Шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруын жетілдіру мәселелері

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы шағын  және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару жетілдіру  жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................

1 Шағын және орта бизнестің  дамуының  теориялық аспектілері ............................................................................................................

1.1 Шағын және орта бизнестің   даму  зааңдылықтары ....................................

1.2 Қазақстан Республикасындағы  шағын және ортбизнсті  дамыту  және   несиелеуді басқару механизімі  ...........................

1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің дамығн мемлекеттердегі несиелеуді басқару тәжірибелерін талдау

 

2  ҚР-дағы шағын және орта бизнесті  несиелеуді басқаруын  талдау  бағыттары 

2.1 ҚР-дағы банктердің  шағын және орта бизнесті несиелендіруді  басқаруын талдау  жолдары ...........................................

2.2.  Шағын және орта  бизнестегі  кәсіпорындарының  несиелік  қабілетін басқаруын  талдау  әдістері

3      шағын және орта бизнесті несиелеуді  басқаруын 

жетілдіру мәселелері

    1. Шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары

3.2 Қаржы ұымдарының шағын  және орта бизнесті   шағын  және орта бизнесті несиелеуді  басқаруді жетлдіру мәселелері .................

Қорытынды...................................................................................................

Қолданылған әдебиеттертізімі.....................................................

 

 

 

 

 

 

 

Белгілер мен  қысқартулар 

 

ТМД

– Тәуелсіз мемлекеттер  достастығы

ШОБ

– Шағын және орта бизнес

ҚР

– Қазақстан Республикасы

КСРО

– Кеңес Социалистік Республикалар  Одағы

ЕДҚБ

– Еуропалық Даму және Қайта  құру банкi

АДБ

– Азиялық Даму банкi

ШКС

– Шағын кәсіпкерлік субъекті

РАЕО

– «Республикалық ақпараттық-есептеуші  орталық» жабық

   акционерлік қоғам

МЕҰ

– Мемлекеттік емес ұйым

АКА

– Алматы кәсiпкерлерiнiң  ассоциациясы

ЖІӨ

– Жалпы ішкі өнім

KFW

– Германдық несие институттары

АҚШ

– Америка Құрама Штаттары

NPV

– Таза ағымдағы құн

РІ

– Инвестицияның рентабельділігі

РР

– Өтеу мерзімі

ІR

– Ішкі пайда нормасы


 

 

 

 

                                                             Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің  артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.  Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.

Бүгінгі таңда капиталды  жұмсау бәсекесінің артуы көрініс  табады. Отандық банктер қарыз  алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете  бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы  байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп  отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру  мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына  әсерін тигізеді. Банктер өздерінің  ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны  маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін  салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін  анықтауда қолдануы қажет.

Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруге дайындығы,  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие  ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан  экономикасының жағдайына сәйкестендіру  механизімін жетілдіру бүгінгі  күннің талабы.

Банк саласы Қазақстан  Республикасы экономикасының дамушы саласының  бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын  және орта бизнестi дамыту үшiн  мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.

Осыған байланысты кейбiр  кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк  мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен  шешiледi. Сондықтан,  ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел  буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы  керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар  үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық  мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк  мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.

Сондықтан, халық шаруашылығы  саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше. 

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын және орта бизнес субъектілерін шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда,  Жұмыста экономикалық өсу теориялар саласындағы классикалық және іргелі зерттеулер (М.Вебер, Е.Денисон, Е.Домар, Дж.Кейнс, К.Маркс, А.Маршалл, Дж.Мид, Д.Рикардо, В.Ростоу, Дж.Сакс, П.Самуэльсон, Т.Сван, Р.Солоу, Ф.Хайек, Р.Харрод, С.Хикс, Й.Шумпетер және т.б.), сонымен қатар зерттеліп отырған тақырыптың әдіснамалық және теориялық алғышарттарын әзірлеуге қомақты үлес қосқан экономист-ғалымдардың еңбектері (А.Белоусов, Е.Т.Гайдар, С.Ю.Глазьев, Е.И.Зоря, Е.С.Ивлева, А.Н.Илларионов, Н.Д.Кондратьев, А.Киреев, Р.Нуреев, М.А.Пивоварова, С.Ю.Румянцева, А.З.Селезнев, Д.В.Цигарели, К. Цыбко, Е.Ясин және т.б.) қолданылды.

Қазақстанда экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік мәселелерін  Р.А.Алшанов, С.А.Аханов, У.Б. Баймұратов, А.Н.Дауылбекова, Ә.Н.Дәуренбекова, А.Ю.Додонов А.Б.Зейнелғабдин, Н.Қ.Мамыров, Н.А.Назарбаев, Г.Рашидов, А.Н.Саханова, Б.К.Сұлтанов, Е.А.Түркебаев, В.А.Хан, Б.Д.Құсайынов және көптеген басқа ғалымдар зерттеді.

Дегенмен, аталған еңбектерде  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің әдістері мен тәсілдері  бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты  қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп  жатқанымен,  нақты шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелері әлі де болса  ғылыми тұрғыда терең  негіздеуді талап етеді.

Зерттеудің  мақсаты  мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару мәселелерін талдау,  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін  мынадай міндеттерді орындау  шарт:

  • шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
  • бизнесті дамытудағы  мемлекет тарапынан   жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
  • шет елдік және отандық   шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісінің  тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып  шағын және орта бизнес субъектілерін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруге зерттеулер жүргізу;
  • бизнес субъектілерін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.

Зерттеу пәні  ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді іске асыру барысындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.

Зерттеу объектісі – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару.

Диссертациялық зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізі – шағын және орта бизнес субъектілерін  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруді талдау саласында еңбек  еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі  Қазақстан Республикасының заңдары  және  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару жөніндегі нормативтік  актілері, Ұлттық банктің ережелері  мен нұсқаулары болып табылады.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы:

  • шағын және орта бизнес және шағын және бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару сияқты экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;
  • Қазақстандағы шағын және орта бизнесті  дамыту факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
  • шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
  • республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқаруге  кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды;
  • коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.

Қорғауға шығарылатын  негізгі тұжырымдар. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, оның ішінде маңызды дегендері төмендегілер: 

  • «шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару» анықтамасы оның даму ерекшеліктері;
  • Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту мен оны  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқарудегі кедергі болып отырған негізгі факторлар;
  • мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік  және ивестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары;
  • екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті  шағын және орта бизнесті несиелеуді басқару тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Зерттеудің тәжірибелік  маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Жұмыстың негізгі  нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:  ҚР шағын және орта бизнесті инвестициялау мәселелерін талдау  . Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. ( әл-фарабии атындағы  Қаз НУ Алматы, 2010 ж.)

Зерттеу нәтижелерінің  жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 2,5 баспа беттен тұратын 6 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.

Диссертациялық  жұмыстың көлемі мен  құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста  24 кесте, 10 сурет келтірілген

 

 

 

 

 

 

  1 Шағын және орта бизнестің  дамуының  теориялық аспенктілері

1.1  Шағын және  орта бизнестің  даму  зааңдылықтары

шағын және орта бизнестiң Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсiпкерлiк iс-әрекеттiң кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемлекетiмiздiң тәуелсiздiкке қол жеткiзуi, нарық экономикасына бет бұруының өзi елде кәсiпкерлiк пен шағын және орта бизнеспен айналысуға мiндет едi. Бастапқы кезең ретiнде көрiнген мұндай бизнес 1995–1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретiнде жүзеге асты. Ал одан кейінгі 5–6 жылдар iшiнде қолынан iс келетiн азаматтар, заңды тұлғалар әлемдiк тәжiрибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кiлтi – өндiрiс екендiгiн түсiндi. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай, жер ауқымы кең болғандықтан, ауыл шаруашылығында – фермерлiк iс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсiру, сүт тағамдарының көптеген түрлерін молынан нарыққа шығару соңғы  кезде кең дамып келеді [8].

Қазақстан Республикасындағы  шағын және орта  бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезiнде, ел экономикасы макроэкономикалық  дағдарысқа  ұшыраған кезiнде де өмiршең күй танытты. Елдегi объективтi және субъективтi қиындықтар оның динамикалық  дамуына кедергi етуде. объективтi қиындықтары:

Экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетiспеушiлiгi, мiне осы  мәселелер шағын және орта бизнестiң  кең көлемде қарқын алуына кедергi етуде. Нарықтық экономикаға таяну  жақындаған сайын, мемлекеттiң инвестор ретiндегi ролi төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнестi дамытуда қолайлы  климат жасауы, заңдық-нормативтiк актiлердi жолға қоюы, шетелдiк және отандық  инвесторларды шағын және орта  бизнестi дамыту жолында капитал  құюына тартуы, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту бағдарламаларын  қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет [4].

Субъективтi негiздегi қиындықтарға, негiзiнен былайша түсiндіруге  болады. Қоғамның сана-сезiмiнде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай  болу әрекеттерiн әлi де болса, психологиялық  жағынан дайындық жоқ. кәсiпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрi тиiмдi реакциясы толық әдетке енбеген. кәсiпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыр мен сырын әлi де түсiнбеген. шағын кәсiпорындардың жұмысының тиiмдiлiгi – өнiм өндiрудегi тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндiрiстер шектеулi тауар ассортиментiн шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкiн. шағын бизнестiң дамуы транспорттық шығындар мен өнiмдердiң құрып қалуы қаупiн төмендетедi. Сонымен, шағын кәсiпорындар – негiзiнде алып инфрақұрылымдық бөлiмдердiң (қоймалық, арнаулы коммуникациялар, көлiктiк шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндiрiстiң аздаған көлемi бойынша тауарларды сату, айналымға жiберу, материалды-техникалық жабдықтауларды өнiм дайын болған кезiнде реализациялау тез жүредi.

Кәсіпкерлікті қолдаудың  және дамытудың бұрынғы мемлекеттік  бағ-дарламаларын (1992–1994 жж., 1994–1996 жж., 1999–2000 жж., 2001–2002 жж. 2003–2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік  секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың және дамытудың институтционалдық  шаралары айқындалды [9].

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық  құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің  экономикасын жандандыру, халқымыздың  әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты  қалыптастыруда, ірі өндірушілер  монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны  уақтылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін  тежеуде және жаңа технологияларды  енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда  нарыққа тез бейімді, өзгермелі  жағдайға байланысты икемді, жаңадан  жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында  жұмыс істеуге қабілетті.

Шағын және орта бизнестің  мәнi мен мағынасын теренірек  бiлу үшiн, ең алдымен сол шағын  және орта бизнестi алып жүрушi субъект  – кәсiпкер кәсіпкерлік терминiне  тоқталып өтелік. Кәсiпкерлiк, шағын  және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сей, кейінірек  И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист – ғалымдар негiзiн  қалаған [2].

Шағын бизнес – жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі  бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі.Ол сондай-ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең  тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой-пiкiр қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық-құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр. Кәсiпкердің iс-әрекетi өзiнiң еңбек  шығындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта  бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi – ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн   толық   бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк  қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi – бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың  кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.

Шағын және орта бизнестің  объектiсi – адамның белгiлi қызметi. кәсiпкерлiктiң  соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн,  пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты – өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату  немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi [3].

Сонымен, кәсiпкерлiк –  жаңа мүмкiндектерi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың  тиiмдi салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен  шығу. Басқаша айтқанда, өндiрiстiң  жаңа түрiн ашып, дамыту, тауарлар мен  қызметтердiң жаңа түрлерiн шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту  және өркендету. Мұндай өзгерiстердiң  түрлерi әралуан жаңа кәсiпорындар ашу  немесе ескi кәсiпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерiн ұйымдастыру  немесе ескiлерiн жою, модификациялау әрекеттерiмен байланысты. Демек, нақты  өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi –  новаторлық,  жаңашылдық мағынадағы  ерекше өндiрiс және айырбас пен  бөлудiң түрлi факторларын жүйелеу  болып табылады.

Елімізде отандық шағын  бизнестің белсенді дамуы 1992–1993 жылдары  басталды. Содан бері нарықтық экономиканың қалыптасуына да 10 жылдан астам уақыт  өтті.Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте  жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі  шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.

Елдiң кәсiпкерлiкті дамытуда ынтасын арттыру үшiн  экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық  базасын құрып, оларды одан әрі жетiлдiру керек. Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсiпкерлiк қызметтi төрт түрге бөлiп қарастыруға болады. Олар:

Өндiрiстiк – оның iшiнде  инновациялық, ғылыми-техникалық жаңа-лықтарға сай тауар өндiру, қызмет көрсету  және басқалар.

Коммерциялық – сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлерi, тауар биржалары  және т.б.

Қаржылық – банктiк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтiк қор биржалары  және т.б.

Кеңес берушiлiк – басқармалық, әкiмшiлiк, маркетингтiк, ақпараттық, кадрлар  дайындау және т.б.

Бiздiң республикамызда  қаржылық кәсiпкерлiктiң банктiк түрiмен  тек қана банктер ғана айналыса алады.

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар  арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық  тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.

Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі  жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсенді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық  деңгейлерде шаруашылық жүргізуші  субъектілерді қолдаудың әртүрлі  құралдары, субъектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет ету  жүйелері.

Осы аймақтағы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық  және шетел ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев  кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған  анықтамаларының болмауын, орта және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін  өңделген сандық және сапалық бағалау  өлшемдерінің критерийлерінің шағын  және орта бизнестің (ШОБ) соңына дейін  ойластырылған ұғымдық аппаратының  жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, ШОБ-тің мәнін анықтауда алдымен  «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін  ашып және айқындаған орынды, тек содан  соң «шағын және орта бизнестің» негізгі  түсінігін нақтылау қажет [4].

Кәсіпкерлік экономикалық жүйенің  белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды  алғышарттар себепші болды:

  • азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
  • дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтар кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
  • өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығайуы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік, немесе экономикалық таңдау еркіндігі;
  • меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
  • өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
  • нарықтық экономиканың пайда болуы және тағы басқалары.

Кәсіпкер, жинаған тәжірибесін  пайдалана отырып, факторларды «экономикалық  ресурстар өнімділігі мен табысы мен төмен саладан, өнімділігі мен  пайдасы жоғары салаға», ауысатындай  үйлестіруі қажет. Ол капиталистен айқын  ерекшеленеді. Кәсіпкерлікке сұраным  оның өніміне сұранымның туындысы болып  табылады. Ал кәсіпкерлік ұсыным болып  оның рухани (жеке) қасиеттері, тәжірибесі және «байланыстары» табылады. Ж.Б. Сей  бойынша кәсіпкер келесі қасиеттерге  ие болуы қажет [5].

  • төлеуге қабілетті, парасатты, сақ, шыншыл және тұрақты болу;
  • займ түрінде капиталды тарту мен несиелерді уақытында қайтара білу;
  • өз бойына әділеттілік, қайсарлық және бизнесті жете білу сияқты моральдық қасиеттерді сыйғызу;
  • жеткілікті дәлдікпен, қандай да бір тауардың маңыздылығы мен ерекшелігін, болжамды сұраным мен оны өндіру тәсілдерін бағалай білетін күйде болу. 

Берілген талаптарға сай  келетін, адам санының шектеулі болуынан кәсіпкердің өз қызметі үшін алатын жалақысы басқа жұмыскерлердің табысына қарағанда жоғары. Кәсіпкер табыстары  тек жалақымен шектелмейді, олар капиталдан алынатын табысты, егер ол болса және қауіп үшін төлемдерді қамтиды.

XX ғасырдың 90-шы жылдарынан  бастап кәсіпкерліктің проблемалары  отандық ғалымдардың және ТМД  елдері ғалымдарының еңбектерінде  кеңінен қарастырылды. Әрине, жүргізілген  зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге  және кәсіпкерлік табысқа ортақ  анықтама берілмеген. Сонымен қатар,  бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары  алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті  дамытуда мемлекетпен жүргізілетін  саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының  әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің  даму деңгейіне және тағы басқаларға  байланысты. Сонымен бірге, соңғы  еңбектерде кәсіпкерлік процесін  өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың  синергетикалық моделі ретінде  қарастырылған. Кәсіпкерлер жұмысын  тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды  жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль  бойынша жүзеге асырылады [6].

Сонымен, кәсіпкерлік пен  кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-зерттеушілермен  ертеректе және әртүрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға  талпынып,содан соң берілген сатыда, анағұрлым таралған формада әрекет ететін шағын кәсіпкерлікке анықтама беруге тырысамыз, бірақ алдымен  бізге «кәсіпкер» категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің  келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік  берді:

1) кәсіпкер – бұл қауіп, белгісіздік;

2) кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;

3) кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;