Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазастан Мемлекеттік университеті
Экономика
және бизнес кафедрасы
Реферат
Шаруашылық
субъектінің негізгі
қаржыларын талдау
Тексерген:
Байгужинова А.Ж.
Өскемене, 2011жыл
Мазмұны
Кіріспе
I.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
теориялық негіздері
I.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
I.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
I.3. Қаржылық жағдайды
талдау әдістері
II. . ААҚ «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
I.1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы
II.2. Қаржылақ кірісті талдау
III. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
III.2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімi
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Нарықтық
экономика оған қатысушылардың барлығынан
ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап
етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда,
материалдар мен шикізаттың қисапсыз
қорларының көгеріп, тот басып жатуына,
яғни миллиондаған теңгенің доғарылып,
бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге
жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа
келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар
үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Бұл рефераттың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындау керек:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Рефераттың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың
тәжірибелік бөлігі . ААҚ
«Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауға және оның
нәтижелері бойынша қорытынды жасауға,
сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық
жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар
ұсынуға негізделген.
І.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
теориялық негіздері.
І.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс". Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша;
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
•қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның
іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
• кәсіпорын
активтерінің құрылымдық және құрамдық
динамикасын талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс
өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның
төлем қабілеттілігін және
несие қабілеттілігін талдау.
1.2.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР
Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
№2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң
күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан
бастап қаржылық есеп беруге мыналар
жатады:
1) бухгалтерлік
баланс;
2) қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша
қаражаттарының қозғалысы
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны,
жәрдем ақша және басқа
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылады. Актив пен пассивтегі жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
"Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады.
Активтер
дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді
және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді
(немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі
және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл
кәсіпорынның өзінің біреуге берешек
қарызы немесе борышы. Активтер сомасы
әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы
тиіс. Тікелей түрде құрастырылған баланс
5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ
мерзімді активтер;
2) қысқа мерзімді активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ
мерзімді міндеттемелер;
5) қысқа мерзімді міндеттемелер міндеттемелер
Баланс
есепті кезеңнің басы мен соңындағы
мезгілдік мәліметтердің жиынтығы
болып табылады, яғни онда осы балансты
толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының
жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның
есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын
көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың
динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар",
"дайын өнім", '"тауарлар", "дебиторлық
борыш" және басқалар. Бухгалтерлік
баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің
бірден-бір басты көзі болып табылады,
ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы
болып табылады.
кесте-1. Бухгалтерлік баланс.
І.3.
Қаржылық жағдайды талдау
әдістері.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең
талдау;
2) тікелей
талдау;
3) трендтік
талдау;
4) салыстырмалы
талдау;
5) факторлық
талдау;