Штангенциркуль құралында өлшеу нәтижелерін өңдеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Метрология туралы түсінік ..............................
1.2 Метрология негізі мен мазмұны.......................
2. ӨЛШЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
2.1 Өлшеу құралдарының түрлері.......................
2.2 Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру.......................
2.3 Өлшеулердің жіктелуі. Сынау және бақылау
туралы ұғым..........................
2.4 Физикалық қасиеттері мен
шамалар.......................
3. ШТАНГЕНЦИРКУЛЬ – СЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІ ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛ-САЙМАН
3.1 Штангенцикуль құралының түсінігі......................
3.2 Штангенциркульды салыстырып тексеру.......................
3.3 Штангенциркуль құралын қолдана отырып
өлшеуді орындау.......................
3.4 Штангенциркуль құралында өлшеу нәтижелерін
өңдеу.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.
Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.
Өлшемдердің біртұтастығы
Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады. [9]
Метрология – өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.
Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.
Кез келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.
Талап етілетін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес. [1, 74б.]
Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара түсіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.
Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.
Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.
Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.
Неғырлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады. [8]
Курстық жұмыстың мақсаты – метрология саласында қолданылатын барлық өлшеу құралдарының түрлерімен танысу, зерттеу, сынау және бақылау болып табылады. Соның ішінде бір өлшеу құралын алып оның жалпы жұмыс істеу принципін түсіндіру және мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- өлшеу құралдарының түрлерін таныстыру;
- өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру жолдарын анықтау;
- өлшеулердің жіктелуін талдау;
- сынау және бақылау туралы ұғымды түсіндіру;
- штангенцикуль құралына талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, тұрады.
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Метрология туралы түсінік
Өзін қоршаған ортадағы адамның өмірі онда өтетін процестер және құбылыстардың өлшемдерімен тұрақты түрде байланыста болады. Өлшеу әлемді (дүниені)тану тәсілдерінің бірі болып қызмет етеді және сондықтан да ерекше түрде маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы, медицинадағы, саудадағы кез келген қызмет саласының өлшем ақпараттарын алуы және пайдалануы еңбек процесінің ажырағысыз бөлігі болып саналады.
Өлшеу ақпаратының құндылығы өлшем бірлігі мен дәлдігіне қатысты болады. Өлшеу нәтижелері заңдастырылған бірліктермен берілгенде, ал қателіктер берілген ықтималдылық бойынша белгілі болған кездегі оның жағдайы өлшем бірлігі ретінде түсіндіріледі.
Өлшем бірлігі олардың нәтижелерін өлшеу қайда, қашан, кімнің орындағанына қатыссыз түрде, қандай әдістер және техникалық құралдардың көмегімен орындалғанын салыстыруға мүмкіндік береді. Өлшеу дәлдігі – бұл нәтижелерден өлшенетін шаманың шынайы (нақты) мәніне жақындық дәрежесі. Нәтиже мен өлшенетін шама арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болса, оның дәлдігі соғұрлым жоғары болады.
Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының пәні болып саналады. Метрология - өлшемдер олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология өзіне оның үш құрамды бөлігін: заң шығарушы, іргелі (ғылыми) және тәжірибелік (қолданбалы) метрологияны енгізеді.
Метрология ғылымы және тәжірибелік (практикалық) қызмет саласы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Алайда оның бастаулары, адамдар өлшеу қажеттілігін бастан өткерген өте ерте замандарға кетеді. Алғашқы бетте олар қарапайым санау түрінде ғана болды. Арақашықтық қадамдармен, садақтан атқан жебенің түскен жерімен, жолға кететін күндермен өлшенеді. Уақыт тәуліктермен, ай кезеңдермен, жыл мезгілдермен есептеледі (саналады). Заттар саны даналрмен, дюжиндермен (2 шөлмек), будалармен (пачкалармен), тендермен (тюктермен) өлшенді.
Өндірістің және тауар айырбасының пайда болуымен өлшемдерге - өлшеу бірліктеріне деген қажеттілік туындады. Астық дәндерді (гран), бұршақ дәні (карат), саусақтардың ұзындығы (дюйм), аяқ табаны (фут) алғашқы бетте осындай өлшемдер болады.
Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және саналуан бола түсті, олардың арасында белгілі бір арасалмақ белгіленді. Бірте-бірте әртүрлі халықтар мен мемлекеттердің өз ұлттық бірлік жүйелері қалыптасты. Ежелгі русь тәжірибесінде ежелгі египет өлшем бірліктері (олар өз кезегінде Ежелгі Греция мен Римнен болатын) негізгі өлшем жүйесі болып қызмет етті. Әрбір өлшем жүйесі сол дәуірмен, ұлттық менталитетпен байланысты өз ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Русьте қарыс, сүйем мен шынтақ негізгі бірліктер болды, оның үсітнде қарыс, сүйем, негізгі ежелгі русьтің ұзындық өлшемі болып қызмет етті және адамның үлкен (бас бармағы) және сұқ саусағы аралығын (қарысты) білдірді. Одан, бертініректе, өзге бірлік аршын пайда болған кезде сүйем (1/4 аршын) бірте-бірте тұтынудан шығып қалды. Шынтақ өлшемі Вавилоннан келді және шынтақтың бүгілген жерінен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдірді. «табиғат өлшемдерінің» шығу тарихы да ерте замандарға кетеді.
Уақыт өлшемдері солардың алғашқыларының бірі болды. Астрономиялық бақылаулар негізінде ертедегі вавилондықтар жыл, ай, сағатты белгіледі. Жердің өз осінің төңірегіндегі орташа айналыс жасау мерзімінің 1/86400 бөлігі секунд атауына ин болды. Сол кездерде метрологиялық қызметтің әлі жоқ болғандығына қарамастан, үлгі өлшемдердің қолданылғандығы және олардың шіркеулер мен монастырларда сақталғандығы, сондай-ақ өлшеу құралдарының жыл сайынғы тексерістері туралы мәліметтер сақталған. Мәселен, ұлы князь Святослав Ярославовичтің (1070-ші жылдар) «алтын белбеуі» ұзындық өлшемінің үлгісі болып қызмет етті, ал новгород князі Всеволодтың (1136ж) жарғысында «сауда таразылары мен өлшеуіштер былғамай таза өлшейді». Деп жазылды. Ал оны бұзушыға өлімге кесуге дейін жаза қолданылуы мүмкін болды.
Сауданың дамуы мен сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюі өлшемдерді дәлелдеу ғана емес, сонымен бірге солардың «теңіздің аржағындағы елдермен» арақатынасын белгілеуді, сондай-ақ өлшемдерді сәйкестендіру мен бақылау, тексеру қызметін неғұрлым анық ұйымдастыруды талап етті. І Петрдің метрологиялық реформасында кеме жасау флотында кең тарауға ие болған ағылшын өлшемдері – фут және дюмаға рұқсат етілді.
РСФСР халық Комиссарлар Кеңесі 1918 жылы «Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық метрикалық жүйесін енгізу туралы» Декрет қабылдады.
Декреттің шығуы отандық метрологияны дамутудағы нормативтік кезеңнің бастауы ретінде аталып өтті. Осы кезден бастап метрология саласында нормативтік актілер енгізілді.
Ғылым мен техниканың дамуымен байланысты жаңа өлшем бірліктері талап етілді, бұл өз кзегінде, іргелі және қолданбалы метрологияны жетілдіруді ынталандырды. 1960 жылғы қазан айында өлшемдер мен салмақтар жөніндегі ХІ Бас конференцияда СИ халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды, бұл жарық пен бос кеңістікте 1/299792458 секунд үлесінде өтетін жолдың ұзақтығы. 1888жылы халықаралық деңгейде электрлік бірліктер мен шамаларды өлшеу саласында жаңа тұрақты шамалар (константтар) қабылданды, ал 189 жылы жаңа халықаралық тәжірибелік температуралық шкала МТШ-90 қабылданды. [2,77б.]
Ілгелі (фундаменталды) және қолданбалы метрологияның дамуымен бірге заңшығарушы (законадательной) метрологияның қалыптасуы жүрді.
Заң шығарушы метрология өлшемдердің және өзара келісілген жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін енгізетін метрологияның бөлімі. Заң шығарушы метрология, тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет пен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметі және заңды тұлғалар арқылы енгізілетін заңдармен және заң шығарушы ережелермен метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы болып қызмет етеді. Құралдардың үлгілерін сынау және бекіту, оларды тексеру мен калибрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау мемлекеттік метрологиялық бақылау мен өлшеу құралдарын қадағалау заң шығару метрология саласына жатады.
Заң шығауршы метрологияның метрологиялық ережесі мен нормалары соған сай халықаралық ұйымдардың ұсынымдарымен және құжаттармен сәйкестендірілген. Бұл халықаралық экономикалық және сауда байланыстарының дамуына ықпал етеді және халықаралық метрологиялық ынтымақтастықты өзара түсіністікке қолжеткізуге көмектеседі. [6]
1.2 Метрология негізі мен мазмұны
Өлшеу метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалар, сол сияқты өзге ғылымдарға (математика, психология, медицина, қоғамдық ғылымдар және т.б.) жататын шамалармен байланысты.
Сапалық қатынас тұрғысынан көптеген физикалық объектілер үшін ортақ болып саналатын, осыған орай сандық мәнімен өзгешеленетін физикалық объекті (құбылыс, процесс) қасиетінің бірі физикалық шама болып аталады.Аталған өлшем мәні өлшеу нәтижесі болып саналады.
Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеудің біртұтастығын қамтасыз ету негізі деп санауға болатын келесі екі шарт сақталған кезде ғана шешілуі мүмкін:
- бірыңғай заңдастырылған өлшеу нәтижелерін білдіру;
- берілген ықтимал шектен шықпайтын, рұқсат етілетін (соған дейін жол беруге болатын) қате жіберушілігін белгілеу.
Өлшенетін шаманың нақты мәнін өлшеу нәтижеснің ауытқуы қате жіберушілік деп аталады. Өлшеудегі қате жіберушілік әдетте өлшеу құралдарындағы немесе нормативтік құжамттардағы техникалық құжамтамаларда келтіріледі.
Алайда, өлшеу бірлігі қате жіберушіліктің сәйкес келуімен ғана қамтамасыз етілмейді. Сонымен бірге қате жіберушілік алға қойылған өлшеу мақсаттарына сәйкес берілген ауытқу шегінен аспайтындығы туралы айтылатын өлшеу сенімділігін де талап етеді.
Өлшеу дәлдігі қате жіберушіліктің нөлге жақындау дәрежесін, яғни өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесін сипаттайды.
Өлшеудің бірлігі – бұл рете олардың нәтижеелрі заңдастырылған бірліктермен білдірілген, ал қате жіберушілік берілген ықтималдылықпен белгілі және белгіленген шектерден шықпайтын өлшеудің жай-күйі.[2,78б.]
2. ӨЛШЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
2.1 Өлшеу құралдарының түрлері
Өлшеу ақпараттар алу тәсілі бойынша, өлшенетін шаманы өлшеу сипаты бойынша, өлшеу ақпараттарының саны бойынша, негізгі бірліктерге қатынасы бойынша ажыратылады.
Өлшеу ақпараттарын алу тәсілі бойынша тікелей, жанама, жиынтық және бірлескен болып бөлінеді.
Тікелей өлшеу – бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыру. Мысалы, салмақты таразыда өлшеу, ұзындықты сызғыштың көмегімен өлшеу.
Жанама өлшеу – бұл ретте ізделіп отырған шама мәні тікелей өлшеуге жататын осы шама мен шамалар арасындағы белгілі негізінде табылатын өлшем. Мысалы, салмақ және геометриялық өлшем бойынша дене тығыздығын табу.
Жиынтық өлшем
У бірнеше бірыңғай шамаларды бір мезгілде өлшеу нәтижелері бойынша құрылатын теңдеу жүйелерін шешумен байланысты кездеседі. Теңдеу жүйелерін шешу ізделіп отырған шаманы есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Бірге өлшеу – бұл олардың арасындағы тәуелдікті (қатыстылықты) анықтау үшін екі немесе одан да көп бірыңғай емес физикалық шамаларды өлшеу.
Жиынтық және бірге өлшеу электротехникада жиі қолданылады.
Сипаты бойынша өлшеу процесіндегі өлшенетін шаманы өлшеу статистикалық , динамикалық және статистикалық өлшеу болып бөлінеді.
Статистикалық өлшеу – өлшенетін шама іс жүзінде тұрақты болғанда орын алады.
Динамикалық өлшеу - өлшеу процесінде қандай да бір өзгерісті бастан кешетін шамалармен байланысты.
Статистикалық өлшеу – кездейсоқ процестердің, дыбыс белгілерінің , шу деңгейлерінің сипаттамаларын анықтаумен байланысты.
Бір реттік өлшеу – бұл бір шаманы бір рет өлшеу. Мұндай өлшеу түрін тәжірибеде қолдану әрқашанда үлкен қателіктер жіберумен байланысты кездеседі, сондфқтан да кем дегенде үш бір реттік өлшеу жүргізіп, орта арифметикалық мәні ретінде түпкі нәтижесін табу көзделеді.
Көп реттік өлшеу өлшенетін шамалардың өлшенетін көлемінің санын арттырумен сипатталады. Әдетте аталмыш жағдайдағы өлшейтін ең аз сан үшеуден асады.
Көп реттік өлшеудің артықшылығы - өлшеудегі қателіктер жіберуге кездейсоқ факторлар әсерінің маңызды түрде төмендеуінен тұрады.
Негізгі өлшем бірліктеріне қатынасы бойынша абсолютті және салыстырмалыға бөләнеді.
Бұл ретте бір негізгі шаманы (кейде бірнеше) және физикалық константаны тікелей өлшеуді пайдалану абсолютті өлшеу деп аталады. Мәселен, Е=мс2 формуласында масса (м) – тікелей өлшенуі мүмкін негізгі физикалық шама, ал жарық жылдамдығы (м) – физикалық константа.
Салыстырмалы өлшеу өлшенетін шаманың бірыңғай, бірлік түрінде қолданылатын шамаға қатынасын белгілеуге негізделген.[3,139б.]
Түрлі шамаларды өлшеуге арналған құралдар
Теплотехникалық құралдар қызметі, құрылымы және басқа да белгілері бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Көп таралған топтарға мыналар жатады:
- температураны өлшеуге
- қысымды өлшеу үшін – манометрлер, вакуумметрлер, мановакуумметрлер, тягомерлер, напоромерлер және барометрлер қолданылады.
- шығын мен мөлшерді өлшеуге расходомер, есептеуіш және таразылар;
- сұйық пен қиыршық деңгейін есептеу үшін деңгей өлшегіш және деңгей көрсеткіш;
- газ құрамын өлшеуге
- су және бу сапасын өлшеуге
кондуктометрлер және
Аталған құралдарды қосымша басқаша да топтауға болады:
- қызметі бойынша - өндірістік (техникалық), лабораториялық, үлгілік және эталондық;
- көрсету сипаты бойынша - көрсеткіш, тіркегіш (өздігінен жазатын және басып шығаратын), интеграциялағыш;
- қолданыланатын сигналдарының формасы бойынша – аналогтық және цифрлық;
- әсер ету принципі бойынша – механикалық, электрлік, сұйықтық, химиялық, радиоизотопты және т.б.;
- қолданылу сипаттамасы бойынша – шұғыл, есептік, есептеуіштік;
- орны бойынша – сол орындық және көрсетулерін дистанциялық беру құралдары;
- жұмыс жағдайы бойынша - стационар (щиттегі) және тасымалданатын;
- көлемі бойынша - ірі, шағын және миниатюрлы.
Әр құрылғы жоғарыда аталған топтың бірнешеуіне жатуы мүмкін. Мысалға термометр өндірістік, өздігінен жазатын, электрлік және т.б. топтарға жатады.Өндірістік құрылғылар өлшеу құралдарының кең таралған түріне жатады. Олар практикалық мақсаттарға қолданылады, құрылымы қарапайым және мықты болып келеді, жаңылыссыз жұмыс істейді. Қолайсыз ортада (шаң, ылғал, вибрация т.б.) бұл құрылғылардың жұмыс дәлдігі қолайлы жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді.Өндірістік құрылғылардың көрсетуі қашықтықтан да көрініп тұрады. Лабораториялық құрылғылар негізінен дәл өлшеулер үшін қолданылады. Оларды зерттеу және реттеу жұмыстары кезінде қолданады. Өлшеу дәлдігі жоғары болу үшін лабораториялық құрылғылар орындаулары аса дәл, схемалары толық жетілдірілген көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік беретін арнайы тетіктері бар болып шығарылады. Бұл құрылғыларды қолдану кезінде олардың көрсетулеріне тәжірибе немесе есептеу жолымен алынған түзетулер енгізіледі. [14]
Эталондық және үлгілік құрылғылар негізінен өлшеу құралдарын тексеру үшін қолданылады. Эталондық деп бірлік өлшемдерді сақтау және оларды аса дәлдікпен көрсету үшін қолданылады. Эталондар біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Біріншіліктері барынша дәлірек, олар мемлекеттік эталон қызметін атқарады. Екіншілік эталондардың мәндері біріншіліктер негізінде жүргізіледі. Екіншілік эталондар өлшемдер мәнін біріншілік өлшемдер мен құрылғыларға беру үшін қолданылады.
Үлгілік құрылғылар, бірліктердің дұрыс мәнін өлшеу және градуирлеу арқылы эталондардан басқа құрылғыларға беру үшін қолданылады. Үлгілік құрылғылар төрт разрядты болады. Ол разрядтар ол құрылғылардың және өлшеу әдісінің дәлдігіне байланысты тағайындалады. Бірінші разрядты құрылғылар жұмысшы эталон арқылы, екінші разрядты бірінші разрядты арқылы арқылы, т.с.с тексеріледі. Біріншілік (мемлекеттік) және негізгі екіншілік эталондар метрологиялық институттарда жасалады және сақталады. Екіншілік эталондар мемстандарт институттарында, мекемелерінде қолданылуы мүмкін.
Өлшегіш құрылғылар өлшенетін шаманың мәнін шкалада бірден көрсетеді. Тіркегіш құрылғылар ол мәннің өзгерісін уақыт барысында жазып отырады. Ол диаграмма түрінде болуы мүмкін. Көрсетулерін цифрлық түрде де (баспа құралдар) шығаратын құралдар болады.
Өздігінен жазатын құрылғылар бір (бір нүктелік немесе бір каналдық) немесе бірнеше (көпнүктелік немесе көпканалдық) шамаларды жазуы мүмкін.
Интегралдық құрылғылар (есептеуіш немесе интегратор) өлшенетін шаманың уақыттың кез-келген аралығындағы мәнін суммалау үшін қолданылалады.
Өлшегіш құрылғылар біріккен, мысалға көрсеткіш және өздігінен жазғыш, көрсеткіш және интегралдағыш т. б. болуы мүмкін.
Аналогтық құрылғылар өлшенетін шаманың мәнін үздіксіз функция түрінде береді. Оған мысалға стрелкалық, көрсеткіш және өздігінен жазатын құрылғылардың көпшілігі жатады.
Цифрлық құрылғыларда өлшенетін шама дискреттік сигнал түрінде көрсетіледі. Бұндай құрылғыларға цифрлық, есептеу, басып шығаратын және көптеген интегралдаушы құрылғылар жатады.
Есеп жүргізуге арналған, техникалық есептеу жұмыстарына және өзара есептесуге арналған құрылғылар өздігінен жазатын және интегралдайтын болуы мүмкін.
Жергілікті құрылғылар өлшенетін жердің өзінде орнатылады. Олар көбіне жауаптылығы аса жоғары емес бақылаулар жүргізуге, агрегаттарды қосу және тоқтату кезіндегі өлшеулерге арналады.
Көрсетулерін басқару орталығына дистанциялық түрде беретін құрылғылар негізгі өндірістік құрылғыларға жатады. Олардың беру қашықтығы 300-500 метр де болуы мүмкін.
Өндірістік өлшегіш құрылғылар негізінен стационар, яғни щитокқа, қабырғаға, бағандарға т.б. орнатылады. Басқа құралдардың басым бөлігі (лабораториялық, үлігілік т.б.) тасымалданатын түрге ие, яғни өлшеу кезінде столға, қабырғаға т. б. орнатылады.
Өлшегіш құралдардың негізгі тетігі болып өлшегіш және есептегіш құрылғылар табылады. Өлшегіш тетік физикалық шаманы өзінің сезгіш бөлігі арқылы өлшейді, қажет жағдайда оны күшейтеді. Өлшегіш құрылғының екінші бөлігі алынған мәнді көрсетеді, жазады, интегралдайды.
Өлшегіш құралдар сан түрлі және өлшенетін шаманың тегіне (қысым, температура және т.б.) және құрылғының қызмет әдісіне (механикалық, электрлік және т.б.) байланысты болады. Көбіне құрылғы жылжымалы және жылжымайтын бөліктерден тұрады. Жылжымалы бөліктің қозғалысы өлшенетін шаманың сезімтал элементке әсерінен пайда болады.
Есептегіш бөлік құрылғының көрсету сипатына байланысты мынадай болып дайындалады: шкалалы және нұсқағыш (көрсеткіш құрылғылар), жазғыш тетігі бар және диаграммалық қағазбен қамтамасыз етілген (өздігінен жазатын құрылғылар), есептік құрылғылы (интегралдаушы құралдар).
Көрсеткіш құрылғы шкаласы көбіне жазық немесе цилиндрлік циферблатка таңбаланған тізбекті қатардан құралады. Циферблат деп құрылғының бет жағы айтылады. Оған шкала, шартты таңбалар, анықтамалық жазбалар, өлшенетін шаманың сандық мәніне сәйкес келетін бөліктер салынады.
Циферблатка сандар және таңбалар салу шкаланы градуирлеу деп аталады. Шкаланың шама бірлігін көрсететін көршілес екі таңбасының арасындағы айырма шкаланың бірлік бөліктері деп аталады.
Кез-келген құрылғының маңызды көрсеткішіне оның S сезімталдығы жатады. Ол - шығыстық сигнал өсімшесінің кірістік сигнал өсімшесіне қатынасы болып табылады. Мысалға сырттан түсірілетін кернеу ∆U-ға өзгерген кезде өлшегіш стрелкасы ∆L-ға жылжыса, онда сезімталдық мына түрде анықталады. [11]
S=∆L /∆U (1)
2.2 Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру
Өлшеу құралдарын тексеру – бұл белгіленген техникалық талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестігін анықтау және бекіту мақсатында Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары немесе соған өкілетті өзге органдар немесе ұйымдар орындайтын операциялардың жиынтығы. Мемлекеттік метрологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өлшеу құралы өндірісте жасап шығарғанда немесе жөндеу өткізілген кезде, импорт бойынша әкелінген кезде және пайдаланган кезде тексеруге тартылады.[7] Тексерілген өлшеу құралдарын ған жалдауға, сатуға және беруге рұқсат етіледі.
Мемлекеттік метрологиялық орагндарда қолданылатын; кәсіпорындар үлгі ретінде қолданатын; өндірістен үлгі нұсқаулық өлшеу құралы түрінде шығарылатын өлшеу құралдары; нәтижелері материалық құндылықтардың, отын және энергиялардың есебі үшін пайдаланылатын өлшеу құралдары; саудада өзара есеп айырысу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары; табиғи ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданатын өлшеу құралдары; ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу үшін қолданатын өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік тексеруден өтуге жатады.
Бұл тізбеге кірмеген өлшеу құралдарын ведомствалық метрологиялық қызмет салалары тексеруі мүмкін. Егер кәсіпорынның өз тексеру қызметі болмаса, тексеруден өткізу құқығына ие мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына немесе ведомстваға қарайтын кәсіпорныға өтініш білдіре алады.
Өлшек құралдары бастапқы, мерімді, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық тексеруден өткізуге тартылады.
Бастапқы тексеру өлшеу құралдарын өндірістен жасап шығарғанда немесе жөндеп шығарғанда, сондай-ақ импорттайтын өлшеу құралдары үшін жүргізіледі. Бастапқы тексеруден өткізу орыны туралы мәселені елдің Мемстандарт органдары шешіді. Мемлекеттік бастапқы тексеруді өлшеу құралдарын шығаратын және жөндейтін кәсіпорныдардың бақылау-тексеру пунктерінде, оларды техникалық бақылау бөлімі қабылдап болғаннан кейін, мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары жүргізеді.
Мерзімді тексеру пайдаланудағы және сақтау кезіндегі барлық өлшеу құралдары тартылады. Мерзімді тексеру тексеруаралық интервалдар деп аталатын белгілі бір уақыт аралығында жүргізіледі. Тексеру аралық интервалдар өлшеу құралдарының ерекшеліктері мен пайдалану интенсивтілігін ескере отырып анықталады және тексеру аралығындағы кезеңдердегі өлшеу құралдарының жаармдылығын қамтамасыз етуі тиіс.