Шетелдегі қазақ хабарлары
I. Кіріспе……………………………………………………………
II. Негізгі бөлім
2.Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісі…………………….4
2.1. Шетелдегі қазақ хабарлары.....
2.2.Радиоредакция ұжымы мен
III. Қорытынды………………………………………………………
IV. Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………
Зерттеу жұмысының өзектелігі. Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін зерттеп, қарастру.
Зерттеудің нысаны. Радиохабар тарату үрдісі.
Зерттеудің мақсаты. Курстық жұмысының негізгі мақсаты –әлемдегі және қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін толықтай дерлік зерттеп, олардың бүгінгі жағдайын салыстырып, қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты міндеттер қойылды:
-радиохабарлардың жанрларына шолу жасау;
-шетелдегі қазақ хабарлары;
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Ақтаев С., Н.Омашұлы, Қабылғазина К. т.б. ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында шетелдегі қазақ радиохабарларының тарату үрдісі зертеліп, сараланды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін маңызды еңбек болып табылады.
Зерттеу әдістері. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау,талдау, салыстырмалы, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Жұмыста әлемде және елімізде радиохабарлардың деңгейі мен жұмысы қарастырылады. Радиохабарлар тыңдарманның сұраныстарына жауап беретіндей, ең жылдам БАҚ болып табылады.
Курстық жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2.Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісі
Адамдар арсындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады.Дыбыс адамның өмір сүруің, қауіпсіздігін, қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қоса көңіл-күй сыйлайды, руханибайытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш-қуат береді. Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегінде өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескертетін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.
Бұқаралық ақпарат құралы
ретінде де радионың табиғаты осы
табиғи заңдылықтар мен қарым-
Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) деген де бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынас-тардың белсенді мүшесі ретінде көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарт тартуға немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырылады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына 3 факторға назар аударамыз.
- радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады, яғни ол көп функционалды.
- Хабар тарату тәжірбиесінде алға қойылған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін.
- Кез келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әр түрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамсын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. [1,218 б.]
Әлемдік радиотарату ісіндегі қазіргі үрдістер. Ашық қоғам және халықаралық қарым-қатынастағы жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдық сипаты. Қазақстанның әлемдік экономикалық интеграцияға кірігуі.
Қазақ тілінде әуе
толқынына хабар тарататын
Қазақстанның шет елдерге радиохабар таратуының негізгі принциптері: тарихы мен болашағы. Шетелдік аудиторияға таратылатын хабардың ерекшеліктері.
Шет елдік радиостанциялардың Қазақстанға хабар таратуы. Ресей мен Қазақстан. Ынтымақтастықтың бүгінгісі мен болашағы. «Азаттық», «Би-Би-Си» радиолары.
Әлемдік тәжірибе ақпарттың мүмкіндігінше жақын болатындығын қолдап келеді. Мысалы, республикалық арнлардан гөрі жергілікті радиоға деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық қамтылу мәселесіне назар аударғандұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман сеніміне тікелей әсер ететін факторлардың бірі.
Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешімін таппаған жағдайлар көп, әркім өз көзқарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта радиоарналар сол мәселелерді тікелей эфирде талқылау, оған телефон арқылы тыңдармандарды да қатыстыру тәжірбиесін дамытып келеді.Бұл құптарлық жай. Осыған байланысты радиохабар берудің пшіндері мен жанрлары да жетілдірілуде. Радио сұхбат, әңгімелесу енді сырласу пішініне ұласты, дөңгелек үстелден ток-шоуға дейінгі спектр қамьылып жүр. Бұл радионың табиғатына жақын болғандықтан тек құптаған орынды. Дегенмен, сол көпжақты қоғамыдқ талқылаулардың деңгейі әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үрдісінен шықпайтын жағдайлар да көп.
Радио қызметінде
қоғамдық пікірді сараптап, жүйелеп
отыратын социологияның рөлі
артып отыр. Радионың бүгінде
табысты дамуы хабарларының
2.1. Шетелдегі қазақ хабарлары
Халықаралық хабар тарату ең алдымен саяси тұрпатқа ие болатындағы белгілі. Ішкі радионың хабарларына қарағанда, шетел радиохабарлары саяси жағынан өткір, өйткені ол сыртқы насихат құралы ретінде болып табылады.
Барлық халықаралық радиостанциялардың мақсаты-шекарадан тысқары елдің қоғамдық пікіріне өз мүдделері тұрғысынан қозғау салу. Сондай-ақ, егер игілікті ниетті көздейтін болса, шетел хабарлары жалпыадамзаттық қазынаны қалыптастыру және оған ықпал ету қызметін де атқарады. Ол әлемде сенім атмосферасын тудырады, мәдени диалогтың да тамаша үлгісі болып табылады.
Америкалық профессор: «қырғи-қабақ соғыс» жағдайының теоретигі Поль Лайнбарджер 50-жылдардың аяғында «қазіргі кезде радио-идеолеогиялық ықпал етудің ең бұқаралық құралы. Радио ыңғайлы. Оны қай жерде болса да, қорықпай тыңдай аласың. Радио миллиондаған адамдар арасында информация таратудың ең арзан ұүралы екендігі шүбәсіз», деген еді.
Халықаралық радиостанциялардың қызметін жандандыру ісі «қырғи-қабақ соғыс» кезеңіне сай келеді. Сондықтан бізде болсын, шетелде болсын, сыртқа хабар тарату жөніндегі зерттеулерде бұл мәселеге соқпай кету мүмкін емес. Өйткені сыртқы саяси насихаттың пәрменді құралы халықаралық радиохабарларында «жазу бейнесі» жасалды. Халықаралық радиостанциялардың ішінде Би-Би-Си орыс тілінде хабар таратуды соғыстан кейін, яғни 1946 жылы, ал «Америка дауысы» 1947 жылы, «Неміс толқыны» мен «Азаттық» 1953 жылдан бастады. Сөз жоқ, бұл радиостанцияларыдң барлығы да «қырғи-қабақ соғыстың» перзенттері.
«Азаттықтың» міндеті мен мақсатын терең түсіну үшін оның тарихына үңілу керек.
Қолда бар деректерге жүгінсек, «Азаттық» радиокорпорациясының негізін салған Ресей халықтарын азат ету Америка Комитеті 1951 жылы 8 ақпанда Нью-Йоркте құрылған екен. Оның мақсаты-әлемдік орыс және ұлттық эмиграцияның азаттығын қорғауға, Ресейдің рухани мұрасын сақтауға және қолдауға көмек көрсету еді. Комитеттің бірінші президенті ЮПИ-дің бұрынғы москвалық тілшісі, кейін «риджерс дайджестің» аға редакторы Юджин Лайонс болды, сондай-ақ бұл Комитетке «Тайм» журналының вице-президенті Аллен Гровер, Гарвард университетінің профессоры Уильям Эллиот, журналистер Уильям Г.Чемберлен, Айзек дон Левин кірді.
1951 жылдың 7 қарашасында осы Комитет баспасөз үшін шұғыл мәлімдеме таратты. Онда «Кеңес Одағынан шыққан он бір эмигранттық ұйымның өкілдері-кеңес тәртібін құлату үшін бірлесіп жұмыс істейтіндіктерін жариялады. Бұл шешім осы ұйымдардың Висбаденде (германия) өткен конференциясының соңғы күнінде қабылданды және большевиктердің өкімет басына келегн күніне сәйкес келтірілді. Кеңестік билікке қарсы күреске шақырған мұндай конференцияда: «Біз, бес орыс саяси ұйымы мен грузин, белорус, армян, азербайжан және Солтүстік Кавказ бен Түркістан халықтары саяси ұйымдарының өкілдері-большевиктік диктатурадан азат ету жолындағы күресте Кеңес Одағының барлық халықтарын – коммунистік диктатураны жоюға; өзін-өзі басқару, өз тағдырын демократия жолымен шешуге, коммунистік құлдыққа қарсы, бостандық пен бейбітшілік жолындағы күреске шақырамыз, - деп мәлімдеді.
Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына ел болып тұрған осы шақта тарихшы, ғалымдарымыздың Түркия, Шығыс Түркістан, Моңғолия, Рейсей және Өзбектсан сияқты елдерде өмір сүруші қазақтардың тарихи мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп зерттеуі қажет. Әйтпегенде, сол ерекшеліктерімен әлі талай жылдар Марк Кишнер іспетті шетелдік ғалымдардың еңбектері арқылы танысып жүретін боламыз. Диссертация екі том болып неміс тілінде жарық көрген.
Ағылшын журналистикада «таза ақпарат» деп «болған оқиғаны дер кезінде нақты баяндалайтын барлық хабарлар» айтылады, ал түсіндірмелі хабарлар мен жаңалықтарға қосымша шолу олардан бөлек. Осы әдісті «Азаттық» радиосы да пайдаланады. Ішкі, сыртқы мәселелерді шолып. Талқылау кезінде журналистер шетелдік басылымдарға сүйенеді. Мұның өзі, олардың 2-3 тілді жетік меңгеруінің арқасында мүмкін болады. Сондықтан кеңейтілген ақпараттардан қандай да бір мәселе жөнінде егжей-тегжейді мағлұмат алуға негіз бар.
Мысалы, «Түркияның мәдениеті мен өнері» деген басылымда Қазақстанның 1990 жылғы жағдайы баяндалды. Онда шетелдік қазақ журналисі Әбдул Қайым Кесінжі республикамыздың саясат, экономика, әлеуметтік және мәдениет саласындағы маңызды өзгерістері жайлы әңгімелеген.
1991 жылы 25 қыркүйегінде
Қазақ радиосының «Ұшқын»
Радиостанцияның Қазақстандағы
тілшілері республикамыздағы
«Азаттықтың» негізгі мақсаты – халықтың көзін ашып, кімнің туыс, кімнің ағайын екенін таныту. Ферғана, Ош, Тәжікстан сияқты трагедиялардың болуына жол бермеу, ондай пәле-жаладан халықты аман алып қалу. Түркі халықтарының арасына араздықтың қара мысығын кіргізбеу.
Жақында берілген бір хабарында шетелдегі осы қандастарымыз: «Өткенге де, бізге де болашаққа да керегі-шындық! Қателесудің, қылмыстың шындығы емес, нағыз тағдырдың шындығы», деген еді. Тәуелсіз Қазақстанның еркін баспасөзі де сырттағы жанашырларымызбен тізе қосып, ақиқаттың ақ жолынан бір елі де ауытқымай еңбек ете берсе қандай ғанибет.
1995 жылдың тамыз айында «Азаттық» радиостанциясы Мюнхеннен Прагаға көшірілді. Радионың бұрынғы қызметкерлері ақпарат құралдарының ендігі тағдырын өзіміздің журналистерге тапсырды.
Біз өзіміздің зерттеуімізге Мюнхен студиясының хабарларын негіз еттік, ал Прагадан берілетін хабарларды зерттеп, ол туралы пікір айту, жетістіктерін көрсетіп, проблемасын көтеру – болашақтың ісі.
Монғолидағы қазақ радиосы. Монғол жерінде мәдени-ағарту, ұйымдастыру жұмыстары әуелі баспасөз арқылы жүзеге асрылды. Бірақ 1934 жылы өзінің алғашқы хабарын таратқан монғол ұлттық радиосының сөз етпестен бұрын-ол өз бастауын қайдан алғандығын айтуды жөн көрдік. Монғол радиосының өсу жолдары, даму баспалдақтары аймақ радио ісін жандандырудың ғана емес, монғол ұлтының бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде радио хабарын тарату ісі жайлы әлі күнге дейін қазақша зерттеулер жоқ.
1956 жылдан бастап монғол радиостанциялары орыс, қытай және қазақ тілдерінде хабар бере бастады. Бұл Монғолия ақпарт құралдары дамуының екінші кезеңі еді. Осы кезде Монғолияда Журналистер одағы құрылады. Салалық, жергілікті, арнаулы баспасөз шығару жолға қойылды.
Қазақ тілінде берілетін алғашқы хабардың уақыты 15 минут болды. Бұл кезде редакцияда қазақ тілінде хабар әзірлейтін қызметкердің арнаулы штаты болған емес, сондықтан оларды астанада оқитын қазақ студенттері дайындап, эфирге шығып жүрді. Мысалы, сол кезде 15 минуттық хабарды дәрігерлік институтның студенті Қайролл оқитын. Ал келесі жылы штат ашылып, Мәлік Ғизатұлы жұмысқа алынды. Бәзілхан, Қабылахат деген азаматтар, Алматының абай атындағы педагогикаылық институтын бітірген Күлдан Қашқынбайқызы, Залике сынды қызметкерлер радионың алғашқы қарлығаштары болды.
Бұл кезеңнің негізгі міндеті оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісін, ғылымды, әдебиет пе,н өнерді дамыта отырып, социализімді орнату еді. Осы мақсаттарды насихаттап, бұқараға жеткізуде радио үлкен роль атқарады.
15 минуттық хабарда
газеттерден алынған дайын
Заман ағымына ілескен қазақ журналистерінің еңбегі нітижесінде радиохабарлар редакциясы 1965 жылы Улан-Батордан Бай-өлкеге көшірілді. Осы жылы аймақта Чехославакияның көмегімен салынған радиостанция пайдалануға берілді. Бұл радиостанцияның хабар таратқыш қуаты 60 кВт, яғни 500 шақырымдық қашықтыққа есептелген еді. Қазақша хабарлар аймақтың жан-жағына тарады. Оны Бай-өлкеден басқа, Ховда, Увс аймақтары тыңдай алады. Бұл редакция алғашқы кезде жергілікті тұрғындарға арнап 30 минуттық шет елдегі (Қытайдағы) қазақтарға бағыштап тура осы көлемде хабар жүргізді. Ол кезде радио бағдарламасын әзірлейтін қызметкерлердің саны 10-ға да жетпейтін. Бас редактор болып Мәлік Ғизатұлы тағайындалды. Редактор. 2 тілші, режиссер, оператор, 4 техник хабардың мазмұнына, спасына, техникалық жақтарына жауап берді. «Баян-Өлгийден сөйлеп тұрмыз» деп басталатын ең алғашқы хабар «Кеңес» күйімен ашылды. Жарты сағаттық бұл хабарда аймақтық партия комитеті үгіт-насихат ісінің хатшысы Соңғыбай жолдас сөйлеп, аймақ жұртшылығын ана тілінде радионың алда тұрған міндеттерін түсіндірді.
1921 жылы «Халық төңкерісі» ең алдымен дінмен күресті. Дін өкілдерін «халық жауы-эсэргу» ретінде біржола жою үшін 1937 жылы соңғы шешім шықты да, оларды жаппай ұстап, қамау үлкен науқан болып жүргізілді. Мұсылмашылыққа қарсы күрес бет алды. Онға жуық мешіт, діни орындар қиратылды. Құран, діни кітаптар, көне жазбалар өртеліп, қалыптасқан діни рәсімдер, дәстүрлі халықтық салт қыспаққа түсті. Намаз оқып, ораза ұстауға, жаназа шығаруға, діни мейрамдарды өткізуге тыйым салынды. [1, 129 б. ]
Түркия мен Қазақстандағы діни медреседе оқитын шәкірттер туралы, 67 жылдан соң қажыға барған 16 адамның сапарын көпек мәлім етті. Адамдарды инабатқа, ізгілікке баулитын Құран сөзі, хадистер, сүре, бес уақыт намаз жайлы әңгімелер «Атамұра» хабарынан үнемі біріліп тұрады. Оған оқырман ерекше ден қояды.
Демократиялық өзгерістер басқа да бұқаралық ақпарт құралдары сияқты радиохабары ісін ширатып, ұлттық рухын шыңдай түсті. Қазақстандағы әріптесетрі сияқты, Монғолиядағы қаламгерлер де нарық қыспағын бастан өткерді. Әйтсе де уақыт басқа салған қиындықты төзімділікпен көтерген журналистер алға басқан заман қадамында өз үндерін қосып келеді.
2.2 Радиоредакция ұжымы мен міндеттері
Редактор - әуе толқынында шығуға тиісті хабарға жауапты адам. Оның міндеті сол өзі қызмет етіп отырған арнаның бағыт-бағдарына, жоспарларына орай хабардың сценарлық жобасын құру, жанрын анықтау, хабарға қатысушы адамдарды шақыру, үнтаспаға дауысты жазып алу, мәселеге қатысты жайларды анықтау сияқты т.б. ұйымдастыру шараларымен шұғылданады. Егер хабар басқа адамның авторлық бағдарламасы болса да тиісті бөлімнің редакторы тексереді, эфирге рұқсат береді. Хабар барысында қатысатын журналистерге тапсырмалар беріп, бағыттайды. Ал журналистке қойылатын талаптар төмендегідей:
- Тапсырамның нақты мысалын түсіну.
- Объект жайлы толыққанды мәлімет жинау.
- Оқиғаның немесе жағдайдың барысын дұрыс түсіну.
- Қойылатын сұрақтарды дайындау.
- Хабардың жанрын, пішінін белгілеу.
- Негізгі объект келмей қалған жағдайда қосымша кейіпкерлер дайындау.
- Техникалық құралдың дайындығын тексекру.
Хабар редакторының тікелей эфир кезінде жауапкершілігі тіпті артады. Режиссермен байланыс сапасы жақсы ма, сигнал өз дәрежесінде жетіп тұр ма, аудиториямен байланыстыратын телефондар дұрыс па, джинглдар мен музыкалық шығармалар дайын ба, бағдарламаның қонақтары дер кезінде шақырылды ма деген сияқты жайлардың бәрін тікелей міндетіне жастпаса да тексеруі қажет. Тіпті хабардың өту процесі де күрделенеді. Себебі, ол хабар барысында оқиға туралы баяндау-заметка, оқиға кейіпкерімен әңгіме-сұхбат, оқиғаға түсінік беру – комментарий, әр түрлі пікірлер айтылуы мүмкін – «дөңгелек үстел», оқиғаның көрінісінен хабардар ететін – репортаж, тіпті есеп те кездеседі. Міне, осындай сан түрлі жанрлар тоғысқан хабарды дұрыс ұйымдастыру – редактор міндеті. Тіпті микрофонмен қай жерде тұру, объектіні қалай сөзге тарту керек, сөйленер сөзді қалай даярлау керек деген сияқты функциялар да соның еншісінде. Өйткені, сол хабардың эфирден шығуына, тіпті бүкіл тағдырына жауапты.
Режиссер. Радиотуынды негізінен журналистік мәтінене және музыкадан құралады. Тыңдаушының қабілетін әспеттеу, солардың сұранысына орай хабарлар жасау арқылы, аудиорейтинг жинау журналситің міндеті болса, оны көркемдеп, әсірелеп, жеткізу дикторға жүктеледі немесе әртістер шақырылады. Тыңдаушы адаммен емес, сөзбен бетпе-бет келеді. Телевизиялық хабарларда сюжет негізгі рөл атқарады да, сөз қосымша міндет өтейді. Ал радиода бүкіл әрекет, құбылыс, оқиға тек сөзбен өрбіп, тыңдарманның көз алдына бүкіл көрініс тек баяндаумен елестетілді. Міне, сондықтан да радиожурналистердің шеберлігіне қосымша режиссураның қажет болатындығы осыдан келіп шығады. Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері-дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман – режиссер. Режиссерлық қызмет қаншалықты қиын болғанымен-соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң «хабардың режиссеры-бәленбай» деген бір ауызбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.
Режиссура кәсіптен де биік тұрған нәрсе, ол өнермен астасады. Себебі, ол, ән, би, саз, әртістік, т.б. секілді өнердің барлық түрлеріне жүйе-жүйесімен бағыт сілтеп, бағдар беріп отырады. Бір-біріне лайықты, бірақ әр түрлі дүниелерді жинақтап, біртұтас әлем жасайды. Ал, радиодағы режиссураның мәніне келсек, ол тіпті маңызды рөл атқарады. Радио режиссеріне қажетті алғышарттарға келетін болсақ:
- қиялға бай, яғни фантазиясы мықты болуы шарт;
- білімді, білікті, өресі жан-жақты болғаны абзал;
- өмір құбылыстарының кез келген саласынан хабардар болуы керек.
Мұндай қасиеттерді талап етудегі басты себеп – режиссер өз қызметі барысында әр түрлі мазмұндағы саясидан бастап әдебиге дейінгі хабарларды жасаумен шұғылданады.
Дыбыс режиссері-телевизия мен радиода жұмыс істейтін дыбыстық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға басшылық жасайтын, фонетикалық материалдарды тыңдайтын, дыбыстың техникалық, көркемдік сапасын бақылайтын, дәл уақытында дыбыстық эффектілерді қосып, тоқтатып тұруды, микшерлеуді, фонограмма жазуды бақылайтын шығармашылық қызметкер.
Дыбыс операторы – телевизияда, радиода жұмыс істейтін, хабар кезінде үнтаспаға жазылуын қамтамасыз ететін, қажетті шуларды, музыкалық шығармаларды сценарлық жоба бойынша тиісті жерлеріне қосып, қадағалап отыратын техникалық қызметкер. Ао, телеоператорды техникалық емес шығармашылық топқа да жатқызуға болады. Өйткені, оқиғаның басталуы, желісі, шарықтау шегі, маңызы, түйіні сияқты мәселелерді дөп басып түсіру, назар аударарлықтай детальдерді тап басу сияқты факторларды сұрыптау үшін ой-қиялы ұшқыр, шығармашылық түйсігі жоғары болуы керек.
Ди-джей-музыкалық хабардың жүргізушісі. Ең алдымен оның музыканы жақсы түсінуі шарт. Сол аудитория тыңдаушыларының сөйлеу стилін меңгеруі керек. Сөзде қолдану үшін емес, тыңдармандарды түсіну үшін жаргондарды да білгені жөн. Егер өз тыңдаушыларынан бөлек жоғары тонды сөздерді қолданып тұрса – аудитория түсінбей, қажетсіз пауза пайда болуы мүмкін. Сондықтан, неғұрлым ортақ тіл табысқаны дұрыс.
Ди-джей адамдарды тыңдай білетін, түсіне алатын психолог та болады. Эмоциялық ұстамды болған жөн. Білімділік, интеллектілік аса қажет. Шет елдердегі ди-джейлікті бірнеше жоғары оқу орындарын бітірген, кез келген саладан хабардар, жасы толысқан адмадар атқарады. Оның тәжірбиесі, көргені-білгені жеткілікті болмаса, сөйлер сөзі де болмайды. Әрине, қосымша ізденістер қажет. Мысалы, эстрада әншісінің сахнадағы, сахнадан тыс өмірі, әдеттері, көзқарасы т.б. туралы көбірек деректер, дайындық қажет.
Эфир жүргізушілері, жаңалықты жүргізушілер, ди-джейлер радионың форматына тәуелді болады. Аудиторияның ерекшелігіне жүгінеді, егер ересек адамдар болса, естеліктер, әңгімелер айтып, әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады. Ал жастар аудиторияс күлкілі жайларды, көңілді музыканы талап етеді. Сондықан,бағдарлама жүргізушілері кез келегн аудиторияны үйіріп алатындай болуы керек.
Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:
Біріншісі – журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.
А. Байтұрсынов: «Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс». [2,240б.]
Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішінде орын – орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз», - дейді. Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.
Екінші міндет – сөздің оқу мақамын дәл табу, кез келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. Бернард шоу айтқандай, «иә» немесе «жоқ» сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз, кез келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.
Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін болса, адмның елестету қабілетіне тиімді түрде әсер ете алады, радиожурналист материалының көп бөлігі, әсіресе ақпараттық бағыттағы хабарларды аудиторияға осы жолмен жетіп жатады.
Сөз әдебиетте де, журналистикада да мазмұнды жеткізуші құрал болғандықтан, адамның эмоциясына, кез келген айтылған, көзбен көрген жайтты ойша бейнелей білетін елестету қабілетіне бағытталады. Адам санасында қалыптасқан образ (бейне) табиғатынан күрделі, яғни ол мәндік, эиоционалдық, рационалдық әсерлермен және түйсікпен сезінудің қосындыларының жиынтығы.
Кез келген мәтіндегі әрбір сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына салып, жан-тәңінмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең, тыңдаушыға әсер етпей қоймайды. Кез келген мәтінді – ауа – райы болжамынан бастап қайғылы жайттар, елең еткізер оқиғаларға дейін – ресми түрде немесе селқос баяндауға болады, сонымен қатар тыңдаушыны толғандырып, селт есткізердей етіп жеткізуге де болады. Бұл үшін журналист шығармашылық адмы болуы тиіс, мәтінді ішкі түйсікпен терең сезініп, тақырып мазмұнына қарай дауысын құбылтып отыруы керек.
«Біз басқаларды тыңдағанда
олардың айтқандарын құлақпен қабылдаймыз,
содан кейін барып