Шошқа тұмауы

Кіріспе

 

Әлемнің бір құрлығынан екіншісіне жайылып, күн санап қанатын  жайып келе жатқан шошқа тұмауы Қазақстанда, құдайға шүкір, аса қауіп туғызатындай дәрежеге жетпесе де, «жаман айтпай, жақсы жоқ», «құдай да сақтанғанды  сақтайды» деген даналықты басшылыққа алып,етек-жеңімізді жинап жатырмыз. Қауіптенуге қазірге дейін еліміз бойынша 17 адамның шошқа тұмауына шалдыққаны тіркелгені де себеп болып отыр. Еліміз бойынша H1N1 тұмауы пандемиясы шараларын қамтамасыз етуге арналған шараларды талқылаған кезекті кеңес Астанада болып өтті. Барлық облыстардағы денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет салалары басшыларының,  шошқа тұмауы бойынша маманданған инфекционистердің басын қосқан жиылысты мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Кеңес Оспанов бастан-аяқ жүргізіп отырды. Аталған тұмаумен байланысты жаһандағы эпидемиологиялық жағдай мен маусымдық және пандемиялық тұмауға қарсы егу шаралары жөнінде СДС/ЦАР эпидемиологы Джон Моран әңгімеледі.

Жер жүзіндегі шошқа тұмауының беталысын жіті бақылап отырған Джон Моран мырза жиналғандарды оның ерекшеліктерімен таныстырып, жаңа пайда болған жаудың оңай шағылмайтын жаңғақ екеніне алаңдаулы. Атап айтқанда, жер жүзін тегіс алаңдатқан вирус күзгі-қысқы маусымда ғана емес, жаз мезгілінде де қылаң беріп қалып отыр. «Жаздыгүні, әсіресе, жер шарының солтүстік бөлігінде шошқа тұмауы кездесуде. Біздің болжауымызша, Кавказ бен Орта Азияға шошқа тұмауы тез арада келе қоймауы керек» деп тұжырымдады Джон Моран. Екіншіден, аңдасқан адамын алып түсуден тайынбайтын инфекция жастар, соның ішінде балалар арасында жиі пайда болып отыр. Сосын Калифорнияда пайда болуына байланысты сол жердің атағын «иеленген» тұмауда әдеттегідей белгілерден бөлек, адамның іші өтіп, жүрегі айнуы да мүмкін. Керісінше, кей жағдайда науқастың дене қызуы көтерілмейді екен. Бұл жағдайды дәрігерлер ғана емес, жалпы көпшілік жадында ұстауы керек. Себебі, вирусқа шалдыққан кісіге дұрыс диагноз қоймай, уақыт өткізіп алғанда шошқа тұмауы тағы бірнеше адамды шарпып кетуі ғажап емес.

Астана, Қарағанды қалаларынан  инфекциялық аурулар жөнінде  берген мәліметтерде пневмонияға шалдыққандар тізімі де көрсетіліп жатты. Белгілі болғандай, тұмаудың асқынып, арты пневмонияға ұласуы қауіпті саналады. H1N1 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан мұндай науқастарды да дәрігерлер арнайы тізімге алуда.

Күтпеген жерден Украина  халқын аяғынан тік тұрғызып, Ресейдің бірнеше мектептерін уақытша  жауып тастауға мәжбүрлеген шошқа  тұмауына қарсы вакцина сатып  алуға 800 млн.теңгеден артық қаражат бөлінген, осы айдың басындағы мәлімет бойынша республика да 375,500 адам егіліпті. Ереже бойынша, ең алдымен, жұмыс барысында науқаспен қарым-қатынаста болатын медициналық қызметкер егілуі керек екен. Одан кейінгі кезекте аяғы ауыр әйелдер мен балалар, әрі қарай қарттар, ересектер егіледі. Қазір болашақ аналардың да тұмауға қарсы егілуі міндеттелген. Оның ішінде, вирусқа қарсы препараттар деп тарифлю, реленза және занамивир аталса, олардың ішінен жүкті әйелдің денсаулығына неғұрлым қауіпсіз деп саналғаны белгіленіп беріледі.

 

 

Өкінішке орай, әлі  толық зерттеліп үлгермеген шошқа  тұмауының айналасында ақ халатты  абзал жандардың өздерінің қарама-қайшы  пікірлерін туғызып отырған жайлар бар. Мәселен, залдағы дәрігерлердің  бірі шет елге шыққанда аталған дәрілердің бірін профилактикалық мақсатта қабылдай беру керек десе, Кеңес Оспанов препаратты тұмауды жұқтыру мүмкіндігі жоғары орындарда болып, тікелей қауіп төнген кезде пайдалану керектігін айтады. Сол сияқты, шошқа тұмауына ешқандай ауруы жоқ, қол-аяғы балғадай жандардың да шалдығып жатқаны айтылғанмен, ғалым С.Досхожаева онымен, негізінен, бойында бұрыннан келе жатқан созылмалы ауруы бар, иммунитеті нашар адамдар науқастанып жатыр деген пікірін білдірді. Көкейдегі көп сұрақтың жауабы алдағы уақытта шошқа тұмауына байланысты көп жағдай айқындалып, толық мониторинг жүрген кезде мәлім болмақ.

Кеңесте барлық облыстарда, аудан-қалаларда H1N1 вирусын жұқтырғандарды қарау үшін арнайы кабинеттер және емдеу үшін жеке палаталар жасақталып жатқаны айтылды. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түрікменбай Нұржігітов мұндай шаралардың біздегі облыс орталығы мен аудандарда да қолға алынып жатқанын жеткізді. Республикалық семинарда, сонымен қатар, соңғы күндері үкіметтік мінберде көтерілген авиамедицина мәселесі де сөз болды. Артық-кемі жоқ 72 сағат ішінде емдеуді, жедел жәрдеммен 15 минут ішінде жеткізуді қажет ететін шошқа тұмауында шалғай елді мекендердегі науқастарды шағын ұшақпен немесе тікұшақпен тасымалдау мәселесі үлкен роль атқарады.

Телефон қызметін, яғни байланыс құралы арқылы тұмау пандемиясы жайлы мәліметтер, сол маңға жақын емдеу орындары мен дәріханалар, дәрі-дәрмектер туралы ақпарат беру жандандырылмақ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 7 күн ішінде дайындалады.

Қазақстаннан тіркелген төтенше жағдайдың бәрінде науқастың құлан-таза айыққаны көрсетілген. Соған қарамастан, дәл осы шошқа тұмауынан жазуы тиіс тәжірибелік медикаменттер зертханалық жағдайына байланысты Ресейдің Петербор қаласында дайындалуда. Қытай, Америка өздерінде шығарған дәрі-дәрмекпен өздерін ғана қамтамасыз етеді. Басым бөлігі таза медициналық тұрғыда өткен семинар барысындағы баяндамалардан бұған дейінгі шошқа ауруына қарсы әзірленген препараттардың барлығы әзірге сынап көру мақсатында пайдаланылып жатқаны мәлім болды.

Бір жақсысы, H1N1 вирусын  анықтайтын зертханалар еліміздің  барлық облыс орталықтарында бар. Олардың  халықаралық дәрежеге ие болған ең ірісі – Алматыдағы республикалық  СЭС-тің Ұлттық референс-зертханасы. «Облыстардың бәрі бұл орайда қазіргі  заманғы құрал-жабдықтармен жасақталды. Кадрларды Египетте, АҚШ-та оқытып алдық» деген Кеңес Сәрсенғалиұлы шет елдерге, әсіресе, шошқа тұмауы өршіп тұрған елдерге шығатын қазақстандықтарды алдымен баратын жағындағы ахуалмен мұқият танысып алуды, сосын жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді өздерімен ала шығуға кеңес берді. Бас санитарлық дәрігер, сондай-ақ, тұрғындардың тек шошқа тұмауына емес, жалпы тұмауға маңыз беріп, жазылып кету үшін бар күштерін салуын сұрайды. Инфекцияға бой алдырған дене басқа дерттерді де қарсылықсыз, оңай қабылдайды. Медицинаға сүйенсек, соңғы онжылдықтың көлемінде 30-ға тарта вирус пайда болған екен.

Бұдан бірнеше жыл  бұрын құс тұмауы жер-көкті шулатып, діңкелетсе, оның алдында ТОРС (тяжелый  острый респираторный синдром) деген  пайда болған. Қазіргі күні олардың түк болмағандай ұшты-күйлі жоғалғанына қарап, шошқа тұмауынан қорыққан күндеріміз де артта қалар дейміз. Алайда, осы мәселеден жан-жақты хабарлар маман-инфекционистер жиында А/H1N1 вирусының қашан күні бітетіні жөнінде қандай да бір болжам айтудан бас тартты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының шығу тарихы

 

Доңыз тұмауы өте жұқпалы  жіті респираторлық инфекциялық  жұқпалы ауру, оны аса қауіпті  А типті (Н1N1) тұмау вирусы қоздырып, таратады.

2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мексика халқының арасында етек алған адамнан адамға жұғатын жедел респираторлық аурулар А типті (Н1N1) «доңыз тұмауы» вирустарымен берілетін жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. 2009 жылдың 29 сәуірінде зертханалық жолмен расталған «доңыз тұмауының» 148 жайын жаhанның 9 елі(АҚШ,Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Испания, Германия ж.т.б.) жария етсе, сонымен қатар Мексика мен АҚШ-та осы науқастан өлім жағдайлары тіркелген.

АҚШ-тың Атлантадағы  Аурулардың алдын алу және қадағалау  орталығының бұдан әрі (СДС/Атланта; АҚШ) зертханасында Техас пен Калифорния штаттарындағы аурулардан алынған зерттемелік материалдардан генетикалық өзгеріске ұшыраған А типті (Н1N1) доңыз вирусы бөлініп, адамнан адамға берілетіні анықтала отырып, А/Саlifornia/04/2009 (Н1N1) деп белгіленді және бұрын белгісіз вирус ретінде топтастыру ұсынылды. 52-ге жуық мемлекеттер 15000–ға таяу доңыз тұмауы тіркелгенін, оның 98 жағдайда өлім жағдайына әкелгенін мәлімдеді. Эпидемияның халықаралық етек алуын ескере отырып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры төтенше жағдай ретінде елдегі тұмау пандемиясының қауіптілік сатысының 5-ші деңгейін және халықаралық үйлестіруді жариялады.

«Доңыз тұмауының» жалпы  клиникалық белгілері кезеңдік адам тұмауына ұқсас болады, бірақ ешбір клиникалық белгісіз басталып пневмонияның ауыр түрінен қайтыс болуға әкелетін түрлері жайлы деректер алынды. Мексикада аурудың белгілері жедел респираторлық жұқпаларға ұқсас болу себепті диагноз қою кешеуілдеп, жұқпаның кең тарауына әкеп соқтырды. Көптеген аурулардың өкпе қабынуы үдей түсіп, тыныс алуы қиындағандықтан, өкпені аппаратпен тыныстандыру қажет болды; Көпшілігінде жедел респираторлық аурудың синдромдары өршіді. Аурудың вирус таратушылық мерзімі белгісіз, сондықтан ауру жұқтырған тұлға аурудың басталған күнінен санағанда 7 күн бойы айналасына қауіпті деп ұйғарылды, вирус таратушылық ұзаққа созылып, қоршаған ортада жұқпаның тарау көзіне айналу мүмкіндігі бар.

Жедел респираторлық  ауруда: мұрыннан су ағу, мұрын бітуі; тамақ ауыруы; жөтел мен дене қызуы көтерілуі; ал жедел респираторлық вирус жұқпасында әрқашан дене қызуы 37,8 ºС жоғары, жөтел мен тамақ ауруы; оған қоса жүрек айну, құсу, іш өту симптомдары «доңыз тұмауын» сипаттайды.

 

Егер адамда жедел  қызбалы респираторлық аурудың  белгілері, зертханалық расталған жұқпа қоздырғышы болса, мұны анықталған доңыз тұмауы жұқпасы ретінде есептейміз, яғни доңыз тұмауының вирусы бір немесе бірнеше зерттемеде:

1. байырғы уақыттағы  ОТ-ПЦР;

2. ауру адамның жоғарғы  тыныс жолдарынан алынған мұрын-тамақ қуысының шайынды/аспираттарынан вирус өсіндісін анықтау. Ауруларға эпидемиологиялық сыртартқы негізінде клиникалық белгілері нышандарымен болжалды және мүмкін жағдайлары қойылады: шошқа тұмауымен ауырған адаммен 7 және одан да көп күн байланыста болу, жұқпалы ауру бойынша сәтсіз елдерден және аумақтардан келу, А типті (Н1N1) шошқа тұмауы вирусын тудыратын жағдайлар.

Қазіргі уақытта доңыз  тұмауына қарсы қолданатын вакцина  жоқ. Вирусқа қарсы емдеу антивирустық препараттар: осельтамивир немесе занамавирді  басқа антивирустық препаратармен қоса пайдалану арқылы жасалады. Препараттың дозасы мен емдеу жолын емші дәрігер белгілейді. Балалар мен 18 жасқа дейінгі тұлғаларға дене қызуын түсіру мақсатында аспирин немесе құрамына аспирин кіретін дәрілерді қолдануға болмайды. Кәдімгі адам тұмауында қолданылатын симптоматикалық препаратарды қолдану және сұйықтық заттарды жиі ішу қажет. Залалсыздандыру заттарынан 70% этанол, 5%лизол, 10% хлорлы әк қолданылады.

Алдын алу шарасы үшін ауру адамды арнаулы бокс бөлмесіне  оқшаулау керек, ондай жай жоқ болса, ауа қысымы төмен жайға, үйде – бөлме конденционерін тек «сыртқа тарту» ал даладан ауаны жай кіргізу тәртібіне бейімдеп, орналастыру керек. Аурулармен тығыз араласатын тұлғаларға нұсқаулық өткізіледі, бірреттік аэрозольді ауа тұтқыш, N 95 ауа тұтқышын, арнайы сүлгілі бетперделер қолдану қажет. Қолды жиі жуып, спирт пен залалсыздандыру ерітінділерін қолдану қажет. Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген тұлғалар аурумен сирек ұштасуға тырысып, қатерсіз байланыс түрлерін - телефонды қолданғаны абзал.

 

 

 

 

 

 

Сұхбаттасу

Шындығына келсек,доңыз  тұмауының белгілері жай тұмаудың белгілерімен бірдей екен.біз бұл  жөнінде Алматы мемлекеттік дәрігерлердің  білімін жетілдіру институтының меңгерушісі, доцент Әбдісабыр Өмешұлынан сұраған едік.

 

– Доңыз тұмауының белгiлерi қандай болып келедi?

 

– Доңыз тұмауының  ошағы – Латын Америкасында, яғни Мексикада деп айтылып жүр. Және бұл жұқпалы A(H1N1) вирусты тұмауы Австралияда, Канадада, Оңтүстiк Кореяда, Израильде, Испанияда, Францияда, Ресейде, тағы да басқа елдерде қаншама адамның өмiрiн қиып кеттi. Ал Куба, АҚШ, Мексикаға шығатын әуе жолдарын жауып тастады. Бiздiң Сыртқы Iстер министрлiгi де доңыз тұмауы шыққан елдерге баруды тоқтата тұруды жөн көрiп отыр. Себебi, A(H1N1) пандемиялық тұмауы Қазақстанға шетелден келген деп есептелiнуде.

Жалпы, доңыз тұмауының  клиникалық белгiлерi маусымдық тұмауларға немесе ОРЗ-ға ұқсас болып келедi. Денесi тоңады, қалтырайды, қызуы көтерiледi, басы ауырады, тамағы жұтқызбайды, бұлшық еттерi ауырады, мұрнынан су ағады, жөтеледi. Тiптi, кей жағдайларда жүрегi айнып, асқазаны ауырып, құсуы да мүмкiн. Бұл тұмау – адамнан адамға ауа арқылы жұғатын респираторлы вирусты тұмау. Сондықтан қай жерiңiз ауырса да дәрiгерге көрiнгенiңiз дұрыс.

 

– Ұлыбританияның журналистерi “әлемнiң әрбiр үшiншi адамы доңыз тұмауымен ауруы мүмкiн” деген болжам жасады. Олар мұндай қорытындыға бұл вирусты елеп-екшеп, саралап барып келiп отыр. Әрине, олардың болжамдары келмей-ақ қойсын. Бiрақ, бұл тұмаудың алдын алудың басты шаралары бар ма?

 

– Қызуы жоғары, жиi жөтелетiн науқастардан бойды аулақ салған дұрыс. Қолды жиi жуып, дұрыс ұйықтап, витаминдердi көп жеу керек. Адам көп болатын жерге (қара базар, дүкендер, спорттық кешендер, конференциялар, тағысын тағылар) мiндеттi түрде маска киiп барыңыз. Және доңыз тұмауы асқынған елдерге бармауға тырысу керек. Дәрiгердiң рұқсатынсыз дәрiлердi сатып алмаған жөн.

 

– Кейбiр ғалымдар “доңыз тұмауы 7 миллион  адамның өмiрiн қиюы мүмкiн. Тiптi, ХХ ғасырдағы “испанка” тұмауы мұның қасында ойыншық секiлдi болып қалады”, – десе, ендi бiрi: “Бұл да құс тұмауы секiлдi тез басылады”, – деп сәуегейлiк танытуда. Бұл жөнiнде не айта аласыз?

 

– Мен – дәрiгермiн. Дәйек пен дәлелге ғана сенемiн. Сәуегейлiкке сенбеймiн. 

Соңғы кездерi Қазақстанда  доңыз тұмауын жұқтырушылардың саны тiркелмедi. Әрине, бұл бiз, үшiн қуанарлық жайт. Әйтеуiр, Англиядан – 13, Испания, Германия, АҚШ пен Ұлыбританиядан орал¬ғандардан бiр-бiр оқиғадан анықталғаны белгiлi. Ол науқастардың барлығы емделдi, сауықты. Мамандардың мәлiмдеуiнше, аурулардың асқынғаны, өлгенi туралы оқиғалар жоқ.

Қазiр A(H1N1) тұмау пандемиясынан  республика халқын қорғау жөнiндегi жағдай Денсаулық сақтау министрлiгiнiң  тұрақты бақылауында. A(H1N1) пандемиялық  тұмауын алдын алу Республикалық  санитарлық-эпидемиологиялық станциясы мен ДДСҰ семинар-конференциялар өткiзiлiп жатыр. Барлық дәрiгерлер доңыз тұмауы туралы хабардар. Тек жоғарыда айтылған белгiлер адам бойынан бiлiнсе, онда өз бетiнше емделмей, жедел дәрiгерге барған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының Қазақстанда таралуы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног әзірге бұл індеттің Қазақстанға қауіпі жоқ десе, Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан  Ашықпаев аурудың ошағы болып  табылатын Латын Америкасына  сапарға шығар алдында ойланыңыздар деген ескерту жасады.

Бас санитарлық эпидемиологиялық дәрігер Анатолий Белоног,

Астана, 27 сәуір, 2009 жыл

Мексика және АҚШ елдерінде жедел таралып бара жатқан жұқпалы індетке қарсы Қазақстанның мемлекеттік шекараларында іс-шараларды күшейту үшін бас санитарлық дәрігер Анатолий Белоног арнайы қаулы қабылданғанын айтты. Қаулыға сәйкес халықаралық әуежайларда, теміржол және автомобиль жолдарында шетелдерден келетін азаматтарды санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары күшейтіліпті.

Қазіргі кезде Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Қарағанды  қалаларының әуежайында сырқаттарды  қашықтықтан анықтауға болатын  тепловизор жұмыс істеп тұр. Осындай жабықтарды басқа да өңірлерге сатып алу мәселесін шешуді көздеп отырмыз. Сонымен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханалары тәулік бойы жұмыс істеуде, -дейді Анатолий Белоног.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Мексика, АҚШ елдерінен  осыған дейін Қазақстанға шошқа еті тасымалданып келіпті. Індет шыққанан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сырттан шошқа етін әкелуге уақытша тыйым салып отыр екен. Ал әзірге бұл жұқпалы індетке қарсы вакцина ойлап табылмапты. Бірақ Қазақстанның қорында сақтаулы «Тамифлю» вакцинасының барлық індетке қарсы тұра алатын күші бар көрінеді.

 Қазір мұрағатта «Тамифлюдің» отыз мың данасы сақтаулы. Әрбір облыстарда жүз данадан бар. Сондықтан да әзірге доңыз тұмауының елде таралуына қауіп жоқ деп айта алам, - дейді Анатолий Белоног.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәліметінше, Мексика және АҚШ аумағында аталмыш  аурудың мың жарымнан аса жағдайы  тіркеліпті. Олардың 7 пайызы көз жұмған. Індет адамдардың және шошқалардың  сырқаттануының мутантынан пайда болған H1N1 түрі ретінде сипатталады. Аурудың алғашқы белгілері әдеттегі маусымдық тұмаудан еш айырмашылығы жоқ екен. Алдымен бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, асқа тәбеті болмай, құсады екен.

Ал өз кезегінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де демалу маусымының жақындап қалғанын, осы тұста қазақстандықтарға аурудың ошағы тұтанып тұрған Мексика еліне баруда сақ болуларын сұрады.

Қазақстандықтардың Мексикаға  сапары Мәскеудегі Мексика елшілігі арқылы жүргізіледі. Алдын ала біз сұраған мәліметтерге сәйкес, ол елге аттанған адамдардың саны көп емес. Бірақ алдағы уақытта Мексикаға барам деген азаматтарға сапар шекпес алдында қатты ойлануларын сұраймыз, -деді сырткы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықпаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының Астана каласында таралуы

 


Астанада шошқа тұмауының  табылуы көпшілікті дүрліктіргені  рас. Бұл дерт қазақстандықтарға  қаншалықты қауіпті? Індет қалай  тарап, одан қалай сақтанамыз? «Айқын»  газетінің сауалдарына Республикалық  СЭС-тің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, академик Кеңес Оспанов жауап береді.

 

- Шошқа тұмауын біреулер әлемді  шарпыған қатерлі дерт санаса, басқалар оның шынайы қаупінен  гөрі оны ушықтыру, көпірту, құр  әңгіме басым дейді. Сіз не ойлайсыз?

 

- Біріншіден, шошқа тұмауы - бұрын кездеспеген, жаңадан пайда болған вирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бұрын ауру тарауы үшін 6 ай керек болса, наурыз айында ғана пайда болған індет 1 жарым айдың ішінде бүкіл дүниежүзін шарлап шықты. Қазірдің өзінде 143 мың адам осы дертті жұқтырса, оның 800 мыңы қайтыс болды. Осының өзі аурудың қауіпті екендігін көрсетпей ме? Оған қоса бұл ауруға қатысты жағдай күз бен қыста өте қиындай түспек.

 

- Неге?

 

- Себебі ауру бір организмнен екіншісіне өткен сайын әлденіп, вирус күшейіп алады. Күз бен қыста вирустың таралуына мүмкіндік зор.

 

- Шошқа тұмауы біздің елімізде  қаншалықты кең таралуы мүмкін?

 

- Әзірге аурудың таралу  қаупі жоғары емес. Себебі науқастардың бәрі елге келісімен жылдам анықталып, тіркелді. Олар Үкімет бірнеше жыл бұрын алып қойған швейцарлық Тamіflu деген дәріні қабылдап жатыр. Егер ауру жұқтырғандар дәрігерлердің айтқандарын мүлтіксіз орындап, үйлерінде отырып, 7 күнге дейін бәрі жақсы болып кетсе, ауру онша тарай қоймайды. Дегенмен қазіргі заманда жұрт ұшақпен ұшады. Англияда жүрген оқушылар бір тәулік ішінде вирусты Астанаға алып келді ғой. Ауру осылай жылдам тарап жатыр.

 

- Жаңа дерттің бетін алуға қаншалықты  дайынсыздар? Мамандар бар ма? Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

 

- Бұл аурудың келетінін білгенбіз. Шошқа тұмауы туралы сыбыс алғаш шыққан кезден бастап-ақ мамандарымызды оқыттық. Оларға Ресейден, АҚШ-тан келген мамандар дәріс берді. Сондықтан да біз ауру елге жеткеннен кейін 6-7 сағаттың ішінде оны дереу анықтадық.

 

- Қалай болғанда да, енді дерт Қазақстанда тіркелді. Ендігі қарекеттеріңіз қандай болмақ?

 

- Жан-жаққа тағы хабар тараттық. Себебі шекара - ашық. Індет Ресей жақтан да, Бішкек жақтан да елге еніп кетуі мүмкін. Жолдарда, теміржолдарда, ұшақтарда санитарлық бекеттер бекітілді. Енді сондағы адамдар мұқият болуы тиіс. Бірақ бұл кеселдің белгілері 7 күнге дейін байқалмауы мүмкін. Сол кезде науқас ұшып келсе, оны қызметкерлер аңғармай қалу қаупі бар.

Қазір туристік фирмалармен, ұшақтағы стюардессалармен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, стюрадесса ұшақта науқасты байқаса, бірден бізге хабарлап қоюы тиіс. Үкімет тапсырмасы бойынша арнайы жоспар әзірленіп, егер ауру асқынып кетсе, қандай шара жасайтындығымыз, оған қанша қаржы бөліп, дәрі-дәрмек қорын қалай даярлайтындығымыз талқылануда. Қазірдің өзінде бізде вирусты емдейтін 30 мың доза дәрі бар.

 

- Ал вакцина ше? Тұмаудан қорғану  үшін алдын алу шаралары жоқ  па?

 

- Елдің көбі: «Дәрі  ішіп, жазыла саламыз» деп салғырт  қарайды. Бірақ шошқа тұмауына әлі вакцина шыққан жоқ. Әрине, дүниежүзі ғалымдары ізденіп жатыр. 3-4 айдың ішінде вакцина жайы белгілі болатын шығар. Бірақ ғалымдар оны тауып, оны әлемге таратқанша біраз уақыт өтеді... Болашақта қазақстандық ғалымдардың да ондай дәрмек ойлап табатындығына сенімдімін. Себебі құс тұмауы шыққан кезде оның вакцинасын біздің ғалымдар шығарды емес пе?!

 

- Дегенмен дәл қазір қарапайым  жұрттың қатерлі індеттен қорғану  амалдары қандай?

- Күнделікті денсаулықтарын  күткен дұрыс. Дене шынықтырумен айналысып, жақсы тамақ ішіп, дұрыс демалған жөн. Меніңше, қазір орынсыз шетелге барып, саяхат жасаудың қажеті жоқ. Әсіресе, ауру шығып жатқан елдерге барғанда абай болғандары абзал. Еліміздің бірталай жақсы жерлері, демалыс орындары бар емес пе?!

 

- Қазір жаз кезі. Қалай болғанда  да, шетелде демалатын отандастарымыз  жеткілікті. Оларға не айтар едіңіз?

- Баратын елінде қандай  ауру барын анықтап алғандары  дұрыс. Денсаулықтарын түзеудің  орнына ауру «сатып» алса, қалай болады? Егер бір түсініксіз жағдай болса, бірден хабарлассын. Шетелде болып келгендер сырқаттанса, бірден дәрігерге барып, ауруын анықтағаны ләзім. Сонымен, тағы бір ескертетін жайт: кейбір елдерде зертханалық қызмет дамымағандықтан, шошқа тұмауын анықтау мүмкіндіктері шектеулі. Соның салдарынан бұл мемлекеттердегі науқастар есепке алынбауы ықтимал.

 

- Шошқа тұмауын қандай жолмен  жұқтырып алу мүмкін? Оның алғашқы белгілері қандай?

 

- Ауа арқылы таралады. Тұмау сияқты. Науқастың дене қызуы көтеріледі. Жөтеледі...

 

- Қазір елімізде бұл дертті  жұқтырып алуға бейім қандай  топтарды атай алар едіңіз?

 

- Әзірге ауру жұқтырып  келгендердің отбасы мүшелері, бірге  оқыған достары. Олардың бәрін қазір қарап, анықтап жатырмыз. Аурумен байланысты адамдар беттерін тұмшалап, бетперде киіп жүр.

 

- Ауруға шалдыққандардың емделіп,  айығып кету мүмкіндігі қандай?

 

- Бірнеше айдың ішінде  әлемде 800-дей науқас осы аурудан  көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда, кейбір елдерде емделмеген адамның өзінен-өзі осы аурудан жазылып кету фактісі де тіркелген. Бірақ дүниежүзі дәрігерлері оның күз бен қыста жылдам тарап кетуінен қатты қауіптеніп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай облысында  А/ Н1N1 тұмауының 

алдын алу мен емдеу штабы құрылды

 

Қостанай. 29 шілде. ҚазТАГ – Қостанай облысында, құрамына денсаулық  сақтау басқармасының, санэпидқадағалау, ТЖ мен басқа да тиісті қызмет өкілдері кірген

А/ Н1N1 тұмауының алдын  алу мен емдеу штабы құрылды. Бұл туралы агенттіке Қостанай облысының мемсанэпидқадағалау басқармасынан хабарлады. Қазірдің өзінде шошқа тұмауын емдеу мен оның алдын алудың бірқатар шаралары жасалды. Ауруханалар шошқа тұмауы анықталып, диагнозы расталған жағдайда пациенттерді қабылдауға дайын.

Айтпақшы, Лондоннан оралған балалар арасында Қостанайдан да бір қыз бала болған, және бір қыз бала Астанадан туыстарына келді. Оларды тұмау жұқтырғандармен қатынаста болғандар ретінде жергілікті дәрігерлер дереу бақылауға және мұқият тексеруге алды. Қыздарды профилактикалық емдеуден өткізіп, ыстығын, жағдайын тұрақты бақылауға алды. Нәтижесінде олардан тұмаудың бір де белгісі көрініс бермеді. Бізге Қостанай облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлағандай, оқушылардың дені сау, диагноз расталмады, 28-ші шілдеде карантин алынып тасталды.

Қостанай дәріханаларында  оксалин майы мен маскілер бар. Дәрілердің тапшылығы жоқ және оларға дүрлікпе сұраныс та байқалмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының белгілері

Кейде ол асқынып кетіп  тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

 Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

 

Емі

 

Емі — дәрігердің бақылауында  болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде  жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

 

А(H1N1) доңыз  тұмауы

 

Доңыз тұмауы немесе мексика тұмауы, болмаса «H1N1 вирусы» болжамға қарағанда доңыз ағзасында түрлі вирустардың қосындысынан пайда болған. Ол адам ағзасына түскен соң адамдар арасына жылдам тарай бастады. Бұл жаңа вирус өте жеңіл, жылдам тарайды және бүкіләлемдік індетті немесе тұмау пандемиясын тудыруы мүмкін.

Доңыз тұмауының белгілері  кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Адамның қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынып, тамағы ауырып, қалтырайды. Сырқат аса күрделі болмаса, сіз бес-жеті күн төсекте жатқаныңызбен, содан соң тағы бір, екі аптаға дейін жақсы болып кете алмайсыз. Егер сізде кәдімгі тұмаудың белгілері болса, сіз доңыз тұмауы белсенді түрде таралып жатқан жерде тұратын болсаңыз, немесе сіз осындай жерден келсеңіз, болмаса сіз доңыз тұмауымен ауырған адаммен кездескен болсаңыз, онда осының барлығы сізде аталған тұмаумен ауырып қалмадым ба деген күдік тудыруы керек.

 

Бұл вирус  қалай пайда болды?

 

«Доңыз тұмауы» жалпы  шошқаларда кездесетін, А типті вирусқа  жол ашатын ауру. Бұл ауру тез тарайды. Ауру шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады. Шошқалар арасында бұл ауру тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс арқылы жұғады. Тұмау дегенмен, бұл вирус шошқаларда жылдың барлық мезгілінде шыға береді.

Адамдардағы тұмау вирусы секілді шошқалардағы вирус та әрдайым  өзгеріп отырады. Шошқалардың тыныс  алу жолдарында шошқа, адам және құс тұмауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар осы вирустарды бірдей уақытта жұқтырса, жаңа тұмау вирусы пайда болуы да ықтимал H1N1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы вирустарының араласуынан қалыптасқан. Вирус шошқадан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұғады. Әзірше бұл вирусқа қарсы адамда табиғи иммунитет жоқ. Оның қауіптілігі де осында.