Талап қою құқығы

Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары  доктринасының ескі тәртіпті жоюды  талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық  қозғалыстарының толқуыныңда қайта  едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның  жарқын мысалдары ретінде Адам мен  азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне  лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын  шектеуге, тоталитарлық режимдердің  орнауына алып кететінін дәлелдеді. 
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. 
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Адам  құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен  басқаға жалпы мойындалған халықаралық  актілерінің қағидаларын кеңінен  қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша  қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған  қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі  қағидаларын, яғни адам құқықтары мен  табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары  мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының  құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы  әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі  кезеңдерде бірсыпыра факторлар  әсер етті.

ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің  де қағидалары дамытылады.Тұңғыш рет  мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік  органдар, азаматтар мен олардың  бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді. 
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада  ҚР Конституциясында адам құқықтары  мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен  бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың  лауазымды тұлғаларының қызметтерінің  мәнән, мазмұны мен қолданылуын  белгілейді. Конституция құрамындағы  бұл маңызды ережелер мемлекеттік  органдардың қызметін реттейтін  бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық  және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат  адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің  әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы  және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда  азаматтық қоғам орнатудың маңызды  алғышарты болып табылады. Нақ  осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті  және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын  шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау  егеменді Қазақстанда азаматтық  қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. 
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша  түсініледі. Адамның бостандығы тек  белгілі бір әрекеттер жасау  және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын  маңызды тұстардың бірі-жауапты  шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл  адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. 
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Егер  кісі өзінің қандай да болмасын моральдық  құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік  етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына  байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі  жоқ, өйткені олар оған тумысынан  тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою  үшін жеткілікті негіз болып табылады. 
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады. 
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.

Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары  доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың  жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның  басымдылығын бекітті. 
 

    1. Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудың іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты қорғау іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:

  • материалдық-құқықтық талаптың болуы;
  • субъективтік құқық туралы даудың болуы;
  • қарама-қайшы мүдделері бар екі тараптың болуы.

    Талап элементтері – талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас бөліктері. Талап элементтеріне қорғау тәсілі мен болашақ сот шешімінің сипаты байланысты болады. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:

    мән – осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды (яғни, бұл талапкердің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабы немесе олардың арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым-қатынас).

    талаптың  негізі – істің талапкердің дәлеліне негіз болатын мән-жайлары, талапкер өзінің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабын немесе талаптың мәнін құрайтын тұтас құқықтық қарым-қатынастарын, яғни талаптың қайда бағытталып отырғанын заңдық фактілер ретінде осы мән-жайлармен байланыстырады.

    талаптың  мазмұны – сот арқылы қорғау түрі (тәсілі), талапкердің сотқа талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.

    Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын  судья талап арызды қабылдаған кезде  тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Талап қою құқығының материалдық-құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және анықталады.

    Азаматтық іс қозғалар алдында мүдделі тұлға  талап қоюға, ерекше талап қою  және ерекше ісі жүргізу істері бойынша арыз беруге тиіс. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс қозғау бірінші сатыдағы соттағы ісі жүргізудің міндетті бастапқы сатысы болып табылады. Осындай құқықты іске асырудың ықтимал мүмкіндігінің себептері бойынша, талап сотқа қабылдағанға дейін сот жүзеге асырған кез келген іс жүргізу әрекеттері заңсыз болып табылады және АІЖК-нің 1-бабының ережелеріне қайшы келеді, онда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп белгіленген.

    АІЖК-нің 8-бабында белгіленгендей, әрбір  тұлға бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық  іс жүргізу кодексімен белгіленген  тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда  мыналар өзге тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының  құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгіне алады:

  • мемлекеттік органдар;
  • заңды тұлғалар;
  • азаматтар;
  • прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың, құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) жүгінуге құқығы бар.
 

    3. Талап қою құқығын жүзеге асыру шрттары.

      Талап арыз түскеннен кейін  судья мыналарды мұқият тексеруге  тиіс:

  • талап арызды қабылдаудан бас тартуға себеп болатын, АІЖК-нің 153-бабымен көзделген құқықтық тыйымдар жоқ па;
  • талап арызды кері қайтаруға АІЖК-нің 154-бабымен көзделген негіздемелер жоқ па;
  • АІЖК-нің 155-бабына сәйкес, талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін негіздемелер жоқ па;
  • сотқа талап қою құқығын іске асыру үшін заңмен көзделген алғышарттар, яғни, белгілі бір тұлғаның нақты бір іс бойынша талап қоюы үшін субъективті құқығының пайда болуы заңмен байланыстырылатын мән-жайлар бар ма. Сотта қорғау туралы сотқа жүгіну үшін осындай алғышарттардың болуы, сотқа жүгінудің заңмен белгіленген тәртібін сақтау қажеттігі (жоғарыдан қараңыз) судьяға белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, яғни, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығару міндетін жүктейді. Іс қозғалмаса жүгінуші субъектілердің бұзылған немесе дауланып отырған құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау мүмкін емес. Соңынан заңсыз іс-әрекеттер мен істерді қарау мерзімдерінің бұзылуын болдырмау үшін әу баста-ақ сотта істі қарау үшін негіздемелер бар екені туралы шешімді дұрыс қабылдауға ұмтылу қажет.

    Талап арызды қабылдау кезінде іс жүргізу  заңының барлық талаптарының қаншалықты егжей-тегжейлі орындалғанына істің  сотта одан кейінгі қозғалысы  тәуелді болмақ, себебі судья талап  арызды өзінің өндірісіне қабылдағаннан  кейін оны қозғалыссыз қалдыра  алмайды. Барлық орын алған олқылықтарды судья соңынан сот ісін қарауға  дайындалған кезде немесе сот  ісін қарау барысында өзі түзететін  болады, ал бұл істі қараудың мерзімдері мен сапасына әсер етеді, соттың одан кейінгі қызметі қиындайды. Алғышарттар  бар-жоғын анықтаумен қатар судья  талап арыздың нысаны мен мазмұны  жағынан АІЖК-нің 150-бабының ережелеріне  және АІЖК-нің 151-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес келетініне көз жеткізуге  тиіс.

    Сот талап қою құқығын іске асыруы үшін және арызды қабылдауы үшін төмендегі  алғышарттар болуы қажет:

  • даудың соттың қарауына жатуы, қойылған талаптың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жататыны, АІЖК-нің 3-бабының ережелерінің сақталуы;
  • дау соттың қарауына жатады, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталған. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, АІЖК-нің 8-бабының ережелерімен ешкімге де өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайтынын есте ұстау қажет. АІЖК-нің 7-бабына сәйкес, өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болып табылады және күші жойылуға жатады;
  • пайда болған дауды аралық соттың шешуіне беру туралы тараптар арасында шарт жоқ;
  • сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот шешімі немесе сот ұйғарымы жоқ;
  • осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасында дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша дау бойынша азаматтық іс жоқ;
  • дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін белгіленген  тәртібі сақталған;
  • арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берген;
  • арызды мүдделі тұлғаның атынан істі жүргізуге өкілеттігі бар тұлға берген, АІЖК-нің 6-бабының ережелері сақталған;
  • егер коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілеттігі бар орган, жылжымайтын мүлікке деген құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен осы затқа деген коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;
  • арыз талап арыз сол сотқа жазбаша нысанда беріледі және онда төмендегілер көрсетілуге тиіс деп белгілейтін АІЖК-нің 150-бабының талаптарына сәйкес болса:
  • арыз беріліп отырған соттың атауы;
  • талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер талапкер қандай да бір ұйым болып табылса, оның орналасқан жері мен банктік деректемелері, сондай-ақ егер арызды өкілі беріп отырса, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
  • жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер жауапкер қандай да бір ұйым болып табылса, егер олар талапкерге белгілі болса, оның орналасқан жері мен банктік деректемелері;
  • талапкердің құқықтарының, бостандықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні және оның талаптары;
  • талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
  • егер талап бағалануға жататын болса, талаптың бағасы (АІЖК-нің 102-бабы);
  • арызға қоса тіркелген құжаттардың тізбесі;
  • даудың шешілуі үшін маңызы бар басқа да мәліметтер, сондай-ақ талапкердің өтінімдері баяндалған;
  • прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерде қоятын арызда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неде екені, қандай құқықтық бұзылу негіздемесі, сондай-ақ заңға немесе басқа нормативтік құқықтық актіге сілтеме болуға тиіс. Прокурор сотқа азаматтың мүддесін білдіріп жүгінген жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюға мүмкіндігінің болмау негіздемесі көрсетілуі тиіс; арыз әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүддесі білдіріліп берілген жағдайларды қоспағанда, арызға азаматтың сотқа талап арызбен жүгінуге келісетінін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс;
  • арызға талапкер немесе талап арызға қол қою мен ұсынуға өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
  • егер талап арызға төмендегілер қоса тіркелген болса, арыз АІЖК-нің 151-бабының 1-3- тармақшасының талаптарына сәйкес келеді:
  • жауапкерлердің және үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмелері;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекспен реттелген. Сонымен қатар судьяның АІЖК-нің 101-103-баптарын басшылыққа алғаны жөн;
  • өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат (АІЖК-нің 6-бабы).

    АІЖК-нің 151-бабының 1)-3) тармақтарында көзделген  құжаттардан бөлек, 4, 6, 7-тармақтарға  сәйкес талап арызға төмендегілерді қоса тіркеуге болады:

  • талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды растайтын құжаттар, осы құжаттардың жауапкерлер мен үшінші тұлғаларға арналған көшірмелері;
  • нормативтік құқықтық акт дауланатын жағдайда, оның мәтіні.

    АІЖК-нің 155-бабының ережелерінде АІЖК-нің 151-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда арызды қозғалыссыз  қалдыру қажеттігі туралы талаптар жоқ. Бұл 4-тармақта талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды растайтын  құжаттардың, егер осы құжаттар жауапкерлер  мен үшінші тұлғаларда болмаса, құжаттардың  соларға арналған көшірмелерінің ұсынылуы туралы талаптардың бар екеніне  байланысты болуы мүмкін. Осы айтылған жайларды істі сотқа дейін дайындау кезінде анықтауға болады. 6-тармақта нормативтік құқықтық акт дауланатын жағдайда, талап арызға оның мәтіні қоса тіркеледі деп белгіленеді. Алайда, аталған акт белгілі бір  себептер бойынша (оны алудағы қиындықтар және т.б.) талапкерде болмауы да мүмкін, сондықтан ол дәлелдемелерді сұратып  алдыруға көмек көрсету туралы арызбен  сотқа жүгіне алады. 7-тармақта баяндалған өтінімдер талапкердің қалауы бойынша  берілуі мүмкін.

    Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары

    арызды  қабылдаудан бас  тартуға себеп  болатын салдарлардың 1- блогы:

  • дау сотқа бағынысты емес, қойылған талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайды, қойылған талап басқа юрисдикциялық органдарда қаралуға жатады, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталмаған;
  • сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы бар (АІЖК-нің 153-бабы).

    Арызды  қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен  бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс. Дау қарауға жатпайтын болса, судья ұйғарымда талапкердің қандай юрисдикциялық органға жүгінгені дұрыс екенін көрсетеді. Егер аталған алғышарттар бола тұра сот талап арызды қателесіп қабылдаса, онда іс АІЖК-нің 247-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тоқтатылуға жатады да, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Талап арызды қабылдаудан бас тарту талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа арызбен екінші қайтара жүгінуіне кедергі болады. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы, арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымына ол шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.

    Талап арызды кері қайтаруға  себеп болатын  салдардың 2- блогы:

  • егер заңмен көзделген жағдайларда, дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін белгіленген тәртібі сақталмаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;
  • дау аталған соттың соттылығына жатпаса, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталмаса;
  • арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берсе;
  • арызға бұл үшін өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса, АІЖК-нің 6-бабының ережелері сақталмаса;
  • осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасында сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша дау жөнінде азаматтық іс болса;
  • коммуналдық мүлікті басқаруға өкілеттігі бар орган, жылжымайтын мүлік  құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;
  • талапкер арызды кері қайтару туралы арыз берсе (АІЖК-нің 154-бабы).

    Арызды  кері қайтару туралы судья ұйғарым  шығарады, онда егер іс аталған соттың соттылығына жатпаса, арыз берушінің  қандай сотқа жүгінгені дұрыс  екенін немесе істі қозғауға кедергі  келтіретін мән-жайларды қалай жоюға  болатынын көрсетеді. Арызды кері қайтару  туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің  қолына берілуге немесе оған жолдануға  тиіс. Талап арыздың кері қайтарылуы, егер жол берілген заң бұзушылық жойылған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.

    Талап арыз берген тұлғаны хабардар ете  отырып және оған олқылықтарды түзету үшін уақыт бере отырып, талап арызды қозғалыссыз қалдыруға себеп болатын салдардың 3- блогы:

  • талап арыздың АІЖК-нің 150-бабының талаптарына, АІЖК-нің 151-бабының 1-3) тармақшаларына сәйкес келмеуі.

    Егер  талапкер судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда  көрсетілген талаптарды орындаса, арыз сотқа алғаш рет ұсынылған  күні берілді деп саналады. Егер ұйғарымда көрсетілген талаптар сот белгілеген мерзімде орындалмаса, арыз берілген жоқ деп саналады және судьяның ұйғарымымен, оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талапкерге қайтарылады. Талап арыздың кері қайтарылуы, егер талапкер жол берілген заң бұзушылықты жойған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды, бұл орайда мерзімнің басы сотқа екінші қайтара жүгінген сәттен басталады. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады. Соттардың бұл мәселедегі басқа қатесі судьялардың олқылықтарды жою мерзімдері туралы нұсқауға мән бермеуі болып табылады, бұл соңынан істі қарау мерзімінің дұрыс есептелмеуіне әкеліп соғады. Олқылықтар жойылғаннан кейін талап арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарылған күнді тек егер сот берген мерзім ішінде талапкер олқылықтарды жоя алмай, арыз аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін берілген болса ғана талап арыз екінші қайтара берілген күн деп белгілеуге болатынын есте ұстау керек.

    Талап арызды қабылдау

    Талап арыздар соттың кеңсесіне түседі және оны жеке беруге, басқа тұлғалар арқылы беруге немесе почта арқылы жолдауға болады. Олар талап арыздың  түскені туралы онда мөртаңба қойылып, тиісті түрде тіркеледі, содан соң  сотта белгіленген тәртіпке сәйкес:

  • компьютерлік тарату;
  • аумаққа жатуын есепке ала отырып;
  • мамандандыру бойынша;
  • жүктеме бойынша таратылады (Аудандық соттарда іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

    Почта (немесе басқа байланыс) арқылы түскен талап арызды қабылдау кезінде құжаттарға хат-хабардың жіберілген күні көрсетілген  конвертті де қосып қойған дұрыс. Сонда арызды қабылдау туралы ұйғарымда  көрсетілген күннің дұрыстығы туралы соңынан күмән туындамайды. Кейбір жағдайларда арыз берген субъектілер талап арыздарын тікелей сот кеңсесіне тапсырады. Мұндай жағдайларда кеңсе қызметкері талап арызға өтініш берген адамның қол қойғанын, қосымшаның талап арызда көрсетілген қосымшаға сәйкес келетінін, талап арыздағы күннің ол сотқа берілген күнге сәйкес келетінін тексеруі қажет. Қосымшада көрсетілген қандай да бір құжаттардың жоқ екені туралы акт жасалуға тиіс. Егер күн-ай бойынша алшақтақ болса, кеңсе қызметкеріне өтініш жасаушыға күн-айды түзетуді ұсыну, бұл орайда түзетілген жазуды екінші қайтара қолтаңбасымен куәландыру қиындық келтірмейді. Мұндай нақтылау судьяның іс жүргізу әрекеттерін заңмен белгіленген мерзімдерде орындаған-орындамағанын кейіннен айқындау үшін маңызды. Бұл орайда кеңсе қызметкерінің өз бетімен судьяның атынан, өтініш жасаушы субъектіге арыздың мәтініне қандай да бір басқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасауға, қандай да бір құжаттарды көрсетуді талап етуге құқығы жоқ. Азаматтық іс жүргізу заңымен мұндай іс-әрекеттерді тек судья ғана жүзеге асыра алатыны анық реттелген.

    Судьяның  талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері

    Талап арыз түскеннен кейін 1-тармақта белгіленген  алғышарттар болған жағдайда (жоғарыдан  қараңыз), судья бес күн ішінде талап арызды өз өндірісіне қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда  талап арыз қабылданған күн, кімнің кімге және не туралы талап арызы  бойынша азаматтық іс қозғалып отырғаны көрсетілуге тиіс. Бұл орайда азаматтық  процестегі тараптар талапкер мен жауапкер болып табылатынын есте ұстау  керек. Өз мүдделері үшін талап қойған немесе солардың мүдделеріне талап  қойылған азаматтар мен заңды  тұлғалар талапкерлер болып табылады. Өздеріне талап қойылған азаматтар  мен заңды тұлғалар жауапкерлер  болып табылады. Заңмен көзделген  жағдайларда заңды тұлғалар болып  табылмайтын ұйымдар да тараптар бола алады. Өзінің мүддесін көздеп басқа  тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге заң бойынша  құқығы бар тұлғалардың арызы  бойынша іс басталған тұлғаға  сот пайда болған процесс туралы хабарланады және ол процеске талапкер ретінде қатысады. Азаматтық процестің  тарабы мемлекет бола алады (АІЖК-нің 48-бабы).

    Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешумен  бір мезгілде сот АІЖК-нің 14-бабын, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының ережелерін ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындауға тиіс. Аталған ережелерге сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) қандай тілде берілгеніне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

    Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы»  № 21 нормативтік қаулысының (бұдан  әрі - нормативтік қаулы) 3-тармағына  сәйкес, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде  сот ісін жүргізу тілін өзгерту  туралы өтінім түскен жағдайда, судьяның сот отырысында істі қарау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар.

    Денсаулыққа келтірілген зиян туралы талап арыз берілген кезде құжаттарды ресімдеудің мына мысалын назарларыңызға ұсынуды мүмкін деп тауып отырмыз, ол біздің ойымызша, даудың санатына байланысты бірінші сатыдағы соттар үшін күрделі болып табылады.

    Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы соттарының денсаулыққа  келтірілген зиянды өтеу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы»  № 9 нормативтік қаулысына (2004 жылғы 18 маусымдағы нормативтік қаулымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен  бірге) сәйкес, қызметкерге келтірілген  зиянды өтеу туралы талап арызды сот  тек қызметкердің талап етуі немесе қаза болған қызметкердің отбасы мүшелерінің  талап етуі бойынша ұйым әкімшілігінің  шешімі қабылданып, зардап шегуші, қаза болған қызметкердің отбасы мүшелері оның шешімімен келіспегеннен кейін  немесе осы талаптарды әкімшілік  белгіленген он күндік мерзім ішінде қарамаған жағдайда іс жүргізуге  қабылдайды. Әкімшілік зардап шегушінің  арызы бойынша дер кезінде  шешім қабылдамаған жағдайда зардап шегуші тікелей сотқа жүгіне алады.

    Қойылатын талаптардың сипатына қарай талап  арызға мынадай дәлелдемелер қоса берілуге тиіс:

  • зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);
  • еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысандағы акт);
  • жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;
  • Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы;
  • медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек қызметіне байланысты жарақат алған немесе денсаулығы басқаша түрде зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;
  • медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша ресурстардың басқа түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;
  • орташа айлық еңбекақының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері туралы мәлімет, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар.
  • Нормативтік қаулының жоғарыда баяндалған ережелерін қалай болғанда да осындай сипаттағы талап арыздарды қабылдаған кезде орындау қажет. Осы айтылғандарды қорытындылай келе, құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуының мәнін, талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді баяндай отырып, талапкер талап арызында төмендегілерді көрсетуге тиіс деп есептейміз:
  • ол ұйымда (кәсіпорында) қай кезден бері еңбек шартының (келісім-шарттың) негізінде, қандай қызметте жұмыс істегенін және оның лауазымдық міндеттеріне не жататынын;
  • қызметтік міндеттерін орындау кезінде қашан және қандай жағдайларда оған еңбек жарақаты келтірілгенін;
  • оның басында болған жазатайым оқиға үшін жауапкердің кінәсі немен расталады, жазатайым оқиғаның себептері туралы қорытындыны және өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің тұжырымдарын, жасалған күні мен заң талаптарына сәйкестігін көрсете отырып баяндау;
  • талапкер Дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясы (ДЕСК) өткізген сараптаманың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғаның нәтижесінде мүгедек болып танылды ма, қандай топтағы мүгедек, ДЕСК қорытындысының негізінде кәсіби еңбек қабілетінің қанша %-ын жоғалтты,  қайта куәландыру қашан тағайындалды;
  • орын алған жазатайым оқиғадан кейін жұмыс істей ме, кім болып жұмыс істейді, сол кәсіпорында ма әлде ауыстырылды ма, жұмыс берушінің бұйрығының күні мен нөмірі көрсетіліп жұмыстан босатылды ма;
  • талапкердің еңбекақысының орын алған жазатайым оқиғаға дейінгі және кейінгі мөлшері қандай немесе жұмыс істемеуі себепті еңбекақысы жоқ екенін көрсету керек.

    Сонымен қатар, талапкер нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, жарақат алғанға дейінгі орташа айлық еңбекақысына қатысты еңбек  қабілетін жоғалту пайызын ұсынуға, егер жәбірленуші осы көмек түрлеріне  мұқтаж және оларды тегін алмайды  деп танылған болса, денсаулығының  зақымдануына байланысты ем алуға, арнайы қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып  алуға, протез жасауға, басқа адамның  күтіміне, санаторлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандық алуға дайындалуға және т.б. байланысты туындаған қосымша шығыстардың бар-жоғын талаптарының сомасын негіздеп, жасаған есептерін ұсына отырып көрсетуге міндетті. Талап арызда талапкер жарақат алғанға дейінгі өзінің айырылып қалған орташа айлық еңбекақысы қандай құқық нормаларға сәйкес өтелуі қажет деп санайтын болса, сол нормаларға сілтеме, сондай-ақ ол жазатайым оқиға нәтижесінде жұмсаған қосымша шығыстары көрсетуге тиіс. Егер талапкер жауапкермен арадағы дауды соттан тыс тәртіпте шешуді ұсынған болса, бұл туралы талап арызда көрсетуге болады.

    Талап арыздың өтініш бөлігінде талапкер жауапкердің кінәсінен болған денсаулығының  зақымдануы нәтижесінде айырылып қалған еңбекақысын өтеу турасында талапкерге қойылатын нақты сомаларды, ай сайын  қандай уақыттан бастап төленуі керек  екенін, сондай-ақ талапкер жұмсаған қосымша  шығыстарды көрсетуге тиіс.

    Төменде талап арызға қосымшада сотқа  ұсынылуы қажет деп саналатын  құжаттардың кейбір тізбесі келтірілген, олар:

    еңбек келісім-шарты;

    жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);

    еңбек қызметіне байланысты жазатайым  жағдай немесе қызметкердің денсаулығының  басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысанындағы  акт);

    Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың  себептері туралы қорытындысы;

    арызбен жүгінген сәттегі орташа айлық еңбекақысы туралы анықтама;

    егер  талапкер жұмыс істемейтін болса, мүгедектігі  және т.б. бойынша зейнетақы алатыны  туралы анықтама;

    атқарып жүрген қызметінен босатылуы, басқа  жұмысқа ауыстырылуы және т.б. туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);

    зардап  шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат  арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);