Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ
АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)
ҚАРАҒАНДЫ 2009
Жоспар
Кіріспе
І. Шөлдер туралы жалпы түсінік
1.1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары
1.2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
1.3 Шөлдердің жіктелуі
1.4 Шөлдердегі тіршілік
ІІ. Сахара шөліне физикалық-географиялық баға беру.
2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
2.3 Жер бедері
2.4 Климаты
2.5 Су қоры
2.6 Топырақ және өсімдік жамылғысы
2.7 Жануарлар әлемі
2.8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)
ІІІ. Шөл және адам
3.1 «Шөл және адам» мәселесінің экологиялық-географиялық және әлеуметтік- экономикалық аспектісі
3.2 Шөлдерді игеру мәселелері
3.3 Шөлдену және табиғатты қорғау мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сахара – дүние жүзіндегі ең ыстық шөлдердің бір. Оның зор кеңістігіне алғаш рет тап болған адам қандай сезімде болатыны анық. Күннің өте үлкен отты шары көкжиек үстіне көтерілгенде шөл қызады. Құмның ыстықтығы сондай, түйенің құс аяғы ғана оның аптабын сезбейді – тасқа қол тигізу қиын... Құмның қызуынан ауа да қызады. Оның үстінде ауаның құрғақтығы соншама, одан ерін күйіп, жарыла бастайды. Көгілдір аспан күңгірт тартып, ауа мүлде тымық күйге енеді. Талтүстегі нағыз үрейлі аптап басталады.
Күндізгі адам төзгісіз аптап сүйектен өтетін түнгі суықпен алмасады. Температураның кенет төмендеуі нәтижесінде шөл бетінде бірден-бір ылғал көзі–шық тамшылары пайда болады.
Жер бетіндегі ең әйгілі де, үлкен шөлдің ашылмаған жұмбақтарына, ерекше табиғи жағдайы қызықпайтын адам табылмас. Шынында Сахара – ерекше табиғи жағдайы мен көптеген халық коныстанған, таңғажайып ежелгі тарихтан тұратын тұтас аумақ. Шексіз кеңістігі мен қатал ландшафттары оны одан аса ерекшелендіреді.
Сахара туралы шексіз көптеген ғылыми есептер, жұмыстар, кітаптар жазған. Яғни шөлді зерттеу көп ғалымдарды аса қызықтырған.
Бұл курстық жұмыста Сахара шөл болып табылатындықтан, ал шөлдердің даму, қалыптасу үрдістері, биологиялық жағдайлары да ұқас болып келетіндіктен, алдымен шөлдерге жалпы түсінік беріледі. Яғни Сахара шөлін қарастырмас бұрын шөл дегеніміз не екенін анықталынады. Одан кейін Сахараның географиялық орнына, геологиялық құрылысына, жер бедеріне, климат және су ресурстарына, флора және фаунасына сипаттама беріледі. Ары қарай шөлге антропогендік фактордың әсерін қарастырылады.
Сахара
– тек ғана өлі шөл ғана
емес, бұл - ертегідегі қалалар
секілді көрінетін ғажайып
Тұрақтылық пен шыдамдылық шөлдегі өмірді сипаттайды. Адам шөлде жүз мың жылдай тіршілік етуде. Осы уақыт бойы адам да, басқа да тіршілік иелері секілді климаттық барлық ауытқуын көтеріп келеді.
Сахара
- Атлант мұхиты жағалауынан
Мұндай
үлкен кеңістіктегі алуан
Тропиктік
шөлде тұтас өсімдік жамылғыс
жоқ. Тасты бөліктерде
Соңғы жылдары тропикалық шөлдердің көлемі тез өсіп келеді. Сахараның өзі ғана саванналардың көлемі есебінен жыл сайын 1 млн шаршы шақырымға ұлғаюда. Мұны шөлдену үрдісі деп атайды.
І. Шөлдер туралы жалпы түсінік
1.1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары
Шөлдердің жер бетіндегі қалыптасуының басты «механизмі» алдымен жердегі жылу мен ылғалдың біркелкі таралмауына, біздің ғаламшардағы географиялық қабықтың зоналдылығына тәуелді. Ауа температурасы мен атмосфералық қысымның зональды таралуы желдердің негізі бағытын, жалпы атмосфералық циркуляцияны анықтайды. Экватордың жоғары бөлігінде, мұнда құрлық пен су анағұрлым қызып, ауаның қозғалысы үдемелілігі артады. Мұнда әлсіз ауыспалы желдердің облысы түзеді. Экватордан жоғары көтерілген жылы ауа біршама салқындап, тропикалық жаңбыр (нөсер) түрінде жауатын үлкен мөлшерде ылғалдылығын жоғалтады. Содан кейін атмосфераның жоғары қабатында ауа солтүстікке және оңтүстікке тропиктер жаққа қарай қозғалады. Бұл ауа ағындарын антипассаттар деп атайды. Жердің айналуының әсерінен солтүстік жарты шарда антипассаттар оңтүстікке шегінсе, оңтүстік жарты шарда солтүстікке шегінеді. 30-400 С ендік үстінде (субтропиктерде) олардың шегіну бұрышы 900 С құрайды, және олар ендік параллельдер бойынша орналаса бастайды. Осы ендіктерде ауа массалары қызған жер бетіне түседі, ол жерде одан астам қызады. Осыған орай тропиктерде жыл бойы жоғары атмосфералық қысым, ал экваторда, керсінше жоғары атмосфералық қысым қалыптасқан. Сондықтан, жер бетінде үнемі ауа массалары (пассатар) субторпиктерден экваторға қарай қозғалып отырады. Экваторлық-тропиктік ендіктерде пасссаттар атмосфераның тұрақты стратификациясын анықтайды, бұлттардың түзуімен, жауын-шашын түсуіне әсер ететін тік қозғалысынан кедергі келтіреді. Сондықтан бұл ендіктерде бұттылық өте сирек байқалады, ал күн радиациясының ағыны өте жоғары. Осыған байланысты бұл аймақтарда ауа өте құрғақ болады (салыстырмалы ылғалдылық жазғы уақыттарда орташа шамамен 30%-ды құрайды) және жазғы айларда температура өте жоғары болады. Тропиктік белдеудегі құрлықтарда ортша ауа температурасы 30-350 С-қа жетеді; мұнда жер шарындағы ең жоғары ауа температурасы +580 С. Орташа жылдық ауа температурасының амплитудасы – 200 С, ал тәуліктік 500 С, топырақ беті кейде 800 С-қа жетеді. Жауын-шашын өте сирек түседі, нөсер түрінде.
Қоңыржай
белдеуінде шөлдердің
Сонымен, атмосфера циркуляциясының жалпы сипаты ғалымшарлық ерекшілктерге негізделген және жергілікті географиялық жағдайлар солтүстікке қарай және экватордан оңтүстікке қарай, 15 және 450 С ендіктер аралығында шөл зонасын қалыптастыратын өзіндік климаттық орта туғызады. Оған тропиктік ендіктердегі суық ағыстар әсер етуі қосылады (Перу, Бенгаль, Батыс-Австралия, Канар және Калифорния ағыстары).
Аридтіліктің (шөлді) деңгейі бойынша көптеген аумақтардың құрғақтылығы бірдей емес. Осыған байланысты біз аридті жерлерді экстрааридті, аридті және шөлейтті немесе өте құрғақ, құрғақ және жартылай құрғақ деп бөлеміз. Эстрааридті облыстарға тұрақты құрғақтылық -100%, аридті облыстарда – 50-75% және шөлейтті аудандарда – 20-40%.
М.П. Петров бойынша (1975ж), шөлдерге өте құрғақ климатты аумақтар жатады. Онда жауын-шашын шөлдерінің түсуі жылына 250 мм-ден аз, Булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен бірнеше есе көп.
Шөлдер жазғы жоғары
Солтүстік жарыт шарды Африка континентінде шөлді аумақтар 150 С және 300 С с.е. аралығында орналасқан, онда дүние жүзіндегіең ірі шөл – Сахара орналасқан. Оңтүстік жарты шарда олар 6 және 330 С о.е. аралығында орналасқан. Оған Калахари, Намиб и Карру, және де Сомали және Эфиопия аумақтарындағы шөлдер кіреді. Солтүстік Америкада шөлдер континенттің оңтүстік-батысында 22 және 240 С с.е. аралығында орналасқан, олар Сонора, Мохаве, Хила және т.б. шөлдерді қамтиды. Оңтүстік Америкада шөлдер 5 және 300 С о.е. аралықтарын қамтиды. Мұнда Сечура, Пампа-дель-Тамаругаль, Атакама шөлдері орналасқан. Азияда шөлдер 15 және 48-500 С с.е. аралығында орналасқан және оған мынандай ірі шөлдер жатады, Арабия түбегіндегі Руб-эль-Хали, Үлкен Нефуд, Эль-Хаса; Иран мен Ауғанстандағы Деште-Кевир, Деште-Лут, Дашти-Марго, Регистан, Харан; Түркменстандағы Карақұм; Өзбекстандағы Қызылкқұм; Қазақстандағы Мойынқұм; Индияда Тар; Пәкістанда Тхал; Монғолия мен Қытайда Гоби; Қытайда Такла-Макан, Алашань, Бейшань, Цайдаси. Австралияда шөлдер үлкен аумақты алып жатыр, 20 және 340 С о.е. аралығын қамтиды, оған Үлкен Виктория, Симпсон, Гибсона және Үлкен Құмдақ шөлдері кіреді.
Мейгл бойынша дүние жүзіндегі шөлді аумақтардың жалпы ауданы 48810 мың шаршы шақырымды құрайды (кесте 1), яғни құрлықтың 33,6%-ын алып жатыр экстрааридтердің көлемі - 4%, аридтер – 15 және шөлейттер – 14,6%.Кестеге сәйкес, типтік шөлдердің шөлейттерді қоспағанда аумағы 28 млн. шаршы шақырымды құрайды, яғни жер шары аумағының 19%-ын алып жатыр.
Кесте 1. Континенттер бойынша аридті аумақтардың ауданы, млн. шаршы шақырым (Мейгл бойынша, 1955 ж).
|
1977 жылы ЮНЕСКО бойынша дүние жүзіндегі аридті аудандардың нақты аумақтары, шекаралары белгіленген 1 : 25000000 масштабтағы карта құрастырылды. Картада төрт биоклиматтық зоналар белгіленді.
Экстрааридті зона.Жауын-шашын мөлшері 100 мм шамасында немесе одан да аз; өсімдік жамылғысы жоқ, тек кей жерлерде эфемерлер мен бұталар кездеседі. Мал шаруашылығына жарамсыз. Бұл зона анық белгіленген.
Аридті зона. Жауын-шашын мөлшері 100-200 мм. Өсмідіктер жамылығысы өте кедей, мұнда көпжылдық және бір жылдық өсімдіктер кездеседі. Көшпенді мал шаруашылығының зонасы.
Шөлейт зонасы. Жауын-шашын мөлшері 200-400 мм. Бұталы өсімдіктер, шөп жамылғысы қалыптасқан. Ауыл шаруашылығына, соның ішінде егнішілік пен мал шаруашылығына жарамды.
Осы картаға сай әлемдегі аридті ауамқтардың ауданы 48 млн. шаршы шақырым, ол барлық құрлықтың тура 1/3 алып жатыр.
1.2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
Жер бетіндегі көптеген шөлдер геологиялық платформаларда қалыптасқан және олар құрлықтың ежелгі учаскелерін алып жатыр. Азия, Африка және Австралиядағы шөлдер теңіз деңгейінен 200-600 м биіктікте орналасқан, ал Орталық Африка мен Солтүстік Америкада – теңіз деңгейінен 1 мың биіктікте орналасқан. Шөлдер – Жердің ландшафттарының бірі, ол да басқа ландшафтар сияқты заңдылықты түрде жер бетіндегі ылғал мен жылудың әркелкі таралуына байланысты қалыптасқан, осыған орай органикалық дүниенің дамиды. Шөлдер – белгілі даму тарихымен қалыптасқан географиялық құбылыс, ландшафт, оның да даму немесе тозу кезінде қалыптасқан өзгеру белгілері мен пішіндері бар. Шөлдерді ғаламдық құблыс ретінде айтқанда оны бір типті немесе бір түрлі деп қабылдауға болмайды. Көптеген шөлдер таулармен қоршалған, кейбіреулері таулармен шектеседі. Кейбір шөлдер жас тау жүйелерімен көршілес жатады, басқасы – ежелгі бұзылған таулармен қатарлас орналасады. Біріншісіне, Орталық Азиядағы Қарақұм мен Қызылқұмды, Алашань мен Ордос шөлдерін және Оңтүстік Америка шөлдерін жатқызсақ, екіншісіне, Солтүстік Сахарына жатады.
Таулар шөлдер үшін сұйық ағындардың қалыптасу облыстары, олар жазыққа «соқыр» салаларымен транзиттік өзендер ретінде өтеді. Шөлдер үшін жерасты суларының маңызы зор. Өзендер жазықтарға көптеген қалдық заттарды тасиды. Олар мұндақ сұрыпталып, өте ұсақ ұнтақтарға айналып, кұм бетіне шөгеді. Көп ғасырлар өткен соң жазықтардағы өзендер бірнеше метрлік аллювиальды жыныстарға толады.
Шөлдердің беткі жыныстары әртүрлі. Бұл аумақтың геологиялық құрылымы мен табиғи үрдістерге байланысты. М. П. Петрова (1973) бойынша, шөлдердің беткі жыныстары барлық жерде бірдей. Бұл үштік және бор дәуірлерінде түзілген тастақты, құмдақты элювиалдьды жыныстар. Шөлдерге бірнеше бір типті табиғи үрдістер тән: эрозия, су аккумуляциясы, құмдақтық массаның эолдық жиналуы. Шөлдер көп белгілері бойынша ұқсас болып келеді. Айырмашылықтар көбінесе шөлдердің Жердегі әртүрлі жылу белдеулерінде географиялық орналасуымен байланысты: тропикалық, субтропикалық, қоңыржай. Бірінше екі белдеуде Солтүстік және Оңтүстік Америка және Таяу және Орталық Шығыс, Үндістан, Австралия шөлдері орналасқан. Олардың ішінде континенттік және мұхиттық шөлдер ажыратылады.
Мұхиттық шөлдерде климат мұхитпен жақын орналасқандықтан жұмсарады, мұндағы жылу және су баланстары аралығындағы айырмашылық, жауын-шашын мөлшері, буланушылық мөлшері континенттік шөлден айырма жасайды. Мұхит маңы шөлдер үшін жылы және суық ағыстардың әсері зор. Жылы ағыстар мұхиттан келетін ауа массасын ылғалдандырады да, олар жағалауға жауын-шашын әкеледі, керсінше суық ағыстар ауа массасын құрғатады. Мұхит маңы шөлдері Африка мен Оңтүстік Американың батыс жағалауларында қалыптасқан.
Азия мен Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде континентті шөлдер орналасқан. Олар материк ішінде орналасқан (Орталық Азия шөлдері) және олар аридті және экстрааридті жағдайлармен ерекшеленді. Шөлдердің табиғатына оның биіктік орналасуы да әсер етеді.
Таулы шөлдер өте күшті аридті климатпен ажыратылады. Шөлдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары көбінесе олардың екі жарыт шардың әртүрлі ендіктерінде, Жердің ыстық және қоңыржай белдеулерінде орналасуына байланысты. Осыған орай Сахара австралиялық шөлдермен ұқсас болып, Орталық Азияның шөлдерінен басқаша болуы мүмкін.
1.3 Шөлдердің жіктелуі
Шөлді аумақтар біркелкі болып көрінгендерімен, олардың табиғатының өзіндік ерекшеліктері болады. Жер бедері бірдей болғанымен, топырақтары әртүрлі болады; егер топырақтары бірдей болса, су режимдері әртүрлі; егер су режимдері бірдей болса, өсмідіктер дүнинесі әркелкі болып келеді және т.б.
Осыған орай, шөлді аумақтардың табиғат жағдайлары өзара байланысты факторлардың тұтас кешеніне байланысты, шөлдерің түрлерін жіктеу және аудандастыру - өте күрделі іс.
Кеңестік және шетелдік әдебиеттерде шөлдердің жітелуіне көптеген жұмыстар арналған.Өкінішке орай ешқайсысында бұл сұрақты шешетін біртұтас тәсіл-әдіс жоқ. Кейбіреулері климаттық көрсеткіштерді негізге алса, екіншісі – топырақты, үшіншісі – флоралық құрылымын негізге алып жіктейді.
М.П. Петров өзінің «Жер шарындағы шөлдер» деген кітабында (1973 ж.) жер шары шөлдері үшін он литоэдафикалық түрден тұратын көп сатылы жіктеуді ұсынады:
* ежелгі аллювиальды жазықтың құмдақты қопсылған жыныстары;
* төрттік дәуірдегі гипстелген құрылымды жазықтар мен тау алды жазықтардағы құмдақтар мен ұсақ тасты жыныстар;
* төрттік дәуірдегі
жазықтардағы ұсақ тасты,
* тау маңы
жазықтардағы ұсақ тасты
* аласа таулар мен ұсақ шоқылардағы тастақты жыныстар;
* жазықтардағы аз карбонатты ұнтақталған құмдар;
* тау маңы жазықтарындағы лессті жыныстар;
* аласа таулардағы батпақтар;
* тұздақты депрессиялық
сортаңдар және теңіздік
Жер шарындағы және жеке континенттерде шөлді аумақтардың түрлерін жіктеу шетелдік әдебиеттерде де кездеседі. Олардың көбі климаттық көрсеткіштерге негізделіп жасалған. Салыстырмалы басқа табиғат орталарының басқа элементтері бойынша жіктеулер аз. (жер бедері, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі және т.б.)
1964 жылы К. Троль зональды климаттық жіктеуді ұсынды. Жіктеу:
- Солтүстік жарты шар.
- Солтүстікамерика тобы:
- Суық тип:
- Үлкен Бассейн
- Әйгілі жазықтар
- Мохаве шөлі
- Жылы тип:
- Сонора шөлі
- Оңтүстік Калифорния шөлі
- Чиуауа.
- Афро-азиаттық тобы:
- Жылы тип:
- Солтүстікафрика подгруппасы:
- Солтүстікафрикалық дала
- Сахара
- Шығыс Сахара (Ливия-Египеттік шөл)
- Сахель даласы
- Африканского ауданы;
- Сирия-Аравия подгруппасы:
- Аравия
- Руб-эль-Хали;
- Иран-Индия подгруппасы:
- Иран жазығы
- Деште-Кевир
- Деште-Лут
- Белуджистан
- Ауғанстан
- Тар шөлі
- Арал-каспий подгруппасы:
- Түркістан (Қарақұм,Қызылқұм)
- Суық тип:
- Арал-каспий даласы (Қазақстан, Үстірт және т.б.);
- Ортылқ Азиялық подгруппа:
- Жоңғария
- Такла-Макан
- Гоби
- Бейшань
- Алашань
- Ордос
- Цайдам
- Тибет жазығы.
- Оңтсүтік жарты шар .
- Оңтүстікамерикандық топ:
- Перу жағалауы
- Атакама
- Андылық биік таулы өлке
- Гран-Чако
- Аргентина таулары
- Патагония
- Солтүстік-Батыс Бразилия
- Венесуэла жағалауы .
- Оңтүстікафрикалық топ:
- Намиб
- Калахари
- Карру
- Оңтүстік-батыс Мадагаскар.
- Австралиялық топ:
- Симпсон шөлі
- Үлкен Виктория шөлі
- Гибсон шөлі
- Үлкен Құмдақты шөл
- Полярлы шөлдер
Кесте 2. Дүние жүзіндегі шөлдердің негізгі географиялық сипаттары.
| Шөлдер | Географиялық орны | Аудан,мың. шаршы. шақырым. | Абсолтюттік биіктігі, м | Температураның абсолюттік максимум, 0С | Температураның абсолюттік минимумы, 0С | Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері,мм |
| | ||||||
| Қарақұм | 37-420 С с.е.; 57-650 С ш.б. | 350 | 100-500 | +50 | -35 | 70-100 |
| Үстірт және Манғышлақ | 42-450 С с.е.; 51-58 0С ш.б. | 200 | 200-300 | +42 | -40 | 80-150 |
| Қызылқұм | 42-44 0С с.е.; 60-67 0С ш.б. | 300 | 50-300 | +45 | -32 | 70-180 |
| Аралмаңы Қарақұмы | 46-48 0С с.е.; 57-65 0С ш.б. | 35 | 400 | +42 | -42 | 130-200 |
| Бетпақ-Дала | 44-460 С с.е.; 67-720 С ш.б. | 75 | 300-350 | +43 | -38 | 100-150 |
| Мойынқұм | 43-44 0С с.е.; 67-730 С ш.б. | 40 | 100-660 | +40 | -45 | 170-300 |
| | ||||||
| Такла-Макан | 37-42 0С с.е.; 76-880 С ш.б. | 271 | 800-1500 | +37 | -27 | 50-75 |
| Алашань | 39-410 С с.е.; 101-1070 С ш.б. | 170 | 800-1200 | +40 | -22 | 70-150 |
| Бэйшань | 40-420 С с.е.; 91-1000 С ш.б. | 175 | 900-2000 | +38 | -24 | 40-80 |
| Ордос | 38-400 С с.е.; 107-1110С ш.б. | 95 | 1100-1500 | +42 | -21 | 150-300 |
| Цайдам | 36-390 С с.е.; 92-97 0С ш.б. | 80 | 2600-3100 | +30 | -20 | 50-250 |
| Гоби | 42-470 С с.е.; 98-118 0С ш.б. | 1050 | 900-1200 | +45 | -40 | 50-200 |
| | ||||||
| Деште-Кевир | 33-360 С с.е.; 52-570 С ш.б. | 55 | 600-800 | +45 | -10 | 60-100 |
| Деште-Лут | 28-330 С с.е.; 56-600 С ш.б. | 80 | 200-800 | +44 | -15 | 50-100 |
| Регистан | 29-320 С с.е.; 64-66 0С ш.б. | 40 | 500-1500 | +42 | -19 | 50-100 |
| | ||||||
| Руб-эль-Хали | 17-203 С с.е.; 46-550 С ш.б. | 60 | 100-500 | +47 | -5 | 25-100 |
| Үлкен
Нефуд |
27-300 С с.е.; 39-410 С ш.б. | 80 | 600-1000 | +54 | -6 | 50-100 |
| Дехна | 21-280 С с.е.; 44-480 С ш.б. | 54 | 450 | +45 | -7 | 500-100 |
| Сирия
шөлі |
31-340 С с.е.; 37-420 С ш.б. | 101 | 500-800 | +47 | -11 | 100-150 |
| | ||||||
| Сахара | 15-280 С с.е.; 15 б.б.-330 С ш.б. | 7000 | 200-500 | +59 | -5 | 25-200 |
| Ливия шөлі | 23-300 С с.е.; 18-300С ш.е. | 1934 | 100-500 | +58 | -4 | 25-100 |
| Нубия шөлі | 15-23 0С с.е.; 31-37 0С ш.б. | 1240 | 350-1000 | +53 | -2 | 25 |
| | ||||||
| Намиб | 19-290 С о.е.; 13-17 0С ш.б. | 150 | 200-1000 | +40 | -4 | 2-75 |
| Калахари | 21-27 0С о.е.; 20-27 0С ш.б. | 600 | 900 | +42 | -9 | 100-500 |
| Карру | 32-34 0С о.е.; 18-260 С ш.б. | 120 | 450-750 | +44 | -11 | 100-300 |
| | ||||||
| Тар | 26-29 0С с.е.; 69-74 0С ш.е. | 300 | 350-450 | +48 | -1 | 150-500 |
| Тхал | 30-32 0С с.е.; 71-72 0С ш.б. | 26 | 100-200 | +49 | -2 | 50-200 |
| | ||||||
| Үлкен
Бассейн |
36-44 0С с.е.; 112-1190 С б.б. | 1036 | 100-1200 | +41 | -14 | 100-300 |
| Мохаве | 35-370 С с.е.; 116-118 0С б.б. | 30 | 600-1000 | +56,7 | -6 | 45-100 |
| Сонора | 28-350 С с.е.; 109-1130 С б.б. | 355 | 900-1000 | +44 | -4 | 50-250 |
| Чиуауа | 22-300 С с.е.; 105-108 0С б.б. | 100 | 900-1800 | +42 | -6 | 75-300 |
| | ||||||
| Атакама | 22-290 С о.е.; 69-700 С б.б. | 90 | 300-2500 | +30 | -15 | 10-50 |
| Патагония | 39-53 0С о.е.; 68-720 С б.б. | 400 | 600-800 | +40 | -21 | 150-200 |
| | ||||||
| Үлкен Құмдақ | 18-230 С о.е.; 121-1280 С ш.б. | 360 | 400-500 | +44 | +2 | 125-250 |
| Гибсон | 23-25 0С о.е.; 121-1280 С ш.б. | 240 | 300-500 | +47 | 0 | 200-250 |
| Үлкен Виктория шөлі | 25-290 С о.е.; 125-1300 С ш.б. | 350 | 200-700 | +50 | -3 | 125-250 |
| Симпсон | 24-27 С о.е.; 135-1380 С ш.б. | 300 | 0-200 | +48 | -6 | 100-150 |
1.4 Шөлдердегі тіршілік
Барлық шөлдердегі мекендеушілер әртүрлі болғандарымен, олардың ортақ белгілері бар: барлығы дерлік судың, қоректің, баспананың жетіспеушілігіне және температураның ауытқушылығына үйренген.
Шөл өсімдіктері. Шөлдердегі өсімдіктерінің бір қатар сипатты қабілеттері бар. Олардың біреуі өзіне еш зиян келтірмей қурайды. Ескі, жас жапырақтар толығымен қурап қалады, бірақ жас жапырақтар келесі жаңбыр жауғанша өсуін жалғастырады.
Басқа өсімдіктер құрғашылықтан қорғана алады. Олардың даму аралығы аза уақыт аралығында бітеді, сондықтан өсімдік құрғақ кезеңдерді тұқым түрінде өткізеді. Шөлді өсімдіктердің тұқымдары бірінші жаңбырдан кейін өнбейді, ол түрдің тірі қалуына көмектеседі.
Құрғақшылыққа шыдамдылық – ең кең тараған қорғаныс тәсілі. Біріншісінің жапырақ дамымаған, екіншісінің тамырлары өте тереңге жайылады, арқылы ылғалды тереңнен алады. Сексеуіл мен акацияның тамыры 15 және 21 м-ге дейін кетеді. Кейбір шөлді өсімдіктер, керсінше, тамыр жүйесінің беткі бөлігі қалың болып дамыған, себебі олар аз уақыттық жаңбыр суын тез сіңіріп алады. Көптеген өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері қурап қалады да, тек түбіртегі, тамыры ғана қалады. Ал кейбір өсімдіктер ылғалды жапырақтарында жинайды, мысалы, алоэ, кактус. Олардың қорғаныс ретінде және аз булану үшін жапырақтарында тікенектер болады.
Бунақденелер. Шөлде бунақденелер өте көп және олардың сол жерде мекендеушілер үшін қорек ретінде рөлі зор. Жануарлар шөлдің құрғақ климатына бейімделген. Кейбіреулері індерін жер беті температурасы жетпейтіндей өте тереңге салады. Олар сыртқа қорек үшін ғана шығады.
Көптеген бунақденелер тек түнде ғана белсенді, ал күндіз олар індерінде тығылып жатады. Күндізгі бунақденелердің құйрықтары ұзын немесе ұша алады. Көбі өсімдіктердің астына тығылады.
Бауырмен жорғалаушылар – бұл шөлде мекендейтін топтардың бірі. Олар күндіз індерінде немесе өсімдік түбінде жатса, күнде суықтан қорғаныс іздейді. Өте көп тараған түрі – жылан, бірақ олардың көбі тек түнде жүретіндіктен, сирек байқалады. Көптеген түрлеріне денелеріндегі майлары көмектеседі.
Шөл құстары. Олар тұқымдар мен жасыл өсімдіктермен қоректенеді. Құстар тез қозғалып, ұша алатындықтан олар жағымсыз ауа райында қолайлы аумаққа ауыса алады.
Шөл сүтқоректілер. Құстар сияқты, сүтқоректілер шөлде өте аз кездеседі. Көбінесе ірі түрлері басқа зоналармен салыстырғанда аз мекендейді. Тек ғана қатал климаттық жағдайға бейімделген түрлері ғана шыдап, мекен етеді.