Шығындар есебінің негізі

Мазмұны: 

1.тарау. Шығындар есебінің негізі. 

     1.1 Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері

    1.2 Кәсіпорын шығындардың жіктелуі.

     1.3 Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

     1.4 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау.

2.тарау. Өнімнің өзіндік құны.

2.1. Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.

2.2. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары

3.тарау Өндіріс шығындарын жіктеу және шығындарды топтастыру

Қорытынды....................................................................................23 Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

        1 тарау. Шығындар есебінің негізі.

   

    1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.

Шығын – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламамен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.

Экономикалық мазмұнына қарай  былайша топтастырылады:

  • материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
  • еңбекақыға жұмсалатын шығын
  • әлеуметтік мұқтаждарға аударым
  • тозымпұл (амортизация)

Өндірілген өнімнің босалқы  қорлары өзіндік құн бойынша  бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік  құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің  өзіндік құнына негізгі материалдарға  жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге  жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі  материалдар – нақты өнім түрін  өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.

  • Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.
  • Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құнына енгізіледі.
  • Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.
  • Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
  • Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы;
  • Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);
  • ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;

  Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға , кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.

Шығын көрсеткіштерінің халықараралық  тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:

  • МС (margіnal cost) – шекті шығын;
  • АС (average cost) – орташа шығын;
  • FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;
  • VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;

Тиісінше:

  • AVC – орташа ауыспалы шығын
  • SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын
  • SAC – қысқа мерзімді орташа шығын
  • LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын
  • LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын

Өндіріс шығындарын жіктеп болудің  бірнеше жолдары болады. 
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына кошкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. 
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. 
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. 
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес

шығындар. Тұрақты шығындардың  графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.

Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. 

Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:

  • 1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса
  • 2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны
  • 3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса

Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер жөне т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды. 
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар өсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан төуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім кабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен. 

Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

АТС = TC / Q

Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі. 
Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады. 
Шекті шығындар МС — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MС = ΔTC / ΔQ

Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты. МС, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының AC және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни

МС = minAC

Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.

 « Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері.  Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар )». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары»  немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады. Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек.Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса,  кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Құрамы бойынша:   

                                      Нақтылай.

                                           Жоспарлы немесе болжамды.

  1. Өндірістің көлеміне байланысты:     

                                           Ауыспалы.

                                           Тұрақты,т.б.

  1. Орташаландыру дәрежесі бойынша:

                                            Жалпы.

                                            Орташа.           

 

 

  1. Басқару тәсілдері бойынша:

                                           Өндірістік.

                                           Коммерциялық.

                                          Әкімшілік. 

  1. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:

                                         Тікелей.

                                         Жанама.

    6. Пайда түскен  кезеңге шығындарды реттеу және  жинақтау.

                                         Өнімге.

                                         Кезеңге.

 

1.2. Өндірістік  шығындардың жіктелуі.

    Шығындар жіктемесі  басқару мәселелерін шешуші құрал  ретінде  шешімді қабылдайтын  және оның зардаптарын анықтайтын  процеске қатысады. Дұрыс шешім  қабылдау үшін оның қандай  шығындар мен олжаға жетелейтінін  білу қажет. 

    Шығындарды жіктеудің  мақсаты – жалпы массадан тек  релевантты шығындарды бөліп  көрсету (оның өзгеруіне ықпал  етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп  – тек шешімді қабылдау барысында  ғана өзгеретін  болашақ шығындарды  есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу  әдістері немесе бағыттары басшының  алдында тұрған нақты мәселелерге  тәуелді болып келеді.

  • Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
  • Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыр                                                                              

2. кесте.

Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын  варианттар).

           Міндеттері

  Шығындардың жіктелуі

өндірілген өнімнің өзіндік  құнын есептеу, қорлардың құнын  және алынған табыстарды бағалау

  Кіретін және шығатын; тікелей  және жанама; өзіндік құнға кіретін  (өндірістік) және есептік кезең  шығындары; бір элементтік және  кешенді; ағымдағы және бір  жолғы.

Шешім қабылдау және жоспарлау

  Тұрақты (шартты тұрақты) және  айнымалы; бағалау кезінде есепке  алынатын және алынбайтын; қайтарымы  жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық  шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы  және жоспарланбаған

Бақылау және реттеу

Реттелетін және реттелмейтін


     

      Қарастырылып  отырған жіктемемен сәйкес есепті  жүргізу – отандық өндірістік  шығындар есебіндегі жаңа құбылыс.  Нарықтық қатынастарды жоспарлауда,  нормалауда және жалпы өндірісті  басқару жүйесінде басқарушы  есебінің (оның ішінде өндірістік  есепте) ролі күшейіп отыр.                

       Баптар  бойынша шығындарды топтау «Негізгі  өндіріс» шотында аяқталған көрініс  бойынша бейнеленеді, бірақ осы  мәліметтер бойынша шаруашылық  серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет  пен жұмыс) түрлерінің өтеуі  жөнінде, оларда қабылданған шешімнің  тиімділігі және қабылданатын  шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне  әсері туралы қорытынды жасауға  болмайды.  Көп жағдайда осы мәселелерді шешу –қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын  қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері – өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

 

   1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

Өндірістік шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы  көрсетілген.

Материалдар шоты.

Негізгі өндіріс шоты.

Сатылған өнімнің өзіндік құнының шоттары.

Қалдық.

өндірістегі тұтыну.

Қалдық. Баптар (статьялар) бойынша  өндіріс шығындары. 

Шығарылған өнімді өзіндік құны бойынша бағалау.

Нақты өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар).

Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар). Нақты  өзіндік құнның нормативтен ауытқуы.

Қалдық


 

Еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыру шоты.

Көмекші өндіріс шоты.

Қалдық.

Есептелген жалақы.

Қалдық.

Баптар  бойынша өндірістік шығындар.

Өзіндік құны бойынша негізгі өндіріс  жұмыстары (көрсетілетін қызметтер).


 

 

Зейнетақы қоры.

Сақтандыру  бойынша есеп айырысу шоттары.

 

Үстеме  шығын шоттары.

Касса, Есеп айырысу шоттары және т.б. ақшалай қаражат шоттары.

                                     Қалдықтар:

Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер).

Негізгі құралдарға есептелген амортизация.

Баптар (статьялар) бойынша ағымдағы (кезең) шығындары.

Шығындарды бөлу (тарату).

Өндіріске жұмсалған ақшалай қаражаттар.


 

 

  Шығындарды жіктеудің  белгілері  туралы қызу пікірталастың  арқасында шығындарды анықтаумен  қатар, онық болашақтағы тенденциялары  да анықталды.  Осыдан келіп,  есеп тәжірибесінде Шаруашылық  Серіктестіктерінің шығындарын  тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді  тағайындау мен пайдалану мәселелері  отандық және шетелдік  экономикалық  әдебиеттерде кеңінен талқыланып  жатыр. « Шығындар есебінің  жалпы қабылданған мәнін анықтау  –  белгілі бір уақыт кезеңінде   шығындар есебінің сандық өлшемін  (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың  еңбегінің өнімін сату, дайын  өнімдердің өзіндік құндарын  қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және  жіктеп (кескінінде) талдау бойынша  Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп  жатқан процестерді көрсетуге  бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы ». Мұндай көрініс ШС  басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді.

    Бірақ дамыған  өндірістік есеп теориясы мен  басқару және бастапқы даму  жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану  бағыттары бойынша шектелген.  Біздің пікіріміз бойынша, техникалық  жағынан бәрі өндіріс шығындарының  есептік мәнін анықтау өндірістік  қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға   немесе өндіріс шығындарын есе  трансформациялау әдістерінің түрлі  бағыттарын қамтуы керек. Сайып  келгенде, шығындар есебінің  мазмұнын  анықтау, ұйымдастыру моделдерінің  нақты алғышартын жасайды. Басқару  процесіне кері ақпараттық ағын  ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта  экономиканы моделдеу үшін ақпаратты  дайындайды, демек мұндай есептеу  жүйесі өзіндік құнды басқарудың  жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне  сәйкес келеді.

 

1.4 Кәсіпорын шығындарын  басқару және талдау.

 

Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен  тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты —  бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың  шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.

Шығындарды басқару —  бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу  және олардан болатын пайданы  максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.  
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.

Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару  объектісі болып ұйымның өзіндік  шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару  субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару  жүйесі табылады.

азіргі таңдағы шарттарға  байланысты шығындарды басқару жүйесін  құрудың негізгі мақсаты —  ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны  белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу. 
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар — өндіріс көлемі — пайда.

Шығындарды басқарудың маңызды  міндеттері:

-   кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;

-   шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;

-   шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;

-   өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу — өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;

-   шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;

-   бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;

-   кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;

-   шығындарды нормалау әдісін таңдау;

-   өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды  жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.

Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған  міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.

Шығындарды басқарудың функциялары:

-   өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;

-   шығындарды  әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша,  көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша  бақылау және талдау;

-   белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;

-   кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.

Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.  Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз, 
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік 
ретінде қарастырамыз.

Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.

Шығындарды басқару жүйесін  ұйымдастыру кәсіпорынның 
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді.  Процестік тәсілдің мәні кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.

Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі 
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.

Шығындарды талдау — бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды. 
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.

Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және        функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың мазмұны 4-ші суретте көрсетілген.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:

1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.

Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен, сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және 
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.

Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін 
талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен 
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды талап етеді.

Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген амортизациямен байланысты болуы мүмкін. 
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.

2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін, 
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі. 
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.

Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға, 
жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.

«Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы» бабы бойынша шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау кезінде анықталады.