Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру шаралары және оның перспективалары

Мазмұны

 

Кіріспе.  ......................................................................................................... 3

І-тарау. Қазақстан  Республикасындағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы несиенің ролі.  ................................................... 7

1.1.  Шағын және  орта бизнестің дамытудың кредит  ролі.  ................7

1.2. Шағын және  орта бизнеске  берілетін несие  түрлері.  ................ 21 

1.3. Ақтөбе облысындағы  шағын және орта бизнеске несие 

      қолданылуының алғы шаралар және  сәйкес банктік несиелеуді 

      жетілдіру. .............................................................................................. 21

ІІ-тарау. Шағын  және орта кәсіпкерлікке коммерциялық банктермен  несиелеу жағдайы (Ақтөбе облысы мысалында). ......................... 26

2.1 Қазақстан Республикасындағы  және Ақтөбе облысындағы шағын  және орта кәсіпкерлікті несиелеуді  талдау........................26

2.2 Ақтөбе облысындағы  «Банк ЦентрКредит» АҚ – ның  шағын және орта бизнесті несиелеу  кредиттік портфелін талдау. ...................................................................................................................35

ІІІ-тарау. Шағын  және орта кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру  шаралары және оның перспективалары. .....................................  47

3.1. Шағын және  орта кәсіпкерлікті несиелеудің  жетілдіру жолдары. ................................................................................................................  47

3.2. Шағын және  орта кәсіпкерлікті несиелеу  проблемалары және оларды жою  жолдары. ......................................................................  47

 

Қорытынды. ............................................................................................... 55

Қолданылған әдебиеттер тізімі. ............................................................. 57

Қосымша

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономикаға  өту кезінде Қазақстан Республикасы өте ауыр және күрделі экономикалық және қаржылық жағдайда тұрды, яғни тәуелсіздік  алу жолында шағын және орта бизнестің  маңызы зор. Себебі: ол көлемі кіші болса  да, экономикалық өзгерістерге бейім  келеді. Қазақстанның соңғы он жылдықта дамуы тәуелсіздік алу, экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі, жаңа мемлекеттік  құрылымды бірте – бірте дамыту және бекіту, экономиканың әлеуметтік және экономикалық салаларына реформаларды жүргізу сияқты негізгі оқиғалармен  сипатталады. Бұл әсіресе инвестициялық  қызметтің құлдырауымен қатысты  болды. Алтын валюталық резервтер  болмады, жүйенің бақылау функцисы нөлге тең болды,  Ақша массасы  бақыланбады. «Қаржылық емес» ақшалар  күрт көбейді, ақшаның шетелге заңсыз ағылуы ірі масштабта жүрді, инфляция мен гиперинфляцияның спиралі қалыптасты. Кәсіпорынның басқа шетелдік кәсіпорындармен  өз қызметінің өтімділігі жағынан артта  қалды. Осыдан, банктік жүйе мен нарықтық экономикадағы нақты сектордың  арасында өзіндік қарым – қатынасы бар.

Нарықтық экономиканың табысты  болып қалыптасуының негізінде  синергетикалық эффект есебінен максималды тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін үлкен және кіші бизнестің интеграциясы жатыр. Егер үлкен бизнес мемлекетке өндіріс масштабтағы төлем шығындары есебінен негізгі өндірістік салаларда бәсекелесуге мүмкіндік берсе, шағын бизнес оның артықшылықтарын толықтыра отырып, өнім тұтынушыларының нақты жеке сұранымдарын ескеруге, сонымен қатар тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі бизнестің  негізгі проблемді мәселелерінің  бірі болып шағын бизнесті қаржыландырудың  сәйкес көздерін іздеп табу болып  табылады.

Әлемдік баға мен шикізат  ресурстарының ірі өндірістік ішкі өнімінің сұранымының төмендеуі, өнеркәсіп  көлемінің төмендеу тенденциясы  өндірістік күштер мен жұмыссыздықтың өсуін туындатады. Бұл жағдайда әлеуметтік – экономикалық қиыншылықтан шығудың  бірден – бір жолы – шағын  және орта бизнесті қолдау және дамыту болып табылады. Банктердің дамуы  экономиканы көтерумен тікелей  байланыста. Коммерциялық банктердің активті операцияның сенімді  және тұрақты құралдары болып  шаруашылық субьектілерін несиелеу болып табылады.

Кәсіпорынның өз қызметін дамыту және айналым құралдарын толтырудың негізгі көздері өздерінің жеке меншік қаржылық ресурстары мен коммерциялық банктің несиелері болып табылады. Мұндай  кәсіпорындардың инвестициялық  қызметін банктермен несиелендірудегі мәселесіне бұл дипломдық жұмыс  арналған.

Жұмыстың мақсаты –  Қазақстан Республикасындағы шағын  және орта бизнесті несиелеу аумағында  кездесетін проблемалардан тиімді шығу жолдарын, сонымен қатар  банктерден кәсіпорын ұйымдарының несие  алуындағы байланысының маңызын, мүмкіндіктерін анықтау.

Берілген жұмыстың зерттеу  барысында обьект болып коммерциялық банк «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы таңдалды. Сәйкесінше, сол банктердің актив баптарын талдап, оның ішіндегі шағын және орта бизнсті несиелеудегі орнын айрықша қарастырылады

Дипломдық жұмыстың актуалдығын  қазіргі уақытта нарықтық талаптарына  сай кәсіпкерліктің ішінде шағын  және орта бизнестің дамуы елеулі орын алумен байланыстыруға болады.

Қандай да болмасын кәсіпорын  үшін бірінші кезектегі мәселелердің бірі ақша қаражаттарының жетіспеушілігі болып табылады. Бір жағынан кәсіпорынның бастапқы капиталы нарыққа шығар  кездегі шығындарды жабуға жетпейді, ал екінші жағынан жұмыс істеп  тұрған кәсіпорынның дамуы компанияның  пайдалылығының төмен деңгейіне  байланысты мүмкіндігі болмайды. Осылай кәсіпорынның дамуы үшін қажетті  қаражат көзі болып екінші дегейлі  банктердің берілетін коммерциялық несиелері табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты  – шағын және орта кәсіпкерлікті  несиелендіру процесін талдау, несиелендіру механизмін жетілдіру мен оның тиімділігін  арттыруда ұсыныстар енгізу.

Дипломдық жұмыста теориялық  және методологиялық негіз, ҚР-ң заңдары  мен нормативтік актілері, шағын  бизнес іс-әрекетін басқару, ҚР-ң Үкіметінің экономикалық бағдарламалары көмек  берді.

Жұмыстың барысында экономиканы  дамытудағы шағын бизнесті белсендірудің  маңыздылығы және негізгі құралдары, сонымен қатар Ақтөбе облысындағы  шағын және орта бизнесті несиелік қолдаудағы сұраныс пен ұсыныс дәрежесінен  талдау жүргізіліп, кейін сол төңіректгі алғы шаралар және сәйкес банктік  несиелендіруді жетілдіру жолдары  іздестіріледі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеті орыналады.

Бірінші бөлімде шағын  және орта кәсіпкерліктің экономикалық теориясы, оның ролі, экономикадағы  мәні қаралған. Сонымен қатар шағын  және орта кәсіпкерліктің дамуының экономикалық жағдайы мен заңдылық негізін  және оған берілетін несие түрлері  көрсетіледі.

Екінші бөлімде шағын  бизнестің Ақтөбе облысы бойынша  дамытудағы көрсеткіштері,қала банктерінің  несиелеудегі ерекшеліктері ұстанылған, яғни Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы боынша шағын және орта кәсіпкерлікті  несиелендірудің ағымдық жағдайы  мен несиелендіру механизмі және «Банк ЦентрКредит» АҚ – ның қаржылық жағдайы талданып, осы банктің  несие берудегі қарым – қатынасы мен экономикалық тиімділігі сипатталады.

Үшінші бөлімде Қазақстан  Республикасы бойынша жалпы шағын  және орта бизнесті несиелендіру мәселелері мен қалыптасқан жетілдіру жолдары  қарастырылады. шағын бизнесті дамыту қорының бағдарламалары, несиелеудегі мәселелер және оны шешу жолдары  қарастырылды.

Тақырыпты ашу барысында  Ақтөбе облысы бойынша салалық нсиелендірудің мәліметтері , екінші деңгейлі банктердің ұсынған несиелер көлемі тағы да басқа  мәліметтерді кесте, сызба, диаграммалар түрінде қосымшалардан көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Қазақстан  Республикасындағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы несиенің ролі.

1.1.  Шағын және  орта бизнестің дамытудың кредит  ролі.

 

Кәсіпорын үшін бірінші кезектегі  проблемалардың бірі – ақша каражаттарының жетіспеушілігі болып табылады. Бір  жағынан шағын кәсіпорынның бастапқы капиталы нарыққа шығар кездегі  шығындарды жабуға жетпейді, ал екінші жағынан жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның дамуы компанияның пайдалылығының төмен деңгейіне байланысты мүмкіндігі болмайды. Осылай кәсіпорынның дамуы  үшін қажетті қаражат көзі болып  екінші деңгейлі банктердің беретін  коммерциялық несиесі табылады.

Қазақстанның несие ресурсы  нарығының қазіргі жағдайы шағын  кәсіпорындардың несие ресурстарына қол жетпеушілігімен сипатталады. Бұл жоғары пайыз ставкасы, жылына орташа 20-25 % құрайды, қысқа мерзімділігі, сонымен қатар шағын кәсіпорын  субъектілерінің, банк тұрғысынан жоғары өтімді және несиені камтамасыз ететін кепілдің болмауы. Несие ресурстарын  алар кезде ең көп қиыншылықтарды жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер  көреді. Бұл банктердің тұрақты табыс  әкелмейтін және банкрот болу тәуелділігі  бар кәсіпорындарға ақша салғысы  келмейтінін көрсетеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  несие ресурстарын ала алмау  проблемасы Қазақстандағы шағын  бизнес секторының басты проблемаларының  бірі болып отыр. Бұл проблема әртүрлі  жағынан көрінеді. Енді осы кедергілерге толығырақ тоқталып көрейік (1 - диаграмма).

Зерттеулер көрсеткендей, несие берудегі негізгі кедергілердің  бірі – кепілдікпен қамтамасыз ету (23%) болып табылады.

Кепілдік ретінде банктер  кәсіпорын иелігіндегі, сондай-ақ кәсіпкердің  өз иелігіндегі жылжымалы және жылжымайтын  мүліктерді алады.

Несиені кепілмен камтамасыз ету проблемасына бірнеше факторлар  жатады, олар кәсіпкерлер үшін көптеген қиындықтар туғызады. Оларға мыналар  жатады (2 - диаграмма):

    • банк эксперттерінің кепілдік мүліктің бағалау құнын төмендетуі;
    • банк тұрғысынан кәсіпкерлерде жоғары өтімділігі бар кепілдік мүліктің болмауы;
    • несие сомасын кепіл көлемінің камтамасыз ете алмауы.

Несие алу кезінде кәсіпкерлер  үшін басты проблеманың бірі салынатын  мүліктің бағалау құнының төмендетілуі (41,5 %).

Кепілді бағалауды банктің  эксперттік комиссиясы жүргізеді, осы  кезде кепілдікке салынатын мүліктің бағалау құны оның нарықтық құнының 50-80 пайызын құрайды. Мүліктің кепілдік құнын анықтау кепілдің өтімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардан тәуелді. Мысалы, жылжымайтын мүлікті бағалау  кезінде оның орналасуы, ішкі өңделуі, комуналды қызмет көрсетумен камтамасыз етілуі тағы басқалар ескеріледі.

Кәсіпорын кепілдігінің өтімділігін  де банк комиссиясының эксперттері  анықтайды. Ол кепілдің бағалануы кәсіпорынның каржылық жағдайына негізделеді. Жоғары өтімді кепіл формасы болып жылжымайтын  мүліктер табылады. Бірақ көптеген кәсіпорындар кепілдік ретінде жылжымайтын  мүлікті бере алмайды, әсіресе бұл  шағын инновациялық кәсіпорындарға қатысты.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі кезектегі ең басты кедергілердің  бірі – жоғары ссудалық пайыз (20 %) және қысқа мерзімді несие кайтарымы (13 %).

Бүгінгі таңда шағын кәсіпорындарға берілетін несие пайызының ставкасы коммерциялық банктерде АҚШ долларымен 20-25 %; теңгемен – 27-30 %; ал несие беру мерзімі – 6 айдан 24 айға дейін.

Мұндай несиені тек  сауда кәсіпорындар мен қысқа  өндіріс бар кәсіпорындар ала  алады. Ал кәптеген отандық тауар  өндірушілер ұзақ мерзімді несиелеуді қажет етеді, өйткені ғылымды  қажет ететін салалар мен жоғары технологиялы өндірістер 2-3 жылдан кейін  ғана пайда әкеледі.

Отандық тауар өндірушілер  арзан несие ресурстарын қажет  етеді. Бұл жағдайдан шығу үшін бірішіден  Қазақстанда шағын бизнес секторын дамыту үшін арзан қарыз капиталын  іздеу жіне тарту керек, екіншіден  банктерге шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің есебінен үстеме пайда  табуға жоя бермейтін қатар тіркелген  банк маржасының ставкасын белгілеу керек. Донор ұйымға Казақстандағы  калыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескере отырып, мақсатты түрде  шағын бизнес кәсіпорындарына несие  беру шарттарын қайта қарау керек.

Кәсіпкерлер үшін несие алудағы  кедергі жасаушы фактор – бұл  несиені алу үшін көптеген құжаттарды дайындау болып табылады. Кәсіпкерлердің ойынша, банктер көптеген құжаттарды дайындау мен толтыруды талап  етеді, олардың катарына мыналар  жатады:

  • қаржыландыруды дайындауға өтініш;
  • көптеген арнайы анкета түрлері;
  • кепілге меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • басқарушы мен бас бухгалтердің жеке куәліктері;
  • соңғы 3-5 жылғы аралығындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін құжаттар;
  • несие ресурстарын пайдалануы туралы толық бизнес-план;
  • болашақтағы серіктестіктері туралы мәлімет беру;
  • салық инспекциясынан бюджет алдында қарызының жоқ екендігін растайтын көрсету.

Қазіргі кезде банктер  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру схемасын жеңілдетті және енді несиені дайындау кезінде құжаттар жинауда азайды. Қазіргі кезде  мынадай құжаттар талап етіледі:

  • кепіл мен кәсіпорындарды иелену құқығын растайтын құжаттар;
  • басқарушы мен бас директордың жеке куәліктері;
  • несие алу кезіңдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәлімет;
  • проектің экономикалық-техникалық негізделуі.

Бұл проблемалардың туындауы кәсіпкерлердің несие беру шарттарын  дұрыс білмеуінен туындайды. Мұндай жағдайдан шығу үшін коммерциялық банктер  бұхаралық ақпарат құралдарына  кең көлемде өзінің несие беру қызметі туралы жарнама беруі  тиіс.

Кәсіпорын қызметін дамыту үшін несие ресурстарын қолдана  алмауының тағы бір себебі – несие  беру кезінде жеңілдіктердің болмауы  болып табылады (10 %).

Өндірістік кәсіпорындар несиенің жартысын несиені және сыйақыны қайтарудың бірінші кезеңіне алып қалады. Бұл несие ресурстарын тиімсіз  қолдануға алып келеді.

Отандық тауар өндірушілер  қазырғы өтеуде жеңілдіктер жасалатын  ұзақ мерзімді несиелеуді қажет етеді. Жеңілдіктер несие ресурстарын  кәсіпорынның тиімді жұмсауына жағдай жасар еді.  Сонымен қатар несиені  өтеу графигінің бұзылуына байланысты болатын банк пен кәсіпорынның арасындағы жанжалдық ахуалды болдырмас  еді.

Несиелеудегі бөлек тұрған мәселелердің бірі – жаңадан ашылған  бизнесті коммерциялық банктердің несиелеуі. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген кәсіпкерлер  өздерінің кәсіпорындарын өзінің жинақтарының есебінен құрған.

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер жаңадан ашылған көсіпорындарды несиелеуден бас тартып отыр, бұл  несиенің қайтарылмау тәуекелдігіне  байланысты. Себебі жаңа компаниялар  нарыққа шыққан кезде нарықтағы  ірі және шағын кәсіпорындармен  бәсекелесе алмау мүмкін.

Екінші жағынан, жаңадан  бастаған кәсіпкерлер коммерциялық банктердің несие бойынша негізгі  қарызы мен сыйақты график бойынша, яғги уақытында өтей алмауы мімкін.

Жаңадан бастаған кәсіпкерлер  үшін несие алуда негізгі керегі болатын факторлардың бірі – жоғарғы  карыз пайызы және несиелеу кезіндегі  жеңілдіктердің болмауы. Бұл кәсіпорынның, оның ішінде өндірістік сферада айналысатын  кәсіпорындардың өз қызметінің бірінші  айларында пайда ала алмауымен  байланысты. Мұндай жағдай өндіріс  циклінің ерекшелігіне, компанияны құру кезіндегі кәсіпорынның қарыздарына, дайын өнімге сұраныстың болмауына  болуы мүмкін.

Шағын кәсіпокерлік субъктілерін несиелеу проблемаларының аймақтық ерекшеліктері бар. Бұл аймақтардаң  жалпы экономикалық дамуымен және аймақтардың  коммерциялық, қаржылық несие орталықтарына  жақын орналасуымен байланысты.

Аймақтық кәсіпкерлер  үшін де несие алудағы басты проблема несиемен қамтамасыз ету, жоғары ссудалық пайыз және несиенің қысқа мерзімділігі. Бірақ бұл проблемалар аймақтар арасында әртүрлі қалыптасқан.

Алматы қаласында және Онтүстік Қазақстан облысында басты  кедергі – бұл жоғары ссудалық пайыз, ал несиені кепілмен камтамасыз ету екінші орын алады. Бұл осы  аймақтағы кәсіпорындардың несиені  кепілмен қамтамасыз ету мүмкіндігінің  жоғары екендігін көрсетеді, өйткені  осы аймақтағы шағын кәсіпорын  субъектілерінің кепілдері өтімділігі бар жылжымайтын мүліктер болып  табылады.

Үшінші орындағы проблема – бұл несиенің қысқа мерзімділігі.

Павлодар облысында шағын  кәсіпорындар үшін негізгі проблема несиені кепілмен қамтамасыз ету, ал екінші орында – қысқа мерзімділігі және үшінші орында – жоғары ссудалық пайыз.

Әртүрлі аймақтардағы кәсіпкерлер  үшін несие алудағы проблемалардың әр түрлілігі аймақтардың әртүрлі  салаларға бағытталуына байланысты.

Сондай-ақ банкке несие алу  үшін хабарласқан кәсіпкерлер мен  несиелеу шарттарымен таныс кәсіпкерлер  арасында және тағы да басқа кәсіпкерлер  арасында несие алу кедергілердің  ерешеліктері бар.

Несие алу үшін банкке хабарасқан кәсіпкерлер үшін басты проблема кепілмен камтамасыз ету (25,7 %), ал қалған кәсіпкерлер үшін несиенің қысқы  мерзімі (22,5 %) болып табылады. Бұл  жағдай аймақтық – салалық аралықта сақталып отыр.

Қазақстан банк секторының дамуында өзіндік ерекшеліктер бар:

  • құрамы бойынша әрекеттілігі және орналасуы бойынша біртекті орналасқан, ал шағын банктер облыс орталығында орналасқан;
  • несиелеуде банктердің қаржылық мүмкіндігінің және қызмет көрсету деңгейінің төмен болуы;
  • орта және шағын банктердің банкаралық қаржылық нарыққа, займға, несиеге қол жетпеуі.

Бұған карамастан банктер  несие қызметін кеңейтуге ұмтылады, өйткені олар пайда табуға және клиент отырып, банктер ұзеқ мерзімді несие  ресурстарын приоритеті ретінде  санай отырып, оларға арзан және «ұзақ» мерзімді ақша тауып бере алатын мүмкіндігі бар.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  проектісін ұзақ мерзімді қаржыландыру екінші деңгейлі банктерге шағын  бизнесті дамытудың Мемлекеттік  Қоры беретін несие ресурстары мен  кепілдіктерін беру жолымен жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Шағын және  орта кәсіпкерлікке берілетін  несие түрлері.

 

Кәсіпкерлік фирмаларға банктер  әр түрлі несие түрлерін ұсынады, соның ішінде кеңінен тараған  түрлдері мыналар:

Қысқа мерзімді несиелер:

    • Тауарлы – материалдық қорларды толтыруға берілген несиелер;
    • Айналым капиталына берілген несиелер;
    • Құрылысқа берілген «уақытаралық» несиелер;
    • Бағалы қағаз диллерлеріне берілген несиелер;
    • Бөлшек саудаға берілген несиелер;
    • Активтерді қамтуға берілген несиелер;
    • (дебиторлық міндеттеме, факторинг және тағы басқа қорларды толтыру үшін).

Ұзақ мерзімді несиелер:

    • Құрал – жабдықтарды, ғимарат пен құрылымдарды сатып алуүшін берілген жедел несиелер;
    • Жобалық несиелер;
    • Басқа да кәсіпкерлік фирмаларды шешу үшін берілген несиелер;
    • Кәсіпкерлік фирмаларға берілген қысқа мерзімді несие түрлері;
    • Тауарлы – материалдық қорларды толықтыруға берілген несиелер.

Айналым капиталдарын уақытша  толықтыру мақсатында кәсіпкерлік  фирмаларға қысқа мерзімді несиені  дүниежүзілік соғыстан кейін негізінен  өзін - өзі тез ақтайтын несиелерді береді. Бұндай несиелер тауарлы –  материалды қорларды, материалдарды, шикізаттарды, дайын өнімді қаржыландырып, кейін  сату үшін пайдаланды.

Мұның ерекшелігі немесе несиенің артықшылығы, кәсіпкерлік фирмалардың  қолындағы ақша айналымын дұрыс  қамту кезінде ерекшеленеді.

    1. Қолда бар қаражаттар дайын өнімді, шикізатты, материалды, жартылай өнімдерді сатып алу үшін жұмсалады.
    2. Сатуға арналған тауарды арнайы жерде орналастырады.
    3. Сауда жүргізіледі. «көбіне несиеге».

Сауда арқылы түскен қолма  – қол ақшалар банктік несиені  жабу үшін жұмсалады. Несиелеу мерзімі  уақыты тауарлы – материалды құндылықтарды  сатып алу үшін қаражатқажет болған кезден бастап және фирма шотына ақша түскен кезде несиені чекпен өтеп 60 – 90 күннен соң аяқталады. Қазірде  банктер кәсіпкерлік фирмаларға несиенің әр түрін ұсынады, бірақ  қысқа мерзімді несиенің үлесі, әсіресе  өзін - өзі ақтайтын несие үлесі, жалпы банктік несие көмегінің 50 % - тен жоғары болып табылады.

Айналым капиталына берілген несиелер.

Айналым капиталына несие  бірнеше күннен 1 жыл мерзімге дейін  фирмалардың қысқа мерзімді құралдарды алуы. Бұл несие өзін - өзі тез  ақтайтын несиеге сәйкес тауарлы  – материалды құндылықтарды сатып  алу үшін қаржыландырады. Айналым  капиталына несие кәсіпкерлік фирмалардың өндірістік циклында кезеңдік шыңдарды және несиелеудегі қажеттілік өтеу үшін қажет. Мысалға, киім өндірушіде мектеп киімдері мен қысқы киімдерге елеулі сұраныс күзде күтіліп отыр, сондықтан өндіруші өнім шығарылымын күзгі және қысқа өнім қорларын, бөлшек саудагерлерге тауарларын қамтамасыз етіп, тауар айналымын арттыру үшін көктемнің алғы немесе жазда қысқа мерзімдік несие алады. Киім өндірушіге қызмет көрсетіп отырған банк өндірушіге 6 айдан 9 ай мерзімге дейін несиелік линиямен ашады. Линия сомасы несиелеудің 6 – 9 айлық мерзім ішіндегі уақыттағы ақшалай құралдарға деген өндіруші мен бағаланатын максимальды қажеттіліктер негізінде анықталады. Бұндай несиелердің мерзімі ұзартылады, егер  де қарыз алушы пролангацияланғанға дейін сумманың маңызды немесе бүкіл бөлігін өтесе. Көбіне айналым капиталына несиелер, дебиторлық қарызбен және тауарлы – материалдық құндылықтардың кепілімен қамтылады, ал несиелік линия шеңберінде пайыз өзгермелі ставка бойынша алынады. Ережеге сәйкес міндеттеме бойынша комиссия пайдаланбаған несиелік линия бөлігінен, кейде жалпы сумма бөлігінен де алынады. Клиент өтемақыны салым қалдығын қолдауы міндетті, яғни несиелік линия көлеміне тәуелді салымдардың минимумды мөлшері болуы қажет (мысалға, несиелік линия сомасының 5 пайызы) және клиент алған несиенің жалпы суммасының анықталған пайыздық мөлшерлемесі бойынша салымдар (мысалы қарыз сомасының 15 – 20 пайызы).

Бөлшек саудаға берілген несиелер.

Банктер автомобильдерді, жұмыстық электр құралдарды, жиһаздар мен ұзақ мерзім қолданатын басқа да тауарларды расрочкаға сатып алуды, расрочкаға сату туралы диллер арасындағы келісім  – шартқа қол қойған соң көрсетілген  тауарлар бойынша оларды пайда болған дебиторлық бережақтарды қаржыландыру жолымен несиелейді. Бұл келісімдер диллерлерді несиелеуді жүзеге асырушы  банктермен талданады. Автомобиль бойынша  диллер жағдайында, банктер бүкіл  автомобильдер иелеріне несиелеуге мүдделі (минимумды жоспарлау жолымен). Қарыздың шотында қалдықты азайта отырып, банк автомобильдерді сату арқылы диллерді несиелейді.

Құрылысқа берілген «уақытаралық»  несие.

Көптеген коммерциялық банктер  тарапынан қысқа мерзімдік несиелердің  кең тараған формасын ұсынады.

Бұндай несиелер үйлерді, офистерді, сауда орталықтарын және т. б. құрылыстарды салу үшін арналған.

Алынған қаражат құрылысшыларды, жұмысшыларды жалдауға, арендаға, құрылыс  материалдарын және жер учаскелерін  сатып алу үшін қажет.

Құрылыс сатысы аяқталған  кезде, банктік несие басқа кредитордан  кепіл бойынша ұзақ мерзімге несие  алу есебінен қаржының бір бөлігі несиені жабу үшін банкке қайтарылады. Дебиторлық міндеттемемен және тауарлы  – материалдық құндылықтармен қамтылған  мекемелердің көп бөлігінің шарты  бойынша қарыз алушы кепілге  берілген активтеріне меншік құқығын  сақтайды, бірақ кейде мұндай құқық  банкке сата алмауына байланысты тәуекелшіл білдіреді. Бұндай келісімдердің нақты  үлесі болып факторшы табылады, онда банк өз клиенттерінің, біреуінің дебиторлық бережағын инкассациялау міндеттемесін  өз мойынына алады. Бұндай жағдайда клиент дебиторының нұсқауы бойынша  ақша тауарлар мен қызметтерін пайдаланған  кәсіпкерлік фирманың орнына аударымын  банк пайдасына аударады. Факторшы  жағдайында банк қосымша шығындар мен  тәуекелге ие болғандықтан, ол әдетте несие бойынша бір ставкаларды  орналастырып, несиеге клиенттің  баланстық құнының ең аз бөлігін  ұсынады.

Активтермен қамтамасыз етілген  несиелер.

Соңғы жылдардағы қысқа мерзімді банктік несиелердің барлық өсуші  бөлігі активтер мен қамтамасыз етілген  неиелермен, яғни фирманың болашақта  қолма – қол ақшаға айналуы  тиіс қысқа мерзімді активтермен  қамтамасыз етілген несиелермен  берілген. Берілген несиенің негізгі  активтері болып дебиторлық міндеттеме, шикізат қорлары, материалдар немесе дайын өнім табылады. Банк тауарлы  – материалды құндылықтар және сәйкес шарттарды баланстық құнының  белгілі 1 % - ына қаражат ұсынады. Мысалы, банк фирманың ағымдық дебиторлық қарызының 70 % - на тең суммаға несие  бере алады. Альтернатива ретінде банк ағымдық тауарлы – материалдық  құндылықтардың, складта немесе полкада  орналасқан тауарлар суммасының 35 % - на несие бере алады. Дебиторлық міндеттеменің  өтелгеніне және тауарлы – материалды қорларды сату көлемі бойынша түскен қолма – қол өтеледі. (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе зейнетақы  қоры).

Құрылыс сатысы аяғына дейін, клиент ұзақ мерзімді қаржыны алатын ұзақ мерзімді несиелеу міндеттемесін  кепіл етіп, банкке ұсынбайынша, ол құрылыстың және жобалық құрылымдарды несиелейді.

Бағалы қағаз диллерлеріне берілген несиелер.

Үкіметтік және жеке бағалы қағаз бойынша диллерлер жаңа бағалы қағаздарды сатып алу және өтеу мерзімі келгенде немесе клиентке сатқанға дейін қалыптасқан бағалы қағаз портфелін қуаттау. Бұндай несиелерді көптеген ірі банктер  ұсынады, себебі диллерде бар үкіметтік  бағалы қағаздар кепілмен қамтылған, олар сапалы несиелер болып саналады. Бұдан  басқа бағалы қағаздар бойынша диллерге көптеген несиелер өте қысқа мерзімге ұсынылады ( бір күннен бірнеше күнге  дейін), себебі егер де несиелік нарықта  жағдай нашарлаған кезде банк өзінің ұсынған қаражаттарын тез қайтарып алады немесе жаңа несиені одан да 1 % ставка бойынша береді. Инвесторлы банктік фирмаларға жаңа корпоративті облигацияларды, акцияларды және үкіметтік қарызы бар бағалы қағаздарды кепілді орналастыру үшін банктік несиенің ұқсас түрі ұсынылады.

Бағалы қағаздардың шығарылымы, инвесторлы банкирлер өз клиенттерінің  жаңа бір формасын меншікке алған  кезде немесе жаңа кәсіпорын құрған кезде ғана (бағалы қағаздар шығарылымы ) өзгеше орын алады.

Қаржы инвесторлы банкілер өткізген жағдайда ғана, ол бойынша  несиелермен пайыздар төлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.  Ақтөбе облысындағы  шағын және орта бизнеске несие

қолданылуының алғы шаралар және сәйкес

банктік несиелеуді жетілдіру.

 

Шағын бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша Агеттік  қызмет бағыттарының бірі болып, кәсіпкерлік  бірлестіктердің өзінің ұйымдастырылу  деңгейін көтеру табылады. Қазір Қазақстанда  кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Оның ішінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры». Қор Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлік субъектілеріннің қалыптасуы мен экономикалық өсуін  ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті  қолдауға бағытталған мемлекеттің  қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін  арттыру мақсатында құрылған. Осы  жылдар ішінде қор шағын кәсіпкерлік  субъектілерін екінші деңгейдегі банктер  арқылы және де өз тарапынан тікелей  несиелеу барысында мол тәжірибе жинақтады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  кредит ресірстарының жеңілденген  түріне қол жеткізуін камтамасыз ету үшін филиал желілерін құрды, шағын кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық  танытып жүрген қоғамдық ұйымдармен, салалық ассоциациялармен іскерлік карым-қатынасты жолға қойды.