Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

 

 

  

 

                                                        МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ......................................................................................................................

 
І ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ...........................

1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері............................................................................................................. 
1.2 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педагогика- психологиялық негіздері.....................................................................

1.3 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму  
мониторингі..............................................................................................................

 

ІІ ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.........................................

2.1.  Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану....................................................................................................

1.3 Деңгейлеп саралап оқытудың  тарих сабақтарындағы тиімділігі...................   
2.3 Тарих сабақтарында  деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алатын орны мен нәтижелері.................................................................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................   
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі.  Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның өсіп-өркендеуі, еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алуы  оның білім беру жүйесінің даму дәрежесімен тығыз сабақтасады. Осыған байланысты білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттер жүзеге асуда. 

Қазақстан Республикасының  білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да  тарих сабақтарында жаңа технологияларды ұтымды пайдалану бүгінгі заман талабына сай жауапкершілікті қажет етеді. Оқушының білімге деген құштарлығын қалыптастыру қазіргі таңда тек қызығушылыққа негізделген оқу жоспарын жаңаша жоспарлау мектеп мұғалімінің шеберлігін шыңдайды. Оқыту үрдісінде жаңа технологияны қолдану болашақтың талабы. Кез келген білім беретін орта мектептің тарих мұғалімінің мақсаты оқу процесін ұйымдастырғанда әрбір оқушы өзінің іс-әрекетінен сезім алатындай, оқу – оқушы үшін қуаныш әкелетіндей етіп құру. Ал пәнді оқытудағы негізгі мақсаттары оқушыларды тарихи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра білуге, ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге дағдыландыру. Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқуға деген ұмтылыстарын қалыптастыра отырып, іскерлігін дамыту. Тарих сабағын өткізуде жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пәнге лайықты қолдана отырып, оқушылардың ақпаратты іздеуге дағдыларын қалыптастыру арқылы, оқушылардың жаңа матералды меңгеруі бойынша деңгейленген тапсырмалар беру керек. Қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану пән мұғалімімен оқушылардың арақатынасын арттырады. Тарих сабақтарында оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру мақсатында тәжірибеде қолданылып жүрген жаңа технология әдістерінің бірі деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы өткізу сабақтың тез әрі терең меңгерілуіне өте үлкен септігін тигізеді  деп ойлаймын. Сонымен қатар деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Осындай жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Сондықтан жұмыс  тарих сабақтарын  жаңа технологияның бір түрі деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы оқыту әдістемесіне арналған. Осы айтылған мәселелердің барлығы зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеудің мақсаты. Тарихты оқыту әдістемесінде қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың ерекшеліктерін аша отырып, деңгейлік тапсырмалардың өзіне тән белгілерін, әр деңгейде орындалатын тапсырмалардың мақсаты мен міндетін анықтау. Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінде тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу. Деңгейлеп - саралап оқыту арқылы тарих пәнінде оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгерту. 

Зерттеу жұмысының міндеттері:                           
- жаңа технологияларды тарихты меңгертудегі қызметін айқындау; 
- тарих сабағында деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігін айқындау; 
- деңгейлік саралап оқытудың элементтерін тарих сабақтарында пайдалану жолдарынкөрсету;      
-деңгейлік тапсырмаларды тарих пәнін оқытуда қолданудың тиімді жақтарын көрсету;

Зерттеу пәні. Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану. 
Зерттеу нысаны. Деңгейлеп саралап оқыту арқылы оқушыларға үздіксіз білім берудің, тарихты меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету. Сонымен қатар тарихта деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы  оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері;  деңгейлік тапсырмалардың түрлері, олардың тілді оқытудағы ерекшеліктері. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, біріншіден, оқушының жеке қабілетін ашуға, екіншіден, өзіне деген сенімін жетілдіруге, үшіншіден, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, төртіншіден, сабақтың тиімді, сапалы әрі қызықты өтуіне жағдай жасайды.     

Зерттеудің әдістанымдық негізі. Әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері,тарих, педагогика, психология ғылымдарының оқытудағы, білім берудегі соңғы жетістіктері басшылыққа алынды. 
Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер тарихты оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.  
Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Жұмыста ұсынылған амал-тәсілдерді мектепте тарихты меңгертуде қолдануға болады. Жұмыста берілген тапсырмалар тарих сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа сабақты тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің болжамы. Тарих сабақтарын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, біріншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін анықтауға жағдай туғызады. Екіншіден, берілетін білім көлемі әр деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп, таңдап алуға әсерін тигізеді. Үшіншіден, әр деңгейде қамтылатын түрлі тапсырмалар оқушының білім сапасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын жетілдіреді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Тарих сабақтарын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың әдістемесі;
  • Тарихты оқытуда жүзеге асатын деңгейлердің ерекшеліктері, мақсаты мен міндеттері айқындалды;

Еңбектің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

І тарау. Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың ғылыми негіздері

 

1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,  оның өзіндік  ерекшеліктері

 

Еліміздің егемендік алу нәтижесінде  қоғамдық  өмірдің  барлық салаларында, соның ішінде, білім беру  саласында жүріп  жатқан демократияландыру  мен ізгілендіру  мектепті осы күнге  дейінгі дағдарыстан  шығаратын қуатты талпыныстарға  жол ашты. Жаңа талпыныс  жаңа ашылған  жолдардың бірі - білім  берудің  жаңа жүйесінің  жасалуы. Білім беру саласының  барлық жағына  жаңаша көзқарас, жаңаша  қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына  көшу, білім  мазмұнын  жетілдіру, жаңа буын  оқулықтары мен оқу  әдістемелік  кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасады. Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын  меңгертуге  ғана бағытталып, олардың жеке басының  дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Қазіргі кезде біздің республикамызда  білім берудің  жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани  азаматтық  және басқа  көптеген адами келбетінің  қалыптасуына  игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыруы мүмкін. Бұл жерде  технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі  бір ерекшеліктері елеулі  түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті – оның  қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Технология – бұл қандай  да  болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың  жиынтығы.

М.В.Кларин: «Педагогикалық  мақсатқа  қол жеткізу  жолындағы  қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу  реті», - деп жазады.

«Педагогикалық  технология тәжірибеде жүзеге асырылатын  белгілі  бір педагогикалық  жағдайға сай  қолданылатын  әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі  ғана»,- деп В.П. Беспалько анықтама береді.

Педагогикалық жүйе ретінде  ол оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететіндей  оқытудың  әдіс, құрал, үрдестердің мақсатты жиынтығын қарастырады.

В.В. Воронов: “ Педагогикалық технология – бұл тиімді  оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт”,- деп есептейді.

В.М. Шепель: «Технология – бұл  өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруің,– десе, М. Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігің  деп анықтамасын береді.

Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-біріне онша ұқсамайды.

Дидактикалық процесті В.П. Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару компоненттерінің бірлігіне тұратын жүйе ретінде қарастырады. Ол ұсынған педагогикалық  технологияның анықтамасын толықтырып тұрған педагогикалық  жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың жиынтығы. 

  1. Педагогикалық технология оқытудағы  педагогикалық экспроттарды жоюы  қажет. Оқу процесінің болуына 100%  кепілдігі беру қажет .
  2. Әрі оқушының  өз бетімен жасайтын  оқу танымдық  қызметінің  құрылымы мен мазмұнын анықтайтын  оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет.
  3. Оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже  беретін жолмен  анықтап  оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, объективті  түрде бағалау қажет.
  4. Дидактикалық процестің толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқу процесі оқушылардың денсаулығына  зиян келтіруі  үшін  Ресей  ғылымдары М.М. Поташкин, А.М. Моисеев  т.б. оқушының денсаулығын  қорғайтын  оқыту технологияларын  енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда  келтірілген дидактикалық талаптарға  қосымша мынандай  4 шартты қанағаттандыруға  тиісті .

        1. Оқушының жеке бас ерекшеліктерінің (интелекті, мотивациялық, эмоциялық, т.б ескерілу, оқу материалын  қабылдау сипатының, темпераментінің, еске сақтау қабілетінің) ескерілуі.
        2. Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық, эмоциялық  әскерлерден  аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау.
        3. Сабақтың  сынып ұжымына  жайлы  моральдық – психологиялық климат жағдайында өтуін  қамтамасыз етіп дөрекі  қатынастарға жол бермеу.
        4. Оқу процесінде оқушы денсаулығына  зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен  қатар оларды өзін-өзі психологиялық қорғауға  үйрету.

Практикаға енгізілген педагогикалық технологияларға жасалған талдау –   олардың құрлымының төмендегідей компоненттерден тұратынын көрсетті.

1) Оқу материалын оқушылардың  меңгеруін  байқау мақсатында  алдын-ала жүргізілетін  диагностика  және  оқушыларды  қабілеттеріне  қарай іріктеу. Мысалы, 1-сыныпқа  келген оқушылар  оқи, санай, жаза білу  қабілеттеріне  қарай дайындық  деңгейлері әр түрлі  сыныптарға бөлінеді.

2) Мотивация және оқу танымдық  қызметті  ұйымдастыру. Қай технология  болмасын оқушының осы технологияға  сәйкес дайындалған  оқу құралы  мен өз бетінше ізденіс жұмысын  жасауды қажет ететін болғандықтан, оқушының  қызығушылығын, ынтасын туғызу – танымдық қызметті ұйымдастырудағы аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.                               

3) Оқу құралдарымен жүргізілген  іс-әрекет. Бұл компонент оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын оқу процесінің негізгі бөлігін құрайды. Оқу-таным процесі оқушының қолданылып отырылған технология талаптары негізінде жасалған дидактикалық құралдармен ( пәнді оқытудың календарлық жоспары, танымдық әрекеттердің бағдарлық негізін салуға арналған нұсқаулар, әр модуль бойынша өздік жұмыс тапсырмалары, өзін-өзі  тексеруге арналған және  бақылау жұмысына арналған тестер жүйесі, т.б.) жүргізілген танымдық қызметі арқылы жүзеге асады.

Жалпы технологиялық негізде  құрылған сабақта, негізінен, оқушы дидактикалық құралдармен  ғана жұмыс істеп, ал мұғалім ізденіс – таным  процесін  ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Оқу материалын меңгеру сапасын бақылау. Технологиялық негіздегі оқу процесін бақылау  мен  іс-әрекетке  қажет болған жағдайда  түзету (коррекция) енгізуге  аса үлкен мән беріледі. Оқушының әр модульді (бөлімді) меңгеруі сәйкесті бақылау  жұмысын (әр түрлі формадағы) жүргізу арқылы бағаланады. Оқу материалын меңгере  алмаған оқушылар  үшін қосымша  нұсқаулар беріліп, қайта бақылау  жұмысы жүргізіледі. Оқушының  оқу материалын меңгере  алмауы себептері  қаралады  және қажетті коррекциялық  әрекеттер  жасалады. Оқу мақсаттары  диагностикалық түрде қойылған  жағдайда  жаңа квалиметриялық негізде білім сапасын бағалауға болады.

       Толық  меңгерту технологиясы.  Бұл технологияның авторлары -  американдық ғылымдар Б. Блум мен  Дж.  Кэрролл. Аталмыш технологияның  дәстүрлі  сынып-сабақ  жүйесінен  басты  айырмашылығы – оның міндетті түрде көзделген  нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгеру  технологиясында  барлық оқушыларға  бірдей деңгейдегі білім, білік, дағды қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға  жұмсалатын  уақыттың, оқыту әдістері мен формаларының  олардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес болуы қарастырылған.

 Бұл технологияны ерекшелейтін  басты анықтауыш – толық меңгертудің  эталоны  саналатын  барлық оқушылар  меңгеруге  тиісті оқытудың жоспарланған  нәтижелері  болып табылады. Толық меңгерту  эталоны  мақсаттар таксономиясы  арқылы беріледі. Таксономия  дегеніміз –иерархиялық түрде  өзара  байланысқан  педагогикалық  мақсаттар жүйесі.

        Әр  деңгейлі оқыту технологиясы (В.Фирсов).  Бұл технология әрбір оқушының  өзінің «жақын  даму  аймағында танымдық қызмет жасауына  негізделген.

 Ол дәстүрлі  сынып – сабақ  жүйесіндегі  орта қабілеті  бар оқушыға  ғана арналған оқу процесінің  кемшілігін  жоюға бағытталып құрылған. 

Оқушылардың сабаққа ынтасы, сұранымы, қарқыны  темпераменттерінің және ойлау  мен еске сақтау  қабілеттерінің  әр түрлі деңгейде  болатынын  ескеріп, технология авторлары оларды аталған көрсеткіштеріне сәйкес топтарға (жоғары, орташа, төмен) бөлуді ұсынады.

Оқушыларды саралау  төмендегідей 3 түрде  жүргізіледі.

 А) Оқушылар  оқу жылының  басында  білім, білік  деңгейлері  мен жеке тұлғалар қасиеттерінің  көрсеткіштерін  анықтайтын  диагностика  негізінде  әр түрлі  деңгейде  дәстүрлі  немесе  тереңдетіле  оқытылатын  сыныптарға  бөлінеді.

Б)  Сынып ішіндегі  саралау  мектептің орта буында  жүргізіледі, мұнда  оқушылардың  қабілетіне  сәйкес және  олардың ұйғарымдарын ескере отырып, жекелеген  пәндерді  тереңдетіп  оқыту топтары  құрылады.

В) Оқушылардың өз ұйғарымы, ата-аналар мен мұғалімдердің  ұсынысы, эксперттік бағалау, психодиогностикалық негізінде ұйымдастырылған  негізгі және  жоғары сыныптардағы дейінгі оқыту  арқылы  саралау.

Сараланған әр деңгейлі  оқыту мыналарды  қарастырады:

  • оқушылардың  танымдық мотивациясын  қалыптастыру  және танымдық  қызметке жетелеу;
  • оқу  материалының  мемлекеттік  стандарт талабына  кем емес  білім, білік деңгейін  оқушының  өзінің  таңдауы;
  • оқушының әр деңгейіндегі  өз бетімен  танымдық  қызметін  ұйымдастыруы;
  • жұптық, топтық және  ұжымдық  формалардағы оқу процесін  ұйымдастыру;
  • оқу материалы меңгерілуінің  ағымдағы тексерілуі;
  • оқу материалын әр модель бойынша кіріспе  және  қорытында  тексеру (басты тапсырмаларды  орындай  алмаған  оқушылар  үшін толық меңгергенге  дейін түзету жұмысы жүргізіледі);
  • жеке жоспар бойынша  оқушыларды  өзара оқыту;

    Деңгейлеп  оқыту технологиясын  пайдалану берілген  модульдерді  толық  оқытып  шығуға  қажет уақыт  болуын  талап етеді.

Оқытылу мерзіміне,  сондай-ақ оқытылатын  пәннің  ерекшеліктеріне  туындайтын  сабақтардың  құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері  де  әсер етеді.

Оқушылардың танымдық қызметін іске асыруға  дайындық  кезеңі  оқу мақсатын айқындауды  талап етеді. Бұдан соң  негізгі  анықтамаларды, ережелерді, алгоритмдерді  оқушылардың меңгеру деңгейін байқау  мақсатына  тест, диктант  түрінде кіріспе бақылау  жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыс анықталған кемшіліктердің түзетілуімен аяқталады. Танымдық қызметтің бағдарлық негізін толық қамтамасыз ету үшін оқушыларға  міндетті және нормадан тыс жұмыс көлемі, бағалау критерийлері және үй тапсырмалары  туралы  мәлімет беріледі.

Жаңа материалды меңгеру кезеңі оны оқушылардың басым  көпшілігінің өз бетімен  игеруін  бағытталуы, ықшам  түрде өтіледі.  Әр оқушы  оқу материалын  меңгерген  сайын  пікірсайысқа  қосылады,  жолдастарының сұрақтарына  жауап береді, өз  сұрақтарына қояды. Бұл жұмыс  жұппен де, топпен  де жүргізіледі. Алған білімді бекіту кезеңі тапсырмалардың  міндетті бөлігінің  меңгерілуін оқушының өз бетімен  және өзара тексеру  түріндегі  бақылау  жұмысын қажет етеді.

  Танымдық  қызметтің  нормадан  тыс  бөлігінің  нәтижесіне мұғалім  бағалайды, оның маңызды бөліктері қалған оқушыларға баяндалады. Сабақтар  қорытынды тестлік бағалаумен аяқталады. Өзін-өзі тексеру және өзара тексеруден соң оқушылар  сабақтағы  өз жұмысын  бағалайды.

  Деңгейлеп саралап  оқыту  технологиясы (Ж.А. Қараев).

  Деңгейлеп саралап оқыту  технологиясы В.П. Беспалько ұсынған  педагогикалық  технология  ұғымына, оған негіз  болатын  концептуальдық  көзқарасқа сәйкес және Б. Блумның  толық меңгеру  технологиясының  басты идеяларына  сүйеніп жасалынған. Бұл технология  да басқа  технологиялар  тәрізді  оқу процесінің  құрылымына,  дидактикалық  құралдарға  қойылатын  жалпы технологиялық  талаптардың  орыдалуында. [12; 1-2 б]

Дегенмен аталмыш технологиясының  басқа технологиялардан, әсіресе, атаулары ұқсас. «Әр деңгейлі  оқытуң технологиясынан көптеген  айырмашылықтар бар.

1. Оқушылар алдын-ала жүргізілген  диагностика  негізінде  шағын  топтарға  бөлінбейді.  Оның себебі:

 а) ізгілендіру  принципіне  сәйкес әр оқушының  танымдық  қызмет субъектісі, жеке тұлға  деп қарай  отыра  және олардың  өзінің  «жақын даму аймағындаң жұмыс істеуін  қамтамасыз  ете отырып  оқушыларды  алдын-ала  қабілет  деңгейлеріне  қарай топқа бөлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне  деңгейлік  тапсырмалар  орындау үстінде  оқушылардың  өздері-ақ  сараланады, бірақ тәжірибе  көрсеткендей  белгілі бір мерзімнен  кейін, технологияның  басты компоненттері - оң мотивация  қалыптастыру  және  табысқа  жетелейтін  бағалау тәсілін пайдалану негізінде  оқушылар төменгі деңгейде  жоғары деңгейге ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары  сабақ үстінде  жетекшілік  рөл  атқарып мұғалімнің  көмекшілеріне айналады.

б) Тәжірибе сондай-ақ оқушыларды  алдын-ала  әлсіз, орташа, жоғарғы  топтарға  бөлудің  зиянды  жақтары  да бар екенін   көрсетіп  отыр. Өйткені  бұл оқу мақсатының  диагностикалық  түрде анықталып, бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы  иерархиялық  жүйе құрайтын  болмысына қайшы.

 Базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар) репродуктивті  таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмаларды  орындамай, бірден күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау  оқушылардың  тіректік, базалық  білім алуан  нұсқан келтіретіні  дәлілденген факт.

  в) Оқушылары  өз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілігі  мектептер  жағдайында  саралап оқыту, тіпті  тереңдетіліп  оқылатын  пәндері бар  сыныптар  құру  мүмкін  емес. Бұл жағдайда деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясын  пайдалану тиім.

 Ескерту.  Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясы оқу жоспарының  жылжымалы  бөлігі  арқылы  оқытылатын таңдау, факультативтік  курстардың болуын, жоғарғы кластарға енгізілгелі отырған бейімді  оқытуды, жаңа  типті мектептер – лицей, гимназиялардың болуы құптайды. Бұл жердегі  шешімін  таппай жүрген мәселе  – оқытудың мұндай сыртқы  саралауы мен ішкі  саралаудың (мақсаттар деңгейінен  туындайтын) үйлесімді  жұмыс істеуі.

2. В.П Беспалько ұсынған оқытуды  технологиялық негізде ұйымдастыруға  қойылатын 4 басты  шарттар оқытудың   методикалық жүйесі (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) және дидактикалық  процесте (мотив+танымдық, қызмет+басқару), яғни педагогикалық жүйені  тұтас осы  шарттар  талабы тұрғысынан  жетілдіруді  талап етеді. Педагогикалық жүйені   мұндай түрлендірусіз технолгия құрып, пайдалану мүмкін емес. Әсіресе, мақсаттар таксономиясын пайдалану, оқу мақсатын иерархиялық жүйе тұрғысында анықтау  методикалық  жүйенің  қалған элементтеріне де сәйкес  өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы себепті деңгейлік саралап оқыту технологиясының авторы оқу процесін осы технологиялық негізде  жобалаудан бұрын методикалық жүйе мен дидактикалық  процестері  аталған  талаптар  тұғысынан қайта қарауды ұсынады. [12; 4 б]

 Жалпы дидактикада  да, әлемдік  әдістеме ілімінде де, бұрыннан  қалыптасқан «деңгейлік оқыту  ұғымы бар. Деңгейлік оқыту мәселесінің  негізгі  қағидалары, заңдылықтары  оны жүзге асыру жолдары  аталған ғылым  салаларында  қарастырылған.

  «Деңгейлік сөзі  термин  ретінде  алғаш  математика  ғылымында  пайда болған. Математикада бұл термин «өлшеу құралынң, «шаманың  белгілейді. Деңгейлік идеясы  шет  елдерде  педагогика  ғылымына  1920 жылдың  басына енген. Ал кеңестік педагогикада оқыту  мәселесін О.Б. Лошкова (деңгейлік саралап оқыту) енгізген.

Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының  ойлау қабілеттілігін арттыру. Міне, осы мақсаттарды іске асыру  үшін көптеген  ғалымдар ұзақ уақыт  талмай еңбек етде. Еңбектерінің нәтижесі – орта білім  беру жүйесінде  оқытудың жаңа жетілдірген  «Ата мұраң бағдарламасының  жасалуы. Жаңа бағдарламада, ең алдымен, оқушының білім алуға деген  ынтасын, жауапкершілігін  арттыру, берілетін оқу материалының  күрделі, ірі басты рөлде теориялық білімінің болуы, материалдың  жоғары жылдамдықпен оқытылуы, баланың  білім алуы үрдісін сезінуі қамтылған. Жаңа оқулықтағы  тапсырмалар жаңа технологияларға негізделіп берілген. Білім беру  саласындағы осындай оңды өзгерісте әрбір мұғалімнің өз ісіне  мұқияттылығын талап етеді. Үйреншікті дайын  әдіс-тәсілдер  баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткен де  баланың  ойына, сезіміне  серпіліс   ендіру  мақсат  етіп  қою керек. Сан алуан әрекет  арқылы  ақыл-ойды  ұштау, жетілдіру жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп  дамыту  жолдарын  іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Қоғамымыздың  қазіргі  даму  кезеңі  мектептегі  білім беру  жүйесінің  алдында  оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жаңа технологияны  жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық  ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы  орын алады.

Деңгейлік  тапсырмалар беру арқылы балалардың  тілін  дамытып, сөздік  қорын  молайтуға  мүмкіндік  бар. Деңгейлік оқытудың  ерекшелігі оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе  алатындығында. Деңгейге бөліп оқытудың  тиімділігі,  біріншіден, оқушының  әлеуметтік-психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден, теориялық дайындығы есепке  алуы тиіс.

В.В Фирсов (міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту)                          В.П Беспалько (тапсырмалардың  «қиыншылығын есепке алуң әрекетінің  төрт деңгейі), т..б  ғалымдар қарастырған.

Педагог ғалым В.П Беспалько  зерттеу еңбектерінде  деңгейлеп саралап  оқытуға  кеңірек  тоқталып, оның ең тиімді  әдістерін, тың жолдарын, озық үлгілерін  жаңашылдықпен  дәлелдеп береді. Ғалым  оқу материалдарын  меңгерудің төрт деңгейін  ұсынады.

 І. Оқушылық деңгей. Мұнда білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың  іске асырылуы  бағдарлама талабына сәйкес  қарастырылған.

ІІ. Алгоритмдік деңгейде  оқу материалдарының  түсініктілігі, мазмұны  деңгейлік  тапсырмалардың күрделене түсінуінен  аңғарылады.

ІІІ. Ізденушілік деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастағы, іздеушілік ерекшелігі басым болып деңгейлік тапсырмалардың  танымдық  жағынан  жетілуіне, тереңдетілуі  айрықша  назар аударылады.

ІV. Шығармашылық деңгейді баланы  дарындылығы, таланты, тапсырмаларды  орындаудағы  ізденімпаздығы, танымы  рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады.

  • Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында мынандай                әрекеттер  жүзеге асырылады:
  • интеллектуальдық  іс-әрекеттер; 
  • ойлау операцилары (талдау,жинақтау, жіктеу т.б.)
  • тіл  таңбалары  қолдану (1,42)

Яғни  қорыта  айтқанда, әр деңгейдің алдына  қоятын мақсаты, міндеті болатыны белгілі.

Қазіргі кездегі заман ағымына қарай ғылымның дамуы, әлеуметтік экономикалық қажеттліктер жас  жеткіншектің  салауатты саналы, білікті, білімді  болуын талап  етеді.

 Дәстүрлі білім беру барысында  оқыту шарттары, құралдары мен  әдістері белгілі де, оқыту нәтижесі  белгісіз болады. Ал әдістемелік  басқаруда  қанағаттандырылуы тисті  талаптар  алдын-ала  анықталып, қалыптастыру  процедуралары әрбір  оқушы  ерекшелігіне  байланысты  өзгеріп  отырады.

Қазіргі заман  талабы әр оқушы  әр сабақ  кезінде   жаңа  білім  қосып  қана қоймайды, соны өзі игеріп, ізденіп, талдап, пікір  таластыру  деңгейіне  жетіп, даму үстінде  болуын қалайды.

 Бүгінгі педагогика оқушының  оқу барысындағы  субъект ретінде  қабылдайды. Жұмабай Амантөлеұлы  Қараев  технологиясындағы  оқу  үрдісінде:

  • оқушыға сенімділік білдіру;
  • пәнге қызығушылығын арттыру;
  • оқушы өз біліміне  сенім оны  әрі дамыту;
  • өзіндік шығармашылық  деңгейге  көтерілу, мақсат етіп  көзделген.

  Профессор Ж.А.Қараев  технологиясының  тиімділігі:

  Жаңа тақырыпты  балалар  шығармашылық  ізденіс  үстінде  өздігінен  меңгеруі  тиіс. Сондықтан мұндай  сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойылып  отырады. Тақырып бойынша  жасақталған  деңгейлік  тапсырмалар  жүйесі  дамыта  оқыта  идеясы  жүзеге асыруға  мүмкіндік  береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын  білім  сапасының  дамуын  қамтамасыз  етеді.

Деңгейлік саралау оқушы  мен мұғалімнің белсенді шығармашылық  қызметін дамытумен  қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен  бағалауға  мүмкіндік береді.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды  орындаудан  бастайды  да оларды міндетті  түрде толық  орындап  болғаннан  кейін  ғана келесі  деңгейге  көшіп  отырады. Бұл оқушылар  арасында  жарысу  жағдайын  туғызады  және  әр оқушының өз қабілетін, қызметіне сәйкесті  жоғары  деңгейге  көтерілуіне толық  жағдай жасайды.

Аталған жаңа бағалау  әдісі  әр оқушының  дамуын  қадағалайтын  педагогикалық мониторинг құрауға  мүмкіндік береді.  Бұл жағдайда әр бала  әр тақырып  бойынша бағаланады  және ұстазға, сабақтан тыс уақытта  оқушымен  жеке жұмыс  істеу  үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты  анықтауына  мүмкіндік туады.

  • оқушы өзі ізденеді, оқиды
  • мұғалімнің  дарынды  оқушылардың мүмкіншілігін  анықтайды.
  • әр оқушы  өзін-өзі  бағалайды, өз білімін  жоғары  деңгейге  өзі жеткізе  алады.
  • Оқушылар  материалды  толық игереді.

Оқыту мақсатындағы  ерекшеліктер:

- оқушы мемлекеттік  стандартқа  сай білім  алды.

Білім заңының 41 бабында  көрсетілгендей  мұғалім оқушыға стандартқа  сай  білім берілуі қажет деп атап  көрсетілген.

- Жаңа педагогикалық  технологияны  оқыту барысында өз деңгейін  көтерерлік  деген оқушыға  толық  мүмкіндік бар.

 Деңгейлеп саралап оқыту  оқушылардың білімін  жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе  бойынша  бағалауға  мүмкіндік береді. Оқушыларды  рейтинг жүйе бойынша  бағалауға  тиімділігі  әрбір оқушының  өтілген  тақырыпты  қалай түсінді, сонымен қатар бүкіл сынып  өтілген тақырыпты қалай түсінгенін  әрбір сабақ  сайын  біліп отыруға  мүмкіндік жасайды.