Швейцария
Жоспар:
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
1.1 Климаты
1.2 Географиялық орны
2.Әкімшілік бөлінуі
2.1 Экономикасы
2.2 Халқы
3 Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері
3.1Банктік жүйенің швейцариялық стилі
Швейца́рия (нем. Schweiz, фр. Suisse, итал. Svizzera, ромш. Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш. Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі.
Халқы 7,7 млн. (2008), оның 65%-ы — неміс тілді швейцарлар, 18%-ы — француз тілді швейцарлар, 10%-ы —италиян тілді швейцарлар, 1%-ы — реторомандықтар, т.б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар.
Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.
Швецария — федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291).
Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі.
Табиғаты
Швейцария — таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аум-ның 60%-ын құрайды). Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген.
Таулардың басында көптеген фирндік алаңдар мен мұздықтар бар (ел аум-ның 10%-ы). Негізгі асулары (Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина) 2000 м-ден биік орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай Альпі аласара түсіп, мұздықтар сирей бастайды. Альпіден солтүстік-батысқа қарай ел аум-ның 1/3-іне жуығын алып жатқан Швейцария қыраты орналасқан. Ол 1000 — 1200 м-ден 400 м-ге дейін аласарады (Рейн мен Ааре өзендерінің аңғарлары). Мұнда ел халқының басым бөлігі шоғырланған, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Сондай-ақ мұнда ең құнарлы а. ш. жерлер мен жайылымдар бар. Елдің солт.-батысында қатпарлы Юра таулары (Швейцария шегіндегі ең биік жері — Мон-Тендр тауы — 1679 м) жатыр.
Швейцарияның жануарлар дүниесі адамның шаруашылық қызметінің ықпалын күшті сезініп отыр. Қар құры мен ақ қояндар кең тарағанымен, таулардың жоғ. бөлігіне тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Жабайы жануарлар дүниесін қорғау жөнінде көп жұмыстар атқарылуда. Австриямен шекарада орналасқан Швейцария Ұлттық саябағын еліктер мен бұғылар, тауешкі мен түлкі мекендейді, сондай-ақ ақ құр мен жыртқыш құстардың бірнеше түрі кездеседі.
Швейцария - теңiзге шығусыз ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:
- Солтүстігіндегі Юра таулары,
- Отралығындағы Швейцария үстірті,
- Оңтүстігінде Швейцарияның 61% жерін алатын Альпі таулары.
Солтүстiк шекарасы Швейцария
Альпiлерiнiң ортасынан
Үстірт ойпатта жатыр, бiрақ оның көп жағы теңiз деңгейiнен 500 метр жағарыда орналасқан. Орманды жоталардан (1600 м дейін) тұратын жаңа қатпарлы Юра таулары Франция мен Германия аумағына дейін созылған. Швейцарияның ең биік нүктесі Пеннин Альпісінде орналасқан — Дюфур шыңы (4634 м), ең аласа нүктесі — Лаго-Маджоре өзені — 193 м.
Швейцарияда Еуропаның тұщы судың 6% орналасқан. Ең ірі өзеңдері - Рона, Рейн, Лиммат, Аaре.
Швейцарияның ең ірі он көлі:
- Женева көлі (582,4 км²)
- Боден көлі (539 км²)
- Нёвшатель көлі (217,9 км²)
- Лаго-Маджоре (212,3 км²)
- Фирвальдштет көлі (113,8 км²)
- Цюрих көлі (88,4 км²)
- Лугано (48,8 км²)
- Тун (48,4 км²)
- Бильск көлі (40 км²)
- Цугск көлі (38 км²)
Әкімшілік бөлінуі
Толық мақаласы: Швейцарияның әкімшілік бөлінуі
Вале
Тичино
Граубюнден
Женева
Во
Нёвшатель
Юра
Берн
Тургау
Цюрих
Аргау
Люцерн
Золотурн
Базель-Ланд
Шаффхаузен
Ури
Швиц
Гларус
Санкт-Галлен
AI
AR
Обвальден
Нидвальден
Цуг
Фрибур
Базель-Штадт
Франция
Италия
Лихтен.
Австрия
Германия
Граубюнден шығыс кантонындағы, Сент ауылындағы қысқы көрініс
Швейцария — 26 кантоннан (20 кантон және 6 жартылай кантон) тұратын федеративтік республика.
|
Кантон |
Ең ірі қаласы |
Ауымағы, мың. км² |
Цюрих (Zürich) |
Цюрих (Zürich) |
1,7 |
Берн (Bern) |
Берн (Bern) |
5,9 |
Люцерн (Luzern) |
Люцерн (Luzern) |
1,5 |
Ури (Uri) |
Альтдорф (Altdorf) |
1,1 |
Швиц (Schwyz) |
Швиц (Schwyz) |
0,9 |
Обвальден (Obwalden) |
Зарнен (Sarnen) |
0,5 |
Нидвальден (Nidwalden) |
Штанс (Stans) |
0,3 |
Гларус (Glarus) |
Гларус (Glarus) |
0,7 |
Цуг (Zug) |
Цуг (Zug) |
0,2 |
Фрибур (Fribourg) |
Фрибур (Fribourg) |
1,7 |
Золотурн (Solothurn) |
Золотурн (Solothurn) |
0,8 |
Базель-Штадт (Basel-Stadt) |
Базель (Basel) |
0,04 |
Базель-Ланд (Basel-Land) |
Листаль (Liestal) |
0,4 |
Шаффхаузен (Schaffhausen) |
Шаффхаузен (Schaffhausen) |
0,3 |
Аппенцелль — Ауссерроден (Appenzell-Ausserrhoden) |
Херизау (Herisau) |
0,2 |
Аппенцелль — Иннерроден (Appenzell-Innerrhoden) |
Аппенцелль (Appenzell) |
0,2 |
Санкт-Галлен (St. Gallen) |
Санкт-Галлен (St. Gallen) |
2,0 |
Граубюнден (Graubunden) |
Кур (Chur) |
7,1 |
Аргау (Aargau) |
Арау (Aarau) |
1,4 |
Тургау (Thurgau) |
Фрауэнфельд (Frauenfeld) |
1,0 |
Тичино (Ticino) |
Беллинцона (Bellinzona) |
2,8 |
Во (фр. Vaud) |
Лозанна (фр. Lausanne) |
3,2 |
Вале (Valais) |
Сьон (Sion) |
5,2 |
Нёвшатель (фр. Neuchâtel) |
Нёвшатель (фр. Neuchâtel) |
0,8 |
Женева (фр. Genève) |
Женева (фр. Genève) |
0,3 |
Юра (фр. Jura)1 |
Делемон (Delemont), нем. Дельсберг (Delsberg) |
0,8 |
1 1979 жылы құрылған.
Еcкі Швейцариялық Конфедерациясы.1291 жылдан (көк сұр) 16 ғ. дейін (ал күрең) және оның бірлестіктері (көк)
Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т.б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т.б.). Швецария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б.з.б. 2 ғ-ға жатады. Бұл кезде Ш-ның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б.з.б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г.Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б.з.б. 15 ж. рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды. 5 ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. 7 ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.
Федеральдік чартер.1291 жылы
10 — 11 ғасырларда Швейцария “Қасиетті Рим империясының” құрамында болды. 13 ғасырда Габсбургтер Орталығы Еуропаны Италиямен байланыстыратын тау асуларын бақылап отырған “тау кантондарын” (Швиц, Ури, Төм. Унтервальден) өздеріне толық бағындырмақ болды. Габсбургтермен күрес қызған кезде 1291 жылы тамызда бұл кантондар Швейцария одағының (конфедерациясының) негізін қалаған “мәңгілік одақ” құрды. 1315 жылы Моргартен түбіндегі шайқаста австриялықтарды жеңу нәтижесінде Швейцария конфедерациясы өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1499 жылы Ш. “Қасиетті Рим империясынан” толық тәуелсіздік алды, бұл 1648 жылы Вестфаль бейбіт келісімінде ресми түрде бекітілді.
16 ғасырда елдің экон.
жағынан дамыған қалаларында Ж.
Экономикасы
The Omega Speedmaster, Швецариялық сағат[1]
Швейцария — жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Щвейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары — машина жасау мен металл өң-деу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық-престеу жабдықтарын, дәлдігі жоғары металл өңдеу станоктарын (оларды шығару мен экспорттау бойынша Щвейцария дүние жүзіндегі жетекші орындардың бірін иемденеді, өнімнің 80%-ына жуығы сыртқа шығарылады), дәл өлшеу аспаптарын (күрделі медициналық аппараттар, дәл таразылар, оптик. аспаптар, т.б.), сағаттар (дүниежүз. өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95%-ы экспортталады) шығару неғұрлым жоғары дамыған. Щвейцария тоқыма (тоқу, иіру, тігін машиналары, дүниежүз. экспорттың 1/5-і), полиграф. (баспахана машиналары, түптеу станоктары, т.б.; өнімнің 90%-ы экспортталады), тамақ, сағат өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіру мен экспорттау жөнінде дүние жүзіндегі ең алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Ш-ның компьютерлер мен оларды бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісіндегі, күзеттік (видеобақылау, банкноттар мен бағалы қағаздарды қорғау жүйелері) және орау құрал-жабдықтарын, егін жинау техникасын, құрылыс саймандарын өндіру салалары да жақсы дамыған.
Үлкен Цюрих облысы 1.5 млн адамдардың және 150-ден астам компаниялардың үйі.[2]
Химия өнеркәсібінде дәрі-дәрмектер
(дүние жүзінде 2-орын, өнімінің 90%-ы
— витаминдер, дәрілік құралдар,
тазалық бұйымдары
Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық “Юнилеверден” кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі.
Тоқыма (өнімінің 50%-ына жуығы экспортталады), тігін, аяқ-киім өнеркәсібі дамыған.
Жылына 57,2 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндіріледі (негізінен СЭС-терде, 4 АЭС жұмыс істейді). Темір жолдарының барлығы электрлендірілген, ең биіктегі т. ж. бекеті теңіз деңгейінен 4000 м-ден жоғары орналасқан.
Ауыл шаруашылық — жоғары өнімді, ел сұранысының -ін бөлігін қанағаттандырады. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін ел аум-ның 11%-ы пайдаланылады. Жетекші сала — мал өсіру (а. ш. өнімдерінің -ін бөлігін береді), оның ішінде сүтті ірі қара (симменталь және швиц тұқымдары) мал өсіріледі. Негізгі дәнді дақылдар: бидай (бүкіл жыртылатын жердің жартысынан көбіне егіледі), қара бидай, жүгері, сұлы. Сондай-ақ қант қызылшасы, картоп, азықтық шөптер мен тамыржемістілер өсіріледі. Жүзім, жеміс-жидек өсіру де дамыған.
Швейцарияда жылына 12,5 млн-дай
турист демалады. Мейманханалық іс,
сонымен бірге арнаулы
Сыртқа машина жасау мен металл өңдеу өнімдерін, сағаттар, дәрі-дәрмек және химия өнеркәсібі өнімдерін, азық-түлік, жоғары дәлдіктегі аспаптар, тоқыма тауарларын, киім-кешек шығарады. Импортын ауыр машина жасау өнімдері, автомобильдер, ауыл шаруашылық мен орман өнеркәсібінің өнімдері, құрылыс материалдары, минералдық отын, химия өнеркәсібі өнімдері, тоқыма мен киім-кешек құрайды.
Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания мен Еуро Одақтың басқа да елдері, АҚШ, Жапония.
Швецария Қазақстанның Батыс Еуропадағы ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның еур. елдермен жүргізілетін сауда айналысының 11%-ына жуығы тиеді. Қазақстан мен Ш. арасындағы сауда айналымы 2005 ж. 5710,6 млн. долл-ды құрады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін швейцариялық капиталдың қатысуымен 108 компания тіркелген.
Халқы
Швейцария халық санының динамикасы (1970 жылдан 2005 жылға дейін). Халық саны: мың адам.
Швейцарияның халық саны - 7.7 млн адам. Оның ішінде 3,8 млн ер адамдар және 3,9 млн әйелдер.
Тұрғындардың жас шамасына байланысты құрылымы:
0-14 жас: 15, 8%
15-64 жас: 68, 2%
65 жастан үлкенi: 16%
Тұрғынның орташа жас шамасы
орташасы: 40, 7
еркектер: 39, 6
әйелдер: 41, 7
ҰЖТ, экономикалық өсудiң екпiндерi, басқа статистикалық көрсеткiштер көлем
Валюта |
Швейцариялық франк |
|
Халықаралық ұйымдар |
ДСҰ, МВФ,букіләлемдік банк, ОЭСР |
|
ВВП(атаулы) [1] |
491,3 млрд. долларов АҚШ |
|
ВВП по ППС[1] |
317,6 млрд долларов АҚШ |
|
ҰЖТ өсу қарқыны [1] |
3,1 % |
|
ҰЖТ бойынша әр адамға шаққанда ПОҚ [1] |
41 257 долларов АҚШ |
|
ҰЖТ секторларға [1] |
Ауыл шаруашылық1,5% Өнеркәсіп34% Көрсетiлетiн қызметтер саласы 64,5% |
|
Экономикалық тұрғыдан белсендi халық |
3 950 000 |
|
Секторлар бойынша жұмыспен қамтылған халық |
Ауыл шаруашылық 4,6%
Өнеркәсіп 26,3%; Көрсетілген қызметтер саласы 69,1% |
|
Жұмыссыздық деңгейі |
3,8% |
|
Инфляция екпіні |
1,2 |
|
Экспорт |
172,7 млрд долл.(2008год) |
|
Импорт |
212,8млрд долл. (2008 год) |
|
Негізгі экспорт мақалалары |
Химия өнімі33,4%, машина жасау электроник20,9%, сағат және зергелік бұйымдар 17,2%, металл өнімі 7,5%, аулы шаруашылық өнімі 3,6% |
|
Негізгі импорта мақалалары |
Химия өнімі21,4%, машина жасау және элоктроника18,2%, металл өнімі 9,6%, көлігі құралдар 8,9%,сағат және зергелік бұйымдар 7,1% |
|
Бастаушы нарықтық экспорта[2] |
Германия 20,3%, АҚШ 9,7%, Италия 8,8%, Франция 8,3%, Англия5,1% |
|
Бастаушы нарықтық импорта[2] |
Германия 32,6%, Италия 10,7%, Франция 9,5%, АҚШ 5,8%, Нидерланды 4,6% |
3.Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері
Банктік құпия туралы швейцариялық ережелер банктерге азаматтардың шоттары туралы кез-келген болмашы мәліметтерді басқа тұлғаларға (мейлі Швейцария азаматы болсын, мейлі шет елдік болсын) жария етуге тиым салады. Банктік құпияларды қорғаудың бұл режимі әлемдегі ең қатал ережелердің бірі болып табылады, оның өзінің тарихи дәстүрлері бар. Сонымен қоса, банктік салымдарды қорғау Швейцария заңнамасымен регламенттелген. Азаматтың шоттары немесе өзі туралы мәліметтерді жария еткен банкирді бірнеше айға бас бостандығынан да айыруы мүмкін.
Швейцария заңы «салықтарды төлеуден жасырыну» (салық декларациясында табыстар немесе мүлік туралы мәліметтерді көрсетпеу) және «салықтық алаяқтық» (жалған құжаттар жасау) ұғымдарын нақты бөліп көрсетеді. Тек салықтық алаяқтық қана қылмыс деп саналады, және банктік құпияны ашып тексеруге және халықаралық заң органдарын шақыру арқылы тергеу жұмыстарын бастауға негіз бола алады. Салық төлеуден жасырыну бар болғаны «әкімшілік заң бұзушылық» деп саналып, тіпті шет елдік үкіметтердің сұранысы бойынша да банктік құпияны бұзуға жеткілікті негіз бола алмайды.
Швейцарияның қаржылық ортасы бірнеше механизмдердің көмегімен азаматтардың салымдары туралы ақпараттарды құпия түрде сақтап отырады: номерлік шот, салымдарды сақтауға арналған сейфтер және азаматтың өзінің банктік операцияларын басқаруға мүмкіндік беретін сенімгерлік. Ескерте кететін жағдай, Швейцария банктері шот иесі туралы толық мәліметтерді қажет етеді. Жасырын атпен банктік немесе депозиттік шоттар ашуға Швейцарияда тиым салынады.
Бір шетінен, банктік құпия қылмыстық жолмен келген ақшаларды қорғай алмайды, яғни заңсыз жолмен табылған қаражаттарды шын қожайынанан немесе пайда болу көзінен жасыру процесін қарастырмайды. Мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмауға бағытталған Еуропадағы ең қатаң заңдар осы Швейцарияда қабылданған. Қылмыстық тергеу кезінде салымдардың және шоттардың құпиялылығы өз күшінен айрылады. Әрине, Швейцария банктері қылмыстық әрекеттермен байланысы бар адамдармен қарым-қатынасқа түспейді.
Швейцариядағы банктік салымдардың құпиялылығына
қандай кепілдік бар?
Швейцариядағы банктік құпия жүйесі банктерге клиенттердің шоттары туралы кез-келген ақпаратты жария етуге тиым салатынын айтып кеткен болатынбыз. Банктік құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін банкті түрмеге жауып қоюы, айыппұлдар төлеуге мәжбүрлеуі немесе клиентке келген шығынның орнын толтыруға мәжбүрлеуі мүмкін. Банктік құпия белгілі бір уақытпен шектелмейді, ол клиенттің шоты жабылғаннан кейін де құпия түрінде сақталып қалады.
Банктік құпия банктердің клиенттердің қаражаттарын сақтауға ала отырып, ақпараттардың ешкімге және ешқашан жарияланбайтыны туралы банктердің клиенттерге берген кепілдігі болып табылады. Маұндай міндеттеме банктің барлық жұмысшыларына немесе банкпен қарым-қатынасқа түскен кез-келген тұлғаға да қатысты. Банктік құпия құқығының бірден-бір шынайы, нағыз иесі – бұл клиенттің өзі. Банктік құпия банкті емес, банктің клиенттерінің мүдделерін қорғайды.
Швейцария заңнамасы «банктік құпия» ұғымының санатына жататын мәселелерді тізбектеп көрсетпейді, бұл, өз кезегінде, клиенттердің пайдасына қызмет етеді.
Банктік құпия шоттарды ашумен байланысты барлық қатынастарға, тіпті бұл шоттар шын мәнінде ашылмаған болса да, мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Швейцария заңы азаматтарға банкпен қатынастары құпия болуы қажет екендігіне орай құрылады.
Клиент банктің құпияның бенефициары болып табылады. Клиент – ақпаратты жария етуге рұқсат бере алатын жалғыз тұлға болып табылады. Басқа ешбір жағдайларда, егер заңмен нақты көрсетілмеген болса, банктер клиенттердің құпиясының «пердесін» ашуға құқығы жоқ. Клиент – ақпараттың құпиялылық деңгейін одан әрі қатаңдата түсуге құқығы бар бірден-бір тұлға. Тек клиенттің тапсырысы бойынша ғана банк ақпаратты басқа тұлғаға бере алады, ал өз кезегінде, оның бұл құпияны жария етегу құқығы жоқ.
Банктік құпия әр уақытта сақталуы тиіс, тіпті банкке клиент туралы ақпарат не үшін соншалық құпия екені белгісіз немесе күмәнді болса да, ол құпиялылық шартын міндетті түрде орындауы тиіс.
Ақпарат оның мазмұнына қарамастан құпия түрде сақталады. Құпиялылық шоттың ашылуына, оған қаражаттардың түсуіне, шоттағы қалдықтарға, шот иесінің аты-жөніне, номерлік шотына және басқа да жағдайларға қатысты.
Банктік құпия ешқандай уақыт шеңберімен шектелмейді. Егер клиент шотты жабу туралы шешім қабылдаса да, банктік құпия сақталып қала береді. Сол сияқты, банкир банктен жұмыстан шықса немесе зейнетке шықса, ол өзі білетін ақпаратты өмірінің соңына дейін сақтауға міндетті.
Банктік құпияның күші банк пен клиенттер арасындағы тек іскерлік қатынастарға ғана жүреді. Клиенттің бизнесіне қатысы жоқ, өзіңізден немесе басқа да тұлғалардан алған қоғамдық ақпараттар банктік құпия санатына жатқызылмайды.
Сонымен қатар, клиенттер Швейцария банк жүйесі туралы мынадай жалған ойлардан арылуы тиіс:
- Швейцария банктерінде шот ашуға тек миллионерлердің ғана қолы жетеді;
- Швейцариялық банктердегі шоттарға пайыз қосылмайды;
- Швейцария банктерінде пошта арқылы шот ашу мүмкін емес;
- Швейцария банктеріндегі шоттарды қолданғаны үшін клиенттер өте үлкен мөлшерде сыйақы төлейді;
- Швейцария банктеріндегі шоттар тек қылмыскерлер мен диктаторлар үшін ғана қажет;
- номерлік шоттар жалған атпен ашылады.
Швейцарияда банктік құпияның қалыптасу тарихы
Швейцариялық банктік құпия салымдар туралы мәліметтердің құпиялылығына кепілдік беріп келе жатқанына 300 жылдан астам уақыт өтті.
Женеваллық банкирлер Франция корольдерінің сарайындағы банкирлер ретінде қызмет еткен, және ең бірінші банктік құпия туралы жазбаша мәліметтер 1713 жылға сәйкес келеді. XVI Людовик тұсында швейцариялық банкир Жак Некер тіпті қаржылық ведомстваның бас директоры болған.
1934 жылға дейін банктік құпия туралы ережелер Швейцарияның Азаматтық және Еңбек кодекстерінде қарастырылып келген болатын. Содан кейін сот органдары оларды нормативтік-құқықтық актілермен бекіткен болатын – банктік құпияның бұзылуынан зардап шеккен клиенттер енді банктерден шығынның орнын толтыруды талап етуге және өндіріп алуға құқылы болды.
1934 жылы қабылданған «Банк қызметі туралы» Федералдық заң банктік құпияның қылмыстық-құқықтық ұғым екенін нақты көрсетеді. Осыдан бастап банктік құпияны жария еткен банкирді бас бостандығынан айыру жазасы қолданыла бастады, ал бұл, өз кезегінде, клиенттердің шоттары туралы құпияны сақтау құқығын одан әрі қарай нығайта түсті.
Швейцарияның билік органдарын мұндай қадамдарға итермелеген екі себеп бар:
- ұлтшыл шпионаждың әрекеттері. 1931 жылғы күйзеліс шет елдік валюталарды бақылаудың күшеюіне алып келді. Гитлердің қабылдаған заңына сәйкес Германиядан тыс жерлерде капитал сақтаған кез-келген неміс өлім жазасына кесілетін. Осының нәтижесінде Германия Гестапосы швейцариялық банктерге шпионаж ұйымдастырған болатын. Алғашқы үш неміс клиенттерінің өлімінен кейін Швейцария Үкіметі банктік операциялардың құпиялылығын күшейте түсу туралы шешім қабылдады.
- Франция тарапынан болған қысым. 1932 жылы Basler Handelsbank-тің үстінен жүргізілген сот процесінің нәтижесінде 2 мыңнан астам франциялық аристократтардың Швейцария банктерінде шоттары бар екені анықталды. Осыны пайдаланған франциялық «солақайлар» Швейцария банктеріндегі франциялық шоттарды текке бақылауға тырысқан Эррио үкіметінің қатаң бағдарламасына сын таға бастады.
1984 жылы Швейцария халқының басым бөлігі (73%-дан астам дауыс) банктік құпия режимінің сақталып қалуын жақтап дауыс берген болатын.
Банктік құпияның құқықтық алғы шарттары
Швейцариялық банктік құпия азаматтық құқықта (соның ішінде «Банк қызметі туралы» Заңда да), сонымен қатар қылмыстық құқықта да бекітілген. Демек, құпияны жария еткені үшін банкир екі жазаға бірдей кесілуі мүмкін:
- біріншіден, «Банк қызметі туралы» Заңға және Қылмыстық кодекске сәйкес ол айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін;
- екіншіден, құпияны сақтау міндеттемесін бұзғаны үшін ол клиенттің шығындарын өтеу жазасына кесілуі мүмкін.
Басқа мемлекеттердің билік органдары атынан жүргізілетін экономикалық немесе салықтық шпионаж да қылмыстық жазаға кесілуі мүмкін.
Швейцариядағы банктік құпия және салық
төлеуден жасырыну
Швейцария заңнамасы «салық төлеуден жасырыну» және «салықтық алаяқтық» деген ұғымдарды нақты бөліп көрсетеді.
Салықтардан жасырыну салық органдарына табыстардың немесе мүліктің бір бөлігі туралы мәлімет беруден бас тартуға келіп тіреледі. Швейцариялық билік органдары тарапынан жіберілген кемшілік пе әлде қателік пе, алайда олар мұндай жағдайларды айтарлықтай қылмыс деп танымай, жәй ғана әкімшілік заң бұзушылық ретінде қарастырады. Салық төлеуден жасырыну әрекеттерімен салық органдары айналысады, олар, әдетте, сот процесінде қарастырылмайды. Мұндай әкімшілік заң бұзушылықтар үшін Швейцарияда жәй айыппұлдармен немесе салықтарды өндіріп алумен ғана жазалайды. Швейцариялық салық органдары Швейцария мемлекетінің резиденті емес шет елдіктерге айыппұл сала алмайды. Банктерге салықтан жасырыну жағдайлары туралы билік органдарына жариялауға тиым салынады; олар мұндай жағдайға тек қылмыстық заң бұзушылықтар орын алған жағдайда ғана бара алады.
Салықтық алаяқтық жалған құжаттар жасау немесе құжаттардағы мәліметтерді қасақана бұрмалау арқылы салық салынатын қаражаттарды жасыруға келіп тіреледі. Салықтық алаяқтық қылмыстық тәртіпте жазаланады, ал швейцариялық банктер мұндай жағдайлар туралы Швейцарияның билік органдарын немесе басқа мемлекеттерді хабардар етуге міндетті. Алайда, мұндай қадамға банктер тек сот төресінің бұйрығымен ғана бара алады.
ақшаларды жымқыру
Швейцариялық банктік қоғамдастық - әлемдегі ең ірі ұйымдардың бірі. Оны кейде «лас (қылмыстық)» ақшаларды жасыруға көмектеседі деп кінәләйды. Бұлай деудің басты себебі – банктік операциялардың құпиялылығы. Алайда бұл кінәләулар тек адамдардың өз ойымен шығарған қорытындысы болып табылады. Шын мәніне келгенде, банктік құпия – әділетсіз жолмен жымқырылған қаражаттардың қорғаны емес. Егер ақша Швейцария заңына сәйкес әділетсіз және қылмыстық жолмен табылған деген дәлел көздері жеткілікті болса, онда Швейцария соты шоттың жағдайы туралы толық ақпарат талап етуге немесе заңсыз шотты тоқтатуға бұйрық шығара алады.
Ұйымдасқан қылмыспен және ақшаларды жымқырумен күресу – швейцариялық банктердің ең басты міндеттерінің бірі. Практикада жымқырылған ақшаларды қабылдау және сақтау швейцариялық банктердің мүдделеріне тіпті сай келмейді: олар өздерінің заңдарын бұзатын клиенттердің қаражаттарын қолдана отырып, пайда табуға мүдделі емес. Швейцариялық билік органдарының нұсқаулары бойынша әрекет ете отырып, банктер бұдан бірнеше жыл бұрын-ақ ақшы жымқыру процесімен белсенді күреске түскен болатын. Швейцариялықтар заңнамалық нормалар мен ережелер шеңберінде әрекет ететін қорғаныс механизмдерін жасақтап үлгерді. Олар өз территориясында ақшаларды жымқыруға қарсы көптеген шараларды жүзеге асырды.
Номерлік шоттар
Номерлік шот банктік құпия режимін күшейту үшін қолданылады. Шоттың иесі туралы банктің тек бірнеше жұмысшылары ғана хабардар, ал басқа жұмысшылар номерден басқа еш нәрсе білмейді.
Номерлік шотқа швейцариялық банктердегі басқа да шоттарға қатысты ережелердің күші жүреді. Банктік құпия болып табылатын мәліметтер тек ақшаларды жымқыру күмәні туындаған жағдайда ғана ашылуы мүмкін.
Номерлік шот анонимді болып саналмайды – банк шоттың шын иесі кім екенін барлық уақытта біледі.
Номерлік шотты ашу кезінде клиенттің аты-жөнінің орнына шот иесін анықтау үшін қажетті цифрлардың жиыны қолданылады. Номерлік шоттар (басқаша атауы «номерлік банктік операциялардың жүйесі») банктің ішкі кепілдігі болып табылады.
Номерлік шоттардың тағы бір артықшылығы – олар банктік аударымдардың толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мысалға, Сіздің номерлік шотыңыздан ақша аударғанда, ақша алушы тұлға Сіздің шотыңыздың номерін ғана көреді немесе, кейбір жағдайларда, мынадай белгіден басқа еш нәрсе көрмейді: «Клиенттің атынан қызмет көрсетуші XYZ банкі».
3.1Банктік жүйенің швейцариялық стилі
Швейцарияда банктік құпия, банктік этика және «қашқын» капиталдарды, бірінші кезекте қылмыстық ақшаларды, тартумен байланысты табыстар өзара қалай икемге келеді.
Қазіргі кезде швейцариялық банктерге банктік операциялардың басым бөлігін жарияламауға, соның ішінде соның ішінде салымдар туралы мәліметтерді толықтай құпия сақтауға заң жүзінде берілетін құқықтар уақыт өте келе ескіріп келеді. Егер жеке банкирлер туралы сөз қозғайтын болсақ, онда олар ерекше жағдайда десек те болады, өйткені акционерлік қоғамдар түрінде емес, серіктестіктер ретінде құрылған, яғни олар өздерінің коммерциялық міндеттемелері бойынша 100%-дық жауапкершілік тартады.
Жекелеген кепілдіктердің аса жоғары деңгейіне қарай бұл банктерге резервтер қалыптастыру талабы қойылмайды. Сонымен қатар, клиенттер тарту мақсатында олар белсенді шараларды жүргізбесе (яғни өз қызметтері мен өнімдері туралы жариялық каналдар арқылы жарияламайтын болса), онда оларға өздерінің қаржы есептерін жарияламауға рұқсат беріледі.