Табиғи материалдармен ойналатын ойындар
I Табиғи материалдар
мен құрастыру ерекшелігі
1.1. Табиғи материалдармен
жұмыс істеу әдістемесінің ерекшеліктері_________________
1.2.Табиғи материалдармен жұмыс істеу мазмұны__________________10-15
II Балалбақшадағы табиғи материалдармен жұмыс жасау ерекшеліктері
2.1 Әр жас топтарында балаларға
табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі____________________
2.2. Әр жас топтарындағы балаларға
табиғи материалдар үйрету методтары
мен тәсілдері_____________________
ІІІ. Тәжірибелік
бөлім_________________________
Қытынды_______________________
Пайдаланған әдебиетер_____________________
Қосымша:______________________
Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған құнды тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді. Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттық педагогиканы насихаттауга қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу — тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты. Сәндік қоленерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, окушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту кажет деп санаймыз. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің кұралы. Ою-өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады. Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяктауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.
I Табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі
1.Табиғи және құнсыз материалдар. Бұл материалдар балабақшада жеке, бір-бірімен үйлесімді түрде де, әр түрлі ойыншықтар және бұйымдар жасау үшін кең қолданылады, бұл балдырғандарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге олар үшін кең қолданылады, бұл балдырғандарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге олар үшін қызықты сабақ болып та табылады.Табиғи материалдың әр түрлілігі (емен жаңғағы, бүршік, бұршақ, дән, шөп, және т.б) және өңдеудің жеңілдігі мектепке дейінгілермен жұмыс істеуде оны кең пайдалануға көп мүмкіндік береді.Тәрбиеші балалармен бірге табиғи материалды дер кезінде дайындайды және оның қорын бүкіл жыл бойына толықтыра түседі. Мысалы жазда шалғыға оратылып қалатын ұзындығы оратылып қалатын ұзындығы бірдей өлең шөпті, тең болып буылған сабанды жинайды, қарағай, шырша, қандыағаш, саз қарағай, самырсын, балқарағайларды да жинайды да, соңынан ағаш желімімен өңдейді (олар қыста кеуіп жарылып кетпес үшін). Жаңғақтар мен талшындар ағаштан үзіліп түсісімен дайындалады (кеуіп қурап кеткен жаңғақ пен талшын сынып, майдаланып жұмысты қиындатады). Жемістардің дәнектерін (өрік, алхоры, шабдалы) жақсылап жуып және кептіріп кез келген уақытта, ал шаған мен уйеңкінің тұқымы тек қыста ғана жиналады. Материалдың әр түрі жеке қорапта немесе пакетте сақталады.
Қрахмалды (немесе бидай ұнынан жасалған ) желім таңертен қайнатылады және шамалы суыған кезде сабақтың алдында құйылады.
Сазбалшықты, әдетте жылына бір рет, жазда дайындалған дұрыс және олар полиэтиленді бактарда, шелектерде, пленкадасақталады. Сабақ қарсаңында тәрбиеші әрбір бала үшін сазбалшықтың шағын кескіндерін дайындайды, тақтаны тексереді. Саз балшықтан мүсін жасау үшін ылғал шүберек беріледі. Балалар оны бұйымның бетін жасау үшін пайдаланады, онымен қолын, столды, тақтаны сүртеді: сабақтан соң шүберекті кезекші сумен шаяды.
Педагог балалардың ойлауын, ынта –ықыласын дамытады, сан түрлі материалдан не жасау керектігін олардың өздерінің ойлауын ұсынады.
Егер топта жағдай жағдай жасалған
болса балалар өздерінің ынта –ықыласын
ескере отырып, бейнелеу іс –әрекетінің
өздері жақсы көретін түрін таңдап алатындай
орын, қажеті құрал –жабдық болса, онда
оларда біртіндеп бейімділік қалыптасады,
шығармашылық қабілеті дамиды.
Алақан арасына салып түзу және домалақтап
ширату іскерліктерін жетілдіру.
Саз балшықтың, қамырдың, ермексаздың,
қардың кесегінен мүсіндеуге және мүсіндеудің
түрлі ширату, жалпайту, пішіннің шетін
шымшып жалғастыру тәсілдерін қолдана
отырып бейнелер жасауға үйрету.
Сазбалшықтан пішіннің негізгі
бөлігін созуға (құстың тұмсығы, қоянның
құлағы), пішіннің үстін тегістеуге, бөліктерді
біріктіруге, оларды қысу және жағуға
(шыны аяқтың тұтқасы), толық пішінді беру
үшін ішіне қарай басуға (табақ, кружка)
үйрету.
Балаларды бейнелік ойыншықтарға,
бейнелеу өнері заттары мен сәндік-қолданбалы
өнерге талпындыру.
Заттардың бірнеше бөліктерін
тепе-теңдік қалпын сақтап, бөліктерді
бір-біріне біріктіру арқылы мүсіндеудің
тәсілдерін көрсету.
Балаларға түрлі материалдарды
қосып (ермексаз, саз балшық, табиғи және
қалдық материал) мүсіндеуге үйрету, шығармашылық
қиялын дамыту.
Балалардың көлемді пішіндер
мен қарапайым композиция мүсіндеуге
қызықтыру.
Адамдар мен жануарларды мүсіндеудің
түрлі тәсілдерін көрсету.
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияға
біріктіру жолдарын үйрету.
Стектерді қолданып жұмыс істеуге
үйрету.
Ағаш мүкісі деп – оның пішінінің, сыртқы түрінің, ортасының бұзылуын немесе ауытқуын айтамыз. Ол ағаштың ескіруінен немесе оған әсер ететін климаттың әсер ететін климаттың әсерінен болуы мүмкін. Ағаштың мүкістері оның сапасын, өңдеу қасиетін төмендетеді. Ағаш мүкістеріне мыналар жатады: көз, қиғаш қабат, қос өзек, сызат, шайыр қалталар, қуыс, шірік, құрттану т. б. Аталған мүкістердің кейбіреулеріне сипаттама бере кетейік. Қиғаш қабат деп ағаш талшығының бұрама түрде орналасуын айтады. Ондай ағаштарды кептіргенде олар ісініп кетеді, қисайып майысады. Мұндай ағаштарды аралап кесу де, оны өңдеу де қиынға соғады. Ағаш қуысы әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады, олар
жара секілді ағаш діңінің бас
жағында кездеседі. Қылқан жапырақты ағаштардың
мүкістері шайырланып кетеді. Мұндай ағаштар
морт сынғыш келеді. Шірік те саңырауқұлақтың әсерінен
пайда болады
Құрттану әр түрлі құрт құмырсқалар
мен қоңыздардың ағашты жеуінен туындайды.
Әсіресе ағаш тамырлары құрттанады. Ол
ағаштың діңінде, оның қабығы астында
немесе ішкі қабатында да кездеседі.
Құм терапиясы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын бейнелеу өнері арқы-лы дамытып, әр түрлі техникалық тәсілдерді қолдана отырып, сурет салуға үйрету, бейнелі сурет салуға қызығушылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқып, сурет сабағында «Алтын балық» тақырыбы бойынша ашық оқу іс – әрекетін өткізіп, іс-тәжірибе тараттым.
Бұл сабақтың ерекше-лігі жаңа технологияны пайда-ланып балаларға қылқалам, қарандашпен емес, құммен бейнелі сурет салуға үйрету.
Балалар асқан қызығушылық танытып, әрбір этаптың әрекетін ретімен орындап, құм бетінде балықтың бейнесін салып шықты. Қараңғыланған бөлмеде, астынан жарық түскен шыны бетінде 4 – жастан асқан балалардың бейнелеген балығының суретін көргенде семинарға қатысушы педагогтар тамсанғандарын жасыра алмады.
Тәрбиелену-шілердің еңбегін жоғары деңгей-де бағалады. Балалар құммен сурет салғанда, құм баланың әрекетіне әсер етіп, қызығу-шылық тудырады, қиялын өрбітуге жетелейді. Құммен сурет салуды қазір көп жерде қолданып жатыр. Қазіргі заманда білім беру парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қаты-нас пайда болды. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндет-тер жүктеп отыр. Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол деседі. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып, балалар-дың психикасын реттейді. Саусақ-қа тиген құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан клеткаларды оятады, жүйкесін тыныштан-дырады. Құмның психиканың жағымсыз қуатын жоқ қылатын сезімталдық жай күйді реттейтін қасиеті бар. Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді. Құм суды сіңіру қасиетіне ие. Осыған орай мамандар құм барлық ауыр психологиялық энергияны сіңіріп, адамның энергетикасын тазалап, эмоционалдық күйді орнықтыра-ды дейді. Бақылаулар мен тәжіри-бе құммен ойнау балалар мен ересек адамдардың эмоциялық сезімдеріне жақсы әсер етіп, жанды бағудың тамаша әдісі екенін дәлелдеді. Негізгі «психо-терапия» терминінің мағынасы да осылай. Құм терапиясының негізгі мақсаты – баланың ішкі сезім бағыттарының өздігімен жүзеге асуы. Осы мақсатта құм тера-пиясы балаға: Өз іс-әрекет-тері мен жасағандарына жауапты болуға;Сезімдерін басқару-ға;Ауыр жағдайларды бастан өткеруге;Өзіне деген сенімін арттырып, өз құндылығын түсінуге әсерін тигізе
Ағашпен жұмыс жасау: Бұрын қолөнер шеберлігіне
қажетті ағаштың барлығын ұсталар тікелей
өз қолдарымен жасаған. Мыс: киіз үй сүйегі,
ұлттық бұйымдар: сандық, кебеже, асадал,
жүкаяқ, жастық ағаш, т. б.
Олар ағашты уақытында кесіп,
кептіріп отырған. Ағашпен жұмыс жасау
кезінде шабу, кесу, тегістеу, өңдеу жұмыстары
құрал - саймансыз жүзеге аспайды. Енді
ағаш өңдейтін құралдармен толық танысайық.
1. Кескіш құралдар. Бір жағы
біркелкі жақталған, ұшы өткір құралдарды
кескіш құралдар дейміз.
Оларға қос қолды пышақ, бір
жақты пышақ, ауыспалы жүзді әшекей пышақ
жатады.
2. Шабуға қажетті саймандар:
шаппашот, ағаш балға, балта, ыңғыру құралдары.
3. Кесуге арналған құралдар:
қол ара, жақ ара, екі кісілік ара.
4. Тегістеу құралдары: сүргі,
шерхебель, фуганок.
Кесу әдістері: Ағашты кесетін
ең басты құрал – ара. Араның қалыңдығы
әр түрлі болаттардан жасалады, оны төсем
деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, тегіс
болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып
қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет
атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын
кеседі, екіншіден кескенде пайда болған
ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып
отырады.
Ағаш кесу кезінде жасалатын
бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны
пайдалануға болады.
Ағашты арамен кесу
кезінде денеңді, араны дұрыс
ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол
қолыңмен кесетін ағашты тіреп
тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан
сәл алшақтау болсын. Араны күшпен
кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс
жасау керек. Ағашты көлденең
кескенде кесу бағыты ағаш
талшығына перпендикуляр, ал ұзын
бойы кескенде параллель
Ою-өрнектер
Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен
әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан
ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык
талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың
өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну
қабілетін арттырып, ұлттық санасының
қалыптасуына негіз калайды. Халық педагогикасы
- оқушыларды колөнерге баули отырып, адамгершілікке,
өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының
қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте
қайнасып келе жатқан бай қазына.
Ою-өрнектердің өзіндік шығу
тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз»
өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган
сәтін көз алдыңа елестетеді.
Бұл өрнек көбінесе кілем, шұлык
пен қолғап тоқымасында қолданылған.
Қазактардың оюын сипатына
қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа
бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу,
зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп
салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі
сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері
өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын
жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған
бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген
және оны халық түсінігіне лайыктай алған.
Көненің көзі мен тарихының
сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-өрнексіз
болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі
көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған.
Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін
алына салмаған. Оның астарында бүтіндей
бір халықтың тұрмыс тіршілігі « жасырынып
» жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көріністерінің
бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы
тұста түйін де жасауға болады.
Қазак халкьның ою-өрнегіндегі
ең негізгісі - «Қошқармүйіз» немесе «Мүйіз».
Осы «Мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге
бөлінеді. «Сыңармүйіз», « Сынықмүйіз»,
«Қырықмүйіз» т.б. Бір сөзбен айтканда
«Мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын
саласы жоқ.
Өнертанушы ғалым В. Чепелев:
«Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір
сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек.
Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс - салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы.
Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің
тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.
II Балалбақшадағы
табиғи материалдармен жұмыс
жасау ерекшеліктері Әр жас топтарында
табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.
Бірінші кішкентайлар балалары алдымен құрылыс
материаларымен (кірпіш, кубик), оларды
стол үстінде қалай тұрғандығымен (тікесінен
бе, алде ұзынынан ба) және әр түрлі жағдайға
байланысты орнықтылығымен таныстыру
керек. Кірпіштерді (поезд, жол) көлденеңінен
орналастыруды үйрету керек, бірінің үстіне
бірін қойып, қарапайым құрылысты (қақпа,
үй) немесе одан гөрі күрделірек құрылысты
бейнелей отырып, олардың орналасуын түрліше
комбинациялау керек. Тәрбиеші балдырғандарға
айнала қоршаған өмірдегі таныс құбылыстар
мен құрылыстар арасындағы ұқсастықты
табуды үйретеді.
Екінші кішкентайлар тобындағы балаларды тек қана негізгі құрылыс детальдарын айыра білуге (кубик, кірпіш, пластина) ғана емес, сонымен бірге оларды атауға, сондай-ақ үлкен –кіші, ұзын-қысқа, жоғары-төмен сияқты сөздерді дұрыс түсінуге және қолдануға үйретеді; кірпіштерді шеңбер бойынша, төртбұрыш бойынша кішкентай жазықтыққа бірдей қашықтықта орналастыруды үйрету қажет.
Бағдарламадан өту. Бірінші кікентайлар тобындағы
балалар 8-9 аралығында қарапайым құрылыстарды
салуды үйренеді; мебель (стол,орындық,
диван, керует),мұнара, саты, көпір, үйшік
трамвай. Бірінші сабақта сәбилер алдыңғы
топта жасаған құрылыстарды қайталайды,
сонан кейін балалар мебель жасауға кіріседі.
Әуелі әрбір зат жеке әр түрлі вариантта
жасалады, сонан соң балаларға бірден
2-3 құрылыстар (стол мен орындық, стол мен
диван және т.б) жасау ұсынылады. Осы құрылыстардың
ойына арнап балдырғандарға қуыршақтар,
ыдыс- аяқтар, кескінді-қиқымдар беріледі.
Егер тәрбиеші көптеген балалардың
тапсырманы орындай алмай отырғанын немесе
бірнеше балаларға тән жалпы қателер байқаса,
оларда қиыншылық тудыратын кей тұстарға
көңіл аударып, бұндайда қайталап түсіндіруді
және көрсетуді пайдаланады. Тәрбиеші
балалардың іс-әрекетін талдау кезінде
тек оның нәтижесін ғана емес (балалардың
құрастыруының дурыстығын және ұқыптылығын),
сонымен бірге процестің өзін: балалар
үлгіні қалай талдайды, табиғи материалы
қалай таңдайды, жеке әрекетті қалай орындады
және т.б талдайды. Тәрбиеші құрылыс материалдарын
детальдары атауын балалардың меңгеруі
мақсатымен сабақтың өзінде емес, сонымен
бірге материалдарды сабақтан соң жинауда
да және ойын өткізгенде де (әуелі материалдарды
шашып тастамай және столдың үстіне топтпйды:
кубиктер, кірпіштер және т.б, ал сонан
соң оларды столдан ретімен жинастырады),
сондай-ақ дидактикалық ойындарда: «Не
жоқ?» «Ғажайып кішкентай қалта» және
т.б пайдаланады.
Сабақтан соң балаларға құрылыс материалдарымен бірге құрылысты қалай бұзатындығын және материалдарды орнына қоюды әлсін-әлсін көрсету керек, өйткені бұл процесс мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаға қызықты, кішкентай балаларға материалдардың жеңіл және қызықты түрін қолданады.
Естиярлар тобында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.
Бұл топтағы балалар
таныс детальдардың аттарын
Балалар құрылысты
өздігінен талдауға –оның
ұйренеді. Егер кішкентайлар тобындағы балалар негізінен тәрбиешінің үлгісңмен, көрсетуімен «үй» тұрғызуды үйренсе, онда естиярлар тобындағы балалар аталған тақырып бойынша (оларға таныс), шарт бойынша және өзінің ойынша жасауды үйренеді.
Сонымен бірге құрылыстың жүйелілігі жоспарлауды үйретуге, мазмұнына сәйкес формасы, көлемі және беріктігі бойынша детальдарын күні бұрын іріктеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Естиярлар тобында бәріне де бұрын информацияллық –рецептивтік әдіс пайдаланылады. Қандай да бір жаңа конструкцияны жасауды үйрете отырып (көпір, машйна, трамвай және т.б), тәрбиеші балаларды объектінің өзімен немесе оның бейнесімен таныстырады, негізгі бөліктерін бөлуге жәрдемдеседі және олардың практикалық қолдануын анықтайды. Осындай мақсатпен тәрбиеші айнала қоршаған объектіні, балалар құрылысын, иллюстрацияны балалармен бірге қарайды. Сабақта құрылыстардың үлгісін зерттеу кезінде педагог балалардың тәжірибесін пайдаланады және зат пен оның құрылыстағы бейнесі арасындағы сәйкестігін анықтауға көмектеседі. Сонымен бірге тәрбиеші балалардың өздерін талдауға қатыстырады, құрылыстың қандай бөліктерден тұратындығын (мысалы, көпір –жүретін, түсетін бөліктерден, тіректен және т.б ) және олардың практикалық мәнінің қандай екендігін, бұл бөліктер қандай детальдардан жасалғандығын (кубиктен пластинадан, кірпіштерден) сұрайды. Табиғи материалдардан бұйымдар дайындау процесінде балаларда жалпы іскерлік пен дағды қалыптасады: заттарды талдау іскерлігі , жүйелі және жоспарлы жұмыс істеу іскерлігі, басталған істі аяғына жеткізу, сондай –ақ көз мөлшерлігі, қолдарының қозғалуының нақтылығы дамиды т.б.
Жазғы кезеңде балаларды табиғи материалдардан бұйымдар жасауға қатыстыра бастайды. Бәрінен бұрын тәрбиеші осы материалдарды таныстырады және бұрын дайындап қайған қарапайым бұйымдарды (жапырақтан жасалған бөрік, грек жаңғағының қабығынан жасалған кірпі мен қайық, бүрлерден жасалған шымшық және т.б) қалай пайдаланатындығын демонстрация жасап көрсетеді. Тәрбиеші балалрады жеке заттардың арасындағы ұқсастықты таба білуге үйретеді. Тәрбиеші бөліктерді бекіту үшін материалдың түсін сәйкес (қабық, бүршік және т.б) пластилиннің түсін таңдауды ұсынады.
Табиғи материалдан констуркциялау
жөніндегі сабақ әдетте құрылыс материалдарынан
констуркцияла жөніндегі сабақпен кезектесетіріледі.
3. Үйрету методтары
мен тәсілдері.
Үйретудің басында, табиғи материалдар мен жұмыс істеу дағдысы жоқ кезде, үлгі көрсетіп және түсіндіру –үйретудің негізгі тәсілі болып табылады,
балалардың іс –әрекеті егжей –тегжейлі (яғни бұйымдарды орындау процесінің барлығы көрсетіліп және түсіндіріледі) болады. Түсіндіру дәл және қысқа болуы керек, тәрбиеші анық және бейнелі түсіндірсе, онда балалар алдынғы тапсырманы жетістікпен орындап шығады.
Табиғи материалдардан констурукциялар үйрену тек жылдың аяғында болатындықтан және әлі балаларда ешқандай тәжірбие жоқ кезде басталатындықтан балалар программада берілген аздаған бұйымдарды, тек тәрбиешінің көрсетуі мен түсіндірүі бойынша жасайды. Мысалы, балаларға грек жағңғағының қабығынан кірпіні жасауды үйрете отырып, тәрбиеші алдымен оларды не кірпімен немесе оның картинадағы бейнесімен
таныстырады және оның денесінің формасын, тікенек жамылғыларын, алға шығынқы тұмсығын бөліп көрсетуге жәрдемдеседі. Сонан соң сабақта дайын ойыншық –бұйымды көрсете отырып нағыз кірпімен ұқсастығын атап айтады және мұндай ойыншықты қалай жасау керектігі туралы тәптіштеп түсіндіреді: денесін грек жаңғағының жартысынан, тұмсығы мен тікенектерін қабықтың түсі сияқты пластилинмен және т.б. Тәрбиеші қабыққа пластилинді қалай жағу керектігін, тұмсығын қалай созып жасайтындығын, арқасына тікенекті қалай жапсыру керектігін және т.б көрсетеді, ал балалармен бұйымдарды жасау кезінде оларға ақыл –кеңесімен, тікелей көрсетуімен және т.б жәрдемдеседі.
Балалар жасаған бұйымдар ойын үшін қажет: кішкентай қайық, кішкентай жүк машиналары, үйшіктер –ойынға және т.б пайдаланылуы маңызды.
Үлкендердің балалар бұйымдарына мұндай көзқарасы балалардың өздерінің оларға деген қызығушылығын арттырады, кейінгі жұмыстарды орындауға аса ұқыптылығы мен творчестволығын дамытады.
Табиғи материалдардан конструкциялау бойынша сабаққа алдын –ала материалды дайындау тәрбиешінің көптеген уақытын алады, ал ол бұл сәтті алдағы жұмысты талдауға балаларды тарта отырып тәрбиелік мақсатта пайдаланылады.
Табиғи материалдардан бұйымдар жасау үшін материалдарды біртәндеп дайындау кезде педагог балаларға табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелеу туралы қамқорлық жасайды, ағаштың бұтақтарын және бұталы сындыруға болмайтындығын, жапырақ түскен кезде оларды жинау керектігін, бұтақтарды жинауды ағаштарды кескен уақытта жасау керектігін атап көрсетеді және т.б. Ол сондай –ақ осы сәтті ұқсастықты анықтау үшін де («Бұл неге ұқсас?») пайдаланады, ойдың шығармашылықтың, фантазияның қалыптасуына ықпал етеді.
Ересектер тобында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.
Ересектер тобында заттарды талдау іскерлігін, оларға тән белгілерді бөліп көрсетуді, осы белгілері бойынша салыстыра білуді жалғастыра біледі. Жеке құбылыстар арасындағы әр түрлі байланыстықты анықтайтын қабілеті дамиды. Осы топта оқу іс –әрекетінің қарапайым элементтерінің қалыптасуы –айрықша орын ала бастайды. Тәрбиеші қойған міндетерін түсіну, әрекеттің әдісін анықтайтын нұсқауды жеке орындау.Коллективтік құрылысты жасай отырып (зоопарк, коше, балабақша), балалар бір –бірімен кеңесе отырып жұмыс істеуді, өзінің құрылысын бәріне ортақ бір ойға сәйкес біріктіруді үйренеді.Материалдарды пайдалануды түрлендіру іскерлігін балаларға үйрету мақсатында кез –келген тақырыптар алуы мүмкін: үй, транспорт, көпір және т.б. Сонымен бірге тәрбиеші сабақтың тақырыбын қабылдап, құрылыстың дайын үлгісін көрсетеді және олардың қолдарындағы материалдарды пайдалана отырып дәл солай жасауды ұсынады. Балаларда ойша конструкция жасау іскерлігін дамыту мақсатымен тәрбиеші құрылыстың тақырыбын балалардың өздері таңдайтынын, қажетті материалды өзі әрәктеп және оны жүргізудің белгілейтін сабақты ұйымдастыру керек.
Бағдарламалық міндеттер.
Балаларға табиғи материалды (дәнектерді, шөпті, бүршіктерді, үйеңкінің тұқымы т.б ) мақсатқа сай пайдалануды әр түрлі бұйымдарды жасаған кезде одан әрі үйрете береді. Балалар желімнің, сіріңке шйлерінің көмегімен жеке бөлшектерді жалғастыру дағдысын меңгереді. Балалар сондай –ақ өздерінің іс –әрекеттерін жоспарлауды, мақсатқа сай жұмыс істей білуді, өзіндік іс –әрекетті ұдайы жетілдіріп отырады.
Мектепке даярлық тобында табиғи материалдар мен құрастыру ерекшелігі.
Мектепке даярлық тобында балалардың заттарды қараған кезде жалпы белгілермен бірге олардың жеке бөліктерін де білуге үйретеді, заттардың негізгі бөліктерін ажырата білуге, ұқсастығын ажырата біледі.
Табиғи материалдардан (қабық, тақтайшалар, таяқшалар және т.б. ) конструкциялай отырып балалар әр түрлі ойыншықтар жасауға үйренеді.
Сонымен бірге тәрбиеші балаларды заттардың пішіндерді және оның атқаратын қызыметі арасындағы байланыстылықты анықтауға үйренеді.
Табиғи материалдардан бұйымдар жасау сабағын ұйымдастыра отырып, тәрбиеші емен жаңғағын, бүрлерді, бұтақтарды, талшын жемісін және т.б пайдалануды балаларға үйретеді, жеке бөліктерін әр түрлі әдістермен бекіте отырып (желіммен, сыммен, шимен және т.б) ойларға композицияға сәйкес кескінге мәнерлілікті бере білуге үйретеді.
Балалр өз ойларымен
тәрбиешінің тапсырмасы
Табиғи материалдардан бұйым жасау сабақтары (емен жаңғағы, қарағай бүрлері, түұым бұтақ) негізінен материалдар өңдеуге жеңіл болатын уақыт жазбен күзде жүргізіледі. Сабаққа дейін бірнеше күн бұрын тәрбиеші балаларға сабақтың тақырыбын хабарлайды және тисті материалдарды жинау ұсынылады.
Балаларды емен жаңғағынан әр түрлі кескіндерді (хайуанаттарды, адамдардың) жасауға, ал сонан кейін оларды композицияға біріктікруге үйрете отырып ( түлкі мен тырна, Қызыл Телпек пен қасқыр, екі ит т.б.)
тәрбиеші желім мен сіріңкенің көмегғмен жеке детальдарды бекіту әдістерін балалардың игеруге, сондай –ақ кескіндерге мәнерлілік беруге көңіл бөледі.
Бір столдың барысында отырған балалар бірігіп істеген жұмысы туралы, жалпы композицияға сәйкес кім қандай кескінді жасайтындарын келісіп алады, ал сонан кейін барлығы осы композицияны жасайды.
Тәрбиеші сондай –ақ ашылмаған қарағай бүрлерінен көбелектер мен балықтарды дайындауға үйренеді. Мұнан кейін осы сабақтарда алған білімдері мен іскерліктерін балалар ойша конструкциялау сабақтарында, сондай –ақ сабақтан тыс әрекеттерінде нығайтады.
Үйрету методтары мен тәсілдері.
Мектепке даярлық тобындағы балалар үлкен техникалық іскерлікті қажет ететін аса күрделі кострукцияны игереді, сондықтан бұйымдарды дайындау жүйелілігін егжей –тегжейлі түсіндіру мен көрсетуді тәрбиеші жиі пайдаланады.
Ойша жұмыс істеу үшін негізінен алдын –ала тыңғылықты дайындыққа байланысты:не жасайтындарын, оларға бұл үшін қандай материалдар керек болатындығын және т.б балалар неғұрлым ертерек ойланса, солғұрлым олардың бұйымдары қызықты және мазмұнды болады.
Мәселен, балалар тәрбиешімен бірге емен жаңғағынан әр түрлі кескін жасау үшін әр түрлі мөлшерлі және формалы емен жаңғағын, мүкті, қайыңның жұқа қабығын, жүгері шашақпен жинайды және т.б. балалар күні бұрын өздерінің
композициясы (екіден ) ақылдасып алса (ертегінің сюжеті, өлең), онда олар бұл материалдарды мақстты, оны осы конструкциялық ойға сәйкес белсенді түрде талқылай отырып жинайды: ірі жаңғақ –денес үшін, әр түрлі іліңген бұтақтары –қолдары, алақан табандары үшін, оларды біріктіргенде жүгіретін, отыратын, секіретін кескін болатындай болуы керек. Тәрбиеші
балалардың олардың ойына сәйкес жасауды үйретеді. Ол балалардың зейінің табиғат тарту еткен пішіндердің мәнерлігіне көңіл аударуға,
өрнектеле иірілген ағаштардың ұқсастығын көре білуге, әр түрлі хайуандар кескініндегі бұтақтар (шауып бара жатқан бұғы, және т.б) кейіп және осы бұтақтарды басқа материалдармен толықтыра отырып (пластилин, тұқым, жидектермен, гүл жапырақтарымен ) бейнелікті күшейтуге үйренеді.
Көбіне тәрбиеші бұйымдар жасауға тікелей қатысады. Өйткені, балалар дайын кескіндерді тұғырға орната бастаған кезде тәрбиеші бізбен тұрғанды және кескінің табанын тесіп немесе балалармен бірге балықтарды, көбелектерді ашылмаған қарағай бүрлерінен жасалған кезде өткір пышақпен қанаты мен желбезегі үшін тесік жасайды. Балалардың жұмыстарының көрмесін ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.
Балаларда өзінің жұмысын жақсы жасауға ынтасын артады, оның орналасуына жауапкершілігі артады. Ал көрмені мұымдастыруға баланы тарту аның эстетикалық талғамының артуына ықпал тигізеді.
Тәбиғи материалмен жұмыс істеу қызық ( қайыңның қабығы, қабық, сабын, бүршік, емен жаңғағы. Майда тастар, жапырақ).Орманға серуендеу кезінде тірбиеші бұтақтардың көрнісінің неге ұқсас екенін сұрай отырып және формасына балалардың зейінін аударады.
Ол балаларға табиғи матиралды жинап, содан кейін одан қызықты ойыншықтарды қалай жасайтынын көрсетуді ұсынад.
Қарағай бүрі мен
пластлинен кірпіні , балықты, көбелекті
жасауға болады, сабан мен балшықтан
әтешке немесе көжекке үйшік
жасайды, қарағай бүршігі, мүк және
бұтақтардан орманшы үйін
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру-жапсыру.
Тақырыбы: “Жапырақтан балық жасау”.
Тобы:Ересектер
Мақсаты: балаларды өсімдік атаулымен
таныстыру,ағаштар және олардың құрылысы
туралы түсінік беру, желіммен,
жапырақпен жұмыс істей білу іскерліктерін
дамыту,қолдың ұсақ бөлшектерін дамыту.Байланыстырып
сөйлеу дағдысын дамыту .
Балалардың табиғатқа сүйіспеншілігіне
тәрбиелеу, табиғаттың әсемдігін тамашалай
білуге үйрету.
Көрінекілік:
ағаш, жапырақ
Әдіс-тәсілдер:
көрсету, әңімелеу, түсіндіру, сурақ –жауап.
Іс-әрекеті кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Шаттық» шеңбері |
Балалар ортаға шығып шаттық
шеңберін айтады. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар жылдың қай мезгілі? Шарты: Музыка ойналады.Жерге
жапырақтар шашып тастаймын,содан соң
сендер музыка аяқталған соң жапырақты
жинап аласыңдар. |
Күз Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Балалар Балық жасайды, Үлкен жапырақ денесі, |
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Балалар сонымен біздер бүгін
қандай оқу іс әрекетін өткіздік? |
Жапсыру. Үлкен шеңбер құрайық
Күз!
|