Сот талқылауы
Ж
О С П А Р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
- Сот тергеуі.
- Үкім шығару
ІІІ. Қорытынды
ІҮ.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе.
Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.
Негізгі бөлім Басты сот талқылауының дайындық бөлімі, Сот тергеу, Үкім шығару тарауларынан тұрады. Ол тарауларда мына төмендегі тақырыптар бойынша көрсетіліп кеткен.
- Сот талқылауының тәртібі;
- Басты сот талқылауының құрылымы;
- Басты сот талқылауының дайындық бөлімі, ұғымы, негізі;
- Соттық тергеу, ұғымы және маңызы;
- Сот мәжілісінінде сотталушыдан, жәбірленушіден, куәдан жауап алу;
- Басты сот талқылауында сараптама жүргізу;
- Басты сот талқылауында дәлелдемелік заттарды, жерді, үй-жайды қарау;
- Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу шегі;
- Басты сот талқылауында істерді қысқартылған түрде жүргізу;
- Сот жарыс сөзі, оларға қатысушылар;
- Сотталушының соңғы сөзі. - көрсетіле кеткен.
- Соттық тергеуді қайта жаңғырту тәртібі және негізі.
- Үкімнің ұғымы, маңызы.
- Үкімге қойылатын талаптар мен негіздер. Үкімнің әділдігі, негізділігі.
- Үкім шығарар кезде соттың шешетін мәселелері.
- Сот мәжілісінің құпиялығы. Істі коллегиялық қарауда соттың мәжілісі
- Үкімнің түрлері. Ақтау және айыптау үкімі
- Үкімнің құрылымы және мазмұны. Үкімнің кіріспе және қарар бөлімі.
- Үкімді жариялау. Сот мәжілісінен сотталушыны жіберу
- Соттың жеке қаулысы. Олардың түрлері, маңызы, ұғымы.
- Үкім шығару мен
қатар шешілетін мәселелер.
1. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
Қылмыстық сот іс жүргізу заңдылығында мынадай бір-бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады:
1)басты сот талқылауының дайындық бөлім;
2)сот тергеуі;
3)сот жарыс сөзі;
4)сотталушының соңғы сөзі және
5)үкім шығару.
Басты сот талқылауының ашылуы.
Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.
Ол үшін сотталушының аты-жөнін, қандай қылмыс қарастырылатынын, Қылмыстық кодекстің бабы, бөлімі, тармағы хабарланады (ҚР ҚІЖК-нің331-бабы).
Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуін тексеру.
Сот отырысы ашылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сот отырысына прокурор,сотталушы, қорғаушы, сонымен қатар жәбірленуші, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, аудармашы, куәгерлер, сарапшылар мен мамндар және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды (ҚР ҚІЖК-нің 332-бабы).
ҚР ҚІЖК-нің 87-бабына сәйкес, сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысыболып табылады.
Сот төрешісінің жүктеуі бойынша хатшы мынадай қызмет атқарады:
- сот тарапының барлығына сот талқылауының күнін белгілеп, шақырту қағаздарын жібереді;
- келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.
ҚР ҚІЖК-нің 90-бабында көрсетілгендей сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін, ол мәселені істі қараушы сот шешеді.
Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Төрағалық етуші аудармашыға міндеттерін түсіндіріп, шешімдерді, сотталушы мен қорғаушының және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды, қойылған сұрақтар, прокурордың, сот төрешісінің, қорғаушының сұрақтарын, үкім мен шешімдерін аударуға міндетті екенін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға әдейі дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді,бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.
Аудармашыға, сондай-ақ өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін екені туралы ескертіледі (ҚР ҚЖІК-нің 333-бабы).
Сотталушының жеке басын және оған айыптау қортындысы көшірмесінің уақытылы тапсырылғанын анықтау.
Төрағалық етуші сот процесі қатысушыларының қатысуымен сотталушының жеке басын айқындайды.
Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, туған жылын, айын, күнін атауын сұрайды.
Сонымен қатар немен айналасытынын, білімін, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтай отырып, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін және т.б. айқындайды.
Сотталушының жеке басын айқындау соттың алдында қылмыс жасады деп айыпталып тұрғандығына көз жеткізу үшін қолданылады.
Сотталушынң жеке басын айқындағаннан кейін төрағалық етуші сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмесі тапсырылғанын және қашан тапсырылғанын анықтайды.
Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 336-бабы).
ҚР ҚІЖК-нің 393-бабында және осы баптың екінші бөліміне сәйкес жеке айыптау ісі шағымының сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс.
Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардың қарсылық білдіру құқығы.
Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерін, сондай-ақ сот мәжілісінің хатшысын, сот приставын, сарапшысын, маманы мен аудармашысының аты-жөнін хабарлап, атап өтеді.
Төрағалық
етуші тараптардың сот
Бас тартуды мәлімдеу ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негіздер бойынша, осы Кодекстің 89, 90-баптарында көзделеген негіздер бойынша сотпен шешіледі.
Сотталушыға оның құқықтарын түсіндіру.
Төрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 69-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді (ҚР ҚІЖК-нің 339-бап).
Жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар (ҚР ҚІЖК-нің 104, 105, 107-баптары және т.б.) жөніндегі істер бойынша жәбірленушіге бұған қоса оның сотталушымен бітімге келу құқығы түсіндіріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы).
Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (ҚР ҚІЖК-нің 342-бабы).
Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған әдейі жалған қорытынды берегені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы), бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады (ҚР ҚІЖК-нің 341-бабы),
Ол басты сот талқылауының хаттмасына қоса тігіледі.
Төрағалық
етуші маманға оның осы Кодекстің
84-бабында көзделген
Өтініштерді мәлімдеу және шешу.
Төрағалық етуші тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды алдыру туралы өтініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды.
Өтінішін мәлімдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшін қосымша дәлелдердің қажет екенін көрсетуге міндетті.
Төрағалық етуші сондай-ақ тараптардан олардың талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтініштерінің бар-жоғын анықтауға міндетті.
Сот талқылауының қалған қатысушыларының пікірін тыңдағаннанкейін сот мәлімделген әрбір өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс.
Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретінде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
Сот өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрі мәлімдеуге құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 343-бабы).
Сот талқылауына қатысушылардың бірі, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастырады.
Келмеген
адамдарды келесі сот отырысына шақырту
немесе оларды алып келу туралы қаулы
шығарады. (ҚР ҚІЖК-нің 344-бабы).
2. Сот тергеуі
Сот тергеуі - сот талқылауының басты бөлігі,онда сотталушы мен жәбірленуші, куәгерлерден жауап алынып, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкерлермен оның өкілдерінің істің мән-жайын дәлелдейтін заттай айғақтар алып сотталушының қылмыстық іске қатысы бар, айыпты немесе айыпсыз екендігі және т.б. іске қатысты мәселелер айқындалады.
Сот тергеу айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда-сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.
Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті (ҚР ҚІЖК-нің 345-бабы).
Сонымен қатар, сотталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда, сот қаулысымен сот отырысында айтылады.
Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті не түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және оның тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды (ҚР ҚІЖК-нің 345-бабының 1-бөлім).
Сонан соң сотталушыға алдын ала тергеу не анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындаумен байланысты емес екенін түсіндіруге тиіс.
Сонымен қоса, өз кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап беруден бас тартуға оған зиян келтіргендей түсініксіздігі түсіндірілуге тиіс.
Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге, қалай әрекет еткендігін, өзін кінәлі не кінәсіз екендігін айтуға құқылы.
Сотталушының жауап бермеуі оның өз кінәсін мойындамағаны деп түсініледі.
Содан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындамайтынын (толық, ішінара) сұрайды.
Егер сотталушы бұл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелін айтуға құқылы.
Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі.
Сонан соң сот дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібін талқылайды.
Егер іс бойынша бірнеше сотталушы болса, онда сот олардан жауап алу тәртібін шешеді.
Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша сот қаулы шығарады.
Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі.
Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.
Сотталушыдан жауап алу.
ҚІЖК-нің 348-бабына сәйкес сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді.
Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады.
Төрағалық етуші жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.
Сот сотталушыға іс бойынша сұрақтар қояды.
Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтінде қойылуы мүмкін.
Басқа
сотталушы болмаған кезде сотталушыдан
жауап алуға тараптардың
Бұл жағдайда сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот мәжілісінің хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 348 бабы).
Сотталушының алдын ала тергеу және жауап алу кезіндегі айғақтарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 349-бабы).
Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында береген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны не киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда;
-сотталушы
сотта айғақ беруден бас
-іс
сотталушы болмаған кезде
-сот талқылауымен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда жол беріледі.
Тиісті жауап алу хаттамасындағы не сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді.
Егер дыбыстық, бейнежазбаларды, кино көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына жазлады.
Жәбірленушіден және куәгерлерден жауап алу.
Жәбірленушіден жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 350-бабының бөліктерінде көзделеген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады.
Жәбірленушінің ерекшілігі ол куәгер сияқты сот отырысы залынан шығарылмайды.
Ең алдымен жәбірленуші содан соң куәгерден жауап алынады.
Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді.
Куәға сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 82-бабында көзделген өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни қызметшілерге-тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі.
Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа да құқықтары куәдан оған өз міндеттерімен жауаптылығы түсіндірілгені туралы қолхат алынып, хаттамаға тіркеледі.
Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға көріну жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі.
Төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленуші сот тергеуінің кез келген уақытында жауап беруге құқылы.
Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.
Төрағалық етуші куәгерге сұрақ қойып, сотталушыға, жәбірленушіге қарым-қатынасын анықтайды.
Куәнің берген жауабынан оның берген бағасын білуге болады.
Сонан соң төрағалық етуші куәгерден іс бойынша көрген-білгенін айтуға ұсыныс жасайды.
Куә жауап бергеннен кейін, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады.
Бірінші болып өтініші бойынша сот отырысында осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды.
Сот төрешілері куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейін сұрақ қояды.
Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс.
Және де олар бір-бірімен
Куә өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды (цифр, күн, уақыты, аты және тегі, жер аты және т.б.) рұсат беріледі.
Бұл жазбалар соттың талап етуі бойынша пайдаланылады.
Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі.
Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тігілуі мүмкін.
Куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 351-бабы).
Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы).
Кәмелетке толмаған жәбірленуші, куәгерден жауап алудың өз ерекшіліктері бар.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтің қатысуымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдері шақырылады.
Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ қоя алады.
Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді.
Айғақ беруден бас тартқаны және көріну жалған айғақ берегені үшін жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.
Тараптардың өтінішін бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін.
Бұл туралы сот қаулы шығарады.
Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.
Он сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алудың бейнежазбасымен киноға түсіруін жария етуге :
а) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болаған кезде;
б) олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінің немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде жол беріледі;
в) егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
г) сотталушы жауап беруден бас тартқан кезде;
Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтардың алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді.
Егер олар дыбысталған не көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасында тіркеледі.
Сот талқылауындағы сараптама (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабы).
Алдын ала тергеу жұмыстарында сараптама жүргізілмеген болмаса, ал сотта оны жүргізу керек болған жағдайда сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы.
Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, ҚР ҚІЖК-нің 32-тарауында жазылған ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Төрағалық етуші сарапшыны тағайындап, оған сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының көшірмесі тапсырылады және ҚР ҚІЖК-нің 83-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысының кейінгі қалдыруға құқылы.
Төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мәнжайлар анықталғаннан кейін сотталушы, қорғаушы, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерлердің сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады.
Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың, прокурордың пікірлері тыңдалуға тиіс.
Сонан соң мәселені қарап және ол бойынша тараптардың пікірін тыңдап, сот өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.
Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы.
Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті.
Сарапшы сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға, сотталушы, жәбірленуші мен куәгерлерге сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекетіне қатысуға құқығы бар.
Сарапшыға заң негізінде немесе одан тыс сұрақ қоюға болмайды.
Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және сот мәжілісінде жария етеді.
Сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін.
Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды (ҚР ҚІЖК-нің 355-бабы).
Қосымша
сараптама қарытынды толық
Заттай дәлелдемелерді қарау. (ҚР ҚІЖК-нің 356-бабы).