Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады. Талшықты оптикалық байланысты қолдану радиорелейлік және спутниктік байланыспен салыстырғанда тарататын хабар көлемі әлдеқайда жоғары, өйткені, ТОТЖ-нің өткізу жолағы кең және сыртқы электромагниттік әсерлерге төтеп беру жағынан, ауа райының қолайсыз кезінде де сенімді байланыс ұйымдастыруға тиімді.
Бұл дипломдық жұмыста Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасындағы тарату жүйесін ТОБЛ арқылы ұйымдастыру.
Қазіргі уақытта Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасында РРБ желісінің «SRA-L SIEMENS» жабдығы қолданылады. 444,7 километрлік ара қашықтықта 2 соңғы радиорелейлік станция (СРС), бірі облыс орталығы Орал қаласында, екіншісі облыс орталығы Ақтөбеде, 11 аралық радиорелейлік станция (АРС), 5 аралық радиорелейлік станция (АРСВ) қолданылады. «SRA-L SIEMENS» жүйесінің стволы ЧМ түрлнуін уақыттық тығыздаумен ТЖ -ті 120 канал ұйымдастыра алады. Радиорелейлік тарату жүйесі екі аралықта 300 ТФ каналын ұйымдастыруда. Екі аралықта ТОБЛ-ын республикалық темір жолы бойында орналасқан Ақсай, Шыңғырлау, Орынбор облысының Соль-Илецк қаласы, Жайсан елдімекені арқылы жүргізген дұрыс. Дәл қазіргі жағдайда Орал 248 мың тұрғын,Ақтөбеде 256 мыңнан аса тұрғын бар, сондықтан, SDH тарату жүйесінің STM-16 синхронды транспортты модульін және бірмодалы талшықты оптикалық ОКМТ кабелін аламыз.
1.ТАҢДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ
1.1 Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі
Қазіргі байланыс телекммуникациясының
жағдайы осы аймақтың экономикалық
дамуының келеңсіз жағдайларының бірі.
Қазіргі жұмыс жасайтын желінің
сапасы өте төмен. Осы аймақтағы
желінің негізгі
Жерасты кабелдерімен салыстырғандағы РРБ желісінің артықшылықтары: жерасты кабелдеріне қатыстысы:
-Техникалық қалыптастыруы және жерасты, суасты кабелдерін төсеу жұмыстары кезіндегі экономикалық қиыншылықтары;
-Бұзылу ықтималдығының төмендігі және оларды тауып, жөндеу кезіндегі аз қиыншылықтар;
-Басқа тұсқа тарату кезіндегі жерасты кабелдері секілді қазу жұмыстарының керексіздігі;
Кабелмен салыстырғандағы РРБ кемшіліктері – радиотолқындардың ашық жазықта таралуы және барлық техникалық қондырғыларының ашық жерлерде орналасуы. Мұндай жағдай техникалық аспаптардың жылдам істен шығуын және таралатын ақпараттардың көп бөгеулерге ұшырауын туғызады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – тұрғындарды жоғары сапалы цифрлық байланыспен қамтамасыздандыру. Басқа дамыған мемлекеттер тәрізді Қазақстанда да ақпараттарды цифрлық тарату жүйесін талшықты оптикалық байланыс желісін қолдану арқылы жетілдіру.
Қазіргі заманғы рыноктық
экономика жағдайында байланыс желілерін
түбегейлі өзгерту қажет
SDH негізінде тарату жылдамдығының иерархиясы және цифрлық трактыларды түрлендіру жүйесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттағы байланыс желісінің дамуы және құру перспективалық концепциясы жасалды.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында Ресей мемлекетінің оңтүстік аймағы Орынбор облыстарын Қазақстанмен байланыс орнатамын, магистральдық байланысты ұйымдастырымын, тұтынушылардың санын көбейтіп және байланыс саласынан түсетін қаржы көлемін арттырып, интернетке шығу сапасын жоғарлатамын.
1.2 Қызмет көрсетілетін пункттердің сипаттамасы
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
-Халықшаруашылық
-Темір жол бойындағы
-Шекарашылылардың байланыс жүйеісің дамыту;
- Қазақсан мен Ресейді ТОБЛ-і арқылы байланыс жүйісімен қосу;
-Көрсетілген тұрғылықты елдімекендер арасында әртүрлі хабарларды тарататын сапалы байланыс ұйымдастыру.
-Таңдалған елдімекендер арасында байланыс орнату. Таңдалған пункттар арсындағы байланысқа деген сұраныс біріншіден тұрғындар санына байланысты. Сонымен бірге елдімекендердің байланысқа деген сұранысы олардың экономикалық, мәдени және әлеуметтік тұрмыстық қатынастарына байланысты.
Таңдалған елдімекендерге қысқаша сипаттама келтірейік.
Орал қаласы: Қазіргі жағдайда Орал қаласында бір 248 мың халық тұрады. Халықтың басым көпшілігі мемлекеттік жұмыста жасайды. Мұнда орыс, татар, шешен ұлт өкілдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар бұл қалада жеке кәсіпкерлікпен қарқынды дамыған. Біршама үлкен зуыттар да бар, мысалы айтсақ Орал Зинет зауыты. Негізгі саудаға шығаратыны кеме т.б техникаларды шығарады, өйткені Қазақстандағы жалғыз кеме шығаратын зауыт.
Ақсай қаласы: Қазіргі халқының саны 48,5 мыңға жуық, Қазақстандағы ГАЗ жаңғыш затын шығаратын халықаралық компаниялардың орталығы. Халқының басым бөлігі шетелдік компанияларда жұмыс істейді.
Шыңғырлау: Халқының саны 13,1 мыңнан асатын сол Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан елдімекен, казіргі кезде Шыңғырлау шекарасы посты орналасқан. Мүндағы халықтың негізгі қазақтар мен орыстар. Айналысатын кәсібі жекеменшік егін шаруашылығы, сонымен қатар мал шаруашылығы. Негігі егетін өнімдері бидай, қауын, қарбыз. Ал мал шаруашылығында қой, жылқы, сиыр, түйе.
Соль-Илецк қаласы: Бұл Ресей мемлекетінің қаласы. Соль-Илецк Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, мұнда үлкен шекара посты орналасқан. Қазіргі халқының саны 50 мыңнан асады. Сонымен қатар егін, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Халықтың біршама бөлігі жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Негізгі тұрғындар орыстар, аздап қазақтарда кездеседі. Егіннің негізгі бөлігін бидай, күнбағыс құрайды. Илецк өзені бойында балық шаруашылығымен де айналысады. Мал шаруашылығында қой, ешкі және ірі қараның барлық түрі бағылады..
Жайсан: Қазақстан мен Ресей шекарасының негізгі посты болып табылады, мұнда халық саны 5 мыңдай. Ауыл халқы негізінен ауыл-шаруашылығы мен айналысады, негізгісі мал шаруашылығы, бау-бақша өсіру мен. Халықтың көп бөлігі жұмыскерлер.
Ақтөбе қаласы: Қазіргі жағдайда Ақтөбе қаласында бір 256 мың халық тұрады. Ақтөбе қаласында зауыттар көп орналасқан, халықтың басым көпшілігі зауыттарда жұмыс жасайды. Мұнда орыс, татар, молдавандар ұлт өкілдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар бұл қалада жеке кәсіпкерлікпен қарқынды дамыған. Біршама үлкен зуыттар да бар, мысалы айтсақ Ақтөбе Хром зауыты және де АқтөбеРентген зауыты жұмыс істейді. Негізгі саудаға Ренгтген аппараттары шығарады, өйткені Қазақстандағы жалғыз рентген шығаратын зауыт.
1.3 Қазіргі байланыс желісінің сипаттамасы
Қазіргі уақытта Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасында РРБ желісінің «SRA-L SIEMENS» жабдығы қолданылады. 444,7 километрлік ара қашықтықта 2 соңғы радиорелейлік станция (ОРС), бірі облыс орталығы Орал қаласында, екіншісі облыс орталығы Ақтөбеде, 11 аралық радиорелейлік станция (ПРС), 5 аралық радиорелейлік станция (ПРСВ) қолданылады. Ол 250 километрге дейінгі облысішілік және райондық байланыстарды ұйымдастыруға арналған. Бұл радиорелейлік жүйенің резервсіз 300 телефон каналына арналған бір дуплексті телефон каналы бар. «SRA-L SIEMENS» жүйесінің стволы ЧМ түрлнуін уақыттық тығыздаумен ТЖ -ті 120 канал ұйымдастыра алады. Радиорелейлік тарату жүйесі екі аралықта 300 ТФ каналын ұйымдастыруда. жеті жүз мыңнан астам халқы бар облыс пен сегіз жүз мыңға жуық халқы бар облыс орталығының ортасына бұл ТФ каналдары жеткіліксіз. Қондырғының құрамында;
Таратқыш стволы Пд-25 дБ-320 мВт; FMX2 кіреді.
«SRA-L SIEMENS» жүйесінің негізгі сипаттамасы мынадай:
– Жиілік диапазоны - 7ГГц,
– Максималды сыйымдылығы -300 ТФ каналы,
– Орташа интервал ұзақтығы -24,7 км,
– Антендік мачтаның биіктігі -65 м,
– Арнайы телефон каналының жиілік жолағы 0,3-2,4кГц
– Модуляция түрі -жиіліктік модуляция,
– Апаттық сигналы -үзіліссіз (эпектроқоректендіргіш өшкенде), үзілісті (аппарат істен шыққанда).
1.1-суретте Орал мен Ақтөбе қалалары арасындағы РРБ жүйісінің орналасуы көрсетілген.
Сурет 1.1- Орал мен Ақтөбе арасындағы радиорелейлі тарату жүйесі
1.1-суретте көрсетілгендей Орал – Ақтөбе қалалары Ресей шекарасы арқылы РРБ жүйісімен жалғанған. Сондықтан мен бұл жұмыста РРБ жүйесін оптикалық талшыққа ауыстырамын.
1.4 Кабелдік тарату желісінің жолы
Дипломдық жұмыста берілген техникалық тапсырмаға сәйкес таңдалған облыс орталығы Орал қаласы, Ақсай қаласы, аудан орталығы Шынғырлау, Соль-Илецк қаласы, Жайсан ауданы және Ақтөбе қаласы арасын байланыстыратын магистральдық байланысты жоғары жылдамдықты талшықты оптикалық байланыс желісімен ұйымдастыру.
Көпарналы цифрлық тарату жүйесімен (ЦТЖ) сигналдарды тарату кабелдік, радиорелейлік және спутниктік байланыс жолдары арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі уақытта кабелдік жолдарға олардың жасағыштығы және байланысты қанағаттандыратын тұйықтығына жоғары баға берілуде. Сондықтан жобаланатын байланыс кабелді болады. SDH технологиясы талшықта оптикалық кабелді қолдануға негізделгендіктен, жобаланатын байланыс жолының тарату ортасы ретінде талшықты оптикалық кабелді аламыз. Сонымен қатар, кабелді темір жолдардың бойымен салу ТОБЛ эксплуатациясын жеңілдетеді.
Тандалған жол Ресей мемлекетінің шекарасы арқылы өтеді. 1.2-суретте Орал-Ақтөбе қалалары арасындағы ТОБЛ тарату желісі көрсетілген.
Сурет 1.2- Орал мен Ақтөбе рарсына оптикалық кабельдің орналастыру жолы
Бұл нұсқау облыс орталығы Орал қаласы, Ақсай қаласы, аудан орталығы Шынғырлау, Соль-Илецк қаласы, Жайсан ауданымен және облыс орталығы Ақтөбе қаласы арасын байланыстыратын темір жол бойымен кабел жүргізу. Таңдалған жолдың мына аймақтардағы ұзындығы: Орал - Ақсай – 133 км; Ақсай - Шынғырлау – 57,5 км; Шынғырлау – Соль-Илецк – 64 км, Соль-Илецк – Жайсан – 93,1 км, Жайсан - Ақтобе – 97,1 км. Жолдың жалпы ұзындығы 444,7 км.
2.ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ
2.1 Таңдалынған тарату жүйесінің сипаттамасы және техникалық мәліметтері
Есептелінген арналар санына сүйене отырып синхронды цифрлық иерархияның SMA-16 мультиплексорлық апаратың таңдаймыз, соған байланысты STM-16 тарату жүйесін қолданамыз. SMA-16 апараты SDH продуктасы үшін ең жақсы дамыған «Marconi Communications» компаниясын аламын. Marconi Communications (ОМS 16-64) және Nortel (ОSN 1600) фирмалары арасында мультиплексорлардың сипаттамаларын салыстырамын. STM-16 тарату мультиплексоры үшін ұйымдастырамыз. 2.1.-кесте мультиплексордың техникалық сипаттамалары көрсетілген.
Кесте 2.1- Мультиплексордың техникалық сипаттамалары
Nortel (ОSN 1600) |
ОМS 16-64 | |
Коммутациялық матрица - төменгі деңгейде -жоғарғы деңгейде |
5 Гбит/с 58,75 Гбит/с |
20 Гбит/с 60 Гбит/с |
Интерфейстер | ||
STM-1 электрлік |
Платада 2 порт |
Платада 4 порт |
STM-1 оптикалық |
Ie-1, I-1, S-1.1, L-1.1, L-1.2, Ve-1.2 4 плата порттары |
I-1S-1.1, L-1.1, L-1.2 L-1.3 2плата порттары |
STM-4 оптикалық |
I-4, S-4.1, L-4.1, L-4.2,Ve-4.2 4 плата порттары |
I-4, S-4.1, L-4.1, L-4.2, L-4.3 2 плата порттары |
STM-16 оптикалық |
I-16, S-16.1, L-16.1, L-16.2, L-16.2Je, V-16.2Je, U-16.2Je и G.692 плата порттары |
I-16, S-16.1, L-16.1, L-16.2 L-16.3 плата порттары |
Ethernet |
10/100/1000 Мбит/с 2/4 плата порттары |
10/100/1000 Мбит/с 2/16 плата порттары |
Е1 |
32Е1 платада, максимально в корзине 504Е1 |
63Е1 платада, максимально 504Е1 |
Е3 |
4Е3 платада, максимально 48Е3 в корзине |
6Е3 платада, максимально 48Е3 |
2.1-кестеде мультиплексорлады
таңдау жасау кезінде
Бағаларын салыстырып мультиплексордың апаратурасын таңдаймыз.
2.2. – кестеде құрылғының бағасы туралы салыстырма жүргіземіз.
Кесте 2.2– Құрылғының бағасы
Құрылғы |
Nortel (ОSN 1600) USD |
OMS 16-64, USD |
Rask – трегі |
2548 |
2446 |
Subrack – корзинасы |
9036 |
8982 |
Power Interfase – қөректену тақтасы |
284 |
242 |
System Control and Communication– плата контроля |
2147 |
2856 |
General Cross-connect and Synchronous |
15642 |
14282 |
System Auxiliary Interfase |
1218 |
1342 |
Оптикалық плата | ||
STM-16 Optical Interfase (L-16.2) |
13063 |
12344 |
|
Кесте 2.2–жалғасы | ||
STM-4 Optical Interfase (L-4.1) |
3952 |
3800 |
Трибутарлық плата | ||
63E1 Service Processing |
3275 |
3106 |
E3 Service Processing |
1640 |
1842 |
Fast Ethernet Processing 10/100/1000 |
7557 |
6523 |
32xE1/T1 Electrical Interfase |
663 |
432 |
3xE3 PDH Interfase |
414 |
698 |
Жалпы бағасы: |
61439 |
58895 |
.
2.2 – кестеден көріп тұрғанымыздай Marconi Communications (ОМS 16-64) фирмасының технологиясы экономикалық жағынаң тиімді және де порттар саны да көп.
SТM-16 Мультиплексоры толқын ұзындығы 1550 нм бірмодалы оптикалық кабелмен жұмыс жасайтын, тарату жылдамдығы 2,5 ГБит/с цифрлық ағынды ұйымдастыруға арналған. Желі құрудың нүкте-нүкте құрылымына қойылу/бөліну функциясы бар, PDH және SDH трибутарлы ағындарына қарапайым рұқсат етуге арналған SMA-16 мультиплексор қолданылады. 2.1-суретте қойылу/бөліну функциясы бар мультиплексор көрсетілген.
Сурет 2.1 – Қойылу/бөліну функциясы бар мультиплексор сұлбасы
2.1-суретте мультиплексордың сұлбасында STM-16 тарату жылдамдығының кіріс және шығыс бөлігінің жұмыс істеу принцпі.
SDH элементін STM-16 өшу сигналына талшықты оптикалық кабельді қосу үшін агрегатты интерфейс қолданылады. 1550 нм алыс қашықтыққа интерфейс қолданылады 2.3-кестеде оптикалық интерфейстін параметрі көрсетілген
Кесте 2.3- Оптикалық интерфейс параметрі
SDH деңгейі |
STM-16 |
Тарату жылдамдығы, кбит/с |
2488320 |
Интерфейс коды |
L-16.2 |
Жұмыс істеу диапазоны, нм |
1530…1570 |
Оптикалық таратқыштың сипаттамалары (S нүктесі) | |
Кесте 2.3-Жалғасы | |
Шағылу көзі |
Лазер DFP (SLM) |
Спектрлік шағылу ені -20 дБм деңгейінде, нм |
0,5 |
Жақтық моданың басылымының минималдық коэфиценті, дБ |
30 |
Максималды сәулеленетін қуат, дБм |
0 |
Минималды сәулеленетін қуат, дБм |
-4 |
Оптикалық қабылдағыштың сипаттамалары (R нүктесі) | |
Минималды сезімталдылық, дБм |
-26 |
Максималды жүктеу, дБм |
-9 |
Оптикалық трактың қосымша өшулігі, дБ |
2 |
Оптикалық тракттың сипаттамалары (S және R нүтелер арасы) | |
Оптикалық өшудің диапазоны, дБ |
9…20 |
Дисперсиясы, пс/нм |
1400 |
Кабелдегі өшу мүмкіндігі, дБ |
24 |
2.3-кестеде SDH технологиясының STM-16 тарату жылдамдығының оптикалық интерфейсінің сипаттамалары туралы және жұмыс істеу диапазондары берілген.
2.2 Тасымалдау жүйесінің сипаттамасы
Қазіргі заманғы техника коммутациясының және таратудың дамуы қазіргі заманғы цифрлық транспорттық желі немесе жүйе шығаруға алып келді. Тасымалдау жүйесі (ТЖ) – бұл тасымалдау функциясын орындайтын, желі ресурстарын біріктіретін инфрақұрылыс. Тасымалдау кезінде ақпараттың орын ауысуы ғана емес, күрделі конфигурациялармен (сақиналық және айналмалық) автоматты және бағдарламалық басқару, бақылау, шапшаң ауыстырулар және басқа да желілік функциялар орындалады. ТЖ барлық синхронды және асинхронды ақпарат ауысу түрлері қолданылатын бар және жобаланатын қызметтерге, арнайы және басқа персоналдық желілерге база болып табылады.
СЦИ тасымалдау жүйесі – ақпараттық желі және басқару жүйесі және SDH басқаруларының жалғасуы. СЦИ ақпараттық желісінің жүктемесі ПЦИ желі сигналдары, сонымен қатар жаңа қызмет сигналдары және байланыс желілері болуы мүмкін. Аналогтық сигналдар цифрлық түрге желідегі қондырғылар арқылы түрленеді.
СЦИ ақпараттық желісінде функционалдық қабаттарға бөліну дәл қолданылады. Желі мамандандырылған қабаттарға бөлінген үш топологиялық бір біріне қатыссыз қабаттардан (арналар, тракттар және тарату ортасы) тұрады. Әр қабат арнайы функцияларды орындайды және беру нүктелері бар. Олар өзіндік басқару және бақылау құрылғыларымен қамдандырылған, сондықтан апат кезінде ликвидацияны азайтады және басқа қабаттарға әсерін төмендетеді. Қабат функциялары төменгі қызмет көрсететін қабаттардың физикалық орындалуына қатысты. Әр қабат өз бетінше пайда болады және дамиды.
Ақпараттық желіде контейнерлік тасымалдау тәсілі қолданылады. Осының арқасында SDH желісі әртүрлі сигналдарды тасымалдауда әмбебаптық мүмкіндіктерге ие. SDH тасымалдау жүйесінде сигнал жүктемелерінің өзі емес, цифрлық құрылымдар – тасымалдауға қатысты сигналдар жүктемесі салынған виртуалды контейнерлер тасымалданады. Контейнерлердегі желілік операциялар ішіндегілерге қатыссыз орындалады. Қажетті жерге жеткізіп, түсірілгеннен кейін, сигнал жүктемелері қайта қалпына келеді. Сондықтан SDH тасымалдау жүйесі тұнық болып келеді.
Желілік конфигурацияларды жасау, бақылау және жеке станцияларды басқару және барлық ақпараттық желіні басқару SDH қызмет көрсету жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
SDH тарату қабаттарының
ортасында ең ірі құрылым
«MARCONI Communications» фирмасының синхронды мультиплексоры синхронды цифрлық иерархия ағындарын қалыптастырады. 2.2-суретте SDH иерархияларының байланыс мультиплексациялау құрылымы ұйымдастырылған.
Сурет 2.2 – SDH мультиплексациялау құрылымы
2.2-суретте SDH құрылымдарды секцияның желілік қабатында және трактарда құрады және цифрлық ағындарды, сонымен қатар кеңжолақты ақпараттарды тасымалдайды. Осы құрылымдар функциясына SDH желісі арқылы тасымалданатын цифрлық ағындардың жылдамдығы мен фаза өзгерісінің компенсациясы кіреді. Мұндай компенсация плезиохронды тәртіпті өткізетін синхронды желі ретінде SDH түрленуін қамтамасыз етеді.
Мультиплексация контейнер құрудан басталады. Келіп түскен PDH ағындарын плезиохронды тәсілмен сәйкес жылдамдықтарын теңестіріп, SDH С-12, С-3 немесе С-4 контейнерлеріне салады: PDH ағындарының стандартты ақпараттық тарату жылдамдығы әрдайым контейнерлерге тұрақты мөлшерде тағайындалады. Контейнерлерге тракт тақырыпшасын (POH) қою арқылы контейнерлерден виртуалды контейнерлер VC-12,VC-2,VC-3 немесе VC-4 жасалады. Яғни VCтт=POH+C. Тракт тақырыпшасы РОН VC ұйымдастырылатын пункттарда жасалады да, осы пункттар арасындағы трактыны бақылайды. POH функциясында тракт сапасын бақылау және апаттық және эксплуатациялық ақпараттың таратылуы болады. Жоғары реттік POH трактысы сонымен қатар VC контейнерінің ақпараттық жүктеме құрылымы туралы ақпаратты қамтиды. Әрбір виртуалды контейнер VC-12 немесе VC-2 трибутарлық бірлік TU-12 немесе TU-3 сәйкес көрсеткіштермен TU (ақпараттар көрсеткіші) бірге генерациялайды. TU төменгі және жоғарғы желі қабаттарының арасында келісуді қамтамасыздандырады және жоғарғы реттік VC циклы бастамасынан цикл жүктемесі бастамасының өзгеруін көрсететін ақпараттық жүктеме және TU көрсеткішін сақтайды. TU = TUкөрсеткіш + VC. Жоғарғы реттік VC жүктемесіндегі белгілі бір бекітілген позицияны алатын бір немесе бірнеше TU «топтық трибутарлық бірлік» (TUG) деп аталады. TUG TU-12 немесе U-3 байттарын генерациялау жолымен құрылады.
Өзінің пішініне байланысты VC-4 виртуалды контейнерлері STM-16 циклінде жіберіле алады. VC-4 виртуалды контейнерлері сәйкес келетін AU көрсеткіштерімен бірге AU-4 административтік бірлігін құрайды. Яғни AU = AU көрсеткіш + VC. AU көрсеткіштері VC-4 виртуалды контейнерлеріне сәйкес келетін жоғары реттік SDH циклдар арасындағы фазалар айырымын сақтайды. STM жүктемесіндегі белгілі бір бекітілген позициясы бар бір немесе бірнеше AU «топтық администрациялық бірлік» (AUG) деп аталады. Топ құрамында біркелкі AU-3 блоктар жиыны немесе бір AU-4 бар.
STM – N N AUG және SOH тақырыпшасының баитты жалғануымен құрылады: STM-N = SOH + N´AUG.
STM-16 модулінің қисынды құрылымын қарастырамыз. STM-16 модулінің жылдамдығы 2,5 Гбит/с. STM-16 модулі ақпараттық жүктемеден басқа басқару, бақылау және қызмет көрсету (ОАМ) және қосымша функцияларды іске асыратын артық сигналдары (OH) бар. Мұндай артық сигналдар «тақырыпшалар» деп аталады. STM желілік қабат секциясында қолданылғандықтан, оның тақырыпшасын ссекционды (SOH) деп атайды. Ол регенерациялық (R SOH) және мультиплекциялық (M SOH) тақырыпшаларға бөлінеді. R SOH регенераторлар арасында , ал M SOH транзит регенераторларынан өтіп, STM қалыптасып таратылатын пункттар арасында беріледі. R SOH – циклдық синхронизация, қатені бақылау, синхрондалатын модулдің ретін көрсету функцияларын орындайды, сонымен қатар қызметтік байланыс және қолданушылар арасында ақпаратты тарату арнасын туғызады. M SOH – қатені бақылау функциясын орындайды және басқару жүйесін автоматты резервке ауыстыратын, ақпаратты тарату және қызмет байланыстарына арналар туғызады.
STM циклының қайталану периоды 125 мкс. Әдетте цикл екі еселі құрылым ретінде келтіріледі, бұндағы цикл екіжақты құрылым ретінде көрсетіледі(матрицы), байттық мультиплекстеу 16 цифрлық ағынның AUG-4 құрылымында 9 жол және 4176 бағаннан (261 16) тұрады, төртінші жолға 144 байт орналасады (9 16), мұндағы 16 мультиплекстелген ағын AU-4 бағыттауышына қатысты. STM-16 барлық циклдың тарату жылдамдығы, ьұндай уақытта STM-16 М = (9 х 270) = 2430 х 16=38880 Кбит/с V = 64 х М Кбит/с., осыдан V = 64 х 38880 = 2488320 Кбит/с тең. STM-16 циклы секциондық тақырыптар жолы екі топқа бөлінеді: – регенерациялық секция (R SOH) форматы 432 байт және мультиплекциялық секция (M SOH) форматы 576 байт ; AU-4 көрсеткіш жолы 16´9 форматы байт; қажетті жүктеме жолы форматы 9´261 байт.
Блок AU-4 блогы өзінің маршрутты тақырыпшасы POH бар бір виртуалды контейнерды VC-4 тасымалдауға арналған. POH негізгі қызметі – виртуалды контейнердің жиналу нүктесінен таралу нүктесіне бүлінбей жетуін қамтамасыз етеді.
STM-16 модулінің циклдық құрылымы 2.3-суретте келтірілген.
9 261
3 261
5
1
POH
2.3-сурет. VC-4 және STM-16 циклының құрылымы
2.3-суретте STM-16 тарату жылдамдығының VC-4 контейнердің байт тақырыпшасы келесі мәндерге ие:
-J1 байты – байланыстың бүтіндігін анықтауға үшін 64´8 биттік құрылымда циклдық режимде таратуға қолданылады;
-B3 байты – BIP-8 коды, келесі контейнердегі қателерді бақылайды;
-C2 байты– пайдалы жүктеме түрін көрсетуші. Пайдалы жүктеме туралы ақпаратты сақтайды;
-G1 байты – маршрут жағдайын көрсетуші. Қашықтағы терминалға желі жағдайын хабарлайтын ақпаратты таратуға қолданылады (мысалы, ұзақтағы сақинадағы қателер туралы);
-F2,Z3 – маршрут қолданушысы
арқылы байланыс арнасын
-H4 – жалпыланған индикатор
жүктемесінің жағдайы,
-Z4 – жүйенің келешекте
дамытылуына қолданылатын
-Z5 – оператор байты, административтік желілері үшін резервтендірілген.
2.4-суретте STM-16 циклындағы SOH тақырыпшасының құрылысы көрсетілген
-
локальді пайдалануға резервтел
ген байттар. - шифрланбайтын байттар. Оларға жасырын ақпараттар салынбайды.
Сурет 2.4 – STM-16 циклындағы SOH тақырыпшасының құрылысы
2.4-суретте STM-16 цикл тақырыпшасының құрылымын қарастырайық. SOH тақырыпшасы екі блоктан тұрады (2.4-сурет): R SOH – көлемі 432 байтты регенераторлық секцияның тақырыпшасы және M SOH - көлемі 576 байтты мультиплексті секцияның тақырыпшасы. R SOH және M SOH тақырыпшасының құрамына мынадай байттар кіреді:
-А1, A1, А1, А2, А2, А2 байттары STM-16 циклы STM-N (A1=11110110, А2=00101000) құрамында болмаған жағдайында теңестірулер болып келеді;
-В1, В2 – байты бақылау суммасы , STM-16 барлық кадрлары есептелген.
-D1-D2-D2 байттары, басқару ақпаратын регенераторлармен 64*3=192 кбит/с жылдамдықпен мәліметтер арналары сияқты тарату үшін қолданылады;