Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы
Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл
нормасында қолданылуы
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;
- сөздік қордың өсуіне негіз
болатын лексикалық нормаларды
және оған қойылатын
Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға болады.
Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі - 91 бет.
Мазмұны
Кіріспе.......................
1-тарау. Лексика және оның қатысымда
қолданылуының ғылыми-
1.1. Тіл және сөйлеу, сөз қолдану
мәдениеті.....................
1.2. Лексикалық норма және оның қолданылу
аясы..........................
2-тарау. Сөз қолдану мәдениеті.
2.1. Сөздің қолданылу
2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық
тіркестердің сөйлеудегі (жазудағы
қолданысы)....................
2.3. Сөйлеуде көркемдегіш және
бейнелегіш құралдарды
2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен
сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері,
грамматикалық норма.........................
2.5. Жазба жұмыстарда болатын
қателер және олардың жіктелуі.
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі........................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазір тілді оқыту саласында әдіскерлердің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Бұл міндет әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте оқушылардың тек сөйлемді дұрыс құрастыру жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әртүрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушылары да, қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән беріле бастады.
«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартында» «сөйлеуге сай сөз қолдану іскерліктерін игерту» деген міндеттер қояды [1,8]. Ал оның дайындық деңгейіне лексика бойынша мынадай талаптар қойылады. «Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана білу; сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын білу; омонимдер, синонимдер, көп мағыналы сөздердің ерекшелігін білу» [1,14].
Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған [2,6]: «Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру. Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру». Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байланысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдылары анықтайды. Мектеп оқушыларының лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді: «Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарды жүргізуді ескертеді .
Лексикалық
білім беру мен оның
сөздің қолданылуы туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру мына жүйеде жүргізу тиімді болып есептеледі.
Оқушылардың бұл секілді тілдік қателерін болдырмау үшін, қазақ тілі пәніндегі тіл мәдениетін оқытуға арналған материалдармен бірге лексикалық білімдерін еске түсіріп жаттығулар жүргізіледі. Атап айтқанда, сөздің мағынасы бойынша жұмыс; сөздердің көркемдегіш құралдары бойынша жұмыс; сөздердің нормалануы туралы түсінігін жетілдіру екендігі ескеріле отырып, диссертациялық жұмыстың тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықтау;
- Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгілеу.
Зерттеудің әдіснамалық негізі – ғалымдардың әдеби тіл нормалары мен сөз мәдениетіне қатысты тұжырымдары, тіл туралы заң, ереже, қағидалар болып табылады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға боады.
Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі - 92 бет.
Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми- теориялық
негіздері
1.1.Тіл және сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті
Тіл туралы ғылымның өзіндік нысандарына сай орныққан жүйе, ережелері бар. Соның бірі ана тіліміздің әр алуан жақтарын қамтитын «Тіл мәдениеті» атты білім саласы. Орфоэпия дыбыс сазы мен әдеби тілдің дауыс ырғағын тексереді, орфография емле ережелерін, пунктуация тыныс белгілерін, стилистика сөз тіркесі заңдарын, жатық сөйлеу, сөз толғау тәсілдерін зерттейді. Ал тіл мәдениетінің нысаны не деген мәселе жалпы тіл ғылымында анық белгіленбей келеді.
Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал – лексика деп есептейді [3,118]. Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.
Сөз мағынасын, мәнін игеру арқылы баланың ұғымы да кеңейеді. Сол мағына ұғымдарды бір-бірімен байланыстырып, қарым-қатынасқа түсіру арқылы ойы дамиды. Соның нәтижесінде, өз ойына байланысты сөздерді лайықты қолдана білу дағдысының қалыптасуы арқылы сөздерді мағынасына орай қолдана білу икемділігі де артады.
Оқушылардың сөйлеуде біршама лексикалық қоры болғанымен, олардың бәрінің бірдей қолданылуын игере бермейді. Сөздің қатысымдық әрекет түрлеріне байланысты қолданылуын игермеу сөйлеудің түрлеріне байланысты лексиканы қолдану икемділігі мен дағдысының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мәселен, синоним, неологизм, көнерген сөздер мен диалект, термин сөздердің қолданылу ерекшеліктерін әдеби тіл стильдерінсіз игере алмайды. Ауызекі сөйлеу мен кітаби стильдердегі лексиканың қолданылу ерекшеліктерін меңгермей, олар бойынша мәтін құрастыра білу икемділігін дамыту мүмкін емес. Баланың тілін дамыту үшін лексикалық құралдардың құрылымдық-теориялық мәліметімен бірге, қарым-қатынаста қолданылу ерекшелігі туралы білімі мен дағдысын қалыптастырып, икемділігін арттыру қажет. Мәселен, синонимді оқытқанда, оның мәндес сөздер екендігі үйретілумен бірге кітаби, әдеби тіл стильдері түрлеріне байланысты да сөйлеудегі қатысымдық ерекшеліктері меңгеріледі. Ол функционалды стиль түрлеріндегі мәтіннің тілдік құралдарының ерекшеліктері ретінде игертіледі.
Жеке
сөздердің мағынасы, мәні, тіркесуі,
қолданылуы қарым-қатынас
Сөздердің
тілдік нормаға орай
Сөз
байлығы – тіл байлығы. Бірақ
тілдегі сөз байлығының
Қазақ
әдеби тілінің сөз байлығы
жалпы халықтық қасиеті бар
байырғы және өзге тілден
Жазба
әдебиет арқылы тіл байлықтары,
оның құрылымы бір қалыпқа
түсіп ерекшеленеді. Жазуы болмаған
халықтың тілі әдеби тіл
Бұл жеке сөздерге, оны қолдануға да байланысты. Мәселен, қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері – яғни әдеби нормаға жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, ауызша тіліне ғана жататыны бар. Сондықтан оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда, ең алдымен, сөздерді әдеби тілге жататын, жатпайтынын ажырата біліп, өзінің ойын жазбаша жеткізуде әдеби тілдің лексикалық таңдап, талғап, сұрыптап үйретуге жаттықтырылады.
Өйткені
лексикалық норма туралы М.
Сөз
таңдап қолдану жазба әдеби
стильдеріне байланысты да
Көркем
мәтіннің тілін зерттеу
Стилистика
саласындағы мамандардың
Тіл білімінде тілдік нормаларды айқындай, белгілеп беру үшін мынадай талаптар қойылады:
1) тілдің
жүйесіне, тілдің өзіндік ішкі
даму заңдылықтарына, оның ішінде
грамматикалық заңдылықтарына
2) дәстүрлік
белгісі, яғни әдеби қалыптасқан
нормаға сәйкес келуі;
3) әдетте, қолданылып жүрген узус сөздердің құрамында болуы [7,11-44].
Әдеби
тілдің қалыптасқан нормасы, яғни
әдеби стандарт, осы мәселені
өзекті дәрежеде үзбей зерттеп
жүрген мамандардың сөзіне
Жалпы әдеби тіл нормаларының ауытқып қолданылатын, яғни осы нормалардың аясына жатпайтын сөздерді Р.Сыздық мынадай топтарға бөледі:
1) диалектизмдер,
қарапайым сөздер, жай, дөрекі сөздер,
жаргондар т.б. Бұл топтағы сөздердің
кейіпкерлер тілінде
2) сөздердің
мағыналық жағынан ауытқуы
3) сөздердің өзара тіркесу заңдылығын бұзу арқылы ауытқу. Иініне қарай, бұлар кейде уәжді, кейде уәжсіз болып та келіп отырады. Авторлық баяндаулар бөлімінде белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылатын жағдайларды да осы топқа қосуға болады.
Ә.Кекілбаевтың
«Үркер» романында
Әдеби тіліміздегі күпшектей, күпшектену деген сөздеріміздің түбірі осы күб (күп: б/п) болуы мүмкін. Ауызекі сөйлеу тілімізде «аяғым (қолым, білегім т.б.) күп болып ісіп кетті» деп осы күні де айта береміз. Бұл түбірге жалғанып тұрған – шек жұрнағы туралы пікір айтпай-ақ қойсақ та болады (ол тиісті оқу құралдарынан белгілі морфема).
Жазушы
өз еңбегінде белгілі бір
Немесе
күзем кезінде қойды суға
Қазіргі
кезде қазақ тілі сияқты
Тұжырымдай
келгенде, жазбаша сөйлеу әрекетінде
сөзді таңдау лексикалық
Тіл
мәдениетін арттырудың бір
Сөз
дәлдігі туралы сапаға
а) «бұл
кеншарда қой басын
ә) сөздің
ұғымы мен мағынасын және
б) дәлдікке қатысты мәселенің бірі, зат, құбылыс пен оның атауы сөз арасындағы байланысты жете тани алмаудан қате жібереді. Мысалы: Күздің алтын күрек желі есті деген сөйлемдегі « алтын күрек» деген тіркес күзде емес, халық көктемде қарды ерітетін жылы желді айтады.
в) сөз-белгілі зат пен құбылыс атауы. Сөзді білгенмен оның қандай затты, құбылысты белгілейтінін білгенмен немесе шала-шарпы ғана игерген оқушы дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы айтылғандар керісінше зат пен құбылыстың дәл атауын, қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы деп қолданады т. б.
Тіл
тазалығына қатысты да
1)тілімізде бөгде сөзді қалай болса солай араластырып қолдана береді.Мысалы, остановкада тұр, звонить етті т. б.
2)басқа
тілден екінші тілге сөз алу,
жаңа ұғымның пайда болу
3) жергілікті говор, диалект сөздерді таңдамай, сараламай қолдану. Мысалы, бойлай (үнемі, өне бойы), бәткерле қылу (әшкереледі), шекейін (дейін, шейін) т. б.
4)ойға басы артық, қыстырм сөздерді жиі қолдану. Мысалы: әлгі, я, мәселен, яғни, сосын т. б.
5) орыс тілінен енген сөздерді қолдану. Мысалы: 1. Алматыда жаңа площадь, дворец бар. 2. Медео – дүние жүзіндегі көрікті де сұлу мұз айдыны. 3. Қала сыртында көптеген дачалар т. б.
Стильді- лексикалық қателер тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын қолдана білмеу бағытында кездеседі.
а) сөзді көркемдік мақсатта қолдануда қате жібереді. Мысалы: Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.
Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жіберіледі:
ә) фразелогиялық
тіркестердің мағынасын
б) фразеологиялық
тіркестердің құрамындағы
в) фразеологиялық
тіркестердің құрамындағы
Мұндай
қателер оқушылар тілінің даму
деңгейінің төмендігі мен сөз
қорының аздығынан болады. Сондай-ақ
сөз мағыналарын ажырата
Ол
туралы М.Балақаев: «Қазақ тілінің
қоғамдық қызметі арта түсіп
отырған қазіргі кезде оның
үздіксіз даму процесін терең
ұғынып, өмірлік проблемаларын жан-
Қазіргі әдеби тіліміз – халық тілінің жоғарғы формасы болып табылады. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, нормалық жүйесі нығая түседі. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де өзара тамырлас, әрі бірінен бірі нәр алып дамиды, соңғы халық тілі негізінде жасалып, оның құнарлы қазынасынан керегін таңдап алып дамыса, сөйлеу тілі де өзінің бұрынғы дәрежесінде қалып қоймай әдеби тіл елегінен өтіп, жалпы халықтық қасиетке ие болған байлықтарын, керсінше, үнемі қабылдап отырады. Бара-бара сөйлеу тілі мен әдеби тілдің алыс-берісі күшейіп, әдеби тілдің екі түрі – жазба әдеби тіл мен сөйлеу әдеби тілі қалыптасады.
Әрбір
тілдің сол тілде сөйлейтін
қауымдар арасында қатынас
Халқымыздың кешегі өткен ойшылдары, ағартушы-ғалымдары, ақын-жыраулары ішінде тіл мәдениетін сөз етпей, тіл шұбарлаушыларға кейістік білдірмей кеткені кемде-кем. Тіпті қазақ даласындағы алғашқы мерзімді баспасөздердің өзі, «Түркістан уаляты», «Дала уаляты» және «Айқап» журналы қысқа мерзімді өмірлерінің ішінде тіл мәдениеті, тіл тазалығы тақырыбына ондаған мақалалар жарияланды. Бұл жағдайлар тіліміздің мәдениеттілігін арттыру, оны шыңдап жетілдіре беру талабының ерте кезден-ақ сөз болып келе жатқан жалпыхалықтық мәселе, ұлттық мәдениет мәселесінің бөлінбейтін бір саласы екендігін аңғарады. Сондықтан С.Қирабаев: «Қазіргі әдеби тіл мен оның нормасын, жазу емлесін үйрену, жалпы тіл мәдениетін көтеруге ұмтылу ешкімге ұятты іс емес, қайта абыройлы болыш. Бұл – Отан алдындағы, халқымыз, ұлтымыз ана тіліміз алдындағы патриоттық борышымыз. Бұған бізді ел сүю, жер сүю, ұлтымызды сүю сезімдері міндеттейді» [10,8]. Енді осы мәселенің екінші, теориялық жағы бар.
Тіл
мәдениеті мәселесінде