Шағын бизнес. 3
Жоспар
Кіріспе.......................
1.Кәсіпкерлікті
дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Кәсіпкерлік
түсінігі және оның мәні.......
1.2. Шағын кәсіпкерліктің
нарықтық экономикадағы маңызы
мен оның ерекшеліктері.................
1.3. Шағын
бизнес құрудың өзекті
1.4. Шағын
инновациялық кәсіпкерліктің
2.Қазақстан
Республикасында шағын
2.1. Қазақстан
Республикасындағы шағын
2.2. Қазақстан
Республикасында шағын
2.3. Отандық шағын
кәсіпкерліктің құқықтық
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
Соңғы жылдары Қазақстанда өз
алдына жекелік,
Кеңес үкіметі кезінде “
Шағын кәсіпкерлік нарық
Қарқынды даму үстіндегі ел экономикасы Батыс пен Шығыстың озық тәжірибесінен үлгі алғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген дамушы мемлекеттің тұрақты өркендеуінің негізі болып табылатын шағын және орта бизнеске баса назар аударды. Оның ішінде «Шағын бизнес мемлекеттің нарықтық экономикасының маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады»,- деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін «Шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту» қажеттігін айтқан болатын.
Осы
курстық жұмыстың негізгі мақсаты-
нарықтық экономикадағы шағын
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;
- шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы
1-тарау. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.
1.1.Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні.
Кәсіпкерлік
феномені ерте кезден бері
әлеуметтік – экономикалық
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бекуіне себеп болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады:
- Азаматтық
қоғам мен құқықтық
- Жеке
тұлғалық идеялардың
- Ерікті
түрде экономикалық таңдау мен
бостандықпен байланысты
- Меншіктің
мемлекеттік биліктен
- Өмірдің
экономикалық, әлеуметтік және саяси
аспектілерінің бір-бірінен
- Нарықтық экономиканың қалыптасуы және т.б.
Кәсіпкерлік
пен бизнестің қалыптасуының ел
экономикасына әсері төмендегі сызбадағыдай
ықпал береді.
Кәсіпкерлік
әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен
800 жылдың көлемінде әрқалай
Сол анықтамалардың
бірі: Кәсіпкерлік - азаматтардың,
жеке табыс пен пайда игеру мақсатында
өз мүлкін қоя отырып, өз атынан немесе
заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға
ретінде іске асыратын белсенді қызметі.
Кәсіпкер – заңмен тиым салынбаған
кез келген шаруашылық қызметпен айналысады:
саудалы-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық
делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен
операциялар және т.б. Кәсіпкер өз қызметінде
пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді
атқара отырып, жеке даралық табыстылықты
қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады.
Кәсіпорын – ол өзіндік өндіріске
қабілеті бар және де шаруашылықтық-өндірістік
міндеттерді шешу үшін бағдарланған мүліктік
оқшауланған шаруашылықтық бірлік.
1.2.Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.
Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:
- жаңа жұмыс орындарын құрады;
- жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
- ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;
- арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.
Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.
Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.
Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.
Кіші бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.
Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны- кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%-ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.
Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді. Кесте-1. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы
| № | Критерилер | Ірі бизнес | Шағын бизнес |
| 1 | Өндіріс және қызмет көрсету саласы | Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика | Өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші |
| 2 | Шығарылатын өнім сипаты бойынша | Жалпылай өндіріс | Ұсақ немесе жекелеген өндіріс |
| 3 | Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы | Инновациялық ашылуларға өте ыңғайлы емес | Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп |
| 4 | Стратегияның өзгеруі | 6-10 жыл | 0,5-1 жыл |
| 5 | Қызмет ету аясы | Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер | Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда |
| 6 | Бәсекелік ортаны құруы | Нарықтың ауқымды үлесін қамту есебіне бәсекенің шектелуі | Бәсекелік ортаның күшейтеді |
| 7 | К/о тіркеу және қалыптастыру | Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы | Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік талаптар |
| 8 | Жаңа жұмыс орындарын құру | Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде төмен | Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады |
| 9 | Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі | Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды | Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде іске асады |
| 10 | Басқару құрылымы | Аумақты, айбынды басқару | Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі |
| 11 | Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра білу | Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды | Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді |
Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.
Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:
- өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;
- құрылыста- 100 адамға дейін;
- көтерме саудада- 50 адамға дейін;
- ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
- ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;
- бөлшек саудада- 15 адамға дейін.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:
- өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
- саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға дейін;
- көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;
- ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.
Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.
Шетел
тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның
шағын бизнесіне келесідей
Кіші бизнес ірі фирмалардың
және компаниялардың жақсы
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді. 1.3.Шағын бизнес құрудың өзекті формалары.
Қазіргі кезде шағын бизнесті құрудың өзекті формалары: франчайзинг және отбасылық бизнес. Ең алғаш франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машиналарды өндіретін компаниямен оның дилерлері арасында жасалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг мейманхана комплексі, бөлшек сауда, фармацевтика салаларында франчайзинг принциптері кең қолданылған. 60-70 жылдарда тамақты тез дайындау технологиясы кең таралғанда («Макдональдс» фирмасы) франчайзингтік қатынастардың кезекті серпілісі байқалған. 90-жылдары франчайзингтік келісімдер түрлі мемлекет өкілдерінің арасында жасалғанда, франчайзинг глобальды сипатқа ие бола бастады. Франчайзингтік компаниялар өздерінің франчайзи-мүшелеріне фирманың атын, сауда маркасын, өнімді, жабдықты және тағы басқаны пайдалану құқығын береді. Бастап келе жатқан кәсіпкер үшін франчайзинг жаңа кәсіпорын ашуда тәуекелділікті маңызды төмендетеді. Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске үлкен кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін пайдалану құқығын береді. Сондықтан, шетелде әрбір 12- кәсіпорынның франчайзингтік болып келуі кездейсоқ жағдай емес.
Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
- Франчайзер- өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін фирма, өзінің франчайзине өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын береді.
- Франчайзер- өнімнің негізгі өндірушісі, өзінің франчайзине көтерме сауданы жүргізу құқығын береді.
- Франчайзер- көтерме саудагер, франчайзи- фирмасына бөлшек сауданы жүргізу құқығын береді.
Франчайзингтің
Шағын бизнес құрудың келесі формасы- жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.
1.4.Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары.
Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.
1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.
2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.
3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.
4- кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.
Шағын инновациялық
Бірінші формасы ескі қызмет етуші компаниялар негізінде мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен сипатталады.
Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде
қалыптасатын шағын
кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың
құрылуының прогрессивті әдісі болып
саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы
қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми-
зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде
жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды
өздерінің инновациялық бағдарламалары
мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру
үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру
және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек
көрсетіледі. Екінші
форма тәуекелділік-венчурлік
фирмалардың қалыптасуы
мен қызмет ету үрдісімен
байланысты.
Венчурлік фирма-ғылыми
Үшінші формада- технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты. Технологиялық бизнес-инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар. Инкубатор ұйымдар жаңа құрылған кәсіпорынға жеңіл төлем негізінде жалға беру, экономикалық, техникалық, білімдік, құқықтық және басқарушылық сияқты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша кеңестер беруге арналып құрылады. Бизнес-инкубаторлар көбінесе коммерциялық емес ұйымдар болып келеді, олардың құрылудың негізгі мақсаты шағын бизнесті дамыту. «Бизнес-инкубатор» сөзінің мағынасы жаңа кәсіпорын құруда икемді тәсілдердің жүйесін білдіреді. Бизнес-инкубаторлардың тараған жері АҚШ, сонымен қатар бұл жүйе Францияда, Германияда, Швецияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда кең қанат жайған болатын. Инкубаторлардың көлемі АҚШ-та 1980 жылы 10 болса, 1994 жылы оның саны 500-ге дейін жетті. Бизнес-инкубаторлардың Ұлттық Ассоциациясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде бизнес-инкубаторлар 82000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубатордың болуы- шағын кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мүмкіндігін төмендетеді. Бизнес-инкубаторлар келесідей қызмет көрсетеді: қаржылық көмек көрсету бойынша консультация, ғимаратпен және жабдықпен жеңілдетілген бағамен қамтамсыз ету. Инкубаторлардың негізгі миссиясы- шағын кәсіпорынның дамуы. Шын мәнінде, бизнес-никубаторлардың негізгі идеясы- жаңа кәсіпорын құруда көмек көрсету және оның жақсы дамуына жағдай жасау. Тәжірибе жинақтаған және потенциалы бар кәсіпорын уақыт өте келе өз күшімен дамиды, яғни, аймақтың экономикасының дамуына әсер етеді, жаңа ашылуларды енгізеді, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубаторлар бизнестің өзге түрі болғандықтан, оны құру үшін ең алдымен маркетингтік зерттеу жүргізіп, қаржы көздерін анықтап, бірнеше фирмалардың дамуын қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар жасау. Университеттің және ғылыми-зерттеу орталықтарының негізінде құрылған бизнес-инкубаторлардың орны ерекше. Олардың негізгі мақсаты- жаңа технологияларды дамыту жолымен ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау мүмкіндіктерін іздестіру. Осындай бизнес-инкубатордың алғашқысы Филадельфияда құрылған. Оның орналасатын жерінің ауданы 400 мың шаршы метр. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді.