Сұр жыландар және олардың биологиялық ерекшеліктері.doc

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І Сұржыландардың биологиялық ерекшеліктері

 

1.1 Сұржыландардың сыртқы және ішкі құрылысы............................................6

1.2 Сұржыландардың түрлерінің ерекшеліктері..................................................9

 

ІІ. Тәжірибелік бөлім

 

2.1 Жыланның уының әсері..................................................................................11

2.2 Жыланның емдік қасиеті................................................................................15

 

Қорытынды................................................................................. ........................18

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................20

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жыландар жер бетінде  тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалы  жануарлар. Жыландар отряд тармағына 12 тұқымдас,  3000- ға тарта түр бар, олардың 60- қа жуығы бұрынғы КСРО – да, 19 – түрі Қазақстанда мекендейді.

Жыландар - шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, жемін  тұтасымен жұтуға бейімделген хайуанаттар. Жыланның айыр тілі сезім қызметін атқарады. Сүтқоректілер және құстар сияқты хайуанаттардан жыланның бір өзгешелігі- оның қозғалмалы қабағы болмайды. Жыланнның қабақтары түссіз, шыны секілді мөлдір көзді жауып тұрады. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Міне, осы себепті жыланда арбау әдісі бар деген жалған ұғым туған.

         Қазақстанда сұр жыланның екі түрі бар. Қазақстанда жиі кездесетін улы жыланның бірі - кәдімгі сұржылан. Оның денесінің ұзындығы 60-90 сантиметрдей. Аталықтары аналықтарына қарағанда әлдеқайда жіңішке болады. Бұл сұржыланның басы мойнынан айрықша бөлініп, үстінен қарағанда үш брыш сияқты көрінеді. Тұмсығының ұшыдөңгелектеу келген. Денесінің түсі үстінен қарағанда қоңыр сұр немесе қоңыр, арқасында толқын тәрізді жолақтар болады. Бауыры ақшылдау. Бұл жылан Шығыс Қазақстан облысында кездеседі, сомен қатар елімідің Европалық бөлігінде және Сибирьде, Оңтүстік Африкада, Австралияда, т.б. кездеседі. Сұржылан құрлықта, топырақта және аралас орманда, көбінесе, тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін үстінде, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. Жыландар  көптеген  кемiргiштерді жейдi,  сонымен  бiрге  үй жануарлары  мен адамдарға да  қауiп  туғызады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді.

      Сұржыландар (Vірегidае) улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады.

Бұлар улы жыландардың ішіндегі ең қауіптісі. Ерте заманнан бері жылан адам баласы үшін өте қауіпті де қатерлі хайуаннаттар қатарында есептелініп келеді. Сұржыланның шаққанынан денсаулығы нашар ауру адамдар, балалар өліп кетеді. Денсаулығы жақсы адамдар үшін аса қауіпті болмағанмен көп азап шегеді.

Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа  қарай бірнешеуі бірігіп, ағаш тамырынын, астында, терең індерде қыстап шығады.

 

Курстық жұмыстың мақсаты: Сұржыландардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеті:

  1. Сұржыландардың биологиялық ерекшеліктерін анықтау
  2. Сұржыландардың түрлерінің ерекшеліктерін, мекен ету ортасын және түрлерін анықтау
  3. Сұржыландардың уының құрамын зерттеу

Курстық жұмыстың объектісі:  Сұржыландар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ситематикалық орны

 

Тип: Хордалылар - Chordata

Тип тармағы: Мисауыттылар - Craniata

Класс: Бауырымен жорғалаушылар немесе, рептилиялар - Reptilia.

Кластармағы: Лепидозаврлар - Lepidosauria.

Отряды: Қабыршақтылар - Squamata.

Отрядтармағы: Жыландар - Ophidia, seu Serpentes.

Тұқымдасы: Сұржыландар - Viperidia.

Түрлері: Кәдімгі сұржылан - Vipera berus

 Мүйізді сұржылан - Cerastes cerastes

 Дала сұржыланы - Vipera ursini

 Африка сұр жыландары - Bitis

 Американың сылдырмақ сұр жыланы - Сгоtаlиз һоггіdиз.

 Парсы сұржыланы - Pseudocerastes

 Габон сұржыланы - Bitis gadonica

 Мұрынды сұржылан - Vipera ammodytes

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Сұржыландардың биологиялық  ерекшеліктері

1.1.Сұржыландардың сыртқы және ішкі құрылысы

 

  Сұржыландардың денесі цидиндр пішінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Жұмыр келген үшбұрышты басы тұлғадан мойын өткелі арқылы бөлінген. Қысқа әрі жуан, әсіресе ортаңғы бөлігінде, тұлға қысқа әрі кертпе құйрықпен аяқталады, құйрық жағы жіңішкерген болып келеді. Денесін кұрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді кабыршақтары болады. Басы үстінен көптеген майда қабыршақтармен немесе майда бұрыс формамен қалқаншалармен жабылған. Тұлғасының қабыршақтары біртетес қабыршақтармен қапталған, олар ұзына бойы орналасқан қырлармен жабдықталған, ал құрсағындағы қабыршақтар ірі көлденең қалқаншалар сияқты. Қалқаншалар мен қабыршақтар арасында тері кішірек қатпарларға жиналған, олар ірі жемтікті жұтқанда жазылады. Түлеу кезінде, эпидермис алдымен тұмсығының ұшынан көтеріледі, сонан соң шұлық сияқты жыланның денесінен сыпырылып түсіп қалады, жылына 2-4 рет түлеп отырады. Тері бездері жоқ. [1]

   Бассүйек құрылысы ерекше: самай доғалары болмайды, жақ  аппараттарының оң және сол  жартысы қозғалмалы бекінген. Шаршы, самайүсті, қанаттәрізді, таңдай және жақүсті сүйектері ми сауытымен созылмалы буындармен байланысқан. Бұл ерекшелік сұржыландарға ірі жемтігін тұтастай жұтуына көмектеседі. Сұржылан жемін жұту кезінде басын соза түседі. Құйрық бөлімі қысылып қалса, бас сүйегін 30 см-ге жоғары көтере алады.

Қозғалмалы үстіңгі жақ сүйегі өте қысқарған. Аузын ашқанда бассүйек осіне тік бағытты жағдайға келеді. Тісі жоғарғы жак, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Тістері әдетте жақсы жетілген. Тістері артқа қарай иілген.  Әрбір үстіңгі жақ сүйекте 1-2 ірі улы тістер және 3-4 одан кішілеу тістер- алмастырғыштар орналасады. Сұржыланның алдыңғы тістерінде шаққан кезде жемінің немесе жауының организміне уын жіберетін сайша немесе өзекше болады.  Ірі улы тістер ішкі у өткізетін өзекпен жабдықталған. Таңдай, қанаттәрізді және тіс сүйектерде өзексіз тістер болады. [4]

Жүйке жүйесі және миы әлде қайда жақсы жетілген. Сондықтан жыландардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Миы бес бөлімнен тұрады. Мишығы жақсы жетілген. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры (ми қыртысының нышаны) ми күмбезі пайда болған. Сезім мүшелері механикалық қозуды сезгіш дақтары арқылы қабылдайды. Жыландардың сезім мүшелері - көз, құлақ, тіл және танау тесіктері. Иіс сезу жетілген, тіліндегі қосымша якобсонов мүшесі тамақтың химиялық құрамын ажыратады. Сыртқы құлақ тесігі, дабыл жарғағы және Евстахий түтігі жоқ.

Ауыз қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. «Бізгек» деп аталатын ұшы екі айыр ұзын тілі улы мүшелерге жатпайды. Бұл сипап сезу және дәм сезу мүшесі, оның құрылысы улы және усыз жыландарда бірдей. Сұржылан үнемі тілін шығарып, айналадағы заттарды сипалап, байқап оларға тілін жанастырады.[11]

Көзінің құрылысы. Жылжымалы  қабықтар жоқ, көзі мөлдір қабықпен жабылған, сағат шынысы сияқты көзді тұтас жауып тұрады, сол себепті жыланның қабақ қақпай, қадала қарауынан ол арбайды деген жалған ұғым туған, сирек те болса тері астында орналасқандар да кездеседі. Кішірек көзінің қарашығы вертикаль бағытта орналасқан. Күндізгі сұржыландардың қарашығы дөңгелек, ал ымырт пен түнде белсенді тіршілік ететіндерде тік саңылау сияқты. Көзінің үстін көзүсті қабыршақтарынан түзілген аса үлкен емес білік басып жатады. Бұл көзге өте қаталдық сұс береді.

Қаңқасы қарапайым құрылысты. Омырқалары- процельді типті болып келген. Қозғалмалы болады. Омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан сұржыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Барлық тұлға омыртқалары қозғалмалы қабырғалармен жабдықталған, олар құрсақ қалқаншаларына тіреледі. Басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіншілік беретін мойын бөлімінің болуымен ерекшеленеді. [5]

Төс сүйек болмайды, жабық көкірек  қуысы жоқ. Аяқтары мен оның белдеулері редукцияланған, тек кейбір түрлерінде ғана жамбас пен артқы аяқтың рудименті сақталған.

Өкпе арқылы тыныс  алады. Қарапайым жыландарда екі өкпе де жетілген, бірақ оң өкпе оңша дамымаған. Кейбір жыландарда оң өкпемен қатар кеңірдектік өкпе дамыған.

Жұп шағылысу мүшесі қылтанақты. Аналық және аталық жыныс жүйелерiнiң күрделенуiне байланысты — ұрықтануы iштей. Жүрегі үш камералы: екі жүрекше мен бір қарынша. Екi қан айналым шеңберi пайда болады. Зәр шығару мүшесі жамбас бүйрек. Қуық болмайды. зәр заты несеп қышқылынан тұрады. Көп сұр жыландылар, жұмыртқадан тірі туушылар, ал кейбіреулері жұмыртқа салады. [2]

Сұржыландардың кең аймақтатаралуына негiзгi себеп – температура. Өте ыстық температурада  сұржыландар ұйқыға кетеді. Топырақ тұздылығына төзімді келеді.[7]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Сұржылан түрлерінің ерекшеліктері

 

   Жыландар- Ophidia, seu Serpentes. Жыландар өзіндік ерекшеліктері бар кесірткелердің бір бұтағы.

   Тұқымдасы: Сұржыландар - Viperidia. мұның 22-23 түрі бар, Қазақстанда сұржылан тұқымдасының екі өкілі де кездеседі. Сұржыландарға жататын негізгі түрлер:

   Мүйізді сұржылан (Cerastes cerastes). Денесінің сыртындағы қабыршақтары кен тәрізденіп бітеді, тұмсығының ұшында мүйізденіп біткен өскіншесі болады. Бұл көбінесе Балқан жарты аралында, Кіші Азияда, Сирияда және Закавказьеде болады. [12]

Құм атпа жыланы - эфа (Echis carinatus). Африканың, Азияның оңтүстік-батысындағы және оңтүстігіндегі шөлейт далаларда кездеседі, мұның 8-9 түрі бар, олардың бірі Түрікменстанның, Өзбекстанның оңтүстігіндегі және Тәжікстанның жерлерінде болады.

Кәдімгі сұржылан (Vipera berus). Ұзындығы 75 см, түсі сұр, кейде қоңырлау, арқасында иректелген жолағы болады. Түсі көбінесе қарасұр болып келетін ұрғашысы күзде 5 -18 баланы тірі туады. Бұлардың үлкендері ұсақ кеміргіштермен, бақалармен, кесірткілермен, балалары насекомдармен қоректенеді. [10]

   Ағаш сұржыланы (Atheris). Құрлықта, аздағандары ағаш сүлбесінде тіршілік етеді.

    Топырақ сұржыланы (Atractaopis). Топырақастында, жер қазып тіршілік етуге бейімделген.

   Дала сұржыланы (Vipera ursini). Тұрқы қысқа болады, көбінесе Европаның далаларында, Қазақстанның шөлейт жерлері мен Кавказдың және Тян-Шаньнің тауларында болады. Дала сұржыланы кебінесе шегірткелермен, аздап кесірткілермен және тышқандармен қоректенеді.

   Дабойа (Vipera russelli). Ұзындығы 120—150 см, бұл кебінесе Индия мен Цейлонның жерінде болатын аса қауыпты әбжыландардың бір түрі.

   Африка сұр жыландары (Bitis) — мұның 8 түрі бар, бұлар жуан, өте улы келеді, бірақ анда-санда болмаса көп шақпайды.

   Радде сұржыланы (Vipera raddei) — ұзындығы 1 м-дей, арқасының ұзына бойын бойлап біткен қызыл күрең дақтары болады, түсі қара сұр. Радде әбжыланы көбінесе Арменияның және оған шектесіп жатқан Түркия мен Иранның жерлерінде болады. [8]

    Американың сылдырмақ сұр жыланы-Сгоtаlиз һоггіdиз. Бұл жыландарды сылдырмақты жыландар деп атауының себебі, олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардық бо-луына байланысты. Айбат шеккен кезде, құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауіпті улы жылан.

   Парсы сұржыланы- Pseudocerastes

   Габон сұржыланы- Bitis gadonica

   Мұрынды сұржылан- Vipera ammodytes [16]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Тәжірибелік бөлім

2.1. Сұржыландардың уының әсері

 

Жыланның уы – улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі – гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганик. қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т.б.) және басқа да биологиялық активті заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Улы сұржыландардың уында протеолитикалық ферменттер болады. Бұл қанның ұюының бұзылуына әкеліп, соның нәтижесінде геморрагиялық ісіктер пайда болады. Жылан шаққанда адамға әр түрлі әсер етеді. Ең алдымен жылан уы бауыр мен бүйрекке қауіпті. Жыланның уы денеге тез жайылады. Сондықтан жылан шаққан адамға дереу алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек. Ол үшін уланған адамды көлеңкеге жатқызып, қан айналысының бұзылуын азайту үшін басын дене деңгейінен төмен ұстау керек. Содан соң уақыт оздырмай жарақаттанған жерден уды сорып алып, (кем дегенде 5 – 7 мин бойы) түкіріп тастау керек. Содан кейін ауызды пергамент ерітіндісімен не сумен шаяды. Егер ауыз қуысында жара не кариесі бар тістер болса, онда ауызбен у соруға болмайды. Ал ісіктің алғашқы белгілері байқалысымен соруды тоқтатып, шаққан жерді антисептиктермен өңдеп, стерилді таңғышпен орайды. Удың лимфатикалық жүйемен өтуін азайту үшін жарақаттанған мүшенің қозғалыссыз болуы керек. Жылан шаққан жердің екі жағын қатты таңып, бұғаулауға үзілді-кесілді болмайды. Ең бастысы уланған адамды тезірек медициналық мекемеге жеткізу шарт. Жылан шаққан адамға сұйықты көп ішкізу керек. Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге, оған марганец қышқылды калий жіберуге, ішімдік беруге болмайды.

 

Жыланның шағуы

    Жыланның ішінде ең қауптісі қара сұржылан мен сұр жылан болып табылады. Әдетте, сұржыландар егер оларға өзің тимесең немесе басып кетпесен шақпайды. Алайда орман, тау, табиғатқа серуен жасау кезінде абай болу және қолыңа таяқ алып жүру керек. Уланған адамның жағдайы қай жерді  шаққанына, шағудың тереңдігіне, шаққан жерге түскен удың мөлшеріне байланысты болады. Сұр жыланның бастан немесе мойын айналасына шағуы өте қауіпті. Бұл жағдайда жыланның уы ірі тамырларға бірден түсіп, бүкіл ағзаға таралады және ол бірден миды зақымдайды. Көбіне жыландар адам қолының саусақтары мен аяқтың табанын шағады. 

 

         Қарасұр жылан мен сұр жылан өте кауіпті улы жыландар

 

 

    

 

Жылан уы әсерінің белгілері: шаққан жер қатты ауырады, ісінеді және қызарады. Одан кейін қабыну жылдамдап қанды көпіршіктер пайда болады, жүрек айниды, одан соң құсады, әлсірейді, адамның қантамыр және жүрек жүйесінің қызметі бұзылады. Ауыр жағдайда есінен айрылып, өкпе қанталайды, ыстығы көтеріледі және шаққан жер домбығады.

    

Алғашқы медициналық  көмек:

- уды ауыз құысының  шырышты қабығында ешқандай жара  болмаса ауызбен сорып, сілекейді  бірден түкіріп отыру керек, мұны бірнеше рет жасайды;

- шаққан адам қозғалмай  жатуы тиіс, өйтені қозғалыс удың  қанға  өтуін жылдамдатады;

- зақымдалған жерді  сынған жағдайдағы сияқты қозғалтпау  қажет, бұл үшін оны тақтайшаға  байлап, қатты таңып тастау керек;

- жылан шаққан жерді  йод ерітіндісімен не спирпен залалсыздандырады:

- зардап шегуші арнайы  емдеу орнына тез арада жеткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жыланның  емдік қасиеті

 

Уының емдік қасиеттері. Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Жылан уынан медицинада түрлі препараттар [мысалы, Випратокс (Vіpratox), Випросал (Vіprosalum), т.б. майлары, Випералгин (Vіperalgіn), Випраксин (Vіpraxіnum pro іnjectіonіbus), Наяксин (Najaxіnum), инъекцияға арналған сұйық дәрілер] жасайды. Жылан уынан дайындалған препараттар невралгия ауруларын, ауруды басатын және қабынуға қарсы зат ретінде, артралгия, миалгия, радикулит, артрит, миозит және периартрит ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жылан уын туберкулез, бүйрек, бауыр, диабет, т.б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.  Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды.

Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо  Реди деген адам мұны алғаш ашқан  деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.

Жылан уына қатысты тағы бір жағымды  жаңалық бар. Осыдан бірер жыл  бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары  ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға  алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады. Және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейді.

Улы жыландар тышқандармен қоректенеді. Ал бұл шөптің тамырын жейді. Майда-шүйде жәндіктермен қоректенеді.. Бұлар ерте көктемде шөппен бірге шығады. Әзір шөпке тойып, өзіне келген кезде мынадай болады. Ерте көктемде ұстағандар жіңішке болады. Тойған кезде мынадай болып түлеп, сырты жылтырап тұрады. 

Жылан етін шілдеден ерте қолдануға болмайды. Себебі көп жыландар қашан күн ысығанша жердің астында жатады. Бұл кезде оның денесіндегі былтырғы жинаған майы таусылады. Яғни ол сыртқа әбден арып-ашып шығады. Ал кейбіреулері майын толық тауыспай жатып, қайтадан тіршілік қамына кіріседі. Ішінде ескі майы қалып қойған осындай жыланның етін жегендер дертіне дерт қосып алуы әбден мүмкін. Жалпы халық емшілері жылан етін екі түрлі әдіспен қолдануға кеңес береді. Бірі – сорпа ғып ішу, екіншісі – кептіріп, талқан етіп жеу.

Сойғаннан кейін тұзды  суға 1-2 сағат салып қоясыз. Одан соң мынадай талдың астына көлеңке  жерге іліп, кептіру керек. Сол  кептіргенді түйіп отырған жеріміз. Түйіп болған соң сұрап келетіндерге береміз. Мұны күнде таңертең ашқарынға  жеу керек.

Жанының амандығы үшін жылан жеп дертіне шипа тапқандар жетерлік ел ішінде. Асқазаны мен он екі елі ішекте шыққан жараға. Кептіріліп, келіде түйілген жыланның талқанын бір бойына суға шылап жейді. «Содан бері арада жиырма бес жыл өтті. Асқазан мен ішекте жара қайтіп мазалаған емес» дейді ол. 

Бір пияла талқанды күнде  таңертең ашқарынға кішкентай сумен  араластырып, ішіп жүру  керек. Он күндей ішу керек. Он күнде өзгеріс пайда  бола бастайды. Одан кейін 2-3 күн демалып, тағы ішу керек, 1 айдай. Асқазанда  ашу болмайды. Іштен қан кету тоқтайды. Салмақ қосылады. Тамақ ішуім жақсарады.

Жылан сорпасы ағзаны түгел тазалайды, қан алмасуды реттейді. Тіпті қанды сұйылтатын да қасиетке ие.

Аяғы ауырып жүргендерге. Пайдасы әжептеуір  тиеді. Жыланды қайнатып ішкен соң  бәрі де басылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жыландар - шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, жемін  тұтасымен жұтуға бейімделген хайуанаттар. Жыланның айыр тілі сезім қызметін атқарады. Сүтқоректілер және құстар сияқты хайуанаттардан жыланның бір  өзгешелігі- оның қозғалмалы қабағы болмайды. Жыланнның қабақтары түссіз, шыны секілді мөлдір көзді жауып тұрады. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды.

Қазақстанда сұр жыланның екі түрі бар. Қазақстанда жиі  кездесетін улы жыланның бірі - кәдімгі  сұржылан. Оның денесінің ұзындығы 60-90 сантиметрдей.

Сұржыландар (Vірегidае) улы  аппараттары жақсы дамыған улы  жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары  болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын  ашқанда улы тістері алға қарай  бағытталады.

Бұлардың денесі цидиндр  пішінді. аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады.

Денесін кұрғап кетуден  сақтайтын терісінде мүйізді  эпидермис қабаты мен мүйізді  кабыршақтарының болады. Басы үстінен  көптеген майда қабыршақтармен немесе майда бұрыс формамен қалқаншалармен жабылған. Тұлғасы үстінен және екі бүйірінен біртетес қабыршақтармен қапталған, ал құрсағындағы қабыршақтар ірі көлденең қалқаншалар сияқты.

Сұржыландардың кең аймақтатаралуына негiзгi себеп –температура. Өте ыстық температурада  жыландар ұйқыға кетеді. Топырақ тұздылығына төзімді келеді.

Сұржыландардың түрлері: кәдімгі  сұр жылан, құм атпа жыланы, кавказ сұржыланы, ағаш сұржыланы, топырсқ  сұржыланы, парсы сұржыланы, Африка сұржыланы, дала сұржыланы т.б.

Жыланның уы – улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі – гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганик. қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т.б.) және басқа да биологиялық активті заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Улы сұржыландардың уында протеолитикалық ферменттер болады. Жылан шаққанда адамға әр түрлі әсер етеді. Ең алдымен жылан уы бауыр мен бүйрекке қауіпті. Жыланның уы денеге тез жайылады. Сондықтан жылан шаққан адамға дереу алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек.

Сұржылан құрлықта, топырақта  және аралас орманда, батпақты жерде  тіршілік етеді.    Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін, үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. Жыландар  көптеген  кемiргiштерді жейдi,  сонымен  бiрге  үй жануарлары  мен адамдарға да  қауiп  туғызады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. К.Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. «Омыртқалылар зоологиясы», (Том ІІ.)  Алматы, «Қазақ Университеті», 2007ж
  2. А.Э. Брэм. «Жизнь животных», (Том ІІІ.) Москва, «ТЕРРА- TERRA», 1992г
  3. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1—12 том, Алматы қаласы, 1972—1978
  4. Қыдырбаев.Х. «Қазақстанның жануарлар әлемі», Алматы,1977
  5. Шаңырақ (қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) (Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев.— Алматы, Қаз. Сов. энцикл. Бас редакциясы, 1990) Ред. коллегия Ж. А. Адаев., X. А. Арғынбаев, Н. А. Барлыбаева
  6. М.Қ. Жұмалиев, Ә.А. Бәйімбет «Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі» (Хордалылар І том) Алматы, «Қазақ Университеті», 2005ж
  7. А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь «Қазаөстандағы жануарлар әлемі», Алматы кітап баспасы, 2009ж
  8. «Мир животных», Москва «Эксмо» 2005ж
  9. Игорь Акимушкин «Мир животных», Москва «Мысль», 1998ж
  10. К.Ә. Дәуітбаева, Б.Е. Есжанов, Н.С. Сапарғалиев, С.Т. Нұртазин «Жануарлардың алуан түрлілігі», Алматы 2011ж
  11. Интернет көздері www.google.kz, www.wikipedia.kz, www.yandex.ru
  12. К.Ә.Дәуітбаева. Омыртқалылар зоологиясы. ҚазМУ Алматы – 1986ж. 
  13. С.М.Махмұтов. Зоология, ІІ бөлім. Алматы – 1995ж. 
  14. Қ.С.Қайым, Р.Б.Сәтімбекұлы. Жануартану. Алматы – 1998ж. 
  15. К.А.Жаңабердиева. Қысқаша анықтамалық. Алматы, «Алматыкітап» – 2004ж. 
  16. Қ.Қайымов. Қызықты зоология. Алматы – 1995ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӘДІМГІ СҰР ЖЫЛАН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭФА

 

 

СҰР ЖЫЛАН

 

 КӘДІМГІ СҰР ЖЫЛАН

 

 

 

 

ДАБОЙА