Шетел тілдерін үйретуде рөлдік ойындарды қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

         Жұмыстың өзектілігі: Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы  білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып,беделіміз артып келеді.Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды,  оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Сондықтан  оқушылардың тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруымыз қажет. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші рөлдік ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойындар арқылы біз балалардың есте сақтау және ойлау қабілетін дамыта алатынымыз сөзсіз. Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану – бұл оқушыларды шет тілінде сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап, өткізілген тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік берумен қатар, оларды керекті сөз бірліктерін таңдауға жаттықтырады.

         Қазіргі заманның оқушысының  дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру үшін оқу процесінде жаңа құралдар мен әдістерді енгізу қажет.

         Ағылшын тілі пәні сабағында  оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі рөлдік ойындарды қолдануға болады.  Осы рөлдік ойындарды  оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту,  өзіндік пікірін қорғауға,  сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету болып табылады.  Шетел тілінде сөйлеуді,  қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бірі ретінде осы рөлдік ойындарды қолданғаны жөн.

        Адамдар арасындағы қарым-қатынас  ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз  болуы мүмкін емес.Дегенмен, сабақ  барысында оқушылардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі оқушылар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта рөлдік ойындарды қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі. 

      

         Зерттеу мақсаты: Шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.

          Зерттеу міндеттері:

1)Шетел тілін  оқытуда рөлдік ойындарды қолдануды  теориялық тұрғыдан қарастыру  және оның тиімділігін анықтау

2)Сабақ барысында  рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге  әкелетінін дәлелдеу

3)Мектеп мұғалімдеріне  практикалық ұсыныс жасау      

          Зерттеудің теориялық маңызы: Шетел тілдерін оқыту барысында рөлдік ойындарды дайындау және жүргізу үлгісі, рөлдік ойындардың құрылымы мен мазмұны көрсетілген.Сонымен қатар, зерттелетін материал нәтижесінің  қазақ мектеп мұғалімдері үшін маңыздылығы зор. Мектептерде рөлдік ойындарды қолданудың теориясы мен практикасы одан әрі дами түсті. Педагогика саласының жоғарғы мектеп оқытушылары зерттеулік жұмыстың теориялық мазмұнын шетел тілін оқыту әдістемесі сабағының лекция курсына енгізе алады.

         Зерттеудің практикалық құндылығы: Зерттеу нәтижелерін мектеп мұғалімдері өз практикасында және шет тілін үйрету үшін мұғалімдер өз сабақтарында қолдана алатын түрлі рөлдік ойындардың үлгісі көрсетілген.

Зерттеудің  әдіс-тәсілдері: Отандық және шетелдік әдебиеттерге анализ жасау( дидактикалық, психологиялық және әдістемелік),

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1)Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындардың тиімділігі дәлелденді

2)Сабақ барысында  рөлдік ойындарды қолданудың  методикасы көрсетілді

3)Оқушылардың  сөйлеу дағдысын дамытудың жаңа  ғылыми теориялық негіздері көрсетілді.

       Зерттеудің ғылыми болжамы: Шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарды қолдану – оқытуды тиімді етуге ықпал етеді. Бұл ғылыми болжам мынаған негізделген:

• шет тілінде  қарым-қатынас жасауда мотивация  тудырады;

• білім алушылардың  тіл үйренуге деген қызығушылығын  оятады; 

      Зерттеу нысаны: Шетел тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған рөлдік ойындар     

 

 

 

 

 

     

 

1 тарау   Шетел тілдерін үйретуде рөлдік  ойындарды қолдану

 

          Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі - әртүрлі жастағы балаларды ойын көмегімен оқыту болып отыр.Бұл мәселелердің өзектілігі тұтастай бірқатар факторлардан туындаған.

        Біріншіден, оқу процесін біріздендіру, оқушылардың материалға қызығушылығын  арттыру жолдарын іздеу және  бүкіл сабақ барысында олардың қызметін белсенді ету міндетін алға қою.

        Екіншіден, шетел тілдерін оқытудың  ең маңызды мәселелерінің бірі  тілдің коммуникативті қызметін  ашуға жағдай жасайтын және  шет ел тілін зерттеуге деген  мотивацияны көтеретін нақты  оқыту шарттарына оқыту процесін жақындатуға мүмкіндік беретін ауызша сөйлеуді оқыту болып табылады. Әдіскерлер ойын әрекетінің оқыту құралы ретіндегі келесі белгілерін атап көрсетеді: ынталы болу, жеке тұлғалық терең әрекет, ұжымда және ұжым арқылы оқыту және тәрбиелеу, психикалық қызметтер мен қабілеттерді дамыту, қызықтырып үйрету. Ойын үйретеді, өзгертеді, тәрбиелейді  [1,37-40] . 

        Ойын – эмоциялық және ақыл-ой  күшін талап ететін  ерекше  ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның  өзі әртүрлі орындалуы ,әртүрлі  нысанды қабылдауы мүмкін,бірақ олардың бәрінің негізінде импровизация тұр. Ойын табиғатын ,оның таңқаларлық мүмкіндігін түсіну – бұл бақытты балалық шақтың табиғатын түсіну, өзіңіз бағып отырған балаларды түсіну [2,204-211 ].

        Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада,парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

         Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар  әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және  балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін  білу қажет.Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек [3,56-58]

       Рөлдік ойын басқа тілде қарым-қатынас  жасау,  сөйлесу саласын кеңейтуге,  білім алушылар пікір айтуда  мазмұнды жағына назар аударуға  мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды  дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді  болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.

1-кесте Рөлдік ойын түрлері      

      Рөлдік ойын түрлері

Рөлдік ойын қасиеттері

1.Бақыланатын

Оқушылар қажетті  сөздерді алады

2.Белгіленген  деңгейде бақыланатын

Оқушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады

  3.Еркін

Оқушылар қарым-қатынас  жағдайын алады

  4.Эпизодтық

Жекелеген эпизод ойналады

  5.Ұзақ

Ұзақ уақыт  кезеңінде эпизодтар сериясы  ойналады (мысалы, сынып өмірінен)


         Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда  қарапайым түр болып табылады  және диалог немесе мәтін негізінде  құрылуы мүмкін.Бірінші жағдайда  оқушылар базалық диалогпен танысады  және оны өңдейді.Содан кейін  олар мұғаліммен бірге диалог мазмұнын талқылайды,сөйлеу эпизоды нормаларын және қажетті лексиканы өңдейді.

        Белгіленген шекте бақыланатын  рөлдік ойын әлдеқайда күрделі  болып табылады,онда қатысушылар  сюжеттің жалпы сипатын және  өз рөлдерінің сипаттамасын алады.  Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.

        Еркін рөлдік ойынды  жүргізген кезде оқушылардың өздері  қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс,әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс,мұғалім рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды,ал содан кейін оқушылардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды [4,34-38 ]

 

                         1.1 Ойынның сабақ барысында басты мақсаты

 

           Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Осы мақсатқа сай  оқыту міндеттері екі үлкен бағыт  бойынша белгіленеді:

Танымдық бағыт  бойынша:

Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт  талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)

Оқушының тілін  дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

Сөз мәдениетін таныту;

Пікірталас мәдениетін жетілдіру;

Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;

Оқушылардың логикалық  ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;

Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:

Оқушыларға  тіл нормаларын меңгерту;

Тілдік сауаттылығын арттыру;

Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

Этикет нормаларына  сай тіл мәдениетін жетілдіру;

Сөйлеу әрекетіне  қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

Шығармашылық  қабілеттерін дамыту;

Қарым-қатынас  талаптарына сай іскерліктерде  қолдана білу;

Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;

Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның  қай - қайсысы да тіл арқылы баланың  логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Бұл қағидаларды  өз оқу - әдіс , іс-тәжірибемде үнемі  естен шығармай, пайдалы жақтарын көруге тырысамын.

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда  интербелсенді оқытуды пайдалана  отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

1. Рөлдік ойындар.

2. Іскерлік ойындар.

А) Іскерлік оқу  ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.

Ә)Өндірістік ойындар.

Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

1. Әрбір оқушы  рөлде ойнайды.

2. Оқушылардың  шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу  ойындарға келсек, мысалы, сабақ  тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге  қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында  оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.

Мектептегі  шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге  бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар  жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.

Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға  дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен  таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен  қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.

Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа  үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.

Мектептерде ағылшын  тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың  сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру  әдістері бар.Олар мыналар.

1.Әңгімелесу, әңгіме  құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй  іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы,  оқу-құралдары, т.б.

2.Оқушының күнделікті  жиі пайдаланатын заттарын көрсету  арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ,  үй жиһаздары т.б.).

3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).

Сөздік жұмысын  ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде  меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана  білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.

Сөздік жұмысын  ұйымдастырудың қағидаларын біліп  алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті  сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын  тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.

Ұстаз жан-жақты  ізденісті қажет етеді». Нашар  ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.

 

1.2 Рөлдік ойындарға қойылатын негізгі талаптар.

 

           Қазіргі кездегі шетел тілі сабақтарында қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар. Олар:

     1.Ойын  оқу мотивациясына ынталандыруы,оқушылардың  тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс,  оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.

     2.Рөлдік  ойынды  мазмұны тұрғысынан да,  нысаны жағынан да жақсы дайындау,дәл  ұйымдастыру қажет.  Білім алушылардың  белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет.  Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.

     3.Рөлдік  ойынды бүкіл топ қабылдауы  тиіс.

     4.Ол  міндетті түрде жағымды шығармашылық  ортада жүргізіледі,  оқушыларда  қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады.   Рөлдік ойында білім алушылар өздерін неғұрлым еркін сезінсе,  олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады.   Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі,яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.

      5.Ойын білім алушылар белсенді  сөздік қарым-қатынасқа мүмкіндігінше  көп тиімділікпен өңделетін сөздік  материалды пайдалана алуы үшін  ұйымдастырыла алады.

      6.Оқытушы міндетті түрде рөлдік  ойынға,  оның тиімділігіне сенеді.  Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.

      7.Оқытушының білім алушылармен  байланыс орната білуі үлкен  мәнділікке ие [5,11-13]

         Рөлдік ойынды дайындау, жүргізу  және талқылауды басқарудағы   және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті оқытушы да,  оқушы да    жүзеге асыруы мүмкін.  Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып тадылады.   Қарым-қатынасты үлгі ете отырып,  оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде оқушыларды ұсынылған жағдайларға қояды .   

 

 

 

 

 

1.3 Сабақ  барысында рөлдік ойындарды қолданудағы  мұғалімнің рөлі

 

       Оқушылардың көзқарасы бойынша рөлдік ойын – бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Шетел тілін үйрету барысында мұғалім бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

  1.Бастапқы  кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін  бақылағаны жөн.

  2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

  3.Кейде тәрбиешінің  өзі де, басты рөлден басқа  кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын  дұрыс бағыттап отыратындай болуы  тиіс.

   4.Тәрбиеші  көмек қажет ететін балаға  жақындап,жұмысына жәрдем беруіне  болады.

   5.Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі   сабақта сол қателермен жұмыс істейді.

   6.Рөлдерді  бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп  айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі  қажет. Әдетте  ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі шет ел тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздері де рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн [6,96-98].

        Мұғалім позициясынан рөлдік ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді,оның мақсаты оқушыларда сөздік дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді.

         Рөлдік ойынды қолдану барысында   мұғалім келесі позицияларды  ұстанады:

    1-схема  Рөлдік ойындарды қолданудағы  мұғалімнің рөлі

Рөлдік ойын қолданудағы  мұғалімнің рөлі


 

 

Басқарушы

Қатысушы

Бақылаушы


 

Сценарий жазушы, режиссер

Оқушылармен бірге  орындайды

Ойын барысын  кадағалап отырады


 

        Бұл схемада көрініп тұрғандай,  сабақ барысында мұғалім  көптеген  ситуациялық рөлдерді ойнауға  тура келеді. Олар біріңғай әлеуметтік қатынастарға берілмейді, педагогикалық қарым-қатынас жағдайында анықталады және сабақты ұйымдастыру нысанына байланысты анықталады, мысалы, бақылаушы рөлі, қарым-қатынас бойынша әріптес рөлі, қатысушы немесе әрекетті ұйымдастырушы рөлі т.б.

        Рөлдік ойын адамды әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.

        Мұғалімнің міндеті - нақты материалдағы  қажет ситуациялар иллюстрацияларды,ситуациялар мәселелерді таңдау, дидактикалық материалды дайындау: әрқайсысы үшін карточка тапсырмалар, рөлдерді бөлу, оқушылар өз көзқарасын айтуы тиіс міндеттер қою,болжамды жауаптар, сөздер ойластыру, ойын өткізу уақытында оқушыларға қызығушылық білдіру және назар аудару [7,13-14]

 

 

 

1 тарау  бойынша қорытынды

 

         Ойын белгілі бір ғылымның зерттеу пәні болғанға дейін ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі ретінде кеңінен пайдаланылды.

       Сабақтарда әртүрлі ойындық тәсілдер  мен ситуацияларды пайдалану сыныпта біртұтас ұжымның қалыптасуына ықпал етеді,өйткені ойындағы әрбір оқушы өзіне және өз жолдастарына сырт көзбен қарау мүмкіндігіне ие. Рөлдік ойындар мен драмаландыру тәсілдерін пайдалану оқушыларды жауапкершілікке және өзара көмек көрсетуге тәрбиелейді. Ойынның бір қатысушысының белгілі бір лексиканы немесе грамматиканы білмеуі ойынның жетістікке жетуіне кедергі келтіруі мүмкін және одан барлық ойын қатысушылары зардап шегеді.Сондықтан мұғалім сабақты сауатты ұйымдастыра білуі қажет.

          Қорытындысында ерекше айтып  өтетін нәрсе -  рөлдік ойын  оқытудың ең перспективті нысаны  болып табылады:

-ол сабақта  жағымды  психологиялық климаттың  құрылуына ықпал етеді: 

-ынталандыруды  күшейтеді және оқушылар қызметін  белсенді етеді;

-қолда бар білімді, тәжірибені, әртүрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын      пайдалануға мұмкіндік береді. Сондықтан сабақтарда рөлдік ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге оқушылардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі.

         Рөлдік ойындар оқытудың әртүрлі  сатысында шетел тілін зерттеуге  ғана көмектеспейді, сонымен бірге  оқушының жоғары психикалық даму  сатысына көшуінде рөл атқарады.

Жоғарыда айтылғандар  келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

- ойын әрбір  сабаққа белгілі бір түрде  ендірілуі тиіс

- сабақтарда  ойынды пайдалану –оқу процесі  тиімділігінің, қарым-қатынас жағдайын  құрудың міндетті құралы

- шетел тілі  бойынша сабақтарда ойын жүргізу  оқытудың тәрбиелік мақсаттарын  жүзеге асыруға мүмкіндік береді

- ойын тиімділігі  оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты

- оқыту процесінде  ойынды әзірлеу және ендіру  шетел тілін оқытудың әртүрлі  сатыларында ауызша сөйлеуге  үйретудің негізгі міндеттерін  әлдеқайда үлкен жетістікпен  шешуге ықпал етеді.

           Ойындар келесі әдістемелік міндеттердің  орындалуына ықпал етеді:

-сөз қарым-қатынасына  балалардың психологиялық дайындығын  құру қайталау ретінде жүргізіуі  мүмкін

- бір ойын  сабақтың әртүрлі сатыларда пайдалануы  мүмкін

-ойынның тартымдылығы мен тиімділігінің өзінде шегін сақтай білу қажет, әйтпесе олар оқушыларды шаршатып жібереді және эмоцияға әсер ету қабілетін жояды.

        Оқушылардың әрқайсысының жұмысқа  қатысу деңгейі ашық түрде  анықталады,ортақ міндеттерді шешу  кезінде  қатысушылардың  өзара байланысы сезіледі.Рөлдік ойын процесінде қисынды ойлау,қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы,бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды.Сондықтан шетел тілі сабығында рөлдік ойынды пайдалану оқу процесінің тиімділігін көтереді.Оқушылардың тілге  деген қызығушылығын оқытудың барлық сатыларында сақтауға көмектеседі. Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қалыптасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу деңгейлерін дамытады. Сөйтіп, рөлдік ойын дұрыс сауатгы сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады.

 

 

2 тарау  Оқушылардың сөйлеу дағдысы   дамытуда рөлдік ойындарды қолданудың  ерекшеліктері

 

       Рөлдік ойын да үлкен оқыту  мүмкіндіктеріне ие. Рөлдік ойынды  қарым-қатынастың ең нақты үлгісі  ретінде бағалауға болады.Ол шындыққа  оның ең маңызды белгілерінің ұқсауын болжайды. Сол себепті психологтар шетел тілін оқытуда  «театрдан үйрену»тезисін  ұсынады. Рөлдік ойындарда өмірдің өзіндегідей әріптестердің  сөздік емес мінез-құлықтары  тығыз негізде қиысады. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.