Сущность налога и его образование
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1. Салық: мән – мағынасы, жүйесі және оның қалыптасуы
1.1. Салықтың
шығу тарихы...................
1.2. Салықтың экономикалық мәні, маңызы, қызметтері
мен принциптері...................
1.3. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы.....9
2. Қазақстан Республикасындағы салық түрлері және
Салық жүйесінің дамуы.
2.1. Қазақстан
Республикасы салық
мемлекеттік
және жергілікті салықтар......................
2.2. Қазақстан
Республикасы салық
2.3.Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму
перспективалары
..............................
Қорытынды ..............................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Салық жүйесі
– бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық
шарттардың әсерінен сол мемлекетте
қалыптасқан жиынтық
Бірінші
тарауда: Қазақстан Республикасының
салық жүйесінің теориялық
Екінші
тарауда: Қазақстан Республикасының
салық жүйесіндегі жалпы
1.Салық: мән – мағынасы, жүйесі және оның қалыптасуы.
1.1. Салықтың шығу тарихы
Салық ұғымы ғасырлар бойы қалыптасқан. Бүгінгі таңда кез-келген адамның ең болмағанда салық туралы жалпы түсінігі бар және оның міндеттілік, ақысыз және қайтарылмайтын, ақшалай (мүліктік) сипатты, мемлекеттің түсімі, мемлекеттің шығындарын жабуға қажеттілік секілді сипаттаушы белгілерін атай алады
Салықтың өзінің биографиясы бар: ол бір кездерде пайда болған, ұзаққа созылған уақыт бойы дамыды, әбден жетілді, ақыр аяғында өзінің жағдайына да жетті, қаржы-экономикалық және құқықтық құбылыс болып қалыптасты.
Мемлекеттік алым дегеніміз-ол өзінің мүлігінің (ақшалай және натуралды сипатта) бөлінген немесе өзінің қабілеттерінің бөлігінен мемлекет пайдасына барлық жеке тұлғалардың беретін сыйы. Басқаша айтқанда, алым-мемлекет мұқтаж ететін белгілі-бір игіліктерді мемлекет пайдасына енгізу бойынша тұрғындардың белсенді іс-әрекеттері. Сірә, салық ұғымы өз бастауын осыдан алады.
Салық мәні туралы түсінікті құруға салық ұғымын төлем ретінде, мемлекет ақша аудару бойынша іс-әрекет ретінде және осы ақшаға меншік құқығын да аудару ретінде анықтауға мүмкіндік береді.
Тауар-ақша қатынастарының дамуымен және құнның толық салмақты эквиваленті-ақша пайда болуымен бұл тауардың әмбебаптығы белгіленген болатын. Осыған байланысты мемлекет салыққа осы пайдалы сапаны аударуға әрекет етті. Салықтар ақшалай ақшалай төлемдер деп атала береді.
Егер де салық жүйесі құрылу барысында әр жақ өз көзқарасын жақтаса өзара түсінушілік болмайды. Салық салуда өзара түсінушіліксіз келісімге көшу қиын.
Көзқарастардың осындай парасатты қатынасын анықтау мақсатында Адам Смит 1776 жылы салық жүйесін құрастырудың төрт ережесін құрған, олардың негізінде, оның ойы бойынша, кез-келген мемлекеттің салық жүйесі құрылуы тиіс:
- мемлекеттің азаматтары мүмкіндігінше үкіметті асырауда өз қабілеттері мен күштерінің мүмкіндігінше қатысуы, оған үлес қосуы тиіс, яғни мемлекеттің қорғауы астында пайдаланып отырған түсіміне байланысты (біркелкілік ережесі)
- кез-келген тұлға төлеуі тиіс салық қалай болса солай емес дәл анықталуы тиіс. Салық төлеушіге және кез-келген басқа тұлғаға төлеу мерзімі, төлем нысаны, сомасы белгілі болуы тиіс (анықтық ережесі)
- әр салық салық төлеушінің ыңғайына қарай белгілі-бір уақытта және белгілі-бір жолмен алынуы тиіс (ыңғайлылық ережесі)
- әр салық салық төлеушінің мемлекет қазынасына қалтасындағы әкелгенінің мүмкіндігінше аз бөлігі алынуыдай жасалынуы тиіс (үнемділік ережесі)
Салықтар
тарихына кішкене экскурс жүргізе
отырып, салықтар өз төлеушілерін жарлылыққа
да апарғанын айтпай кетуге болмайды.
Тарихтағы дәлелденген
1.2. Салықтың экономикалық мәні, маңызы, қызметтері мен принциптері.
Кез -келген
мемлекет белгiлi бiр материалдық-қаржылық
базасынсыз өмiр сүре алмайды. Басқаша
айтқанда мемлекет өзiнiң аппаратын
ұстау және жүктелген функцияларын
атқару процесiнде туындайтын шығындарды
жабу үшiн ақшаны иеленедi. Қажеттi ақшаны
шығарылған товарды сату жолымен
алуға болады. Бiрақ мемлекеттiк
қарекет өзiнiң табиғатында
Кең мағынада, салық- бұл мемлекет табысына алынатын кез- келген ақша қаражаты. Салық мемлекеттің пайда болуымен қатар пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады.
Тар мағынада салық дегенiмiз, бұл мемлекетпен белгiленген, оның пайдасына жүргiзiлетiн және белгiлi бiр талаптарға жауап беретiн анықталған төлемдердiң алуан түрлiлiгi түсiндiрiледi. Салық мемлекеттiң атрибуты.
Салықтың экономикалық мәні- бұл, олардың мемлекеттің өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауы үшін шоғырландыратын ұлттық табыстың бөлігін ұсынуы.
Салық бiр мезгiлде материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретiнде көп қырлы күрделi құбылысы.
Материалдық мағынада салық -бұл белгiленген мерзiм мен бекiтiлген тәртiпте салық төлеушiнiң мемлекетке беруi тиiс анықталған ақша сомасы.
Экономикалық категория
Құқықтық мағанада, салық- бұл, анықталған мөлшерде, келісілген мерзімде және алдын-ала анықталған тәртіпте тұлғаның мемлекетке ақша сомасын беру міндеттемесін туғызатын мемлекеттік бекітілім.
Сонымен салықтар дегеніміз-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі-бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар-шаруашылық
жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық
категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халық
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетте өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі-бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
- реттеушілік
- фискалдық
- қайта бөлу
Жоғарыда
көрсетілген негізгі
Реттеушілік қызметі-салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты-өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықты реттеудің тетіктері болып табылады.
Жоғарыда
көрсетілген салықтық реттеудің
тетіктері тек қана өндірістің дамуын
реттеп қана қоймайды, сонымен қатар
ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды
ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті
дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине,
салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет
атқару үшін, олардың басқа да экономикалық
тетіктерімен тығыз байланыста болуы
қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары
мен салық жеңілдіктерінің
а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі;
Салықтың екінші қызметі-фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет түрі арқылы мемлекеттің бюджет кірісі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу
қызметі арқылы түрлі субъектілер
табысының бір бөлшегі мемлекет
пайдасына өтеді. Бұл қызметтің
іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді
салықтардың алатын үлес салмағы
арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы
мәліметтер бойынша Қазақстан
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып, еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтарды
мынадай белгілері бойынша
1.салық салу объектісіне
2.қолдануына қарай;
3.салық салу органына
4.экономикалық ерекшелігіне
5.салық салу объектісін
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мыналар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
- көлік құралдарына салынатын салық.
Жанама салықтар-тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет түрінде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.
Жанама салықтарға мыналар жатады:
- қосалқы құнға салынатын салық;
- акциздер;
- баж салығы;
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады.
Жалпы салықтарға жататын салықтар заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер.
Арнайы
салықтар бюджетке түскен соң
алдын-ала белгіленген
Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мына салықтар жатады:
1.заңды және
жеке тұлғалардан алынатын
2.қосылған құнға салынатын салық;
3.акциздер;
4.бағалы
қағаздармен жасалатын
5.жер қойнауын
пайдаланушылардың арнайы
Жергілікті салықтар мен алымдардың мынадай түрлері бар:
1.жер салығы;
2.заңды және
жеке тұлғалардың мүлкіне
3.көлік құралдарына салынатын салық;
4.кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке
5.жекелеген
қызмет түрлерімен айналысу
6.аукционда сатудан алынатын алым.
Экономикалық белгісіне қарай салықтар табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез-келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мына салықтар салықтар енеді: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы.
Ал тұтынуға
салынатын салықты салық
Тұтынуға алынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып жіктеледі.
Нақтылы салықтар-салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады.
Оларға жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады.
Дербес салықтар салық төлеушінің салық төлейтін объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.
1.3. қазақстан
Республикасында салық
Салық жүйесін мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттік қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан
Республикасының 1991 жылғы 25 желтоқсанда
қабылданған «Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесі туралы» Заңды, тәуелсіз
Қазақстанның салық жүйесін құрудың
ең алғашқы бастамасы болып
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын белгіленді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Дегенмен,
өмірге келген әрбір құбылыста кездесетін
ерекшеліктермен қатар
Әрине, бұл
кемшіліктердің түрлі себептері
де бар. Басты себеп, ол біз салық
жүйесін құрғанда елімізде жиынтықталған
ғылыми немесе практикалық тәжірибе
болған жоқ. Алық қызметі органдары
да, салық төлеушілер де мұндай бастамаға
психологиялық жағынан дайын
еместігі көрінді. Еліміздің алғаш
қабылданған салық жүйесінде
біз жоғарыда айтып кеткен дүниежүзілік
тәжірибеде қолданылып келген салық
принциптері сақталмады. Сондықтан
бұл салық жүйесінің нарықтық
қатынастардың талабына толығымен
жауап бнруге мүмкіндігі болмады. Ең
бастысы салық жүйесінің
Салық санының көптігі айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және кемшіліктер салық жүйесінің одан әрі қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине, бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, әрі қарай дамиды.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта негізінен салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принципіне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген.
Осы концепцияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылданған Заң күші бар «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.
Салық жүйесінің
бір орында өзгеріссіз тұрып қалуы
мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы,
нарықтық қатынастарға көшу жолында
қалыптасатын іс-тәжірибелерін талдап-
2. Қазақстан
Республикасындағы салық
2.1. Қазақстан
Республикасы салық
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.
Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктетіктері, өндірістік коперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
- Кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар;
Салық салу
объектісі болып салық
Салық салынатын табыс есептелген кезде түсім басқа да кірістер сондай-ақ шетел валютасымен шеккен шығын Қазақстан Респцбликасы Ұлттық банкінің операция жасалған күнгі ресми бағалы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.
Табыс салығын салу мақсатымен салық төлеуші жеке тұлғалар резиденттерге және бейрезиденттерге бөлінеді.
Резидент-Қазақстанда
салық жылы басталатын немесе аяқталатын
кез-келген тізбекті 12 айлық кезеңде
183 күн немесе одан да көп күндер
бойында Қазақстанда жүрген не шетелде
Қазақстан Республикасының
Салық төлеушінің бір жеке табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысты табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Қосылған құнға салынатын салық дегеніміз-тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігінің бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауар импорттау кезінде жасалатын аударым. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық салынған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін есептеліп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленуге тиіс төленген қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық салу объектісі болып табылады.
Қосылған
құнға салынатын салық бойынша
есепте тұрған немесе тұруға міндетті
кәсіпкерлік қызметпен
ТМД мемлекеттерінде шығарылған тауарлар Қазақстанның кеден аумағындағы еркін айналысқа қосылған құнға салынатын салықты төлемей-ақ түседі.
Акциздер өнімнен алынатын жанама салық болып табылады, әрі тауардың бағасына қосылады.
Қазақстан
Республикасының аумағында
Тауар өндіруші тауарлардың экспортын растау ретінде кеден декларациясын, сондай-ақ тауармен бірге жіберілген құжаттарды табыс етеді.
Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйым төлем тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударылады.