өсімдіктерді қорғау

Мазмұны 

Кіріспе...........................................................................................................3

   

  І. Өсімдіктер  әлемін  қорғау және пайдалану

1.1. Қорғауға жатқызылатын өсімдіктер әлемі ........................................5

1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары ........................... 7 

  ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар

2.1. Кәсіптік  маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12

2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық

      шаруашылық және экономикалық маңызы.......................................19 

 ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар

        әлемін қорғау мен пайдалану  мәселелері.

3.1. Батыс  Қазақстан облысындағы өсімдіктер  мен 

       хайуанаттар әлемі............................................................................... 24 
 
 

Қорытынды.................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................30  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                               Кіріспе 

 
Тақырыптың өзектілігі:

     Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.

     Планета табиғатының жұтау қаупі бірден белгілі бола қойған жоқ. Тек көптеген түрлер құрып кеткеннен кейін ғана адамдар олардың енді қайтып келмейтінін, ешқандай ғылыми-техникалық прогресс құралдарының оларды қалпына келтіре алмайтындығын байқады. Түрлердің жойылу қарқыны қауіпті түрде шапшаңдай түсті. Омыртқалы жануарлардың кейбір топтарындағы жойылып кеткен түрлердің саны 10—20 процентке дейін жетті. Міне, бұл деген кәдімгідей жан түршігерлік жағдай еді. 
Хайуанаттар мен өсімдік турлері табиғаттың қайталанбас, генетикалық бірегей туындысы, олардың әрбіреуін құртып алу дегеніміз табиғаттың баға жетпес сыйынан айырылумен барабар болып табылады. Өйткені тіпті ластанған су мен ауаны да тазартуға, қалпына келтіруге болады, ал жойылып кеткен биологиялық түрді қайта тудыру, дүниеге қайта келтіру деген мүмкін емес нәрсе.

    Енді бірнеше мысал келтірелік. 19 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі құрыды, ал үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында Жер бетінен тағы да 40 түрі құрып кетті. Қазіргі кезде тек омыртқалылардың ғана 600-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр. Тіпті фаунамыздың (жануарлар дүниесінің) кейбір тамаша өкілдерінің құрып біткен ақырғы уақытын да айтуға болады. Мысалы, 10 ғасырда Европаның ормандары мен орманды далаларында қаптап жүрген түр жабайы сиырының ең соңғысы 1627 ж. Польша жерінде өлді. 1741 ж. Командор аралдарынан табылған, дене тұрқы 8 м, салмағы 3000 кг шығатын су сиырлар 1768 ж. бүтіндей құрып бітті. 18 ғасырда оңтүстік орыс далаларында тарпан жабайы жылқысы үйір-үйірімен жайылып жүрегін, соңғы тарпан 1879 ж. құрыды. Бір кездерде Солтүстік Америкада бірнеше миллиондап колония болып ұялайтын кезеген кептерлерді адамдар бас-аяғы жүз жылдан аз-ақ астам уақыт ішінде қырып жіберді, ақырғы кезеген кептер 1914 ж. АҚШ-та хайуанаттар паркінде өлді.

    Бұл жағдайдан сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді қорғау қажеттігі туды. Бұл істе Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы (Международный союз охраны природы и природных ресурсов — МСОП) үлкен роль атқарды. 1962 ж. Сирек кездесетін құстар мен сүтқоректілер тізімінің алғашқы жобасын дайындады. 1966 ж. анықталған тізім арнайы Қызыл кітапта көрсетілді. 
1979 жылғы жағдай бойынша алғанда, халықаралық, Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 305 түрі мен түр тармағы, құстардың 258, бауырымен жорғалаушылардың 98, қосмекенді-лердің 40, балықтың 193 түрі мен түр тармағы енгізілді.. Бұл өзі еліміздің хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау ісіндегі көрнекті оқиға,.

  «Қазақ   ССР    Қызыл   кітабының» омыртқалы     жануарларға     арналған I   бөлімі   1978   ж.   басылып   шықты. Оған омыртқалылардың 78 түрі енді. Олар: сүтқоректілерден — қара кірпі, көк   суыр,    құндыз,    үнді    жайрасы, қызыл қасқыр, тянь-шань қоңыр аюы, қара күзен, орта азия сілеусіні, қара-қал,    шағыл    мысығы,    қарақұйрық, үстірт қойы, қызыл-құм қойы, арқар т. б.; құстардан — алтай ұлары, кара ләйлек,    қарабай,    кәдімгі    қоқиқаз, дуадақ,   безгелдек,   бүркіт,   субүркіт, лашын т. б.; балықтардан — сырдария тасбекіресі,    арал    албырты,    каспий албырты   және   басқалар.   Бұлардың ішінде     халықаралық     және     СССР Қызыл    кітаптарына   енген    (Қазақстанда кездесетін)  түрлер де, оларға енбеген,  бірақ   Қазақстанда  жойылу қаупі  төнген  және  сирек   кездесетін түрлер де бар.  «Қазақ  ССР  Қызыл кітабының»     өсімдіктерге     арналған II   бөлімі   1981   ж.   басылып   шықты. Оған   өсімдіктің   308    түрі   тіркелді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік экономиканың тоқтаусых дамуы экологиялық көкейтесті проблемалардың  туындауына себеп болып отыр.  Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, өсімдіктер мен хайуанаттар, жанулар дүниесінің жойылуы, жалпы табиғаттың азуына әкеліп соғуда.  Өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау мен оны кәсіптік, экономикалық пайдаланудың тиімділігін жан-жақты ашу.

Курстық жұмыстың міндеттері: Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдарын, хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық шаруашылық және экономикалық маңызын, құқықтық негіздерін ашып көрсету. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар әлемін қорғау мен пайдалану мәселелеріне қысқаша анықтама беру.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Өсімдіктер  әлемін  қорғау және  пайдалану

1.1. Өсімдіктер әлемінің құндылықтары мен кәсіптік пайдасы  

  Қазақстан - Еуразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырымға созылып жатыр. Батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтайға дейін 3000 шақырымға жуық жерді алады, солтүстіктен оңтүстікке Орал таулары мен Тянь-Шань тау қыраты, Үстірт және Қызылқұм шөлдері 1600 шакырымды құрайды. Еліміздің жер көлемінің үлкендігіне тікелей байланысты табиғи-климаттық жағдай әр түрлі болып келеді. Климаттық жағдайының ауысып отыруына байланысты Республикамыздың өсімдіктері әр түрлі болып келеді. (солтүстіктен оңтүстікке көз жіберсек, біз жазықтықта орналасқан үш түрлі табиғи-климаттық аймақтарды ұштастырамыз - орманды дала, далалы және шөлді.   Қазақстанның территориясын оңтүстіктен және шығыстан көмкеріп тұрған биік таулар, белдеулер биіктігімен ерекшеленеді. Климаттың құрылуына географиялық ендіктің әсері мол. «Қазақстанның табиғат зоналары да географиялық ендік бойынша орналасқан. өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жан-жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Әр ланшафтың бейнесі бірінші кезекте бар тіршіліктің тірегі жасыл өсімдіктерден құралады. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғарғы сатыдағы 5754 өсімдік түрі кездеседі, олар: қырықбуындар, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар және гүлдесін өсімдіктер. Әлбетте, бұл сандар түпкілікті емес, Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай-ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылып отырады. Осындай алуан түрліліктің арасында, әр түрлі тіршілік формалары кездеседі - мықты ағаш, биік және жатаған, сирек төселгіш бұталар, тартымды бұташықтар. көпжылдық, сондай-ақ біржылдық түрлі шөптер. Алтай тауларында өсетін. алыптар қатарына кіретін биіктігі 40 метрге жететін Сібір қарағайы және кішкене ғана біржылдықтар Қазақстан тауларының құрғақ беткейлерінде, шөлдер мен далаларда кездесетін мүйізді шөңгебастың әдеттегі биіктігі 1 см-ге әрең жетеді. Бірақ біздің өсімдіктеріміздің арасында да орасан үлкендері кездеседі. мысалы. кәдімгі қамыс. Бұл өсімдік өзен, көлдердің жағалауларында өседі. жиі үлкен шілік құрайды. Биіктігі екі қабат үйдің биіктігіне сәйкес 7 метрге дейін жетеді. Өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, Батые Тянь-Шань орманының негізін құраушы Зеравшан аршасы мың жылға дейін тіршілік ететін болса, осы тауды мекендейтін біржылдык көктем крупкасы өзінін тіршілік кезеңін 3-4 аптада аяқтайды.

     Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына кызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста. олар өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы біледі. Бұл тек құрылыс ағаштары және отындык орман тұқымы емес. сонымен қатар азық-түлік көзі. Жанғақ, жеміс және жидектерден баска, әр түрлі жуа түрлері (піскемжуа. ақ жуа, алтай жуасы), жабайы сарымсақ, сондай-ақ Котчиев қатыраны және балшөп туысы бұлардың химиялық қүрамындағы көмірсулар мен крахмалдар картоптың ең жақсы деген сортының құрамынан кем емес.

    Қазақ халқы үшін дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кілем тоқу және былғары бұйымдар жасау - үнемі жабайы өсімдіктер шикізаттарын пайдалануға негізделді. Кілемдер, киіз, маталарды бояу үшін нағыз төзімді өрі ашық түсті бояулар рауғаш қызылтамыры, кәдімгі адыраспан, риян өсімдіктерінен алынады. Жоғары сапалы иленген тері алуға Максимович рауғашының тамыр сабақтарын пайдалану арқылы қол жеткізілді. Өсімдіктерден сабын, киім тігу үшін мата, жіптер, себеттер жөне үйге қажетті баска да ыдыстар жасайды. Әрине, адамдар өсімдік шөптермен ерте кезден бастап, бүгінгі күнге дейін емделіп келеді. Барлық тұрғындар әсіресе ауылдық жерде тұратындар шай-қурайдың, жұпаргүлдің, бақажапырақтың, өгейшөптің, қарағаш шайыры қандай ауруларға ем ретінде қолданылатынын біледі. Сонымен катар, тек қазақ халқы үшін дәстүрлі пайдаланылатын бірнеше өсімдіктер бар. Мысалы, тобылғы діңінен қамшыға сап жасайды, гүлдеген зизифорамен қымыз құюға арналған ағаш ыдысты /күбі/ ыстайды. Ерекше көбіктенуі үшін және өзіндік дәмі болу үшін бұл сусынға дөңгелек жапырақты аканит тамырының бір түйірін қосады.

 Қазақстан флорасының жан-жақтылығы тек әр түрлілігімен ғана қорытылмайды. Қазақстан флорасының 700-ге жуық өкілі эңдемиктер больш табылады, яғни басқа елдерде жабайы өсімдіктер ретіңде кездеспейді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары

   Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде.

   Академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.[2]

  Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. 
    Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн-ға кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.

   Мамандардың есебі бойынша, біздің ормандарымыздан жылына 1500 млн м3 дейін ағаш дайындауға болады. Қазіргі кезде оның 1,3 ғана дайындалып жүр, соның өзінде ағаш қоры дұрыс пайдаланбағандықтан орманға үлкен зиян келуде.

   Кесілген ағашты сақтауда, тасымалдауда өте көп кемшіліктер бар. Олар поезбен, сумен, автотранспортпен тасымалдағанда жолшыбай шашылып, ысырап болады. Орманды сактауда оларды зиянды жәндіктерден корғаудың маңызы зор. Оның механикалық, химиялық, биологиялық жолдары бар. 
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек.

   Қазақстан орман шарулшылықтары жыл сайын 90 мың гектарга ағаштар отырғызады. Онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі, олардьщ ішінде дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар. Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақ үйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек кездесетін реликті өсімдіктср түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының бөктерінде бар. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден астам түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелегсн алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады.  
     Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға байланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік турлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр.

    Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыннан астамы Қазақстанда өседі. Онын. 760 астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер, 1500 түрі пайдалы (азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы «Қызыл кітапқа» енгізілген.

    Өсімдіктердің геофондысын сақтауда олардың жабайы түрлерін сақтаудың да зор манызы бар. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады. Олардың генетикалық негізінде 1500-ден аса өсімдіктің жаңа сорты шығарылды.

  Өсімдіктің кейбір түрлерін адам баласы колдан құртып отырады. Бұлардың қатарына, бағалы өсімдіктерге тамақ жөнінен конкурент болып есептелінетін, арам шөптер жатады. Бұлардан басқа жайлауларда улы шөптер кездеседі. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын уландырып, колхоз, совхоздарға зиян келтіреді.

   Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, топырақтын құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады. Орманның көмегімен заттардың биологиялық айналысы сақталып отырады. Ормандардың фитомассасы жер шарының өсімдік массасының 82 процентін құрады. Орманның пайдасы тек қана шаңды тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға фитоцидтарды бөлуде. Мысалы, бір гектар можжевельник тәулік ішінде 30 кг га дейін фитоцид бөледі. 
Орман — ағаш өнеркәсібін дамытудың, тамақтық, техникалық және дәрігерлік шикізаттың негізгі көзі. Егер бұдан бұрын ағаштан 4-5 мың нәрсенің түрі дайындалса, қазір оның саны 15—20 мыңға дейін жетіп отыр. 
Ағаштың адам баласына пайдалылығы, оның, табиғат қорғау, топырақ сақтау және климатты реттеудегі рөлі өлшеусіз.

   Қазір дәлелденіп отырғандай, әрбір 10000 км 3 тайга өзендерге жыл ішінде 0,7—0,8 км3 су келуін қамтамасыз етеді.

   Орманның өзі мемлекеттік қорықтар, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады. 
  Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы — орманды қорғау — еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты. Ормандарға зор зиян келтіретіндер катарына өрт жатады. Олардан орман жануарлары да үлкен зиян шегеді. Өртке басты себепші — адамдар, 90% астамы солардың кінәсінен болады. Әдетте, өрт ормандарда от жағудан, аңшылық кезінде шала жанған оқ-дәрілердің қалдығынан, автомашина моторынан т. б. кетеді. 

   Әсіресе өртке қауіпті кезең сәуір айынан басталады, өрттің басым көпшілігі мамыр айында, ағашта жапырақ аз кезінде болады, ал тамыз айында құрғақшылық кезінде, шөптің кұрғаған мезгілінде өрт кең етек алады. 
Өртті болдырмау үшін халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жургізу, қолда бар құралдармен (күрек, айыр, шелек т. б.) өртті сөндіру тәсілдерін үйрету керек. Әдетте өрттің кең тарауына жол бермес үшін, оның айналасынан ор, каналдар қазады. Өрт сөндіруде авиацияның көмегі зор. Соңғы жылдары өрттін шықкан жерін космостан бақылау жүзеге асырылады.  
   Әрине, өрт сөндіруге қолда бар техника кеңінен пайдаланылуы тиіс. Бұл жерде басты мәселе — өрт болдырмау жолдарын қарастыруда. Адамның ормандағы мінез-құлқын қадағалап, ормандағы «мәдениетін» көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізу керек. Оған төмендегідей қарапайым ережелер жатады: ағаштың түбінде от жағуга болмайды, ол үшін диаметрі жарты метрден астам бұтақтардан, шөп-шаламнан тазартылған тақыр жер болуы керек. Отты пайдаланғаннан кейін, мұқияттап көміп тастау керек. Отынға тек кесулі, сынып калғап ескі ағаш бұтақтарын пайдалану жөн. Транспортпен орманның калың ортасына баруға, өзендердің бойымеп жүруге, шабындық жерлерді таптауға тыйым салынуы тиіс 
Орманды қорғау комплексті түрде жүргізілуі керек. Оған жабайы және үй жануарлары да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан да орманды қорғау, онда корық ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты.

    Өсімдіктерді қорғау туралы  2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:

1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;

2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;

3) облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергiлiктi мемлекеттiк  басқару органдары; 

4) өсiмдiктердi  қорғау саласындағы қызметтi жүзеге  асыратын мемлекеттiк ұйымдар;

5) мемлекеттiк  фитосанитариялық бақылауға жататын  объектiлердi пайдаланатын жеке және  заңды тұлғалар енедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:

- өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

- өсiмдiктердi  қорғау саласындағы бағдарламаларды  бекiту;

- ерекше  қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн  бекiту;

-  өсiмдiктердi  қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

 Заң  бойынша  уәкiлеттi органның құзыретiне:

  • өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс ету;
  • ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс ету;
  • өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту;
  • пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
  • пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу ережелерiн әзiрлеу мен бекiту;
  • хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн бекiту;
  • фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
  • өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
  • бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу, "Қазақстан Республикасының пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау;

  Уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

   Фитосанитариялық бақылауды тiкелей орындайтын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.

  Заңға орай  өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар мынандай:

- Қолайлы  фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз  ету мақсатында қызметі мемлекеттік  фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.

   Сондай—ақ  өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi

қызметті  үйлестіруде кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Осыған орай өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкілетті органмен келісілуге тиіс. 

 Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапқа тартуға құқығы бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар

2.1. Кәсіптік  маңызы  бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі 

     Қазақстанның жер бедері әр алуан. Оның солтүстік жағын орманды дала, дала және шөлді аймақтар алып жатса, оңтүстігін әсем таулар көмкереді. Жасыл ормандар мен қамысты көлдер бағалы андардың өсіп-өнуіне колайлы жағдай жасайды. Қазақстанның кең байтақ территориясында сүт қоректілердің 150-дей түрі бар болса, соның отызға жуығының азайып, кұрып кету қаупі туып отырғанын жоғарыда айтқанбыз. Солардың ішінде тауда - барыс, кызыл касқыр, ақтырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда - орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда - қарақұйрык, үстірт арқары, қарақал, гепард, су жағасында — кәмшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сиякты хайуанаттар мекендейді. Олардың көбінің кәсіптік маңызынан бас0а ғылыми тұрғыдан да үлкен мәні бар.

   Жұпартышқан - құйрығы ұзын,тұмсығы созыңқылау және аяқтары қысқа, орташа мөлшерлі келген аң. Денесінің ұзындығы 18-22, құйрығы 12—20,5 сантиметрдей, салмағы 320—480 грамдай. Дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды, көзі өте кішкентай келеді. Аяқтарында, башайларының арасында жүзу жарғақтары бар. Құйрығының үсті мүйіз тәрізді қабыршактармен жабылған. Жүні тығыз, жылтыр, жібектей жұмсақ, сұр бурыл, күміс тәрізді немесе ақшыл болады, терісінен су өтпейді. Арқасының түсі шым қоңыр, өте жылтыр келеді. Арқасына карағанда бүйірі акшыл. Тамағы, кеудесі және барлық кұрсағы күміс акшыл сары ренді келеді.     Құйрығының түбінің астыңғы жағында тер безі орналасқан, осы безден май тәрізді иісі күшті сұйық зат бөлінеді. Осы иістері аркылы «ерлі-зайыптылар» бір-бірін тез тауып алады.

   Жұпар тышқан (выхухоль) дүние жүзінде тек біздің елімізде ғана таралған. Ол бүрынғы Кеңестер Одағынын Европалық бөлігінде, Еділде, Жайықта, Донда және Днепрде кездеседі. Көбінесе осы өзендердің бассейндерінде қоныстанады.

    Біздің республикамызда жұпар  тышқан негізінен Батыс Қазақстанда таралған. Бұл өңірде ол Жайык өзенінің бойын мекендейді. Осы өзеннің солтүстік жағасынан Атыpay облысының шекарасына дейін кездеседі. Атырау облысында Каспий теңізінің бойына орналасқан Есбол, Бақсай, Теңіз аудандарындағы өзендер жағасынан аздап көрінеді. Жалпы біздің өңірде жұпардың саны мардымсыз. Бұл аңның қоры әсіресе Ресейдс едәуір. Ресейдің Белоруссияның, Литваның және Украинаның көптеген су аймақтарында жерсіндірілген жұпарлар мекендейді. Осы аудандарға соңғы 38 жылдың ішінде шамамен 10 мың жұпар тышқан жіберілген. Сондай-ақ, бұл аң Батыс Сибирьгеде жіберілген, бірақ бұл жерге оның ойдағыдай жерсінуі жөнінде әлі толық мәліметтер жоқ. Рязань облысынын өзен жағаларында 10 км орманды жерде 25— 30 жұпардан кездеседі.

    Жұпар тышқан - жартылай суда тіршілік ететін жануар. Орал өңірінде жұпар өзендердің сағасында және оның ағындарында мекендейді. Су жағасынан олар ұзынша етіп ін қазады, іннің аузын судың астынан шығарады. Іннің аузы әр уақытта су деңгейінен 10—40 см төмен орналасады. Іннің жолы су деңгейінен жоғары көтеріліп ұя камерасымен косылады. Іннің ұзындығы су жағасының өзгешелігіне байланысты. Мәселен, тік жарда оның ұзындығы 2—3, ал жайпақжағада 20 метрге дейін барады. Судың ішіндегі іннің ең түбіндегі ұя камерасы жазғы су деңгейінен 20—30 см жоғары орналасады. Жұпар тышқан көбіне I —2 метр терендіктегі суда тіршілік етеді, ал бұдан тайыз өзендер қыста қатып қалатын болғандықтан ол үшін жарамайды. Қыс айларында ол жердің бетіне мүлдем шықпайды, судың түбінде немесе мұздың астында жүзіп жүріп күнелтеді. Ол өте терен суларда тіршілік ете алмайды, өйткені мұздың астында аз да болса ауа болуы керек. Жұпар тышқан семьясымен өмір сүреді, жазда бір семьясында 4-5-тен жұпар болса, ал қыста бір ұяда 12-13-ке дейін болады. Кейде жаз айларында жеке-жеке жүрген жұпар тышқанды да көруге болады. Өзен жағасында жүгіріп жүргені. Жұпар тышқан ымырт жабылған және түнгі мезгілдерде тіршілік етеді. Ол - талғаусыз қоректенетін аң. Суда кездесетін жәндіктер мен өсімдіктердің 90 түрімен азықтанады. Бұларға инеліктің, масаның, шыбынның личинкалары, көбелек, құрт, сүлік, шаян, өрмекші, ұлу сияқты жәндіктер және қамыс, құрақ, қоға секілді өсімдіктер жатады. Сондай-ак бақаны да жақсы жейді. Кейде ұсақ балықтармен, әсіресе судың жағасына шығып калған өлекселермен қоректенеді. Жұпар тышқан күн сайын өз салмағына пара-пар - 450 грамға дейін тамак ішеді. Жұпар тышқан жылына 1-2 рет балалап, әр жолы 1-ден 5-ке дейін, ал орта есеппен 3-4-тен өсім береді. Егер бірінші рет мамырдың аяғында немесе маусымда туатын болса, екінші рет қараша-желтоқсан айларында туады. Балалары жай өседі, тек бір жылдан кейін ересектерінің мөлшеріндей болады.. Ересек жұпардың жұптасып жаппай шағылысу кезеңі көктемде су тасыған кезде басталады. Ұрғашы жұпар тышқан балаларын 45-50 күндей көтереді. Жұпар тышқанның жауы онша көп емес. Олар әсіресе су тасыған уакытта корғансыз келеді, сондыктан да бұл кезде оларды түлкі, ақкіс, дала күзені сияқты аңдар мен жыртқыш құстар ұстайды. Сондай-ақ жұпар тышқанға жайын және шортан секілді жыртқыш балықтар да шабуыл жасайды. Көбінесе бұл аңдар балықшылардың суға құрған ауларына түсіп өледі. Жұпар тышқан қолайлы жағдайда төрт жылға дейін өмір сүреді. Бұл — ұзақ жас.

    Жұпар тышқан терісі бағалы аң. Оның терісінен басқа ұрық безі де пайдаға асады. Ол осы безінен иісі күшті зат бөледі. Ол парфюмерия өнеркәсібіне керекті бағалы шикізат болып есептеледі. Бұдан әр түрлі хош иісті заттар дайындалады. Жұпар тышқан терісі мехтың тандаулы сорттарына жатады. Нақ осы жағдай оның тағдырына кесапатты роль аткарды: ғасырымыздың бас шеніне қарай ол түгел дерлік құртылды. Сондықтан да ол табиғат жағдайында өте аздаған жерде ғана сирек таралған. Сондай-ақ өзендердің бойындағы ормандар мен бұта ағаштарды кесіп алу, суды ластау және балықтарды рұксат етілмеген құралдармен аулау салдарынан жұпар тышқанның негізгі таралған аудандары қысқарып және оның саны кенет азая түсті. Осыдан барып бұл анды қамкорлыққа алып жерсіндіру жұмысы басталды. Әсіресе, Хопер қорығында Ресейдің (Воронеж облысында) қамқорлыкка алынған бұл хайуан тез өніп-өсті. Қазір мұнда 1,5 мың жұпар тышқан бар. Олардың 2 мыңнан астамы еліміздің басқа аудандарына жіберілді.

    Бұрынғы Кеңес Одағында жұпартышқанды аулауға 1920 жылдан бастап тыйым салынды. Тек 1946 жылдан бастап Ресейге қарасты кейбір облыстарда ғана рұксат кағаз (лицензия) бойынша ауланып келеді. Қазақстанда 1953 жылы ең көп—22,4 мың жұпар тышқан терісі дайындалса, қазірғі кезде жыл сайын орта есеппен оның 2—2,5 мың ғана терісі мемлекетке өткізіледі. Әсіресе ол Еділ мен Дон өзендерінің бойынан ауланады. Тарихи деректерге қарағанда патшалық Ресейде жыл сайын 60—100, орташа есеппен 30 мың жұпар тышқан терісі дайындалған.

     Қазакстанда, Орал өңірінде, көп жылдан бері жұпар тышканды аулауға тыйым салына тұрса да, оның саны өспей отыр. Мәселен, 1966 жылы  Жайық өзені жағасын мекендейтін жұпарды зерттеген кезде онын корының әлі аулау мөлшеріне жетпей отырғаны байқалды. Мұнда балыкшылардың ауына жы-лына жұпардың 2—3 жүздейі ілініп жатады.

  Әлі де жалпы саны өте аз жұпарды қорғау қажеттілігі туындайды.. Бұл аңды қорғау үшін ең алдымен өзендердің жайылымдарында, әсіресе жазғытұрым су жайылған жерлерде балықты ірі аулармен аулауға тыйым салу керек. Ал терісіне бола аулау үшін біздің өлкемізде де оны қолайлы өзендерге жерсіндіру жұмысын қолға алуды қарастыру жөн.

     Зоологтар бұл анды көптен зерттеуде. Жұпар тышқан өте көне жануар, оның көптеген биологиялық ерекшеліктері әлі жұмбақ болып қалуда. Бұл аң планетамызда бұдан шамамен 30 миллион жыл бұрын пайда болған. Сонымен қатар, казір ол тек біздің елімізде ғана санаулы су аймақтарында таралған. Бұл аңның ғылым үшін де үлкен маңызы бар, сондықтан да табиғат ескерткіші есебінде оны қорғап отыруға тиіс. Бұл тамаша жұпар тышқанды жойылып кетуден сақтау үшін бұрынғы КСРО Ғылым академиясының жанынан арнаулы шағын комиссия құрылғанын айтсақ, мұның өзі бұл аңды қорғауға үлкен мән беріліп отырғанын көрсетеді.

өсімдіктерді қорғау