдімгі қарағай булы қылқан жапырақтылығымен мінезделініп және оның (қылқан жапырақты) өмір сүруі 2-3 жылдай ғана. Бүршік толық гүлденгеннен кейін тұқымы бір жарым жылдан соң пісіп жетіледі. Қарағайдың тамыр жүйесі созымдылығымен айрықшыланады, құрылым борпылдақ топырақты алқапта, ия болмаса тығыз және құрғақ топырақта-үстіңгі қабатында жайғасқан тамырлы болады.Аң шаруашылыгында қарагайдың маңызы. Кәдімгі қарағайдың тұқым негізінен жыл бойы тиіннің азығы болу себептен, шаруашылығында маңызы өте зор.Егілген қарағайдан 1 га дан алынатын тұқымдық өнімі, оның басына, толықтығына, орманның типіне, жағрапиялық ендікке, өнім дәрежесіне, тұқының салмағына байланысты 0,1-72,7 кг аралығында болады. Қазақстанның далалық қылқанды орманында қарағайды өнім бермеуі байқалған емес.

Сібір және корейлік самырсын қарағайлы көптеген аңдардың өмір сүруінде зор маңызы бар. Бұл ағаштың тұқымымен тиін, құндыз, аю, дала тышқаны, қабан, саңырау құр және т.б. азықтанады. Сібір самырсын қарағайының 1 га 30-500 кг аралығында тұқым әнімін жыйнайды. Ағаш түрі аралас орманда, яғни самырсын қарағайының үлесі аздау болғанда, бір га-дан алынатын тұқым өнімі 30-50 кг-ға дейін төмендейді.

Қайын. ТМД елдерінің жерінде-қа дейін түрі кездеседі. Жыл сайын қайын өте көп түқым береді және ол желмен үшырылып тез қурайды. Қайын ағаштың көнтеген бөлшектері оталған, ия болмаса қурайды. Түбірінен жас бұтақшалар шығып қайын тез жаңарады. Таза орман түрінде, ия болмаса сағыз, бал қарағай және қылқан жапырақтас ағаштармен аралас кездеседі.

Аң шаруашылығында құр, шіл, ақ қүрларға негізгі азық, ал құландарға қосымша азық ретінде маңызы бар. Солтүстік аймақтарда қайың құндыздарға ең негізгі азық болып есептелінелді.

Қайын тез өсетін ағаш, 40-50 жылда биіктігі 25-30 м, өмір сүзгіштігі 100-150 жыл.

Терек, тез өсетін ағаш, 80-100 жылға дейін өмір суреді. Ауа райына онша талапсыз. Қабығымен және жас бұтақтарымен құндаздар, қояндар және бұландар азықтанады.

Бүкіл одақтық мәжіліс 1951 жылы орман типтологиясына мынадай аңықтама береді: "Орман типтологиясы-орманның учаскесі, ондағы ағаш тұқымдары, айуандар дүниесі, орма өсімдіктерінің комплексті жағдайы, қоршаған ортаның және өсімдіктер ара қатынасы, бұрынғы қалпыңа келу процессі жэне ауысуы бағыты бірқалыптас, яғни экономикалық жағдайы бір дәрежеде болуымен, жүргізілетін орман шарушылық шаралар да бірдей".

Әртүрлі шырша ормандар құрамы, жаратылуына және өнімділігіне байланысты бес типті топқа бөлінеді.

  1. Шырша-жасыл мүкті. Бірінші қабаты-ылғый шыршалы, сирек кайын, терек аралас. Екінші қабат жоқ, шыбық-бұта қабаты болсада, өте селдір. Өсімдік жамылғысы бір келкі, ия болмаса бірнеше өсімдік түрінен тұрады, қоректілігі жақсы. Мүкпен түгел жамылған.
  2. Шырша-көп жыл мүкті. Бірінші қабаты шырша-қайын аралас. Екінші қабаты жоқ. Өсімдік тектес шөптер жоқ. Түгелдей көкек кендірлі кілем түстес өсімдікпен жамылға. Д. Н. Данилов жасыл мүкті-шырша және көпжылдық мүкті аңшылық алқапты бір типке қоса шырша-мүкті тип деп атауды ұсынады.
  3. Шым-шыршалы. Шырша қысымдалған, толықтығы нашар көбіне қайын мен теректің араластығы басым. Мүкті жапқышы бар шым тезек мүктің үлесі өте жоғары. Бұл ағаш жерлер типін басып қосып-шыршалы батпақты типтес деп атайды.
  4. Батпақты-шөпті шыршалар. Бүл шыршалар жайғасқан алқаптар биік өскен шөппен жамылған. Ағаштары қалың емес. Шыбық-бұта қабаты жақсы дамыған. Бұл типтес алқап, аңшылық жерлер құрамына еніп, кейде жайылма шыршалар типтес деп аталынады.

5. Күрделі шыршалар. Топырағы бай, жақсы құрғаған топырағы 
жайғасқан. Бұл топты бірнеше шыршалы типі күрайды: қайын теректі, бұталы, жөкелі және емеді. Әрбір типтес алқаптың аңдар үшін азықтық маңызы әртүрлі. Азыққа ең байы-қайын тектес бұталы шыршалар.

Қарағайлы орман-шыршалы орманға қарағанда көбінесе құмды топырақта жайғасады және төмендегідей типтес топқа бөлінеді:

6. Қылқанды қына орман. Түгелдей қынамен жамылған, сирек және аласа ксерофиттік шоп (қүрғақ жердің өсімдіктері) өскен. Бұл топқа енетін орманды жерлер біріге келе бір типті аңшылық алқаптарын құрайды. Ол құрғақ қылқанды орман болып аталынады.

7. Жасыл мүкті-қылқанды орман. Таза қарағай ағашынан тұрады, кейдежеке қайындар аралас болуы мүмкін.

Мұндағы ағаштар жақсы дамыған, бонитеті өте жоғары. Осыған байланысты аңшылық алқап ретінде маңызы жоғары, өйткені өсімдіктердің азықтық қоректілігі өте бағалы.

8. Көп жылдық мүкті қарағай орманы.Түгелдей көкек кеңдері өсімдікпен жамылған. Мұнда ағаштардың дамуы әжептәуір төмен яғни азықтық қоры жөнінде маңызы онша емес.

9. Шым тезек қарағайлы. Түгелдей шым тезекпен жамылған. Қарағай нашар өседі, бонитеті өте төмен, кейбір жағдайларда орман батпақталған қарағайлы орман депте атайды.

10. Шөптес-батпақты қылқанды орман. Бұл қылқанды орман қарағай жақсы өсіп дамиды. Қалың шөппен жамылған, мүкті кілем жамылуы нашарлау. Барлығы бірігіп-су жайылма қарағайлы типі аңшылық алқап делінеді.

11.Күрделі қылқанды орман. Орман негізінен қарағайдан тұрады, беткей жағында шыбықтар жайғасқан, екінші қабаты емен басқа тұқымдас ағашпен жалғасқан. жасыл шөшіен жамылуы өте жақсы және әртүрлі. Бұл топқа жеке қарағайлы, емес қарағайлы типтік ағаштар енеді. Барлығын қоса келіп-күрделі қарағайлы типтес аңшылық алқабы деп аталынады.

Аң шаруашылық тұрғыдан алып қарағанда, қылқан жапырақты орман күңгірт және ақшыл қылқан жапырақты орманға жіктеледі.

Күңгірт қылқан жапырақты тоғайдың қорғаушылық және азықтық жағдайы өте жақсы және оның құрамына тек қана шырша, самырсын қарағайы енеді.

Ал ақшыл қылқан жапырақты орманның қорғауінылық және азықтық маңызы әжептәуір төмендеу, өйткені көбінесе қарағайлы және май қарағайлы ағаштардан тұрады.

Егілген ағаш өсіп, толған сайын, жамылған өсімдіктер түрі де өзгерсді, сыған байланысты қоршаған орта да өзгере бастайды. Кейбір жануарларға ол жаман. Мысалы, орманда жидек, түқым және т.б. өнімдер төмендейді де, керісінше бүтақтардың өсіп көбеюінен, орманның қорғаушылық қасиеті жоғарылайды.

Орманның жазық беткейінде талшілік, бұталарының аңшылық жануарлар үшін азықтық маңызы өте зор. Үлкен массивті және біркелкі ағашты келген орман, әртүрлі тұқымдас ағашты орманға қарағанда аңдарға кедей болады. Ал әртүрлі ағашты орманда аңның саны, түрлері де көптеп кездеседі.

Қарағайлы орман зиянкестері

Барлық жағдайда, 100 өрттік оқиғаның 90-ы адам үлесіне келеді. Өртті үш түрлеп жіктейді: жер астындағы, төменді және жоғарғы. Жер астындағы өртте, топырақтың жоғарғы қабатында шоғырланған органикалық заттар жанады. Өрттің бұл түрі ұзақ жүреді

 

 

 

 

2 - кесте

Қазақстан бойынша өрттердің 2003- 2007 жылғы көрсеткіштері.

Жылдар

2003

2004

2005

2006

2007

Өрттер, оқиғалар саны

990

786

668

1057

1312

Өрт жүрген орман алқабы,/га

27995

30863

31426

91927

59570

Орман өртінен болған нүқсан, ағымдағы бағада,/млн теңге

107,8

353,6

183,8

358,8

137,1


 

Талдау: Кестеде Қазақстан бойынша өрттердің 2003- 2007 жылғы көрсеткіштері берілген. Өрттер, оқиғалар саны 2007 -1312, Өрт жүрген орман алқабы,/га 59570, Орман өртінен болған нүқсан, ағымдағы бағада 137,1, млн теңгені көрсетеді.

Қазақстан бойынша 2003-2007 жылдары тіркелген орман өрттері.

Төменді өртте көбінесе құрамы мүк жэне шөптен тұратын барлық өсімдіктер, бүтақтылар жанады. Ағаштар және ірі бұтақтылар жанып үлгрмейді де, дерлік зақымданбай қалады. Дегенмен, тамыры жоғарлап жайғасқан ағаштар (шырша,қарағай ) бұл өрт түрінде, тамырлы күйген себептен өліп қалады. Томеді өрт түрі, эдетте шөптес өсімдіктерге бай, ағапітың жер бетіндегі органдарының тым ылғалды жэне күшті жел болатын ормандар ішінде болады.

Өрттің үшінші типі-жоғарғы өрт, ағаштарды жерде басына дейін, немесе тек қана басын ғана шалады, ал шөптес және мүктес жамылған ағаштар аздаған мөлшерде жанудан сақталынады.

Орман өртімен күресу шараларынегізінен үш топқа бөлінеді: ескерту шаралары, дозорлық-күзеттілік қызмет, отпен күресетін тура шаралар. Бірінші топқа кіреді: өртке қарсы техникалық үгіт, ағаш кескен жерді тазалау және орман ішін ластаумен күресу; өртке қарсы қазылған орлар жасау, ағашты қорғайтын белдеу (полосы) және канал жасау жұмыстары.

Екінші топқа-өрт метео қызметі, өртке қарсы мұнара (вышка) қызметі, жерді патрульдеп күзету; үшақпен патрульдеу кіреді.

Өртпен үшінші күресу ету түрі екі формадан тұрады. Ол-отпен белсенді күресу және пайда болған ошақты оқшалау.

Тәменді өрт оты бұтақпен ұрып, топырақ шашып тастап, су құйып өшірілуі мүмкін. Қосымша, химиялық күрес шарасы болады, яғни химиялық бомбалармен жабдықталған ұшақтарды пайдалану. Жоғарыда болған өртпен күресу мақсатпен табиғи жэне алдын ала өртке қарсы жасалынған бөгеу-тосқауылды пайдаланады, өрт жылжып келе жатқан жолға бөгеуші жол қазып жасайды.

Орманды кесу жүмысында өрт болғанда да ағаш тұқымдарының құрамы алмастырылуы жүреді, кейде тіптен топырақ сазданып та кетеді. Күйіп-жанған ағаштардың өлі діңі жанған учаскелерде қалып, зиянкесті жәндіктергс азық және оларды тарату көзі болады.

2002 жылы 990 өрт ошақтары тірклген, 27995 га жер жаңған, 107,8 млн. теңге шығын шыққан. 2003 жылы 786 өрт ошақтары тіркелген, 30863 га жер бүлінген, 353,6 млн. теңге шығын шыққан. 2004 жылы 668 өрт болған, 31426 га жер жаңған, 183,8 млн. теңге шығындалған. 2005 жылы 1057 өрт ошақтары тіркелен, 91927 га жер бүлінген, 358,8 млн. теңге шығындалған. Ал 2006 жылы 1312 өрт көздері тіркелген, 59570 га жер жаңған, 137,1 млн. теңге шыгын шыққан. Осы өрттердің 94% адам фактор әсерінен болғаны мәлім.

1997 жылы республикамыздың орман қорының территориясыда 2257 орман өрттері орьш алған. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбау себепті орып алған.

Өрт 4 млн. м³-ге жуық ағашты жойған. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болған.

50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар аңықталған. Ең ірі орманды территориялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында аңықталған. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелен.

2.4 Орман қорының қысықарылуы.

Өсімдік-ол табиғат хандығы, оған 300 мыңнан астам түр кіреді. Орман жамылғысы жер шарында өмір сүру жағдайын жасайды. Орман жамылғысы -жердің өкпесі, биосфера қабатындағы энергиялық болып келеді немесе болып табылады жэне түрақты факторлар мен компоненттердің жиынтыгы. Қүрлықтың фитомассасының 90% орман жамылғысы. Өмір сүру функциясына басқа өсімдік түріне қарағанда орман жақсы атқарады.

Әлемдегі барлық орман жапырақтарының жамылғысы дүние жүзінен 4 есе көп. Осыған байланысты күн радиациясын, көмірқышқыл газын, оттегінің бөлінуін, басқа қоршаған ортаға зиян келтіретін процестерді сіңіріп алады. Сондықтан орман табиғи процестерді жүргізудегі ең маңызды болып келеді.

Орман-санитарлы-гигиеналық және емдік қасиетгеріне бай. Олардың эстетикалық маңызы да бар. Орман атмосфераның химиялық қүрамын тежеп отырады (оттегіні, көміртегіні, азотты). Ірі орман жылына 5-10 тонна көмірқышқыл газын жұтып, 10-20 тонна оттегі боліп шығарады. "Орман жердің жасыл өкпесі".