Сұраныс және ұсыныс
Бұл тақырып бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар арасында болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналады. Сатылатын тауар стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа талдау жасау керек.
Экономикалық ғылым шектеулі ресурстарды – табиғи қорлар, капитал, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған. Басқа да ғылымдар сияқты экономика ілімі де әртүрлі нақтылы жағдайларды талдау үшін қажетті аксиомалар мен дәлелдемелер жиынтығынан тұрады.
Кәдімгі қарапайым ағаш қалай өссе немесе үй қалайша салынса, ғылым да солай бірте бірте қалыптасады. Өткен уақыттың ғалымдары микроэкономика атты ғылымның негізін қалаған. Бұл ғылымның зерделейтін негізгі объектілері болып нарық табылады. Микроэкономика кәсіпкерлер, жалданушылар, сатушылар және сатып алушылар арасындағы қатынастарды қарастырады. Ол сұраныс пен ұсыныстың заңын қалыптастырады.
Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан. Тауарға сұраныс мөлшері тұрғындардың ақшалай табыстық деңгейіне тура пропорционалды, ал баға кері пропорционалды болады. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылардың тарапынан болатын сұраным азаяды, ал ұсыным керісінше жоғарылайды.
Экономикалық ғылым шектеулі ресурстарды – табиғи қорлар, капитал, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған.
Басқа да ғылымдар
сияқты экономика ілімі де
әртүрлі нақтылы жағдайларды
талдау үшін қажетті
Кәдімгі қарапайым ағаш қалай өссе немесе үй қалайша салынса, ғылым да солай бірте бірте қалыптасады. Өткен уақыттың ғалымдары микроэкономика атты ғылым негізін қалаған. Бұл ғылымның зерделейтін негізгі объектілері болып нарық табылады. Микроэкономика кәсіпкерлер, жалданушылар, сатушылар және сатып алушылар арасындағы қатынастарды қарастырады. Ол сұраныс пен ұсыныстың заңын қалыптастырады.
Сұраныс пен ұсынысқа талдау жасау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлу керек, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін осы жұмыста қарастырамыз. Құн тұрғысында сұраныс қажетті тауарлар бағасының саласы. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады.
Сұраныс
жағдайына көптеген оның
1.СҰРАНЫС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Көптеген адамдардың өмірі қанағаттанбаушылық сезімімен сипатталатын және өмір сүрудің жағдайларына байланысты сан алуан қажеттіктерден тұрады. Өзінің керектік жағынан адамдар үшін бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі қажеттіктер болуы мүмкін. Экономистер қажеттікті сұраныс деп атайды.
Сұраныс—бұл белгіленген бағаға байланысты тауардың сатылуының мүмкін мөлшері.
Сонымен қатар сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Ол тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
Кесте1- Картопқа сұраныс
1 кг-ның бағасы (теңгемен) |
Сұраныс көлемі (1 айға, кг) |
65 60 55 50 45 40 35 30 25 |
4.5 5 5.5 6 6.5 7 7.5 8 8.5 |
Кесте1-де тағамның бағасы өзгерген кезде оны сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауымен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деген ұғымға мысал келтірейік. Мысалы, нарықта тұтынушы бір тауарды немесе өнімді қалап, оның таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, оның ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыратыны көрсетілген. Картоптың 1-кг-ның бағасы 65 теңге болса, онда тұтынушы айына 4.5 кг картоп ала алады, ал егер 40 теңге болса, онда ол айына 7 кг картоп алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
1-кестеде берілген
көрсеткіштерді координаттар
Р
Д
Q
Сурет 1-Сұраныс қисығы.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 55-теңгеден 60- теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза. Мысалы:
- Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш - баға. Жоғарғы деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
- Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте дәмді болып көрінеді, ал екіншісі ондай дәмді болмайды, үшіншісі екіншісінен де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.
- Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға
төмен болған жағдайда
Енді ауыстыру тиімділігі
Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).
1.1 Сұраныстың өзгеруі
Сурет1-дегі сұраныс қисығы картоптың бағасы мен тұтынушылардың бір айда сатып алатын оның саны арасындағы қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер басқа факторлар өзгермеген жағдайда).
Егер де берілген факторлардың кез келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс кестесін құрып, жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруімен анықталады.
Сурет 1-ден көретініміз, картоптың бағасы 45 теңгеден 50 теңгеге дейін өскенде, сұраныс көлемі 6,5 кг-нан 6 кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс қисығының бойымен солға қарай жоғарлайды. Осы мысалда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік, онда сұранысқа ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп аламыз. Математика тәсілімен көрсетсек, оны сұраныс функциясы деп атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады:
Q d = f (Р)
мұнда, Q d – cұраныс көлемі,
Р- зерттеліп отырған тауардың бағасы.
Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген тауарлардың бағасы – Р, басқа тауарлардың бағасы (Р а , Р b ...), тұтынушылардың табысы (I) және олардың талғамы (Т). Осы айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:
Qd =f(Р, Ра , Рв, …., I, Т)
мұнда, Q d -белгілі бір уақыттағы берілген тауарларға деген сұраныс көлемі ,
Р1, Ра, Рв ….,-берілген тауардың және басқа тауарлардың бағасы,
- тұтынушының табысы,
Т-тұтынушының талғамы, бағалауы.
Бұл мысалда қарастырылып отырған тауардың бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік және сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермейді.
Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді.Сурет 2-де екі тауарға деген сұраныс қисығы көрсетіледі. Қой етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңге болып, белгілі бір уақыттан кейін 200 теңгеге дейін жоғарылады дейік. Соның нәтижесінде қой етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кеміді. а суреттен көріп отырғанымыздай, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс көлемі оңнан солға қарай жылжиды және осы тауардың бағасы жоғарылаған уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды. Қой етінің 1 кг-ның бағасы 150 теңгеден 200-ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты болғанда сұраныс көлемі азаяды (2а- сурет). Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар қой етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы (2ә-сурет) түгелімен оңға жылжиды.
Сұраныс
көлемінің
өзгеруі а
Р
Д
Q
Қой етінің мөлшері, кг
Сурет2 - Қой етінің бағасы
өсуінің құс етіне деген
Ал ә-суретте осы жоғарыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне деген сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Қой етінің қымбаттауына байланысты, құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қиысығы түгелімен D 1 –ден D 2 –дейін оңға жылжиды. Бұл жерде есекеретін нәрсе, құс етінің бағасы тұрақты деп аламыз. Қой етінің бағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар айына 10 кг құс етін алатын болған, ал қой еті 200 теңгеге дейін қымбаттаған кезде олар айына 20 кг құс етін сатып алған.
Сурет2-дегі а графигі сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс көлемінің өзгеруі деп, ал ә-суреттегі сұраныс қисығының түгелімен жылжуын - сұраныс өзгеруі деп атайды.
Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының өзгеруі нәтижесінде болады. Сұраныс өзгеруі графикте көрсетілмеген бағадан басқа фактор әсер еткенде ғана болады.
Осы мысалда тұтынушылар қой еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын болды, себебі бұл тауарлар бір-бірін ауыстыра алады.
Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы, сары май мен маргарин, пиджак пен свитер және т.б.
Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автокөлік пен бензинді қарайық . Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңге болғанда тұтынушы 1 аптада 40 литр алады, ал баға 40 теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді. Өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады.
Р
Д
Q
Бензин мөлшері, л
Сурет3 - Бензин бағасы өсуінің автокөлікке деген сұранысқа әсері.
Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 теңгеге дейін жоғарылағанда, оған деген сұраныс көлемі 40 л-ден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда сұраныс көлемі өзгереді және өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады. Ал, енді осы уақытта автокөлік нарығында да өзгеріс болады, басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда автокөлікке деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды.
Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан автокөліктің бағасы өзгермесе де оған деген сұраныс азаяды. Сурет 3-те көрсетілген сұраныс қисығы түгелімен солға D1-ден D2-ге дейін жылжиды. Ал сұраныс көлемі 100 бірліктен 50 автокөлікке дейін кемиді.
Сонымен, егер бір тауардың бағасы жоғарылаған уақытта, екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, онда мұндай тауарларды бірін-бірі толықтыратын немесе комплементар тауарлар деп атаймыз.
Бірін-бірі толықтыратын тауарларға мынадай мысал келтіруге болады: автокөлік пен бензин, теннис ракеткасы мен добы және т.б.
Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды мынадай екі түрге бөлеміз: 1) нормалды немесе кәдімгідей; 2) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда мұндай тауарды ( табыстан басқа факторлар тұрақты болғанда) нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз.
Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын қой етіне деген сұраныс көбейеді. Себебі қой еті диеталық және жеңіл қорытылатын тағам болғандықтан тұтынушылардың осы тағамға деген сұранысы жоғарылайды.
Р
Д1 Д2
Сурет 4 - Тұтынушылар табысы өсуінің қой етіне деген сұранысқа тигізетін ықпалы.
Сурет 4-тен байқап отырғанымыздай табыс өзгергенде қой етіне деген сұраныс өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1 –ден D2-ге дейін оңға жылжып тұр. Табысы аз кезінде сатып алушы бір айда 20 кг қой етін алған болса, ал енді табысы жоғарылағанда 40 кг ет алады. Суреттен байқап отырғанымыздай, қой етінің бағасы тұрақты 200 теңге қалпында қалады. Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарға деген сұраныс та азаяды, сұраныс қисығы да солға жылжиды.
Р
Д1
Д2
Сурет 5 - Тұтынушы табысы азаюының қой етіне деген сұранысқа тигізетін әсері.
Кейбір жағдайда тұтынушылардың табыс өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбейген уақытта тұтынушылар сары май алады, ал маргаринге деген сұранысты азайтады немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сұранысы азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды.
Бұндай тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай жылжиды.
Р
Д1
Д2
Сурет 6 –Табыс өскен уақытта сапасы төмен тауарға деген сұраныстың өзгеруі.
Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды, бірақ кей уақытта анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады. Талғам сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруінен немесе жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі мүмкін.
Талғам өзгеруі - бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді. Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап, оны күтсе, онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы солға жылжыр еді, ал жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне деген сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.
Бағаның өзгеруін күту - бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше. Бұл әсіресе қазіргі кездерде тұтынушылардың ұялы телефондардың бағасының төмендеуін күтіп, кейін сатып алуға ниеттенетін ойларымен түсіндіріледі.
Кесте-2 – Сұраныс өзгерісіне көптеген факторлар әсер етеді
Сұраныс қисығына әсер етуші факторлар |
Автомобиль мысалы |
1. Орташа табыс |
Табыс өскен сайын адамдар көбірек автомобиль алуға тырысады |
2. Тұрғындар |
Неғұрлым тұрғындар көп болса, соғұрлым машиналардың сатылу көлемі өседі. |
3. Толықтырушы тауарларға деген баға |
Бензинге деген баға неғұрлым төмен болса, соғұрлым автомобиль сатылымы жоғарылайды |
4. Талғамдар |
Жаңа автомобиль – адамның статусының көрсеткіші |
5. Ерекше факторлар |
Метроның бар болуы, автомобиль және темір жолдардың сапасы; болашақта баға түседі деген күту факторлары |
1.2 Сұраныстың икемділігі
Икемділік – экономикалық ғылымның негізгі санаттарының бірі. Алғаш рет бұл ұғымды экономикаға енгізген А. Маршалл. Ол бір айнымаланың пайыздық өзгеруі екінші айнымалының пайыздық өзгерісіне қалай әсер ететінін көрсететін көрсеткіш. Икемділік ұғымы нарықтағы өзгерістерге нарықтың бейімделуін көрсетеді. Әдетте фирма өзінің өніміне бағасын көтермелей отырып, оны жоғары бағамен сатудан пайда түсіруі ықтимал деп тұжырымдауымыз мүмкін. Бірақ ондай оң үрдіс әрқашан байқалмайды, себебі бағаны көтермелеу өсуге емес, керісінше, сұраныстың төмендеп, өтімділіктің қысқаруына әкелуі мүмкін.
Сондықтан икемділік ұғымы өндірушілер үшін үлкен мәнге ие, өйткені ол бағаның өзгеруінде сұраныс пен ұсыныстың қаншылықты өзгеруі мүмкін деген сұраққа жауап бере алады.
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті ( Е р) заттық бағасы 1 %-ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты. Сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы теріс сан болады.
Сұраныстың бағалық
икемділігін анықтаған кезде
тауарға деген сұраныс мынадай
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр. Түсім дегеніміз - тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: TR=P*Q.
Мұнда TR-түсім, Р-тауардың бағасы, Q-сатылған тауардың көлемі, дана
Р
Сурет 7 - Икемді сұраныс.
Бұл жағдайда баға төмендегеннен түсім көбейіп отыр. Сонымен осы суретте көрсетілген сұранысты икемді деп атаймыз. Көбінесе, ауыстырушы тауарларды көп болатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы, Сұлтан макаронына сұраныс икемді болады, себебі оны ауыстыратын басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланатын: тоңазытқыш, телевизор, қысқа толқынды пеш сияқты тауарларға сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа, тұтынушылардың оларға деген сұранысы өте азайып кетеді.
Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің өсу процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сұраныс икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады.
Сурет 8 - Икемсіз сұраныс.
Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі,
сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін
болса және баға өзгеруіне байланысты
жалпы түсім өзгермейтін болса,
онда тауарға деген сұраныс
Р
Сурет 9 - Икемділігі 1-ге тең болатын сұраныс.
Сұраныстың бағалық икемділігін қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөледі. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
Р
д
Сурет10 - Өте икемсіз сұраныс
Сурет11 - Өте икемді сұраныс
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін ( Е р (D)) анықтағанда мынадай формулаларды қолданады.
E р (D) DQ/DP*P/Q - нүктелік икемділік.
E p (D)= Q2 -Q1 /P2 –P1 * P1 +P2 /Q1+Q2 – доғалық немесе сызықтық икемділік.
Q,1 Q2 - 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі
Р1 , Р2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Сұраныстың бағалық икемділігінің абсолюттік мәні 1 мен ¥, (1<½Ер<¥) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы аталған көрсеткіштің мәні ( 0<½Ер½<1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер ½Ер½=1 болса, бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.
Егер Ер (D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.
Сұраныстың бағалық икемділігі |
Жалпы түсім (шығындар өзгеруі) | |
Баға төмендегенде |
Баға жоғарылағанда | |
Икемді сұраныс ( Ер>1) |
көбейеді |
азаяды |
Икемсіз сұраныс (Ер<1) |
азаяды |
көбейеді |
Икемділігі бірге тең сұраныс (Е р=1) |
өзгермейді |
өзгермейді |