Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы
Мазмұны
Кіріспе
| 3 |
1 Қаржы жүйесі түсінігі және оның мәні |
|
1.1 Қаржы жүйесі ұғымы, оның құрылымы | 5 |
1.2 Қаржының функциялары және рөлі | 8 |
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
| 9 |
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі |
|
2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрылымы | 11 |
2.2 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі | 19 |
2.3 Мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің басты буыны ретінде
| 21 |
3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі, олардың құрылымы
| 25 |
Қорытынды
| 32 |
Қолданылған әдебиеттер | 33 |
Кіріспе
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің үғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан — ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі - ақша қаражаттарының қорларын құруға, пайдалануға арналған қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.
Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттілігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысанын қолдануы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу және жою, қаржы ресурстарының пайдалану нысанын өзгерту және т.б.
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
2. ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3. басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
1 Қаржы жүйесі түсінігі және оның мәні
1.1 Қаржы жүйесі ұғымы, оның құрылымы
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды [1].
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту саласы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл саласын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да каржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді [1].
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша—бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығыңдары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Экономикалық категория ретінде қаржыға тән сипаттар:
- ақшалы сипат;
- тарату сипаты;
- қор құру сипаты;
- мақсатты сипат;
- эквивалентті сипат.
Қаржы — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржы қоғамның даму қажеттіліктеріне байланысты объективті түрде керек. Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттілігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысанын қолдануы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу және жою, қаржы ресурстарының пайдалану нысанын өзгерту және т.б.
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
4. қаржы қатынастарының жиынтығы;
5. ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
6. басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
1.2 Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржының функциялары жөнінде жиі екі тұжырымдама қолданылады:
бөлу және ұдайы өндіріс концепциялары.
Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында — ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды.
Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарьп тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі- қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді [3].
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
- қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу жәнс қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін камтамасыз етеді.
Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтык қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.
2-ші тұжырымдамаға сәйкес қаржы 3 функцияны атқарады:
- ақша қорларын қалыптастыру,
- ақша қорларын пайдалану;
- бақылау.
Бірақ, ғылыми әдебиеттерде қаржыларға бұл функциялардан басқа да функциялар тән екенін табуға болады: өндірістік, ынталандырушы, реттеуші және т.б.
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің үғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан — ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі - ақша қаражаттарының қорларын құруға, пайдалануға арналған қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастарының салалары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды [6].
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орта-лықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құкық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау мемлекеттік саясатты жүзеге асырғанда ұлттық және аумақтық ерекшеліктерді есепке алу.
Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттың бірлігімен, бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілермен негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрылымы
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:
1. Жалпымемлекеттік қаржы.
2. Шаруашылық субъектілердің қаржылары.
3. Халықтың қаржысы.
Сурет 1. ҚР қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы қатынастарының алғашқы бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Мемлекеттің қаржысы — қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің каржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет — экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын каржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар — қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықша нысаны.
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.
Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жургізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім — қоғамның қаржы ресустарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы саласы болып табылады.
Халықтың (үй шаруашлығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес салаларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.
2010 жылғы бюджеттің атқарылуы Елбасы тапсырған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары бойынша жүзеге асырылды.
Бюджет саясаты тек дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге де бағытталған.
Елбасының Үндеуінен туындайтын еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру жөнінде шаралар кешені қабылданды.
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөнінде жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге деңгейінде бекітілді.
Салық саясаты саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді, нақты ынталандыру шаралары көзделді. Арнайы экономикалық аумақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында салық рәсімдері жеңілдетілді, салық режимі жақсартылды. Көлікке салынатын салықты есептеу мақсаттары үшін көлік құралдарын жіктеу тәртібі нақтыланды.
Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан босату жөнінде түзетулер көзделді.
Егер бюджеттің негізгі атқарылу қорытындылары туралы айтар болсақ, олар мынадай. Мемлекеттік бюджетке 4 388,8 млрд.теңге түсті, бұл 2009 жылға қарағанда 878,5 млрд.теңгеге көп. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 4 299,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 2 934,1 млрд. теңгені құрады.
Негізгі салық түрлері бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды, оған елдің оң даму қарқыны, кеден одағына кіруге байланысты кедендік баждарды бөлу тетігін енгізу және алыс шет елден Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына импорттың өсімі, саланың ерекшелігіне байланысты іс жүзінде экспортталғанға қарағанда мұнай экспортының үлкен көлемі үшін уақытша декларациялар бойынша ақы төлеу нәтижесінде мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы түсімдерінің артуы, жоспарлыға қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.
Кесте 1 - 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің атқарылуы
Атауы | Жоспар | Факті | Ауытқуы | Атқарылуы, % | 2009 жылғы факті | Ауытқуы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Салықтық түсімдер, жалпы | 2 703,0 | 2 934,1 | 231,1 | 108,5 | 2 228,7 | 705,4 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
КТС | 847,9 | 837,2 | -10,7 | 98,7 | 643,7 | 193,5 |
ЖТС | 301,3 | 312,3 | 11,0 | 103,7 | 264,0 | 48,3 |
Әлеуметтік салық | 243,0 | 253,8 | 10,8 | 104,4 | 232,8 | 21,0 |
ҚҚС - жалпы | 590,4 | 677,2 | 86,8 | 114,7 | 515,9 | 161,3 |
оның ішінде ІӨТ-ға ҚҚС | 179,0 | 241,4 | 62,4 | 134,9 | 111,3 | 130,1 |
Импортқа салынатын ҚҚС | 411,4 | 435,8 | 24,4 | 105,9 | 404,6 | 31,2 |
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер | 190,6 | 231,3 | 40,7 | 121,3 | 201,2 | 30,1 |
Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салық | 288,9 | 373,8 | 84,9 | 129,4 | 152,2 | 221,6 |