Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану
Атырау аграрлы техникалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Табиғат пайдалану экономикасы негіздері
Тақырыбы: Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау,
пайдалану
Тексерген: арнайы пән оқытушысы
Қазмағамбетова А.С.
Орындаған: 4эко1оқу тобы студенті
Сабырғалиева Ұ.А.
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1 Табиғат ресурстары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау
2.2. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық пайдалану
ІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ..............................
1.1 Табиғат ресурстары
..............................
ІІ. Негізгі
бөлім ..............................
2.1. Табиғат ресурстарын
кешенді экономикалық бағалау
..............................
2.2. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық пайдалану ...........................
ІІ. Қорытынды ..............................
IV. Пайдаланған әдебиеттер ..............................
Кіріспе
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулықты сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз
кезегінде қалпына келетін және
қалпына келмейтін деп
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.
Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.
Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану көпшілігінде минералдық шикізат мысалында қарастырылады. Сондықтан басқа табиғат ресурстарын кешенді пайдалану жолдарын айта кетейік.
Жер ресурстарын кешенді пайдалану –ауыспалы егістік; маусымдық жайылым; климат жағдайларына сәйкес дақылдарды өсіру; жерді пайдалану құрлымын жақсарту, құнарлы жерлерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге пайдаланып құрлымын жақсарту, құнарлы жерлерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге пайдаланып, басқа мақсатқа бөліуді шектеу: елді мекендерді, қалаларды, өнеркәсіпті, құрылысты, қатынас жолдарын, т.б. жер жағдайын, құндылығын ескертіп орналастыру; жер қорын қорғау, қалпына келтіру шараларын ұдайы үдете жерді пайдаланумен үйлестіріп жүргізу, т.б.
Су қорын кешенді пайдалану-ең бірінші кезекте ауыз су қажетін өтеу; ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, коммуналдық шаруашылықта, т.б. су үнемдеуші озық технологиялар қолдану, айналымды, қайтарымды, тұйық су жүйелерін пайдалану; ластанған суларды тазарту; ілеспе жер асты суларын, минералдданған, тұзды, термалды суларды пайдалану; су қоймаларын балықтандыру; су пайдаланудың барлық бағыттарын үйлестіру, т.б.
Орман қорын кешенді пайдалану-орманның экалогиялық қызметтерін кешенді пайдалану; орманның қалпына келтіру, күтіп баптау, сауықтыру, санитарлық және басқа кесімдерін пайдалану; кесілген ағаш қорын кешенді пайдалану, т.б. Орманды жанама пайдалануға: мал жаю шөп шабу, жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, техникалық өсімдіктер теру; шайыр, шырын даярлау; бал шаруашылығын құрту; аң шаруашылығында, құс өсіруге пайдалану, т.б. жатады. Қосалқы пайдалану: негізгі өнімдер мен қызметтерін басқа өнімдер бұйымдар шығаруға пайдалану.
Биологиялық қорларды кешенді пайдалану- негізінен оларды өсуіне, тұқымын сақтауға, өнімділігін арттыруға жағдай жасай отырып пайдалану.
Атмосфераны кешенді
Табиғат сыйымдылығын кешенді пайдалану- оның қасиеттерін нашарлатпай пайдалану.
Қалдықсыз және аз қалдықты
технологиялардытиімділігін
Варианттардың салыстырмалы
Э=(С2+ЕнК2+У2) – (С1+ЕнК1+У1),
Мұнда: С1 және С2,
К1 және К2- варианттар бойынша ағымдағы шығындар және күрделі
қаржы;
У1, У2- табиғи ортаға қалдықтық зиян.
Қалдықты пайдалану халық
Эхш=Э1+Э2+Э3,
Э1
- қалдықты пайдаланып өнім
Э2 – қалдықтан шығарылған өнімді тұтынушылар алатын тиім. Жоғарыдағы айтқандарға сәйкес қалдықтан шығарылған өнімнің бағасы, шикізаттан шығарылатын сондай өнімге қарағанда арзан болуы мүмкін.
Э3
– Қалдықты пайдаланудың
Мұнда: Sші Sқі- і өнімді алғашқы шикізаттан және қалдық қолданып өндіру
шығындары;
А- қалдықтан шығарылған өнім шамасы.
Э2=(S1-S2) А2,
Мұнда: S1, S2,- шикізаттан және қалдықтан алынған өнімдерді
пайдаланғанда А2 өнімді тұтын
Э3=(У1-У2) Ао+А2,
Мұнда: У1, У2- шикізатты және қалдықты пайдаланғанда табиғи ортаға
келетін зияндар;
Ао- жылдық қалдық пайдалану
Уо- қалдықты пайдаланбағанда табиғи ортаға келетін зиян.
Көпшілік жағдайда
қалдықты пайдалану тиімін
Біраз эканомистер қалдықсыз
және аз қалдықты өндіріс,
Э = R – S
Варианттардың қайсысында
Жиынтық халық шаруашылық эканомикалық тиім: өнімді шығару және тұтыну тиімдерінен, қалдықтарды орналастыру, залассыздандыру шығындардың үнемінен; шикізатты қалдықпен алмастыру тиімінен; табиғат ресурстарын өсіру, қорғау шығындардың үнемімен; аймақтың кешенді даму, оны ресурспен кешенді қамтамасыз ету тиімімен; сыртқы сауда тиімімен; экалогиялық және әлеуметтік тиімдерден тұрады.
Тұтыну тиімді табиғат
Қалдықтан шығарылған өнімнің
сапасы шикізаттан алынған
Қалдықтарды жинауға едәуір
Қалдықты пайдалану
Есептеулерге керекті мәліметтер
Көрсеткіштер |
Өлшемі |
Шартты белгісі |
Саны |
|
2 |
3 |
4 |
Қалдықтан алынатын өнім |
тонна |
Ао |
16000 |
Қалдықты пайдаланудың жылдық шамасы |
тонна |
А |
25600 |
Қалдықтың бір өлшемін жинау шығыны |
тг |
ИТ |
7 |
Қалдықты пайдаланбағанда табиғи ортаға эканомикалық зиян |
тг/т |
У1 |
2300 |
Қалдықтан өнім шығарғанда оның бір өлшеміне шаққанда табиғи ортаға эканомикалық зияны |
тг/т |
У2 |
8 |
Қалдықтың бір өлшемін полигонда сақтау шығыны |
тг/т |
Ис |
0,147 |
Қалдықты шығару және жинау қондырғысына өзіндік күрделі қаржы |
тг/т |
Кс |
0,50 |
Қалдық жинайтын жердің эканомикалық бағасы |
тг/га |
ЦЗ |
32500 |
Жерді қалпына келтіру шығыны |
тг/га |
3р |
2618 |
Қалдықтың бір өлшемін жинауға қажетті жер ауданы |
га |
S |
0,00075 |
Қалдықты пайдаланғанда табиғи
ортаның ластануының азаюы
Ууд – Ит + Ис + Ен Кс = 7 + 0,147 + 0,15 · 0,5 = 7,22 тг;
Ут = ( Цз + Зр ) S = (32500 + 2618 ) · 0,000075 = 2,68 тг.
Қалдықтың атмосфераға, суға, ауыл
шаруашылығына эканомикалық
Эо = (2300 – 8) · 16000 + (7,22 + 2,68) · 25600 =37000 тг.
Жалпы халық шаруашылық тиім:
Мұнда: Э1 – қалдықтан нақты алу тиімі 11231 тг;
Э2 – қалдықтан алынған өнімді тұтынушыларға тиім 99700 тг.
Сонда Э = 48300 мың /тг болады
Қалдықты пайдаланып өнім
Есептеулер қалдықты пайдалану халық шаруашылығына тиімді екенін көрсетеді.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажеттін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.
Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші – табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ, бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатасын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырамаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.
Екінші қорытынды – табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.
Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? – деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бұл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.
Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориялық қолданысқа жеткізілмеді.
Қазір табиғат байлығын эклономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:
1.ұлттық байлықты есептеу;
2.табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімді игеру қажеттігін анықтау;
3.ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;
4.өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құның, бағасын дұрыс есептеу;
5.табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп 6.үмкіндіктерін есептеу;
7.жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;
8.табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;
9.жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;
10.арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;
11.табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.
Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншылықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері – табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері – табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері – табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдаланады.
Егер бұрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономикалық қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекеттік және жергілікті салық, қаржы-несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мұдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада – табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.
Табиғат байлығының экономикалық бағасы – оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ныталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есемптеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалану ынталандырылады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.
Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға жұмылдырады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.
Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г. Струмилин табиғат ресурстарының құның да оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну құндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек. Тағы бір мысал: Өндіру шығындары бірдей кендер сапасының - тұтыну құндылығының әр түрлілілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Тұтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жерге сапалы жерге қарағанда көп шығын жұмсалады (тыңайту, тегістеу, т.б. жұмыстар). Оның тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындық қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.
Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) артырады, ал ол қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалымөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т.б.
Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді.
Белгілі бір жағдайда
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану-өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану.Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану-кен қорын және оны өндіргенде қосымша өнім болып табылған тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.
Аймақтағы кен көздерін
Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады.Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; эканомикалық тиім және тиімділік, т.б.
Минералдық
шикізатты кешенді пайдалану
көрсеткіштері: кешенді