Стандартизация продукций

                           Мазмұны           

КІРІСПЕ

1 . САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ

    1. Сертификаттау негіздері,мақсаты мен принциптері
    2. ҚР сапа жүйесін сертификаттаудың қалыптасуы
    3. Сапа жүйесін жетілдіру

2. ҚР ИМПОРТАЛАТЫН ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ

2.1 Өндіріс өнімдердің шет елде  сапа жүйесін сертификаттау тәжірибесі

2.2 Өнімді,үрдісті жұмыс пен қызметті  сертификаттау органдары

2.3 Өнім мен қызметтің сәйкестігін  растау 

3.  ӨНІМ САПАСЫН СЫНАУ

3.1  Өнім сапасын сынау әдістері  және олардың жіктелуі

3.2 Өнімдерге сертификаттау сынағын жүргізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      КІРІСПЕ

     Курстық жұмыста- сапа жүйесін  сертификаттау , Сапа жүйесін  енгізудің қажеттілігі туралы  қарастырылған. Белгілі болғандай  өнім сапасы – бұл, оның  белгілі бір қажеттілікті өтеуге  жарамдылығын көрсететін өнім  қасиетінің жиынтығы. Егер кәсіпкерлік  қызметтің басты мақсаты пайда  табу болса, онда сапаның рөлі  бұл мақсатқа жетуде алдыңғы  орында тұр. Сапа жүйесі –  бұл, ең алдымен, тұтынушыға  оның талаптарын қанағаттандыратын  өнімдерді жеткізуге мүмкіндік  беретін, мекемедегі жұмысты ұйымдастыру  амалы. «Сапа жүйесі» атауы,  сапаға, оның қалыптасуының барлық  сатысында, жалпы басшылық жасау  үшін қажетті, ұйымдастыру құрылымы, әдістер, процестер мен ресурстар  жиынтығын білдіреді (ИСО 8402).

Тұтынушы  үшін мекеменің сапа жүйесі, осы  мекемеге деген сенімділік, өзіне  шынымен қажетті өнімді алудың кепілі болып табылады. Әлемдік тәжіриебеде  ірі фирмалар, өз жеткізушілерімен қарым қатынасында, сапа жүйесі негізінде  жұмыс жасауға кқшкендеріне көп  болды. Сапа жүйесін басқару стандарттары, алғаш рет 20 ғасырдың 70-нші жылдары  Ұлыбританияда дайындалды, ал 80-нші  жылдардың ортасынан бері стандарттау  жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО), қазіргі кезде 9000 стандарт сериясымен кеңінен танылған, осы мәселе жөніндегі  халықаралық стандарттауды әзірлеуге  кірісті. Олардың саны 20-ға жуық.

Мекемелерде тиімді сапа жүйесін құру мақстаныда ИСО 9004 стандарты дайындалды және 10-нан  астам стандарттар сапа жүйесін  дайындауға оқу құралы ретінде әзірленеді. Маңызды 3 стандарт семьясы: ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003-нормативтік сипатта және тұтынушы немесе үшінші жақтың сапа жүйесін  сырттай бағалауы үшін қажет. ИСО 9000 семьясында қалған стандарттар тұтынушыларға  аудармалық ретінде ұсынылады.

     Курстық жұмыстың  мақстаы - Сертификаттаудың негізгі мақсаты –       адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау және де Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап зерттеу болып табылад

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ.

Сапа жүйесін  енгізудің қажеттілігі

Белгілі болғандай  өнім сапасы – бұл, оның белгілі  бір қажеттілікті өтеуге жарамдылығын көрсететін өнім қасиетінің жиынтығы. Егер кәсіпкерлік қызметтің басты  мақсаты пайда табу болса, онда сапаның  рөлі бұл мақсатқа жетуде алдыңғы  орында тұр. Сапа жүйесі – бұл, ең алдымен, тұтынушыға оның талаптарын қанағаттандыратын  өнімдерді жеткізуге мүмкіндік  беретін, мекемедегі жұмысты ұйымдастыру  амалы. «Сапа жүйесі» атауы, сапаға, оның қалыптасуының барлық сатысында, жалпы басшылық жасау үшін қажетті, ұйымдастыру құрылымы, әдістер, процестер  мен ресурстар жиынтығын білдіреді (ИСО 8402).

Тұтынушы  үшін мекеменің сапа жүйесі, осы  мекемеге деген сенімділік, өзіне  шынымен қажетті өнімді алудың кепілі болып табылады. Әлемдік тәжіриебеде  ірі фирмалар, өз жеткізушілерімен қарым қатынасында, сапа жүйесі негізінде  жұмыс жасауға кқшкендеріне көп  болды. Сапа жүйесін басқару стандарттары, алғаш рет 20 ғасырдың 70-нші жылдары  Ұлыбританияда дайындалды, ал 80-нші  жылдардың ортасынан бері стандарттау  жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО), қазіргі кезде 9000 стандарт сериясымен кеңінен танылған, осы мәселе жөніндегі  халықаралық стандарттауды әзірлеуге  кірісті. Олардың саны 20-ға жуық.

Мекемелерде тиімді сапа жүйесін құру мақстаныда ИСО 9004 стандарты дайындалды және 10-нан  астам стандарттар сапа жүйесін  дайындауға оқу құралы ретінде әзірленеді. Маңызды 3 стандарт семьясы: ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003-нормативтік сипатта және тұтынушы немесе үшінші жақтың сапа жүйесін сырттай бағалауы үшін қажет. ИСО 9000 семьясында қалған стандарттар тұтынушыларға аудармалық ретінде ұсынылады.

ИСО 9000 сериялық Халықаралық стандартын даярлау  көп елдерде сапа жүйесін сертификаттау  үшін біріңғай нормативтік база болып  табылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде бүгінгі күні ИСО 9001, ИСО 9002, СО 9003 бойынша 200 мыңнан астам компаниялар  мен фирмалар сертификатталған. Батыстың компаниялары мен фирмалар сертификатталған. Батыстың компаниялары сапа жүйесін  сертификаттауға мына жағдайлар  итермелейді: бәсекелестікті жоғарлатуға  ұмтылыс, тапсырушы (тұтынушы) талаптары, жеңілдетілген несие және сақтандыру, мемлекеттік тапсырыс алу мүмкіндігі, өнімдер мен қызмет сапасын жақсарту, шығындарды азайту және тұтынушылардың аудиторлық тексерісін азайту.

Батыстағы беделді  мамандардың жасаған ортақ пікірі мынадай: ИСО 9000 сапа жүйесін ендірген мекемелердің жұмысының тиімділігі, мұны қолданбайтын бәсекелестеріне  қарағанда 2-3 есе артық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕРТИФИКАТТАУ НЕГІЗДЕРІ, МАҚСАТЫ  МЕН ПРИНЦИПТЕРІ 

Сертификаттаудың негізгі мақсаты  – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын  қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының  мүддесін қорғау.

Қазіргі кездегі республикамызда  өндірілетін және шет елдерден әкеленіп жатқан азық – түлік, шикізаттар мен  тағамдық өнімдер адам өірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы  тиіс.

Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс  талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғарғы  сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық  бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын Сертификаттау  үшін арнаулы білімі бар, білікті  және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау  сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтар  мен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында  алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

«Сертификаттаау туралы» Заң (қосымша  Б) ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен  өндірістерді (бұдан ары процестерді), сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін  анықтайды.

Заң негізінде сертификаттаудың негізгі  мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ  халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде  сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

  • Өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
  • Сынақтың кәсіби түрде өтуі;
  • Шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

Өтініш берушінің  сертификаттау органын, сынақ зартханасын  таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға  қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

  • Сертификаттау объектісінің еркшілігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түлілігі;
  • Сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
  • ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шет елдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану;
  • Ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
  • Қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

ҚР-ның мемлекеттік  стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін  өнімнің 70 пайызы сертификатталады. Қазақстанда  міндетті түрде сертификаттауға  жататын, қауіпті деп есептелетін  өнімнің үлесі 85 пайыздай болады, сондықтан  сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

 

 

 

 

ҚР сапа жүйесін сертификаттаудың қалыптасуы

«Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау  жүйесі» дайындалып, қабылданды. Ол «Сапа жүйесінің регистрі» деген  атқа ие болды. Регистр- ерікті сертификаттау  жүйесі, ол міндетті сертификаттау  жүйесіне кіретін, мемлекеттік сертификаттау  жүйесінің ГОСТ РК құрамдас бөлігі болып табылады. Ерікті сертификаттау  жүйесін мемлекеттік жүйеге ГОСТ РК енгізу, ГОСТ РК сертификаттау жүйесінің танымалдығы, оның ішінде шет елде де, онда оның сертификаты мен сәйкестік белгісі мойындалады. Сапа жүйесінің сәйкестік белгісі Регистрі, ГОСТ РК белгісі жүйесімен бірдей. Ол тек, ИСО стандарт номері белгі жүйесінің үстіне жазылатын «Регистр» сөзімен айырылады.

Регистр қолданымдағы заңнамаларға, сертификатау ережелері және ҚР мемлекеттік  қүжаттарға, сонымен қатар еуропалық  және халықаралық сапа жүйесін сертификаттау  саласындағы ережелер мен нормаларға сәйкес қүрылған.

Сапа жүйесін жөне өндірісті  сертификаттау КеңесіРегистр жүмысына қатысты шешімдер қабылдауға үсыныстар  дай-ындайтын кеңесуші орган болып  табылады. Ол қызығушылык танытқан ұйымдардың мамандарынан тұрады.

Апелляция комиссиясы техникалық орталықтарда тәуелсіз сарапшылардан қүрылады және қажеттілігі туындағанда жұмыс  істейді.

 

 

 

 

Сертификаттаудан өткен ұйымдар  сапа жүйесі қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді; инспекциялық бақылау  нәтижесіне сәйкес іріктеу шараларын  өткізеді; сертификаттау органдарын, өндірістік процесстерге енгізілген өзгерістермен  хабардар етеді.

Бүгінгі күні ҚР сапа жүйесінің ИСО  сериясы 9000 стандартына сәйкестігі кең өріс алған жоқ. Біраққазірдің  өзінде, ИСО стандартын енгізген және тиісті сертификаттары бароннан астам  мекемелер бар. Мүндай бағыттың артықшылығын сезінген көптеген мекемелер осы  стандарттарды қолданысқа қабылдады.

Сапа жүйесін және өндірісті  сертификаттау ережелері мен тәртібі

Сапа жүйесін сертификаттау  нысандары мен қатысушыларын  тексеру

Сапа жүйесінің тексеру және бағалау нысандары болып сапаны қамтамасыз ету және басқару қызметтері және өнімдердің (қызмет) өзінің сапасы табылады.

Өтініш берушінің сапаны басқару  және қамтамасыз ету іс-шарасын, ГОСТ РК ИСО 9001- ГОСТ РК 9003 талаптарына сәйкестігін  жекелеп тексереді және бағалайды (кесте 2).

Өнімдер түріне және өтінуші талабына байланысты, сапа жүйесін тексеру  мен бағалауға, қосымша айрықша  талаптар қойылуы да мүмкін. Бүл  жағдайда сертификаттау органының  басшылығы комиссияны мына түрде, сарапшылар мен кеңесшілер қүрамы өнім түріне қарай қосымша білімдермен, өндіріс  технологиясы және оған қойылатын нормативтік  талаптармен қаруланған болуы керек.

Өнімдер (қызмет) сапасын алдымен, түтынушыдан, сауда үйымдары, Мемсанэпидқадағалау  және басқа бақылаушы үйымдардың сапа туралы ақпараттық материалдары негізінде бағалайды. Сосын, енімдер  сапасын қамтамасыз ету, өндіріс  кезінде барлық өндірістік кезеңдерін, мекеменің техникалық бақылауымен  тіркелетін (сапа жүйесін сертификаттау, арнайы сынақ, сапа көрсеткішін талдау және өлшеу қаралмайды) сапа туралы мәліметтерді талдау арқылы бағаланады.

Сапа жүйесін өндірісті сертификаттауда  және өндіріс жағдайын, өнімдерді  сертификаттаудың 2а-4а, 9а-10а схема-ларында  талдауда, тексерілетін нысандар.

 

 

 

 

 

*_апа жүйесше тексеру жүргізетін комессия бір немесе бірнеше сарапшыдан, тексерілетін мекеменің көлеміне және басқа жағдайына байланысты, тұрады. Комессияны бас сарапшы (комиссия төрағасы) басқарады. Комиссия құрамына тексерілетін ұйым өкілдері, сонымен қатар, сертификаттау нәтижесіне қы-зығушы ұйымдар өкілдері кіре алмайды.

Сапа жүйесіне сертификаттау процедураларының, толық кезектілігі айтылған стандарттың  А жалғамасында келтірілген. Қысқартылған күйде, сапа жүйесін сертификаттау  сатыларының қүрамы 8 суретте көрсетілген.

Регистрде қабылданған сапа көрсеткішіне сәйкес 10 немесе одан да аз мөлшердегі сәйкессіздік болғанда сапа жүйесін  стандартқа сай деп таниды. Сәйкессіздік стандарттың талаптарында немесе сәйкестігіне тексеру жүргізілетін басқа кұжаттарда анықталады.

Едәуір сәйкессіздік деп, мысалы бір  элементтің жоқ болуын, кішігірім  деп — стандарт талаптарын орындауды, жіберілген кейбір кемшіліктерді есептейді.

 

Тексеру нәтижелері, комиссия ұйғарымдары мен ұсы-ныстары, тексеру нәтижесі және сапа жүйесінің бағасы акті түрінде рәсімделеді және қорытынды жиналыста мәлімделеді. Оң нәтижеде, сертификаттау органы, сапа жүйесі сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға рұқсат (лицензия) жобасын рәсімдейді. Жобалар құжаттары, ілеспе хатымен, сапа жүйелерін тексеру нәтижелері актісімен қоса, техникалық орталыққа жіберіледі.

Сонымен қатарсертификаттау органы және үйым инспекциялық бақылаушыдан өткізуге келісім шарт жасайды.

Ұсынылған қүжаттар негізінде тіркеу техникалық орталығы сапа жүйесінің сәйкестік сертификатын тіркейді және қол қойылатын қүжаттарды, қабылданған шешіммен таныстырьш, өтініш берушіге табыстау үшін сертификаттау органына жібереді.

Сертификатталған сапа жүйесіне инспекциялық бақылау сертификат мерзімі аяқталғанша  барлық уақытта және жылына бір реттен кем емес жүргізіледі.

Бақылау мақсаты, сапа жүйесі талаптарға әлі де сай екенін растау.

Инспекциялық бақылау ережелері  мен тәртібі ГОСТ РК белгіленген.

Сапа жүйесін сертификаттау  сатысы мен оның мазмүны: Сертификаттау  алдындағы саты:

1. Сертификаттау органдарына сертификаттауға  тапсырыс беру;

2. Тапсырыс берушінің сертификаттау органының үлгісінде бастапқы құжаттарын дайындайды;

3. Сертификаттау органында бастапқы қүжаттарына талдау жүргізу;

4. Сертификаттауға тапсырыс қабылданғаны жөніндегі шешім;

5. Сапа жүйесін алдын-ала бағалау жөнінде сертификаттау органы мен тапсырыс беруші арасындағы келісімді рәсімдеу;

6. Сертификаттау жөніндегі комиссияны қалыптастыру; Сапа жүйесін алдын-ала бағалау:

1. Бастапқы құжаттармен сапа жүйесін талдау;

2. Қорытынды жасау;

3. Сертификаттауды жалғастыру жөнінде шешім қабылдау;

4. Тапсырыс беруші-мекеме атына сапа жүйесін бағалау жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу;

Мекемедегі сапа жүйесін тексеру  және бағалау:

1. Тексеру жоспарын дайындау;

2. Тексеру жүргізу;

3. Тексеру актісін жасақтау;

4. Тексеру нәтижесі жөніндегі қорытынды жиналыс;

5. Сапа жүйесін сертификаттауға үсыныс женінде шешім қабылдау;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

6. Тіркеу    техникалық    орталығында    сертификаттау жөніндегі соңғы шешім;

7. Сәйкестік   сертфикатын   және   сәйкестік   белгісін қолдануға лицензиялар беру немесе одан бас тарту;

8. Инспекциялық бақылау жүргізуге келісім-шарт жасау;

 Инспекциялық бақылау:

1. Сертификатталған   сапа   жүйесіне   жыл   сайынғы инспекциялық бақылау жүргізу;

2. Бақылау нәтижесімен акт жасақтау;

3. Сәйкестік   сертификатын   және   сәйкестік   белгісі лицензиясын растау, тоқтату немесе жою жөнінде шешім қабылдау.

ӨНДІРІСТЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ

Өндірістерді сертификаттау тәуелсіз, компетентті ұйымның (үшінші жақ), тиісті түрде салыстырудан өткен өндірісі және жағдайы өндірілген өнімнің, жұмыс  немесе қызметтің белгіленген нормативтік  күжаттарға сай, белгілі бір сапалық  сипатын, тұрақты қамтамасыз ететіндігіне қажетті сенімділік туғызатынын  дәлелдейтін іс-әрекеттермен айқындалады.

 

 

 

 

Сертификатталатын өндірістерге қойылатын  талаптарды ГОСТ РК ИСО 9002 (п.4.8-4.16 және 4.20) және жоғарыда келтірілген ГОСТ РК «Сертификаттау жүйесі ГОСТ РК. Сапа жүйесі регистрі. Өндіріске сертификаттау  жүргізу тәртібі» регламенттейді.

Сапа жүйесін жетілдіру

Біздің елімізде 10 жылдан астам  уақыт сапа жүйесін сертификаттаудың халықаралық ИСО 9000 стандартының талаптарына  сәйкестігіне жүмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР ИСО 9000 стандартын енгізген және тиісті сертификаттарын алған ондаған  мекемелер бар. Дегенмен сапа жүйесінің  өзі де және оны сертификаттау  процедуралары да түрақты түрде  жетілдірілу, даму үстінде. Сапа жүйесін  жетілдірудің қазіргі бағытына бірнеше  мысалдар келтіреміз.

1994 жылы АҚШ-тың үш автокөлік  Дженарал Моторс, Форд, Крайслер  дайындаған, жаңа сериялы С>8 9000 стандарты пайда болды. ИСО  9000 стандарттарындағы талаптармен  қатар, С>8 стандарты автокөлік  жасау саласындабірқатар қосымша  талаптар қояды.Аталған фирмалардың  аралас фирмаларынын барлығы  және тек қана олар мемес,  р8 9000 стандарты талаптарына сәйкес  жұмысқа көшеді. (^8 9000 стандартының  ИСО 9001-96 стандартынан айырмашылығы аралас фирмалармен әрбір жеке жағдайда келісім шарттарында көрсетілетін қосымша талаптары, сонымен қатар ИСО стандарты талаптарының шеңберінен шығып кететін арнайы салалық талаптарға байланысты.

XX ғасырдың 70-нші жылдарының басында Еуропада жалпы фирмалық Т^М («Тоіаі (^иаШу Мапа§етепІ») аббравиатурасымен белгіленген сапаны басқару жүйесі қалыптасты.

ТрМ жанжақты, мақсатты бағытталған  және сапаны басқару әдістерін үйлестіруші, оның барлық іс-шараларына, зерттеу  мен дайындаудан бастап, сатылғаннан  кейінгі қызмет көрсету жүмыстарына  барлық деңгейдегі басшылардың қатысуымен және техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүргізуді қарастыратын кешенді жүйе болып табылады. Жүйе сапанйі тұрақты түрде жақсартуға, өндірістік шығындарды азайтуға және өнімдерді дәл уақытында жеткізуге  бағытталған. Мұндай бағытты «§иа1і1у  ітргоүетепІ»атауымен белгілейді (сапаны үнемі жақсарту).

Қазіргі кезде ТС>М ИСО 9000 жүйесіне қарағанда сапаны басқаруға үлкен  қадам екені белгілі болып  отыр. ТРМ қолдану түтастай алғанда  бизнестің жетілуіне жасалған қадам  екені көрініп отыр.

 

Еуропада жалпы танылған Т^М  принциптерін айқындайтын модель Еуропаның  сапа жөніндегі сыйлық моделі болып  отыр (бизнес жүргізудің жетілдірілген  моделі).

Сапа жөніндегі сыйлық ушін қозғалысы, мекемелердегі тиімді сапа жүйесін  құруға қозғаушы ретінде, әлемде кең  қанат жайды. Ең белгілі және беделділері  Жапонияда Делинг сыйлығы, АҚШ-тағы М.Болдридж сыйлығы сапа жөніндегі  Еуропалық сыйлық болып табылады. Ресейде сапа жөніндегі Ресей  Федерациясы үкіметінің сыйлығы  тағайындалған.

Жаңа жүйелерді қүру және еапаны басқарудың жаңа бағыттары ЙСО 9000 стандарттарын  қолдану кезіндегі кемшіліктерді  ашып көрсетті және оларды қайта қарау  қажеттігіне алып келді. 2001 жылы бұл  стандарттардың жаңарған сериясы қолданысқа енді.(«Болжам 2000»).

ИСО 9000 сериясында қазіргі кезде 20-дан  астам стандарттар бар, бұл пайдалануліыларға  қиындық тудырып отыр. ИСО-да қабылданған  шешім бойынша болжам-2000 семьясында 4 базалық стандарттар және бірнеше  техникалық есептер болады. Бұл жағдайда қазіргі қолданыстағы стандарттарда  каралған жағдайлар мүмкіндігінше  базалық стандарттармен бірігеді.

Жаңа стандарттар қолдану саласынан  қарағанда неғүрлым жұмсақ болады, ол кіші және орташа мекемелерде қысқартылуы  мүмкін, өйткені іс- шаралардың кейбір түрлері қолданыста жоқ. Сонымен  қатар, жаңа стандарттар сапа менеджменті  мен басқа салалардағы менеджментінің өзара үйлесімділігі және ең алдымен  табиғатты қорғау саласында - әңгіме ИСО 9000 болжам

2000 ж стандартымен ИСО серия  14000 стандарттарының үйлесімділігінде  жатыр.

Сонымен, ИСО 9000 болжам 2000 ж стандарты  анағүрлым әмбебап қүрылымға  және қолдану аясы кеңірек ауқымға  ие боларына сөзсіз көз жеткізуге  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР ИМПОРТТАЙТЫН ӨНІМДЕРДІ  СЕРТИФИКАТТАУ

 Импортталатын өнімдерді сертификаттаудың құқықтық және нормативтік негізі

ҚР импортталатын тауарларды сертификаттаудың қажет-тілігі, импорттық тауарлардың  үлесінің едәуір үлғайу-ына, ішкі нарықтағы  саудада, сондықтан тұтынушылар  мүддесін қорғау қажеттілігі, өнімдердің қауіпсіздігі, өйткені әкелінетін тауарлардың  сапасы төменгі деңгейде. Мысалға, Мемсанэпидқадағалау  мәліметіне қарағанда, жақында осы  департамент органдарының сапаға мемлекеттік  бақылау жасауы кезінде, 2200-ден астам  импортталатын тамақ өнімдері сапасының  төмендігіне және қауіпсіздік сертификаты  болмауына байланысты айналымға  жіберуге тиым салынды. ҚР-ның «Тұтнушылар  қүқығын қорғау туралы» және «Өнімдер мен қызметті сертификаттау жөніндегі» Заңдары, импорттық түтыну өнімдерінің  қауіпсіздігш бақылау жүйесін дайындау және қолдануға құкықтық негіз жасап  берді.

«Тамақ өнімдерін сертификаттау  жөніндегі» Заңында-импорттық тамақ  өнімдерін әкелуді реттейтін  мынадай / қүқықтық негіздер қаралған.

«Қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі» Заңына сәйкес, экологиялық талаптар, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын  алу, адам денсаулығына және генетикалық  қорына қауіпсіздігі үшін белгіленеді  және жаңа техникаға, технология, материалдар, заттар және басқа тамақ өнімдеріне стандарттарында көрсетіледі. Айрықша  көңіл бөлінетіні қауіпті әрі  зиянды заттардың шектеулі рұқсат шамасының  нормаларының сақталуы, олардың ішінде: зиянды заттар концентрациясы; зиянды заттардың ауаға тарауы; шу деңгейі; тербелістер; магниттік поля және басқа  денеге зиянды әсерлер; имиялық заттар қалдықтары, тамақтағы агрохимикаттар және т.б. бар.

САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІН  СЕРТИФИКАТТАУ

Сертификаттау туралы заңдар

  1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Азаматтық авиацияда сертификаттау  мәселелері Қазақстан Республикасының  азаматтық авиацияны мемлекеттік  реттеу туралы заңдарын қайшы келмейтін  билігінде осы Заңмен реттеледі.

  1. Егер ҚР бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

Осы заңда  мынадай ұғымдар пайдаланылады.

1 Тіркеу  – уәкілетті мемлекеттік органның  сертификаттау жөніндегі орган  немесе сынақ зертханасы (орталығы) ретіндегі белгілі бір салада  жұмысты жүзеге асыруға ұйымының  құқылы екендігінің ресми тануы;

2 Тіркеу  аттестаты – белгілеген қызмет  саласында сертификаттау жөніндегі  органның немесе сынақ зартханасының  нақты жұмыстарды орындауға деген  құқығын куәландыратын, мемлекеттік  сертификаттау жүйесі ережелеріне  сәйкес бірілетін құжат;

3 Аудит сертификаттаудағы  – сертификаттау жөніндегі тіркелген  органдардың немесе сынақ зертханаларының,  орталықтарының қызметіне тәуелсіз  талдау жасау, сондай-ақ өтініш  берушінің бастамасы бойынша  жүргізілетін сертификатталған  өнімдердің, процестердің, жұмыс мен  қызметінің белгіленген талаптарға  сәйкестігін бақылау;

4 Қазақстан  Республикасының мемлекеттік сертификаттау  жүйесі мемлекеттік сертификаттау  жүйесі – өз құзырет шегінде  сертификаттау саласындағы жұмыстарды  жүзеге асыратын мемлекеттік  басқару органдарының, жеке және  заңды тұлғалардың және ҚР-дағы  сертификаттау және тіркеу жөніндегі  жұмыстарды жүргізу тәртібін  белгілейтін нормативті құжаттардың  жиынтығы;

Сертификаттаудың  мақсаттары

Сертификаттаудың  негізгі мақсаттары мыналар болып  табылады:

  • Адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарығындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

 

ӨНДІРІС ӨНІМДЕРДІҢ ШЕТ ЕЛДЕ САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ  ТӘЖІРИБЕСІ

Сапаны бақылау  бойынша еуропалық ұйым (СБЕҰ)

Өнеркәсіптік  өндірісті арттыру бойынша Еуропалық  агенттік (ЕРА) 1956 жылы Парижде сапаны бақылау бойынша мамандардың  бірінші отырысын өткізді, онда тұрғылықты орны Роттердам қаласы (Голандия) ьолып, сапаны бақылау бойынша Еуропалық  ұйым құруға шешім қабылданды. Бұл  әртүрлі елдердің мамандары шеңберінде бұйымдардың салалааралық сапасын  бақылаумен байыланысты ғылыми-техникалық мәселелер кешенін қарастыратын және талқылайтын халықаралық ұйым.      СБЕҰ өнім сапасын бақылау құралдарын және әдістерін, сапа, сенімділікті және ұзақ мерзімділік мәселелерінің ғылыми негіздерін, сонымен қатар өнім бағасын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды даярлайды. Бұл мідеттерді орындау үшін СБЕҰ жұмыстың әр түрлерін қолданады: өнім сапасының жеке мәселелері бойынша сарапшылардың конференцияларын, семинарларын, кездесулерін ұйымдастырады, арнайы комитеттер құрады, конференция еңбектерін және журналдар шығарады, сапаны бақылау бойынша нұсқаушылар курсын ұйымдастырады, сапанынң Халықаралық Орталғының жұмысына жетекшілік етеді.

Әр елден  өнім сенімділігін және сапаны қамтамасыз ету мәселелерін өз қармағына  алған бір ұйым СБЕҰ-ның толық  құқылы мүшесі бола алады. СБЕҰ-ның  толық құқылы мүшелері: Англия, Голландия, Дания, Испания, Италия, Норвегия, Франция, Румыния, Германия, Словакия, Швеция, Швейцария. Кейбір елдер (США, Бельгия, Югославия) СБЕҰ институттық мүшелер ретінде  кіргізілген, олардың құқықтары  шектеулі, олар СБЕҰ-ның Басқарма мүшелігіне сайлана алмайды. Мүшеліктің үшінші түрі – сәйкес біліктілігі бар  және ұйымының жұмысына белсене араласқысы келетін маманның жеке мүшелігі.

СБЕҰ-ның  жоғарғы органы – Басқарма –  ұйымның жұмыс бағытын анықтайды, қаржыға билік етеді және сапаның  Халықаралық Орталығының жұмысына жетекшілік етеді. Оның хатшы-қазынашы басқаратын хатшылығы бар.