Шаруашылық серіктестіктер

                                                         МАЗМҰНЫ:

 

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

 

 

1.   ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

1.1  Шаруашылық серіктестіктің  ұғымы және жалпы түрлері.........................4

1.2  Шаруашылық серіктестіктің  қызметі..........................................................6

1.3  Шаруашылық серіктестіктің  қатысушылары.............................................9

 

 

2.    ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

2.1  Шаруашылық серіктестіктің  түрлеріне түсінік..........................................10 

2.2  Шаруашылық серіктестікке  қатысушылардың құқықтары 

мен міндеттері.......................................................................................................12

 

 

3. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР СЕРІКТЕСТІК..........................................................14   

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................17

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Шаруашылық серіктестікттердің негізгі мақсаты пайда түсіріп, оны қатысушылары арасында бөлуді алдына негізгі міндет етіп қойған коммерциялық ұйым болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірітік коорператив нысандарында құрылуы мүмкін. Коммерциялық қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңи тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестікттердің мынандай нысандары белгіленген:  

  1. Толық серіктестік;
  2. Сенім серіктестігі;
  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
  5. Акционерлік қоғам.

Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серіктестігіне қатысушылар  тізімі қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серіктестіктегіне  қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірме  қатысушылар тізілімін жүргізуді  бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шауашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін қалыптастыру, жүргізук және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген. 

Осы курстық жұмысым кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. 

І тарауда - Шаруашылық серіктестіктің ұғымын және жалпы түрлерін қарастырамын.

ІІ Тарауда - Шаруашылық серіктестіктің түрлерін қарастырамын.

ІІІ Таруада - Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктертерді қарастырамын. 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                 3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

            1.1 Шаруашылық серіктестіктің ұғымы және жалпы түрлері

 

Жарлық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алаған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады. Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігі толық серіктер азаматтары ғана бола алады.

 Жарғы бір адам (бір  қатысушы )құрған шаруашылық  серіктестіктің құрылтай құжаты  болып табылады. Шаруашылық серіктестіктің  құрылтай құжаттарын (жарғы және  құрылтай шартын) нотариат куәландыруға  тиіс. Шаруашылық серіктестіктің  құрылтай құжаттарында осы Кодекстің 41-бабының 4 және 5-тармағында аталған мәліметтерге қоса әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшері, құрамын, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының 1998.03.02  №211 заңымен 7 – тармақ алып тасталды.

Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін жүргізу шартын жасауға құқылы.  

Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімі қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірме қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Акционерлік қоғам қатысушылар  тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін  жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын

                    4

шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

Қатысушылар тізілімін  жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын  шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталынан қатысу үлесіне құқықтар шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінде осы құқықтардың тіркелген кезінен бастап туындайды. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін қалыптастыру жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының заңдары 1998 ж. 10 шілдеге дейін шаруашылық серіктестіктердің мынадай 5 түрін көрсетті: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілік бар серіктестік және акционерлік қоғам. Олардың ішінен біздің Республикамызда және әлемде барынша кең таралғандары- жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар. Дүниежүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Англияда) заңдарында акционерлік қоғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады. Коммерциялық ұйымдарды тұлғалардың (серіктестіктердің) бірлестіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында тұлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаңа серіктерді қабылдау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді. Екінші санатта тұлғалық жағдайдың айтарлықтай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруін еш нәрсе шектемейді және капитал айтарлықтай еркін ауысатын болады.

Шаруашылық серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөліміндегі  нормалардың негізгі бөлігі акционерлік  қоғамның құқықтық режиміне барынша  сай келеді. Сондықтан  акционерлік қоғамды «Шаруашылық серіктестік» ұғымының ауқымынан шығару қисынсыз және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады. Ағылшын американ жүйесі елдеріндегі компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) құқықтары заңды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы  серіктестіктерден өзгешеленіп тұрады. Сондықтан оларда  акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңыызды негізі бар.

 

 

________________________ 

 Азаматтық құқық. І том жоғары оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2- басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин.- Алматы, 2003, 143-145 бет

 

 

                                                                                                                                                      5

 

1.2 Шаруашылық серіктестіктің қызметі

 

Шаруашылық серіктестіктері негізгі қызметі пайда түсіріп, оны қатысушылары арасында бөлуді алдына негізгі міндет етіп қойған коммерциялық ұйым болып табылады. Азаматтық кодекстің 188 – бабы 2 – тармағына сәйкес шаруашылық серіктестігіне өз қалауынша өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы беріледі. Демек, серіктестіктің мүлкі оған қатысушылардың мүлкінен бөлектенеді, сондықтанда бұл меншік бір тұтас меншік деп аталады. Серіктестіктің өз қатысушыларына осылайша тәуелсіз болуы оның шектеулі жауапкершілікпен заңды түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қосымша жауапкершілігі бар және акционерлік қоғамдар бір немесе бірнеше құрылтайшымен құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктер жекелеген қызмет түрлерімен тек арнайы рұқсат – лицензия арқылы айналыса алады. Қатысушыларға шаруашылық серіктестігінің мүлкі емес құқықтарын жүзеге асыру арқылы мүлкінің бөлігі бір бөлігі ғана тиесілі. Кез келген негіз бойынша үлесіне деген құқығын жоғалту қатысушының серіктестіктен шығуына әкеліп соғады. Осыған байланысты шаруашылық серіктестіктің оның мүлкіне тек міндеттемелік құқығын сақтайд. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі қатысушылардың үлесі пайыздың шамамен, ал акционерлік қоғамда акция мөлшерімен есептеледі. Шаруашылық серіктестігі туралы («екінші тармағы»). Шаруашылық серіктестіктің мүлкіндегі барлық қатысушылардың үлестері ережеге сәйкес жарғылық қорға салған салымдарына орай жүзеге асады. Мысалы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарында серіктестіктің бір қатысушысына тиесілі үлестің ең жоғары көлемі шектелуі мүмкін. Мұндай шектеу белгілі бір қатысушының қатынасына байланысты тағайындалмауы мүмкін. Құрылтайшылық құжаттар негізінде серіктестікке қатысушылардың үлес ара салмағы тең дәрежеде өзгеруін жоққа шығаруға болмайды.

Жарғылық қордың көлемінің  өзгеруі серіктестікке жаңадан  қатысушы алудан немесе одан бұрынғы  қатысушының шығуынан болады, нәтижесінде  әлгі қатысушылардың әрекетіне байланысты қыйта есеп жүргізіледі. Қатысушылар  өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады: а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы ; ә) қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы кірісті бөлуге қатысу құқығы; б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының құқығы.

Интеллектуалдық қызметтің  нәтижесіне құқықты салым ретінде  пайдалану үшін қатысушының заңда  көрсетілген құқықты бекітетін  құжаттары болуы тиіс (патент және т.б.) («Шаруашылық серіктестік туралы»  Жарлықтың 6-бабы, 2-тармағы).

Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы»

 

6

Заңының 15-бабы 4-тармағына  сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта түрінде енгізе алады. Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін.  

Серіктестіктің қызметінің түрі мен сипатына байланысты кей  жағдайда жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы мүмкін.

Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым  жалпы жиналыстың шешімі бойынша  қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі  көрсетіліп, нотариат куәландырған борыш  міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім 3 жылдан аспауы керек («Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 24-бабы 5-тармағы). Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты  түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды, ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен өлшенеді. Жарғы капиталының көлемі азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден кеміп кетуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді Сот арқылы реттеуге мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді. («Шаруашылық серіктестік туралы» Жарлықтың 6-бабы 6-тармағы). 

Шаруашылық серіктестіктерінің қызметі нәтижесінде олардың жарғылық капиталаның өзгеруі (көбеюі не азаюы) мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-қатысушыларыгның бірі немесе жаңадан қабылданған қатысушы қосымша  жарна енгізу арқылы жарғылық капиталды  көбейтіп жібергенде ондай салым  серіктестіктің жеке капиталындағы олардың жарналарының көлемін есепке алу арқылы айқындалады. Сондай-ақ барлық қатысушылардың жарғылық қордағы үлестерін қайта қарауға тура келеді. Мұндай шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімімен қабылданады.

Серіктестіктің жарғылық капиталаның азаюы серіктестікке қатысушылардың барлығының салымдарының көлемін тең дәрежеге азайту есебінен жүзеге асуы мүмкін немесе жекелеген қатысушылардың үлесін жою жолымен жарғылық қорды азайту кезінде қалған қатысушылардың үлесі бірдей дәрежеде өзгереді.

 Шаруашылық серіктестігі мүлікті беру сәтінен бастап оған берілген мүлікке меншік құқығын алады. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы (ашық акционерлік қоғам). Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларды өзі шығаратын акцияларды жабық, жеке және ашық  әдіспен орналастыруға хақылы. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Акциялардың тек өз құрылтайшылары

7

мен алдын-ала айқындаған адамдармен арасында орналастыратын акционерлік қоғам болып табылады.

Жабық акционерлік қоғам  өзі шығаратын акцияларды заңда  көрсетілгеннен басқа жағдайларда  тек жабық әдіспен ғана орналастыруға  хақылы. Жабық қоғам акционерлерінің  саны жүзден аспауға тиіс, бұған  жабық қоғам коммерциялық емес ұйым болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Жабық  қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылық құқығы бар. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында акциялар бағаланатын, активтердің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болматын ашық қоғам халықтық қоғам болып табылады. Енді шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік  

қоғамдардың заңды тұлға  ретінде тарату кезінде мүлкін бөлу тәртібін қарастырайық. Бұл жерде әңгіме оған қатысушылардың міндеттемелік құқығы жөнінде болып отыр. Заңда және құрылтайшылық құжаттарында шаруашылық серіктестігіенің қатысушысының оның құрамынан шығудағы жағдайы, тәртібі мен салдары айқындалады. Айталық, шаруашылық серіктестік таратылдған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы (АК-тің 61-бабы 4-тармағы).

Егер қатысушы шығып  кеткен уақытта толық серіктестік  сақталып қалса оның шығып кеткен күнінде жасалған балансқа сәйкес шығып кететін қатысушығы серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына тең құны төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісуімен салымы толық немесе ішінара заттай түрде қайтарылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезегінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігіде төленеді. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

________________________ 

Ғ. Төлеуғалиев - Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы І том.- Алматы: Жеті Жарғы, 2001 228-232 беттер

 

8

 

1.3 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары.

 

Шаруашылық серіктестікті  азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады.Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құтылтайшылар деп, келесі жағдайларда-қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; Олар едәуір дәрежеде біріне-бірі таңылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады.Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылықсеріктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша бір адамнан  тұруы мүмкін (ЖШС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы).Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі ғана болуға тиіс. Толық және сенім серіктестікткрінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс.

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір  немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе оданда көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады.

Сенім серіктестігіне қатысатын  толық серіктестіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Сенім серіктестігіне осы Кодекстің сенім серіктестіктері туралы ережелеріне қайшы келмейтіндіктен, осы Кодекстің толық серіктестік туралы ережелер қолданады.

Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Сенім серіктестігі толық серіктестікті тарату үшін көзделген негіздер бойынша да таратылады.

Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

9

Бұл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып  табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты.

Шаруашылық серіктестік  заң құжаттарында көзделеген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС туралы заңның 10-бабының 1-тармағы «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды»деп белгіледі.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары-құрылай шарты және жарғы. Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде әрекет етеді. (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Акционерлерінің саны жүз жәнне одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестікке айналдыратын жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын дәлелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады.(АК-ның 58-бабының 9-тармағы).Шаруашылық серіктестіктің құрылтай нотариат куәландыруға тиіс.

Занды тұлғаның құрылтай шарты мен  жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:  

           -егер олардың құрылтайшылардың  ішкі қатынастарына қатысты болса  құрылтай шартының;

            -егер олардың қолданылуы заңды  тұлғаның үшінші тұлғаларының  қатынастарында маңызы болса,  жарғының ережелері қолданылуы  тиіс.   

 

 

 

 

 

 

2. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Шаруашылық серіктестіктің түрлеріне түсінік

 

Толық серіктестіктің мүлкі  жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша  өзіне тиесілі барлық мүлкінен ортақ  жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік практикасында толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатында азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).

 

10

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғарғы органы – қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында қатысушыларының санын анықтаудын өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серікңтестіктің әрбір қатысушысының бір дауысы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары барлық қатысушылары олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті (АК-ның 65-бабының 1,2,4-тармақтары).

Серіктестіктің қалған түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте тұлғалық жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан толық серіктестікке қатысушының өз үлесін оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуі мен құқықты мирасқор серіктестікке кіре алады. Құқық мирасқор қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серіктестіктің үшінші жақтары алдындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мирасқорды қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда, оған қатысушы қайтыс болған күні серіктестік мүлкіндегі құқық мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі құны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында көзделген мерзімде құрылтай шартында аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс (АК-ның 66-бабы).

Сенім (Коммандиттік) серіктестігі. Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен бизнес жүргізу қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибиеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларды өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар

11

 

оны кәсіпкерлік таңдаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады.

Толық және сенім серіктестіктерінің қызметі мен құқықтық мәртебесінде көптеген ұқсастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне АК-ның және Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың қағидалары қолданылады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктердің құүқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Толық серік өзінің жеке мүлкімен қосымша жауапкершілік атқаратындықтан, заң шығарушылар мұндай жағдайда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар ержелерді белгіледі. Азамат бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды.

Толық серіктестен өзгеше, салымшының жауапкершілігі шектелген: ол өзі салған салымның мөлшерінде ғана жауап береді. Сенім серіктестігінің салымшысы бастапқы және қосымша жарналарын салады. Жарналардың мөлшерін, салу әдістері мен тәртібін құрылтай құжаттары белгілейді. Құрылтай құжаттарының мазмұнына қарамастан, салымшының мынадай құқықтары бар:

1) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестік таза       табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесін алу;

2) серіктестіктің қаржылық  есебімен танысу, сондай-ақ оның  дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін  қамтамасыз етуді талап ету;

3) жарғылық капиталдағы  өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесін басқа біреуге түгелдей беруі, оның серіктестікке қатысуын тоқтатады;

    1. Серіктестіктен шығу.

Салымшыларға арналған осы құқықтардан бас тарту  немесе оларды шектеу, оның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі  бойынша шектеу жарамсыз болады.

 

2.2 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. 

 

Шаруашылық серіктестікке  қатысушылардың:

- құрылтай құжаттарында  белгіленген тәртіппен шаруашылық  серіктестіктің істерін басқаруға  қатысуға;

12

- шаруашылық серіктестіктің  қызметі туралы ақпарат алуға  және құрылтай құжаттарында белгіленген  тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;

- таза табысты бөлісуге  қатысуға құқығы бар. Құрылтай  құжаттарының бір немесе бірнеше  қатысушыны пайданы бөлісуге  қатысудан шеттетуді көздейтін  ережелері жарамсыз болып табылады; 

- шаруашылық серіктестік  таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін ал қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар:

Шаруашылық серіктестікке  қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін (АК-нің 61-бабының 1-тармағы).

Шаруашылық серіктестікке  қатысушылар:

    1. құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
    2. салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;
    3. шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.