Сұраныс және ұсыныс. 2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ
МӘНІ МЕН МОДЕЛІ ..............................
1.1. Сұраныс заңы.
Сұраныс қисығы........................
1.2.Ұсыныс заңы.
Ұсыныс қисығы.................
1.3. Нарықтың тепе-теңдік
моделі........................
ІІ. СҰРАНЫС ПЕН
ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ....................
2.1.Баға және
табыс бойынша сұраныстың
2.2. Ұсыныс икемділігі.
Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі....................
ІІІ. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС........................
3.1.Сұраным мен ұсыным
өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың
рыноктық түрі..........................
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.............19
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Экономикалық
әдебиетте «нарық»
Сұраным
мен ұсыным нарықтық экономиканың ең
маңызды элементтері. Нарық - өндіруші
мен тұтынушының арасындағы байланыстың
ерекше түрі. Нарық белгіленген міндеттерді
атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық,
сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру
міндеті негізгісі ретінде есептеліп,
экономикалық игіліктерді үлестіру нарық
механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе
көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан
алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі
болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі
көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік
әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз
етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін
ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі
микроэкономиканың зерттеу пәні, енді
тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.
І.
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МОДЕЛІ
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы
Нарықтың жұмыс істеу механизмі оның сұраным мен ұсынымдарының негізгі элементтерінің өзара қатынастарына негізделген.
Сұраным – адамдардың әр түрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың қалаулары мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.
Жеке сұраным – жекелеген сатып алушылардың не ана, не мына тауарларға ақша түріндегі қажеттіліктері.
Нарықтық сұраным – жеке сатып алушылардың қосынды сұранымдары.
Тұтынушылардың әр түрлі тауарларға деген сұранымдары көптеген факторларға байланысты:
- Тауардың бағасы;
- Басқа тауарлардың бағасы;
- Тұтынушының табысы;
- Тұтынушының тұрмыс деңгейі;
- Тұтынушының талғамдары мен ұнатуы;
- Өз перспективасы туралы тұынушының пікірі;
- Тауар қанағаттандыратын қажеттіліктің маусымдылығы;
- Үкіметтің экономикалық саясаты.
Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс
P – тауар бағасы
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың ұнатулары
PS– субститут – тауарлар бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны.
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ең кіші сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі.
Р
D
1
сурет. Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері төуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
- сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
- кемитін шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады, демек, оларға баға кеміген жағдайда алынады.
- кіріс әсері және ауысу әсерімен. Кіріс әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда толық қаралады.
Бағалардан
басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар
да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы,
оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар
саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың
бағалары. Бағалық емес детерминаттардың
өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де
графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен
бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің
үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға
жылжытады (Ддан – Д1
ге дейін), ал азаюы – төмен және
солға (Ддан – Д2
ге дейін).
P
D1
D
D2
Q
2
сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.[1, 98 б]
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
4.
Инфляциялық күтулер – инфляция
кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың
үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар
келешекте бағалардың одан да жоғарылауын
күтеді. [2]
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы.
Ұсыным – нарықта тұрған немесе оған әкелетін тауарлар.Экономикалық категориялардың көмегімен ұсыным - өндіруші өндіргісі келетін және сата алатын тауарлар мөлшерінің сол өнім құнына және басқа факторларға байланысын көрсетеді.
Әрбір сәтте өз тауарларын рынокқа ұсынушы өндірушілердің жағдайлары әрқилы болып келеді. Олардың бір бөлігі тауарды көп өндіріп, нарыққа көп әкеледі, басқалары аз өндіріп, аз әкеледі. Олардың бәрі де өз тауарларын мейлінше жоғары бағамен сатуға тырысады. Оның өзінде тауарларының бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым белсенді түрде көбірек сатуға, яғни оның ұсынымын ұлғайтуға тырсады. Сонымен, ұсынымға ықпал етуші ең басты фактор баға болып табылады.
Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы
тура тәуелділік ұсыныс
заңы деп аталады. Ұсыныстың қисық сызығы
- ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі.
Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді
де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен
жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.(3
сурет)
P
S
3
сурет. Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс
көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық
емес детерминаттары ықпалымен болып
жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін
толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға
(қорлар) және өндіріс факторларына қойылған
бағалар, технологиялар, салықтар мен
жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны,
бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен
бейнеленеді. (4 сурет).
P S2
S1
4
сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше болады.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P
S
5
сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні
(пішіні) – (конфигурация).
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P А1
В
А
S Q
6
сурет. Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
Мысал
ретінде еңбек нарығындағы
Қысқа мерзімді кезеңде кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)
P
S
P
S
P
Q Q Q
7
сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың
қисық сызығы. [1, 102 б]
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.
Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.[3]
Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс «бір қайшының екі жүзі» болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (8 сурет)
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
P
S
8
сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі
(үлгісі).
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:
QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS
P2 P2
PE E PE E
P1
QS QE
QS'
QS QE
QS'
9 сурет. Вальрас бойынша 10 сурет. Маршалл бойынша
тепе-теңдік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель.
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұрады.
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке жетпей:
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 11-а)
б)
нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені
не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай
қызығушылық білдірмейді. (сурет 11-б, 11-в)
D S S
S D D
a)
б)
в)
11
сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары
қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ:
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 12-а)
б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары – мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 12-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы. [4, 88 б]
D
S
а)
б)
12
сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының
ортақ нүктелері жоқ
ІІ.
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.
Икемділік – бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Икемділік түрлерімен өзгеру процестері:
Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сонымен қатар икемділік тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.
Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс икемді деп аталады.
Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс икемсіз деп аталады.
Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік.