Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу
Жоспар
І.Кіріспе.....................
ІІ. Негізгі бөлім
2.1«Елжандылық» ұғымының құрылымдық
мәні..........................
2.2. Шет тілін оқыту
үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің
педагогикалық шарттары......................
ІІІ. Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу тұжырымдамасын таңдау қажеттігі Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының қағидаларынан, яғни жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттерінен туындады.
Тәрбие - халықтың ғасырлар
бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас
ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген
көзқарасын және соған сай мінез-құлқын
қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда
жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық
кезде оқушыларға елін, халқын, туған
жерін сүю және қорғау сезімдерін
дарытып және дамытып келеді. Әсіресе,
оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу
мәселесі барлық кезде де қоғам мен
мемлекеттің назарынан тыс
Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет жағдайында шынайы елжандылықты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, білім беру саласы қазіргі кездегі әлеуметтік маңызды құндылықтар мен мақсаттарды қоғамның жаңа құндылық жүйесіне біріктіруі қажет. Ол ашықтықты, рухани және мәдени мазмұнға бай ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы қажет.
Елжандылық тәрбиесі философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылыми еңбектерде патриотизм ұғымы арқылы көрініс табады. Жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеуде классик-педагогтар К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеялары қарастырылған.
Советтік патриотизм Н.П.Егоров еңбегінде қарастырылса, Г.И.Щукина, Б.Т.Лихачев зерттеулерінде патриотизмнің мән-мазмұны тиянақты талданады. Бүгінгі таңда оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтары И.Е.Кравцев, М.А.Терентий, А.В.Русецкий зерттеу жұмыстарында қарастырылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда түрлі ғылым салаларында терең ғылыми зерттеулер жүргізілген. Тарихшылар М.Қ.Қозыбаев, М.Мұқанов, философтар А.Айталы, Д.Раев, А.Қасабеков, Ж.Алтаев, психологтар Қ.Б.Жарықбаев, А.Темірбеков, С.Балаубаевтар еңбектерінде қарастырды. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген Отандық ғалымдар С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Құнантаева, Қ.Бөлеев, Е.О.Омар еңбектерінде педагогика тарихы мен теориясына қатысты мәселелерде патриоттық тәрбие мәселелері қамтылған. Соңғы жылдары жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі бойынша түрлі бағыттарда Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, Д.С.Құсайынова, А.А.Бейсембаева, У.К.Санабаев, Л.Сейдахметова, Р.Н.Кенжебаева, Ж.Б.Қалиев, Н.А.Мұхамединова, К.Т.Әбілғазиева, Р.М.Рысбекова, А.К.Қалимолдаева, Ж.А.Касымбеков, Е.К.Утегенов, А.С.Қарпықбаевалар зерттеулер жүргізіп, оның мазмұнына, міндеттеріне және оларды шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар берген.
Оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеуде жинақталған ғылыми қордың бар екендігіне қарамастан, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу қоғам сұранысынан туындаған өзекті мәселе екенін ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар көрсетіп отыр.
Педагогикалық-психологиялық,
оқу-әдістемелік еңбектерге
Шет тілін оқыту үдерісінде
оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу
мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі,
шет тілінің пән ретінде, атап
айтсақ, ағылшын тілінің, білім беру
саласында маңыздылығын жете түсінбеуі,
шет тілі пәнінің тәрбиелік
- оқушыларды елжандылыққа
тәрбиелеуде қазіргі
- оқушыларды елжандылыққа
тәрбиелеудің өзектілігі мен
ағылшын тілін оқыту арқылы
осы мәселені шешудің ғылыми-
Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуді ағылшын тілі пәнінің мүмкіндіктерімен ұштастыра жүргізу проблемасы тақырыпты «Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)» деп таңдауымызға негіз болды.
Курстық жұмыс нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі елжандылыққа тәрбиелеу үдерісі.
Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын шет тілі арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтап, әдістемелік негізін жасау және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.
Ғылыми болжамы: мектепте шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің тиімділігі артады, егер:
- отандық философиялық, тарихи,
психологиялық, педагогикалық
- Қазақстанның өзгерген
қоғамдық-саяси және
- шет тілін оқыту үдерісі
елжандылықты тәрбиелеуге
- шет тілін оқыту мазмұны
арқылы оқушылардың елжандылық
қасиеттерін қалыптастырудың
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жалпы
білім беретін орта мектеп
оқушыларына елжандылық тәрбие
берудің теориялық негізін
- жалпы
білім беретін орта мектеп
оқушыларына шет тілі арқылы
елжандылық тәрбие берудің
- шет тілін оқыту үдерісі
арқылы мектеп оқушыларын
- оқушыларға елжандылық
тәрбие берудің мазмұны мен
жетілдірудің бағдарламасын
Жетекші идея: шет тілі пәні – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттің оқушыларының елжандылық сана-сезімдерін қалыптастырудың жетекші құралдарының бірі.
Курстық жұмыстың көздері:
- Қазақстан Республикасы заңдары, нормативті құжаттары, оқушыларға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар;
- алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының елжандылыққа тәрбиелеуге байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық, тарихи, жазушылардың жас ұрпаққа елжандылық тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектер, шығармалар, диссертациялар, мақалалар, монографиялар, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың, қазақ зиялыларының тәлім-тәрбиелік мұралары, тұжырымдары;
- білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиеші-педагогтардың оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелері және ғылыми-ізденушінің өзінің педагогтік қызметі мен зерттеу тәжірибелері.
- “ұлтжандылық”, “ұлтшылдық”,
“қазақстандық патриотизм”, “
- шет тілі пәні арқылы
оқушыларды елжандылыққа
- шет тілі пәнін оқытуда
оқушылардың елжандылық ұғымын
таныту, елжандылық тәрбиесін беру,
жеке тұғаның елжандылық қасиеттерін
дамыту мүмкіндіктері және
- ағылшын тілін оқыту
барысында, сабақтан және
- шет тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушыларға елтану білімдерін беру, елтанымдарын дамыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бүгінгі таңда елімізде жүріп
жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды
объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға,
оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінде
күн талаптарына сай тиімді пайдалануға
қолайлы жағдай жасауда. Ата-баба мұралары
негізінде тәлім-тәрбие барысында
жеткіншектерді елжандылыққа, өз халқына
деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек
сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке,
елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары
қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу
міндеті басты назарда
Бұл міндеттер оқушыларды
елжандылыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке,
ұлтаралық қарым-қатынас
«Елжандылық» ұғымын анықтау
оны «патриотизм», «ұлттық патриотизм»,
«қазақстандық патриотизм», «отаншылдық»,
«ұлтжандылық», “ұлтшылдық” ұғымдарымен
салыстыра қарастыруды қажет
етеді. Бұл ұғымдардың мән-мазмұны
кеңестік ғылыми-педагогикалық
Қоғамдық, саяси әлеуметтік,
педагогикалық, шығармашылық еңбектер
мен тәжірибелік жұмыстарды зерделеу,
елжанды адамды төмендегідей қасиеттермен
даралап көрсетуге мүмкіндік
туғызды: елжанды адам дүниетанымдық
сапалық белгілермен
Шет тілін оқыту үдерісінде
оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде
шет тілін оқыту мен оқып үйренудің
маңыздылығы және тәрбиелілік мүмкіндіктерін
анықтауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауындағы
«Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасы
басшылыққа алынды. Шет тілін оқытудың
жетекші мақсаты коммуникативті
«Патриотизм - өзінің Отанына
деген сүйіспеншілік сезім, өзінің
жеке және топтық мүдделерін жалпы
елдің мүддесіне бағындыру және
еліне адал қызмет ету, оны қорғау»
- екендігін ескерсек, біздің еліміздегі
патриотизм ұғымының басты ерекшелігі
мен өзгешелігі Қазақстанның көпұлтты
мемлекет екендігімен байланысты танылады.
Ғалым А.Айталының пікірі бойынша:
«Бірұлтты мемлекетте отаншылдықтың
тірегі этникалық негіз болса, екінші
тірегі – азаматтық бағыт. Бірұлтты
мемлекетте ортақ тіл, тарих, тағдыр,
мәдениет күш-қуат беріп, ұлт бірлігін
арттырады. Көпұлтты мемлекеттің дамуы
дау-жанжалдарға жақындау келеді. Этникалық
сәйкестілік пен азаматтық
А.Айталы, Т.Әбсәлімұлы, Х.Оралтай,
С.Зиманов, Ғ.Есім, Л.Сейдахметова, А.Бейсембаева,
А.Калимолдаевалардың «ұлтшылдық», «ұлтжандылық»,
«ұлттық патриотизм», «қазақстандық
патриотизм», «отансүйгіштік», «отаншылдық»
ұғымдарына берген тұжырымдарға және
сөздіктерге сүйене отырып «елжандылық»
ұғымына анықтама беру қажеттігі
туындады. «Ел» - көне түркі тілінде
«халық» сөзінің синонимы ретінде
қолданылғаны, ал қазіргі кезде «ел»
географиялық, мәдени, әлеуметтік, экономикалық
және тарихи жағынан қолданылып, қоғамдық,
саяси-құқықтық салада «мемлекет» атауы
қолданылатыны анықталды. Философ
ғалым Ғ.Есімнің сипаттауы
Осыған сәйкес, түбірі «ел» сөзінен шыққан «елжандылық дегеніміз – өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетін сүйетін, оны дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыратын, өзге халықтарға бөтен ниеті жоқ әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет» - деп анықтадық. Елжандылық ұғымын басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне толеранттық көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыру ұсынылады. Этникалық сәйкестілік пен азаматтық сәйкестілікті үйлестіру өзара ұлттық түсінікті орнатуға, өз ұлттық қадір-қасиетін құрметтеуге, басқа ұлттардың қадір-қасиетін кемсітпеуге тәрбиелеуді қажет етеді. Өз халқының тамаша ерекшеліктерін сыйлау, басқа халықтардың асыл қасиетін бағалай білуге жол ашады.
«Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәнін анықтау мақсатындағы ғылыми әдіснамалық еңбектерді сараптау мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызды: 1) елжандылық ұғымының бір бағыты жеке тұлғаның өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетіне оң көзқарасының болуымен, оны сүюімен танылады; 2) елжандылық ұғымының екінші бағыты жеке тұлғаның елді дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыруға мүделілігімен сипатталады: 3) елжандылық ұғымының үшінші бағыты жеке тұлғаның елдегі өзге халықтарға оң ниетті болып әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет көріністерінің болуымен анықталады.
Қазіргі кездегі мектеп тәлім-тәрбиесінің
мақсаты жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайларында
Ғылыми еңбектерді саралап, ғалымдардың пікіріне сүйене келе, елімізде қалыптасқан толеранттықтың (төзімділік) негізінде бірнеше факторлар анықталды. Бірінші фактор – Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы.
Екінші фактор – еліміздің өткен тарихы мен халықтың бай психологиясы.
Үшінші фактор – Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі.
Төртінші фактор – қазақ халқы ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті.
Бесінші фактор – ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
Алтыншы фактор – Қазақстан елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің ресми бекітілуі.
Жетінші фактор – көпұлтты Қазақстанның арасында татулық пен келісімнің болуы.
Ағылшын тілін
оқыту арқылы мектеп оқушыларының елжандылығының
қалыптасуын әдіснамалық
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің әдіснамалық негіздерін талдау, бұл проблеманың шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің теориясы мен шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің практикасына бөлу арқылы тануға болатынын көрсетті.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің теориясы: шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бағыттарына, мүмкіндіктеріне, құрылымдық бағдарламасына, оны оқыту курсына, кезеңдеріне, әдістер жүйесіне, формаларына, нәтижелеріне, проблеманы шешудің моделі мен көрсеткіштеріне байланысты танылатындығы айқындалды.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің практикасы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу бағдарламасынан, әдістемелік құралдарынан, әдістемелік нұсқауларынан құралатындағы танылды. Сонымен қатар оқушылардың елжандылық білімін, танымдық іс-әрекеттерін, тәрбие нәтижесін талдау іс-әрекеттерін білдіреді.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бағыттары мен мазмұны ретінде мыналар танылады: еліміздің өткен тарихы мен халықтың психологиясы Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы; Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі; қазақ халқының өз ұрпағын елжандылыққа тәрбиелей алу қасиеті; ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дастан, жырлар, қазақ даласының ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, жыршы Асан Қайғы, Бұхар жырау, Исатай мен Махамбет, кейінгі қазақ зиялыларының шығармалары арқылы бүгінгі ұрпаққа еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті дәріптеп, зерделеу; XIX ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген ғалымдардың “түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі” деп бағалауын халықтың тілі халықтың ой-пікірлерінің айнасы елдің бірлігі қасиеттерінің айнасы ретінде танылуы; Қазақстанның көпұлттары арасында татулық пен келісімнің болуы; Елбасы өзінің жолдауында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтуі; қазіргі кезде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға талапты күшейтіп жатқан шақта, мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы этносаралық келісім, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына жауаптылығы; Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттар мен ұлыстар да қоғам алдында өз жауапкершілігін сезінуі; елжанды қоғам мүшесі басқаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар тұлғалық сипаттамалармен даралануы; елжанды адамның жеке тұлғалық сапасының өзіндік көріністері болу керектігімен сипатталуы.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің нәтижелері ретінде есептейтініміз: елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы, елжандылық сипаттағы ағылшын тілі пәнінің мазмұнын эмоционалдық сезіммен қажетсінуі; елжандылық сипаттағы ағылшын тілінің елжандылық қасиеттерді қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінуі; ағылшын тіліндегі елжандылыққа баулитын бейнелерге қызығушылығы және аялы көзқарасы; ағылшын тіліндегі мәдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы; ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық мүмкіндіктерін білуі және түсінуі; елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі объектілердің мазмұнымен таныс болуы; ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұндағы бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін көре, түсіне білуі; бейнелердің ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұнына талдау бере білуі; ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы; елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі шығармаларды талдағанда өзінің елжандылық көзқарасын көрсете білуі; ағылшын тіліндегі елжандылық көріністерді дәлелді әңгімелей білуі, оған деген өз ойын жеткізе білуі.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің принциптері ретінде: оқу-тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы; оқытудың мақсаттылық принципі; түсініктілік принципі; ғылымилық принцип; саналылық пен белсенділік принципі; беріктік принципі; дидактикалық жүйелілік принципі; көрнекілік принципі; тәрбиелеп оқыту принциптері саналады.
Шет тілін оқытуды елжандылық тәрбие берумен ұштастыра жүргізуі үшін педагогтардың басшылыққа алатын шарттарымен анықталады.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттарына жататындар:
Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бірінші шарты - шет тілін оқыту арқылы салалық тәрбие берудің теориясы мен практикасына, мазмұнына, әдістеріне оларды өзара бірлік негізінде қарастыру, ағылшын тілін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын меңгертудің оңтайлы жұмыс түрлеріне сараптама жасау олардың қоғамдық-тарихи объективті қажеттілігін ұғынуға байланысты екендігін және оны қоғамдық, педагогикалық мұрат, деңгейіне көтергенде игілікті нәтиже беретіндігіне көз жеткізілді.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің екінші шарты - оқушыларға елжандылық тәрбие беру жұмысының мақсаты мен міндетін нақты ұғынуы тиіс. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес елжандылық тәрбие берудің мазмұны, оқыту тәсілдері таңдалып, сабақ барысында және сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралардың түрлері айқындалды.