Шағын жинақталған мектептерде музыкалық білім беру әдістемесі. 2
«ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МУЗЫКАЛЫҚ
БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған
мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық
аспектілері)..................
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын
жинақталған мектептердегі
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған
мектептерде музыкалық-тәрбие жұмыстарын
жүргізудің мүмкіндіктері.................
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде
музыкалық тәрбие беру түрлері.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында шағын
Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі ұлтымыздың жаңа заманға қадам басып, ұлттық сананың қайта жаңғыру сатысында тәуелсіз мемлекет болу тарихынан бастап жеткен жетістіктер айтарлықтай. Соның ішінде, шағын жинақталған мектептердің қосқан үлесі де жоқ емес. Көптеген халық жанашырлары мен зиялылары осы ауылдық шағын жинақталған мектептерде білім алып, тәрбиеленді. Аталмыш мектептердің тарихына үңілсек, шағын жинақталған мектептер алғашында Қазақстан территориясындағы халықтың әркелкі орналасуына байланысты алыс ауылдық жерлерде, уақытша қоныстанған елді мекендерде ашыла бастаған.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады.
Зерттеу жұмыстардың мәлеметтеріне қарағанда шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісі, стандартты орта мектептерімен салыстырғанда, өзгеше жүреді. [2,3,4,] және т.б.
Себебі шағын жинақталған мектептерде жас ерекшелігіне қарамастан бірнеше сынып оқушыларына бір мезгілде бір мұғалімнің сабақ жүргізуі ерекшелігінің бірі болып саналады. Сондықтан да «шағын жинақталған мектеп» деп аталады. Ауылдық шағын жинақталған мектептердегі мәселелердің бірі музыкалық тәрбие жүргізу шарттары болып отыр.
Осы мәселенің жалғасы ретінде шағын жинақталған мектептерде жүргізіліп жатқан музыкалық тәрбиесі қалай жүргізіледі деген сұрақ туады.
Зерттеу барысында
Шағын жинақталған мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі мен теориялық тұрғыда зерттеліп, ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі және аталмыш мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама – қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мектептерінің 77%-ы ауылда орналасқан болса, ал соның 65-% шағын жинақталған мектеп. Қазақстандағы шағын жинақталған мектепте басты, көкейкесті мәселелері:
- шағын жинақталған мектептерде қазіргі заманға сай оқытуды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешеннің болмауы;
- заман талабына сай қаржының бөлінбеуі;
- негативті тенденцияларға сәйкес, демографиялық дамудың күрт азаюы;
- ауыл мектептерінің азайып, сонымен қатар республикада шағын жинақталған мектептер санының азаюы;
- музыкалық тәрбие әдістемесінің әлсіз болуы.
Ауылдық мектептерде тарихи аспектілердің, соның ішінде шағын жинақталған мектептердің, дамуын шетел ғалымдары М. И. Зайкин, Н. В. Горбунов, Т. Б. Френкель, Г. Б. Горнетов, В. Н. Яценко, Г. Ф. Суворова, Е. Ивлиева, Т. В. Маркелова, Г. В. Невзорова және т.б. зерттеген. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің жағдайын Р. Б. Ахмедова, Ә. Т. Өтебаева, Г.Қ. Шұғаева, қарастырған.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін де ескере отырып, шағын жинақталған мектептерде қазіргі уақытта заман талабына сай музыкалық тәрбие беруді қарауды көздеп отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізуді теориялық негіздеп, оны тәжірибе жүзінде зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны:шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу жұмысының пәні:шағын жинақталған мектептерде музыкалық оқу-тәрбие жұмыстары.
Зерттеу міндеттері:
1. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің тарихи-теориялық аспектілерін қарау.
2. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктерін айқындау.
3. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарды жүргізу туралы ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізу теориялық жағынан дәлелдеп, педагогикалық талдау жасалынып, тәжірибе арқылы тиімді шарттары ұсынылса, онда оқушылардың бойында музыкалық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуына нәтижелі мүмкіндіктер жасалынады.
Қорыта келе, мектепте тәрбиенің алар орны аса маңызды. Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын – музыка өнерінің берер тағылымы, тәрбиесін айтып отырмыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ойының, сана-сезімінің кеңейіп, музыкалық тәрбие алу барысында оң мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Аталған зерттеу тақырыбы шешілмеген проблемаларын қоғам мен ғылым дамуының қазіргі бағыттарына сәйкес келетін, өзектілігі жоғары зерттеу жұмысы болады деп есептеймін. Ұсынылатын әдістер музыкалық тәрбиенің шағын жинақталған мектептерде қажетті орнын табады деген сенім білдіремін.
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-теориялық аспектілері)
Еліміздегі шағын жинақталған мектептердегі білім және тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін қарастыруды біз алдымен оның тарихи даму үдерісін зерттеуден бастағанымыз жөн.
Әрбір саланың өз ерекшелігі мен тарихи даму кезеңдері болады. Сол көп саланың бірі білім беру ошақтарының тарихи үрдісімен, оның ішінде шағын жинақталған мектептердің әртүрлі уақыт аралығындағы сапалық және дәрежелік даму кезеңдері мен қалыптасуын саралап қарастырсақ.
Қоғамда оқудың даму барысында шағын жинақталған мектептердің оқу үрдісін, тәрбие ісін негізге ала отырып аса көрнекті ғалым-педагогтар, әдіскерлер көптеген еңбектерін жазғанын тарихтан көре аламыз. Шағын жинақталған мектептердің тарихына үңілмес бұрын, сол еңбектерді саралап қарастырсақ. ТМД елдеріндегі салмақты монография авторларын атап өтер болсақ: Ф.Ф. Королев [5], Е.Н. Медынский [6], И.О. Обидов [7], Ф.Г. Паначин [8], З.И. Равкин [9], А.Ф. Эфировжәне т.б. [10] Оқу-тәрбие ісіне оқу ошақтарының маңыздылығын, оның ішінде даму тарихына байланысты теориялық және әдістемелік мағлұматтармен толықтыруда педагогика ғылымына ерекше үлес қосып, орасан зор еңбек жасаған.
Жалпы мектептердің даму тарихын зерттеген ғалым-педагогтардан кейін ауыл мектептерінің, соның ішінде шағын жинақталған мектептердің даму тарихы мен жандандыру аспектілерін қозғап, зерттеу жұмыстарын жазған: Э.Г. Костяшкин [11], П. Жильцов [12], А.Е. Кондратенков [13], Г.Ф. Суворова [14] және т.б. Бұл еңбектерде ауыл мектептерінің тарихымен танысуға болады. Ал, одақ көлемінде шағын жинақталған ауыл мектептері міселелерімен келесі біршама ғалымдарды: В.А. Буравихин [15], Н.С. Жбанкова [16], А.П. Чалов [17], Д.С. Ягофарова [18] және т.б. атауға болады.
Қазақстандық ғалымдардың
Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелерін зерттеген ғалымдар К.Н. Мамырованы [22], А.Н. Сизоненконы [23], Н.М. атап өтуге және шағын жинақталған мектептердегі педагогикалық басқару үрдісін басқару тақырыбында - Г.З. Әділғазинов [24], ауылдық шағын жинақталған мектептердің толымдылығы төңірегінде – З.А. Алдамжаров [25], негізгі тақырыбымыз тәрбие тақырыбында,яғни мектеп-балабақша ауылдық комплексінде балаларды тәрбиелеу жүйесін қарастырған А.М. Мұхамбетжанованы атап өтуге болады.
Шағын жинақталған мектептердің тарихы ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастау алғанын ғылыми зерттеулер мен еңбектерден көреміз. Көптеген ғалымдардың (А.И. Сембаев, Г.Ф. Суворов, Т. Тәжібаев, П.А. Жильцов, Г.П. Храпченков және т.б.) еңбектері мен зерттеулеріне сүйене отырып, сол кездегі қазақ халқының көптеген жерлерінде орыс-қазақ мектептері ашылып, көбейе түскен еді. Бірнеше бөлімді бір мезгілде бір мұғалім оқытатын шағын жинақталған мектептер болған.
Ерте ғасырларда Қазақстан аумағындағы шағын жинақталған мектептер мұсылман мектептері мен медреселерден бастау алған десек қате болмас еді. Жас ерекшелігі мен білім деңгейінің әртүрлілігіне қарамастан шәкірттер жинақталған сыныптарда білім алған. Кейін бұл мектептер «Қадім мектептері» деген атқа ие болады. ХХ ғасырдың басында білім алу ошағы деп аталатын мектептер жинақталған мектептер түр-сипатына ие болған болатын. Осылайша ауылдық аймақтарда шағын жинақталған бастауыш мектептер қалана бастады. 1916 жылы олардың саны 727-ге жетіп, ондағы оқушы саны 22414 болды. Ауыл мектептері көшпелі ауылдармен бірге көшіп жүрді. Бұл білім берудің үлгі жүйесін Ы.Алтынсарин басшылыққа жазған хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептердің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» - деп дәлеледеп, іс жүзінде орындалуына ықпалын тигізген болатын.
Негізінен, шағын жинақталған мектептердің пайда болуы К.Д. Ушинский, Н.А. Корф, Н.Ф. Бунаков, Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметтерімен тікелей байланысты. Бұл ағартушы, зерттеушілер балалардың білімді болып, дұрыс оқу-тәрбие алуына жан ұшырып, білім беру дәрежесін дамыту мақсатында жұмыс жасаған.
«Атап өту керек, революцияға дейінгі
орыс-қазақ мектептері 3-4 кластан
тұратын шағын жинақталған
1918 жылы мектеп құрылымын
1920-1921 жылдары бұрынғы ауыл
Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің қалыптасуының цифрлық дәлеледемелермен көрсетсек. Жыл санап шағын жинақталған мектептер саны өсе бастады.
1924-1925 оқу жылында бұл мектептер қарқынды өсу сатысында болды. 1926 жылы 1545 ауылдық мектептері ашылса, 496 мектеп үйі салынған болатын. Бастауыш мектептер саны 6592, оның 3751-қазақ тілінде, орталау мектеп 517, оның 163-қазақ мектебі, орта мектептер 63, оның 6 ғана қазақ мектебі еді. Ал, 1940-1941 оқу жылында бастауыш мектептер саны – 5314 (2801-қазақ), орталау 1779 (746 қазақ), орта мектептер 701-ге (168 қазақ мектебі) жетті.[26]
Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті құжаттары бойынша шағын жинақталған мектептер – бұл оқушылар саны 400-ден астам ғана бала оқитын мектеп болып табылады. ауыл мектептерінің 40 пайыздан астамы осындай мектептер деп айтсақ қате болмас еді. Осы мемлекеттік құжаттарға сүйене отырып, статистикаға көз жүгіртсек.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің статистикалық есебі бойынша 2001 жылы 8260 жалпы білім беретін мектептің 4229-ы, яғни 51,2% - шағын жинақталған мектеп, оның 4073 ауылда орналасқан және 2156-сы (50,9%) қазақ тіліндегі мектептер. Бұл жалпы ауыл мектептерінің 96,3% құрады. Оның ңшңнде бастауыш шағын жинақталған мектеп үлесіне – 28,5%, негізгі шағын жинақталған мектеп – 24,2%, орта – 47,3%. Ал, қаладағы шағын жинақталған мектеп саны 156, ол барлық мектептің 3,7%құрады.
Курстық жұмыс тақырыбы шағын жинақталған мектепте музыкалық тәрбие жүргізу түрлері, яғни тәрбие мәселелеріне байланысты болғандықтан, еңбектердің авторлары: М.Х. Балтабаев, К.К. Жампеисова , Ш. А. Жалғасова, Л.К. Керимов, Р.М. Қоянбаев, Г.К. Нұрғалиева, Э.И. Шыныбекова және т.б.
2003-2004оқу жылының басында
Шағын жинақталған мектептердің Қазақстанда қалыптасуының әлеуметтік-саяси және педагогикалық алғышарттарына қысқаша тоқталып өтсек.
Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан алуан. Оған экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым,геосаяси жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде білімнің алар орны ерекше. Білім экономикалық потенциалдық өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға адамдардың, әсіресе жастардың ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруға пәрменді ықпалы бар шарт екені нақты есептеулермен де, теориялық тұжырымдамалармен де әлденеше дәлеледенді.[27]Мектептердің ішіндегі бәләм берудің дамуында едәуір үлесін қосып отырған ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуына әсер еткен алғышарттарды бірнеше топқа бөліп қарастыра аламыз. Тізбектеп айтатын болсақ: 1) қоғамдық-тарихи; 2) нормативтік-құжаттық; 3) ғылыми-әдістемелік; 4) ұйымдастыру-педагогикалық; 5) материалдық-техникалық және т.б. Қазақстандағы шағын жинақталған мектептердің 1930-1960 жылдар аралығындағы қалыптасуы, дамуына осы алғышарттар себепкер болған еді. Ол қоғамдық-тарихи алғышарттарына қысқаша тоқталар болсақ, тарихи қомақты төңкерістер, саяси бағыттар экономикалық жағынан кесірін тигізді. Ал, нормативтік-құжаттық алғышарттарға ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде өткізілген мектеп реформаларына басты орында балаларға бастауыш білім беру мәселелері болды. Қазақстанда және де басқа ұлттық аймақтарда бұл мақсат аздық етіп, мұсылман діні мен мұсылмандардың күшіне қарсы күресуші бастауыш мектептерді құруды қажет еткен болатын.
Осы тұстағы мақсатын жүзеге асыруда, Қазақстанда В.В. Григорьев өзінің жақтастарымен қазақтар арасындағы мұсылмандыққа қарсы күресті бастауыш мектептен бастауды көздеп, саясатын іске асыруды қазақ балаларын оқытатын орыс-қазақ бастауыш мектептерінен батаған болатын. [28]Алғышарттардың ең маңыздыларының бірі – ғылыми-әдістемелік алғышарттар. Орыс-қазақ мектептерінде пайда бола бастаған бастауыш мектеп оқушыларының басты пәндері оры тілі мен қазақ тілі болғандықтан, оқулықтар шығару қажеттілігі туа бастады. В.В. Григорьев орыс-қазақ бастауыш мектеп оқушыларына оқулықтар шығаруды Шығыс халқының миссионері Н.И. Ильминскийге тапсырған болатын. В.В. Григорьев оқулық орыс алфавиті негізінде болуы керек деген мақсаттаН.И. Ильминскийге тапсырма бергенімен, ол оқулықтар орыс-қазақ мектептері ашылуына шығарып үлгермеді.
Осы тұста қазақ балаларын
Ы. Алтынсариннің сабақ
1) Аудармасын түсіндірумен
2) Әртүрлі пәндер бойынша орысша атауларын меңгеру.
3) Орысша әңгімелесу.
4) Грамматикалық талдау мен жеке
фразалардың бірігуі мен
5) Таза жазу.
6) Арифметика: қосу, алу, көбейту, бөлу.
7) Жер шары туралы кейбір
8) Әлемнің бөлшектері және
9) Қалалар туралы мәліметтер.
10) Татар тілі (жазу мен оқу).
Бұдан басқа Ыбырай Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметінің бастамасында, балаларға отанға деген патриоттық сезімді сіңіру, еңбекке сүйіспеншілік пен эстетикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлді. [29] Біздің қозғап отырған тақырыбымыз тәрбиеге байланысты болғандықтан Ы. Алтынсариннің еңбегін сөз етпей кету қателік болар еді.
1919 жылы «Білім беру жұмыстарына
арналған материалдар» атты
1920 жылы 8 қазанда Қазақ АССР
Халық Ағарту комиссариаты
Ұйымдастырушылық-
Білім алу кезіндегі ортаның әсері де, жағдайының дұрыс жасалғаны да әсерін тигізеді. Ол техникалық-материалдық жабдықталуы. Тағы бір алғышарттардың бірі – осы техникалық-материалдық. Бұрынғы мектептерде жағдай жасалмай, балалар еденде отырып, жертөлелерде сабақ өтетін болған. Сынып жиһазы, оқу құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Әйтсе де, оқушылар білім жағынан өте мықты және сауатты бола білген.
1930 жылы Қазақстанға Россиядан
250 мәдени бригада оңтүстік, орталық,
батыс өңірлерінде
1931 жылы бастауыш білім берудің
тәжірибесі оң нәтижелер беріп,
1 – кезең 1930-1940 ж.ж. Осы жылдар
аралығында бастауыш
2 – кезең 1941-1945 ж.ж. аралығында
жүрді. Ұлы Отан соғысының
3 – кезеңді 1946-1960 жылдар аралығын
қамтиды. Осы жылдар
Осы үш кезеңдердегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің даму динамикасын келесі кестеден[34] көруге болады:
Кесте1. 1930-1960 жылдар аралығындағы мектеп жүйесінің даму динамикасы
Жылдары Мектеп |
1930 |
1940 |
1950 |
1960 |
Барлық мектептер оның ішінде ауылдық |
3927 3601 |
7790 6967 |
9087 7887 |
9592 7899 |
Бастауыш мектеп оның ішінде ауылдық |
3747 3516 |
5289 4950 |
5971 5399 |
5212 4528 |
Толық емес орта оның ішінде ауылдық |
122 73 |
1770 1596 |
2446 2111 |
3054 2609 |
Орта мектеп оның ішінде ауылдық |
47 11 |
698 419 |
659 376 |
1310 758 |
Қазақстан Республикасында 1960 жылдан кейін мектептер қарқынды қалыптасып, дами бастады. Мектептер қарқындап өсе бастады. Соғыс жылдарынан кейінгі Отанына оралған қандастардың өз ауылдарына қоныстаныуына байланысты шағын жинақталған мектептер көбейе түсті. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан соң білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізді. Қазақстан Республикасы шағын жинақталған мектептердің мәселелерін шешу үшін 2003-2005 жылдар «Ауыл мектебі» деген бағдарламасы қабылданып, іске асырылды. Ауылдық мектептерге ден қойылып, мәселелерін шешу жолында жұмыстар жасалынды.
Шағын жинақталған мектептер
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Өскелең ұрпақ бойында көркем мінез-құлық беру арқылы тәрбиелеу ата-бабамыздың мақсат-мұраты болып табылған. Ал көне дәуірдің ұлы ойшылдары Демокрит, Платон, Сократ, Аристотель, шығыстың ұлы ғұламалары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи еңбектерінде тәрбиелік жұмыстарды жүргізу мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінген.
Қазақтың ағартушы-педагогтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов және т.б. жас ұрпақ бойында мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселесіне аса көп көңіл бөлінген. [35]
Осы тұста шағын жинақталған
мектептердегі тәрбиелік
-шағын жинақталған
- заманның талабына сай қаржының бөлінбегендігінен, шағын жинақталған мектептердегі кітапхана қорының нашар болуы, инновациялық технологиялардың ақсауы;
- кадрлардың тапшы болу себебінен шағын жинақталған мектептер мұғалімдерді таңдап алмай, келген мұғалімдердің жұмысқа қабылдануы;
- музыка сабағы 5-7 сағаттан аспайды,
ал мұндай сағатқа жұмыс
- мәдениет үйлерінің аз болып,
сыныптан тыс тәрбие
- ауыл балалары мен олардың
отбасыларының әлеуметтік
Шағын жинақталған мектептердің проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдерде де өзекті болып табылады.
Біздің елімізде дешағын жинақталған мектептер туралы мәселелер өте көкейкесті болып табылады.
Қазақстан Республикасында шағын жинақталған мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында көптеген мәселер көрсетілген. Соның ішінде ең біріншіден жалпы мәселелерді атағымыз келеді:
1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
2. Кадрлық қамтамасыз ету;
3. Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау;
4.Материалдық-техникалық жағдай.
Осы негізгі мәселелерді тарқатып көрсететін болсақ:
1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
- гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз жүйесі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
- білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.
2 Кадрлық қамтамасыз ету:
- педагогтердің, пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші болатын жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді даярлаудағы мамандандырудың бір бейінділігі;
- педагогтерді даярлау, қайта
даярлау және олардың
- шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа дайындалу және біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық ресурстарына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына байланысты педагогтер ынтасының төмендігі.