Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатының аудиті

Жоспар

  Кіріспе.................................................................................................. 3

  І-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты............................................................... 4

  1.1. Есеп саясатын қалыптастыру...................................................................... 4

  1.2. Есеп саясатының техникалық аспектілері................................................. 9

  1.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары.......................................... 11

 ІІ-бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатының аудиті..................................................................................................................... 14

  2.1. Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті.............................................. 14

   2.2. Қаржылық есептеме аудитінің процесі.................................................... 16

   2.3. Кәсіпорын есеп  саясатының тиімділігін бағалаудағы  аудиттің рөлі.... 17

  ІІІ-бөлім. Қорытынды..................................................................................... 22

  Пайдаланылған  әдебиеттер............................................................................ 25

  Қосымша............................................................................................................ 28 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині  кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық  қорытынды есеп дайындау және тапсыру  жөніндегі тұжырымдама (концепция)»  деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы  Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының  №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді. Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылык корытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылык қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсырү жөніндегі тәртіптер қарастырылған. Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Сонымен есеп саясаты деп — ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады. Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады.

         І-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты

1.1. Есеп саясатын қалыптастыру

 Есеп саясатының тиімді  бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік  есеп принциптері мен мұның  қолайлы нақтылы әдістерін, салық  салу процесін, қаржылық менеджментті  және басқа да көптеген экономикалық  қатынас мәселелерін кімде-кім  болмасын жақсы білуі керек.  Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары  мен атқарушы бухгалтерлер айтылған  мәселелер өрісін терең түсініп  біле бермейді. Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты. Сенімділік пен толықтылық терминдері бірінің маңызын бірі сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер. Яғни осы терминдерді негізге ала отырып, тәжірибеде қолданылатын есеп әдістері мен критерийлерді бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде жақсы қолдану керектігі туындайды. Осыған байланысты ұйымдардың бухгалтерлері тәуелсіздік пен кәсіби мамандықты және техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, ұйымдардағы есеп саясатын сапалы қалыптастыруы керек. Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар:

  • мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын;
  • есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.

Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың  және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік  құжаттар мен материалдарға жүгінуі  керек. Сонымен қатар бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын бұған дейін жарияланған каржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде мүмкін болатын ұйғарымдарды (альтернативы) қолданудың жауапкершілігі бас бухгалтерлерге жүктеледі.

 Есеп саясатының негізін  қалаушы әдіснамалар мен ережелерді  т.б. ресми құжаттарды қолдану  процесі қаржы көрсеткіштерін  талдаушыларды шатасіырмайтындай  жинақы жасалынуы керек. 

       Өткен жылдағы қорытынды есеп жүйесінде колданылған әдістерге қарағанда осы жылға жасалған есеп саясатындағы әдістер едәуір сенімді болып қалыптасқандығын көрсете білген жөн. Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т.б. көптеген бухгалтерлік есеп -өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек. Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:

а) осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип);

б) ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принцип);

в) таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принцип);

г) дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы керсетілетіндігін (сату принципі).

Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы  қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті капитал және міндеттемелер мына төмендегіше топтастырылуы керек:

  • бухгалтерлік есептің счеттар жоспарына қарай материалды емес активтер мен олардың амортизациясы, негізгі құралдар мен олардың тозуы, айналыс сыртындағы активтерге салынған табыстық инвестициялар сабақтастығы бойынша;
  • бухгалтерлік баланс құрамындағы активтік баптардың, яғни өтімділік дәрежесінің жоғарылауына қарай айқындалған материалды емес активтер, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, берешектер қарызы сабақтастығы бойынша;
  • активті қаражаттар көздерінің пайда болуына қарай (меншікті капитал, міндеттемелер) арнайы сабақтастық принципі бойынша.

 

Ұйымдар есеп саясатын жасауға  ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады. Жоғарыда айтылған мәселелер мен ұсыныстар мазмүны түгелімен есеп саясатын жасауға колданылады деген ұғым болмауы керек. Ұйымдардың есеп саясатын жасау барысында есеп элементтері мен әдістерді кеңінен қолдануына құқылы және бұлардың өрісін кеңейтіп, бірімен-бірін байланыстырып қолдануына олардың мүмкіндігі бар.   

Ұйымдардың есеп саясаты  мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:

а) шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу (толықтық принцип);

б) пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау (сақтық принципі);

в) әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип).

Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі  факторларды есепке алуы керек:

- меншіктің түрі, шаруашылық  қызметінің ұйымдық және құқықтық  үлгісі;

- ұйымның көлемі және  технологиялық ерекшеліктері (өнімдер  өндіру, сатудың көлемі, жұмыстар  орындау, қызметтер көрсету);

- шаруашылық өрісі;

- кадрлармен қамту (инженер-техниктер,  менеджерлер, бухгалтерлер білімінің  кәсіби деңгейі);

- салық салу және салық  есебі ерекшеліктері;

- есептеу техникалары мен бағдарламалармен қамту дәрежесі;

- өнімдерді сату принципі (базардағы жағдай, баға қалыптастырудың бостандығы, өтеушілік пен сатып алушылардың өтімділік сипаты).

 

 

Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында  ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде  өздері тіркелген жердегі салық  органдарымен келісті жағдайда болуы  керек. Егер ұйымдар қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу кезінде өзгерістер енгізілсе, бұларды реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады. Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған. Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек.

Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары  ұйымдар қызметінің барлық объектілері  деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар  заң актілеріне қайшы келмейтін  бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді  реттеуші құжаттарда кейбір операциялар  мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді  құру мен жасауға және мұндай операцияларды  есеп саясатына қосуына құқылы. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстандық 30 «Қаржылық  қорытынды есеп тапсыру» стандартының 2-ші тарауындағы 19-шы бапта қаралған. Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады. Есеп саясатын қалыптастыруға тән бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне мыналар жатады:

- шаруашылык операциялары  мазмұнын экономикалық тұрғыда топтастыру;

- бухгалтерлер арасында атқаратын міндеттерді бөліп тарату және бухгалтерлік есеп счеттарын қолданудың тәртібін белгілеу;

- құжат айналысы және есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу;

- түгендеуді ұйымдастыру, шаруашылық фактілері операцияларын бағалау және активтер құнын жою әдістерін белгілеу процестері.

 

 

       Есеп саясатының таңдауы мен негіздемесі мына кестедегі факторларға әсер ететінін атап өтпеуге болмайды. 

 

Есеп саясатына  әсер ететін негізгі факторлар

Факторлар

Көрінісі (білінуі)

Субъектінің құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық мәртебесі

Меншік нысаны (мемлекеттік,меншікті).

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі, т.б.).

Қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, т.б.).

Мөлшері (қызмет ауқымы, персонал саны, сату көлемі, т.б.)

Күнделікті ж/е ұзақ мерзімді мақсаттар 

Қосымша қаржы ресурстарын  тарту.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру.

Нарықтағы бәсекелестік ұстанымды  бекіту.

 

 

 

Қызметтің

ерекшеліктері

Өнеркәсіптік (технологиялық  құрылым, ресурстарды пайдалану).

Сауда (жабдықтау және өткізуді ұйымдастыру, есептесудің түрлері  мен жүйесі, сатып алушылармен  өзара байланыс).

Қаржылық (банктермен және басқа  қаржы институттарымен өзара  байланыс, салық жүйесімен байланыс).

Басқару (құрылым, меншікпен  тәуелсіз болу, олардың алдында есеп  беру, техникалық қамтамасыз ету,оның ішінде компьютер техникасы).

Кадрлық қамта-масыз ету

Персоналдың біліктілік деңгейі (тәжірибесі, машығы,алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді түсіну деңгейі, оларды шешу қабілеті).

Шаруашылық ахуалы (жағдайы)

Инфрақұрылымдық нарықтың дамуы, шаруашылық, салық және бухгалтерлік заңнамалардың жағдайы, инвестициялық  климаттың қолайлылығы, т.б.


   

1.2. Есеп саясатының техникалық аспектілері

Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден  тұрады:

  • арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен атқаратын міндеті;
  • есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін    мазмұнда    ұйым басшысының бұйрығы щығарылады;
  • есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті   құжаттар   мен   есеп   объектілерінің  тізімі жасалынады;
  • есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, бұлардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.

Есеп саясатының үйымдық  және техникалық аспектілеріне мыналар  жатады:

  - ұйымның жарғысы,  құрылтайшылар мен үлес қосушылар,  акционерлер мен тұрақты клиенттер  тізімі, жұмысшылар мен жауапты  басшылар тізімі;

- акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек. Есеп саясатының қысқаша мазмүны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
  • есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;
  • негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.

Есеп саясатының ұйымдық  және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттык көздер, анықтамалық  тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады. Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет.

Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар  тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен  қатар нарықтық қатынастар, халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және үйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық  концепциясы болып та қаралады. Айтылғандарға орай есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмүнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда үйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім-шарт, т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады. Сонымен есеп саясатының ұйымдык және техникалық аспектілерінің мазмүны мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының қаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады. Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына карай сипатталады.

 

 

1.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары

Есеп саясатының мазмұны  мына төмендегі жағдайларда: ұйымның  стратегиялық бағыты, мұның қайта  құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске  түсуіне байланысты қайта қаралуы  мүмкін. Сонымен қатар қаржы салымшы  инвесторлардың тұжырымды талабына сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін.

Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі:

  • Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;

 

  • Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;
  • заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);
  • меншік иесі мен жаңа бағыт үсынған басшылардың өзгеруіне;
  • активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және каржы нэтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына.

Сонымен қатар ұйымдар  қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске  түседі. Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі  арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты  негізделуі керек. Есеп саясатын өзгерту процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет.

 Егер есеп саясатының  өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылық және бухгалтерлік корытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнык сапада сипатталады. Сонымен қатар есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды. Есеп саясаты үзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында есеп саясаты өзгеріске түсіп қана қоймай, мүның маңызы қосымша ережелер, нүсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің бекіткен «Қаржылық  қорытынды есеп дайындау мен тапсыру  жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосымша материалдар  мен басқа да ақпараттардан тұратын  қосымша түсініктеме беріледі»  делінген.

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде  қорытынды есеп пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын қосымша  түсіндіруге арналған ақпаратты - түсіндірме хат деп атайды.

 

Түсіндірме хат тәуекелшілік пен кейбір маңызы толық ашылмаған  белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге  және үйымдардың қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар (пайдалы қазба байлық) мен міндеттемелер т.б. мазмүнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік қорытынды есеп күрамына қосымша  түрінде берілетін түсіндірме хат  ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру  және бухгалтерлік баланстың маңызды  баптарын қосымша бағалауға да арналған. Егер қаржылык және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның қаржылық және шешім қабылдаушылық қызметіне кері әсерін тигізетін болса, онда мұндай фактілер түсіндірме хатта қосымша есептеулер жүргізу және талдап жазу арқылы түсіндіріледі.

Кезеңдік (айлық, тоқсандық) қорытынды есеп жасау барысында  есеп саясатының мазмұнын түсіндірме хат арқылы ашып көрсетудің қажеті жоқ. Кезеңдік есеп беру негізінен ішкі падаланушыларға арналады. Ал ресми  мазмұндағы есеп саясаты негізінен  сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандырады. Осыған орай үйымның қаржылық көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушы тұлғалар осы  ұйымның қаржы жағдайының болашағына, өндірістік процесті ары қарай жетілдірудің жолдарына, басқару мен шаруашылық қызметінің тиімділігіне байланысты шаралар  белгілеуі керек. Ұйымдардың экономикалық қызметіне байланысты сыртқы тұлғалардың қабылдайтын шешімдерінің қысқаша мазмұны түсіндірме хатта жазылуы керек.

Түсіндірме хаттың мазмұны  жекелеген тараулар мен атауларға  бөлініп, бірнеше жылдар бойы өзгеріске  түспейтіндей ұштастырылып отыратын жағдайда жазылғаны жөн. Яғни түсіндірме хатта  жазылып көрсетілген тараулар мен  атаулар бухгалтерлік есеп әдіснамаларындағы  немесе бухгалтерлік есеп счеттарының  типтік жоспарындағы тараулармен сәйкес мағынада болғаны жөн. Қандай сипат  пен дәрежеде болмасын түсіндірме хатты  сапалы рәсімдеу қаржылық қорытынды  есептің тұнықтылығы мен сапасын  жақсартуға аса зор үлес қосуы  керек. Есеп саясаты мен бухгалтерлік қорытынды есеп мазмұнын ашуға арналған түсіндірме хат әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар сипатына қарай түсіндірме хат есеп саясатының мазмұнын толық және кысқартылған түрде баяндайды.

 

ІІ-бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты

2.1. Кәсіпорынның  есептік саясатының аудиті

      Аудиторлық  тексеруге кіріскенде ең алдымен  шаруашылық жүргізуші субектілердің  басшылары өз принциптері мен  негіздеріне сәйкес қаржылық  есептемелерді ашу және бухгалтерлік  есепті жүргізу үшін қабылданған тәсіл- дер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

     Есептік саясатты  қалыптастырудың неізіне шаруашылық  операцияларды, активтерді, меншік  капиталды, міндеттемелерді, қызмет  нәтижелерін және т.б. бейнелеуде  баламалы тәсілдерге мүмкіндік  беретін бухгалтерлі есеп стандарттары  жатады. Есептік саясатты қалыптастыру  әрбір стандартта берілетін тәсілдердің  біреуін таңдауды, оны (таңдалғанын)  шаруашылық жүргізуші субъект  қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің  және қаржылық есептемелерді  ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды  білдіреді (немесе ұйғарады). Ол  қаржылық есептеменің әзірленіп,  ұсынылуына әсер ететін маңызды  да жауапты процедура болып  табылады. Есептік саясатты қалыптастыру  ісіне субъект басшысы жауапты.  Кәсіпорынның есептік саясатымен  танысу барысында аудитор қаржылық  есептеселерді пайдаланушыладың  шешім қабылдауы мен бағалауына  елеулі әсері бар бухгалтерлік  есептің жүргізу тәсілінің есептік  саясатын қалыптас- тыруда толық ашылды ма, міне осыны анықтап алу керек. Қаржылық есептемелердің құрамында ашылуы тиіс және кәсіпорынның есетік саясатын қалыптастыру барысында қабылданған елеулі жүргізу тәсілдері бар бухгал- терлік есеп стандарттарына сәйкес мыналар көрсетіледі:

  1. материалдық емес активтер мен негізгі құралдар құндарының орнын толтыру тәсілі;
  2. өндірістік қорларды аяқталмаған өндірісті, тауарларды және дайын өнімдерді бағалау;
  3. өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табысты мойын- дау және т.б.

    Есеп әдістерін  білмейінше қаржылық есептемелерді  пайдаланушылар мүліктік және  қаржылық жағдайға, ақша айналымына  немесе кәсіпорын қызметінің  нәтижелеріне шыңайы баға бере  алмайды.

  

 

         Жоғарыда айтылғандарға орай кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрықта мыналар көрініс табу керек:

  • негізгі құралдар бойынша тозулардың және материалдық емес актив-     тер бойынша амортизацияның есептеу тәртібі;
  • өндірістік қорларды бағалау әдісі (орташа безбенделген өлшенімді    құн, ФИФО, ЛИФО, айырықшалықты сәйкестендіру);
  • тауарлы-материалдық қорлардың есеп әдісі (нормативті, қайта бөліс-тік, тапсырыстық әдістері);
  • жанама шығындарды бөлу тәсілі;
  • аяқталмаған өндіріс пен дайын өнімді бағалау әдісі;
  • өнімді өткізуге байланысты үстеме шығындарды бөлу әдісі;
  • негізгі құралдарды жөндеуді есептеу және қаржыландыру тәртібі;
  • дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс- ты анықтау әдісі;
  • бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары мен формаларын таңдау;
  • мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу тәртібі және т.б.

 

      Осы келтірілген  кәсіпорынның есептік саясатының  ықтимал элемент-терінің тізбесі  мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Кәсіпорын өз шаруашылы- лығының  сәйкес келетін элементтерді  есептік саясат бойынша бұйрығына    (өкіміне) кіргізеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің таңдап алған есептік саясаты бір есептік кезеңнен екіншісіне тізбектілікпен қолданылады. Кәсіпорынның есептік саясатындағы өзгерістер мынадай жағдайларда орын алуы ықтимал:

  1. меншік иелері ауысқанда
  2. кәсіпорынның қайта құрылуы;

 

  1. бухгалтерлік есептің нормативтік реттеу жүйесінде немесе заңдарда өзгерістер болғанда;

 

  1. бухгалтерлік есептің жаңа тәсілдері әзірленгенде.

    Есептік саясат  қаржылық есептерге түсіндірме  хатта бірінші болып ашып көрсетілетінін  аудиторлар есіне ұстауы керек. 

 

2.2 Қаржылық есептеме  аудитінің процесі

     Ірі халықаралық  және отандық аудиторлық фирмалардың  іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің  процесі он шақты кезең-ге бөлінуі  мүмкін. Нақты компанияларды тексеру  ісін ұйымдастырудың тәртібі  мен стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей  жүйемен жүргізіледі.