Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

 

МАЗМҰНЫ 

  1. Кіріспе................................................................................................................4
  2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
  3. Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
  4. Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
  5. Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
  6. Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
  7. Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
  8. Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
  9. Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
  10. Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
  11. Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
  12. Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
  13. Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
  14. Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
  15. Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
  16. Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
  17. Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

    Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу  орындарын қайта құру кезеңінде  оқу бағдарламаларында біршама  өзгерістер болды. Соның нәтижесінде  экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар (қорлар), технология, өнімдер және оларды пайдалану, бір-бірімен тығыз байланысты болады.

    Еліміздің нарыққа өту кезеңі жоғарғы оқу  орны студенттерінің сапалы және жүйелі білім алуларына талап қояды. Осыған байланысты микроэкономика пәнін  біліп үйрену студенттер үшін экономикалық құбылыстар мен процестерді кіші деңгейде немесе үй шаруашылығы, кәсіпорын, өндірістік кооператив, фирма, кіші өндіріс салаларының жұмыс істеуін зерттеп үйренуіне көмектеседі. Осы тұрғыдан жоғарғы оқу орны студенттерінің микроэкономика пәнін оқып біліуі, олардың басқа экономикамен  байланысты пәндерді түсініп білулеріне, экономикалық ойлау жүйесін нығайтып, тиімді жұмыс істеуіне көп пайдасын тигізеді.

    Микроэкономика  пәнін оқыту кезінде студенттерге теориялық біліммен қатар, олардың  өз ойларын іс (тәжірибе) жүзінде экономикалық өмірде пайдалануын міндеттейді. Студент микроэкономиканың методологиясын біліп түсініп, нарық кезінде микроэкономикалық модельдерді, шаруашылықта пайдалану, экономикалық тепе-теңдікке жету керектігін және нарықты жетілдіру үшін қандай іс-әрекетке бару керектігін үйретеді.

    Бұл ұсынылып отырған оқу әдістемелік  құрал еліміздің Шығыс өңірінде қазақ тілінде жазылған тұңғыш басылым. Осы оқу әдістемелік құралдың мақсаты экономика мамандықтары студенттерінің микроэкономика пәнін оқып үйренуде, терең толық білуде көмекші құрал болып табылады. Бұл әдістемелік оқу құралы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғарғы оқу орнының экономика мамандығы студенттеріне арналған жаңа стандарты бойынша жасалып отыр.

    Бұл әдістемелік оқу құралы мүмкіндігінше  түсінікті, жатық тілмен жазылған және әр тақырып бойынша семинар сабағының  жоспары, барлық негізгі сұрақтарға әдістемелік кеңес, рефераттар тақырыбы және қолданылатын әдебиеттер тізімі беріліп отыр.  
 
 
 
 
 
 

1 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

Жоспар:

1 Ресурстардың шектеулік проблемалары және таңдау қажеттілігі.

  Ресурстарды бөлу-тарату

2 Сұраныс және оған әсер ететін факторлар

3 Ұсыным және оған әсер ететін факторлар

4 Сұраным мен ұсынымның өзара байланысы. Тепе-теңдік нүкте (баға) 

Әдістемелік кеңес:

    Бірінші сұрақты бастағанда экономикалық ресурстар түсінігі, түрлері және шектеулігіне (тапшылығына) тоқтауымыз керек.

    Ресурстар – бұл игіліктерді өндіруге кететін факторлар болып табылады. Экономикалық ресурстар деп тауар өндіруге жұмсалатын барлық табиғат беретін, адманың еңбегімен жасалған және адамның өзі жатады. Барлық ресурстар мынадай түрлерге бөлінеді: а) табиғат ресурстары – жер, су, ауа, орман-тоғай, табиғат байлығы -  мұнай, газ, көмір, әртүрлі рудалар, өсімдік және жануарлар дүниесі т.б жатады; б) материалдық ресурстар – капитал, үй-жай, құрылыс т.б бұлар адамның еңбегімен жасалған заттар; в) адам ресурсы – бұл еңбек және адмның кәсіпкерлік қабілеті; г) ақпараттық ресурстар – бұларға ғылыми және ғылыми техникалық жоба, конструкторлық, технологиялық, статистикалық, басқару ақпараттары және рухани интеллектуалдық құндылықтар жатады.

    Бұл жерде бір нәрсені естен шығармау керек, ол барлық ресурстар, немесе өндіріс факторларына тән нәрсе олар сирек кездеседі, немесе шектелген көлемде болады. Ресурстардың шектілігіне байланысты тауар өндіру көлемі де өлшеулі болады. Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм масивтері – бос дала және т.б алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбалар болған жерлер оларды алудың нәтижесінде тозады, істен шығады. Сондай-ақ өндірістік үйлер, алып құрылыстар, машина жабдықтар саны да шектеулі болады – мұның барлығы экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономика ғылымының алдында бар ресурстарды мейілінше тиімді қолдану мәселесі туындайды. Себебі халықтың тез өсіп келе жатқан сұранымдарын қанағаттандыру өте қажет.

    Өмірде  экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі  мына себептерден туындайды:

  1. Экономикалық субектінің белгілі бір экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда;
  2. Осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда.

    Экономикалық  іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері  міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай-қайсысын да қолдануға болады және ешқайсысы да біріне-бірі кедергі болмайды.

    Бұдан ұғатынымыз экономикалық шешімді қабылдау проблемасы – шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқауларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және мұндай жағдай берілген экономикалық субектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.

    Жоғарыда  айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаумен басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселілер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден адамзат қолы мен жасайтын игіліктер де шектеулі.

    Қорлар  бірін-бірі толықтырып отырады, осыған байланысты игіліктер екі түрге  бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі деп аталады.

    Мынаны  есте сақтау керек, кез-келген тұтынушының  қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін. Осыған байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы деп айтамыз. Сөйтіп тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулігі адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданылатын барлық игіліктерге тән қасиет.

    Әр  түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс-жүзінде  мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен қанағаттандырылмайды. Сондықтан, кез-келген экономикалық іс-әрекет, қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептелінеді және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тарту керектігін көрсетеді.

    Белгілі бір ресурстардың белгілі бір  мөлшерін қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға мүмкіндігіміз аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетпеуі мүмкін. Осыдан таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады. Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

    Мынаны  түсіну керек, жекелей өндіріс факторларының ешқайсысы өнім шығарып табыс бере алмайды. Сондықтан өндіріс процесі факторлардың өзара бірігуінін қарым-қатынасын білдіреді. Шығарылған өнім саны оны өндіруге қолданылған өндіріс факторлары мен олардың комбинацияларына тәуелді. Факторлардың әр түрлі комбинациясы бар болса, бұл олардың оптималды үйлесіміне жеткізетін варианттың бар екендігін білдіреді.

    Демек өндірістік функция – бұл өндіріс факторларының шығындарының жиынтығы мен максималды өнім шығару арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынас.

    Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық таңдаудың маңызды принцптерінің бірі болып табылады. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қиысғы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игілік өндірісі азаяды және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері өте көп болады (май өндіру мен зеңбірек өндіру, автомобиль және танк өндірісі т.б).

    Екінші  сұрақты бастағанда мынаны түсінуміз керек сұраным мен ұсыным нарықты экономиканың негізгі элементтері болып табылады. Ол бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа. Нарық өндірушілер мен тұтынушылардың өзара байланыстарын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраным дегеніміз – бір мезгілде, бір бағамен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің саны. Басқаша айтқанда сұраным дегеніміз төлем қабілеті бар қажеттілік. Сұранымды бағадан тыс анықтау мүмкін емес. Себебі ол бағамен байланысты өзгеріп отырады. Мысалы біз дүкен сөрелерінен кажетті, қымбат бағалы затты көрсек, бірақ біздің қалтамыздағы ақшамыздын аздығынан оны сатып ала-алмайтын болсақ онда ол тауарға сұраным жоқ деп есептеуіміз керек.

    Тауардың  нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны графиктік түрде сұраным қисығының сызығы деп аталады.

    Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Ал егерде тауарға деген баға өссе, онда оларға деген сұраным азаяды. Сұраным қисығының сызығы бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл жылжып отырады. Қисық графигінің оңға қарай ойысуы - тауарға сұранымның өскенін, ал солға қарай ауысуы - сұранымның азайғанын көрсетеді.

    Оны мына төмендегі суреттен көреміз:

    P баға

            8    д                                 Р-баға=2,6,4,8   

            6                                        Q-дана=1,2,3,4   

           4              д

            2                  Q дана

                 1 2 3 4   

    1 сурет – Сұраным қисығының  сызығы

    1 суретте  төмен қарай, солтүстік-батыстан  оңтүтік-шығысқа қарай ылдиланған сұраным қисығы (ДД) көрсетілген. Графиктегі горизонтальді (жанама) ось – сұраным мөлшері, ал вертикальды (тігінен) ось – нарықтық баға.

    Нарықтық    сұраныс бағамен  байланысты   және ол байланыссыз факторлардың әсері арқылы қалыптасады. Олар:

    а) бағаның деңгейі

    б) сатып алушылардың ақшалай табысының өзгеруі

    в) тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан

    г) нарықтың шамасынан

    д) жиналған мүліктен

    е) сатып алушылардың санынан және т.б.

    Сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның қызметі (функциясы) деп аталады. Тауарға сұранымнын мөлшері халықтың (тұтынушылардың) ақшалай табысының деңгейіне тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылар тарапынан болатын сұраным азаяды.

    Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық (барынша жаңа, пайдалануда тиімді өнімдер); аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға байланысты әртүрлі аймақтардағы сүраным ерекшелігі); психологиялық (сатып алу кездейсоқтығының шамасы); демографиялық (әр түрлі жастағы ерлердің, әйелдердің, балалардың ерекше сұранымы);

    Кәсібилік (білім дәрежесі, айналысатын кәсібі мен қызмет түрлеріне байланысты болатын тауарды ұнату мен артық бағалау ерекшеліктері). ¥лттық діни сипаттағы және басқа факторлар әсер етеді. Нарықты басқару дегеніміз осы факторлардың көмегімен сұранымға тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады.

    Үшінші сұрақ ұсынымның анықтамасынан басталады. Ұсыным  дегеніміз тауар өндірушілердің бір бағамен, бір уақытта сататын тауарларының саны. Немесе ұсыным нарықты тұрған немесе соған жеткізуге ұйғарылған, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы. Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті (әр алуан тауарлар жиынтығы) мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал сұраным болса тауар үсынымның көлемі мен құрылымын белгілейді, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы қайталанып өндіріледі.

    Баға  мен ұсыным арасындағы тәуелділік кері емес тікелей болады. Баға өскен сайын өндірушілер сатуға тауарды көптеп шығарады, ал баға төмендегенде ұсынылатын тауарлар саны азаяды.

    Нарықтық баға мен өндірушілердін ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында ұсыным кисығының сызығы деп аталатын белгілі бір аракатынас болады.

    ¥сыным  қисығының сызығы, әдетте оңтүстік-батыстан солтүстік- 
шығыска қарай көтеріледі.

    Мына  көрсетілген графикте шығарылған өнім көлемінің (Q) рыноктік бағаға (Р) тәуелділігі көрсетілген 

    P баға

            8                S                        Р-баға=2,6,4,8   

           6                                          Q-дана=1,2,3,4   

           4                

            2    S          Q дана

                1 2 3 4   

    2 сурет – Ұсыным қисық сызығы (графигі) 

    Баға  өскен кезде тауар өндірушілер  сатылатын тауардың көлемін неғұрлым көбейтіп, тездетіп сатып пайда табуды көздейді. Басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және рынокта сатуға дайын болады. Ұсыным мөлшерінің көбеюі ұсыным кисығының сызығын оңға қарай, ал ұсыным мөлшерінін азаюы — солға карай жылжытады.

Ұсыным  қисығының сызығына мына бағадан тыс факторлар әсер етеді:         

    а) ресурстардың бағасының өзгеруі;

    б) қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;

    в) салықтар мен дотациялар;

    г) берілген (нақты) тауарлар мен оған ұқсас тауарлардың бағасының 
өзгеруі;

    д) бағаның өзгеруін күту;

    е) сатушылардың санының өзгеруі;

    ж) табиғи-климатгық жағдайлар;

    з)  өндірістік шығындардың өзгеруі және т.б.

       Төртінші соңғы сұрақты бастағанда тепе-теңдікті         қалыптастырудың басты реттеуші механизмі тепе-теңдік бағаны қалыптастыру болып табылатынын ескеру керек. Тепе-теңдік баға сұраным мен ұсыным теңескенде пайда болады. Экономикалық ақыл-ойдың әртүрлі мектептерінің өкілдері өздерінің теориялық зерттеулерінде тепе-теңдік баға қалыптасуының көптеген варианттарын қарастырады: сатып алушы мен сатушының субъективті бағалауының негізінде сұраным меи ұсыным көлемі және бағалардың өзара әсері негізінде, капитал мен ресурстардың пайдасыз саладан өндірістің пайдалырақ саласына ауысуы негізінде жүргізіліп отырылады.

    Сұраным мен ұсыным бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Қандай нарыкты экономикада болмасын, сүраным мен үсынымның тепе-теңдігін орныктыру және ұстап тұру жеңіл шаруа емес. Нарықтың тепе-теңдігін сұраным мен ұсыным тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір деңгейі деп түсінуіміз керек. Тепе-теңдік нүктесі сұраным мен үсыным қисықтарының қиылысқан жерінде болады. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға тепе-теңдік баға деп аталады. Сұраным мен ұсынымның өзгеруіне қарай тепе-теңдік бағасы да өзгереді.

    Мысалы, бір кәсіпкер өзі тұратын шағын  ауданда оқушылар дәптерін жасайтын шағын қағаз фабрикасын салмақшы болды делік. Ол алдымен, сол аудан  халқына қанша дәптер керектігі  туралы сұрау жүргізді делік. Соның нәтижесінде ауданға 70 мың дана дәптер қажет екенін анықтайды. Ал, ол әр дәптердің бағасын 3 теңгеден болады деп шамалайды. Алайда шағын қағаз фабрикасы жұмысын бастаған жоқ болатын. Есептеп келгенде, егер әр дәптердің бағасы 3 теңге болса, сүраным 70 мың дана болады. Бірақ кәсіпкер дәптердің бағасын 3 теңгеден сататын болса, оның жұмсаған шығындары ақталмайды.

    Сондықтан, ол үшін үкімет тарапынан оның шығынын өтеуге дотация керек болады, сонда ол өз шығынын ақтауы мүмкін. Бірақ үкімет дотация бермейді. Сондықтан ол дәптер бағасын 4 теңгеге көтереді. Осы кезде ұсыным 25 мың дана болады, ал сұраным 70 мыңнан 50 мыңға азаяды. Баға 5 теңге болғанда дәптерге деген ұсыным мен сұраным теңеседі. Сөйтіп баға өскен сайын ұсыным көбейіп, сұраным кеміп отырады.

    Осы көрсетілген мысалда тепе-теңдік баға заттың бірлігіне 5 теңге болғанда жүзеге асып, сұраным мен ұсынымның 35 мьң дәптер деңгейінде іске асады. Енді осыны график түрінде көрсетейік.

      Бағаның әсерінен сұраным мен ұсынымның өзгеруі (графигі) 

  Р  баға (теңге)

     8                                 Ұсыныс қисығы

    7                               

    6                                   Тепе-теңдік нүкте                

    5                                   (тепе-теңдік баға)

    4

    3                                     Сұраным қисығы

    2

    1

     0   10 20 30 40 50 60 70       Q дана

     

    3 сурет- Сұраным мен ұсынымның өзара байланысы

    Мына  суретте көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраным мен ұсыным қисықтарының қиылысқан жерінде тұр .

    Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарыктық баға тепе-теңдік баға деп аталады.

    Жалпы тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына, қоғамдық кажеттіліктер мен өндірістің қозғалысында теңсіздіктердің пайда болуына, ақыр соңында әр түрлі қолайсыз әлеуметтік - экономикалық зардап - салдарға әкеліп соқтырады.

    Өндіруге ниеттеніп отырған нарықтық механизм, сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі принципі бойынша әрекет етеді. Өндіріс барлық уақытта тауарлар мен қызметтерге сұранымды теңестіруге тырысады. Егер де сұраным ұсынымнан артық болса, ол өндірісті ұлғайтуға ынталандырады, ал керісінше, егер ұсыным мөлшері сұранымнан артып кетсе, онда өндіріс көлемі азаяды. Осындай ауытқуларды тіркейтін барометр - нарықтық баға болып табылады. 

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

     Ресурстардың  түрлері, шектеулігі. Сұраныс заңы. Ұсыным заңы. Сұраныс пен ұсынымға әсер ететін факторлар. Тепе-теңдік баға. 

Рефераттар  тақырыбы:

1 Сұраныс пен ұсынымның өзгерісіне нарықтың әсері.

2 Дефицитті (тапшы) экономика кезіндегі сұраным мен ұсынымның ерекшелігі. 

Әдебиеттер:

  1. Вериан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный подход. Учебник для Вузов, М., 1997 гл 1.
  2. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.М. Микроэкономика (в 2х кн.) СПБ. 1996. гл.1,2.
  3. Долан Дж. Линдсей Д. Микроэкономика, СПБ, 1994. гл.1.
  4. Емцов Р.Г., Лукин М.Ю., Микроэкономика, учебн, М., 1992. гл.4.
  5. Жуманазар С.А. Экономикалық теория оқу құралы, Өскемен, 2004,

    5 тақырып.

  1. Максимова В.Ф. Микроэкономика,  учебник, М., 1996, гл.2.
  2. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс, в 2-х томах, М. 1992 т.1. гл.4, т.2. гл.22.
  3. Мамыров Н.К., Есенгалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика, оқу құралы, Алматы, 2000, 1 тарау
  4. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики, М., 2001. гл.2,3.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫМ ИКЕМДІЛІГІ.

САЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ 

Жоспар:

1. Сұраныстың  бағалық икемділігі

  1. Табыс бойынша сұраныс икемділігі.
  2. Ұсыныстың бағалық икемділігі
 

Әдістемелік кеңес:

    Бірінші сұрақты талдау кезінде есте сақтайтын нәрсе сұраным мен ұсынымның икемді (эластично) және икемсіз (не эластично) болуы мүмкін. Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сүраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық (относительді) коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 % - ке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

    Бағаның әсер етуі арқылы сұранымнын сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады. Сұраным икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұранымның сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш түрлі баламалы варианттары бар. Біріншісі - бағаның кез-келген өнімге белгілі процентінің төмендеуі, ол өнімге сұранымның ұлғаюын (% түрінде) туғызады және жалпы акшалай түсімді өсіреді. Бүл сұраным икемді деп аталады. Екіншісі - бағаның проценттік мөлшерінің төмендеуі сұранымның сондай боп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл біркелкі икемді сұраным. Үшіншісі - бағаның проценттік төмендеуінен сұранымның проценттік ұлғаюы кем. Бұл икемсіз сұраным. Сұранымның икемділік коэффициенті былай белгіленеді - "Е".

    Егер  "Е" көрсеткіші 1-ден көп болса, айталық 0,5 сұраным икемсіз. Бүл коэффициент сатып алатын тауар санының салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен анықталады:

    

 

 Мұнда: Еd - сұраным икемділігінің коэффициенті

              Xd (%) - сұраным көлемінің өсу проценті

              Р (%) - бағаның төмендеу проценті 

    Әр  түрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі бірдей емес. Бұл коэффициент, берілген және баска тауарларға сұранымды қанағаттандыру шамасынан, рынокта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте күнделікті пайдаланатын қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдеріне (нан, қант, май, шәй, ет, түз т.б.) икемсіз сұраным болады. Баскаша айтканда, оларға деген сұраным бағаның өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоймайды. Мысалы, нанның бағасы 20 тиыннан 35 теңгеге дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған жок. Сұраным бүл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше, бағалардың өсуінің әсерінен зергерлік бұйымдар, алтын әшекейлер, қымбат жиһаздар, жеңіл автокөлік және т.б. тауарларға төлем кабілеті бар сұраным күрт қысқарды. Ал бүл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды. Басқаша айтканда, күнделікті пайдаланатын тауарларға баға канша есе көтерілседе де біз оны тұтынуды азайтпаймыз, бүған сұраныс икемсіз болады, ал керісінше күнделікті тұтынбайтын тауарларға баға көтерілсе біз оған деген сұранысты азайтамыз, бұған сұраныс икемді болады.