Шығындардың экономикалық рөлі
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық
мазмұны.......................
1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.................
II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі..........................
2.2 Шығындарды төмендету жолдары.......................
III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы...................
3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23
3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор. Мемлекеттің шығындары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары.
Курстық жұмысымның өзектілігі
де осында, яғни мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамытып,
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр. Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді. Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Экономикалық гүлденудің ұзақ м
Бұл курстық жұмыстың үшінші бөлімінде біздің еліміздегі мемлекеттік шығындар құрылымын, жүйесін жалпы зерттеу, шығындардың қалай, қайда және халыққа пайдалылығына қалай әсер ететіндігін қарастырылған. Мемлекеттік шығындардың негізін мемлекеттің қаржылары құрайды. Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. Шығындардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты. Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Материалдық емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдениеті тұрмыстық құрылысққа, жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекеттің шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығын емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.
Кез-келген қоғамда мемлекет
санында пайдаланады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады. Мемлекеттік шығындардың маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға-оқу-ағарту, ақпаратты, қызмет көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсызддандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Міне, осында менің курстық жұмысымның өзектілігі жатыр.
Курстық жұмысымның мақсаты: білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, адамзат капиталын дамытудағы рөлін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;
- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;
- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Курстық жұмысты жазу барысында
отандық және шетелдік
авторлардың еңбегі қолданылған.
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар
теориясы және олардың
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит обсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады /8 /.
XIX ғ. соңында бірнеше
жаңа концепциялар пайда болды.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К. Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық
және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі
мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған
өндіріс факторларының
1. Белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығындарының жиынтығы.
Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:
- материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
- еңбекақыға жұмсалатын шығын
- әлеуметтік мұқтаждарға аударым
- тозымпұл (амортизация)
Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.
Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.
Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығынына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.
Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығындар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығындар, ғыстар, жалпы цехтық шығындар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығындар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығындар (әкімшілік және басқару шығындары‚ т.б.);
Ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;
2. Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығын, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.
Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:
МС (margіnal cost) – шекті шығын;
АС (average cost) – орташа шығын;
FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;
VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;
Тиісінше:
AVC – орташа ауыспалы шығын
SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын
SAC – қысқа мерзімді орташа шығын
LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын
1.2 Кәсіпорын
шығындары және олардың
Кәсіпорын шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Осы аталған кәсіпорын шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз.
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар –
дегеніміз өндірісте
Экономикалық құрылымда шығындарды негізінен тұрақты және айнымалы шығындар деп екіге бөледі.
Тұрақты шығындарға (FC) –өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық төлемдер, аренда төлемі, тұрақты салынатын салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы, ренталық төлемдер, еңбекақы және т.б.
Тұрақты шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындар (VC) дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығыдар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады /2 /.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы кескіндемесі көрсетілген.
C
TC
FC
A VC
Q көлем
1-cурет. Өндірістік шығындар
Экономикада жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің
артуымен айнымалы шығындардың VC А
нүктесіне дейін төменгі
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк функцияны кесте түрiнде беруге болады (2- кесте).
2- кесте. Еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi
Капитал шығыны, K |
Еңбек шығыны, L | ||||
10 |
20 |
30 |
40 |
50 | |
5 |
8 |
16 |
22 |
26 |
30 |
10 |
16 |
24 |
30 |
34 |
36 |
15 |
22 |
30 |
36 |
40 |
42 |
20 |
26 |
34 |
40 |
44 |
46 |
25 |
30 |
36 |
42 |
46 |
48 |
Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15) болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1 жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер 5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және графиктен көруге болады.
Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы кеcте бойынша 1-шi жұмысшынiң шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы жиынтық шығындарда өседi.
3-кесте. Өндiрiс функциясы және жиынтық шығындар
Жұмысшы- лар саны |
Шығарыл- ған бөлке саны |
Еңбектiң шектi өнiмдiлi-гi |
Құрал– жабдықтарға кеткен шығындар |
Жұмыс күшiн жалдау шығындары |
Ресурстар- дың жиынтық шығыны |
0 1 2 3 4 5 |
0 50 90 120 140 150 |
0 50 40 30 20 10 |
30 30 30 30 30 30 |
0 10 20 30 40 50 |
30 40 50 60 70 80 |
Шығару көлемi
150
100
50
0 1 2 3 4 5 Жұмысшы саны
1-сурет. Нан заводының өндiрiстiк функциясы.
Бұл график қолданылған ресурстың көлемi өсуiне байланысты өнiм көлемiнiң өсуiн көрсетiп тұр. Бiрақ бұл функция шексiз өсе бермейдi, өйткенi еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаюына байланысты бiр мезеттен кейiн кемуi мүмкiн. Бұл дегенiмiз егер фирма өндiрiстi қайта ұйымдастырмаса банкротқа алып баратын жағдай. Себебi жұмысшы көбейген сайын олар бiр-бiрiне кедергi жасайды, қосымша құрал-жабдық қажет етедi. Графиктен өндiрiстiк функцияның қисығынан шектi өнiмдiлiктiң кемуiн анық көруге болады.
Жалпы өндiрiстiк функция белгiлi өндiрiс факторларын қолдана отырып максималды өнiм өндiрiсiн сипаттайды. Әдетте өндiрiс теориясында үлгi бойынша екi факторлы өндiрiстiк функция қарастырылады. Яғни капитал (К) және еңбек (L).
Q = f (L K)
Бұл функцияны алдындағы мысалдың функциясы деп айтсақ болады. Әрбiр технологияға арналған осы тәрiздi өндiрiстiк функциялар әрқалай белгiленедi. Егер технология өзгерсе өндiрiс көлемiде өзгередi, сондықтан өндiрiстiк функцияларда қайтадан жасалады.
Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:
- шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
- қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
- шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты.
Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б.
Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.
Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:
- өнім бағасы;
- өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.
Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар — өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
- ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
- табиғи шикізаттарды қолдану;
- өндірісті дайындау және үйрену;
- өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
- рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
- өндірістік процеске қызмет ету;
- өндірісті шикізат, материал, жанармай,
энергия, құрал-саймандар және басқа да
еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз
ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа
қабілетті жағдайда ұстау,
санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес
жұмыс жасау;
- қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
- өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару
аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық
бөлімшелерін,
іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық
басқару құралдарын ұстау және аудиторлық
қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың
коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік
шығындар және т.б;