Сынып жетекшісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1Сынып жетекшісінің қызметі
мен міндеті.......................
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие
жұмысы........................
2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды
танып білу жолдары............
2.2 Сынып жетекшісінің
тәрбие жоспары.......................
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар
ұжымын тәрбиелеу..............
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «Қыран қанат көкке
самғар» тақырыбындағы тәрбие сағаты........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара: әлеуметтік қатынастары қалыптасады; Балаларднң болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, -олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дөрежесі, соған сәйкес сыныптың жағынды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырырады.
Олай болса, сыныпта оқушьшардың оқу-төрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбислік шаралардың ықпалын уйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады,
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушыларр ұжымын ұйымдастыра отьтрыи, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мүғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіңдегі ықпалын біріктіріп, балаға деген. талаптарыи ортақтастырып отырады.
Зерттеудің нысаны:Сынып жетекшісінің жұмысының мазмұнын анықтау.
Зерттеу мақсаты:Сынып жетекшісі оның міндеттері мен жұмысын анықтау
Зерттеу міндеті:Сынып жетекшісінің қызыметті,сынып жетекшіның тәрбие жұмысы.
Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік жоспары.
Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.
Зерттеу әдісі:Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі іске асады.
- СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН
ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуап. Сол себепті ол жүргізетігі тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талам етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
- Сыныптағы оқушылардың талан-тілектері мен мүделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
- Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
- Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің жөне оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру,оқушыларға міндеттейтін педагогикадық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
- Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
- Оқушылардың ата-аналарымен -үнемі байланыс жасап,отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
- Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
- Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызыметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен, тәрбие мөселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды, Олар ақсүйек және ауқатты отбаеыларында бастапқы кезде "күтушілер/няньки/, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші -ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүкгелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды та4дау мақсатында олардың жеке "басынтанып білу қажеттігі де баса көрсетілген.
Дегенмсн, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мөселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-қүлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиесі қызметі 1871 жылғы « сынып тәрбиешісі» Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүрғізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс еткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиеінілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.
Бірақта, іс жүзінде сыпып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумсн ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Соңдықтан, сынып тәрбиешілерінің төрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басқы кезеңіңде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығу-шылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ үйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы (гамнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде кәңес бөліне басталды.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым (спектакель) -қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда.Оның себебі, біріншіден бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістсрдің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретіде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсіддерін таңдауда оған мүмкіңдік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мсн оқушылар,мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеітігі басындылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицсй т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық түрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі,
бір мезгілде сынып
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне комектесе отырып, одардың дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болада. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуыиа қамкоршылық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға кәмектеседі
70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны, Бүгіңде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғңи, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста - баламен жеке жұмыс жасау мүмкіндішгі - күштейеді. Ол әрбір;баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда,бірінші кезекге, . негізінен сыныптың ішкі кеңіл ' күйін , көтеруте, онда жағымды психологиның жағдай туғызуға,балалардың өзін~өзі баскаруын қалыптастырын дамытуға,әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға катысты ашылуына жағдай туғызуға, окушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді|
Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбеқке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиссіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пем сыныттың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сейкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогакалық және әлеуметтік--гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта кемектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге қалыптастыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасы мен тәрбиенің басқа да мекемелерімсн тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
- Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесің ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыпттастыру. Олардың танымдық, еңбек,
эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту. - Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: диагностикалық мақсат қоюшылық (целеполагания),жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать),бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін. оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтал отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогакалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қабыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкімдіп туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіңе байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процссін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтал, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің. педогикалық және сынып ұжымының оқу тәбие процесіндегі әрекетерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын . Жоспардың
қыызметі — педагогикалық ыкпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбе шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау -мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. Д. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В. А. Сухомлинский де "тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол. қарапайым көрініске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге,. педагогика ~ балгерлікке айналар еді" — дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмағаң болар еді.
Сынып жетекжісшш, мақсат қоюшылық қызмсті негізінен 4 кезеңнен тұрады:
- Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.
- Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.
- Тәрбиенің мүмкіндіктсріп жобалау.
4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлсекен әрекетін ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.
1.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.
Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім,білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгсршілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеумсттік дамуына жағдай тудыруды көздейді Мұндай көзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрексттер т.б. Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық өрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мүндай педагогикалық әрекетті — тәрбие жұмысы деп атаймыз.Сынып жетекшісінің төрбие жұмысы бірыңғай ұйыңдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шеліуді қарастырады. Ол оқушыңың жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін тандап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:
-оның дара
даму ерекшелігін,
-тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
-жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалын мен тәсілдерін жүзеге асыру:
-тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасыеа
жағдай тудыру:
-оқушылар ұжымын қалыптастыру;
-онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
-оқушыларды әлеуметік әрекетке
қатыстыру;
-оқушылардың өзін-өзі басқақаруын
дамыту.
3. Баланың әлеуметтікк қатынасына ықпа ететін әртүрлі субъсктілеріне көмектесу, бақылау жасау;
-отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
-мұғалімдер ұжымының өзара педагогакалық әрекетіне қолдау көрсету;
-бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпапын бақылау;
Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне санаяы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады. Оны жобалау негізінен мынындай кезең арқылы жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді?
2. Сынып ұжымы
мен мектеп және тұрғылықты жер
3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі калай болды?
4.Санып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап береді?
5. Қойылып
отырған мақсатты жүзеге
6.Сынып ұжымының жақын қайшылықтағы міндеттерді шешуге даярлық дәрежесі қандай.
2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары
Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тулғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зертеудің, соның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін артырудың ғылыми-педатогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамнын қүндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардын мінез құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.
Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде. Ол, бір жағдайда үлкендер алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алдында бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.
Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудін жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған. Олар педагогикалық, психологаялық, социологиялық, этикалық т.с.с болып келеді. Бүгінгі таңда олар әрбір ұстаздың педагогикалық әрекетінде пайдалану мүмкіндігіне ыңғайлы. Әсіресе, мектеп өміріне психологиялық қызметті енгізуге байланысты оның маңызы ерекше больш отыр. Ол сынып жетекшісіне әрбір оқушының өзіндік ішкі жан дүниесінің жағдайын бұрынғыдан да жетік танып білуге мүмкіндік туғызады
Сынып жетекшісін әдетте мектеп басшысы немесе мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол мұғалімдерден тағайындайды. Сынып жетекшісін тағайындау қызметі негізінен оқушылардың бастауыш сыныптан кейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысымен байланысты жүргізіледі.
Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие үрдісіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі. Себебі, сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты - оқушыларды жан-жақты білуі.
К.Д.Ушинский: "Егер педагог адамды барлык жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс" - деген.
Н.К.Крупская: "Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі ұмыта береді: баланы тәрбиелеу үшін жалпы балаларды және соның ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды өте жақсы білу керек... Балаларды осылайша білместен, тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын шындап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуда жаттандылық, тенгермешішк жолына түсіп кету онай", - деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады.
Сыныпты тұнғыш рет қабылдай отырып, оның жетекшісі оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жуйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, соның барысында ол деректер жинайды. Онда оқушылардың жас және дара ерекшелікгеріне, жалпы дайындық дәрежесіне маныз бере отыра, сыныптағы оқушылар құрамын мұқият танып біледі. Сонымен бірге сыныпта оқушыларды орналастырып отырғызу, олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін, құлағының есту қабілетін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізгі ерекшелікіерін, ұйымшылдығы мен беженділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық жағдайдың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруда берері мол.
Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып, өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.
Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен ғана шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының нендей нәрсеге қызыға қарайтынын, нендей нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу - оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.
Сынып жетекшісінің өз оқушыларының
үй жағдайларымен танысуы, сонымен
бірге ата-аналармен тығыз
Ендігі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылының өн бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатқа байланысты.
Зерттеудің нәтижелерін қорытындылау барысында оқушыларың әрқайсысына жеке-дара психологиялық мінездеме жазып соның қорытындысы негізінде тәрбие жоспары, оның міндеттері мен бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері анықталып, оқу-тәрбие үрдісіне қатысты шаралар белгіленеді.
Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге арналған үлгі мен зерттеу әдістерін №2 қосымшадан қарап, осы жұмысқа қатысты біліміңізді толықтыруға болады.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:
1. Зерттеуді бастамастан бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.
2. Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.
- Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.
- Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жарияльнып болдырмау.
- Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.
- Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.
- Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.
- Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зертеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық-психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.