Сұранысты қалыптастыруға маркетингтің мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл — ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.
Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б. кіреді.
Сұраныс-төлем мүмкіндігі бар қажеттілік,
яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей
алатын ақшасы болып табылады.
Ал ұсыныс-дегеніміз берілген бағада сатуға
арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі
тербелуін тудырады. Осы тербеулер арқылы
сұраныс пен ұсыныстың тепе–теңдігін,
ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе–теңдігін
қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады. Салыстырмалы
бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс
көлемін өзгерту қажеттігін анықтау технологиясын
таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр
соңында табыстардың берілген бір деңгейінде
өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала
анықтайды.
Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсыныс сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір–бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады. Кәсіпкер осы нарықтағы тепе-теңдікті сақтаудың жолдарын үнемі біліп отыруы қажет, яғни маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы белгілі бір тауарға деген сұранысты қадағалап, сонымен қатар сол тауарға деген болашақта қандай ұсыныстар жасау керектігін болжамдауы керек.
Сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып,оларға әсер ететін факторларды талдау.Сонымен қатар,маркетингтік орталардың өзгерістерін, баға сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды әрі қарай дамыту.
Менің курстық жұмысымның
Курстық жұмыстың мақсаты- сұранысты қалыптастыру
мен болжауда маркетингтің маңызы
және snickers шоколады мысалында сұранысты
талдау және болжамдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Сұраныс ұғымына теориялық сипаттама беру;
- Сұранысты қалыптастыру мен болжауда маркетингтің маңызын көрсету;
- Snickers шоколадына сұранысты анықтау,талдау және болжамдау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні-сұраныс пен ұсыныстың белгілі бір факторлардың әсерінен өзгерісін,икемділігін анықтау,нарықтық тепе-теңдікке жету жолдарын талдау.
Курстық жұмыстың сипаттамасы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тауарға деген сұранысты зерттеу, жұмыстың мақсаты, міндеттері және сипаты қарастырылады.
Бірінші тарауда сұраныстың түсінігі, мәні және сұранысты қалыптастыруды маркетинг арқылы ұйымдастырылуы қарастырылады.
Екінші тарауда snickers шоколадына сұранысты анықтау,талдау және болжамдау мен ұсыныстар қарастырылады.
Қорытынды бөлімде курстық жұмыстың тақырыбына
байланысты негізгі түйіндемелер мен
тауарға деген сұранысты анықтаудың маркетингтік
жолдарын және тауарға деген ұсыныстар
мен басты қорытындалар жасалады.
I бөлім. Сұранысты қалыптастыруға маркетингтің мәні мен маңызы
1.1 Сұраныстың түсінігі, мәні
және пайда болуының негізгі
шарттары мен жолдары
Сұраныс дегеніміз
-белгі бір бағамен сатып алушылардың
төлем қабілетіне байланысты нарықтағы
тауарлар мен қызметтер саны болып табылады. Сұраныс - нарықтық
экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге)
төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді,
яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және
белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға
келісетін тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта
әрекет ететін сұраныс
заңы бойынша —баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің
көлемі де солғұрлым аз болады және осыған
керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну
ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай
қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың
мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне
және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын
сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ
тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына,
нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың
ақшалай табысына, сабақтас тауарлар-
дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы
баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты.
Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен
құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным
деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық
зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара
ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным
капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты
мен аясын көрсететін бағдар болып табылады.
Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық
сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде
біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық
сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі
мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси,
демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық
факторларға байланысты. Біз нарықты талдауды
сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс
- нарықтық экономиканың әр адамға да жақын
әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де
қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы
да қатысады. Сатылатын тауар біртектес
стандартты және тауардың әр данасы бірдей
бағамен сатылалы деп жорамалдаймыз. Тауардың
бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол
нарықтағы сатушылар, сатып алушылардың
өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады.
Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу
механизмін түсіну үшін сұраныс және
ұсынысқа негізгі талдау жүргізілуі керек.
Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып
алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының
арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз,
сонымен қатар тауарлардың бағасы мен
қөлеміне басқа да факторлардың қалай
әсер ететінін қарастырамыз. Алғаш рет
Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы
жарық көрген «Халық байлықтарының табиғаты
мен себептерін зерттеу» кітабында «Көрінбейтін
қол» атты категориялық ұғымы ретінде
қарастырып зерттеген. Сұраныс заңын білу,
оның зерттеулері қоғамның дамуы барысындағы
Не өндірілуі керек? Қалай өндірілуі керек?
Кімге өндірілуі керек? сұрақтарының жауаптарын
бере алады.
Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің
арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін
кесте түрінде былай көрсетеді.Мысал:
1- кг бағасы \тенгемен\ |
Сұраныс көлемі \1 айға, кг\ |
1. 900 |
3,4 |
2. 800 |
4 |
3. 700 |
4,5 |
4. 600 |
5 |
1- кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде
\басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда\
оны сатып алу көлемін қалай өзгеретінін
көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс
кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне
байланысты тұтынушылардың қалауы мен
сатыпалу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп
тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу
қабілеті деп неге айтамыз, мысалы нарықта
бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына
болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы
болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан
тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және
өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше
мүмкіндіктерін қарастырады. 1-кестеге
қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын
тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым
көбейіп отыр. Майдың 1 кг. Бағасы 900 теңге
болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг. Май ала
алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына
6 кг. Май алуға шамасы келер еді.Бұл сұраныс
кестесі осы 4 мүмкіндіктің қайсысы нарықта
нақты бар екенің көрсетпейді, ол сұраныс
пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл
тұтынушының сатып алушының бір тауардан
сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте
түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі
бір уақытты көрсету керек. Мысалы күніне,
айына, жылына және товардың сұраныс деңгейі
Сұраныс кестесін нақты түсініктірек
болуы үшін суретке түсіріп көру қажет.Жалпы
берілген кестедегі барлық көрсеткіштерді
/1-кесте/ координаттар өсіне түсіріп, бейнелеуге
де болады. Бұл қисықты С әрпімен белгілеп,
оны сұраныс қисығы деп атаймыз.
Сұраныс қисығы зерттеліп
отырған тауардың сатып алынатын бағасы
мен оның сұраныс көлемінің арасындағы
тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 700-ден
800 теңгеге дейін жоғараласа, онда сұраныс
көлемі 4,5 кг. 4 кг№ дейін төмендейді. Бағаның
төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді,
ал көтерілуі сұраныс көлемін азайтады.
Сұраныс- нарықтың негізгі бір бөлшегі.
Белгілі бір тауарға деген сұраныс, сол
тауардың бағасына байланысты болып келеді.
Баға жоғарлаған сайын, сол тауарға деген
тұтынушылардың сұранысы азаяды, ал егер
баға төмендей бастаса, тауарға сұраныс
жоғарлайды. Баға мен сұраныстың бұл байланысын
«Сұраныс заңы» деп атайды. Бұл заңның
графигі төмендегідей кескінделеді:
Нарықтық баға мен сұранысқа
ие тауар арасында белгілі бір
арақатынас болады, баға жоғары болған
сайын, оны сатып алушылардың
саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі
төмен, керісінше баға төмен болған
сайын сатып алушылар саны мен
сатылып алынған тауарлар саны көп
болады.
d(ағыл. demand – сұраныс) — қисығын экономикалық әдебиетте сұраныс
қисығы деп атайды. Бұл қисық баға P мен сатып алынатын тауар
көлемінің Q арасындағы байланысын
көрсетеді. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде
сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге
болады. Егер Р1 бағада сұраныс көлемі
Q1 болса, Р2 дейін төмендегенде сұраныс
көлемі Q2 дейін өседі.
Суретте көрсеткендей тауардың бағасы
төмендеген сайын, сатып алушылар саны көбейе береді, сұраныс
Баға мен сұраныс көлемінің байланысының
кері тәуелділігі ұсыныс заңы деп аталады. Сұраныс қисығы — сатып алушылардың
әр түрлі бағамен қанша тауар мен басқа
да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін
көрсетеді.
Қисық сызық сұраныстың біртіндеп азаю
заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды
былай деп қорытындылауға болады, егер
қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа
шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың
аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелділікті
басқаша да қортындылауға болады, егер
нарыққа қайсыбір тауардың үлкен тобы
түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша
жоғары емес бағамен өткізілуі
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың
әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан
басқа да бағасыз факторлар әсерін
тигізеді:
- Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
- Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
- Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
- Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
- Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
- Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
- Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
|
3- сурет. Сұраныстың қисығы |
4- сурет. Сұраныс қисығының жылжуы |
Р
Р1 А
Ро В D
|
Р
D1
D
Do
Q |
Бағаның өзгеру
әсерінен сұраныс көлемінің |
Бағасыз факторлардың
әсері сұраныстың өзгеруіне |
Сұраныстың біртіндеп
азаюы заңының барлық тауарларға
қатысы бар. Оның себептері төмендегіше:
олар бәрінен бұрын сатып
Теориялық жағынан сұраныс қисығының
басқа да жағдайлары болуы мүмкін. Ол сұраныс
қисығының ұлғаймалы жағдайы. Бұл жағдай «төмендетілген» тауарлар үшін
қолданылады, яғни бұл тауарларда тауар-ауыстырушылары
болмайды(тауар-субститут), сұраныс табыс
деңгейінің ұлғайюымен байланысты болып
келеді. Мысалға, автобуспен саяхат, өз
автокөлігіңмен жүрумен
2-сурет. Гиффен тауарларына
Тұтынушыларға байланысты сұранысты
қарастырдық, енді кәсіпкерлермен байланысты
ұсынысқа тоқталайық. Сұраныс пен ұсыныс
үнемі бірге қолданылатын терминдер
Ұсыныс – бұл өндірушінің
белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен
нарықта сатуға дайындаған тауарларының
саны. Ұсыныс заңы – бұл баға
мен сатылатын тауар санының арасындағы
тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы
өскен сайын оның сатуға дайындаған саны
да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда)
және де керісінше.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
- Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
- Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
- Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
- Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
- Бәсекенің деңгейі
- Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
- Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.
|
5- сурет. Ұсыныс қисығы |
6-сурет. Ұсыныс қисығының жылжуы |
Р
S
Р1 A |
Р S1
S0
S2
Q |
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді. |
Бағасыз факторлардың
әсері ұсыныстың өзгеруіне |
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді. Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады. Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады. Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
1.2.Сұранысты қалыптастыру
Қазақстанның нарықтық экономикаға
өтуіне байланысты адамдардың әлеуметтік
жағдайларында тауарлар мен қызметтерді
таңдау жағынан психологиялық және
жеке тұлғалық өзгерістер пайда болды.
Қоғам табыс деңгейіне қарай
жіктеле бастады, қазақстандықтардың
өмір сүру жағдайы мен стилі өзгерді.
Егемендік тек қазақ халқының
ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда тұратын
басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық
санасын көтерді, адамдардың ділі(менталитеті),
дінге, тарихқа және мәдениетке көңіл
қоюы өзгерді. Қазақстанның Еуропа мен
Азияның тоғысында орналасуы
оның территориясында тұратын 130-дан
астам ұлт өкілдерінің өмір сүру
қалпына және тауарлар мен қызметтерді
сатып алу барысына әсер етеді. Маркетологтар
осы жағдайларды өздерінің
Тұтынушы нені, қашан, қай
жерден сатып алу керектігі туралы
шешім қабылдай отырып, қандай тауар
өндіру керектігін анықтайды. Қазіргі
кезде сатып алушылардың тауар
таңдау еркіндігі жарнама, БАҚ, Интернет
желісі көмегі арқылы жақсы ақпараттануының
арқасында күшейе түсті. Нарықты
зерттеушілер сатып алу туралы шешім
қабылдау кезіндегі тұтынушылардың
мінез- құлқына әсер ететін көптеген
факторларды зерттейді.
Қазақстанда жүз отыздан астам ұлттар тұрады және мұнда жергілікті халықтың мәдениетімен қатар орыс, ұйғыр, Корей, татар мәдениетінің ықпалы сезіледі. Сатып алушының талғамына - әсіресе, тамақтандыру саласында Корей және ұйғыр қосалқы мәдениетінің әсері басым. Күнделікті тұрмыста мерекелерде әр отбасында дәстүрлі ұлттық тағамдармен бірге ұйғыр мантасы, лағманы, Корей ащы салаттары, және т.б. қойылады.
Әлеуметтік таптар - қоғам шеңберінде сатылық тәртіппен орналасқан салыстырмалы тұрақты Адам топтары.
Қазақстан Республикасы халқының нақты білімі, табысы және жұмысқа қамтылуы жөнінде мәліметтер болмауы себепті әлеуметтік жіктеу жүргізілмеген. Сондықтан да бүгінгі Қазақстанның таптық құрылым үлгісі жоқ.
Қазахстан қоғамын жоғары, орта, төменгі деп 3 тапқа бөлуге болады. Қоғамның жоғары табына бұрынғы партия номенклатурасынан шыққан ірі меншік иелері мен кәсіпкерлер, сайлау органдарының мүшелері, әкімдер, ірі бизнесмендер, банкирлер, т.б. кіреді. Қазіргі кездегі нарықтық экономика құрамы меншік иелері мен жалданушы категория түріндегі орташа тапқа негізделген.Қолда бар кейбір зерттеулер бойынша, республикамызда айына 1000-1500$ табыс табатын кәсіпкерлерден, орташа және шағын бизнес өкілдерінен, заңгерлерден, банк қызметкерлерінен, басқа да категория тұлғаларынан тұратын орташа таптың жұқа қабаты қалыптасып келеді.
Әлемдік тәжірибе бойынша, көп елдердің әлеуметтік құрылымы орта таптан тұрады және олардың мүддесін қолдау экономикалық өсуге негіз болады. Жалпы әлемдік үлгілерге сәйкес "орта тап" жан басына шаққандағы табысы жылына 12 мың доллардан асатын халықтың 30-40%-ын құрайды.
Нарықтық экономикасы "дамыған" елдерге қоғамдық құрылым түр-үлгісі "лимон"сияқты: орта бөлігі дамыған (орта таптар), жоғары және кедей таптардың түйісу полюсі төмендеу деп сипаттауға болады.
Қазақстан және көптеген ТМД
елдері, сонымен қатар Ресей үлгісі
пирамида тәріздес, өйткені халықтың
көпшілігі оның төменгі бөлігінде
жаншылып тұр. Маркетинг жүйесінде нарық - нақты және әлуетті (потенциалды)
тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты тауарды
сатып алу мүмкіндігі және қажеттіліктері
бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің
басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары
мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру
болып табылады. Тауар – маркетингтік
бүкіл іс-әрекеттің қозғаушы күші, оған
байланысты маркетингтің саясаты мен
стратегиясы жасалады. Тауарға маркетингтік
тұрғыдан қарау ең алдымен оның тұтыну
ерекшелігімен мен нақты бір қажеттілікті
қанағаттандыратын мүмкіндігін ескеруді керек етеді.
Тауар – бұл адамдардың
нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын
және айырбасқа түсетін өнім. Тауарлар
материалды (шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар,
азық-түлік) және материалды емес (қызмет,
идеялар) сипатта болады. Маркетинг жүйесінде
сұранысты зерттеу – нарықты кешенді
зерттеудің басты кезеңі, ол нарықтың
жалпылама сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік
береді. Фирманың нарықтағы табысты жұмысы
тауарға сұраныстың сипатын және күйін
мұқият анықтаумен және оның өзгеру тенденцияларын
білумен тығыз байланысты болады. Маркетинг
тұрғысынан, сұраныс – сатып
алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс
адамның қажеттілігін ғана емес, ең бастысы
оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық
мүмкіндіктерін де білдіреді. Сұраныстың
екі деңгейі бар: жалпы нарықтағы (немесе
ғаламды) сұраныс фирма өніміне (не
маркасына) сұраныс.
Нарықтағы сұраныс –
бұл тауар нарығындағы фирма және тауар
маркалары жиынтығының нақты кезең мен белгілі
мекендегі жалпы сату көлемі. Өнімге (немесе маркаға)
сұраныс – фирманың нарықтағы үлесіне
сәйкес келетін, тауар нарығындағы сұраныс
бөлігі. «Сұраныс» және «қажеттілік» түсініктері
арасында тығыз байланыс, айырмашылық
және қарама-қайшылық бар екенін атап
өтуіміз қажет. Негізінен маркетинг адамның
жаратылысына тән табиғи қажеттіліктеріне
емес, оның мәдени және әлеуметтік деңгейіне
байланысты пайда болған қажеттіліктеріне
әсер етеді. Қажеттіліктер әлеуметтік,
мәдени және технологиялық ортаның даму
деңгейіне және табиғатына байланысты
абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін.
Абсолютті қажеттіліктерге қарағанда,
салыстырмалы қажеттілікті толық қанағаттандыру
мүмкін емес, өйткені олардың деңгейі
жоғарылаған сайын, қажеттілікті неғұрлым
ұлғайтуға ұмтылыс пайда болады. Әлеуметтік
және басқа да факторлар сияқты маркетинг
те үнемі дамуда және өзгерісте болып
тұратын қажеттіліктердің даму диалектикасына
ықпал етеді. Ф. Котлер, Ж.Ж. Ламбен және
басқа да ғалымдар, аталып өткен экономикалық
категорияларды пайдалана отырып, маркетинг
теориясына, «мұқтаждық» және «қажеттіліктер»
деген анықтамаларды енгізе отырып, дамытты.
Тұтынушылардың қажеттіліктері
деп жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың,
отбасының және жалпы қоғамның өмір сүруін
және дамуын қамтамасыз ету үшін белгілі
заттарға, немесе қызметтерге мұқтаждық
деген сөз. Рынок жағдайында адам қажеті
оның төлей аларлық сұранысы ретінде әйгіленеді.
Қажеттілік құрылымы жөнінде толық біліп
отыру үшін оның дамуына әсер ететін факторларды
анықтау керек. Ол факторларға ұлттық,
тарихи, рухани, географиялық, саяси, көптеген
т.б. факторлар жатады. Кәсіпорын өзінің
тауарымен қанағаттандыра алатын қажеттіліктің
даму болашағын анықтау жұмысы маркетингтік
зерттеуде аса зор орын алады. Өйткені
ол жұмыс тауарды тұтыну мүмкіндіктері
мен көлемін және рыноктың даму серпінін
болжауға мүмкіндік береді. Тарихи орнына
байланысты қажеттерді бұрынғы, қазіргі
және болашақтағы түрлеріне бөлуге болады.
Қажеттерді осы түрлеріне бөлудің негізгі
мақсаты жаңа пайда болған қажеттермен
қатар болашақта болатын қажеттерді дер
кезінде анықтау үшін жасалады. Қанағаттандыру
деңгейіне сәйкес қажеттерді түгел, жартылай
қанағаттандырылған және қанағаттандырылмағандарға
бөлуге болады. Тиімді түрде маркетингті
жүргізу үшін жартылай қанағаттандырылған
және қанағаттандырылмаған қажеттерге
ерекше көңіл бөлу қажет. Оларды анықтау
негізінде келешекте қалыптасатын сұранысты
болжап, рынокқа тауардың жаңа түрін дайындап,
оны рынокқа ұсыну туралы шешім қабылдауға
болады. Мұқтаждық адамның
табиғатына тән, ол адам өміріне қажетті
физиологиялық элементтер болмаған жағдайда
орын алады. Маркетинг тұтынушының тілегі
мен қажеттіліктеріне және сұраныстарына
ықпал ете отырып, тауардың тартымды және
әйгілі болуын қамтамасыз етеді. Мұқтаждықты
қанағаттандыру адамның ішкі шиеленістерін
тарқатады. Психологтар адам талаптануының
бірқатар теорияларын дайындаған. Олардың
ішіндегі халыққа ең қарапайымдары: Зигмунд
Фрейд және Авраам Маслоу теориялары тұтынушылар
мен маркетингілік әрекеттерді зерттеуге
әр түрлі қорытындылар ұсынады. Кең тараған
3. Фрейд теориясына келетін болсақ, бұл
теория адам қылығына психологиялық күштер
әсер ететінін негіздейді. Мұны әр түрлі
сыртқы және ішкі әсерге адамның жауабы
ретінде қарастыруға болады. Бұл теорияға
сәйкес сатып алушыны қайшы ықыластары
мен қажеттері бар адамдар ретінде қарастырудың
өзі маркетинг үшін маңызды болып табылады.
Адам тауарды немесе қызметті сатып алу
кезінде көбінесе ол ісінің себептерін
жете ойланбай іске кіріседі. Сондықтан
тауардың дизайнын, жарнаманы белгілеуде
осы нәзік психология элементтерін ынталандыру
жолдары ретінде есепке алғандар ұтымды
сауда жасайды. Мысалы, әйелдер әтір сатып
алғанда оның жұпар иісімен қатар ыдыстың
әсемдігіне, нәзік, көз тартуына да көңіл
бөледі. Тағы бір адам қимылына әсер тигізетін
себептерді түсіну үшін А. Маслоу теориясында
қажеттерді қанағаттандыру кезектігі
анықталған. Бұл теорияда төменгі сатыда
материалдық, ал жоғарғы сатыда рухани
қажеттер орналасқан. Бірінші кезеңде
адам ең маңызды қажеттерді қанағаттандыруға
тырысады. Егер ол толық қанағаттанған
болса, адам келесі кезектегі қажеттерді
қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттер
пирамидасын басшылыққа ала отырып қажеттердің
қайсысына тұтынушы ақша төлеуге дайын
екенін білуге болады. Мысалы, ақшасы тамағына
әрең жететін адам, коттедж салмайды және
алыс сапарға шықпайды, асыл зат алмайды
дегендей. Өндірушілерді, әрине, нақтылы
тауарлар және қызметтер туралы тұтынушылардың
пікірлері алаңдатады. Осындай пікірлерден
тауар мен маркалардың бейнесі қалыптасады.
Егер де кейбір пікірлер дұрыс болмай,
сатып алуға зиянын тигізіп жүрген болса,
өндіруші оны түзету үшін қажетті науқан
ұйымдастыруы керек. Айта келе, сұраныс
- тауар, қажеттілік, мұқтаждық терминдерімен
тығыз байланысты болып келеді. Сонымен
қатар тауарға деген сұранысты қалыптастыру
мен болжауды маркетинг арқылы ұйымдастыру
жолдарының бірі баға болып табылады. Баға- тауар мен
көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін
немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен
қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар
қатынасының пайда болып, дамуымен бірге
баға да пайда болды. Максимальды баға сұраныммен
анықталады, ал минимальды - шығындарға
байланысты болады.Нарықтық
баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына
орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс
қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген
мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары
мен орташа пайдадан құралады.
Сұраныс пен ұсыныс көптеген
факторлардан тәуелді және осы факторлардың
өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің
мағынасы осындай өзара өзгерістерден
туындайды. Икемділік - бұл белгілі бір фактордың
1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен
ұсыныстың қанша процентке өзгергенін
анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік
өзгеру қатынастарымен анықталады. Сұраныстың бағалық
икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі
сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке
өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш
сұраныс көлемнің осы тауар бағасының
өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін
қолданылады.
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі қолданылады.
II бөлім. SNICKERS шоколадына
сұранысты талдау және
2.1. SNICKERS шоколадына сұранысты анықтауға арналған сауалнама
SNICKERS(сникерс)- қурылған жер
жаңғақ карамель және нуга қосылған, сүт
шоколадымен қапталған шоколадт батон
кәмпиті (шекілдеуікпен және фундукпен).
Ең алғаш сникерс 1923 жылы АҚШ-та «Mars» компаниясының
негізін қалаушы Френк Марс
ойлап шығарылған. Шоколадтың атауы Френк
Марс отбасысының сүйікті тұлпарларының
атымен аталған екен. Шоколадтың нағыз
өндірілуі іске қосылған кез 1930 жылдан
бастап. 1929 жылы қараша айында Чикаго қаласында
шоколад шығаратын фабрика салынған болатын,
осы фабрикада ең алғашқы сникерстер шығарған.
Қазіргі кезде Чикаго фабрикасы минутына
560 тәтті өнімдер шығаратын ірі фабрика
болып табылады.
Snickers шоколадтарының ең ірі сатылым орталығы-
АҚШ. Дүние жүзі бойынша сникерс шоколадтарын
сатудан түсетін табыстар 2 миллиард
долларға тең болып келеді.
1990 жылға дейін сникерс шоколадтары Ұлыбритания
мен Ирландияда Marathon деген атпен
сатылған. Кейіннен әлем бойынша Snickers атымен әйгілі
болып, сатыла бастады.
7- сурет. Snickers шоколадының ең алғашқы орамы(1930жыл)
Бүкіл дүние жүзі бойынша сникерс шоколадтарына деген сұраныс өте жоғары болғандықтан Snickers демеушілік қызметпен айналыса бастады.Олар:
- 1949жылы әйгілі Howdy Doody американдық телебағбарламасына;
- 1984 жылы Лос-Анжелесте өткен Олимпиада ойындарында;
- 1994 жылы Әлемдік футбол Чемпионатында;
Қазақстанда ең алғаш Snickers шоколадтары осыдан 20 жыл бұрын келген. Осы 20жылдыққа қарсы Snickers шоколадтарының арнайы сыйлық ретіндегі сериясы шығарылған.
8- сурет. Қазақстанда Snickers шоколадтарының 20 жылдығына
байланысты сыйлық сериясы
Snickers шоколадтарының сонау 1930 жылдан бері сыртқы орамы бәрталай өзгерген болатын. Бірақ, сыртқы түрі де, бағасы да өзгеріп тұрса да, ішіндегі шоколадтың сапасы әлі де өте жоғары сапада болып келеді.
Snickers шоколадының қазіргі Қазақстан рыногындағы түрі:
9- сурет. Snickers шоколадының қазіргі түрі
Snickers шоколадының құрамы:
10- сурет. Snickers шоколадының құрамы
*Энергетикалық құндылығы(100г)
* Тағамдық құндылығы (100 г): Белок — 9,0 г,
май — 28,0 г,
көмірсулар—54,8г .
* Ішіне салынғаны— жер жаңғақ, глюкоза
шырыны, қант, иіссіздендірілген өсімдік
майы, майсыздандырылған құрғақ сүт, тұз,
лактоза, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ жұмыртқа
ақуызы, табиғи хош иістендіргіш(ваниль
* Шоколад — қант, какао майы, ұсақталған какао, лактоза, эмульгатор (лецитин), табиғи хош иістендіргіш (ваниль экстрактісі).
Snickers шоколадының әлемдік нарыққа белгілі бірнеше түрлері бар.Олар:
11- сурет. Snickers Super түрі
12- cурет. Snickers орман жаңғағымен
13- сурет. Snickers шекілдеуік қосылған
14- сурет. Snickers DUO түрі
Продукция Mars Inc. | |
Шоколад өнімдері |
3 Musketeers • Balisto • Bounty |
Жануарларға арналған тағамдар |
Banfield • Cesar • Kitekat • N |
Басқа тағамдар |
Combos • Dolmio • Munch • Seed |
сусындар |
Flavia • Klix |
Сағыз және кәмпиттер |
Juicy Fruit • Big Red • Doublemint • Wrigley's Spearmint • Eclipse • Orbit • |