Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………….…………………
1.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ
МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ…………………………………………………………
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2
Баланстың теориялық негіздері, түсінігі
және түрлері.......................
1.3
Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................
2
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ………………………………………………
2.1
Шаруашылық операцияларына сәйкес
баланс баптарының өзгеріске ұшырауы……………………………………………………………
2.2
Шаруашылық операцияларының түрлері және
олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің
әсері.........................
3.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ
АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР
ҚҰРАМЫ........................
3.1
Бухгалтерлік баланстың
3.2
Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы........................
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….…
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді.
Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгінгі таңда ел
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.
Бухгалтерлік
есепке тән негізгі принциптердің
мәні мен маңызын түсінбей тұрып,
ұйымдар қызметін басқару мен
ұйымдастыру жөнінде шешім
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық
экокномика ресурстың барлық материалдық,
еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды
пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік
іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін
қамтамасыз етуі тиіс.
1.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ
МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1
Бухгалтерлік баланс,
оның мәні мен ерекшеліктері
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. №10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірілмей бухгалтерлік балансты жасайды.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пасиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарның арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар - бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:
- активтік баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдаланылуы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
- активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар – меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.
Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сай келеді.
Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.
Актив:
I. Ұзақ мерзімді активтер I. Меншікті капитал (Акционерлік капитал)
II. Ағымдағы активтер II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.
Баланс-неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар» баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.
Баланс-неттоның
актив валютасына материалдық емес
активтердің, негізгі құралдардың
қалдық құндары ғана енгізіледі.
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай акпараттык мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.
Бухгалтерлiк есеп теориясында баланс дегенiмiз қаржы есеп жүйесін жүргізудің негізгі әдiстерiнiң бiрi болып саналады. Оның ерекшелiгi сол арнайы баланс кестесi арқылы кәсiпорындар мен фирмалардың мүлкiн және оның қаржылану қорларын экономикалық негiзiне сәйкес топтау арқылы көрсетуi.
Ерте кезде баланс- (баланс кестесi) бiрден бiр ғана есеп жүргiзу әдiсi болған. Барлық шаруашылық құбылыстар сол баланс кестесiне тiркелiп, есеп нәтижесi баланс арқылы қорытындыланып отырған. Оның есеп жүргiзуге қолайлы болғаны сөзсiз, әсiресе қоғамдық өндiрiстiң дамуына байланысты баланстың жаңа, жетiлдiрiлген түрлерi пайдаланылып отырды.
Кәсiпорынды басқарудағы табыстылық нәтижесi негiзiнен осы кәсiпорынның мүлкi мен оның қандай көздерден құралғандығын көрсететiн шынайы әрi толық мәлiметтерге байланысты екенi даусыз. Бұл мәлiметтердi салыстыруда аталған мәлiметтер жалпылай ақшалай көрсеткiштер түрiнде нақты бiр датада көрсетiлуi тиiс, бiрақ мүлiктiң құрамын, оның қандай көздерден құралғанын толықтай зерттеу үшiн мiндеттi түрде оларды топтастыру қажет. Бұл аталғандарды бухгалтерлiк баланстың көмегiмен алуға болады.
Бухгалтерлiк баланста шаруашылық құралдарын құрамы бойынша және өндiрiстiк шаруашылық қызметi барысындағы рөлiн ақшалай бағалайтын нақты топтастыру әдiсi бар. Баланс бойынша кәсiпорын үшiншi бiр тұлға алдында өз мiндеттемелерiн орындай ала ма, әлде оған қаржылық қиындықтар туындап отыр ма, осы жағын анықтай алады. Баланс арқылы кәсiпорынның есептiк кезең iшiндегi соңғы қаржылық қорытындысын анықтауға болады. Сол анықталғандар бойынша кәсiпорынның одан әрi қаржылық және материалдық қорларды сақтай алу және оны көбейту жолын жорамалдайды.
Баланстағы
берiлгендердiң негiзiнде кез
болып Бас кiтап саналады.
Баланс
2 бөлiмнен: актив және пассивтен
тұратын кесте түрiнде
Активтер= Меншiктi капитал+Кредиторлық
қарыз
(1)
Бухгалтерлiк
есептiң ағылшын-американдық
Капитал дегенде фирманың барлық капиталы емес, иесiне тиiстi, тек қана меншiктi капиталдың бiр бөлiгi ғана айтылады. Баланс теңдеуiнiң сол жақ бөлiгiнде, Активтер құрамында экономикалық субъектiлер алдындағы дебиторлық қарыздар көрсетiледi. Оң жақ бөлiгiнде мiндеттемелер – кредиторлық қарыздар көрiнiс табады.
Мiндеттеме-
бұл iс-әрекеттер нәтижесiнде
Кесте 1
Бухгалтерлік баланстың шартты формасы
| Активтер | Сомасы, теңге | Пассивтер | Сомасы,
теңге |
| 1.Ұзақ мерзiмдi активтер | 1. Меншiктi капитал | ||
| 2. Ағымдағы активтер | Ұзақ мерзiмдегi мiндеттемелер | ||
| 3.Ағымдағы мiндеттемелер |
Баланс
баптары бухгалтерлiк
- баланстың актив баптары үшiн - активтер қызметiнiң мерзiмi;
- баланстың пассив баптары үшiн – пассивтердi өтеу принциптері және оларды өтеу мерзiмi.
Қазiргi шаруашылық субъектiлерiнiң балансы келесiдегiдей бөлiмдерден тұрады:
активтер:
- ұзақ мерзiмдi активтер (негiзгi құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзiмдi инвестициялар, ұзақ мерзiмдi дебиторлық қарыздар);
- ағымдағы активтер (тауарлы-материалдық қорлар, оның iшiнде материалдар, дайын өнiм, аяқталмаған өндiрiс, тауарлар, ақшалай қаржылар, дебиторлық қарыздар, оның iшiнде берiлген аванстар, алынған вексельдер және болашақ кезеңнiң шығындары, басқадай ағымдық активтер)
пассивтер:
- меншiктi капитал, жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, бөлiнбеген кiрiс, (жабылмаған зиян ) есептiк және өткен жыл бойынша;
- ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер, заемдық құралдар, кейiнге қалдырылған салықтар;
- қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қысқа мерзiмдi несиелер және овердрафт, қысқа мерзiмдi кредиторлық қарыздар, болашақ кезеңнiң кiрiстерi.
Жоғарыда айтылған активтер мен пассивтердi бухгалтерлiк баланста орналастыру ретi экономиканың барлық салаларында және кәсiпорынның кез келген түрiнде сақталады. Айырмашылық тек баланс валютасының үлес салмағында ғана байқалады. Сонымен, өндiрiстiк кәсiпорынның балансының активiнде негiзгi үлестi “Негiзгi құралдар” (машиналар мен құрал-жабдықтар)- 2410 және “Шикiзат және материалдар“-1310, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында – “Жер”-2411 ,” Аяқталмаған өндiрiс”-1340 , сауда ұйымдарында –“Тауарлар”-1330 бабы алынады. Өйткенi, сауда ұйымдарының негiзгi қызметi тауар өндiру емес, оны өткiзу, таратудан тұрады.
Бухгалтерлiк баланс өзiнiң экономикалық мазмұны жағынан кәсiпорынның шаруашылық құралдарының жағдайы мен оларды құрастыру көздерiнiң белгiлi бiр уақыттағы есебi және мiндеттi қаржы есебi формасының бiрi болып табылады. Есептiң қорытынды мәлiметтерi айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есеп түрiнде көрiнiс табады.
Баланстың бiрнеше түрлерi бар және оны толықтай түсiну үшiн жіктелуін бiлуіміз қажет және ол кел есi белгiлерi бойынша жiктеледi:
1. Құрылу уақытына;
2. Құрылу көзiне;
3. Ақпарат көлемiне;
4. Қызмет ету сипатына;
5. Меншiк түрiне.
Құрылу
уақыты бойынша - баланс мыналарға бөлінеді:
енгiзу,
Еңгiзу балансы - кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi осыдан бастап жүргiзiледi. Ол кәсiпорынның iс-әрекетiн бастайтын құндылықтарының сомасын анықтайды.
Ағымдық баланс - ұйымның өмiр сүру кезеңiнде жиi-жиi құрылады. Ағымдық баланс бастапқы (енушi), аралық және қорытынды (шығушы) болып бөлiнедi. Бастапқы баланс есеп жылының басында құрылады, ал қорытынды баланс жылдың соңында құрылады.
Тарату балансы – ұйымның таратылуы жағдайында жасалады. Бұл баланс басқа баланстардан ең бастысы, өнiмнiң өзiндiк құнын бағалауы бойынша ерекшеленедi. Тарату балансында болашақ кезеңнiң кiрiстерi мен шығындар баптары болмауы тиіс. Бiрақ фирманың бағасы (гудвилл, патент құны ) сияқты баптары болуы мүмкiн.
Бөлу балансы – кәсiпорындарды бiрнеше iрiлi-ұсақты құрылымдарға бөлу немесе бiр және бiрнеше құрылымдарды басқа кәсiпорынға ауыстыру барысында құрылады. Бұл жағдайда балансты тапсыру балансы деп атайды.
Бiрiктiру балансы – бiрнеше кәсiпорынның бiрiгуi барысында құрылады.
Тазарту әдiсi бойынша баланс: баланс-брутто, баланс-нетто болуы мүмкiн.
Баланс-брутто – бұл реттегiш баптарды өзiне қосушы баланс. Реттегiш баптарға негiзгi құралдардың тозуы - 2421 , материалдық емес активтердiң амортизациясы - 2700 жатады.
Баланс нетто– бұл реттегiш баптары алынып
тасталынған баланс. Бұл балансты пайдалану
кәсiпорынның шаруашылық жағдайына анализ
жасағанда тиiмдiрек. Мұндай баланстың
мәлiметтерi кәсiпорынның басқаруындағы
шаруашылық құралдарының сомасын шынайы
сипаттайды. Баланстағы реттегiш баптарды
алып тастау тазарту деп аталады.
Құрылу көзi бойынша баланс мүлiктiк (инвентарлық), кiтаптық, бас баланс болып бөлiнедi.
Мүлiктiк
баланс тек мүлiктiк жазулар
Кiтаптық баланс – түгендеудi қоспағанда тек кiтаптағы жазулар (ағымдық есеп мәлiметi) негiзiнде құрылады.
Бас баланс – кiтап жазулары және түгендеу мәлiметтерi негiзiнде құрылады.
Ақпараттың көлемi бойынша – баланс даралаушы және жиынтық болып бөлiнедi.
Даралаушы баланста тек бiр ғана ұйымның iс-әрекетi көрiнiс табады.
Жиынтық
баланс – бiрнеше дара баланстардың
сомаларын механикалық
Бiрiккен баланс – заңды түрде дербес, бiрақ экономикалық және қаржы қатынастары бойынша өзара байланысты кәсiпорындардың балансынан тұрады.
Қызмет ету сипатына қарай- негiзгi және негiзгi емес қызмет балансы болуы мүмкiн. Негiзгi деп кәсiпорынның жарғысына және профилiне сай қызметтi айтады. Басқадай барлық қызмет түрлерiн негiзгi емес деп атайды.
Меншiк түрiне қарай балансты мемлекеттiк, ұжымдық, жеке аралас және басқадай ұйымдық деп бөледi. Олар негiзiнде бiр-бiрiнен мүлкiнiң құралу көзi бойынша ерекшеленедi.
Қазiргi уақытта сыртқы, iшкi , және мамандандырылған баланстар құру тәжiрибеде қолданылуда.
Ішкi баланс – (барынша кең түрдегi және жетiлдiрiлген) кәсiпорын және оның филиалдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне қаржылық талдау. Жоспарлауда, басқаруда және бақылау жұмысында пайдаланылуда.
Сыртқы баланс – сыртқы пайдаланушыларға арналып құрылады. Ол негiзiнен сыртқы пайдаланушылар үшiн толық, жариялы түрдегi ақпарат көзi болып табылады.
Мамандандырылған баланс – заң бойынша тек белгiлi бiр топтарға, мәселен, инвесторларға арналып құрылады. Оны құрудағы мақсат - баланстың бөлiмдерiн толықтай ашу болып табылады. Мұндай баланс iшкi баланс та, сыртқы баланс та болуы мүмкiн.
Осы
аталған бухгалтерлiк
Кесте 2
Баланс
түрлерi және жiктеу белгiлерi
| Жiктеу белгiлерi | Баланс түрлерi |
| Көлемi және формасы бойынша | Сальдолық (статикалық) Айналымдық (динамикалық) |
| Мазмұны бойынша | Мүлiктiк
Қорытындылық Ақшалай ағымдық |
| Құрастыру көзi бойынша | Инвентарлық |
| Құрастыру мақсаты мен уақыты бойынша | Енушi (ұйымдық)
Операциялық (ағымдық, жылдық) Бiрiктiрушi Бөлушi Таратушы |
| Қамтылған көлемi бойынша | Қарапайым
Жиынтық |
| Қажеттiлiгi бойынша | Басқарушылық |
Статикалық
және динамикалық баланстың салыстырмалы
сипаттамасы 3 кестеде қарастырылған.
Кесте 3
Статикалық
және динамикалық баланстың
| Салыстыру облысы |
Балансты түсiндiру, талдау | |
| Статикалық | Динамикалық | |
| Пайдалану мақсатына қарай | Субъект мүлкiнiң көлемi,қаржылық жағдайы | Қаржылық қорытын-
дының шығуы |
| Баланс
көрсеткiште-
рiнiң қалыптасу не- гiзiне қарай |
Түгендеу | Бастапқы құжаттар |
| Баланс активiнiң сипаты негiзiнде | Құралдардың мүлiктiк түрлерi | Болашақ есептiк кезеңнiң шығындары |
| Баланс пассивiнiң сипаты негiзiнде | Мүлiк түрлерiнiң құрастыру көзi | Шығын болатын түсiмдер |
| Амортизацияның сипатына қарай | Уақыт бойынша мүлiктiң құнын түсiру | Құнын дайын өнiмге өткiзу |
| Қүнды қағаздар бойынша | Ағымдық курс бойынша көрiнiс табады | Нақты тұтыну бағасы бойынша көрiнiс табады |
| Салық салу негiзi бойынша | Мүлiк | Кiрiс |
Құрылысына
қарай баланс көлденең және тiкелей болып
келедi. Шаруашылық субъектiсi осы екi түрлi
балансты қолдана алады.
1.3
Бухгалтерлік баланстың
құрылымы
Бухгалтерлік теңгерім (баланс) мекеменің қаржылық есептілігінің негізгі нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементгері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады.