Табыс есебін жүргізу

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1.Қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы

1.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің  экономикалық мәні

1.2 «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру

1.3  Кәсіпорынның техникалық  экономикалық сипаттамасы

 

2. Кірістер мен шығыстар есебі  және қаржылық нәтиженің қалыптасуы

2.1  Кірістер есебі

2.2  Шығыстар есебі

2.3 Қаржылық нәтиженің қалыптасуы және трансформация

 

3. Қаржылық нәтиженің қалыптасу  аудиті

3.1 Аудиттің мақсаты мен міндеттері

3.2 Қаржылық нәтиженің аудиті

3.2 Қаржылық нәтижені талдау

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша елдегі экономика ахуалының қалыптасу деңгейі жоғарлауын атап өтіп, Мемлекет басшысы әлемнің жетекші экономикасының тұрақтану белгілері байқалып отырған кезең қарсаңында, өндірістің қалпына келіп, металға баға көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің ішкі жағдайының қалыптасуы жаман емес екенін мәлімдегенін жыл сайынғы Жолдау арқылы білеміз.

    Дегенмен мұндай жағдайға  жету экономикада болып жатқан  әртүрлі ауыртпашылықты, атап айтқанда  қаржылық дағдарыс жағдайында қойылған талаптары мен олардың әріқарай дамуы ұйымның экономикалық жұмысының барлық жүйесінің елеулі қайта ұйымдастырылуын талап етті. Кеңес үкіметі кезеңінде ұзақ жылдар бойы отандық ұйымдардың көпшілігі жоспарлау, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдаудан көп тәжірибе жинақтады. Бірақ бұл тәжірибе нарықтық экономика ұстамдарынан едәуір ерекшеленетін, теориялық негіздегі орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында қалыптасты.

   Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алынғаннан кейін, ұйымдар өз қызметінің нәтижесіне толық жауап беретін дербестікке қол жетіп, экономикалық және заңдылық тұрғыдан оқшауланды. Ұйымның өндірістік – қаржылық қызметінің тиімділігіне деген басқарудың барлық буындардың жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынды банкроттық пен күйзелуден құтқаруға ешкім көмектеспейтін болды. Өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта құру арқылы мәселелерді ұйымның өзіне шешуге тура келді. Бірақ, ұйымдық нысандар тұрғысынан кәсіпорындар ішінде бұрынғыдай жоспарлау сақталып қана қоймай, тіпті оның мәні күшейе түсті, бухгалтерлік есеп, сонымен бірге өндірістік-қаржылық қызметті жан-жақты экономикалық талдау да жалғастырылды. Бірақ, олар көпшілік жағдайда айдың соңында жүргізілгендіктен, оның тиімділігі онша жоғары дәрежеде болмады.

  Дегенмен де, түбегейлі өзгерістер, ең алдымен бұрынғы жоспарлау, есеп, бақылау және талдау әдістемесінде басқару үшін экономикалық ақпаратты қалыптастыру мен пайдалану жүйесінде қажет болды. Қазіргі жағдайда өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелер туралы ақпараттарды қалыптастырудың, оларды басқарудың жаңа жолдарын құру, жедел талдау үшін алынатын мәліметтердің жеделдігі мен құндылығын арттырудың дәстүрлі емес жүйесін құру – қазіргі шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен бақылауының және талдаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

   Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы тез жоғарылауда. Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін және қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.

   Мұндай талдаудың нәтижесі біріншіден меншік иесіне, сонымен қатар кредиторларға, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлар мен салық қызметтеріне қажет. Осы дипломдық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауы негізінде меншік иесінің көзқарасы жағынан жүргізілген, яғни ішкі қолдану мен қаржыны оперативті басқару үшін және шешім қабылдау үшін қажет.

    Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қалыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі.

   Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды. 
         Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылатын кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған  нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын көрсеткіштерін айқындау.

   Дипломдық жұмысты үш бөлімнен тұрады:

  • Бірінші бөлімінде қаржылық нәтиженің қалыптасуы мен кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы мен  «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру тәртібі және   техникалық экономикалық сипаттамасы қарастырылған;
  • Екінші бөлімінде кірістер мен шығыстар есебі және қаржылық нәтиженің қалыптасуы;
  • Үшінші бөлімде қаржылық нәтиженің қалыптасу аудиті мен нәтижесін талдау қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қаржылқ нәтиженің  қалыптасуы мен кәсіпорынның  экономикалық сипаттамасы

 

    1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің экономикалық мәні

 

Кәсіпорын қызметі есепті кезең ішінде шаруашылық операцияларының нәтижелерін қортындылай келе қызметінің жүргізілу жолына баға беру мақсатында қаржылық нәтижесінің экономикалық мәнін анықтайды. Анықтау барысында қызметіне оң немесе теріс бағалауы келешекте жұмыс жоспарын оңтайлы құрып басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіншілік туғызады.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.  Шетелдік теорияда "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:

"Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).

Ықшамдалған түрде бүл түсінік 2007 жылы 28 ақпандағы "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 234 Жарлығында анықталған. Жарлықта былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы"    Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.[19]

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

 Қаржылық нәтижені есептілік көрсеткіштері ретінде табысты тану үшін келесі шарттардың бірі орындалуы қажет :

  • Алынатын табыс сомасының өте жоғары шынайлық дәрежесінде бағалау мүмкіндігі бар болғанда;
  • Осы іс – шарамен байланысты табыс сомасы  алынуының мүмкіндігі өте жоғары болған жағдайда.

 Экономикалық маңызы зор кәсіпорынның табысы келесі операциялар нәтижесінде алынуы мүмкін:

1. Тауарлы – материалдық қорларды  сату нәтижесінде;

2. Қызмет көрсету нәтижесінде;

3. Активтерді уақытша пайдалануға  беру нәтижесінде.

Алынған табыс сомалары әр түрлі әдістер бойынша есепке алынады:

1. Жеткізілуіне байланысты есепке алу әдісі;

2. Мәмілені іске асыру кезеңдері  бойынша есептеу әдісі;

3. Өндіріс бойынша есепке алу  әдісі;

4. Құнын бөліп төлеу әдісі.

Табыстар есебі шоттар жоспарының алдынғы бөлімінің пассивті шоттарында (реттеуші шоттарды есепке алмағанда ) жүргізіледі. Табыс сомасының пайда болу және көбеюі пассивті шоттардың кредиттік айналымында, ал дебеттік айналымында табыстар сомасының есептен шығарылуы көрсетіледі. [18]

 Тауарлы - материалды қорларды  сату нәтижесінде алынған табыстар  сатып алушыға меншік құқығы толық берілгенде және сатумен байланысты шығындарды бағалау мүмкін болған жағдайларда танылады.

Қазақстан Республикасында да  есептеу қағидасын  қабылдағанға дейін кассалық тәсіл қолданылып келген.

 Кассалық тәсіл бойынша табыс  сомасы ақша қаражаттары сатушының шотына нақты келіп түскенде ғана танылып есепке алынады.

  Халықаралық стандарттарға  көшуге байланысты барлық ұйымдар 1996 жылдан бастап есептеу принципін  қолданады. Есептеу принципі бойынша  табыс сомасы нақты келіп түскенде  емес алған пайда болған кезде танылады.

 Тауарлы – материалдық қорларды  сату нәтижесінде алынған табыстарды  дұрыс тану үшін сату жөніндегі  келісімнің шарттарын толық зерттеген  жөн. «Сату кейінге қалдыру схемасы бойынша» сатқан жағдайда тауарды тасымалдап жеткізу сатып алушының өтініші бойынша кейінге қалдырылады.

 Сатып алушы меншік құқығын  иеленген жағдайда да сатушы  табыс сомасын ғана алады. Белгілі  шоттар бойынша тауарларды тиеп  жөнелткен жағдайда табыс төмендегідей  түрде танылуы мүмкін 

1.Осыған байланысты бекіту және тексеру қажет еткенде, мұндай жағдайда сатушы тауарды жеткізіп, орнатып, тексеруден өткізгеннен кейін ғана табыс сомасын тани алады.

2. Консегнацияға сатқан жағдайда  сатушы табыс сомасын тауарды  алушы 3-ші жаққа сатқаннан кейін  тануына болады.

Сонымен қатар шотты толық төлеп біткеннен кейін сатып алушы тауарды тасымалдап жеткізеді. Мұндай жағдайда сатушы тауарды жеткізіп бергеннен кейін табысты кіріске алады.

 Толық немесе жартылай алдын  ала төлем жааған жағдайда  табыс сомасы сол тауармен  байланысты барлық тәуекел мен түсімдер сатып алушыға   өткеннен кейін танылады.

 Құнын бөліп төлеу шарты  бойынша табыс срмасы есепті  кезеңдегі кезекті төлем мөлшерінде  табыс ретінде есепке алынады.

 Жылжымайтын мүлікті сатқан  кезде табыс сомасы меншік  құқығы сатып алушыға өткен  кезде ғана табыс танылады.

 Қызмет көрсетумен байланысты табыстар келесі шоттар орындалғанда танылады:

1. мәмленің есепті кезең соңына  аяқталатындығын дәл анықтау  мүмкін болғанда;

2. мәмлені жүзеге асырумен байланысты  шығындарды  дәл бағалау мүмкін  болған жағдайда. Мәмленің аяқталу кезенің анықтаудың 3 әдісі бар:

Біріншісі - белгілі бір мерзімдегі нақты шығындардың мәмле бойынша жалпы шығын көлеміне пайыздық қатынасы арқылы;

Екіншісі -  белгілі бір мерзімде нақты орындалған қызметтердің мәміле бойынша жалпы көрсетілуге тиісті қызметтер көлеміне пайыздық қатынасы арқылы.

3. нақты орындалған жұмыстарды  талдау арқылы:

 Активтерді пайдалануға берумен байланысты пайыздық, роялти, дивидент түрінде табысты тануға болады.

 Қызмет көрсетуден алынған  табыстарды танудың 4 әдісі бар :

1. нақты орныдау әдісі - бұл бір әрекетті орындау нәтижесінде алынатын табыс. Мысалы:сервистік қызмет көрсетуден түскен табысы, медициналық көмек көрсеткені шін тапқан табысы т.б.;

2. пропорционалды орындау әдісі.

Бұл әдіс қызметтің көрсетілуі бір кезеңнен астам уақытты қамтыған жағдайда алынатые табысты тану әдісі. Мысалы: банктердің ипотекалық төлемдерді өңдеу нәтижесінде алынатын табыс, оқытушының табысы.

3. қызмет көрсетудің аяқталуына  байланысты табысты тану әдісі. Бұл әдіс бойынша сериялық  өндірісте немесе бір типтес  емес операцияларды орындаудың ең соңғы кезеңінде табыс танылады. Мысалы: жүк тасымалдаушы ұйым, жүкті қораптап, тиеп тасымалдап, сатып алушыға жеткізіп бері операцияларды , толық жүзеге асырғаннан кейін ғана табысты тани алады.

4. инкассалық әдіс. Бұл әдіс бойынша  нақты ақша сомасы сатушы ұйымға келіп түскеннен кейін ғана танылады. [15]

Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады:

Біріншіден, өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет

Екіншіден, негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Үшіншіден, капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мүлде бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгізу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.   Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

    1. «Планета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепті ұйымдастыру

 

Кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізілуі есеп саясатының негізінде қарастырылады. Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның негізінде қаржылық, өнеркәсіптік есеп беруді жасауда қолданылатын әдістердің, принциптердің, дәстүрлердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну керек.

Кәсіпорында есеп саясатын қалыптастыру тәртібін қарастыратын болсақ, ҚЕХС және Ұлттық стандарттарда және есеп  жөніндегі басқа негізгі құжаттарда ұсынылғандардан кәсіпорынның өзі:

  • компьютерлік  техниканың нақтылығын, есеп   қызметкерлерінің дайындық деңгейін, өндірістің ұйымдастырылуын ескеріп, бухгалтерлік есептің нысанын/ бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны(формасы), есептің журналдық-ордерлік немесе мемориалдық нысаны/ таңдайды;
  • Бухгалтерлік есептің шоттар тізбегін /шоттардың толық жоспары, басқару құрылымындағы кәсіпорындар үшін шоттардың шағын кәсіпорындар үшін шоттардың қысқартылған тізбегі және басқалар/ таңдайды;
  • Капиталды реттеу мүмкіндік беретін амортизацияны және негізгі құралдарды есептеу әдістерін таңдайды. Егер қазіргі кезде амортизацияны есептеудің тек бір ғана бірқалыпты әдісі қолданылатын болса, Ұлттық бухгалтерлік стандарттарда бірқалыпты (түзу сызықты) әдістен басқа кумулятивтік, азайып отыратын қалдық орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді әдістер бар;
  • өндірісте ұйымдастыру ерекшелігіне, қойма шаруашылығының қалай реттелгені, нормативтік базаның, есептелгіштердің, салмақ өлшейтін, басқа құралдардың нақтылығына қарай, инженерлік-техникалық, экономикалық және есеп қызметкерлерінің біліктілігіне қарай кәсіпорын өндіріске шығарылатын шығындардың және өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялаудың, /қарапайым, тапсырыстық, өндірістік кезеңдер бойынша, нормативті немесе алғашқы үш әдістің нормативті әдіспен қосылған түрі; «стандарт-кост», «директ-костинг»/ калькуляциясын таңдайды;
  • кәсіпорындар аяқталмаған өндіріс қалдықтарын есептеу мен бағалаудың бір әдісін /түгелдеу бойынша, дайын болу деңгейі бойынша және басқалар/ қолданатын болады; шала фабрикаттардың есебі мен қозғалуын ұйымдастырудың /шала фабрикатты немесе шала фабрикатсыз/ нұсқасы; көліктік дайындау шығындарын немесе өндірісте жұмсалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнының ауытқуын тұрақты есептеу бағалары бойынша /+,-/ материалдар есептен шығарылған шоттарға немесе тек  8010 - «Негізгі өндіріс» шотына апару нұсқасын қолданады:
  • «материалдарды дайындау және алу» және «материалдар құнындағы ауытқулар»шоттарын пайдаланып  немесе оларды қолданбай материалдық  құндылықтарды дайындау процесін есептеу әдісін таңдау құқығы беріледі: /бұл жағдайда тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындау және алуға байланысты шығындар 1310 - «Материалдар» бөлімшесінің жеке талдамалы (аналитикалық) шоттарында ескерілетін болады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың жинақтамалы (синтетикалық) және талдамалы (аналитикалық) есептің қай әдісін: жедел-бухгалтерлік /сальдо/ әдісін немесе қосарланушылық /қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық саны құны қосарланады/ әдісін пайдаланатынын кәсіпорындардың өзі шешеді;
  • талдамалық есепте тауарлы-материалдық құндылықтарды қалай бағалауға болады: тұрлаулы /жоспарлы, шартты, көтерме/ есеп бағасымен немесе олардың нақты өзіндік құны бойынша бағалайды;-өндіріске және басқа мақсаттарға тауарлы-материалдық құндылықтардың жұмсалуын қалай бағалайды: олардың орташа қалыптасқан өзіндік құны бойынша, «ФИФО» әдісі бойынша /материалдық құндылықтардың ең ескі қорлары бірінші болып жұмсалады.

Есеп пен калькуляцияны ұйымдастыру нұсқаларының тізбесін соза беруге болады. Барлық  бухгалтерлік стандарттарды белгіленген тәртіппен қабылданған соң олардың саны тіпті өседі.

Кәсіпорынның есеп саясаты мыналарды қамтамасыз етуі міндетті:

  • шаруашылық қызметтің барлық факторларының бухгалтерлік есепте толық көрсетілуін-есеп толықтығын талап ету;
  • болуы мүмкін табыстар мен активтерге қарағанда /жасырын резервтер құруға жол бермей/ ысырап /шығындар/ пен пассивтердің бухгалтерлік есебіне үлкен дайындығын – сақтықты талап ету;
  • бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметі фактілерін олардың тек құқықтық нысандарына емес, факторлардың экономикалық мазмұны мен шаруашылық жүргізу шарттарына сүйеніп көрсету-мазмұнның нысаннан басым болуын талап ету;
  • әр айдың бірінші күнінде талдамалық есеп мәліметтерінің синтетикалық / жинақтамалық/ есеп шоттарының айналымдарымен, сондай-ақ бухгалтерлік есеп-беру көрсеткіштерінің синтетикалық /жинақтамалық/ және талдамалық есеп мәліметтерімен тең болуын-қарама-қайшылық болмауын талап ету;
  •    шаруашылық қызметі шарттарына және кәсіпорын көлеміне сүйеніп, бухгалтерлік есепті ұтымды және үнемді жүргізу-ұтымдылықты талап ету.   Кәсіпорын қабылдаған есеп саясаты мерзімді болуы керек. Ол кәсіпорынның шынайы экономикалық жағдайына, өндірісті ұйымдастыруға, компьютерлендіру деңгейіне және басқаларға негізделуі керек. Негізделген есеп саясатын акционерлер жиналысы/ кәспорын құрылтайшылары/  мақұлдаулары және жоғарыда тұрған ұйымдарға /бас кәсіпорынға/ және басқа мүдделі ұйымдар мен адамдарға жеткізілуі керек.

  Есеп саясатының негізгі  аспектілері шаруашылық жүргізудің  жаңа жағдайларында үлкен мән  берілетін кәсіпорынның жылдық есеп-беруіне түсіндірме жазбада көрсетілуі керек.

  Есеп саясатындағы кәсіпорын  қабылдаған өзгерістер мүдделі  заңды және жеке тұлғаларды  естеріне салынып, жылдық есеп  беруде көрсетілуі және негізделуі  керек.

 Есеп саясаты Уәкілетті органдар мен серіктестіктің қатысушысы шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл есеп саясатымен есеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдері анықталады.

«Планета» ЖШС-тің өз қызметін келесідей құжаттар мен нормативтік актілер негізінде жүзеге асырады:

    • ЖШС  Құрылтайшы құжаттары;
    • 01-сәуір 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (өзгертулерімен және толықтыруларымен);
    • 16-шілде 1999 жылғы №436 Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңы (өзгертулері және толықтыруларымен);
    • Қазақстан Республикасындағы мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін басқа да заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулықтар және әдістемелік ұсыныстар.

  Қызмет барысында серіктестік  өзінің есеп саясатына ішкі нормативтік құжаттарға (бұйрықтар, өкімдер және тағы басқалары) сәйкес рәсімделген өзгертулер енгізе алады. Сондай-ақ есеп саясатына өзгертулер келесі жағдайларда енгізілуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының Заңнамаларының өзгеруіне байланысты;
  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін нормативті реттеу жүйесінің өзгеруіне байланысты;
  • серіктестіктің бірігуіне немесе бөлінуіне және меншік иесінің ауысуына байланысты;
  • шаруашылық операциялар, активтер, меншікті капиталы, міндеттемелер және қызмет нәтижелерін көрсетудің басқа да бір тәсілін қолдану қажет болған жағдайда.

Кәсіпорынның басқару-ұйымдастыру құрылымы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Планета»  басқару органы болып табылады:

  • жоғарғы орган – қатысушы немесе оның өкілі;
  • атқарушы орган – директор.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Планета»  қатысушысы мен директорының өкілеттілігінің айналымы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және серіктестіктің жарғысымен анықталады.

Серіктестік директорының қол астында жұмыс істейді: директор орынбасары, бас бухгалтер, қызметті атқарушы тұлғалар, жұмысшылар және т.б.

Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді, басшығы қаржылық есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық, сенімді мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және салық есебінің жүргізілуін қадағалайды.

Кәсіпорын құрылымында келесідей бөлімдер мен қызмет көрсетулер бар:

  • әкімшілік-шаруашылық бөлім;
  • техникалық қызмет көрсету бөлімі;
  • жеткізу-қамсыздандыру бөлімі;
  • көлік-транспорттық қызмет;

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі. ЖШС «Планета» бухгалтерлік есеп келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:

  • 28 ақпан 2007 жылғы №434-11 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Бухгалтерлік есептің  стандарттары (өзгертулері және толықтыруларымен);
  • Бухгалтерлік есепке әдістемелік ұсыныстар;
  • бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары;
  • «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы;
  • 25-сәуір 2003 жылғы №405-11 Қазақстан Республикасынң «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы.

  «Планета» ЖШС-тің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің мақсаты болып мүдделі тұлғаларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржылық жағдайы, ондағы өзгерістер және қызмет нәтижелері туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету табылады;

  Серіктестіктің бухгалтерлік  есебі келесі қағидаларға сәйкес  жүргізіледі:  табыс болып – ол алынғанда, ал шығыс болып – шығысталғанда есептелінеді.

  Қаржылық есептілікті жасау  кезеңі болып күнтізбелік жыл  саналады. Алдыңғы жылдардың қаржылық  есептілігін құрған кезде кеткен  қателердің аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс немесе шығынды есептегенде ескеріледі (баламалы тәсіл қолданылады). Серіктестіктің қаржылық есептілігінің негізгі сапалық сипаттамасы болып түсініктілік, орындылық, мәнділік, нақтылық және салыстырмалылық табылады.

  Қаржылық есептілік ҚЕХС 1 стандартына сәйкес жасалады және оның құрамына төмендегілер кіреді:

  • бухгалтерлік баланс;
  • пайда және зиян туралы есеп;
  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
  • меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
  • түсініктеме хат.

  Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.                                                                                                      

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте тауарлық материалдық қорларды және оны сату кезеңіндегі шығындар «материалдарды дайындау және кірістеу» және «материалдар құнындағы ауытқулар»  шоттарын пайдаланып  немесе оларды қолданбай материалдық  құндылықтарды дайындау процесін есептеу әдісін таңдау құқығы беріледі: /бұл жағдайда тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындау және алуға байланысты шығындар 1310 - «Материалдар» бөлімшесінің жеке талдамалы (аналитикалық) шоттарында ескерілетін болады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың жинақтамалы (синтетикалық) және талдамалы (аналитикалық) есептің қай әдісін: жедел-бухгалтерлік /сальдо/ әдісін немесе қосарланушылық /қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық саны құны қосарланады/ әдісін пайдаланатынын кәсіпорындардың өзі шешеді. Талдамалық есепте тауарлы-материалдық құндылықтарды қалай бағалауға болады: тұрлаулы /жоспарлы, шартты, көтерме/ есеп бағасымен немесе олардың нақты өзіндік құны бойынша бағалайды;-өндіріске және басқа мақсаттарға тауарлы-материалдық құндылықтардың жұмсалуын қалай бағалайды: олардың орташа қалыптасқан өзіндік құны бойынша, «ФИФО» әдісі бойынша /материалдық құндылықтардың ең ескі қорлары бірінші болып жұмсалады, кейінірек алғандары кезең аяғына дейін қорда қалады деп болжанады.

«Планета» ЖШС-те материалдық емес активтер жоқ. Дегенмен теориялық тұрғыда «Материалды емес активтер есебі» 28 халықаралық стандартына сәйкес мынандай анықтама береді , материалды емес активтер – бұл физикалық мәні жоқ, өндірісте немесе дайын өнімді сатуда, әкімшілік мақсатта және басқа ұйымға жалға беруге ұзақ уақыт пайдалануына арналған ақшалай емес активтер.

 Оларды:

  1. анықтауға болады;
  2. ұйыммен бақылауға болады;
  3. пайдаланудан ұйым болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

Бухгалтерлік есеп мақсаты үшін материалды емес активтердің құрамына тек стандартта ғана аталған шарттардың барлығы орындалған кезіндегі обектілер жатқызылады, соның ішінде физикалық (материалды-заттық) мәннің жоқтығы, объектіні бір жылдан аса пайдалану мүмкіндігі және экономикалық пайданы табу қабілеттігін бөлуге болады.

Келтірілген шарттарға сәйкес материалды емес активтерге интеллектуалды меншік объектісіне, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, тауар белгісі және қызмет белгісі, тауардың атауы мен орналасу жері, тауарлық марка, лицензия, патенттер, ЭЕМ бағдарламасы және т.б. жатқызылады. Қаржылық-шаруашылық қызметінде, орындалған бағыты мен қызметіне байланысты материалды емес активтер халықаралық тәжірибеде 5 негізгі топқа бөлінеді:

  1. Өндірістік меншік объектілер құқығы. Олар жаңалық патенттерінен, селекциондық жетістіктен, пайдалы модельдің куәлігінен, тауарлық белгі мен қызмет ету белгісінен немесе лицензиялық келісімнен, оларды пайдалану келісімшарттынан туындайды;
  2. Авторлық және басқа да келісімнен туындайтын интеллектуалдық меншік құқығы.

Амортизация нормасын бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзімінің негізінде ұйымның өзі анықтайды. Пайдалы қызмет ету мерзімі – бұл материалды емес активтердің ұйымға табысты әкелу мерзімі ішіндегі кезең. Бұл мерзім материалды емес активтердің әр бір түрі бойынша анықталады.

ЖШС табысты көрсетілген қызметінен алады. Қызмет көрсетудеiң, яғни мәмiленiң нәтижесiнде үлкен деңгейдегi дәлдiкпен табысты анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерiнде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі ХҚЕС бойынша 60-бөлiмшесiнiң шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:

6010 – "Өнiмдерді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс" шоты. Бұл шотта өнiмдi сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетiлген қызметтерден түсетiн табыстар көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 6010-шоттың кредитiнде дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.