Сынып жетекшісінің рөлі
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
І Тарау
1.1. Сынып жетекшінің мектептегі алатын орны.
1.2.Сынып жетекшісі- педагогикалық тәрбие құралдарының жетекшісі.
ІІ. Тарау
2.1. Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен функциясы.
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлестігі.
ІІІ Тарау
3.1. Сынып жетекшісі бойында танылатын қасиеттер.
3.2. Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орны.
Практикалық бөлім.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе
« Баланың бас ұстазы ата-ана» десек те, бала «ата-ана – мұғалім –қоғам» үштігінің бірлігі арқасында тәрбиеленеді. Осы мәселеде сынып жетекшісінің еңбегінің зорлығына ешкім дауласпас керек. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір істің мән-жағын атқарған адам ғана біледі. Сонымен « сынып жетекшісі» деген кім? Сұрағына жауап іздеп, жан-жақты зерделесек.
Курстық жұмыстың тақырыбы : « Сынып жетекшісінің рөлі»
Курстық жұмыстың өзектілігі : Сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастыруымен және оқушылардың ұстазы болып табылатын, оқушылар ұжымын ұйымдастырып, тәрбиелейтін, мұғалімдер, ата-аналар мен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіруші –сынып жетекшісі екенін саралау.
Курстық жұмыстың мақсаты : Сынып жетекшісінің рөлі, міндеті мен сынып ұжымын ұйымдастыруда алатын орнын зерделеу.
Курстық жұмыстық міндеттері : Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Тәрбие құралдарының – педагогикалық жетекшісін таныту.
- Сынып жетекшісі –оқушылар ұжымын қалауға негіз болатынын көрсету.
- Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен жұмыс жасау факторларын айқындау.
- Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орнын көрсету.
- Сынып жетекшісінің бойында керекті қасиеттерді талдау.
- Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын саралау.
- Сынып жетекшісінің - жалпы мектептегі алатын орнын көрсету.
Ғылыми болжам:
1. Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілікте сынып жетекшісінің рөлі маңызды емес.
2. Сыныпта сынып жетекшісі тәрбие процесінде емес, басым көпшілікте оқыту процесінде жетекшілік етеді.
3. Сыныпта берік ұжым, мықты ұйымдастырушылық болу үшін сынып жетекшісі мен оқушы қарым-қатынасы маңызды емес.
Ғылыми жаңалығы : Педагогикалық әрекетте, әсіресе тәрбие процесінде, оқушылар ұжымы үшін сынып жетекшісінің алатын орны ерекше, сонымен қатар мектеп басшылығы үшін де болашақта тәрбиелі, жан-жақты білімді жас тәрбиенің сынып жетекшісінің маңызын, қадірін арттыра түседі.
Зерттеу объектісі : Сынып жетекшісі.
Зерттеу заты : Сынып жетекшісінің қызметі.
Зерттеу әдісі: Сауалнама ( ата-аналармен, оқушылармен) , тест жұмысы ( сынып жетекшісімен) , педагогикалық зерттеу әдебиеттерін талдау.
Теориялық және практикалық маңызы: Педагогикалық журналдарға әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, мектеп басшысының нысанына алуын қарастыру, болашақ ұстаздарға дәріс ретінде ( талдап, оқуға) семинарларға ұсынуға болады.
1.1. Сынып жетекшісінің мектепте алатын орны.
Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесінде мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздардың, оқушының, ата-ананың міндетін айқындайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сынып жетекшісінің басқарушылығы жоғары болуы уақыт талабы.
Мектеп оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгей анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайынжұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Ата-ана сынып пән мұғалімі
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі.
Анкеталық:
- оқушының тұлғаліқ ерекшеліктері
- ұжымның өзіндік дамуын, ынтасын, қабілетін
- тұлғаның тәрбиелік деңгейін бағалау
- оқушылардың қоршаған ортаның сынып ұжымына әсерін
- педагогиканың ұжымының тәрбиелеу мүмкіндігін зерттеу және талдау.
1) Ұйымдастыруға бағытаушылық:
а) балалардың іс-әрекетерге қызығушылығын ұйымдастыру;
ә) отбасы мен мектепті ынтымақтастыру
б) пән мұғалімдерімен жұмыс жасау;
в) әр оқушыға жекелеме әсер ету;
г) оқу іс әрекетінде оқушыға көмектесу;
д) тұлғаның мүмкіндігін ашу.
2. Коммуникативтік.
а) оқушы тұлғасыынң қалыптасуына көмектесу;
ә) әр баланың арасындағы өзара қарым-қатынасты орнату;
б) ата-ана мен оқушы арасындағы сыйластықты орнату;
в) ұжымда психологиялық жағымды жағдай жасау;
г) оқушылардың адамдармен қатынасына көмектесу.
Сынып жетекшісінің міндеті:
а) сыныптың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға(аптасына сыныптың 5 сабағына қатысу)
ә) бекітілген бөлменің тазалығына, мүліктердің сақталуына
б) сыныптың журналының жағдайына,
в) тәрбиеленушінің отбасының жағдайын зерттеуге, ата-аналармен тығыз байланыс жасауға, бала тәрбиесінде ата-анаға педагогикалық көмек беру;
г) сыныптың оқушыларын ұжымға ұйымдастыруға, олардың арасында байланысты жақсартуға;
д) үнемі оқушының тұлғаның ерекшелігін зерттеуге;
ж) оқушының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге;
з) баланың психо-педагогикалық ерекшеліктерімен әкімшілікті, пән мұғалімдерін таныстыру.
Әр сынып оқушыларына қойылатын бірыңғай талаптарды басшылыққа алуға, оларға жеке қатынас жасауға тиіс мұғалімдердің белгілі ұжымы жұмыс жүргізеді. Бұл қжымның ұйымдастырушысы да, дем берушісі де сынып жетекшісі болып табылады. Ол мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін зерттейді, олардың оқушыларға деген талаптары мен және қарым-қатынастарымен танысады, жеке оқушылардың мінез-құлқы жайлы, оларға ықпал етудің әдістері туралы пікір алысады.
1.2. Сынып жетекшісі – педагогиканың тәрбие құралдарының жетекшісі.
Сынып жетекшісі өте маңызды ,әрі жауапты міндеттерді орындайды. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады, оқушылар ұжымын ұйымдастырады,тәрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналар мен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын жүргізуде комплексті қарауды жүзеге асыру, ақыл-ой, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиелерінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету мектеп оқушылары тәрбиесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сынып жетекшісінің негізігі міндеті – оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату ұжымға топтастыру. Ол тәрбие құралдарына оқу міндеттеріне саналы және жауапты қатынасты тәрбиелеу, оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібін, режимін сақтауға үйрету және т.б.
Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сынптың оқу-тәрбие жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-ана мен мектептің ынтымақтастық тенденциясын қамтамасыз ететін басты тұлға.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеті мектептің алдына қойылған оқу-тәрбие үрдістеріне ойдағыдай орындау үшін оқушылар ұжымын ынтымағы күшті, отрақ мақсатта біріктіру болып табылады. Сынып оқушыларын барлық жағынан зерттеп-біліп, бейімділгі, талап тілегін анықтап, мінез-құлқын үнемі бақылап, бүкіл сыныптың жеке адамның мінез-құлқының дағдыларын дамытып, өз сыныбының , өз мектебінің абыройы үшін оқушыларды жауапкершілік сезімі рухында тәрбиелеу мақсатымен оқушылар ережені орындалуын қадағалап, сынып оқушыларының оқу үлгерімін, қоғамдық жұмысты атқаруды, демалысты қалай өткізетінің бақылап, олардың шығармашылық жұмысын зерттеп біліп, оқушылардың күнделікті іс-әрекетімен, отбасындағы тіршілік жағдайымен танысып, оқушылардың тәртібіін, олардың үйге берілген сабақтарын , атқаратын қоғамдық жұмыстарын ретке салып отыру, өз сыныбының мұғалімдерімен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқушыларға бірыңғай талап қойып, оқу және қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету үшін үнемі байланыс жасап, оқушылардың сабаққа қатысуын, сыныпты безендіруін және сынып құралдарының сақтауын, кезекшіліктің ұйымдастырылуына орындалуын бақылау сынып жетекшісі арқылы жүзеге асады.
Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына арналған тәрбие бағыттары :
- Адамгершілік тәрбиесі
- Ақыл-ой тәрбиесі.
- Құқықтық тәрбие.
- Денсаулық және дене тәрбиесі.
- Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру.
- Сұлулық тәрбиесі.
- Экологиялық тәрбие.
- Экономикалық тәрбие.
2.1. Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен функциясы.
Сабақ беретін пән мұғалімдерінің ұжым ұйымдастыруда сынып жетекшісі басты рольді атқарады.
Біріншіден мұғалімдердің сабағына қатысу, іс-әрекетін қадағалау:
Сабақта: 1. Бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын;
2. Өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыруын;
3. Ұлттық құндылықтарды игеру әдістерінің орындалуын.
4. Әр оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, жекелеме жұмыс жасауын қадағалау.
5. Оқушының жекелеме картасына талдау жұмысын жасау.
6. Пән мұғалімдері мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
7. Пән мұғалімі мен ата-ананың ынтымақтастығын жақсарту.
8. Қосымша сабақтар, кеңестерді ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі педагогикалық ұжымның басқа да мүшелерімен, ең алдымен , сол сыныппен жұмыс істейтін педагогтармен тығыз байланыста қызмет етеді.
Ол мұғалімдерге баланың даму динамикасы , оның қиыншылықтары мен жетістіктері, оның отбасында болып жатқан өзгерістер туралы жүйелі ақпарат беріп отырады. Қиыншылықтар туған жағдайда сынып жетекшісі осы қиыншылықтарды жою жолдарын талқылауға мұғалімдерді қатыстырып, дамуында кемшілігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерімен, ондай балаларға жасалатын педагогикалық ықпалды арнайы тәсілдермен алдын-ала таныстыра отырып, педагогтерге олардың іс-әрекетін түзетуге көмектеседі.
Мұғалім мен баланың ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен қандай да бір мәселені бірігіп ойластыруға және оны шешудің жолдарың іздестіруге қаттысты әңгімелер өткізуі маңызды.
Ол мұғалімдердің көтерген бастамаларын, ұсыныстарын ықыласпен қабылдайды, олардың ескертулеріне қарай өз жұмыстарын ұйымдастырады.Мектеп тәжірбиесінде сынып жетекшісінің жұмысын бағалауда үлгерім, құжаттар, кабинетті рәсімдеу және т.с. сияқты сыртқы көрсеткіштерге үстемдік беру әлі жалғасуда. Педагогиканың шеберлік және мұғалімнің балалардың, ата-аналардың және өзінің әріптестерінің арасындағы беделі бағаланбай келеді.
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлестігі.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәсіл-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады. өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрнісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қасиеттеріне байланысты.Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соныілерсің» деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру- педагогиканың ұжымның басты міндеті.
Тәрбиедегі ата-ананың ролі бала тәрбиесі- ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесінде ықпалы зор.
Бала тәрбиесінің алғашқа алатын қазығы- туған ұясы, өз отының басындағы ата-анасының тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы- ата-ана» деген сөзі бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда « не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білімейді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл Фараби « Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - десе, Жан Жак Руссо « Бала туғанда ақ қағаздай таза болып туады , оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әдемі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана –сезімі, адамгершілігі әсер етеді.
Сондықтан ата-ана, қстаздар жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағаны жөн.
Ата –аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізігі міндеттері мыналар :
Оқу жылының басында жіне оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты түрде өткізіп тұру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы есеп беруін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасуы жолдары мен даму заңдылықтары туралы туралы білім беру.Ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету. Сынып жетекшісінің ата-анамен жұмысының мазмұны негізгі үш блоктан тұрады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасының формалары :
Ата-анлар жиналысы – ата-аналарға педагогикалық білім береді, олардың педагогикалық мәдениетін көтереді, баланы тәрбиелеуге көмектеседі, мектептің оқу-тәрбиесіндегі міндеттерді жүзеге асыруда ата-аналардың белсенділігін көтереді, ынтымақтастықты нығайтады.
Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектен білетін рухани ойлау дәрежесі биік, отансүйгіш, еңбекқор, ізденпаз, қабілетті адамды тәрбиелеу – мектеп пен ата-ана, әлеуметтңк орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімін табады.
ІІІ тарау.
3.1. Сынып жетекшісі бойында танылатын қасиеттер.
Жас ұрпаққа білім беру, оларды адамгершілікке тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Себебі, жас бұлдіршіндердің психологиясы, мінез-құлқы, сүйгені мен білгені, жанұяда ата-анадан алған тәрбиесі бірдей емес. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Бір мұғалімдержен терең білім, шебер іскерлікті, оқушылардың бүкіл жан-дүниесімен араласып, олардың психологиялық ерекшелігін жан-жақты әрі жетік білуді талап етеді.
Осындай қиын жолдан сүрінбей өткен ұстаз ғана нағыз қстаз бола алады және оқытушы мен оқушылар арасында жарасымды сыйластық орнайды. Сынып жетекшісінің арасында сыйлы, беделді болуы, ең алдымен өз пәнін жетік біліп, қосымша әдебиетттерді, ғылым мен техниканың үздік жетістіктерін, өнердегі жаңалықтарын пайдалана отырып, сабақты жоғары ғылыми сапада өткізуіне оған тыңғылықты дайындықпен келуіне байланысты.
Сынып жетекшісі алдында отырған әр баланың не ойлап, не тыңдап отырғанын бақылау күш-жігерді, үлкен қабілетті талап етеді. Бұл арада психолог бала білу де керек.
Сынып жетекшісінің беделді болуының тағы бір негізі –оқушылар алдында өзін-өзі ұстай білуінде.
Оқушы тек білім мен тәрбие алушы ғана емес, үлкен сыншы. Сынып жетекшісінің киім киісі, сөйлеу мәнері, ой-өрісі, жүріс-тұрысы, дене бітімі, бәрі балаға үлгі . Оқушы ұстазынан әрдайым жылы лебіз, өрелі де өнегелі ой күтеді. Сәл нәрсеге бала ашу шақыру, оқушының арына, намысына тиетін сөздер айту мұғалім үшін жат нәрсе.
Сынып жетекшісінің беделін арттыратын тағы бір келелі іс – сыныптан тыс жұмытар. Сынып жетекшісі тек білім беруші емес, шебер тәрбиеші, үздік ұйымдастырушы, жаны жайсаң ақылшы да . Оқушыларға сабаққа байланысты тағылым берумен арнайы сағаттарын өткізудің, үйірме, кеш, ой-талқы конференциялар ұйымдастырудың, олимпиадаларға, спорт,көркемөнер байқауларына дайындаудың, өнерлі өнегелі адамдармен қызықты кездесулердің үлкен тәрбиелік маңызы бар. Осындай сан салалы жұмыстарды тартымды, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған сынып жетекшісі тек жақсы оқушылардың ғана емес, сонымен бірге үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да үміт талабының бастауын ашады. Өздерімен бірге тыныстап, бірге ойлап жүрген мұғалімді оқушылар бар ниетімен сыйлайды.
Сынып жетекшісінің тәрбие беру міндеттері, оның жұмысының мазмұны мен түрлері біркелкі болуы мүмкін емес. Олар балаалрдың және олардың ата-аналарының сұраныстарына, қызығуына, қажеттліктеріне, сынып, мектеп, әлеумет жағдайына және педагогтің жеке мүмкіншіліктеріне қарай анықталады.
Педагогтің рөлі балалардың жасына қарай, олардың ұжымдық және өзін-өзі басқару іс-әрекеті бойынша жинақтаған тәжірбиелеріне қарай жұмысын тікелей ұйымдастырушыдан кеңесшіге және ақылшыға дейін өзгеріп отырады.
Балалар ұжымының жетекшісі болып тағайындалған педагог тұтас сыныпқа, жеке оқушыға қатысты қызметін көрсетеді. Ол балалардың жас ерекшеліктерін, олардың арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастарын ескере отырып, жеке ерекшеліктеріне сәйкес, әрбір оқушыны араластыра отырып, негізгі міндеттерді шешеді. Сынып жетекшісінің қызметіндегі басты нәрсе – жеке тұлғаны өзін-өзі дамуына ықпал ету, оның шығармашылық іске асыру, баланы белсенді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.
3.2. Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орны.
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі – сынып. Мұнда танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырлады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады.
Сынып жетекшісі іс -әрекетінің мазмұны оқушылардың белгілі бір тобындағы педагогикалық үрдістің жетекшісі ретіндегі қызметімен анықталады. Р.Х. Шакуров жасаған басқару тұжырымдамасына сәйкес үш деңгейлі функция бөліп көрсетілген.
Бірінші деңгей педагогиканың және әлеуметтік гуманитарлық функциялары жатқызылады. Бұл функциялар оқушыларды әлеуметтік тұрғыдан дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған, балалардың өзекті жеке тұлғасың мәселелерін шешу, оларды өз беттерінше өмір сүруге даярлау бағытында көмек көрсетуге бағдарлаған. Олардың ішінде оқушыларды дамыту; балаларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен әлеуметтік тұрғыдан қорғау, қойылған тәрбиелік міндеттерді орындау үшін барлық педагогтердің күшін біріктіру деп аталатын сынып жетекшісінің іс-әрекетінің негізігі мазмұнын анықтайтын үш түрге бөліп көрсету қажет. Ал оның баланы әлеуметтік тұрғыда қорғау функциясы шешуші болып табылады.
Баланы әлеуметтік қорғау бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті- тікелей орындаушы ғана емес, балаларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет етуге көмектесетін үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі әлеуметтік қорғауды кең және тар мағынада қарастырған орынды. Соңғысында бұл іс-әрекет ерекше қиын жағдайда қалған балаларды қорғауға бағытталады. Ондайларға басқаларға қарағанда шұғыл әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасынан шыққан балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, босқын балалар және т.б. жатады. Ал кең мағынада әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік кепілдіктің объектісі ретінде шығу тегіне, ата-аналарының және жағдайларының болу-болмауына тәуелсіз барлық балалар алынады. Біраз балалардың әр түрлі категорияларына саралаау ұстанымы қолданылатыны даусыз.
Балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатында жету үшін сынып жетекшісі оқушылардың құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жеке мәселелерді шешіп алуы тиіс( ұжымды құру, оны ұйымдастыру,белсенділігі, өзін-өзі басқарудың дамуы). Бұл міндеттерді оны ұйымдастыру деп аталатын екінші деңгейлі әлеуметтік-психологиялық қызметі анықтайды.
Сынып жетекшісі қызметінің үшінші деңгейі тәрбиелеу іс-әрекетін басқару субъектісінің өзінің іс-әрекетінің логикасынан шығатын талаптар бейнелейді. Бұл – диагностикалау, мақсат қою, жоспарлау, бақылау және түзету қызметтері қамтылатын басқару қызметі.
Диагностикалық қызметін атқаруда сынып жетекшісі оқушылардын тәрбиелігіне бастапқы деңгейінен өзгеруін үнемі бақылайды. Ол баланың жеке тұлғасын және өзіндік қасиеттерін зерттеуге және талдауға, нәтижелердің тиімсіздігінің себептерін іздестіруге және тұтас педагогикалық үрдісті сипаттауға бағытталады.
Мақсат қою қызметін оқушылармен тәрбиелеу іс-әректінің мақсатын бірігіп анықтау деп қарастыруға болады. Сынып жетекшісінің бұл үрдіске қатысу деңгейі оқушылардың жас ерекшелігіне және сынып ұжымының қалыптасу деңгейіне тәуелді.
Мақсат қою логикасы сынып жетекшісінің іс-әрекетін жоспарлау барысында көрініс береді. Жоспарлау міндеті- педагогикалық іс-әрекетті реттеу педагогикалық үрдісте нәтижелердің жоспарға сәйкестігі және жүйелігі, басқарылуы және сабақтастығы сияқты талаптарды орындауын қамтамасыз ету. Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері. Олардың әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады:
Іс -әрекет бойынша – оқу, еңбек, спорт, көркем және т.б.
-педагогтық ықпал ету тәсілі бойынша – тікелей және жанама;
- өткізу мерзімі бойынша- қысқа ( бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақ мерзімді ( бірнеше к.ннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі ( үнемі қайталанып отыратын);
- дайындау мерзімі бойынша – алдын-ала дайындықсыз оқушылармен өткізілетін жұмыс, даярлау жұмыстары, оқушылардың дайындығы ескерілетін жұмыс түрлері;
- ұйымдастыру субъектілері бойынша –балаларды ұйымдастыруға педагогтер , ата-анаалр және басқа ересек адамдар қатысады, балалар іс-әрекеті ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады, бастама және оны жүзеге асыру балалар тарапынан болады,
-нәтиже бойынша – түрлері, нәтижелері ақпаратық алмасу, жалпы шешім қабылдау, қоғамдық мағызды өнім болуы мүмкін;
- қатысушылар саны бойынша- жеке( тәрбиеші- тәрбиеленуші), топтық( тәрбиеші-балалар тобы), көпшілік) тәрбиеші- бірнеше топтар, сыныптар).
Жеке жұмыс түрі топтың ұжымдық тұрлерге әсер етеді және соңында олардың табыстылығын анықтайды. Бұған әңгімелесу, сырласу, ақыл кеңес ғ пікір алмасу, тапсырманы бірігіп орындау, нақты бір жұмыста жеке көмек көрсету, мәселенің шешіммен бірлесе іздестіру жатады.
Әрбір оқушымен өзара қарым-қатынастың жеке ету керек. Жеке жұмыс түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері мол.
Жұмыстың топтық түріне іс кеңестеріне, шығармашылық топтарды, өзін-өзі басқару ұйымдарын, микроүйірмелерді жатқызуға болады. Бұл түрлерінде сынып жетекшілері өздерінің қатардағы қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде көрсетеді. Сынып жетекшінің топтық жұмысқа ықпалы балалардың арасындағы өзара ізгілікті қарым-қатынасты дайындауға бағытталады.
Сынып жетекшісіінң оқушылармен жүргізіген жұмысының ұжымдық түрлеріне әр түрлі байқаулар, спектакльдер, концерттер, үгіт бригадаларының жұмыстары, саяхаттар, турлар, слеттер, спорттық жарыстарды т.б. жатқызуға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерніе сәйкес және басқа да жағдайларға байланысты сынып жетекшілері қатысушыларды алып жүруші, ұйымдастырушы, өзі жеке үлгі көрсететін қатардағы қатысушы , білімді адамдардың тәжірбиесін игеруде оқушыларға үлгі болатындай әрекеттермен ықпал ететін жаңа қатысушы, тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңес беруші, көмекші сияқты ролдедерді атқаруы мүмкін.
Жұмыс түрлерінің әр қилылығы және оларды жиі жаңарту қажеттілігі сынып жетекшілерінің алдына оларды таңдау мәселесін қояды. Педагогикалық әдебиеттерден сынып сағаттарын, байқауларды,т.б өткізудің әр түрлі сипаттамасымен табуға болады. Олардың идеялары мен жеке элементтері бір-біріне ауытырылуы мүмкін, әрбір нақты жағдайда белгілі бір жұмыс түрі қолданылады. Өйткені, әрбір баланың және әрбір балалар бірлестігінің өзіндік орны бар, соған сәйкес жұмыс түрлерінің мазмұны мен құрлысы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.
Практикалық бөлім.
Мен дипломды практикадан өту барысында сынып жетекшілік ролді де атқардым.
Осындай жауапкершілікті алғанда менің көзім неге жетті, байқалғанша өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге көз жеткізе алмайды екен. Бала ыұпал ету обьектісі емес,ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналу керек. Сондықтанда мұғалімге мынадай қасиеттер қажет: түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алуы, баланы шабыттандыра алуы, балаға адам ретінде қадірлі болуы, сабағын қызықты әрі пайдалы өткізу, шығармашылық ізденіс.
Сынып жетекшісі ретінде алдыма төмендегідей мақсат қойдым:- әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін есте сақтау, қабілетін ашу, зердесінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.
Төмендегідей жұмыс бағыттарын жоспарлап алдым:
1. Оқушылардың жеке дамуын бақылау, оны еркін дамып, қабілеттерінің дамуына тиімді жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушылардың қоғамдық құнды қатынастарға жетелейтін әрекетінің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еріктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
5. Сырыпта оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Меніңше, оқушы-адам, оқушы-тұлға.Адамгершілік тұлғасы қасиеттер қоршаған орта мен әлуметтік факторлардың әсері мен дұрыс тәрбие беру арқылы қалыптасады.
Мектептен тыс ұйым Мектеп ата-аналар
сынып жетекші
сынып оқушылары
|
Осындай тәрбиелік күштердің басын қосуын –сынып жетекшісі деп санаймын.
Әр мұғалімнің өзіндік «Мен» үш жағдайды анықталады деп ойлаймын.
1. Басқа адамдарға ұнайтындығына толық сенімділіктен.
2. Белгілі бір әрекетке қабілеттілік сенімділігін.
3. Өзінің қаблеттілігін сезінуінен.
Осы факторларды оқушы бойына сіңіре отырып, жеке тұлғаны да өз «Менің» тудыру қажет.Осыған орай «Өзін-өзі тану» мақсатында, «Мен кіммін?» деген тақырыпта бейтаныс адамға хат жазуға сыныпқа тапсырма бердім. Өзінізді таныстырып , кім екенізді , өміріңізді, неге қызығатыңызды, неге қабілетті екеңізді, бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар екенін, сонымен бірге жағымсыз қасиеттер бер ма, сіздің өміріңізде маңызды рол атқаратын адамдар жөнінде сутеттеп жазыңыз. Сонан соң бейтаныс адам ретінде конверті ашып, жазған хатыңызды оқыңыз қандай адам екенізді түсінесіз. «Бейтаныс адам» хатты оқып болған соң , алған әсерін жазады. (Бұл хат, әрине, оқушылар арасына жария етілмейді, жасырмай жаза беріндер деп хабарладым)
Бір оқушы: Мен өзіме жақын дос таба алмай жүрмін, соған қапаланамын, өзімді ешкімге керегі жоқ сезінемін кей кезде. Бірақ менің досым «сынып жетекшім» десе, екінші бір оқушы «Менің бойымда жақсы қасиеттерім де, жаман қасиеттерім де бар.Жақсы қасиеттерім басым, бірақ жаман қасиетім-жалқаулық.Ол рас қой деп ойландым. Өйткені мен анама қатты жаным ашып отырады. Сондықтан мен үй шаруасына көп көмектесемін.Арам жұмыстан келгенде қуансын деп» Төртінші оқушы: «Мен өзіме өзім сенемін.Келешекте атақты ақын, жазушы боламын. Оған ешқандай күмәнім жоқ» деп сенімді түрде жазады. Әрине, осы хаттардан кейін, проблемалары бар оқушыларға көмектесем. Егер маған ашық айтуға ұялсандар хат арқылы жазыңдар дедім.