Шаруашылық жүргізу құқығы



1 Шаруашылық жүргізу құқығы

 

 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында  құрылуы (бұрын құрылғандарды  iс-әрекет жасауы) мүмкiн:     

- қару-жарақты  және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму);     

- уранды және  басқа бөлшектенетiн материалдарды,  сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды  алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу,  көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;     

- дәрi-дәрмектер,  дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын,  медициналық жабдықтар мен құрал-сайман  жасау және сату;

- энергиямен, жылумен,  сумен жабдықтау, желiлiк көлiк,  байланыс, коммуникация, коммуналдық  және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;     

- Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын;      

- заңдарда қаржыландырудың  арнайы тәртiбi белгiленген мемлекеттiк автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн ұстау мен дамыту;      

- почта байланысы  мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық  және халықаралық байланыс желiлерiн пайдалану;     

- денсаулық  сақтау, ветеринария, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым,  мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;     

- бұқаралық  ақпарат құралдары, баспа және  полиграфия қызметi саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;     

- қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру;     

- жер кадастрларын, Қазақстан Pecпубликасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ететiн қызметтi жүзеге асыру;     

- Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;     

- ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды, бiрегей және сирек кездесетiн ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.  
      Мемлекеттiк органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға тыйым салынады.

 Шаруашылық  жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен  меншiк иесi ретiнде алған және  осы мүлiктi иелену, пайдалану және  оған билiк ету құқықтарын Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексiнде,  осы Заңда және өзге де заң құжаттарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады. P021297     

Егер заңдарда  өзгеше көзделмесе, кез келген  мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi бола алады.     Кәсiпорынның  қарамағында тек өзiнiң жарғылық  мақсаттарында көзделген қызметтi  қамтамасыз ету үшiн қажеттi, не  осы қызметтiң өнiмi ретiнде  алынған мүлiк қана бола алады.    Кәсiпорынның  жарғылық капиталының мөлшерiн  оның құрылтайшысы белгiлейдi, бiрақ  оның мөлшерi кәсiпорынға берiлген мүлiктiң жалпы құнынан аспауы керек және кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10.000 кем болмайды. Жарғылық капиталдың мөлшерi кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi. Жарғылық капиталды меншiк иесi (құрылтайшы) кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өту қарсаңында толық құруға тиiс.

Жарғыда көрсетiлгендей кәсiпорын резерв капиталын қалыптастыруға  мiндеттi және ол жарғылық капиталдың 10 процентiнен кем болмауы керек және резерв қорының белгiленген дәрежесiне жеткенге дейiн өз билiгiнде қалған таза кiрiстiң кем дегенде 5 процентiн осы мақсатқа жұмсауы керек.  
      Резерв капиталының қаржысы тек қана шығынды жабуға, бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындауға, мемлекеттiк кредиттердi өтеуге және кәсiпорынның басқадай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда сыйақы (мүдде) өтем төлеуге жұмсалады.     

Егер кәсiпкерлiк  қызметтiң жекелеген түрлерi туралы  заң актiлерiнде жарғылық және  резервтiк капиталдардың өзге  тәртiптерiн қалыптастыру мен  мөлшерлерi белгiленген болса, онда кәсiпорындар оларды осы актiлерде көзделген мөлшерлерде құрады, бiрақ ол осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмауы керек.

Мүлiктi құрылып  қойған мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк иесi (уәкiлдi орган) шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң (уәкiлдiк органның) шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiтiп берген сәттен бастап пайда болады.     Шаруашылық  жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың  жемiсi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ  кәсiпорын шарттар немесе өзге  де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығына ие болуға арналған заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.     Мүлiкке шаруашылық  жүргiзу құқығы меншiк құқығын  тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп  ойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң  (уәкiлдi органның) шешiмiмен кәсiпорыннан  мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған жағдайларда тоқтатылады.  
      Заңды жолмен қайтарып алу реттерiне, атап айтқанда:     

- кәсiпорынның  жарғылық қызметiнiң мақсатына  сай келмеген мүлiктi қайтарып  алу;      

- артылып қалған, пайдаланылмайтын не өз мақсатында  пайдаланылмайтын мүлiктi қайтарып алу жатады.     

Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорынның уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнсiз:     

1) өзiне тиесiлi  үйлердi, ғимараттарды, жабдықтарды  және кәсiпорынның басқа да  негiзгi құралдарын иелiктен айыруға  немесе өзге де әдiспен оларға  билiк етуге (осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегiн пайдалануға беруге;     

2) филиалдар,  өкiлдiктер мен еншiлес кәсiпорындар  құруға жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, оларға өзiнiң өндiрiстiк және ақшалай капиталын салуға;     

2-1) өзiне тиесiлi  акцияларға (осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;     

2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;     

3) заемдар беруге  құқы жоқ.     

2. Егер меншiк  иесi (уәкiлдi орган) өзгеше белгiлемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген  мүлiкпен мәмiле жасаудан алынған ақшаны кәсiпорын өздiгiнен пайдаланады.      

3. Егер заңдарда  өзгеше көзделмесе, кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығына бекiтiлiп берiлген негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.  
Кәсiпорын  өндiрген тауарлардың (атқарылған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бағасы кәсiпорынның оларды өндiруге, атқаруға, көрсетуге кеткен шығынды толық өтеуге, оның жұмысын шығынсыз етуге және өз кiрiсi есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиiс.     

Мемлекеттiң  тапсырысын орындау есебiне кәсiпорын  өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың  (атқарылған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бағасын мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша кәсiпорын, осы баптың 1-тармағында айтылған талаптарды ескере отырып белгiлейдi.

Кәсiпорын мемлекеттiң тапсырысынан тыс өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағасын кәсiпорын дербес белгiлейдi.  

Кәсiпорын өз қызметiнен алған меншiктi табысы есебiнен ұсталады.  
      Мемлекеттiк кәсiпорынға қаражат заңдарда көзделген тәртiппен берiледi.     

Республикалық  мемлекеттiк кәсiпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарын қоспағанда) таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн мемлекеттiк басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн белгiлейдi.  
                    Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн мемлекеттiк басқару органы жергiлiктi қаржы органдарының келiсiмiмен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн белгiлейдi.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгi белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке есептелуге тиiс.  
                    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза табысының бiр бөлiгi өздерi белгiлейтiн мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есептелуге тиiс.  
Кәсiпорынның  еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерiн жыл сайын мемлекеттiк басқару органы белгiлеп отырады.     Еңбекке ақы төлеу нысандары, штат кестесiн лауазымдық жалақының мөлшерiн, сыйлық беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде кәсiпорын дербес анықтайды. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерiн, оларға сыйлық беру және өзге де сыйақы жүйесiн мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi Кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi мүлiктiң бәрiмен жауап бередi.       Кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.       Құрылтайшының (уәкiлеттi органның) немесе мемлекеттiк басқару органының iс-әрекетiнен банкротқа ұшырағаннан басқа жағдайда мемлекет кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Мұндай жағдайда мемлекет кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға кәсiпорынның қаржысы жетiспеген ретте оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.       Заң актiлерiнде кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiң жауапкершiлiгiнiң өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.

Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын ҚР АК және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.

Шаруашылық жүргізу құқығы мына құжаттардың негізінде туындайды:

сатып алу – сату келісім-шарты;

тегін беру келісім-шарты;

келісім – шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;

бөлінетін баланс немесе беру актісі (әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібінде)

мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім, беруді-қабылдау акті (балансқа беру тәртібі бойынша);

сот актілері;

мүлікті беру туралы атқарушы органның шешімі немесе беру актісі

жарғылық капиталына жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы);

Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.Меншілікке құқықты, шаруашылық жүргізуге, шұғыл басқаруға, сенімділік басқаруға, кепілдікке, рента пайдалануға (сервитуттардан басқа) тіркеу үшін:

пәтерге,жеке тұрғын үйге(шаруашылық құрылыстары және басқа сол сияқты обьектілерге)бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап,жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;

тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстармен және басқа да ұқсас обьектілерге),тұрғын үйлердегі тұрғын емес жайларға,тұрғын емес құрылыстарға –есептік көрсеткіштің сегіз есе айлық көрсеткіші;
гаражға - бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап,жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;

тұрғын емес жайдың мүліктік кешеннің қызмет ететін күніне жиын төлеу (ғимарат,құрылыс,қондырғы):

бір обьектен тұратын – 10 АЕК

2 ден 5-ке дейін бөлек тұрған обьектілер – 20(есе) АЕК

6 –дан 10ға дейін бөлек тұрған обьектілер – 20(есе) АЕК

10-нан жоғары бөлек тұрған обьектілер -25 (есе) АЕК шағын бизнес кәсіпкерлері үшін;

тұрғын үйге (шаруашлықы құрылыстарымен және басқа да лайықты обьектілерімен)тұрғын үйдің тұрғын емес жайлары,тұрғын емес құрылыс,тұрғын емес мүліктік кешендер (ғимарат,құрылыс,қондырғылар) -1 АЕК;

жер учаскелеріне құқылықты тіркеу:   меншіктік құқық,жерді пайдалану,басқа да құқықтар – 50% АЕК;

сервитутты тіркеу -50%АЕК;

кондоминиум обьектілерін тіркеу – 1АЕК;

ипотекалық куәліктің берілуін тіркеу және оның басқа иелерге соңынан берілуі -25% АЕК;

 құжаттың мемелекеттік тіркелгені туралы төлнұсқасын тіркеу - 25% АЕК;

жылжымайтын обьектінің идентификациялық сипаттамасымен құқық иеленушінің ауысуын тіркеу;

жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтату, адам қайтыс болғанда, тұрғын жай құлатылғанда,басқа да құқықтың ауысуы мен байланысты тіркеу - 25% АЕК;

жылжымайтын мүлікке ипотеканың тоқтатылуын тіркеу - 25% АЕК;

банк заимдарының шарты мен арзанға беру талаптарын тіркеу, міндеттеме де ипотекамен қамтамасыз етуді тіркеу - 25 % АЕК;

келісім шартының өзгеру нәтижесінде құқықтың өзгеруін тіркеу, құқықты орнына келтіру негізі мен және заңды фактілерімен тіркеу - 25% АЕК;

жылжымайтын мүлікке басқа да құқықтарды тіркеу - 50% АЕК;

Мемлекеттік тіркеу жиынының нөлдік мөлшері:

жылжымайтын мүлікке Қазақстан Республикасының заңдылық актілері қарастырғандай мемлекеттік ұйымдарымен белгілі тәртіпте ауысқан құқық;

жылжымайтын мемлекеттің меншігіндегі мүлікке құқық өкілетті мемлекеттік ұйымдар үшін, республикалық меншікті иеленуге, пайдалануға, билеуге құқын жүзеге асыратын, және оның аймақтық ұйымдарын;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, әкімшілік-аймақтық бірліктегі және мерзімдегі, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу .

Мәміле нақтылы деп есептеледі:

тіркелген уақытынан бастап;

тіркелген мәмлелер оны жасаған тұлғаларымен атаулармен қол қойылып,толық аты жазылып, жылжымайтын обьектіні оның тұрғаны орнын, тіркелген құқын қысқаша суреттеп көрсетеді;

егер мәмлені тіркеген нақтыламаған формада жасаса, оны тіркеуде бір жақ бас тартса сот екінші жақтың талабы бойынша мәмлені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы.Бұл жағдайда мәмлені тіркеу соттың шешіміне сәйкес болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу құқығы

 

Меншік құқығымен қатар ҚР азаматтық заңнамасы (АК – ның 33 – бабы) заңды тұлғалардың өзінше бөлек мұліктік құқығы ретінде мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер менмекемелердің оралымды басқару құқығын (202-бап) қарастырады.

ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғалардың бар мүліктік құқығын өзінше дербес заңдық құқық ретінде біратола анықтады, ол олардың АК – ның «Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар» атты 2 – тарауында орналасуынан туындайды.

АК – ның шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығының заттық сипаты туралы ережелерімен ҚР – дің бірқатар нормативтік құқықтық құжаттары үйлестірілген. Мысалы, ҚР – дың Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы Кодексінің 351 – бабына сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салынатын объектісі бар заңды және жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады; Қозғалмайтын мүлікке құқықты Мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықтың 2 – бабының 1 – тармағына сәйкес, меншік құқығымен және қозғалмайтын мүлікке басқалай құқықтармен қатар, шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығы мемлекеттік тіркеу объектілері болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығының заттық сипатын содан көреміз.

Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын АК-да және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады (АК – ның 196 – бабы).

Иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асырудың шектерін АК, Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық және өзге заң құжаттары белгілейді. Заңға бағынышты құжаттармен, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлықтарымен және Үкімет Қаулыларымен бұл құқықтардың жүзеге асырылуына шектеуер белгілеуге болмайды. Меншік иесі болып табылатын мемлекет атынан әрекет ететін мемлекеттік орган да АК – ға және басқа заң құжаттарына сәйкес жүргізе алатындардан басқа ондай шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

АК – да және басқа заң құжаттарында белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық қызметті жүзеге асыруда толықтай дербестік алған.

Мемлекеттік кәсіпорындар қатысқан мүліктік қатынастарға АК – ның меншік құқығы туралы ережелері таралады, егер АК – дан және өзге заң құжаттарынан өзгедей туындамайтын болса (АК – ның 201 - бабы). Шаруашылық жүргізуде пайдаланылған мүліктен алынған жемістер, өнімдер және табыстар, сондай – ақ шарттар немесе басқа негіздер бойынша кәсіпорын алған мүлік меншік құқығын алуға арналған заңдарда белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне келіп түседі (АК – ның 198 – бабының 2 - тармағы). Мүлкі өзіне шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі кәсіпорында, мемлекеттік емес коомерциялық заңды тұлғалармен салыстырғанда, тар құқық қабілеттілік болады (АК – ның 200 – бабы; мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық), себебі соңғыларының мүліктік құқығы болып меншік құқығы саналады, ол – абсолюттік болып табылады (АК – ның 188 - бабы), ал шаруашылық жүргізу құқығы мемлекеттік меншік құқығының туындысы, ол мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік құқығының мазмұнын меншік иесінің – мемлекеттің мақсаттарымен және міндеттерімен шектеулі етеді.

Мүлік иесінің құқығы бар, оны ол заң құжаттарына сәйкес және мына мәселелерді шешу үшін жүзеге асырады:

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі қорларды пайдаланумен, коммерциялық құрылымдарға қатысумен, жеке кәсіпкерлерге қарыз берумен байланысты кейбір түрлерін мемлекеттік кәсіпорындар меншік иесінің немесе өздеріне уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен ғана жүзеге асыруға құқылы (АК – ның 200 - бабы).

Барлық басқа жағдайларда, атап айтқанда, қозғалатын мүлікке билік етуде, мемлекеттік кәсіпорын өз қызметін дербес жүзеге асырады. Меншік иесі кәсіпорынның күнделікті өндірістік қызметіне араласуға құқылы емес.

Кәсіпорын, шаруашылық жүргізу құқығындағы субъект, құқыққа ғана емес, сонымен қатар тиісті мемлекеттік органдар (қаржылық немесе жоғары тұрған) түріндегі мемлекет алдында міндет көтереді және сол міндеттемелер бойынша дербес жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

              1 Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық / Құраст. Е.Баянов- Алматы.  

             Жеті    жарғы, 2001- 624 б.

              2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше

             бөлімдері)- Алматы: Юрист, 2005- 309б.

              3 Қазақстан Республикасының Конституциясы- Алматы: Юрист, 2003- 39 б.

              4 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Оқулық /Құраст.

             Ғ.Толеуғалиев. Алматы: -2001, 376 б.

              5 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жалпы

             бөлім:Оқулық/Ғ.А.Жайлин. – Алматы: Заң әдебиеті. -2003. -264 б.

              6 Коментарий к жилищному кодексу казахской ССР/ Басин Ю. Г,

             Сулейменов М. К, Тазуадинов Р. С.

              7 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 

             21қыркүйектегі № 928