Сымсыз жели инфор
Мазмұны
Кіріспе
Адамдар өзара байланыс мұқтаждығының салдарынан қазіргі кезде компьютерлік желілердің пайдалануы кең өріс алды. Бұл мұқтаждықты қамтамасыздандыруда ІNTERNET және желілік жүйелерүлкен роль атқарады. Сонымен қатар электрондық почта арқылы мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан жерлермен тез арада хабарласып, байланысып тұрады. Мұның барлығы компьютерлік желінің жетілуіне байланысты, сонымен бірге қазіргі кезде желі архитектурасы да одан әрі дамуда.
Ақпарат алмасу, деректер жинау және оны сақтау процесстері ақпараттық техналогиялық заманнның негізгі қайнар көзі болып табылады. Ақпарат алмасу негізінде технологиялық дамулар ұдайы жылжу үстінде. Ал, ақпарат алмасу үшін ең алдымен ақпарат алу көзі мен ақпарат тарату көзінің болуы маңызды роль атқарады. Ал, технологиялық дамулар осы негізде дамиды. Ақпараттық техниканың дамыған заманда бұл процестің маңызы үлкен.
Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған уақытында, алынған ақпараттарды тарату немсе оны қабылдау негізгі іс - әрекеттердің бірі болып есептеледі. Сондықтан ақпарт алмасу кезінде түрлі іс - әрекеттер қолданылып, түрлі жолмен ақпарат алмасып отырады. Технологиялық құралдар ішінде ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ететін компьютерлік желі болып табылады. Ал, копьютерлік желі дегеніміз не? Оның қызметі қандай? Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бімен арнайы коммуникациалық құралдармен және компьютерлік қамтамасыздандырулармен жабдықталған компьютер және терминалдардың байланысы. Түсінік ретінде: ақпарат тарату жылдамдығын, протокол түрлерін, құралдар арасындағы қашықтықты және тағы басқаларды айта кетсек болады.
Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцп бойынша жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта осы қызметтеріне байланысты компьютерлік желілер екі үлкен топтарға бөлінеді. Олар:
- Ғаламдық желі;
- Жергілікті желі;
Ғаламдық желі (wide area network, WAN) көлемі үлкен географиалық обылыстарды, көбіне тұтас бір мемлекетті немесе үлкен континентті қамтиды.
1. Желі дегеніміз не?
Желі – 1) Есептеу желісі, деректермен алмасу желісі – алыстан қатынас жасау жабдықтары. 2) Бір-біріне немесе орталық серверге қосылған ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер тобы.
Дайындалған кореспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатарсол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын желілік компьютермен кез-келген сәтте байланыс сеансын жүргізужі қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріздің ішіндегі өз “почта жәшігіміздегі” бұрынғы салынған хаттар түгел желілік компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен мәліметтер ғана “жәшікте” жатады.
Есептеу желі концепциясы компьютерлік технология эволюциясының логикалық нәтижесі. 50-жылдардағы алғашқы ірі, әрі үлкен, қымбат компьютерлер тек кейбір пайдаланушылар ғана пайдалана алатын. Мұндай компьютерлер пайдаланушының интерактивтік жұмыс істеуіне жасалынбаған болатын, оларды тек пакеттік өңдеу режимде қолданатын.
Пакеттік өңдеу жүйесі мэйнфрейм базасында құрылады. Пайдаланушылар мәліметтер және командалық программалары бар перфокарталарды дайындап, оларды есептеу орталығына жібереді. Операторлар бұл карталарды компьютерге енгізетін, ал оның басылып шығатын нәтижелерін тек келесі күні алатын. Пакеттік режим – бұл есептеу қуатын пайдалану үшін ең қолайлы режим, ол басқа режимдерге қарағанда, көптеген пайдаланушы пайдаланатын тапсырмаларды бір мезгілде орындайды. Мұнда ең маңызды – процесордың жұмысы болып келеді.
60-жылдары көп терминальдық
жүйелер дами бастады. Бұндай
жүйелерде компьютерді
Батыс компьютерлерінің көпшілігі белгілі бір желіге жинақталған. Желілердегі жұмысы 80 % барлық желілердегі ақпарат бір ғана офистен көрінеді. Сондықтан жасаушылардың ерекше көңіл бөліп отырғаны – локальды есептеу желілері (LAN). Локальды есептеу желісінің басқа желіден ерекшелігі: оның кішкене географиялық облыста болуы (бір бөлме, бір үй, бір аудан).
Компьютердің
екі типті желісі бар: бір
рангілі желі және сервермен
бөлінген желі. Бір рангілі желілер
желінің жұмысын құрастырушы,
арнайы компьютерлерді қажет
етпейді. Әрбір пайдаланушы,
Алшақтағы компьютер желілеріне қосылу үшін телефон желілері қолданылады.
Телефон арқылы мәліметтермен алмасу процессі электрлік тербелу түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Электірлік тербелу бұл дауыс дабылына ұқсас болып келеді. Бұлпроцесс орындалған уақытта компьютердегі ақпараттар кодтар түрінде сақталады. Ақпараттарды компьютермен телефон желісі арқылы жіберу үшін кодтар электрлік тербелу күйіне айналуы тиіс. Бұл процесс модуляция деп аталады. Жіберілген ақпарат компьютерде оқи алу үшін, электрлік тербелістер керісінше машиналық кодтарға ауысуы тиіс – демодуляция. Осы өзгерістерді сандық қалыптан электрондық тербеліске және керісінше процестерді жүзеге асыратын құрылғыны модем (модулятор – демодулятор деген сөздерден қысқартылған) деп аталады. Компьютерде бұл жағдайда арнайы, модеммен басқарылатын және де ақпараттардың сигналдарын қабылдап жіберетін телекоммуникациялық программа.
Компьютердін жүйелік блогында ішкі, сырткы кұрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы парақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберугекабылдауға) болады.Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары аркылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады. Компьютерлік желі дегеніміз — ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану; мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жүмыс жасау үшін арнайы аппараттық жөне программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделікті өмірде
кездесетін компьютерлік
Жергілікті есептеуіш желілер
— саны шектеулі (әдетте 100 дейін)
компъютерлерді бір ұйым
Корпоративті және аймақтық желілер. Жергілікті желіден кейінгі орьнды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді (корпорациялар), банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер кашықта орналасқан бөлімдердегі: филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б тұтынушыларға қызмет көрсету үшін колданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді бірікті-ретін болса, оны аймактық есептеуіш желісі деп атайды. Мұңдай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі колданылады. Аймақтык желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатына бағытталады. Бұл электрэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с. жұмыстарды ақпараттык қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін.
Егер кашықтағы
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық поштаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер. Үлкен қатыннасты және пайдаланушыларды молынша қамтитьн есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. 'Гелекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абонентгік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында кұрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтықта жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар. Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысты үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялык желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтык, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтың және цифрлық кодтау қолданылады.
Телекоммуникациялык желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған бір тұтас ақпараттьң қоры болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортак пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Оңда білім базасы, автоматтаңдырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған. Интернет желісі. Өр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желі аралық байланыс орнату қажет болғанды кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда; телекоммуникация каналдары: телефон, радио желілік байланыс; талшықты оптикалык байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады
1.2 Көп машиналы жүйелер
Көп машиналы жүйелер – бұл есептеу комплекс, ол өзінің құрамына бірнеше компьютерлерді және компьютердің програмдық және аппараттық байланысу құралдарды қосады. Көп машиналы жүйелердің жұмысы негізгі екі компоненттермен анықталады: шапшаң жылдамды процессорлардың байланысу механизмі және программалық қамтамасыз ету жүйесі. Байланыс құралдардың құрамына программалық модульдер кіреді, олар есептеу жүктемелерді таратады. Егер комплекстің бір компьютері жұмыс істемей қалса, онда оның тапсырмалары автоматты түрде басқа компьютерлерде орындалады.
Есептеу желілердің програмдық және ақпараттық байланысы әлсіз болып келеді, ал оның өңдеу блоктардың автономиясы үлкен дәрежеде көрінеді – негізгі желінің элементтері жалпы еске сақтау блоктары және жалпы перифериялық құрылғылары жоқ стандарттық компьютерлер болып келеді. Компьютерлердің арасындағы байланыс арнайы перифериялық құрылғылар арқылы іске асады, олар желілік адаптерлер. Әр компьютер өз операциялық жүйенің басқармасында жұмыс істейді, ал жүйелік компьютерлер арасындағы жұмысты бөліп беретін “жалпы” операциялық жүйе болмайды. Жүйелік компьютерлер арасындағы жұмысы – мәліметтерді беру жүйелік адаптерлер және байланысу каналдары арқылы іске асады. Осы хабармалар арқылы бір компьютер басқа бір компьютердің локальдық ресурстарға кіруін сұрайды. Бұндай ресурстар – дискіде сақталған мәліметтер, принтерлер, модемдер, факс-апараттары бола алады. Есептеу желінің пайда болу мақсаты - әр компьютердің локальдық ресурстарды басқа желілік пайдаланушылар арасында бөліп беру. Егер компьютер желіге қосылған болса, онда пайдаланушы тек өзінің компьютердің файлдарымен, дискілерімен, принтерлерімен және тағы да басқа ресурстарымен пайдалана қоймай, сонымен қатар сол желіге қосылған басқа компьютерлердің ресурстарымен пайдалана алады. Оған тек желілік адаптерлер мен кабельдік жүйе ғана емес, сонымен қатар модуль керек. Мұндай модульдерді програмдық серверлер деп атайды. Олардың бастапқы міндеті - өз компьютер ресурстарына кіруіне қызмет етеді. Сонымен қатар компьютерлердің операциялық жүйесіне арнайы програмдық модульдерді қосу керек. Олар алыстанан ресурстарға кіру сұранысты өңдеп, желі арқылы керек компьютерге жеткізеді. Бұндай модульды програмдық клиент деп атайды. Ресурстарды бірге пайдалануды ұйымдастырудың негізгі жұмысын операциялық жүйенің клиенттік және серверлік бөлімдері істейді. Бірнеше клиент-сервер модульдері бірге істейтін пайдаланушыларға керек ресурстарға кіруін қамтамасыз етеді, мысалы файлдарға. Бұл жағдайда пайдаланушының файлдық қызметіне қатысы бар деп атайды. Әдетте желілік операциялық жүйе өз пайдаланушыларына бірнеше түрі бар желілік қызметтерді ұсынады. Олар – файлдық қызмет, баспаға шығару қызметі, электрондық почта және тағы басқалар.
Егер компьютер өз ресурстарын желідегі басқа компьютерлерге берсе, онда ол сервер деп аталады. Ал, егер ол ресурстарды өзі қолданса, онда ол клиент деп аталады.
1.3 Желінің негізгі програмдық және аппараттық компоненттері
Толық желінің
зерттеуі, оның бөлек элементтерінің
жұмыс істеу принциптерінің
- Компьютерлердің;
- Коммуникациялық жабдықтардың;
- Операциялық жүйелердің;
- Желілік қосымшалардың;
Желінің програмдық-аппараттық
құралдар комплексі қөп
2. Сымсыз желілер
Сымсыз локальді желілер үшін (WLAN – Wireless LAN) аз қашықтыққа радиоканал арқылы қосылу қолданылады (әдетте 100 метр). Көбінесе екі жиілікті диапазон колданылады – 2,4 ГГц және 5 ГГц. Тарату жылдамдығы 54 Мбит/с дейін. 11 Мбит/с жылдамдықпен тарату кең таралған.
WLAN желілері шектелген
Атақты Wi-Fi (Wireless Fidelity) технологиясы концентратор арқылы 2-ден 15 аралығындағы компьютерлерді байланыстыруға ммүмкіндік береді. Компьютерлер саны 10 мен 50 аралығында болса бірнеше концентратор арқылы іске асады және де бұл технология қуатты сымсыз көпірлер арқылы 25 км қашықтықта орналасқан екі локальді желіні қосу мүмкіндігін береді.
Сымсыз желі келесі жағдайларда қолдану тиімді:
- адамдарға толы мекемелерде;
- бір орындарда жұмыс істемейтін адамдарға;
- онашаланған мекмеледе;
- жоспарлау үнемі ауысып отыратын мекемелерде;
- құрылыста, қазба жұмысы жүріп жатқан жерлерде және т.с.с.;
Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:
- жергілікті есептеуіш желі;
- кенейтілген жергілікті есептеуіш желі;
- мобильді желі (тасмалданатын компьютер).
Сымсыз желі кабелді желі сияқты қызмет атқарады. Сымсыз адаптер тақшасы трансивермен әрбір компьютерге орнатылады, пайдаланушы компьютер кабелмен жалғанғандай жұмыс істей береді.
Кабелді пайдаланбай-ақ сымсыз көпір деп аталатын компонент көмегімен ЖЕЖ-ні кенейтуге болады. Ол 40 км қашықтықтағы мекемелер арасында байланысты қамтамасыздандырады. Кәрезді желі мен спутникті станция дестелі радио біріктіру көмегімен сигналдарды береді және қабылдайды.
Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:
Жергілікті есептеуіш желі;
Кеңейтілген жергілікті есептеуіш желі;
Мобилді желі (тасымалданатын компьютер).
Бұл желі түрлерінің арасындағы негізгі ерекешелік – беру параметрі. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеуіш желілер желі қызмет ететін ұйымдарға жататын қабылдағыш пен хабарлағыштарды қолданады. Тасымалданатын компьютер үшін сигналдар беру ортасы ретінде AT(T, MCІ, Sprіnt, жергілікті телефон компаниялары мен олардың ортақ қатынау қызметі пайдаланылады.
Типті сымсыз желінің жай желіден айырмашылығы, тек беру ортасы болады. Сымсыз трансиверлі желілік адаптер әрбір компьютерге орнатылғандықтан, пайдаланушылар компьютерлер кабелмен жалғанғандай жұмыс істейді.
Қатынау нүктелері
Трансивер қалған желімен сымсыз қосылған компьютерлер арасында сигналдар ауысуын қамтамсыз ететін, кейде қатынау нүктесі (access poіnt) деп аталады.
Сымсыз ЖЕЖ үлкен емес қабырғалы трансивер пайдаланылады. Олар тасымалданатын құрылғылар арасында радоиконтакт орнатады. Осы трансиверлерді қолданғандықтан, мұндай желіні толық сымсыз желі деп атауға болмайды.
2.1.Сымсыз орта түрлері
Шлюз (англ.· GateWay), Шалюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер протоколдарының əр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына сəйкестендіріліп өзгереді. Сөйтіп, шалюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің көмегімен универсалды (жан-жақты) қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады.
Сымсыз жүйелер кабель өткізуге қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған жағдайдағы орындарда қолданылады. Мысалы, тарихи ғимараттар, металл немесе темірбетондарды едені бар өнеркəсіп үйлерінде, қызқа мерзімге жалға алынған офистар, қоймалар,көрмелерде, конференцияларда жəне т.б “Барлығы-Бəрімен” топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер көмегімен жүзеге асырылады. Жан-жақты бағытталған антенналармен жабдықталған жүйелік радио-адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады. Бұндай жүйе “Барлығы-бəрімен” топологиясы арқылы жүзеге асырылады жəне 50-200 м қашықтықта жұмыс істеуге қабілетті.
Жүйенің сымсыз жəне кабельді бөліктерінің арасындағы байланыс үшін арнайы кіру нүктесі (немесе радиокөпір) деп аталатын қондырғы пайдаланылады. Екі жүйелік – сымсыз жəне кабельді адаптер орнатылған жəй (простой) компьютерді пайдаланға болады.
“Нүкте-нүкте” топологиясы. Сымсыз жүйені қолданудың басты, маңызды аймағының бірі-мəліметтерді жіберу инфраструктуралары (жалпыға бірдей кабельді жүйе, жоғары сапалы телефон байланысының жолдары жəне т.б) болмаған жерлердегі локальды жүйелердің шалғай сегменттері арасындағы байланыстарды ұйымдастыру болып табылады. Бұл біздің мемлекетімізге тəн.
Шалғайдағы екі сегмент
“Жұлдыз” тəрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда “жұлдыз” типті топология қолданылады. Бұндай жағдайда орталық торапқа жан-жаққа бағытталған, ал шалғай тораптарға – бағытталған антенналар қондырылады. Жұлдыз тəріздес топологияның жұйелері əр алуан конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль баяу модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.Көпнүктелі сымсыз біріктіру
Сымсыз көпір (wіreless brіdge) деп аталатын компонент кабелсіз мекемелер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Кәдімгі көпір адамдардың өзеннің бір жағалауынан екіншісіне өту үшін қандай қызмет атқарса, сымсыз көпір сол сияқты екі мекеме арасында мәліметтерге өту үшін жол салады. AІRLAN/Brіdge PLUS көпірі ЖЕЖ-ні біріктіретін магистраль құру үшін бытыраңқы спектрде радиохабарлағыш технологиясын пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км-ге жету мүмкін. Мұндай құрылғы эксплуатациясының құны шектен тыс болып көрінбейді, өйткені байланыс жолдарын арендалау қажеттілігі болмайды.
Алыс әрекетті сымсыз көпір
Егер сымсыз көпір “жапқан” қашықтық жеткіліксіз болса, онда алыс әрекетті көпір құруға болады. Қашықтығы 40 м-ге дейін Ethernet және Token Rіng желілерімен жұмыс істеу үшін, ол бытыраңқы спектрдегі радиохабарлағыш технологиясын пайдаланады. Оның құны (кәдімгі сымсыз көпір сияқты) қанағаттандырылық болады, өйткені Т1 тізбегі немесе микротолқынды арналарды арендалау шығыны болмайды. Т1 тізбегі – бұл 1,544 Мбит/с жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты цифрлік тізбек. Ол арқылы сөйлеулер мен мәліметтер беруге болады.
Мобилді желі
Қоғамдық қызмет пен телефон жүйесі сымсыз мобилдік желілерде беру ортасы ретінде болады. Мұнда қолданылады:
дестелі радиобіріктіру;
кәрезді (сотовый) желі;
спутникті станция.
Үнемі жүріп-тұратын қызметкерлер мұндай технологияларды пайдалана алады: өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Dіgіtal Assіstants) болса, олар файлдармен, электронды пошта мен басқа да ақпараттармен ауысып отырады.
Мұндай байланыс түрі ыңғайлы болғанымен, өте баяу. Беру жылдамдығы 8 Кбит/с-тан 28,8 Кбит/с-қа дейін. Ал егер қатені түзету жүйесі қосылса, онда жылдамдық одан да баяулай түседі.
Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желіге қосу үшін кәрезді байланыс технологиясы қолданылатын сымсыз адаптер пайдаланылады. Тасымалды компьютерлер орнатылған кішігірім антеналар, оларды қоршаған радиотрансляторлармен байланыстырады.
Дестелі радиобіріктіру
Дестелі радиобіріктіру кезінде келесі ақпараттан құралатын дестелерге ( желілік десте сияқты ) бөлінеді:
көздің адресі;
·қабылдығыш адресі;
қателерді түзету үшін арналған ақпарат.
Дестелер кеңхабарлау режимінде транслянцияланатын спутникке беріледі. Содан адрестері сәйкес келетін құрылғылар бұл дестелерді қабылдайды.
Кәрезді желі
Мәліметтердің кәрездік цифрлік дестелері (Cellular Dіgіtal Packet Data, CDPD) кәрезді телефондар пайдаланатын технологияны пайдаланады. Олар желі бос болған мезгілде сөйлеу беру желісімен береді. Бұл өте жылдам байланыс технологиясы.
Кәрезді желіде басқа да сымсыз желілерде сияқты кабелді желіге қосылу әдісін табу керек. Nortel out of Mіssіssauga (Онтарио, Канада) – компаниясы, осы мақсатқа арналған интерфейсті блок Ethernet-ті (Ethernet Іnterface Unіt, EІU) өндіреді.
Микротолқынды жүйе
Микротолқынды технология кішігірім компакты жүйе мекемелер арасындағы әрекеттестікті ұйымдастырады, мысалы университетік қалашықтарда.
Қазір микротолқынды технология - Құрама Штатарда мәліметтерді алыс қашықтыққа беру кеңінен таралған әдіс.
Мынадай екі нүктенің тікелей көріну әрекеттестігінде қолайлы:
спутник пен жерді станция;
екі мекеме;
үлкен ашық жазықтықты бөлетін кез келген объектілер.
Микротолқынды жүйе келесі компонентерден құралады:
Екі бағытты антенадан.
Трансивер беретін сигналдарды қабылдау үшін олар бір-біріне бағытталған. Үлкен қашықтықтарды қамту үшін бұл антенді мұнараға орнатады.
2.2.Сымсыз желіде жұмыс жасау.
Сымсыз желіде жұмыс істеу, Windows XP Professional-дың ең жақсы мүмкіншіліктерінің
бірі . Әсіресе Wi-Fi немесе 802.11b секілді
сымсыз желілерде. Соңғы жылдарда сымсыз
желілер жоғарғы функционалды, олар жалғайтын
5-категориясы кабельдерді сұрамайды және
мәліметтерді беру жылдамдығы секундына
11Мбит. Сонымен қатар, сымсыз желілерге
арналған адаптердің бағасы АҚШ-тың 100$
-на дейін жетеді, және сымсыз желілерге
қосу нүктелері астаналар мен аэропорттарда.
Біз 5-дәрісте Wi-Fi – ді орнатудаға ерекшеліктер
туралы сөйлейміз. Ал мында Windows XP Professional-дың
сымсыз ортаға қосқан үлесі туралы айтамыз.
Windows XP Professional сымсыз желіде, қосымша драйверлердің
көмегінсіз адаптерлерді ұстап тұра алады.
Бұл сымсыз желіде санаулы минуттарда-ақ
жұмысқа кірісүге мүмкіндік бере алады.
Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісіне беру керек болғанда, желілік технология өте қажет. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілержі пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Желілік желілер
– бір-бірімен қатар
Ауқымды және
жергілікті желілердің
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса, онда бұл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам пайдалануына тура келеді. Ол үшін компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп, мәліметтер базасын серверге (негізгі ЭЕМ) орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметттер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналысқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Мұндай база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналысқан ЭЕМ-дермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады. Терминал (енгізу-шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтан сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәліметтер өңдеу өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.