Шағын және орта бизнес. 4
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
4 | |
1
1.1
1.2
1.3 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІШағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану |
8
9
11 |
2
2.1
2.2
2.3 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА) Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау |
13
16
18 |
3
3.1
3.2 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары |
20
21
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
26 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
29 |
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбынын өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салапардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуынын бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканын нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердін аткаратын өзінін қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканыц ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен катар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қыска мерзімді, айналым капиталыньщ толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін типзеді. Банктер ездерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудын әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелеидіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік кабілетгіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несислеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын кұрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылыгын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бірі болып табылады. Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестің жоғары деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструктивтік бизнес-идея, тиімді басқару (менеджмент) және каржының жеткілікті болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруына кажетті қаражаттың жетіспеушілік мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай каражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан іс ұйымдастырушы кәсіпкерлермен біріге отырып, олардың тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшін жоғары табыс алу
мүмкіндігі тұрса, ал мемлекет үшін жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтік мәнін арттырудьш мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Такырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын жәнс орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереннен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен колданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен катар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінін еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ- Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сиякты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Зерттеудін мақсаты меи міндеттері. Зерттеудің мақсаты -Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын карым-қатынастарды карастыру, сараптау және зерттеу болып табыладьь
Аталған мақсаттарга жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
- шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
- бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін каржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
- кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін неснелеудін тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
- шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге зерттеулер жүргізу;
- бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Зерттеу пәні ретінде казіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу.
Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- шағын және орта бизнесті несиелеу сияқты экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;
- Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
- шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан каржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
- республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің
іс-шаралары анықталды; - коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, оның ішінде манызды дегендері төмендегілер:
- «шағын және орта бизнесті несиелеу» анықтамасы оның даму ерекшеліктері;
- Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту мен оны несиелеудегі кедергі болып отырған негізгі факторлар;
- мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және ивестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары;
- екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет аткаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Жұмыстың негізгі
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 10 кесте, 4 сурет келтірілген.
1 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады. «Қазақстан – 2030» стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халына арналған Жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған байланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы аталмыш саланы одан әрі жетілдіріп, өркендету [2].
Шағын және орта бизнес - жеке және занды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының белгілі бір мақсаттарды - жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пікір сиякты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін калай аталғанына қарамастан, ерекше пікірлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға кұқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, кәсіпкерліктің шын, накты субъектісі - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құдығы бар субъектілер жатады.
Кәсіпкерліктің сонғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет және ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің басты мақсаты - өз кәсіпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.
Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес монополияланғаң экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны кұрайды деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердін сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан. тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі қорпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.
Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнес және шағын және орта бизнесті несиелеу терминдерінің келесі авторлық анықтамаларын көрсетуге болады:
Шағын және орта бизнес дегеніміз - бұл экономикалық-құқықтық жауапкершіліке, қаржылық инновациялық қызметке негізделген, өз табысын алу мақсатында әртүлі өндірістік, қаржылық тәуекелдерге бара отырып, өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндірісті басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық субъекті.
Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті колдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, кұқыктық және институтционалдық - құрылымдық реформаларды терендету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
1.2 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
Қазақстан Республикасында енді ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретін субъект - екінші деңгейдегі коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды гұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны - тарихи қальштасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінін екінші деңгейдегі банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі больш табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі
кездегі республикадағы шағын және
орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі
болып отырған негізгі
- несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;
- несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
- несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сактандыру кажетгігі;
- коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
- әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға кол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;
- мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардын ресурстарының
тиімсіздігі; - мемлекеттің қазына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.
Банктер
кез келген уақытта, қарыз алуға
ниет білдірген субъектілерді несиел
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын
және орта бизнестің күрделі
ҚР Ұлттық банкінін мәліметтері бойынша, қарастырылған төрт жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер - 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағынын жоғарылығы екінші денгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдык операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.
Сауда қызметі шағын және орта кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.
Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық кемек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%). Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан - 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, ягни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.
Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктік несиеге арыз берген заңды тұлға жобасының үлгісі бойынша несие мақсаты, несие мерзімі, несие қайтарымдылығы, несиені қамтамасыз ететін кепіл мүлкін бағалау негіздерімен қатар, бүл қркаттардың Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес рәсімделуі, қарызды беру, қайтару механизмдері зерттелді.
1.3 Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану
Кейінгі онжылдықтарда
экономикасы дамыған Батыс елде
Тұрақты экономикалық
жүйеде шағын және орта кәсіпкерлік:
динамикалық түрде дамуы
Дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шет елдерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.
Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.
АҚШ шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер басқармасының классификациясы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін-жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген
кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын
және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпкерлер. Бұл шағын және орта
бизнеспен айналысатын
Экономикалық
өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс
орындарын ашу мен қысқарту кезінде
шағын және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпкерлер жұмыссыздық
АҚШ-та шағын және орта бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгрессінде шағын және орта бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау және несиелендіру. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын және орта бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын және орта бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын несиелендіріп оны дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей несие беріп бақылау жасайды. Конгресс шағын және орта бизнесті несиелендіру және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын несиелендіру іс-шараның әлі көп екенін байқауға болады. «Шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы» заң атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта бизнеске кәсіпкерлеріне қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет, яғни қаржылай төмен пайызбен несие, несие алу жолдарын жеңілдету, мемлекет бюджетінен тікелей қаржыландыру, лизингтік несиелеу бойынша көмек жасау керек.
2 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ
(АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Ақмола
облысы бойынша екінші
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің экономикадағы алатын үлес салмағы өсе түспек. Шағын және орта бизнес – бұл бюджет қоржынын толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.
Осы тұрғыдан алып қарағанда Ақмола облысында да шағын және орта бизнесті дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған дәлел, соңғы жылдардағы шағын кәсіпкерліктің облысымызда қарыштап дамуы, оның өндірістегі алатын үлес салмағының уақыт өткен сайын артуы. Мәселен, облысымызда 2009 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32,3 мың болды, ол 2008 жылға қарағанда 14% артты, соның ішінде 64,7% немесе 20,9 мың жеке кәсіпкерлер, 6,3 мың-шағын кәсіпорындар (19,6%) және 5,1 мың-шаруа қожалықтары (15,7%) тіркелген. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2,3 пайызға ғана өскен.
Аймақтық көрсеткіш бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау (33,7%), Степногорск (9,5%) қалаларында, Щучье (10,5%) аудандарында орналасқан.
Көпшілік белсенді
заңды тұлғалар-шағын
Салалық талдау көрсеткендей, өнеркәсіп саласына бөлінген несиенің жалпы сомасынан 102,1 млн.теңге және 79,2% бағытталған. Мал шаруашылығын дамытуға 20,6 млн.теңге (16%), қызмет саласына-6,2 млн.теңге (4,8%) бөлінген.
Сонымен қатар 2007 жылдың аудандық және қалалық бюджеттен шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін 40,6 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 39,1 млн.теңге жұсалды, нәтижесінде 383 жаңа жұмыс орындары ашылды.[38]
Екінші деңгейлі банктермен 4181,6 млн.теңге сомасының несиелері берілді, оның ішінде Көкшетау-2613,5 млн.теңге (62,5%), Щучье-16,6% (693,7 млн), Атбасар-5% (208,4млн) аудандарына бөлінді.
Экономика салалары бойынша саудаға 1441 млн.теңге (34,5%), ауыл шаруашылығына-1157,2 млн. теңге (27,8%), өнеркәсіпке 258 млн. теңге (6,2%), басқа қызмет түрлеріне 1325,4 млн. теңге (31,5%) несие бөлінді.
Мұнымен қоса, кәсіпкерлікке несиелік қолдауды Зеренді ауданындағы “Шағын несие” Қоғамдық қор өкілдері, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы, ауылдық несиелік серіктестіктер көрсетті. 2010ж. “Шағын несие” қоғамдық қоры өкілдерімен 7,5 млн. сомасына 105 проект несиелендірілді, ол 2009ж. деңгейімен салыстырғанда 38 проектке артық, аймақтық филиалымен 162 млн. теңгенің 30 проектісі несиелендірілді, ол 2008ж. қарағанда 5 есе артық.
Шағын бизнестің қалыптасуының негізгі жағымды жағдайының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау мен дамыту болып табылады.
Облыс бойынша 3 бизнес – инкубатор және 8 бизнес – орталықтары тіркелген. Бизнес – инкубаторлар келесідей заңды тұлғалармен ұсынылды: “Инвест Консалтинг – Көкшетау” ЖШС (Көкшетау), “Феникс ЛТД” ЖШС (Степногорск), “Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС (Атбасар).
Көкшетау қаласында бизнес – инкубаторын құру үшін “Евразия” қорынан 19,5 мың АҚШ долларымен гарант түрінде және облыстық бюджеттен ақша бөлінді. Ұйым 4 жыл қызмет істеп келеді, ол кәсіпкерлерге консалтингтік қызметтер көрсетеді. Бизнес – инкубатормен шағын және орта бизнес салаларына “Агробизнес кәсіпорындары үшін халықаралық маркетинг және менеджмент”, “шағын бизнес субъектілеріне салық салу” және т.б. тақырыптарында оқыту, семинарлары жүргізіледі.
“Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС “МЭН” ЖШС қаржылай қолдауы арқасында құрылып, оған аудан кәсіпкерлеріне консалтингтік қызмет көрсету үшін офистік тұрақжай және қажетті оргтехникалар бөлінді. Мұнда бизнес – жоспарлар жасау, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, құрылтай құжаттарын дайындау, компьютерлік техникамен мамандар дайындау және қайта даярлау, ақыл-кеңестер ұсыну жөнінде жұмыстар жүргізілуде.