Сызықтық емес бағдарламалау есебінің графиктік интерпритациясы және оларды шығару әдістері


КІРІСПЕ

 

Жалпы бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп атайтыны экономистер  қауымына белгілі, сондықтан да, біз  бұл тілде неғұрлым білімдірек сөйлесек, онда қоғам үшін бұл соғұрлым жақсы  болар еді. Бүгінгі күні бухгалтер  өзінің қарапайым есепші ретіндегі  имиджін, бизнес – процестерін ұйымдастыратын шеңберге өзгерткен.

 Қазақстан Республикасы  тәуелсіздік алғаннан бастап, бухгалтер  кәсібінің дамуы КСРО кезінде  қалыптасқан жоспарлық – административтік  экономика тәріптемесіне (режимінде)  іске асты. Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігі алынып, ерікті мемлекет  құрылғаннан кейін бухгалтерлік  мамандыққа нарықтық экономиканың  сұранысын және мемлекеттің экономикалық  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  жаңа талаптар қойыла бастады.

 Қазақстан Республикасы  дамуына, оның әлемдік экономикаға  өтіуіне байланысты бухгалтерлік  есепке оның әлемдік экономикалық  қоғамдастыққа түсінікті болуы  және тағы басқадай үлкен талаптар  қойылып отыр, бұл қаржылық есептің  халықаралық стандарттарына толық  көшуге негіз болды.

 Экономика секторы  ҚЕҰС – на өту барысында  мамандардың, әдістемелік негіздердің  жетіспеушілігінен көптеген қиындықтарға  тап болды. Бұл сұрақтар «бугалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру  туралы» заң жобасында қарастырылып, бүгінгі күні ҚР Парламент  Мәжілісінде тыңдалып, ҚР Парламент  Сенатының отырысында қаралуда.

 Берілген стандарттар  дүние жүзінде шаруашылық қызмет  жүргізуші субъектілер туралы  айқын және түсінікті ақпарат  алудың тиімді көздерінің бірі. Жаңа стандарттар және ережелер  ұйымға бақылау мақсатында, сондай  — ақ басқару мақсатында да  сенімді ақпараттарды ұсыну үрдісін  жеңілдеттеді. Бухгалтерлік есептің  ұлттық жүйесінің халықаралық  стандарттарға көшу жұмысқа дайындыққа  және бухгалтерлік есеп мамандарының  квалификациясының жоғарлауына  сәйкесінше өзгеріс тудырады.Бухгалтерлік  кадрларға кәсіпкерлік дайындық  жүйесі мемлекеттік білім стандарттарына  сай келуі қажет.

 Бухгалтерлік есептің  ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған  халықаралық ұйымдардың сәйкесінше  ұлттық ұйымдардың белсенді ынтымақтастығансыз  мүмкін емес.

 Жоспарланған экономика  негізінде дамыған – бухгалтерлік  есеп жүйесі қоғамдық тәуелділік  сипатына және энономиканы мемлекеттік  басқару қажеттілігіне негізделіп  келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде  қалыптасатын ақпараттың негізгі  тұтынушысы – статистикалық органдар  негізінде мемлекет болып табылады.Мемлекетік  қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың  шаруашылық әрекетенің ауытқушылық  мәселелерін шешумен айналысты.

 Нарықтық экономика  жағдайында өндірістерде бухгелтерлік  есепті ұйымдастыруды жетілдірудің  бір бағыты оның ҚЕҰС – на  негізделуі болып табылады.

 ҚЕҰС енгізу есеп  пен бақылау жүргізудің сапасын  жоғарлатады, өнеркәсіптердің техникасы,  өндіріс ұйымның технологиясы, еңбегі, ерекшеліктері жөнінде нақты,  толық көрініс беретін есеп  жүйесін пайдалануына мүмкіндік  береді.

 Курстық жұмысты жазудағы  басты мақсат – бухгалтерлік  есептің қалыптасу кезеңдерін, дамуын  және бухгалтерлік есептің мәнін  толығымен ашып көрсету.

 Курстық жұмысты жазудағы  басты міндеттер:

 • Бухгалтерлік есептің  пайда болу тарихы және қалыптасу  кезеңдерін қарастыру;

 • Бухгалтерлік есептің  дамуына үлес қосқан ғалымдар  жайлы жазу.

 • Бухгалтерлік есептің  түсінігі мен оның атқаратын  қызметіне тоқталу.

 • Бухгалтерлік есептің  мақсаты мен міндеттеріне тоқталу;

 • Бухгалтерлік есеп  әдістері мен принциптерін қарастыру;

 • Есеп саясаты  және оның аспектілерін қарастыру;

 • Бухгалтерлік есептің  стандарттарын қарастыру;

 • Бухгалтерлік есеп  жұмысын жүргізуде қолданылатын  өлшем түрлеріне тоқталу.

Бухгалтерлік есеп — заңды  тұлғалардың қорлары мен қор  көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты  құжаттар негізінде үздіксіз және өзара  байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу  бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау  мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.

1997 жылдан бастап Қазақстанда  Бухгалтерлік есеп халықаралық  стандарт жүйесіне көшірілді.  Бухгалтерлік стандарт — есеп  көрсеткіштерін арнайы ережелерге  сай бағалау, өлшеу және шаруашылық  операцияларының маңызын анықтау  мен ажырату тәртібі. Халықаралық  стандартқа сай, бухгалтерлік  есеп қаржы және басқарушы  есеп салаларынан тұрады. Қаржы  есебі қаржы салымшылары мен  несие берушілер, заңды тұлғалардың  дамуына үлес қосушылар, шетелдік  инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі.  Басқарушы есеп заңды тұлғалардың  өз ішінде басқару жүйесін  жетілдіру, ішкі резерв қорларын  табу, оны іске қосу мақсатында  жүргізіледі. Қазақстандағы заңды  тұлғалар жыл сайын аталмыш  есеп салаларына қосымша өз  кәсіпорнының есеп саясатын, оны  жүргізудің принциптерін, қолданылатын  есепшоттар жүйесінің тізімін  жасап, бекітіп, арнайы орындарға  тапсырып отырады.

Тиісті заң актілері мен  нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше  әдістер ішінен заңды тұлғалардың  өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде  қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.

Бухгалтерлік есеп жүргізудегі  басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір  есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

 

  1. КОМПЬЮТЕРДІҢ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

 

1.1 Компьютерлік техника қауіпсіздік ережесі

Компьютерлік техника  кабинетінде жұмыс жасау кезінде  техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттері болып табылады.

Аталған міндеттерді орындауда  студент төмендегідей:

  1. жалпы;
  2. дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
  3. жұмыс жасау кезіндегі ;
  4. апаттық жағдайдағы;
  5. жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
  6. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегіше:
      • компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды оқытушылардың рұқсатынсыз жылжытуға тиым салынады.
      • Оқытушылардың рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
      • Дербес компютерді су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды.
      • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тиым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуға тиіс
      • Клавиатураға артық зат қоюға болмайды.
      • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тиым салынады.

2. Дербес компьютермен  жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік  ережесінің талаптары:

- Дербес компьютерді  іске қосу кезінде оның сыртқы  қорабының дұрыс жұмыс жасап  тұрғандығына және сымдардың  қатесіз жалғанғандығына көз  жеткізу керек.

3. Студенттердің дербес  компьютермен жұмыс жасау кезіндегі  техника қауіпсіздігінің ережесіне  қойылатын талаптар:

- ЭВМ – мен жұмыс  кезінде көзді экраннан 60 - 70 см қашықтыққа ұстау керек.

- Сыныпқа кірушілермен  орнынан тұрмай амандасуға болады.

- Электр тогымен зақымданған  жағдайда алғашқы дәрігерлік  көмек көрсету тәсілдерін, өрт  сөндіру құралдары жұмыс істеуді  және өрт сөндіру тәсілдерін  білу қажет.

4. Апаттық жағдайда техника  қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын  талаптар:

- Жұмыс жасап отырған  кезде дербес компьютерден ақау  табылса немесе күйік иісі  шықса, өзгеше дыбыс пайда болса,  онда машинамен жұмыс тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.

- Өрт сөндіруге көмек  көрсету қажет.

- Электр тогымен зақымданған  адамға алғашқы көмек көрсетуді  білу керек.

- Компьютерлік сыныпта  өртті сумен сөндіруге болмайтындығын  білуің қажет. Оған құм және  тағы басқа өрт сөндіргіш құрал  жабдықтарын пайдалануға болады.

- Электр тогының әсерімен  зақымданған адамды су қолмен  ұстауға болмайтындығын білу  қажет. Оны әртүрлі материалдарды  ( электр тогы сымынан басқа)  пайдалану арқылы босатып алуға  болады.

5. Дербес компьютерде  жұмысты аяқтаған кездегі техника  қауіпсіздігі ережелері талаптары:

- Оқытушылардың нұсқауы  бойынша аппаратты өшіру.

- Жұмыс орнын ретке  келтіру.

- Электр тогымен зақымданған  жағдайда алғашқы дәрігерлік  көмек көрсету.

Студент компьютермен жұмыс  жасау барысында электр тогымен  зақымданған жағдайдағы алғашқы  дәрігерлік көмек көрсетудің төмендегі  берілген әрекеттеріне назар аудару:

1. Токты өшіру ( щиттағы  ( қалқанды) батырманы басу арқылы).

2. Зақымданушыны ток әсерінен ( сымнан) босату.

3. Дәрігер шақыру.

4. Зақымданушыны қарап  шығып, оның алған жарақатына  байланысты көмек көрсеу.

1. 2. Күйген жағдайда:

- ауырғанда сездірмейтін  дәрілер (анальгин, валерион) беру  керек.

- Күйген жерге арнайы  май жағу керек.

- Зақымданған жерге суық  су құю.

- Алдын - ала жараланған, микробтар түспес үшін мөлдір  жұқа қағазбен (целофанмен) орау.

1. 3. Есінен танып қалған  жағдайда:

- Зақымданушыны жауырынмен  тегіс жерге жатқызып, басын бір  жағына қаратып, қырымен орналастыру  керек.

1. 4 Тыныс алысы тоқтаған  жағдайда:

- ауызды ашып тілдің  орналасу жағдайын тексеру керек,  егер тіл күрмеліп қалған болса,  оны қолмен дұрыс қалпына келтіру  қажет.

- Дем алыс жағдайына  келгенге дейін, қолдан демалдыру  ( ауызбен, ауызға) немесе дәрігер  келгенге дейін, жаттығулар жасау.

1. 5. Шаршаған жағдайда  қолданылатын жаттығулар:

- Студент компьютермен  жұмыс жасай отырып шаршаған  жағдайда төмендегі келтірілген  жаттығуларды пайдалану қажет.

- Шаршаған кездегі көздің  қарау бағытын өзгерту ( ауыстыру ) алысқа, жақынға, оңға, солға, жоғары, төмен қарау. Сағат тілінің  бағытымен керісінше көзді айналдыру  қозғалыс жасау. Көзді қолмен  жауып 1 - 1, 5 минут отыру.

- Басты бұру жаттығуларын  жасау. Басты сағат тілімен  және керісінше бұрып айналдыру.  Басты жан - жаққа бұру.

- Саусақтарды жұмып ашу  және қолдану білезігін босаңсыту.

- Денені босаңсыту және  оны керіліп шынықтыру.

 

      1. Негізгі бөлім

 

2.1 Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер

Есеп бұдан мыңдаған жылдан бұрын адамзат өркениетінің келіп  шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары тарих  үшін үлкен әсерін тигізді. Есептің  дамуы өмірдің қажеттілігімен келген, ал ол өзінің кезегінде жазу мен  математика сияқты өркениеттің ажыратылмайтын бөліктеріне себеп болды.

Шамамен ХV ғасырдың соңына таяу қосарлы жазуға негізделген  бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да негізгі  әдістердің бірі болып келеді. Сол  уақыттардан бері баланс, калькуляция, дебет, кредит, контировка және т.б. сияқты көп терминдер сақталып қалған.

Бухгалтерлік есеп есептің  басқа түрлерінен (мысалы, статистикалық) ерекшелететін бір қатар өзгеше белгілер бар:

1. Кәсіпорында жүргізілетін  шаруашылық операциялардың бәрі  түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде  бейнеленеді.

2. Бухгалтерлік есепте  тек қана ақшалай түрде өлшенетін  шаруашылық операциялар көрсетіледі.

3. Бухгалтерлік есепте  тек қана өзіне тән арнайы  әдістер (тәсілдер) (мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды  басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені  оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика  жағдайында бухгалтерлік есептің ролі

мен маңызы күшейе түсті.

Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін  талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік  байланыста болатын жеткізушілер, тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізідеді.

Қазіргі уақытта есептің  көрсеткіштерін салық және қаржы  органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде –  аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.

Сондықтан да ақпарат заң  нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты  болады.

Бухгалтерлік есеп материалды-жауапты  тұлғалардың қызметі үстінен  бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол үшін әрбірматериалды-жауапты  тұлға бойынша материалдық құндылықтар  мен ақша қаражаттарының есебі бөлек  жүргізіледі.

Материалды-жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық құндылықтардың (ұсақ сауда кәсіпорындарының қызметкерлерінен басқа) табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде (дана, кг, км және т.б.) көлем бойынша есеп жүргізуді болжамдайды.

Мезгілді түрде бухгалтерлік есептің мәліметтері материалды-жауапты  тұлғалардың есептерінің мәліметтерімен салыстырылады. Ол үшін құндылықтардың сақталу орындарында түгендеу үрдісі жүргізіледі.

Табиғи өлшегіштерден  басқа есепте еңбек өлшегіштері  де қолданылады. Олардың жәрдемімен еңбек шығындары (күн, сағат, минут) анықталады.

Алайда бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады. Өйткені  тек соның жәрдемімен ғана кәсіпорындардың  әр түрлі мүлкінің (үйлер, құрал-жабдықтар, материалдар, мал басының саны) жалпы  құнын есептеу мүмкін.

 

2.2 Бухгалтерлік есептің объектілері

Кәсіпорын жұмысының барысында  шаруашылық құралдардың айналымы пайда болады. Бұл айналымда үш процесті атап көрсетуге болады: жабдықтау, өндіріс және өткізу.

Жабдықтау процесінде жеткізушілерден материалдардың келіп түсуі, оларды жеткізу бойынша көлік шығыстарын төлеу, өндіріске материалдар босату сияқты шаруашылық операциялар есепке алынады.

Өндіріс процесінде өндірілген өнімнің (атқарылған қызметтердің) құнына тікелей немесе жанама әсер ететін шығындар есепке алынады.

Өткізу процесінде өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден келген ақшалардың есеп айырысу шотына келіп түсуі, табысты (залалды) анықтау, өндірістік өзіндік құнды шығыс ету мен оны 571 «Жиынтық табыс (залал)» шотына апару және өткізу бойынша басқа шығыстар есепке алынады. Өткізу процесі кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болғандығынан, процестің қайсысы болсын (өндіріс, коммерция, ауыл шаруашылық және т.б.) процесте оның ролі жоғары екенін атап кетуіміз қажет.

«Өткізу» термині тауарлар жөнінде сату, айырбастау, ақысыз беру немесе кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушының меншігіне беруді білдіреді. Жұмыстар немесе қызметтерді өткізу, сол жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің атқарылуын білдіреді.

Сонымен қатар өткізудің  негізгі мақсаты пайда (жиынтық  табыс) алу болып табылады.

«Пайда» ұғымы (жиынтық табыс) бұдан былай «жиынтық табыс» - өткізілген өнім, жұмыстар, қызметтер мен тауарлардың  құнының оларға жұмсалған (жіберілген) шығындардың құнынан артықшылығы  болып саналады. Ал керісінше жағдайдың  орын алуы жиынтық залал көргенін білдіреді.

Өндірістік процесте шаруашылық құралдардың бірнеше түрі пайдаланылады. Еңбек бұйымдарынан (материалдар, отын, жартылай фабрикаттар және т.б.) мен  еңбек құралдарынан (үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) тұратын  кәсіпорынның шаруашылық құралдарының бір бөлігі өндіріс саласында  болады. Шаруашылық құралдарының басқа  бөлігі айналымда жүреді. Бұлар: алушыларға жіберілген дайын өнім, есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар, есеп айырысудағы қаржылар.

Егер біздің кәсіпорын  уақытша өзінің айналымында басқа  кәсіпорындардың қаржыларын пайдаланса (мысалы, бұл есеп айырысу бойынша  мерзімі келмеген, ал материалдарды  кәсіпорын алып қойған жағдайда), онда қарыз кредиторлық деп аталады.

Ал егер, керісінше, біздің кәсіпорын басқа кәсіпорынның жұмысын  орындап қойып, ал оның төлемі әлі  жасалмаса, онда ол қарыз дебиторлық деп аталады.

Шаруашылық құралдары  өз кезегінде айналымдағы, негізгі  және дерексіз болып бөлінеді.

Айналымдағы құралдар –  бір өндірістік циклде ғана пайдаланылатын құралдар (бұйымдар). Бұларға материалдар, отын, жартылай фабрикаттар, қуат ресурстары жатады.

Негізгі құралдар – өндірісте  бірнеше рет және бір жылдан артық  мерзімде пайдаланылады. Бұл үйлер, ғимараттар, құрал жабдықтар, көп  жылдық ағаштар және т.б.

Дерексіз қаржылар деп  жиынтық табыстан бюджетке, әр түрлі  қорларды ұйымдастыру, сондай-ақ әр түрлі  қайырымдылық қорларға төлемдер аталады. Шаруашылық құралдардың белгілі  көздері: меншікті және қарыз болып  бөлінеді.

Меншікті көздер болып  жарғылық капитал, жиынтық табыс  саналады.

Қарыз көздеріне банктердің ссудалары мен несиелері, әр түрлі  қарыздар және кредиторлық қарыз  жатады.

Барлық шаруашылық құралдары  мен олардың көздері бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады.

 

2.3 Бухгалтерлік есептің әдістері

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың  қаржы-шаруашылық қызметінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің барысында төмендегі  ерекше әдістер қолданылады:

1. Құжаттау

2. Шоттардағы қосарлы  жазу

3. Калькуляциялау

4. Бағалау

5. Түгендеу

6. Баланс

Түгендеу – бұл бухгалтерлік есептің құжаттарын кәсіпорындағы  сақталу орындары бойынша тауар-материалдық  құндылықтардың нақты бар болуымен салыстыру.

Түгендеу материалды-жауапты  тұлғалардың есебіндегі материалдық  құндылықтардың сақталуын тексеру  мен есептегі қателерді айқындау үшін қажет.

Бағалау. Барлық құралдар ақша өлшегіші болатын бірыңғай өлшемде  көрсетілуі тиіс. Сол үрдіс бағалау  деп аталады.

Калькуляциялау – бұл  үрдіс өнім, жұмыстар мен қызметтерді  өндіру мен өткізудегі шығындарды есептеу  әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялау өнім мен қызметтерді өндірудегі шығындарды білу мен талдау, бағаларды  дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік  береді.

 

2.4 Құжаттау

Өзінің жұмысы барысында  бухгалтер әр түрлі құжаттармен  іс жүргізеді.

Құжат деген латын тілінде  «куәлік» немесе «дәлел» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір  шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.

Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және белгілі  мерзім бойы сақталуы тиіс.

Құжат – бұл бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш  беретін, жасалған шаруашылық операцияның  жазбаша түрде дәлелі.

Құжаттардың құрамындағы  бастапқы құжаттар, есепті регистрлер және есеп беруді (баланс және басқа  үлгілер) ажыратып отыру қажет.

Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар негізінде  жүргізіледі. Сонан соң олардың  мәліметтері есеп регистрлеріне  өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады. Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына бастама  береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік есепті қамтамасыз етеді.

Есепке тек қана дұрыс  жасалған, яғни барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат  қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат  өзінің заң жүзіндегі маңыздылығына  ие болады.

ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен  есеп беру туралы ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға: үлгінің (форманың) көзі; жазылған күні, шаруашылық операцияның  мазмұны, шаруашылық операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері; шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты  тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар  мен олардың түсіндірмелері жатады.

Бастапқы құжаттарда қажетті  жағдайларда жоғарыда аталғандардан  басқа да қосымша реквизиттер  болуы мүмкін.

Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны аяқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытта  алынбаған (депонирленген) еңбек ақыны  беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер  және еңбек ақысын алатын тұлғамен барлық қажетті реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.

Құжатты жасап және қол  қойған адамдар оны өз уақытта  және сапалы толтыру, мәліметтердің  дұрыстығы және есепті регистлерге  жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.

Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс кассалық ордерлерде, төлем  тапсырмаларында, ақша чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол қойылмайды. Егер сондай бастапқы құжатта сіз  қатеге жол қойсаңыз, онда ол жойылып  және жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін  толтыруда қателессеңіз, оны сызып  тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалтырыңыз. Сонан  соң келесі жаңа чекті толтырыңыз.

Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу  қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін  немесе соманы мұқият, алдын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет.

Жоғарыда дұрыс мәтін  немесе соманы жазыңыз. Қатенің түзетілуі  оның күнін белгілеуімен, құжатқа  қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен  расталуы тиіс.

Бастапқы құжаттар есеп регистлерімен  бірге сақталады немесе жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.

 

2.5 Түгендеу

Барлық шаруашылық операцияларды  құжаттау мен шоттардағы қосарлы  жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық бейнелеуін қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың  ықпалына түспейтін (табиғи кемею) немесе кейбір себептермен бастапқы құжаттардың  мәліметтерін бұрмалайтын (қоймадағы  операцияларды жасау және есептеу  кезіндегі қателер, қиянат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.

Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана ашылуы мүмкін. материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары  мен есеп айырысулар түгендеуге тап  болады.

Түгендеу – бұл кәсіпорында  сақталу орындары бойынша тауар- материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарды олардың  нақты бар болуымен салыстыру.

Түгендеу есептегі қателерді  айқындау мен материалды-жауапты  тұлғалардың есебіндегі материалдық  құндылықтардың түгелдігін тексеру  үшін қажет.

Егер, мысалы, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар есептеледі, таразыға тартылады, өлшенеді және олардың  техникалық жағдайы бағаланады. Бұл  жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу тізімі толтырылады. Материалдық  құндылықтардың нақты бар болуы  бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Атап айтқанда, материалдық құндылықтарды  сақталу орындарында алынған  түгендеу тізімінің мәліметтері  бухгалтерлік шоттардағы жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ведомосы түзіледі.

Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы  түгендеу тізімі үлгісінің шамалы өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі  жүргізіледі.

Негізгі құралдар әрбір мүлікті  объект бойынша есепке алынады. Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың  кассадағы нақты бар болуы  мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады.

Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салыстыра  тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті түрде (материалды-жауапты  тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі  жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі. Олар:

1. Кәсіпорынның мүлкін  жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ  меншіктің түрі өзгеру жағдайында.

2. Жылдық есеп беруді  дайындау алдында. Үйлер, ғимараттар  мен негізгі құралдардың басқа  да қозғалмайтын объектілерінің  түгендеуі екі-үш жылда бір  рет жасалуы мүмкін.

3. Материалды-жауапты тұлғаның  ауысу кезінде (жұмыстың қабылдау- тапсырудың күніне).

4. Ұрлық және қиянат  ету, сондай-ақ құндылықтардың  бұзылу Фактілері анықталған  кезде.

5. Өрт немесе басқа  табиғи апаттар болған жағдайда.

Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып кәсіпорынның табыстарына есепке алынады. Кем  шығулар айыпты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе айналым  шығындары ретінде бейнеленеді.