Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі. 2
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы
экономика және статистика
академиясы
«Есеп
және аудит» кафедрасы
№_____________
«___» _________20__ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Басқару
есебі» пәні бойынша
Тақырыбы: Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі
№ 01-01тобының 2 курс студенті
Мамандығы: Есеп және аудит
Студенттің
аты-жөні: Сакенова
Ұлжан
Ғылыми жетекшісі: Даузова А.М.
_________________
«___»_____________20___ж
____________________
Алматы 2011 жыл
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.
Басқару шешімдерін
қабылдау......................
1.1 Ақпаратты басқару есебінің негізінде шешілген міндеттер. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі..................5
1.2
«Сатып алу немесе өзіміз өндіру» міндеттерін
шешу. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау......................
1.3
Шығындар шешім қабылдау......................
2.
Жоспарлау үшін
жіктелуі......................
2.1 Өнім шығару мен сатудың көлемі және ассортиментін жоспарлау...........17
2.2
Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау.......................
2.3
Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы......................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарынды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жалпы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау – олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Бухгалтерлік басқару есебі – шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басұа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді.
Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорынның коммерциялық құпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Менің курстық жұмысымның аталуы - Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі. Бұл курстық жұмыста менің қарастырылып өткен сұрақтарым:
- басқару шешімдерін қабылдау;
- жоспарлау үшін жіктелуі;
- басқару есебіндегі шешім қабылдаудың қолданылатын негізгі жіктелімі;
- бюджет түсінігі, түрлері;
- және т.б.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді. Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:
1) оперативті міндеттер:
- өндірістің залалсыздығын талдау;
- өнім шығарылымы мен өткізу көлемін және ассортиментін жоспарлау;
- шектеу факторларын ескеріп, кұрылымды анықтау;
- "сатып алу немесе өзімізде өндіру" міндеттерін шешу;
- баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.
2) ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:
- капитал салу туралы шешім қабылдау;
- бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;
- жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау.
Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.
Менің
курстық жұмысымның мақсаты –
толықтай осы тақырыпты қарастыру,
айқындап ашу, кестелер мен көрсеткіштерді
көрсету.
1.
Басқару шешімдерін
қабылдау
- Ақпаратты басқару есебінің негізінде шешілген міндеттер. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі
Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердін арасындағы елеулі айырмашылық - оның біріншісін өзгерту оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек жузеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал капитал салудың (күрделі қаржы жұмсалымы) бағытын өзгерту туралы шешімге келсек, оны қысқа мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа мерзімді уақытқа қатысты).
Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа қалай ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және т.б. байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа сауалдарға сатудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты қарастыруды қажет ететін өндірістің залалсыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін залалсыздық талдауы фирма қактығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені қандай да бір шешімді кабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей көрінеді. Залалсыздықты талдаудағы максат - белгілі бір өндіру деңгейі немесе өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылык нәтижесі кандай болатынын анықтау. Бұл акпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды, өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгей немесе табыс та, залал да болмайтын деңгей.
Залалсыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уакыттың ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына қатысты өндіріс қуаты белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау мыналарды аныктау қажет болғанда жүзеге асырылады:
- өткізу бағасын түсірудің табысқа тигізетін ықпалы қандай;
- бұйымды өткізу көлемін ұлғайтудың табысқа тигізетін ықпалы қандай;
- өндірісті ұлғайту туралы топшылауға байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сату көлемі қандай болуы керек.
Залалсыздықты талдау кәсіпорын өз шығынының орнын толтыруға қол жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілеудегі өзінің мүмкіндігін бағалауға, өз қызметінің қауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.
Мәселені шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұсқаны тандауына көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нұсқалар бойынша келешекте кездесетін шығындар туралы ақпараттың болуы аса қажет. Кейде есептеу барысында кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.
Бухгалтерлік басқару есебі бастапқы ақпараттарды өңдеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің тұтас арсеналына ие.
Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:
1) оперативті міндеттер:
- өндірістің залалсыздығын талдау;
- өнім шығарылымы мен өткізу көлемін және ассортиментін жоспарлау;
- шектеу факторларын ескеріп, кұрылымды анықтау;
- "сатып алу немесе өзімізде өндіру" міндеттерін шешу;
- баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.
2) ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:
- капитал салу туралы шешім қабылдау;
- бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;
- жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау.
Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.
Бухгалтерлік
басқару есебінің әдістері мен тәсілдері
кәсіпорынның алдында тұрған мәселені
шешуде дұрыс ұсыныс береді.
Басқару
шешімдерін қабылдауда
қолданылатын шығындардың
жіктелімі
Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дүрыс шешім қабылдау ушін кәсіпорын ішінде әзірлеп, үсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжалды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса кажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.
Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:
- өзгермелі, тұрақты;
- бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;
- қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;
- жүктелген шығындар (вмененные затраты);
- инкременттік және маржиналдык шығындар;
- маржиналдық табыс;
- жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;
- релеванттық және релеванттық емес шығындар;
- өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы.
1. Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне байланысты тікелей өзгеретін шығын жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді. Бұл - шикізат және негізгі материал шығындары, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнім бірлігінің шығыны - тұракты шама.
2. Тұрақтыға мөлшері (шамасы) өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарга үй-ғимараттарды күтіп үстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т.б. шығындарды жатқызуға болады. Өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығын өндіріс көлеміне қарай өзгереді өндіріс көлемі ұлғайтылғанда (кемітілгенде) кемиді (артады).
Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүлдем мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шарттьі - тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылықты талдау, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шығарылған өнімнің ассортименті негізінде болады.
3. Бағалу есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары.
Белгілі бір шешімді әзірлеуде бұл мәселеге шығындар мен табыстардың қандай қатысы барын, яғни есепке не алынатынын, не алынбайтынын анықтап алу қажет.
Есепке алынған шығындар мен табыстар бұл шешім қабылдауға әсерін тигізген алдағы кезеңнің шығындары мен табыстары, ал есепке алынбағаны - қабылданған шешімге катысы болмайды.
4. Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезең шығындары. Бұл шығындар қандай да бір шешімдердің пайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынның сомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынған ресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (сол күйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығыны қайтарылмайтын шығынның үлгісі бола алады.
5. Жүктелген
шығындар (Вмененные затраты).
Бұл шығындар басқасынан
бас тартуды талап ететін
әлдебір баламалы әрекет (қолданыстық)
бағамының (курсының) түйінін (тандау,
байлам) құрбан етілуі немесе жоғалуы
мүмкін сипатын білдіреді. "Жүктелген
шығындар" ұғымы тек ресурстар шектеулі
болған жағдайда ғана қолданылады. Ресурстар
шектеулі болмайтын жерде бірдемені
құрбан етудің қажеті болмайды. Мысалы.
Кәсіпорынның әзірленуі 200 сағат өңдеуді
талап ететін
арнайы бөлшектердің бірқатар партияларын
өндіруге келісім-шарт бекітуге мүмкіндігі
бар.
- Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар. Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша болып табылады және өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарына дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Ол көп жағынан маржиналдық шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соңғысы өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдірсе, алдыңғысы өз мәнінде қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтас тобын өндіру көлемін ұлғайтудың, нәтижесі болып табылады.
- Маржиналдық табыстар бүл өнімді сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толық емес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдық табыстың құрамына кәсіпорынның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.
- Жоспарлы бұл нормативтерге, лимиттерге сәйкес өндірістің белгілі бір көлеміне есептелген шығындар. Ол өнімнің жоспарлы өзіндік құнына қосылады.
- Жоспарланбаған - өнімнің нақты өзіндік кұнында көрсетілетін шығындар.
10.
Релеванттық және релеванттық емес шығындар
оңтайлы басқару шешімін
іріктеуде назарға алынатын
шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы
осы немесе басқа шешімдерге байланысты
шығындар ғана ескеріледі. Мұндай шығындар
релеванттық деп аталады, яғни елеулі
немесе маңызды деп саналады. Шамасы қабылданған
шешімге тәуелді болмайтын шығын релеванттық
емес (иррелевантты) және нұсқаларды бағалау
барысында ескерілмейді.
Оперативті
міндеттер
Өндіріс залалсыздығын талдау және оның басқарушылық есептегі мағынасы
Өндіріс қызметін жоспарлауда "шығын - көлем - пайда" талдауы жиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен, мысалы, жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдыгы, өндіріс кұрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Баскаша айтқанда, "шығын - көлем - пайда" талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, біз қандай дүниеге ие боп қаламыз дейтін сұрака жауап алуымызға мүмкіндік тудырады.
Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігін аныктайды.
Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын жэне табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.
"Шығын - көлем - пайда" талдауы - бұл негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; баскарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге. қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін,осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.
Залалсыздыкты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыкқа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде кұраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.
Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.
Талдау нәтижесі бойынша ұсыыыс берілетін кезеңде өндіріс қуаттылығы шектеулі.
Бұл арада басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен ("елі") сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шйеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.
Теңестіру әдісін кұрылымдық жылжытудың ыкпалын талдауда колдануға болады. Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындагы өнімнің қатысты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер кұрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ықпал ету ассортименттің қалай өзгергеніне байланысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.
Маржиналдық
табыс әдісі математикалық
Маржиналдық табыс бұл өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.
Егер
маржиналдық табыстан тұрақты шығынды
шегеріп тастасақ, онда пайданың шамасын
аламыз.
Пайда=
Маржиналдық табыс-Тұрақты
Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалык жоспарлау мен шешім кабылдаудың аспабы ретінде карастыруға болады. Ол "шыгын - көлем - пайда" талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылыктың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздык нүктесі.
Өнім маржиналдығы - бұл түсімге (бағаға) проценттік қатынаста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдықтабыс.
Алдағы кезендерге шешім кабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдык табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пайдалы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:
Маржиналдық табыс (теңгемен) *100%
Өткізуден түскен түсім (теңгемен)
Маржиналдық табыс бағаны қарастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің өзгеруімен, өнім өткізуді ынталандыруда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалык компанияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылық шешімнің негізіне жатады.
Маржиналдык талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.
Мынаны есте ұстау керек "тұрақты" және "өзгермелі'" ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтык шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұракты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз калады.
Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:
- Сату көлемі.
- Өзгермелі шығын.
- Маржиналдықтабыс (1 т. - 2 т.).
- Тұрақты шығын.
- Операциялық пайда (сатудан түскен пайда) (3 т. - 4 т.).
Сонымен,
Маржиналдық табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;
Операциялық пайда = Маржиналдық табыс - Тұрақты шығын.
Осылайша, есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.
Кіріс туралы есеп беруде маржиналдык табыс сияқтьі каржы көрсеткішін бөліп көрсету шығарылған өнім пайдалы немесе паидасыз екенін анықтап береді. Өйткені, тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түскен пайда) қалыптастыруға ықпалы анық көрінеді.
Маржиналдық
тәсілдемені пайдалану
- сату көлемі - 20 млн ақша бірлігімен;
- өзгермелі шығын - 12 млн ақша бірлігімен;
- маржиналдықтабыс- 8 млн акшабірлігімен;
- тұракты шығын- 13 млн ақшабірлігімен;
- операциялык пайда - (-5) млн ақша бірлігімен.
Келтірілген сандар кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуден 8 млн ақша бірлігінің сомасында табыс түсіргенін, яғни өнімнің пайдалылығын көрсетеді. Алайда, тұрақты шығын, яғни кәсіпорынды функциялаумен байланысты шығын шектен тыс көп және бұл зиян шектіреді. Әлбетте, залалды болдырмау үшін не маржиналдық табысты көтеру керек, не тұракты шығынды кеміту қажет немесе бір мезгілде осы екі міндетті қатарынан шешіп көруге тырысу керек. Мысалы, маржиналдық табысты бағаны көтеру, өзгермелі шығынды кеміту, сатудың физикалық көлемін арттыру және т.б. есебінен көбейтуге болады. Осылайша, келесі шешімдерді қабылдау мен талдаудың мүмкіндіктері принципті түрде өседі.
Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құрау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.
Залалсыздық нүктесін (тепе-теңдік нүктесін) анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті (теңдей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.
Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез-құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорыннын, каншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді. Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады. Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі аспабы болып табылады. Мұндай тәсілдеме кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.