Үстеме шығындар есебі

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе.

 

  1. Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы.

 

  1. Үстеме шығыстардың есебі.

 

  1. Үстеме шығыстарды бөліп тарату.

 

  1. Үстеме шығыстарды басқару есебі.

 

Қорытынды.

 

Қолданылғын әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді. Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады. Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді.

Кәсіпорын үстеме шығыстарының есебін жүргізуде келесідей мәселелерді  шешеді:

  • Негізгі үстеме шығыстардың пайда болу көздерін анықтау;
  • шығындарды азайту себептерін анықтау;
  • Үстеме шығыстардың сметасы мен бюджетін жасау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтау;
  • Үстеме шығыстардың динамикасын бақылау;

Үстеме шығыстарды бөлуді басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда келесі негізгі  мәселелер туындайды:

1. Өндірістің табыстылық  бағасы мен әрбір өнімді өткізу  деңгейі;

2. Компанияға қай өнім түрі көбірек пайда түсіреді;

    1. Шығарылатын өнім ассортиментін өзгерту туралы шешім қабылдау;

Үстеме шығыстарды басқару  есебін бақылаудың бір нұсқасы АВС-талдау бойынша жүргізіледі.Бұл әдіс неғұрлым қарапайым, әрі жеңіл. АВС-талдау әдісі  үстеме шығыстарды таратуда келесі принципке сүйенеді: шығындардың пайда болу көздерінің аз ғана мөлшері салыстырмалы түрдегі шығындар құнының көптігін көрсетеді.Үстеме шығыстармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:

-шығыстарды тікелей  және үстеме шығыстарға бөлу – бұл әр кезде оңай бола бермейді, себебі шығыстардың кейбір түрі тікелей және жанама шығыстарға жатады.

-үстеме шығыстар тұрақты  болып келеді;

-шығындарды ақырғы  өнім арасында дұрыс бөліп  тарату.

Үстеме шығыстарға өндірісті  басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру шығыстары жатады.

 

1.Үстеме шығыстардың  жалпы сипаттамасы және құрамы.

Үстеме шығыстар –  негізгі және көмекші цехтардың  жұмыстарын ұйымдастыру шығыстары, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар. Үстеме шығыстарды бөлудің негізгі бағыттары:

  • ақырғы өнімнің нақты құнын анықтау;
  • қолданылған ресурстарды бөлу;
  • жұмыскерлердің шығындарын қысқарту;
  • сыртқы пайдаланушылар үшін шығыстар мен кірістерді салыстыру; 

Үстеме шығыстармен  байланысты негізгі мәселелерді  қарастыруға болады:

-шығыстарды тікелей  және үстеме шығыстарға бөлу  – бұл әр кезде оңай бола  бермейді, себебі шығыстардың кейбір  түрі тікелей және жанама шығыстарға  жатады.

-үстеме шығыстар тұрақты  болып келеді;

-шығындарды ақырғы  өнім арасында дұрыс бөліп  тарату.

Үстеме шығыстарға өндірісті  басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру  шығыстары жатады. Бірінші кезекте  олар мыналармен байланысты:

-аналитикалық шоттардың  шығындар түрімен (жал төлемі,қызмет  көрсету, еңбекақы);

бақыланатын шығындар орталығымен (өндірістік цех);

Үстеме шығыстар құрамына мыналар кіреді:

  1. Жалпы өндірістік шығыстар - өндірістік жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығыстары;
  2. Өндірістік қажеттерге пайдаланылатын қосымша материалдардың барлық түрлері;
  3. Жұмысшылардың еңбекақысы. Цех персоналына, өндірістік құрал-жыбдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлерге есептелген еңбекақы;
  4. Еңбекақыдан аударымдар;
  5. Негізгі құралдарды жөндеу. Бұл шығындар түріне жалпы өндірістік мақсатқа арналған өндіріс құрал-жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеу шығыстары кіреді.
  6. Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
  7. Коммуналдық қызметтер. Бұл шығыстарға жалпы өндірістік мақсаттарға арналған негізгі құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі үшін тұтынылған электр қуатының, судың, жылудың,т.б.құны кіреді.
  8. Жалгерлік ақы - өндірісте қолданылатын негізгі құралдарды жалдау бойынша төленетін жалгарлік ақы сомасы;
  9. Өзге де шығыстар.

Өндірістік шығындардың синтетикалық есебі 8410 “Үстеме шығыстар” шотында жүргізіледі. БҰл активті жинақтаушы, таратушы шот болып саналады. Бұл шоттың құрамында мынадай шоттар ашылады: 8410/1 - “Негізгі өндірістің үстеме шығыстары”, 8410/2 - “Көмекші өндірістің үстеме шығыстары.”

 

Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойынша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.

 

 

2.Үстеме шығыстардың  есебі

 

Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында  өнім түрлері бойынша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.  Жалпы өндірістік үстеме шығыстар 8410 “Үстеме шығыстар” шотында есептеледі. Субсчет 8410/3 - “Жалпы өндірістік шығыстар” шоты. Сонымен қатар 8410 шотына бірнеше транзиттік шоттар ашылады:

8411 - “Материалдар”

8412 - “Цех персоналының еңбекақысы”

8413 - “Еңбекақыдан аударымдар”

8414 - “Негізгі құралдарды жөндеу”

8415 - “Негізгі құралдардың тозуы”

8416 - “Коммуналдық қызметтер”

8417 - “Жалгерлік ақы”

8418 - “Өзгелер”

№2 “Қорлар” ХҚЕС бойынша  үстеме шығыстар екі түрге бөлінеді.

  1. Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар
  2. Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар.

Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өңдеу бойынша шығыстарға бөлу және өндірістік қуаттылықтың қалыпты  өнімдеріне негізделеді және бұл  шығыстар өнім көлеміне байланысты емес. Өндіріс көлемі өзгерсе де, тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өзгерусіз болып қалады. Бұл шығыстарға мыналар жатады:

  • Негізгі қорлардың амортизациясы,
  • Ғимараттар мен жабдықтарға есептелген амортизация;
  • Өндірістік басқару шығындары;

Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар өндіріс көлеміне тікелей байланысты, тәуелді болатын өндірістік шығыстар. Бұларға жалпы өндірістік қажеттерге жұмсалатын материалдар және цех персоналының еңбекақысы жатады.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізінде жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданылады:

1.Өндіріс жұмысшыларының  негізгі еңбекақысы;

2.Өндіріс жұмысшыларының  негізгі еңбекақысы мен өндірістік  құрал жабдықтарды күтіп ұстау  және пайдалану шығындары;

 

3.Өнімнің, жұмыстың, қызметтің  цехтық өзіндік құны.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалагу шығыстарының ерекше түрдегі есебі қажет. Бұл шығыстарды 8410 - “Үстеме шығыстар” шоты құрамында “Өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалану бойынша шығыстар” атты субшот ашылады. Өндірістік құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап тұру шығындарына мыналар жатады:

  1. Жанар-жағармайлардың құны;
  2. Өндірістік құрал-жабдықтың тозуы;
  3. Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;
  4. Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;
  5. Еңбекақыдан аударымдар;
  6. Электр қуаты, бу мен судың құны;
  7. Көмекші өндірістің қызметі;
  8. Басқа да шығыстар;

 

 

 

3.Үстеме шығыстарды бөліп тарату

 

Шығын тасымалдаушылар  – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер, олар оң және кері әсер етуі мүмкін. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар  үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында бөлуге бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:

  1. Өндірілген өнім көлемі
  2. Жұмыс – сағат
  3. Машина – сағат
  4. Бастапқы шығындар
  5. Материалдық шығындар
  6. Еңбек шығындары

 

Пропорционалды, пропорционалды емес бөліп тарату.

Тарату әдістерінің  барлығы дерлік үстеме шығыстардың  пропорционалды және прпорционалды  емес тарату әдістеріне бөлінеді.

Кәсіпорында қалыптасқан  шығындардың нақты деректері негізінде  шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату коэффициенттері анықталады. Бұл коэффициент таратуға негізделген шығындардың  жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған соммалық факторға бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үстеме шығыстарды пропорционалды бөліп тарату үшін қолданылады.

Мысал А – Кеңсе заттары.

Компания кеңсе заттарына (қағазды қоса алғанда) айына 1 200 мың  теңге шығын жұмсайды. Компанияда екі бөлімше бар, олардың компания табысындағы үлестері 30% және 70%.

 

 

Бөлімше

Табыс (мың тг.)

Табыстан алынатын %

Шығыстарды  бөліп тарату

Бөлімше 1

70 000

70 %

1200*0,7=840

Бөлімше 2

30 000

30 %

1200*0,3=360

Барлығы

100 000

100 %

                      1200


 

Мысал Б. - Жал төлемі.

Жал төлемі көлемге байланысты бөліп таратылады.

Жал бойынша шығыстар (мың тг.) 6 000

1 м2 кеткен жалдау бойынша шығыстар 24

Аудан (м2) 250

Компанияның 1-ші бөлімшесі 200 м2 ауданды, ал 2-ші бөлімшесі 50 м2 ауданды  алып жатыр. Жал бойынша шығыстарды тарату төмендегідей болады.

 

 

Бөлімше

Алып  жатқан аудан

Шығыстарды  бөліп тарату

Бөлімше  1

200 кв.м

200*24=4 800

Бөлімше 2

50 кв.м

50*24=1 200

Барлығы

250 кв.м

           6 000


 

 

Бөліп таратудың әр түрлі  коэффициенттерін қолдану мысалдары.

Дәрі шығаратын кәсіпорынның 31-ақпанға жасалған бухгалтерлік жазулары:

 

Мың.тг.

 

Қосымша берілгендер

 

Материалдар

100 000

Жұмыс-сағат

75 000

Еңбек

150 000

Машина-сағат

50 000

Алғашқы шығындар

250 000

Өндіріс көлемі

50 000

Үстеме шығыстар

150 000

Барлық шығыстар

400 000


 

 

Үстеме шығыстарды бөліп  таратудың алты коэффициентін қарастырамыз. Жалпы өндіріс көлемі 50 000 бірлік болғанда 3 000 бірлікке жұмсалатын үстеме шығыстарды бөліп тарату. Бұл партияға материалдық шығндар 5 000 мың тг., еңбек шығындары 6 000 мың тг., (1 сағ.-2000 тг.), машина сағат – 500.

 

Өндірілген  өнім көлемінің коэффиценті

Үстеме  шығыстар/жалпы өнім көлемі

150 000/50 000

3

Жұмыс сағатының  коэффиценті

Үстеме шығыстар/жалпы  жұмыс сағаты

150 000/75 000

2

Машина-сағат коэффициенті

Үстеме шығыстар/жалпы машина-сағат саны

150 000/50 000

3

Бастапқы шығындар проценті

Үстеме шығыстар/бастапқы шығындар сомасы*100%

150 000/250 000*   100%

60%

Материалдық шығындар проценті

Үстеме шығыстар/материалдық  шығындар*100%

150 000/100 000* 100%

150%

Еңбекақы шығындарының проценті

Үстеме шығыстар/еңбек  шығындары*100%

150 000/150 000* 100%

100%


 

3 000 бірлікке келетін  партия шығыстарын берілген коэффициенттер  арқылы бөлу.

 

Коэффициенттер негізінде  үстеме шығыстарды бөлу

Шығару көлемі

Жұмыс сағат

Машина сағат

Бастапқы шығындар

Материалдар

Еңбек

Материалдар

5 000

5 000

5 000

5 000

5 000

5 000

Еңбек

6 000

6 000

6 000

6 000

6 000

6 000

Бастапқы шығыстар

11 000

11 000

11 000

11 000

11 000

11 000

Үстеме шығыстар

9 000

6 000

1 500

6 600

7 500

6 000

Барлық шығыстар

20 000

17 000

12 500

17 600

18 500

17 000

Жұмыс -сағат

3 000

3 000

3 000

3 000

3 000

3 000

Машина- сағат

500

500

500

500

500

500

Өнім көлемі

3 000

3 000

3 000

3 000

3 000

3 000


 

Өндіріс көлемінің коэффициентін  кәсіпорын бір өнім түрін немесе бірнеше өнім тобын өндіргенде қолданады.

Жұмыс-сағат пен машина-сағат  коэффициенті  үстеме шығыстар мен  уақыт арасындағы байланыста көрсетіледі. Егер кәсіпорында адам еңбегі көп  қолданылатын болса, жұмыс-сағат коэффициентін, ал автоматтандырылған технология қолданылатын болса, машина-сағат коэффициентін пайдалану ыңғайлы болып табылады.

Шығындар пайызы –  алғашқы, материалдық және еңбек  шығындарының пайызы – бұл шығыстар үстеме шығыстармен тәуелді болғанда қолданылады.

 

Коэффициенттерді анықтаудың схемасы төмендегідей:

  1. Шығару көлемінің деңгейі анықталады.
  2. Бөлімшелер бойынша бюджет дайындалады. Өндірістік және қызмет көрсету бөлімшелері бойынша үстеме шығыстардың бюджеті жасалады.
  3. Әр бөлімшеге үстеме шығыстарды тарату анықталады.
  4. Үстеме шығыстарды бөліп тарату базасы анықталады.
  5. Коэффициенттер есептеледі.
  6. Үстеме шығыстар бөлінеді.
  7. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығыстары өндірістік бөлімше шығыстарына бөліп таратылады.

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің  үстеме шығыстарын бөліп тарату 4 әдіс арқылы жүргізіледі.

  1. Тікелей әдіс;
  2. Қадамдық әдіс;
  3. Қайта бөлу әдісі;
  4. Теңдіктер жүйесі әдісі;

 

Бөліп тарату мысалы: Компания 4 бөлімшеден тұрады. Оның екеуі өндірістік – Х, У, екеуі қызмет көрсету –  А және В бөлімшелері. Осы бөлімшелер арасындағы қарым қатынас келесідей  болады.

Бөліп тарату базасы

  А

В

Х

У

Барлығы

А бөлімшесі

0 %

20%

50%

30%

100%

В бөлімшесі

50%

0%

10%

40%

100%


А және В бөлімшелерінде 10 000 теңге үстеме шығыстарын Х, У  бөлімшелері арасында әр түрлі әдістер  арқылы бөліп таратуды қарастырамыз.

1.Тікелей бөлу әдісі – бұл әдіс өзара қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында қолма қол бөліп таратумен сипатталады.

Бөліп тарату базасы

А

В

Х

У

Барлығы

А бөлімшесі

0

0

50%

30%

80%

В бөлімшесі

0

0

10%

40%

50%

 

А

В

Х

У

Барлығы

Шығындар

10 000

10 000

0

0

20 000

А бөлімшесі

-10 000

0

6 250

3 750

0

В бөлімшесі

0

-10 000

2 000

8 000

0

Бөліп тарату нәтижесі

0

0

8 250

   

 

2.Қадамдық әдіс –  бұл әдіс бойынша шығындар  сомасы басым бөлімшенің шығындарын  алдымен бөлуден басталады. Аталған шығындар бөлімшелер арасында көрсетілетін қызметке пропорционалды бөлінеді. Ал басқа қалған қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығындары тек өндірістік бөлімшелер арасында бөлінеді.

Бірінші нұсқа.

Бөліп тарату базасы

А

В

Х

У

Барлығы

А бөлімшесі

0%

20%

50%

30%

100%

В бөлімшесі

0%

0%

20%

80%

100%

 

А

В

Х

У

Барлығы

Шығындар

10 000

10 000

0

0

20 000

Қадам 1

         

А бөлімшесі

-10 000

2 000

5 000

3 000

0

 

0

12 000

5 000

3 000

20 000

Қадам 2

         

В бөлімшесі

0

-12 000

2 400

9 600

0

Бөліп тарату нәтижесі

0

0

7 400

12 600

20 000


 

Екінші нұсқа.

 

Бөліп тарату базасы

А

В

Х

У

Барлығы

В бөлімшесі

50%

0%

10%

40%

100%

А бөлімшесі

0%

0%

62,5%

37,5%

100%

 

А

В

Х

У

Барлығы

Шығындар

10 000

10 000

0

0

20 000

Қадам 1

         

В бөлімшесі

5 000

-10 000

1 000

4 000

0

 

15 000

0

1 000

4 000

20 000

Қадам 2

         

А бөлімшесі

-15 000

0

9 375

5 625

0

Бөліп тарату нәтижесі

0

0

10 375

9 625

20 000


 

3.Қайта бөлу әдісі  - әр қызмет көрсетуші бөлімшелердің  үстеме шығыстарын кезек бойынша  өндірістік және қызмет көрсетуші  бөлімшелер арасында пайдаланудың бағалық деңгейі негізінде бөліп тарату. Бұл процесс үстеме шығыстардың сомасы ең аз мөлшерге жеткенге дейін қайталанады.

 

Бөліп тарату базасы

 А

В

Х

У

Барлығы

А бөлімшесі

0 %

20%

50%

30%

100%

В бөлімшесі

50%

0%

10%

40%

100%

 

А

В

Х

У

Барлығы

1-бөлу

         

Шығындар

10 000

10 000

0

0

20 000

А бөлімшесі

-10 000

2 000

5 000

3 000

0

В бөлімшесі

5 000

-10 000

1 000

4 000

0

 

5 000

2 000

6 000

7 000

20 000

2-бөлу

         

Шығындар

5 000

2 000

6 000

7 000

20 000

А бөлімшесі

-5 000

1 000

2 500

1 500

0

В бөлімшесі

1 000

-2 000

200

800

0

 

1000

1 000

8 700

9 300

20 000

3-бөлу

         

Шығындар

1 000

1 000

8 700

9 300

20 000

А бөлімшесі

-1 000

200

500

300

0

В бөлімшесі

500

-1 000

100

400

0

 

500

200

9 300

10 000

20 000

4-бөлу

         

Шығындар

500

200

9 300

10 000

20 000

А бөлімшесі

-500

100

250

150

0

В бөлімшесі

100

-200

20

80

0

 

100

100

9 570

10 230

20 000

           

5-бөлу

         

Шығындар

100

100

9 750

10 230

20 000

А бөлімшесі

-100

20

50

30

0

В бөлімшесі

50

-100

10

40

0

 

50

20

9 630

10 300

20 000

6-бөлу

         

Шығындар

50

20

9 630

10 300

20 000

А бөлімшесі

-50

10

25

15

0

В бөлімшесі

10

-20

2

8

0

 

10

10

9 657

10 323

20 000

7-бөлу

         

Шығындар

10

10

9 657

10 323

20 000

А бөлімшесі

-10

2

5

3

0

В бөлімшесі

5

-10

1

4

0

 

5

2

9 663

10 330

20 000

8-бөлу

         

Шығындар

5

2

9 663

10 330

20 000

А бөлімшесі

-5

1

2,5

1,5

0

В бөлімшесі

1

-2

0,2

0,8

0

 

1,00

1,00

9 666

10 332

20 000

9-бөлу

         

Шығындар

1

1

9 666

10 332

20 000

А бөлімшесі

-1

0,2

0,5

0,3

0

В бөлімшесі

0,5

-1

0,1

0,4

0

 

0,50

0,20

9 666

10 333

20 000

10-бөлу

         

Шығындар

0,50

0,20

9 666

10 333

20 000

А бөлімшесі

-0,5

0,1

0,25

0,15

0

В бөлімшесі

0,1

-0,2

0,02

0,08

0

Бөліп тарату нәтижесі

0

0

9 667

10 333

20 000


 

4.Теңдіктер жүйесі  әдісі-бұнда тұтыну бағамы математикалық теңдік түрінде көрсетіледі.

Бөлу базасы

А

В

Х

У

Барлығы

А бөлімшесі

0%

20%

50%

30%

100%

В бөлімшесі

50%

0%

10%

40%

100%


 

Бұған сәйкес теңдіктер  жүйесі келесідей болады:

А=10 000+0,5В

В=10 000+0,2А

В= 10 000+0,2 (10 000+0,5В)=10 000+2 000+0,1В=12 000+0,1В

В=12 000/(1-0,1)=12 000/0,9=13 333

А=10 000+0,5*13 333=16 667.

 

А

В

Х

У

Барлығы

Бөлуге

16 667

13 333

   

30 000

Шығындар

10 000

10 000

0

0

20 000

А бөлімшесі

-16 667

3 333,3

8 333,25

4 999,95

0

В бөлімшесі

6 666,5

-13,333

1 333,30

5 333,20

0

Бөліп тарату нәтижесі

0

0

9 667

10 333

20 000


 

 

Үстеме шығыстарды бөліп  тарату әдістерін салыстыру

 

А

В

Х

У

Барлығы

Тікелей әдіс

0

0

8 250

11 750

20 000

Қадамдық әдіс

         

Бірінші нұсқа

0

0

7 400

12 600

20 000

Екінші нұсқа

0

0

10 375

9 625

20 000

Қайта бөлу әдісі

0

0

9 667

10 333

20 000

Теңдіктер жүйесі әдісі

0

0

9 667

10 333

20 000