Шагын бизнес
Жоспар
Кіріспе.......................
I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың
стратегиялық факторлары....... ...4
1.1 Шағын
бизнес кәсіпорындарының
1.2 Шағын
бизнес кәсіпорындарының
1.3 Әлемде
және Қазақстан
II Шағын бизнес
кәсіпорындарын құру және
2.1 Шағын
бизнес қызметінің тиімділігін
бағалау критерийлері..........
2.2 Шағын
бизнестің ұйымдық құқықтық
III Басқару
бойынша шағын бизнес
3.1 Өндірісті
басқару функциясының түсінігі
және жіктелуі.................
3.2 Өндіріс
және оның функцияларына
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының ерекшелігі – ол ірі және шағын кәсіпорындардың қатар қызмет етуі. Шағын және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық, материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық және басқа да нарық қажеттілігін қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы болып, олардың икемділігі, жұмылдырғыштығы, яғни сатып алушыны тез таба алу мен оның қажеттілігін жедел қанағаттандыру қабілеттілігі, сонымен қатар нарыққа өтімді тауарды «жіберуі».
Шағын бизнес тәуелсіз менеджементпен, меншікті капиталмен, жергілікті қызметпен, икемділікпен, жылдам құрылымдық және техникалық алғырлық мүмкінділігін, сонымен қатар, шағын нарықтық сегментке қызмет ете алуымен сипатталады.
Шағын бизнес дұрыс, оңтайлы басқарушылыққа нарық конъюктурасының кез келген өзгерісіне бейімдеушілікке мүмкін ететін бірқатар ерекшеліктерді иемденеді.
Мемлекет экономикасының бүкіл аясы мен салаларында кіші нарықтық құрылымдардың құрылуы экономикалық үдерістердің әлемдік – шаруашылық тенденцияларына сәйкес келгендіктен барлық салалардағы түрлі бейіндер бойынша кәсіпорындардың дамуы әлемдік тәжірибеде танымдық құбылыс болып саналады.
Қазіргі кезде біздің экономикада бір мезгілде ірі, орта және шағын кәсіпорындар қызмет етеді, сонымен бірге жеке және жанұялық еңбекке негізделген қызмет түрлері жүзеге асырылуда.
Қазақстанның алдағы он жылдықта
әлемдегі бәсекеқабілетті алдыңғы
қатарлы 50 мемлекеттер санатында
тұруына шағын бизнес қолқабыс болатын
экономикамыздың жоғарғы
І ШАҒЫН БИЗНЕС – НАРЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні және ролі
Нарықтағы экономикамонополизм билігін төмендетіп, бәсекенің дамуына бағытталған қоғамдық өндіріс құрылымының өзгеруін талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей,
бұл мәселені шағын бизнес, яғни
шағын экономиканың дамуынсыз шешуге
болмайтындығы анықталып отыр. Шағын
экономика кәсіпорындары
Республикамыз тәуелсіздік алғанға дейінгі КСРО өнеркәсіп кәсіпорындары үлкен өлшемімен ерекшеленді. Қызметкерлерінің саны 800 адамнан жоғары бола отырып, 10 адамға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындар үлесі жалпы кәсіпорындар көлемінің – 3,5% құрады, ал жұмысбастылар саны бойынша – 11,1% және өндірілетін өнім көлемі бойынша – 0,1%-ға тиесілі болды. 2,5 мың адамнан асатын қызметкерлер саны бар кәсіпорындар үлесі - 21%, ал олардың өндіретін өнім көлемі - 80% құрады.
Шағын экономиканың ролі ХХ ғ. 90 жылдарынан өсе бастағанымен, ірі кәсіпорындар өздерінің массалық өндіріс тиімділігі, еңбек бөлінісінің тереңдігімен автоматтандыру деңгейі, шикізаттарды пайдаланудың кешенділігі, ғылыми - өндірістік циклдің бірлігі және т.б. көрсеткіштер бойынша өзінің артықшылығын сақтап отыр.
Шағын және орта кәсіпорындар ең алдымен ұсақ сериялы, қысқа номенклатуралы өндірістерде, бірлік өнім, сонымен бірге ірі кәсіпорындар тапсырыстары бойынша түрлі бөлшектермен қосалқы бұйымдар өндірісіне маманданған және олар әртүрлі қызметтер көрсетумен айналысады, сонымен қатар қоғамдық жұмыстармен қызметтердің түрлі салаларында қоғамдық экономиканың көп түрлі жақтарының тиімділігін жоғарылата отырып оңтайлы қызмет атқара алады.
Әлемдегі 75 мемлекеттің заңдары бойынша фирманы шағын және орта ретінде анықтаудың 50 критерийлері бар (ол жылдық айналым көлемі,пайда табыстылық деңгейі, капитал көлемі, инвестициялар көлемі, жұмысшылар саны және т.б.).
Отандық тәжірибеде ҚР Президентінің
1997 жылғы 6-шы наурызындағы “Шағын кәсіпкерліктің
дамуын мемлекеттік қолдау және белсендіруді
күшейту бойынша іс-шаралар
Бұл сандық көрсеткіштер (шағын және орта фирмалар үшін) Жапонияда – 50 жұмысшыға дейін; Италия мен Финляндияда – 100 адамға дейін, Англияда – 200 дейін, ал АҚШ-да – 500 дейін.
Әдістемелік көзқарас бойынша «Шағын бизнес» ұғымына көптеген зерттеушілер тек шағын кәсіпорындарды ғана емес, орташаларды да жатқызады.
Шағын бизнестің аталған сандық сипаттамаларынан басқа, сапалық сипаттамаларын атап көрсетуге болады:
- ең алдымен шағын бизнестің икемділігі мен ұтқырлығы (мобильділігі)– нарық талаптарына шұғыл түрде әсер береді;
- бейімділігі - өзгерілетін шарттарға тез бейім болады;
- шағын бизнес меншік иесі мен басқарушының бір тұлғада сипатталуына негіз береді;
- жұмысшылардың өзара алмастырушылығы. Шағын ұжым үшін оның қызметкерлері функциясының белгілі бір шектеулерінде бірін-бірі қолдау, көмек көрсету, ал өте қажет болған жағдайда бірін-бірі алмастырушылығы оңай түрде жүргізіліп, жалпы кәсіпорындар қызметін оңтайландыруға себеп болады;
- шағын фирманың маңызды бір артықшылығы – ақпарат өтудің жоғары жылдамдығы. Бұл жағдай ақпараттың өз көлемімен және басшы мен жұмысшылардың тікелей араласуымен шартталынады.
- Фирманың шағын көлемі салыстырмалы түрде басқарушылық шығындардың төменгі дәрежесінде оның сапалы басқарылуын қамтамасыз етеді;
- Шағын бизнесті ұйымдастыру үшін негізгі қорларға ірі көлемде салымдар талап етілмейді.
Қазіргі
экономикаға түрлі ауқымдағы
өндірістердің күрделі
Өндірістің шағын фирмаларының тиімді қызмет атқару мүмкіндігі олардың ірі өндірістерге қарағандағы артықшылықтарына байланысты: жергілікті шикізат нарықтарына және клиент тапсырыстарына бейімделу; шағын топтамалы өндіріс; басқарудың артық буындарын жою және т.б.
Шағын өндіріске сұранымның өндірістік және жеке тұтыну аяларындағы саралау мен дараландыру тән.
Өз кезегінде шағын
өндірістің дамуы экономиканың сауығуына
жағымды жағдай қалыптастырады: бәсекелестік
орта дамиды; қосымша жұмыс орындары
құрылады; құрылымды қайта құру белсенді
түрде жүреді;тұтыну секторы кеңейді.
Осы кәсіпорындардың дамуы
Шағын кәсіпорындардың шығармашылық күштерінің бос өндіріс қуаттарын тиімді пайдалану қабілеттігінің болуы өте маңызды. Шағын бизнес әлемде маңызды роль атқарады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Батыс Еуропа, АҚШ, Жапонияда шағын және орта кәсіпорындарының жиынтығы есебіне осы елдерде жұмыссыздық деңгейі төмендетіліп, жаңа жұмыс орындарының 2/3 өсімшесі қамтамасыз етіліп отыр.
Шағын бизнестің үлкен
резервтері және нарықтық экономикадағы
ролі АҚШ пен Еуропа елдерінің
берілген мәліметтері көрсетеді. Мысалы,
АҚШ-тың шағын және орта кәсіпорындары
жолпы ұлттық өнімнің 40 % және жеке сектордың
жиынтық өнімінің жартысын өндіреді;
оның ішінде: өңдеуші өнеркәсіпте -
21%, құрылыста – 80 %, көтерме саудада
– 86%, қызмет көрсету аясында - 81%. Осы
кәсіпорындарда жеке сектордағы бүкіл
жұмысбастылықтардың жартысы
Олар АҚШ экономикасындағы жаңалық енгізулердің жартысына дерлігін құрылып, игерілуін қамтамасыз етеді. Бұл жаңалық енгізулер ғылыми-техникалық прогресс аясына қатысты.
1.2 Шағын және
орта бизнес кәсіпорындарының
ерекшеліктері, ұйымдық
Меншік
формаларының түрлілігі кәсіпорындардың
түрлі ұйымдық-құқықтық
Кәсіпорын – қоғамдық өндірістің алғашқы негізгі буыны.
Өйткені кәсіпорында өндіру, тасымалдау, сату, яғни “өндіріс факторларының және өндірілген өнім қозғалысы” жүзеге асырылады. Өндірісті, өнімді сатуды басқару және ұйымдастыру пайда әкелу керек. Кез келген кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі осы мақсатқа бағытталады.
Кәсіпорын (фирма) – пайда табу мақсатымен өнім өндіру, қызмет көрсету үшін құрылған жеке (тәуелсіз) шаруашылық субьект.
Кәсіпорынның толық анықтамасы бойынша негізгісі: 1) тәуелсіздік (дербестік) 2) пайда табу.
Егер кәсіпорынның банктегі дербес шоты, мөрі болса, түрлі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асырса, бірақ басқа кәсіпорынның немесе мемлекеттің қаражатымен қызмет атқарса, ол оперативті – шаруашылық дербестік (тәуелсіздік).
Тек тұрақты қаржылық жағдай ғана кәсіпорынның экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді.
Дегенмен экономикалық дербестігінің құрылуының бастамасы болып оның дербес оперативті – шаруашылық бірлік немесе заңдық тұлға ретінде айқындалуы саналады.
Заңдық тұлғаның өзінің Жарғысы, табыстар мен шығындар балансы, Банкте шоты, келісімдік қатынастар жүргізуге құқығы болады.
Ол үшін кәсіпорынның келесі нысандары болуы керек:
- Ұйымдық бірлік – құрылтай құжаттарында бекітілген өзінің ішкі құрылымы мен басқару тәртібі бар ұйымдастырылған ұжым.
- Жеке мүлік – жеке мүлкі бар (негізгі және айналым құралдары) және ол мүлікті иемденеді, пайдаланады, сатады, істен шығарады, мүлікке салық төлейді.
- Мүліктік жауапкершілік. Заң бойынша кәсіпорын өз міндеттері бойынша жауапты.
- Өз атынан азаматтық айналымда болу. Кәсіпорын адам сияқты, басқа кәсіпорындардан ерекшеленіп танылу керек. Оның атауы болу керек. Сол атауы бойынша кәсіпорын тіркеліп, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын иемденеді, аластатады, міндет алады, сотта, арбитражда немесе үштік сотта талапкер не жауап беруші ретінде шыға алады.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдық – құқықтық формалары.
Кәсіпорындар меншік түрлеріне байланысты 2 түрге бөлінеді: қоғамдық және жеке.
Бірінші түр. Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар жиынтығы – экономиканың қоғамдық секторын құрайды.
Екінші түр. Серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, аралас кәсіпорындар, кооперативтер – экономиканың жеке секторын құрайды.
Экономиканың жеке секторының
кәсіпорындары бір-бірінен
Жауапкершіліктің шектелуі бойынша кәсіпорындар жауапкершілігі шектелген және шектелмеген, ал жеке сектор кәсіпорындарының ұйымдық формалары: индивидуалды (жанұялық), толық серіктестік – мүшелердің үлестік мүлкі және барлық мүшелердің толық жауапкершілігі негізінде сипатталады. Бұл форма жеке даралық кәсіпорын сияқты заңдық тұлға болып табылмайды.
Аралас серіктестік – заңдық тұлға. Құрамы: нағыз мүшелері және салымшы мүшелер; біріншілер онда толық жауапкершілікте болады.
Халықаралық тәжірибеде аралас серіктестікті командиттік (сенім) серіктестік деп атайды, оның нақты мүшелері – комплементарийлер, ал салым мүшелері – командиттер.
Келесі түрлер: Жауапкершілігі шектелген серіктестіктер немесе акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар бірлестігі - өзара шарт негізінде ерікті болып табылады.Кәсіпорындар бірлестігі – бұл одақтар, ассоциациялар, концерндер, салааралық немесе территориялық бірлестіктер.
Кәсіпорынның келесі формасы – бұрын мемлекеттік болған, еңбек ұжымдарының мүлкін сатып алу немесе жалдау негізінде құрылған, мүлікті сатып алғаннан кейін серіктестік немесе акционерлік қоғам құра алады. Ал жалпы кәсіпкерлік қызметке қатысты қарастырсақ сол саладағы қызметті төмендегідей сипаттай аламыз.
№ |
Кәсіпкерлік | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Өндірістік |
Коммерциялық |
Қаржылық |
Кеңестік |
2 |
Инновациялық,венчурлық |
Саудалық |
Банктік |
Жалпы басқару |
3 |
Ғылыми– техникалық |
Саудалы-көтерме сатып алу |
Сақтандыру-шылық |
Әкімшілік |
4 |
Тауарлар өндірісі |
Саудалық- делдалдық |
Аудиторлық |
Қаржылық басқару |
5 |
Қызмет көрсету |
Тауар биржалары және сауда үйлері |
Лизингтік |
Кадрларды басқару |
6 |
Тұтыну тауарларын өндіру |
Қор биржалары |
Маркетинг | |
7 |
Тұтыну қызметтерін өндіру |
Ақпараттық | ||
8 |
Маманданды-рылған | |||
1-кесте. Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі
Шағын бизнес қоғамдық қажетті
еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасы
ретінде біздің еліміздің әлеуметтік-
Кез келген кәсіпорын ұйымдық-құқықтық формасына, меншіктік формасына, салалық тиістілігіне, шығарылатын өніміне байланыссыз ашық экономикалық жүйе болып табылады және оны сызба түрінде келесідей көрсетуге болады.
Ресурстар-
шығындар 2
1-сызба. Кәсіпорынның нарықтық моделі
1 блок – негізгі міндеті
ресурстарды қайта
2 блок – енушіліктегі ресурстар (еңбектік, материалдық, қаржылық);
3 блок – шығу кезіндегі
ресурстар, яғни қайта
4 блок - кәсіпорын өзара әрекеттесетін, әлеуметтік орта (мемлекет, муниципалды органдар, заңдылықтар);
5 блок – табиғи орта (табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, ауаны, суды тұтыну);
6 блок – нарықпен өзара
байланыс, маркетинг, осы блок
ресурстардың енуінде және
7 блок – енудегі ресурстар
мен шығарылудағы ресурстардың
қарым-қатынасы кәсіпорын
Дамыған елдердің нарықтық экономика тәжірибесі, шағын бизнестің табысты дамуы үшін, белгілі бір заңдылық ынталандырушы базалық құрылуының қажеттілігін дәлелдейді.
Мысалы, Жапонияда аймақтар экономикасын реттеу үшін 20-дан астам заң қабылданған және мемлекеттің 10 институты аймақтардың дамуы үшін жоспарлар мен бағдарлар жасайды, және олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Заңдардың атаулары көрсеткіш дәлел болып табылады: “Автокөлік жолдарының салынуы бойынша шаралар туралы”, “Тюбу аймағының дамуы туралы” және т.б.
Осы заңдардың негізінде Жапонияда мемлекет аймақтық жобалардың жүзеге асырылуында белсенді қатысады; жалпы капиталдардың 12% дейін салым сала отырып, мемлекет жеке компанияларға жол ашады.
Жеке сектор аймақтың жобалардың
жүзеге асырылуына қосыла отырып, өз кезегінде,
әртүрлі несие мен қарыздар бойынша
мәселелерде Үкіметтің
Бұл бір жағынан – тең құқықты әріптестік, ал екінші жағынан - әлеуметтік мәселелердің шешімі болып табылатын, нарықты мемлекеттік реттеудің механизмі.
Республикада шағын бизнестің қалыптасу мен даму негізін “ 1992 - 1994 ж.ж., 1994-1996ж.ж. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және мемлекеттік қолдау бағдарламалары” қалады. Оның негізгі мақсаты – “жеке кәсіпкерліктің дамыған нарықтық инфрақұрылымына, экономиканың жеке секторының қалыптасуына қажетті жағымды құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастырылудың жағдайларын құру”.
Кейін, бұрыңғы екі бағдарламаның кемшіліктерін талдаудан, жаңа мақсаттар негізінде, 1997-2000 ж.ж. ҚР шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа бағдарламасы жасалды. Үш деңгейден тұратын осы бағдарламаның негізгі жағдайларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президенті “Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуын белсендендіру бойынша шаралар туралы” Жарлығының (6/ІІІ-97ж.) шығарды.
Сонымен қатар, Үкімет “Шағын
кәсіпкерліктің даму қорын құру туралы”
қаулы қабылдады, кәсіпкерлік қызметке
қатысты әртүрлі жағдайлар
Жоғарыда көрсетілген құжаттар бойынша шағын бизнестің дамуына заңдылық негіз бар, бірақ олардың қаншалықты тиімді екені басқа сұрақ?!
1.3 Әлемде және
Қазақстан Республикасында
Шаруашылық қызметтің шағын формаларының интенсивті дамуы заңды, себебі шағын және орта кәсіпорындар секторы нарықтың қажеттіліктеріне тез икемделе алады және капиталды көп көлемде қажет етпейді. Жаңа жұмыс орындарын құрудан басқа, экономиканың мемлекеттік емес секторы тауарлар мен қызметтердің ассортименті мен көлемі бойынша коньюктураның өзгеруіне тез икемделеді, бәсекелі ортаның құрылуына және экономикадағы монополияның азаюына қолқабыс етеді, яғни қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге себеп болады.
Бірақ бұл секторда жағымды нәтижелерге жету үшін сәйкесінше мемлекет тарапынан қолдау қажет. Мысалы, шағын бизнесті қолдау АҚШ-да 1953 жылдан бастап жүзеге асырылуда, ал 1978 жылдан бастап “Ұлттық тұтынушылар үшін шағын бизнес” бағдарламасы бойынша қолдау жүзеге асырылуда. 80 ж. басында АҚШ сауда министрлігінің қарамағында бірнеше ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыруға көмек көрсету үшін, шағын бизнес басқармасы құрылды. АҚШ-да 1980-1990 жылға дейін 70 мың шағын кәсіпкерлерге басқарма 11 млрд.$-дан астам инвестиция мен 180 мыңға кепілдік, 31 млрд.$ астам сомаға несие берді.
Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар құрылыс, сауда және қызмет көрсету саласының, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының жалпы санының 99% құрайды. Оларда жұмыс күшінің 80,6% қызмет атқаруда; өндірістік өнімнің 55 %; көтерме сауданың - 60%, бөлшек сауданың 80% - сатылады. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау ХХғ. 40 ж. соңында бастау алған “Шағын және орта кәсіпорындар бойынша басқарма” көмегімен жүзеге асырылады.
Басқарманың қызметі шағын бизнесті бақылайтын, 9 аймақтық қызметтермен толықтырылады.
Мемлекеттік салық салу бойынша
Жапонияда шағын бизнес мөлшерлемесі
12% төмендетілген, ал жергілікті бойынша
- 6%-ға. Шағын кәсіпорындардың
Германияда шағын бизнесті қолдау Федералдық деңгейде экономика министрлігімен және жергілікті билік органдарымен жүзеге асырылады. Елде жаңа кәсіпорындар үшін 20 жылға берілетін ұзақ мерзімді жеңілдік беру жүйесі жұмыс істейді. Пайызды төлеудің жеңілдетілген режимі бар: 1) алғашқы екі жылда төленбейді; 2) 3 жыл - 2%; 4 жыл - 3%, 5 жыл - 5%; 3) 6 жылдан бастап несие нарығындағы жалпы мөлшерлеме бойынша салық төленеді.
Инновациялық қызметпен
Францияда шағын және орта кәсіпорындарға қолдауды өнеркәсіп министрлігі көрсетеді. Осы қолдау шегінде мемлекет салық жеңілдіктерін бере отырып, тіке бюджеттік көмек көрсетеді (кадрларды дайындауға, экономикалық және ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету).
Италияда шағын кәсіпорындарға, салық жеңілдіктерінен басқа, мақсатты демеу қаржылар мен жеңілдетілген несиелендіру қолданады (жыл сайын>6000 млрд. лир). 1991 ж. бастап “Шағын кәсіпорындардың дамуы және модернизациясы бойынша шаралар туралы” заң шегінде, жыл сайын техникалық модернизацияға, кадрларды дайындауға 1570 млрд. лир бөлінеді.
Осы заңға сәйкес, Италияның алшақ аудандарында орналасқан, шағын кәсіпорындар 10 жыл бойы мемлекеттік және жергілікті табыс салықтарынан босатылады.
Ұлыбританияда сараптық бағалар бойынша, фирмалардың 90% шағын түріне жатады. Оларға жұмыс күшінің 25% және жиынтық өнімнің 20% тиесілі. Жыл сайын 900 дейін жаңа кәсіпорындар құрылып, олардың ¼ бөлігі банкротқа ұшырауда. Сондықтан үкімет тарапынан шағын фирмаларға қарыздардың 70% кепілдік етіледі, жұмыссыздарға қаржылық көмек көрсетіледі. Елде шағын фирмаларының мемлекеттік қызметінің 100 бөлімшесі, сондай-ақ шағын бизнесті қаржыландыратын фирмалар желісі жұмыс істейді.
Барлық дамыған мемлекеттерде шағын бизнесті басқару және қолдау үлкен жұмыс жасалуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
алып, экономикасының дамуында шағын
және орта бизнес негізгі қозғаушы
күш болып табылады деп айта қою
қиын. Өз ісін бастаушы кәсіпкер, старттық
капиталды иемденбегендіктен
Сонымен қатар, көптеген келеңсіз жағдайлар
нарықтық қатынастардың дамымауы
салдарынан туындауда. Кәсіпорын үшін
жалпы пайдалылықты ойлай отырып,
кәсіпкер осы ой-мақсаттың жеткілікті
түрде тұрғындар үшін нақты орындылығын
үнемі ескере бермейді, материалдық-шикізат
ресурстары,білікті кадрлар
Нәтижесінде ұтылыс жағында мемлекеттің өзі қалуда. Кәсіпкерлік құрылымдардың экономика тұрақтылығында, өндіріс құлдырауының, инфляцияның етек алмауына тигізетін әсері тұрақты болмай отыр. Құрылып, өз істерін бастап жатқан кәсіпорындар өндірістік қызметті айналып өтіп, капитал айналымы жылдамдығын қамтамасыз ететін делдалдық, банктік, қызмет көрсету аясы, сауда-көтерме салаларына ұмтылуда.
Сауда үшін тауар көздері болып импорттық сатып алулар, дамушы елдерге “желқайықты” сапарлар, сонымен қатар тағам өнімдерін енгізе отырып мемлекеттік саудалардан түсетін тауарлар.
Алынған пайда өндірістік инвестицияға қолданбай, қайтадан айналым аясына немесе жылжымайтын дүние мүлік және валютаға сатылуда. Кәсіпкерлердің қызметтері мен табыстарының нақты көлемінің жасырылуына жалпылық сипат алуда.
Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы
майдагерлік кедергілер жойылмайынша
жоғарыда аталған келеңсіз жағдайлар
өз жалғасын таба беруі сөзсіз. Шағын
кәсіпорындар ірі индустрия сияқты,
олардың өз қызметтерін ғылыми әдістік
басқаруда мемлекет алдында жауапкершілігі
мен құқығын реттейтін
Жоғарыда аталған әртүрлі
Дағдарысқа қарсы бағдарламада
жарғылық капиталы мемлекеттік ресурстар
есебіне, сонымен қатар отандық
және шет елдік инвесторлар