Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржы механизмі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
- БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Білім
беруге жұмсалатын шығыстар мемлекеттік
шығыстардың бір бөлігі ретінде ..............................
1.3. Қазақстанның
нарыққа көшу жағдайында білім беруге
жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі
мен ерекшеліктері ..............................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР
2.1. 2008-2009
жылдары білім беру сферасына жұмсалған
мемлекеттік шығыстарға талдау жасау
..............................
2.3. Қазақстандағы
білім беруге жұмсалатын
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАРДЫ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
3.1. Білім
беру жүйесіне жұмсалатын
3.2. Білім
беруге жұмсалатын шығыстар –
алдағы жарқын болашақтың негізігі
құралы ретінде.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
ҚР Президентінің «Қазақстан экономикалық,
Қазақстан
халқына Жолдауынан.
Қазіргі заманғы нарық жағдайында білім кез келген мемелкеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік дамуының басты факторы ретінде танылады. Сондықтан, күнделікті өзгеріп тұратын нарықтық қатынастар білім беру жүйесінен мемлекет экономикасының даму қажеттіліктеріне сай икемділікті қажет етеді. Себебі, кез келген дамыған немесе дамушы мемлекетті алсақ та – жарқын болашақтың негізі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақ. Ал сол ұрпақ сондай болуы үшін – баланың балабақшадан бастап,мектеп,университетті тәмәмдағанға дейін сапалы әрі жоғарғы білім берілуі тиіс. Ал сол білімді сусындататын бірінші кезекте, әрине, мемлекет болып табылады.
Ал тәуелсіздік алғанына небары 20 жылға жуық уақыт, алайда әлемдік сахнада алда көп үміт күттіретін мемлекет ретінде таныла бастаған еліміз үшін де білім беру жүйесін жетілдіру – республикалық маңызы бар шара болып табылады. Себебі, елу бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірудің, жарқын болашаққа бастаудың алғышарты осы.
Зерттеу
тақырыбының өзектілігі. КСРО құрамында
ұзақ жылдар болған мемлекетіміздің
халқы білімділіктің жақсы
Зерттеу мақсаты. Жұмыстың ең басты зерттеу мақсаты болып Қазақстандағы білім беруге жұмсайтын мемлекеттік шығыстарын , оның құрамдас бөліктерін зерттеп,олардың Қазақстанның экономикалық,саяси, әлеуметтік дамуында алатын орнын анықтау, сонымен қатар әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі еліміздің мемлекеттік шығыстарының өзгерісіне сараптама жасау болып табылады. Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу мақсатында оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, мәнін ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Сондықтан да, еліміздегі білім беру сферасына жұмсалатын шығыстарды нарық заманында ұйымдастыру , оны ұйымдастыру проблемаларын мен болашақтағы даму жағдайын зерттеп, Қазақстандағы мемлекеттік шығыстардың мәнін ашу – менің жұмыс жазғандағы басты мақсатым болып табылады.
Берілген
курсық жұмыс кіріспеден, мемлекеттік
шығыстар ұғымын ашатын,еліміздегі білім
беруге жұмсайтын мемлекеттік
- БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАР: ТҮСІНІГІ,МӘНІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1.
Білім беруге жұмсалатын
шығыстар мемлекеттік
шығыстардың бір
бөлігі ретінде
Қаржы ұғымы экономикалық категорияның маңызды бір бөлігі ретінде де , мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерде арасында туындайтын ақшалай қатыныстар ретінде де мемлекет экономикасын қалыптастыруды маңызды рөл атқарады. Алайда, білім беру саласына жұмсалатын шығыстарға қатысты қаржы көбіне ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Кез келген мемлекеттің экономикасын, саяси, әлеуметтік өмірін қалыптастыру үшін білім беру маңызды сала болып табылаты сөзсіз. Сондықтан, әр елде білім беру саласын дамыту үшін оны қаржыландыру аса зор маңызға ие. Білім беруге кететін шығыстарды ашып қарайтын болсақ, әдетте ол шығыстар мемлекеттік шығыстардан және бюджет шығыстарынан қаржылануы мүмкін. Соныдықтан, алдымен осы қаржыландыру көздерін жеке – жеке бөліп қарастырып алсақ.
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалык қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған жэне орталықтандырьлмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.1
«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:
- Ақшалай қаражаттарды олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақшалай қаражаттары айырбас үдерісінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың кұрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
- Айырбас үдерісінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жен, бұл шығыстар қаржы арқылы қальптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұл екі аспект «шығыстар» ұгымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып керсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарга» қарама-қарсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік – мәдени шараларға - оқу-ағарту, ақпараттық қызметтерге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бүл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
- білім беру жэне кадрларды кәсіби даярлау;
- мэдениет, өнер, спорт жэне бұқаралық ақпарат құралдары;
- денсаулық сақтау;
- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жэне элеуметтік комек.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызмет-
тсрге жұмсалатын шығыстардың (10.2 параграфты қараңыз) бір болігі болып табылады. Оларды мемлекет ақгяалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материал-дық игіліктер мен қызметгер көрсету түрінде қоғам мүшелерінің үжымдық жэне дара түтынуына бағыттайды.2
Білім беру шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді. Білім беру шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы кол жетеді. Сондықтан білім беру шығыстарын ұйымдастыру кағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Жалпы ел экономикасын баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, оның ішінде көбінесе, білім беру сферасына , салаларға , экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады.
Білім беру шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде білімді республикалық деңгейде қаржыландыра отырып, барлық аудандарда, өңірлерде білім берудің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, каржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғүрлым перспективалық жэне прогрессивтік салаларға, дамытуды қажет ететін, білім алуға қажетті жағдай жасау мақсатымен бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Білім беру шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) бұл пайдаланылатын қаржылық ресурстардың тиімділігін арттырады.
Даму жоспарларыныц (болжамдарының) орындалуына карай каржыландыру қаржылық ресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды
пайдалануда үнем режімін сактау
— мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың
маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді
жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік
емес сфералардың барлық бөлімдерінде
мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге,
оларды ұтымды әрі тиімді пайдалануға
бағытталған.
1.2. Қазақстанның нарыққа көшу жағдайында білім беруге жұмсалатын шығыстары бөлу қажеттілігі мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.
Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi, бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын меңгерiп қана қоймауға тиiс. Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті, жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етедi.3
Нарық жағдайында мамандық бойынша, сонымен қатар кәсіпқой, орта, жоғары, жоғары оқу орнында оқу жаңа сипатқа ие болып отыр. Нарық ең бірінші нарық қатысушыларының мүдделеріне бағытталған. Сондықтан да, ең бірінші Жұмыс беруші жұмысқа алған кезінде қызметкердің мамандандырылған деңгейін басшылыққа алады.Нарық сонымен қатар анықталған шаруашылық қызмет түрін орындауда кіріс мамандандыру кедергіге ие. Маман кепілдігі ретінде білім, маман (диплом, сертификат) алуда куәлік болады. Ал сол кепілдікті алу үшін ең маңыздысы – білім беру жүйесін дамыту. Даму үшін, әрине, ең бірінші қаржы керек.
Мемлекеттік - әлеуметтік мақсатқа жету үшін үкімет әртүрлі білім беретін мекемелердің және ұйымдардың қаржыландыру түрлерін нарық ерекшеліктеріне қарай қолданады, мысалы:
1. Білім беретін кәсіпорындарды қаржыландыру
a.
тікелей: сметалық
b. жанама: салық жеңілдіктері
2. Оқушыларды қаржыландыру
a. тікелей: оқу гранттары, несиелер
b. жанама: салық жеңілдіктері, несие кепілдігі.
Кез келген қаржыландыру түрінде оқу кәсіпорындарын қолдануда қоғамдық қорлардың рационал емес тарату тәуекелі көрінеді. Мемлекетке білім берудің сапалығының және мекемелердің қисынды екендігіне сенімділік қажет, сонымен қатар студенттерде және білім беру ұйымдарында да білім беру процесінің аяқталуын қажет ететін кейбір кепілдік қажет.
Білім беру шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын білім беру шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
Көбіне, жеке меншік білім беру мекемесі болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдар үшін, мектептер, лицей және университеттер үшін қаржыландыру - меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.
Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың - қаржыландырудың дара жоспарларының негізінде алдын ала беліленген білім беру ұйымдарын қаржыландырады. Бюджеттік тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Білім беру бағдарламалары мен шараларға, халықты сауаттылықтың ең жоғарғы деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді.
Субвенциялар - халықты әлеуметтік колдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және баска мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың каражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар.
Аталған
нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған
жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың
түрін қабылдайды. Трансферттер
деп кең мағынада бюджеттен жэне бюджеттен
тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді
каржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта
бөлу кезінде оларды өтеусіз және кайтарусыз
беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік
сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша
төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім
беру, денсаулық сақтау, мәдениет жэне
т.б. жүйесін үстауға берілетін жәрдемақылар.4
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫСТАР
2.1. 2008-2009 жылдары білім беру сферасына жұмсалған мемлекеттік шығыстарға талдау жасау
Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Еліміздегі 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30%-ға жуығы қамтылған. Республика халқының 99,5%-ы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады.
Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің (АДИ) орнықты артуы нәтижесінде 20-тұғырға алға басты және 73-орын алады, сөйтіп Беларусь мен Ресейден басқа, бүкіл ТМД елдерінің алдына шықты. Бұл ретте өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында АДИ төмендеуінің тек 11 %-ы ғана білім беру деңгейінің төмендеуімен байланысты болды (52 %-ы күтілген өмірдің сүру ұзақтығының кемуіне және 37 %-ы ЖІӨ-нің төмендеуіне негізделді).
Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.
Қазақстандағы білімді қаржыландыру соңғы 10 жылда, яғни 2000 жылдан 2010 жылға дейін 7 есе өсті. Оның өзі елімізде білім саласына аса зор рөл бөлінетінін көрсетеді. Кестеде 2001 – 2009 жылдар аралығында білім беру саласын республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі көрсетілен. Анық байқалатындай, білім беру шығыстары жыл сайын өсуде. Оның өзі білімге де қажеттіліктің артуы мен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық бағдарламасы неізінде жүзеге асыру негізінде қаржыландырылып отыр. 2009 жылы бюджеттен білім беруге жұмсалған шығыстар әлемді жаулап алған дүниежүзілік қаржы дағдарысына қарамастан, 2008 жылға қарамастан 10,7 % - ға өсіп, 709,9 млрд теңгені құрады. ( 2008 жылы – 627,3 млрд).
| 1993 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы
№ 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық
стипендиясы құрылған болатын. 1994 жылдан
бастап 2009 жылды қоса алғандағы уақытта
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 6540
адам бағдарлама стипендиаты болды. 2008 жылғы 24 қаңтарда 223 үміткерге, ал 28 наурызда 104 үміткерге, 2008 жылғы 25 маусымда 137 үміткерге, 13 тамызда 356 үміткерге, 2008 жылғы 26 қыркүйекте 66 үміткерге және 2008 жылғы 23 желтоқсанда 425 үміткерге стипендия тағайындалды. Нәтижесінде 2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1311 үміткерге тағайындалды, оның ішінде 500-і 2007 жылғы үміткер болса, 811 адам 2008 жылғы үміткер еді. 2009 жылғы 20 сәуірде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда 295 стипендия тағайындалды. 2008 жылғы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 1106 адам стипендиат атанды. 2009 жылғы 10 тамызда Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында 2009 жылдың 464 үміткеріне, 2009 жылғы 17 қыркүйекте – 254, 2010 жылғы 19 қантарда - 590 стипендия тағайындалды. Осының өзі біздің елдегі білім сапасын халықаралық білім стандарттарына жақындатуға жақындатуға мүмкіндік берді.5 1-кесте | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2008-2010 жж.
оқу бағыты бойынша «Болашақ» халықаралық
стипендиясын тағайындау
Жеке қаржы көздерінен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен елімізде электронды оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздегі бес Жоғарғы Оқу Орындары он білім бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитацияны өтуді бастаса,
арнайы аккредитацияны үш ЖОО өтті.
Бюджетте көзделген қаражат, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуымен тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаржылары.
Мемлекет жыл сайын білім беруге оның басымдылығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі. Бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтімі мен тәрбие алуын қамтамасыз ететін заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар құрылтайшылар құрайды. Білім беру ұйымдарының қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі. Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар құрылтайшылар құрайды. Білім беру ұйымдарының қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.6
Білім беру ұйымының мәртебесін, үлгісін, түрін оның құрылтайшылары айқындайды және осы заңмен талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі Білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі. Білім беру ұйымдарының мәртебесін растау немесе өзгерту мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары: мемлекеттік (білім беру мекемелері және білім беру кәсіпорындары), жеке меншік болуы мүмкін, мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнаулы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбалаларға арналған ұйымдар, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары болып бөлінеді. Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.
Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының филиалдары білім беру ұйымдары құрылтайшыларының келісімімен құрылады. Білім беру қызметін лицензиялау ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиіс.
Білім беру ұйымдарының филиалдары олар үшін лицензияға және қосымшалар беріле отырып, білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал туралы ережемен тіркеу құжаттары лицензияға табыс етілуі тиіс.
Азаматтарды білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысы мен білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия мен қабылдау тәртібін және оқу - тәрбие процессін ұйымдастыруды басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.
Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.
Қазақстанда
2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі
ұйымдардың саны 10 %, ал олардағы
балалардың контингенті өсіп,2 57053
баланы құрады, бұл мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту
2-диаграмма
ҚР
мектепке дейінгі ұйымдар саны
2008 ─ 2009
оқу жылында жалпы саны 2535,5 мың оқушыны
қамтыған 7811 күндізгі жалпы білім
беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың
ішінде 4391 мектеп – шағын кешенді мектептер
(40 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын
бастауыш мектеп, 100 оқушыға дейінгі контингентті
құрайтын негізгі мектеп және 280 оқушыға
дейінгі контингентті құрайтын орта мектеп).