Содержание и сущность 14 пунктов Президента США Вильсона

Кіріспе..............................................................................................................3  

 

 

 

I.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастар 

 

1.1  Париж  конференциясы............................................................................5  

 

1.2  Ұлттар  лигасы.........................................................................................12  

 

 

 

II.  Версаль  Вашингтон  жүйесі 

 

2.1  Версаль  бітім  шарты.............................................................................14  

 

2.2  Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері…………………….17  

 

2.3  Вашингтон  конференциясы...................................................................21  

 

 

 

Қорытынды...................................................................................................25 

 

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі.................................................................27  

 

Тақырыптың  өзектілігі

XXғ.  Басындағы  халықаралық  жағдайдың  шиеленісуі  адамзатқа  орасан  зор  зиянын  тигізген  қасіретті  I-дүниежүзілік  соғыстың  болуы,  адамзат  тарихындағы  аса  бір  қатал  диктаторларға  билік  берген  тоталитарлық  тәртіптердің  өмірге  келуіне  әкелді.  Сондықтан  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  қандай  мақсатпен  туындауының,  қандай  нәтижемен  аяқталуын  талдап  білу  маңызды. 

I  Дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастарда  айтарлықтай  өзгерістер  болды  және  бұл  өзгерістер  КСРО  құрамында  болған  Қазақстанға  да  әсерін  тигізді.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  нарықтық  экономикалы  ел  деп  танылады.  Біздің  мемлекетіміз  дүниежүзілік  қауымдастықтың  толық  құқықты  мүшесі  мен  халықаралық  бірігу  үрдістерінің  жұрт  таныған  жетекшісіне  айналды.  Мемлекетіміздің  әлемдегі  халықаралық  конференциялардан  алатын  сабағы  мол  

 

Курстық  жұмысының  басты  мақсаты  -  Дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы  халықаралық  қатынастар  мен  соғыс  мәселесін  негізгі  тақырыбына  айналған  халықаралық  конференциялар  мәселесіне  сараптамалық  шолу  жасап,  толыққанды  талдап  беру  болмақ,  яғни  Париж  конференциясына  қатысушы  ірі  мемлекеттердің  әрқайсысының  мақсаттары  мен  мүдделерін  сипаттаудан  және  де  Версаль  Вашингтон  жүйесінің  маңызы  мен  мазмұнын  сипаттаудан  туындайды.  Бұл  үшін  мынадай  міндеттер  алдыға  қойдым:

    • Конференцияға  қатысушы  ірі  мемлекеттердің  әрқайсысының  өзіндік  мақсат  мүдделерін  ашып  беру.
    • Ұлыбритания  мен  Франция,  Үштік  одақ  елдерінің  отарларын  бөлісіп  алудың  көздеген  мақсаттарын  көрсету.
    • Халықаралық  конференциядағы  қатынастардың  негізгі  мақсатын  көрсету.
    • Қабылданған  ресми  құжаттардың  мазмұнын,  мән  маңызын  анықтау.
    • Версаль  Вашингтон  жүйесінің  маңызы  мен  қорытындыларын  талдау  болып  табылады.

 

 

Деректік  негізі:

Осындай  мақсат  міндеттерді  алдыға  қоя  отырып,  курс  жұмысын  жазу  барысында  арнайы  құжаттық  айғақтар  және  дерек  көздері  кеңінен  қарастырылды.  Тақырыпқа  тікелей  қатысты  құжаттық  жинадым. 

Дерек  көзі  ретінде,  негізінде  бірнеше  рет  деректер  қатарына  «Хрестоматия  по  историй  международных  отношений»,  Табуи  Женевьяның  «Двадцать  лет  дипломатической  борьбы»  атты  естеліктерді  пайдаландыым.  Онда  автор  соғысаралық  жиырма  жылдың  Европа  үшін  қандай  ауыр  болғандығын  айтады.  Сонымен  қатар  деректер  қатарына  «Вопросы  новой  и  новейшей  истории  Европы:  сборник  статей»  жатқызамыз.  Олардан  сол  жылдардағы  жасалынған  келісім  шарттардың  мәтіндерін  көре  аламыз.  Ал  зерттеулер  қатарына,  Ю.И.  Рубинскийдің  «Тревожные  годы  Франции.  Борьба  классов  и  партии  от  Версаля  до  Мюнхена`(1919-1939)»,  З.С.  Белоусовтың  «Америка  и  Европейская  безопасность»  атты  монографиясы,  Қ.А.Маласеевтің  «Европейская  политика  в  1933-1939гг»  атты  еңбектерді  айтуға  болады.  Осы  зерттеулер  қатарына  «Новая  и  новейшая  история»  журналдан,1992жылғы  басылымдарынан  бірнеше  мақалалар  бар.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі: жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ,  бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысты Алданов М. /17/, Прицкер Д.П. /18/, Бэккер Р.С. /19/ еңбектерінің орны ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерден Париж бейбіт конференциясында төрағалық жасаған Францияның премьер-министрі Клемансо, сонымен бірге Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж және Құрама Штаттар президенті Вильсонның әлемді бейбіт жолмен реттеуге байланысты саяси-дипломатиялық идеяларына анықтама жасалған.

Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонның ұсынысы бойынша Париж  бейбіт конференциясының пленарлық мәжілісінде Ұлттар Лигасын құру туралы ұсынысы талқыланды. Әрине, бұл Еуропада өз үстемдігін орнатып отырған Франция мен Ұлыбританияның саясатына қайшы келуі әбден мүмкін еді. Өйткені лига "жарғысына" сәйкес олар өздеріне тиесілі территориялық және қаржылық операцияны іске алмауы да ғажап емес. Дегенмен, Ұлттар лигасын құру идеясы іске асып, оның "Жарғысы" да қабылданды, сонымен бірге Лига талабына сай бірінші рет мандаттық жүйе енгізілді. Осы мәселе жөнінде ғалымдар Вововозов В.В. /20/, Илюхина Р.М. /21/, Иванов Л.Н. /22/, Ходнев А.С. /23/ ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз ғылыми еңбектерінде барлық халықаралық мәселеге халықтар тағдыры мен мүдделерін ортақ қып отырған бұл халықаралық ұйымның құрылу тарихына үлкен мән берген.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде үлкен өзгерістер етек ала бастады. Бұл әсіресе Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылуына тікелей байланысты еді. Осы мәселе бойынша: Беляева В.И. /24/, Ванечек В. /25/, Ефимовский Е.А. /26/, Котяревский С.А. /27/, Писарев Ю.А. /28/, Шмераль Я.Б. /29/ сынды ғалымдар өз еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден соғыстан кейінгі словян, хорват, словак корольдықтарының бір мемлекет болып, яғни Югославия деп атау алғанын, сонымен бірге чехтар мен славяндардың бірігіп - Чехословакия деп аталуы Шығыс Еуропадағы Балқан мемлекеттері ішінде ұзақ жылдарға дейін халықаралық шиеленісті, даулы аймақ болып келгені көпшілікке аян. Авторлар еңбектерінен осы мәселенің алғашқы тарихи кезеңдерінен үлкен мағұлыматтар алуға болады. Айта кетсек, Еуропадағы бүл саяси картаның осылай өзгеруінің ақыры ұзаққа созылған үлкен даулы мәселеге айналды /30/. Сонымен ғасыр басында басталған ұлттық мәселе туралы тамаша еңбектер де бар /31 /.

І.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастар  

 

1.1  Париж  конференциясы 

 

Париж  конференциясы.  1918  жылдың  11  қарашасында  жеңімпаз  Антанта  мемлекеттерінің  талабымен  Франциядағы  Компьен  орманында  Германия  жеңілгендігін  мойындап,  бітімге  қол  қоюға  келісті.  Төрт  жыл  үш  айға  созылған  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Үштік  Одақтың  жеңілісімен  аяқталды.  Дүниежүзілік  соғыс  адамзат  тағдырына  орасан  зор  зардабын  тигізіп,  көл-көсір  қайғы-қасірет  әкелген  оқиға  болды.  Соғыста  10  миллион  адам  қаза  тапты,  20  миллион  адам  жараланды.  

1919  жылы  18  қаңтарда  соғыстың  қорытындысы  шығарылып,  жеңген  елдер  мен  Германия  және  оның  одақтастары  арасында  келісімге  келу  үшін  Париж  қаласында  халықаралық  конференция  өз  жұмысын  бастады.  Конференцияға  27  елден  делегаттар  қатысты,  азамат  соғысы  жүріп  жатқан  Ресей  және  жеңілген  елдер  қатысқан  жоқ.

Жеңіске  жеткен  мемлекеттер  яғни  Англия,  Франция  және  Америка  Құрама  Штаттары  алдында  өздеріне  ыңғайлы  және  қолайлы  етіп  соғыстан  кейінгі  дүние  жүзі  құрылымын  құру  мәселесі  тұрды.  Бірақ  басынан-ақ  оның  антидемократиялық  бағыты  байқалды.  Конференциядағы  басты  мәселе: 

-  бірінші  дүниежүзілік  соғысты  қорытындылау;  

-  Германиямен  және  оның  одақтастарымен  бітім  жасау  болды.  

 Негізгі  мәселелерді  талқылауда  Ұлыбританияның  премьер-министрі  Дэвид  Ллойд-Джордж,  Францияның  премьер-министрі  Жорж  Клемансо  және  АҚШ  президенті  Вудро  Вильсон  қатысып,  басшылық  жасады.  Конференцияға  қатысушы  ірі  мемлекеттердің  әрқайсысының  өзіндік  мақсат-мүддесі  болды  және  де  өз  мүдделеріне  ыңғайлы  шешу  үшін  күрес  жүргізді. 

 Париж  конференциясының  алдында  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастағы,  әлемдегі  өзгерістерді  ескере  отырып,  дүниені  қайта  құру  мәселесі  тұрды: 

-  халықаралық  қатынастағы  өзгерістерді  ескере  отырып,  жаңа  принциптерді  қалыптастыру;  

-  ірі  капиталистік  елдер  арасындағы  дүниежүзілік  ықпалды  реттеу; 

-  Германия  мен  Түркияның  отарларының  тағдырын  шешу.  

 АҚШ-тың  конференциядағы  негізгі  мақсаты 

-  дүниежүзілік  әлемде  өзінің  үстемдігін  қалыптастыру  болды.  Бірақ  бұған  Париж  конференциясында  Франция  мен  Англия  басшылары  қарсылық  жасады.  Англия  мен  Франция  Үштік  Одақ  елдерінің  отарларын  бөлісіп  алуды  көздеді.  Франция  Германияны  қатты  әлсіретуді,  оған  соғыс  шығындарын  толық  төлетуді,  мүмкін  болса,  Германияны  ұсақ  мемлекеттерге  бөлшектеп  жіберуді  мақсат  тұтты.  Англияның  басты  мақсаты-  неміс  флотын  талқандау  -  соғыстың  барысында-ақ  орындалғандықтан,  Англия  Германияны  бөлшектеуге  қарсы  болды.  Францияға  1871  жылы  Германия  тартып  алған  Эльзас  пен  Лотарингияны  қайтаруды  барлық  ірі  мемлекеттер  дұрыс  деп  тапты.  Италия  Австро-Венгрияның,  Жапония  Германияның  иеліктерінің  бір  бөлігін  алудан  үміттенді.  

 АҚШ-тың  мұндай  саясат  жүргізуіне  оның  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  экономикалық  дамуы  негіз  болды.  Соғыстан  кейін  Франция  мен  Англияның  экономикасы  күйзеліске  ұшырап,  экономикалық  даму  жағынан  АҚШ-тан  артта  қалды.  Соғыстың  ауыртпалығын  Франция  мен  Англия  көтерді.  АҚШ  соғысқа  тек  1917  жылы,  соғыстың  үшінші  жылы,  ғана  кірісті.  АҚШ-тың  территориясы  майданнан  алыс  болғандықтан,  Еуропаның  кейбір  мемлекеттері  сияқты  қирамады.  АҚШ-тың  әскери  шығыны  да  аз  еді.  Соғыста  50  мың  адамы  өліп,  230  мың  адамы  жараланған.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  халықаралық  аренада  Американың  орнын  өзгертті.  АҚШ  соғыс  кезінде  қолайлы  жағдайда  болды.  Соғыс  жылдарында  соғысушы  Еуропа  елдерін  қарумен,  азық-түлікпен,  шикізатпен  қамтамасыз  етіп  отырды.  Осындай  қамтамасыз  етумен  айналысқан  кәсіпорындар  көп  пайда  көрді.  1914-1918  ж.ж.  арасында  АҚШ  соғыс  өнеркәсібінің  таза  пайдасы  33,5  млрд.  долларға  жетті.  Жаңа  алып  қаржы  салымдар  Америка  экономикасының  өндіру  мүмкіндігін  арттырды.  Өнеркәсіптің  осылай  дамуы  АҚШ-тың  әлемдік  өнеркәсіп  өнімінің  басы  болуға  ықпал  жасады. 1

Сонымен,  1919  ж.  АҚШ  дүние  жүзінде : 

-көмірдің  50%  өндірді;  

-болат  пен  шойынның  3/5-ін; 

-мұнайдың  2/3-сін;  

-автомобильдің  85%  шығарды. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  АҚШ  дүние  жүзінде  қаржы  саласында  толық  үстемдік  алды.  Шет  елдердегі  инвестициясы  өсіп,  Канада  мен  Латын  Америка  елдерінде  7  млрд.  доллар,  Еуропа  елдерінде  18  млрд.  долларға  жетті.  АҚШ  президенті  В.  Вильсон  :  “Дүниежүзіне  кім  көп  ақша  берсе,  сол  ел  әлемде  билік  жүргізуі  қажет”-  деген  болатын.  Сөйтіп,  АҚШ  дүниежүзілік  үстемдік  жасау  үшін  күрес  жүргізді.  Соғыстың  соңғы  жылында  Вильсон  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларын  негіздеген  бағдарлама  ұсынды.  Конгресске  тапсырылған  бұл  құжат  Вильсонның  “он  төрт  пункті”  деп  аталады.  Мұнда  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастарды  реттеудің  негізі  ретінде  құпия  дипломатиядан  бас  тарту,  сауда  және  теңізде  жүзу  еркіндігін,  қаруларды  қысқарту,  езілген  ұлттарға  өзін-өзі  билеу  құқығын  беру,  әлемдік  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қорғайтын  халықаралық  ұйым  құру  ұсынылды;  мемлекеттердің  шекараларын  белгілеуде  тұрғындардың  этникалық  тегі  мен  тарихы  ескерілсін  деген  ой  айтылды.  Вильсонның  ойлары  әділетті  және  демократиялық  бітім  жасауды  көздейтіндерге  неғұрлым  ыңғайлы  еді.  Алайда  Ресейдің  Антанта  елдерімен  соғыс  алдында  және  соғыс  барысында  жасаған  құпия  келісімдерінің  жариялануы  АҚШ  саясаткерлерінің  ашу  ызасын  туғызды.  Конгресс  мүшелері  Вильсонның  идеяларын  қолдаудан  бас  тартты.  Олар  Антанта  елдерінің  арасында  жер  бөлісу,  соғыстан  пайда  табу  мақсаттары  бейнеленген  құпия  келісімдер  жасалғанын  білмегені  үшін  Вильсонды  кінәләді.  АҚШ  президенті  В.Вильсонның  “14  пункттен”  тұратын  бағдарламасының  мазмұны  төмендегідей  болды: 

-Антанта  елдерінің  арасындағы  жасырын  келісімдерден  бас  тарту;

-Дүниежүзілік  мұхиттар  мен  теңіздерде  еркін  жүзу;

-Барлық  кедендік  кедергілерді  жойып,  халықаралық  “ашық  есік”  және  “ашық  қол”  принципін  сақтау;

-отар  елдердің  мәселесін  әділетті  шешу; 

-қару-жарақтықысқарту; 

-Германиямен  және  оның  одақтастарымен  әділетті  келісімдер  жүргізу;

-дүниежүзілік  дау-жанжал  мәселелерді  бейбіт  жолмен  шешу  үшін  халықаралық  ұйым  -  Ұлттар  Лигасын  құру. 

“14  пункттен”  тұратын  бағдарламаның  мазмұнынан  АҚШ-тың  экспансиялық  саясаты  анық  көрінді.  Бұл  бағдарламадағы  АҚШ  саясатының  мәні  дүниежүзілік  әлемде  үстемдік  жүргізу  екенін  түсініп,  Франция  мен  Англия  Париж  конференциясында  АҚШ  саясатын  әшкерелеп,  Вильсонның  бағдарламасын  қабылдамады.  Бірақ  оның  Ұлттар  Лигасын  құру  бағдарламасын  Клемансо  мен  Ллойд-Джордж  қолдап,  халықаралық  қатынастағы  дау-жанжал  мәселелерді  шешуде  айтарлықтай  рөл  атқаратын  ұйым  құруға  келісті.

Негізгі  мемлекеттердің  жаңа  монополистік  кезеңіне  кооперативтік  капитализмге  кіруі,  ұйымның  структурасына  үлкен  өзгерістер  енгізді.  Тәуелсіз  бәсекелестік  капитализмінің  терең  кризисы  байқалды.  Оның  түбегейлі  реформалану  керектігі  байқалды.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  бұл  жағдайды  одан  әрі  өршелендіре  түсірді.  Бұл  жағдай  өткен  онжылдықта  саясат  және  әлеуметтегі  маңызды  құқықтардың  біразына  қол  жеткізген  қалың  жұртшылықты  қозғалысқа  әкелді.  Қалың  жұртшылықтың  қалауының  өсуі,  негізгі  қоғамның  түбегейлі  демократиялық  реформалануы  көптеген  қозғалыс  қаупін  төндірді.  Сонымен  қатар,  жұмысшылар  қозғалысының  арасында  әлеуметтік  альтернативтік  капитализмнің  шығу  идеясы  пайда  болды.  Ресейдегі  Қазан  революциясы  және  Германия,  Венгрия  және  басқа  батыс  еуропа  елдеріндегі  революция  толқулары,  сол  кездегі  әлеуметтік  тәртіпке  үлкен  қауіп  төндірді.  Колония  мен  тәуелді  елдерде  күшті  ұлт-азаттық  қозғалыстар  пайда  болды. 

Алдын-ала  көріп  білетін  және  реалисттік  ойшыл-саясаткер-президент  Вильсон  капитализмге  қауіпті  идеялар  мен  қозғалыстарға  жаңа  және  әділетті  дүние  жүзілік  тәртіптің  демократиялық  лозунгтарын  қарсы  қою  керектігін  жақсы  түсінді.  Бұл  демократиялық  лозунгтар  бейбітшілік  пен  демократия  және  “Ұлтық  Лига”  халықтарының  теңдігі  принциптерінде  қаланды.  Президент  Вильсон  өз  сөзінде:  “Біз  Ұлттық  Лига  көмегімен  ірі  капиталға  қарсы  көтерілістерге  құмар  дүние  жүзін  емдейміз”-деген. 

XXғ. Басындағы халықаралық  жағдайдың шиеленісуі адамзатқа  орасан зор зиянын тигізген  қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың  болуы, адамзат тарихындағы аса  бір қатал диктаторларға билік  берген тоталитарлық тәртіптердің  өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды. енгізді.  АҚШ  мемлекеті  өзінің  екі  маңызды  мақсаты  ретінде:  Америка  гегемониясына  қол  жеткізу  мен  әлеуметтік  қауіпке  қарсы  либералдық  альтернативаны  қою.  Бұл  туралы  Вильсонның  өзі  АҚШ-тың  сыртқы  саясатының  мақсаты-дүниежүзілік  либералдық  қозғалыс  басшыларымен  дүниежүзілік  билік  үшін  бірігіп  күресу  керектігін  айтты. 

Осылайша  президент  Вильсон  көрсеткен  “он  төрт  пункт”  бағдарламасы  либералды  экспансионизм  бағдарламасы  ретінде  қарастырылады.  Осы  есептеулерден  АҚШ-тың  Бірінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңілген  Германияға  қарасты  қатынастарды  қарастыратын  бағдарламасы  құрылды.  Олар  Англия  мен  Францияның  күшеюіне,  салыстырмалы  түрде  күшті,  бірақ  әлсіреген  Германияны  қарсы  қоюды  көздеді.  Сонымен  қатар  1918  ж.  қараша  айында  Германияда  басталған  революцияны  басып  тастау  керек  болды.  Бұл  революция  большевизмнің  Батыс  Еуропаға  таралу  қаупін  төндірген  еді.  Сондықтан  АҚШ  мемлекетінің  мақсаты  ретінде  неміс  буржуазиясына  революцияға  қарсы  күресте  көмек  беру  көзделді.  Сонымен  қоса  ірі  инвестицияларын  Германияның  экономикасына  енгізіп,  ол  жердегі  алдыңғы  қатарлы  орындарға  ие  болып,  соңында  оны  соғыстан  кейінгі  еуропаның  экономикасы  мен  саясатына  кеңінен  тарату.

Осылайша,  Бірінші  дүниежүзілік  соғысынан  кейін  АҚШ  мемлекетінің  алдында  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  өте  маңызды  және  жауапты  мәселелер  туындады.  Сондықтан  Парижде  өткен  бейбіт  конференциясында  АҚШ  делегациясын  президенттің  өзі  басқарды.  Тарихта  алғашқы  рет  АҚШ  президенті  өзінің  ел  басқару  мерзімінде  мемлекеттің  аумағынан  шықты. 

Бірнеше  ай  бойына  Парижде  өткен  конференцияда  сол  кездегі  әлемнің  ең  ірі  көшбасшылары-  Ллойд-джорд,  Клемансо  және  Вильсон  арасында  тартысты  күрес  басталды.  “Ең  бай  мемлекеттердің  “үлкен  төрттігі”  -  Клемансо,  Ллойд-Джордж,  Орландо  және  Вильсон  дүние  жүзінің  жаңа  халықаралық  қатынастарын  құруға  отырғызылды”,-деді  В.И.  Ленин. Бұл  тартыс  себебі-  алдыңғы  қатарлы  державалар-  АҚШ,  Франция  және  Англияның  көзқарастары  әртүрлі  болды. 

Шындығында  Америка  президентінің  алға  қойған  жаңа  әлемдік  тәртібін  құру  ойы  Англия  үшін  де,  Франция  үшін  де  мүлдем  тиімсіз  болды. 

Англияның  Бірінші  дүниежүзілік  соғысына  қатыспауға  амалы  болмады,  өйткені  жас  және  мықты  империалисттік  Германия  державасы  колониялар  мен  олардың  ықпал  ету  ортасын  өзгерту  маңыздылығы  туралы  ашық  жариялады.  XIX-XX  ғасырдағы  Англо-Герман  қарсыластығы  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  негізгі  қарама-қайшылық  болды.  Ірі  Британ  империасының  жоғалып  кету  қауіпі  төнді,  ал  Англия  болса  оның  сақталуы  мен  одан  әрі  кеңеюі  үшін  күресті. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Англия  басшылары  тарапынан  қойылған  мақсаттардың  орындалуына  әкеліп  соқтырды.  Германия  әлсіреп,  Ұлы  державалар  қатарынан  шығып  қалды.  Африка  мен  Тынық  мұхитындағы  Германияның  колонияларының  біраз  бөлігі  Англияның  қол  астына  өтті.  Германияның  Таяу  Шығыстағы  Түрік  империясының  кең  байтақ  жерлерінде  маңыздылығы  жойылды.  Енді  Англияның  басты  мақсаты-  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  жаулап  алынған  жерлерді  заңдастыру  және  Британ  империасының  күшін  арттырып,  Англияның  әлемдік  сахынада  беделін  өсіру. 

Әрине,  осындай  жағдайда  АҚШ-тың  күшеюі  Англияның  есебіне  кірген  жоқ.  Сондықтан  Парижде  өткен  конференцияда  Ллойд-Джордж  басқарған  ағылшын  делегациясы  күннен  күнге  АҚШ-тың  басшылығына  қарсы  күрес  жүргізді.  Өйткені  АҚШ  Ұлттар  Лигасын  қолданып  “ашық  есіктер  мен  мүмкіндіктер”  лозунгтары  арқылы  билікке  ие  болғысы  келді.  Бұл  арқылы  АҚШ  соғыстан  кейінгі  әлемге  өз  гегомониясын  орнатуға  тырысты.  Ленин  айтқандай  “сол  уақыттарда  тек  АҚШ  қаржы  жағынан  мүлде  тәуелсіз  болып  қала  берді”.  Бірақ  Ллойд-Джордж  тәжірибелі  саясатшы  болғандықтан,  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  үлкен  өзгерістер  келгенін  түсініп  отырды.  Ол  капитализмді  реформалау  қауымының  қалыптасуын  және  әлеуметтік  альтернативтік  қауіпін  жойдыру  керектігін  жақсы  түсінді.  Ол  Ұлттар  Лигасының  құрылу  ойын  жақтап,  бұл  ой  Вильсонның  монополиясы  емес  екендігін  айтты.  Бірақ  Ллойд-Джордж  АҚШ-тың  Ұлттар  Лигасына  мол  әсері  болмауын  қалады.  Ағылшын  делегациясының  ойынша  бұл  ұйымның  басты  мақсаты  соғыстан  кейін  жеткізілген  status-quo  жағдайын  және  Британ  империясын  сақтандыру.  Бұл  мақсатпен  Англия  Ұлттық  Лигада  басшылық  қызметіне  ие  болу  үшін  өз  байлықтарын  қолдануға  тырысып,  ол  арқылы  халықаралық  қатынастарда  status-quoны  сақтап  қалу.

Англия  Францияның  көмегімен  Америка  Құрама  Штаттарына  қарсы  тартысты  күрес  жүргізді.  Әрине,  Англия  мен  Франция  арасында  Германияның  колониялары  және  Түрік  империясының  болашағы  туралы  бірталай  қарсылықтар  болды.  Сондықтан  Парижде  өткен  конференцияда  бұл  екі  мемлекет  Африка  мен  Таяу  Шығыс  жерлері  кімнің  қолының  астына  өтетініні  туралы  тартыс  болды.  Ал  бірақ,  АҚШ  державасы  билік  туралы  қарсылығын  талқылағанда,  Англия  мен  Франция  делегациясы  бірігіп  АҚШ-қа  қарсы  шыққан.  Өйткені  АҚШ  “жаңа  әлемдік  тәртіп”  орнатса,  Англия  мен  Франция  мақсаттарынан  айырылып  қалуы  мүмкін  еді.

“Бейбітшілік  пен  әділеттілік”  принципінде  қаланған  “жаңа  әлемдік  тәртіпке”  қарсы  болған  Францияның  Премьер-министрі  -  Клемансо.  Өйткені,  Клемансо  Вильсон  мен  Ллойд-Джорджқа  қарағанда  импереалистік  саясат  мектебінің  түлегі  болған.  Ол  “  жаңа  әлем  тәртібін”  утопия  мен  демагогия  деп  санап,  онымен  күрес  жүргізді.  Ол  Францияға  тиімді  бейбіт  келісім  шарт  жасап,  сонымен  қатар  Африка  мен  Таяу  Шығыстағы  үлкен  территорияға  ие  болуды  қалады. 

Ұлттар  Лигасының  құрылуын  Клемансо  жақтады.  Ал  бірақ  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  мен  колониялардың  бөлінуінің  арасындағы  қандай  да  болмасын  байланысты  ол  қайтарып  тастады.  Клемансо  Ұлттар  Лигасы  ұлттар  арасындағы  “татулық  пен  байланыс”  қаруы  деген  ойды  зиян  утопия  деп  талқылады.  Оның  ойынша,  Франция  Ұлттық  Лиганы  ең  алдымен  позициясын  күшейту  үшін  пайдалану  керек.  Ал  бірақ  Германияның  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Европадағы  орны  туралы  сұрақта  олардың  арасында  қарсылықтар  байқалды. 

Негізінде,  Германияның  қатты  әлсіреуі  Англияға  тиімді  болды  ма?  Жоқ,  тиімді  болған  жоқ.  Англия  Германияны  үлкен  держава  емес  колониялық  және  теңіз  державасы  ретінде  әлсіреткісі  келді.  Бұл  саяси  жол  Англияның  “күш  тепе-теңдігі”  саясаты  Еуропада  Англия  басшыларымен  ұзақ  уақыт  өткізілді.  Оның  ең  басты  мақсаты  Еуропада  бір  емес,  екі  мықты  держава  құрылуы  және  олардың  бір-бірін  бейтараптауы.  Сол  кезде  ғана  Англия  басшылық  жағдайға  ие  болып,  еуропалық  проблемалардың  бәрін  шешуге  мүмкіндік  алады. 

Бірінші  дүниежүзілік  соғысынан  кейін  өз  басшылық  жағдайын  сақтап  қалу  үшін  Англия  өз  қарсыласы  және  досы  Францияның  күшеймеуі  үшін  тырысты.  Сондықтан,  бейбітшілік  конференциясында  Англияның  делегациясы  әлсіреген,  бірақ  әлі  де  күшті  Германия  арқылы  Францияның  күшеймеу  жағдайын  сақтап  қалуды  көздеді.  Оны  ағылшын  делегациясы  “өте  күшті  емес  Франция”  және  “өте  күшсіз  емес  Германия”  лозунгтары  арқылы  іске  асыруды  мақсаттады.

Францияның  саясаты  Англияның  саяси  бағытына  қарама-қарсы  болды.  Бұл  да  түсінікті.  Парижде  өткен  бейбітшілік  конференциясында  Англия  мен  АҚШ  мақсаттаған  күшті  Германия  мемлекетінің  құрылуына,  Франция  жақтас  болды  ма?  Әрине,  жоқ.  Өйткені,  Франция  Еуропада  басшылық  жағдайға  ие  болуға  ұмтылды.  Бірақ,  Еуропада  ең  күшті  герман  мемлекеті  болғандықтан,  Францияның  Еуропа  дүние  бөлігінде  басқарушы  орын  алуы  туралы  сөз  болуы  мүмкін  емес  еді.  Сондықтан  да,  Франция  басшылары  соғыс  біткен  соң,  Германияны  құлдырату  ең  басты  мәселе  деп  есептеген.  Сол  үшін  Франция  делегациясы  бейбітшілік  конференциясында  Рейн  өзенінің  сол  жақ  жағалауын  беруін  сұрады,  және  де  Германияны  кішкене  мемлекеттерге  бөлу  жоспарын  ұсынды.  Сол  жоспар  бойынша,  бөлшектелінген  Германияны  өз  қолында  мықты  ұстап,  Францияның  соғыс  саясатына  бағындырмақшы  болды.  Сөйтіп,  үш  үлкен  соғыс  жеңімпаздарының  жалпы  жоспарының  қорытындысы:  олардың  өзара  түсініспеушілігін  және  соғыстан  кейінгі  өмірді  ұйымдастыру  күресін  айқындап  көрсетті.  Әсіресе  үш  маңызды  мәселе  үшін  қатты  күрес  болды.

Париждегі  бейбітшілік  конференциясы  ашылғанынан-ақ  мәселелерді  қарастыру  тізімі  туралы  түсініспеушіліктер  пайда  болды.  Франция  мен  Англия  өкілдері  Италия,  Жапония  және  басқа  да  мемлекеттердің  қолдауымен,  Африка  мен  Тынық  мұхиты  және  Түркия  империясы  жерлеріндегі  Германия  колонияларын  бөлшектеуін  ұсынды.  Бірақ  бұған  АҚШ  делегациясы  қарсы  шықты.  Президент  Вильсон  біріншіден  Ұлттар  Лигасының  жарғысын  қарастырып  және  енгізілуін,  оны  Германия  және  оның  одақтастарымен  жасалған  бейбітшілік  келісімінің  бір  айырылмас  бөлшегін  жасауын,  сол  арқылы  жаңа  да  адал  жол  және  бейбіт  өмір  ұйымдастыруын,  содан  соң  ғана  Германия  колониялары  мен  түркі  жерлерінің  мәселелерін  шешуін  ұсынды.  Франция  мен  Англия  делегациялары  оған  мүлдем  қарсы  болды.  Клемансо  Ұлттар  Лигасы  мен  бейбітшілік  келісімін  өзара  қоспауын  ұсынды.  Ллойд-Джордж  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  мен  бейбітшілік  келісімінің  бір  болғанына  келіскенімен,  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  күрделі  және  ұзақ  жұмыс  екенін  айтып,  сондықтан  да,  уақытты  соза  бермей  колониялық  мәселелерді  шеше  бастау  керек  екенін  ұсынды. 

Ұзақ  уақыт  дауласу  арқылы  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  арнайы  комиссияның  қолына  берілді.  Франция  мен  Англия  делегаттары  сол  комиссияға  тек  ұлы  мемлекеттердің  ғана  емес,  кіші  мемлекеттердің  өкілдері  де  қатысуын  ұсынды.  Негізі,  ағылшын-француз  өкілдері  комиссияны  мүмкіндігінше  үлкен  қылып,  оның  жұмысын  ұзаққа  созылуын  қалады.  Бірақ  та  бұған  Вильсон  өз  жауабын  берді,  ол  өзін  комиссияның  төрағасы  боламын  деп  ұсынды.  Вильсонның  басшылығымен  аз  уақыт  ішінде  бірталай  маңызды  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  талқыланды. 

Комиссия  жұмысы  3  ақпан  1919  жылы  басталды,  ал  14  ақпан  күні  Америка  президенті  пленарлық  отырыста  комиссия  жұмысының  нәтижелерін  баяндап  шықты.  Ұлттар  Лигасының  құрылуымен  “халық  арасындағы  түсініспеушілік  пен  қақтығыстар”  жойылады.  Адамдар  бір-бірінің  жүздеріне  қарап:  “Біз  -  бауырласпыз,  бізде  -  бір  ниет”  деп  айтады.  Ұлттар  Лигасы  арқылы  бізде  “бауырлас  және  достық  келісім”  бар  деп  айта  аламыз.  Әрине,  бұл  сөздер  Америка  президентінің  комиссия  нәтижелерін  идеалдық  түрде  көрсетілгендігін  айғақтайды. 

1.2  Ұлттар  Лигасы

Ұлттар  лигасы.  Париж  конференциясының  маңызды  нәтижесі  -  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  болды.  Ұлттар  Лигасының  жарғысын  АҚШ  президенті  В.Вильсон  бастаған  арнайы  комиссия  жасады.  Ұлттар  Лигасы  әлем  халықтары  арасында  ынтымақтастықты  дамытуға,  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  тиісті  болды.  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларының  қалыптасуына  негіз  салды.  Жарғы  бойынша,  мемлекеттер  арасындағы  даулы  мәселерді  соғысқа  жүгінбей,  бейбіт  келіссөздер  арқылы  шешу  белгіленді.  Ұлттар  Лигасының  дербес  қарулы  күштері  болған  жоқ,  сондықтан  басқыншы  мемлекеттерге  қарсы  дипломатиялық  және  экономикалық  санкциялар  қолданатын  болды.  Лиганың  жоғарғы  органдары  -  Жиналыс  (Ассамблея)  пен  Кеңес  (Совет)  және  олардың  жанында  тұрақты  Хатшылық  болады.  Жиналыс  Лига  мүшелерінің  өкілдерінен  құралады.  Ол  белгіленген  уақытта  және  жағдайлар  талап  еткен  кез  келген  басқа  сәтте  Лиганың  тұрағында  немесе  белгіленуі  мүмкін  осындай  басқа  жерде  шақырылады.  Жиналыс  Лига  қызметі  шегіне  кіретін  немесе  баршаға  ортақ  бейбітшілікке  қатысты  барлық  мәселелерді  қарайды.  Лиганың  әрбір  мүшесінің  Жиналыстағы  өкілдер  саны  үштен  аспауы  керек,  ал  дауысы  біреу  ғана  болады. 

 Кеңес  Басты  Одақтас  және  Бірлескен  мемлекеттердің  өкілдерінен,  сонымен  қатар  Лиганың  басқа  төрт  мүшесінің  өкілдерінен  құралады.  Лиганың  осы  төрт  мүшесін  Жиналыс  өзі  қалаған  мерзімде  тағайындайды.  Лиганың  тұрағы  ретінде  Женева  белгленеді.  Кеңес  кез  келген  сәтте  оны  басқа  жерде  белгілей  алады.  Лига  Мүшелері  Лиганың  барлық  Мүшелерінің  территориясының  біртұтастығын  және  қалыптасқан  саяси  тәуелсіздігін  құрметтеуге  және  кез  келген  сыртқы  шабуылдан  қорғауға  міндеттенеді.  Барлық  мемлекеттер,  доминиондар,  немесе  отарлар,  егер  Жиналыстың  үштен  екісі  оларды  қабылдауды  қолдаса,  онда  Лигаға  Мүше  бола  алады,  өйткені  олар  халықаралық  міндеттемелерін  бұлжытпауға  шын  ниетпен  кепілдеме  береді  және  олардың  әскери,  теңіз  және  әуе  күштері  мен  қару-жарағына  қатысты  Лига  белгілеген  қағидаларды  қабылдайды.  Лиганың  кез-келген  Мүшесі  алдын  ала  екі  жыл  бұрын  ескерту  жасағаннан  кейін,  егер  бұл  кезде  өзінің  барлық  халықаралық  міндеттемелерін  орындаған  болса  онда  Лигадан  шыға  алады. 

Кеңеске  Халықаралық  Соттың  Тұрақты  Палатасының  жобасын  жасау  және  Лига  Мүшелерін  онымен  таныстыру  тапсырылады.  Лигаға  барлық  мемлекеттер  мүше  бола  алады. 

Антанта  елдерінің  Германия  мен  Осман  империясының  отарларын  бөлісіп  алу  ниетіне  орай,  Ұлттар  Лигасының  жарғысына  мандаттық  жүйені  бекіткен  бап  енгізілді.  Антанта  елдері  жаңа  отарларды  билеуге  белгілі  бір  мерзімге  Ұлттар  Лигасынан  мандат  алатын  болды.  Мандат  бойынша  бағындырылған  ел  дамудың  белгілі  бір  дәрежесіне  жеткен  кезде,  мандаттың  күші  жойылып,  оған  тәуелсіздік  беріледі.  Алайда  екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейін  мандаттың  күші  жойылып,  тәуелсіздік  алған  ел  болған  жоқ.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Еуропада  бірқатар  жаңа  мемлекеттер  пайда  болды.  Польша  тәуелсіздік  алды  және  оны  бұрынғы  кезеңдерде  үш  рет  бөліске  салғанда  айырылып  қалған  жерлерінің  біразын  қайтарып  алды.  Габсбургтер  империясының  ыдырауы  нәтижесінде  Чехия  мен  Словакия  тәуелсіздік  алып,  Чехословакия  республикасы  құрылды.  Оңтүстік  славян  жерлері  бірігіп,  1918  жылы  Серб,  хорват,  словен  корольдігін  құрды  (ол  1929  жылдан  бастап  Югославия  деп  аталды).  1917-1920  ж.ж.  Ресей  империясынан  бөлініп  шығып,  Финляндия,  Эстония,  Литва  және  Латвия  тәуелсіз  мемлекеттерге  айналды 

XXғ. Басындағы халықаралық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа орасан зор зиянын тигізген қасіретті I-дүниежүзілік соғыстың болуы, адамзат тарихындағы аса бір қатал диктаторларға билік берген тоталитарлық тәртіптердің өмірге келуіне әкелді. Сондықтан Бірінші дүниежүзілік соғыстың қандай мақсатпен туындауының, қандай нәтижемен аяқталуын талдап білу маңызды. II.  Версаль-Вашингтон  жүйесі