Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері

       1. Ел экономикасының қазіргі оқу кезеңіндегі мемлекетіміздің   әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі

    

      Қоғамдық  өнімнің тауар түрінде сатып  алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас   арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.

      Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер  мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.

      Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының  тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи- климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.

     Бөлшек  сауда тауарларды  жеке тұтыну мақсатында тікелей халыққа қолма-қол есептесу арқылы немесе басқа тұтынушыларға шағын көтерме оралым ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сатуды жүргізеді, сонымен тауарлар біржолата сатылып, алу мен сату актілері нәтижелерінде олар оралым саласынан тұтыну саласына түседі.

     Сауда ел экономикасының тіршілікке қажетті  салаларының бірі  болып, халықпен, олардың халық тұтынатын әр түрлі  сапалы тауарларға материалдық және мәдениеттік қажеттілігін қанағаттандырумен  күнделікті және өте тығыз байланыста. Сондықтан ол барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Сауданың бұл рөлі халық тұтынатын тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу туралы өзінің негізгі, ең маңызды міндеттерін орындауда көрінеді.

     Бұл міндеттерін орындау үшін сауда  ел экономикасының көптеген салаларымен  бірлесіп қызмет етуі керек, себебі оның тауарлық ресурстары жеңіл тамақ, ет-сүт, балық және тағы басқа өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінен құралады. Өнеркәсіппен қарым-қатынас жасау барысында сауда тауарларды жеткізіп тұруға тапсырыс пен мәлімдеме беру және көтерме жәрмеңкелерде жасалған сауда мекемелері мен өнеркәсіп орындары арасында шаруашылық келісім-шарттары арқылы өндірісті өркендетуге, тауарлардың сапасын жақсарту мен олардың түр-түрін ұлғайтуға белсенді ықпал жасайды.

     Өндіріске ықпал жасай отырып, сауда тұтынушыларға  ең қажетті жоғарғы сападағы тауарларды кең ассортиментте  сатып, олардың әр түрлі, әсерлі өсіп келе жатқан төлеу қабілеттілігі бар сұранысын қанағаттандыру мен халықтың материалдық және мәдениеттілік өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.

     Ең  маңызды міндетін- тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу – орындау үшін сатып алу,тасымалдау, сақтау, өңдеу, сұрыптау, буып-түю және сатумен байланысты саудалық ұйымдастыру, өндірістік және басқа да шаруашылық операцияларын орындайды,

     Таурларды өндірістен тұтынушыларға (сатып алушыларға) жеткізу барысында сауда арқылы екі біршама дербес және уақыт пен кеңістікте тауарлық-ақшалай айырбастың табиғи-заттай және ақшалай түріндегі  бір-бірінен бөлек екі акт жасалады: тауарларды сатып алу (А-Т), бұл сауда мекемелерінің тауар өндірушілерден оларды сатып алуды көрсетеді; және тауарларды тұтынушыларға сату (Т-А). Бұл актіні жүргізу негізінде құнның ақшалай түрінен тауарлық және қайта ақшалай түріне (А-Т-А) ауысуы болады және халық  тұтынатын тауарларды өндіруге жұмсалған қаржылардың оралымының үрдісі аяқталады.

     Өндіріс пен тұтыну  арасында делдалдық қызмет көрсете отырып, сауда халық тұтынатын тауарларды сатып алушыларға (тұтынушыларға) жеткізіп, оларға қажетті қызмет көрсетіп  және тауарлық-ақшалай айырбас жасап қана қоймай, сондай-ақ  өндіріске ықпал жасайды, оған тұтынушылар үшін қажетті сапалы тауарлар шығаруға түрткі болады, тауарлық ұсыныс пен төлем қабілеттілігі сатып алушылық сұраныстың қалыптасуына белсенді қатынасады және оларды нарықтық келісімге әкеледі.

     Сауданың  жұмыс істеуінен халық тұтынатын  тауарлар шығаратын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларының табысты дамуы тікелей, ал олар үшін шикізаттар, материалдар, жабдықтар, электр-қуаты, отындар және т.б. жеткізіп тұратын салалар жанама байланыста. Егер саудаға түскен тауарлар тұтынушылардың төлей аларлық сұранысына сәйкес келсе және оларды жеткізу және сату жақсы ұйымдастырылса, онда тауар шығарушы мен сауда өздерінің тауарларды шығару мен айналымына кеткен қоғамдық қажетті шығындарының кідіріссіз ақшалай орнын толтырады да, сатылған тауарлардың құнына кірген таза табыс табады. Нәтижесінде өндіріс пен  сауданың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа тауарларды шығаруды қайта бастауға және базаларды әртүрлі тауарлармен толтырудың экономикалық негіздері жасалады. Мемлекеттке халықтың қажеттілігі олардың ақшалай табыстарына сәйкес қанағаттандырылуы және қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін шығындардың орнын толтыру қажет. Халықтың сұранысын бағалай және жинай отырып, тауарларды сату мен тұтынушыларға  қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, сауда халық тұтынатын тауарларды шығаратын экономика салаларының үдемелі дамуы мен халықтың қажеттілігін жақсы қанағаттандыруды экономикалық ынталандыру үшін мемлекеттің қолындағы ең белсенді экономикалық құралы болады.

     Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындауда сауданың рөлі тағы да оның елдің ақша айналымы және қаржы жүйесімен тікелей өзара байланысымен анықталады.

     Ұлттық  экономиканың қазіргі даму кезеңінде  ақшаның үлкен ынталандыру мазмұны бар, ол еңбекақы , зейнетақы, жәрдемақы төлеу және мемлекетіміздің басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындау үшін пайдаланылады, осыған байланысты ақша айналымының тұрақтылығы мен оның қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз етудің әділдік қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттерді орындауда саудаға маңызды рөл жүктеледі, себебі сол арқылы елдің  банкіне айналымға шығарылған барлық салт ақшаның 90 пайызы дерлік қайтып оралады.

     Бұдан шығатыны, елдің ақша оралымының жылдамдығы, негізінен, сауда мекемелері мен  кәсіпорындарының жұмысына тікелей  байланысты. Сондықтан сауда мекемелері өз қызметтерін неғұрлым жақсы ұйымдастырса және базардың төлей аларлық сұранысын терең зерттесе, неғұрлым сауда кәсіпорындарындағы тауарлық қорлар талапқа сай келсе, соғұрлым тауар оралымының жылдамдығы жоғары және тауар сату көлемі (бөлшек тауар оралымы) үлкен және соғұрлым елдің ақша оралымы қарқынды және тұрақты.

     Мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығы үшін де сауданың маңызы  зор. Таурларды сату нәтижесінде  мемлекеттік бюджетке қосылған құн  салығы мен акциздер тауар бағасының  элементтері ретінде әрбір сатып алу – сату операцияларынан  есептеліп алынып, тікелей түседі. Сондықтан бұл салықтардың сомасы көп жағдайда тауарлар оралымының жылдамдығына байланысты.

     Сонымен, сауда халық тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды сала ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру мен еліміздің ақша-қаржы жүйелерін нығайту туралы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын орындауда ерекше рөл атқарады.

     Әлеуметтік  –экономикалық тұрғыдан халық тұтынатын  тауарлар саудасы үш түрде дамиды: мемлекеттік, кооперативтік және колхоз саудасы. Бұл  өндіріс құрал жабдықтарына екі қоғамдық меншік (мемлекеттік және колхоз кооперативтік) және шаруалар мен фермерлер қожалығы, жұмысшылар мен қызметкерлер, және көмекші шаруашылығынан алынған артық ауыл шаруашылығы өнімдері бар ауыл тұрғындарының жеке меншіктің болғанынан туындайды.

     Жоспарлы экономикалық жағдайында елдің бөлшек тауар оралымының жалпы көлемінде мемлекеттік сауданың үлесі 70 пайыз шамасын құрады және басымдылық жағдайда болады.

     Кейінгі жылдарда жүргізілген ел экономикасын реформалау және нарықтық қатынасқа көшу  сауда саласына өте қатты әсерін тигізді.

     Сөйтіп, сауда кәсіпорындарын сату және жекешелендіру арқылы мемлекет иелігінен алу, жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршектер, ларектер) арқылы кәсіпкерліктің қайта дамуы басталады, сауданы басқарудың ұйымдастырулық құрылымы бұзылды- облыстық қалалық, аудандық сауда басқармалары, жұмысшы жабдықтау бөлімі, көтерме сауда орындары және т.б. жойылды. Нәтижесінде мемлекеттік сауданың рөлі шұғыл түсіп кетті. Ірі сауда мекемелері мен кәсіпорындары (көтерме сауда орындары, бөлшек сауда бірлестігі және т.б.) капиталында 51 пайыздан астам мемлекеттің үлесі бар акционерлік қоғам түрінде жұмыс істейді. Жекелеген мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының фирмалық дүкендері бар.

     Осылай  бола тұра, нарықтық экономикасы дамыған  елдерге тән басымдылық орынды және меншік сауда алды, онымен жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршектер, ларектер т.б.) арқылы жекелеген адамдар, шаруалар мен фермерлер қожалығы және басқа да еңбек ұйымдары шұғылданады.

     Сауданың  негізгі шаруашылық орны- сауда мекемелері (кәсіпорындары).

     Сауда мекемелері(кәсіпорындары) болып халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға құқы бар дербес шаруашылық орны саналады.

     Сауда саласын реформалау нәтижесінде  әр алуан ұйымдастыру – құқықтық нысандағы нарықтық экономикаға  пара-пар сауда кәсіпорындары пайда болды: жеке (дербес) кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (қоғам), өндіріс және тұтыну кооперативтері, бірлескен кәсіпорындар және т.б. бұлар үшін сауда шаруашылық қызметтерінің бір түрі болып саналады (негізгі емес).

     Барлық  кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай  шұғылданса, көтерме саудамен де солай  шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.

     Ауылдық жерлерде негізгі сауда жасайтын жүйенің жетекші саласы сауда  болатын ауылдық тұтынушылар  кооперациясы болып саналады. Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Заңына сәйкес қаладағы әртүрлі сауда түрлеріне бәсекелестік болып ауылдық тұтыну кооперациясының дамуын шектеу алынып тасталды. Үлкен қалаларда, облыс орталықтарында сауданың дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы, сондай-ақ қайта өндіру түрінде сату. Селолық тұтыну кооперациясының өнеркәсіп кәсіпорындарында жасалған ауыл шеберлерінің  өнімдерінің (жүннен жасалған байпақтар, пима, тоқыма бұйымдар, үй жиһаздары, құрылыс материалдары және т.б.) саудасын  өрістету үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

     Сауданың  негізгі қызметін (сату үшін сатып алу) орындау үшін қалада қалай болса, ауылда да солай, мекемелерде (кәсіпорындарда) басқаруды жақсарту, олардың шаруашылық қызметтерінің тиімділігі мен бәсекелестік қабіллеттілігін арттыруды ынталандыру, тауар оралымын өсіру, тауар айналысын жылдамдату және сауда мекемелерінің (кәсіпордарының) шығындарын азайту үшін барлық батыл шараларды қолдану қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.1 Көтерме және бөлшек тауар оралымының экономикалық мәні  

                                 мен мазмұны 

     Сауда мекемелері мен кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметтерінің негізгі көлемді  көрсеткіші болып  тауар оралымы есептеледі, ол белгілі мерзімде (ай, тоқсан, жыл) сатылған тауарлардың көлемін көрсетеді.

     Жоғарыды  айтылғандай, тауар оралымы сауда  жүйесін ұйымдастыру түріне сәкес  көтерме сауда оралымы және бөлшек сауда болып бөлінеді.

     Көтерме сауда оралымы деп тұтыну бұйымдарының келешекте бөлшектеп сату үшін  көбінесе бөлшек сауда кәсіпорындарында, сондай-ақ  өндірістік тұтыну немесе қайта өндіру үшін басқа мекемелерге ірі партиялармен сатылған көлемін айтады. Тауар қозғалысының қалыптасқан түрі бойынша көтерме тауар оралымы екі түрде болады: қоймалық және транзиттік.

     Қоймалық  сауда оралымы  деп тауарларды сауда және басқа кәсіпорындарға көтерме сауда кәсіпорындарының қоймалары арқылы сатуды айтады. Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларынан көбінесе маусымды сұраныстағы тауарлар, мерзімінен бұрын жеткізілетін және бөлшек сауда кәсіпорындарына жеткілікті кең түр - түрін түсіру үшін алдын-ала сұрыптау және іріктеп жинақтауды қажет ететін күрделі түр – түрлі тауарлар сатылады.

     Транзиттік  сауда оралымы  деп тауарларды (көбінесе жай ассортимент: қант, ұн т.б.) жабдықтаушылардан (жеткізушілерден) көтерме сауда кәсіпорындарына соқпай  тікелей сатып алушы мекемелер мен кәсіпорындарға жеткізуді айтады. Ол екі түрлі тауар оралымына бөлінеді: жабдықтаушылар (өндірушілер) мен сатып алушылар (тұтынушылар) арасындағы есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуымен (төленген транзит) және есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатыспауымен (төленбеген транзит немесе ұйымдастырылған транзиттік оралым). Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорындары тауарлар үшін жабдықтаушылармен және сатып алушылармен де өздері есеп айырысады. Транзиттік сатудың екінші түрінде тауарлар үшін сатып алушылар тікелей жабдықтаушылармен (өндірушілермен) көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуынсыз есеп айырысады. Көтерме сауда кәсіпорындары тек транзиттік жеткізіп тұруды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды және делдал ретінде тауарлардың жеткізілуін ұйымдастырғаны үшін сыйақы алады.

     Қоймалық  және транзиттік тауар оралымының сомалары жалпы көтерме тауар оралымын құрайды. Атап айту керек, тауар жеткізудің транзиттік түрі ең үнемді және үдеулі түрі, өйткені тауарлардың жылжу жолындағы артық жүйелер қысқарады, тауар оралымы жылдамдатылады, көлік шығындары қысқарады, аралық қоймаларында тауарларды тиеу- түсіру мен сақтау операцияларына жасалатын шығындар толық жойылады, тауарлардың ысырыпталуы (жоғалуы) азаяды.

     Бөлшек  сауда оралымы дегеніміз - тұтыну бұйымдарының халыққа олардың ағымдағы және алдағы ақшалай табыстарына қолма-қол есеп айырысу арқылы айырбастау және несиеге беру көлемі. Осылайша бөлшек сауда оралымының негізгі экономикалық мазмұнын қорытындылауға болады.

     Бөлшек  сауда оралымына тауарларды халыққа  сатудан басқа, сондай-ақ бөлшек сауда  кәсіпорындарынан шығын көтерме  оралымы түрінде жекелеген заңды  тұлғаларға (ауруханаларға, балалар мекемелеріне, демалыс үйлері мен санаторийлерге, мүгедектер мен қарттар үйіне және т.б.) өздері қызмет көрсететін халықтардың контигентін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін (ауруларды - емделу орындарында, демалушыларды-санаторийлер мен демалыс үйлерінде, балаларды - балалар үйінде, мектептерде, оқушылар интернаттары мен лагерлерінде, мүгедектерді - мүгедектер мен қарттар үйлерінде және т.б.) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сатылған азық-түлік тауарларының және олардың күнделікті шаруашылық (өндірістік емес) қажеттілігіне жұмсалған тауарлар сомалары кіреді. Бұл тауар оралымы тағы да шағын көтерме деп аталады.

     Бөлшек  сауда оралымының құрамы Қазақстан  Республикасының статистика агенттігінің арнайы нұсқаулығымен анықталады.

     Бөлшек  сауда оралымы бөлшек сауда кәсіпорындары және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тауар оралымы болып бөлінеді. Тұтыну кооперациясында, бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін шартты бағалар немесе фермерлік және шаруа қожалықтарынан комиссияға алынған және халықтан сатып алынған өнімдерді жеткілікті базарларда қалыптасқан бағалар бойынша сатудан да бөлшек тауар оралымы құралады.

     Тауарды халыққа сату және ақшалай табыстарын сатып алу-сату жолымен қажетті халық тұтынатын бұйымдарға айырбастаумен байланысты экономикалық қатынастар бөлшек сауда оралымының экономикалық санаты ретіндегі мазмұнын көрсетеді.

     Бөлшек  сауда оралымы – бұл ел дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші. Оның көлемі бір жағынан, халық тұтынатын бұйымдар өндірісінің ауқымын сипаттайды, ал екінші жағынан, халық тұтынатын тауарлық өнімдердің көлемін және сонымен қатар халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдениеттілік деңгейін көрсетеді. Тауарларды бөлшек сату тұтынатын бұйымдарға деген халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандырудың негізін құрайды, өйткені халыққа барлық материалдық игіліктің 80 пайызы шамасындай бөлшек тауар оралымы арқылы келеді.

     Бөлшек  сауда оралымының мағынасы тағы да мынамен айқындалады, бөлшек сатып алу- сату актісі – тауарлардың айналым саласынан тұтыну саласына жылжуының ақырғы кезеңі. Бұл актіде тұтыну құны мен тауардың құны қоғамдық танымға ие болады және тауарларды өндіру мен айналуына кеткен қоғамның барлық шығындары ақшалай төленеді. Нәтижесінде тауар өндірушілер (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы), көлік және сауда мекемелері (кәсіпорындары) өздерінің қызметтерін жалғастыруға және ұдайы өндірістің үзіліссіз жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.

     Бөлшек  сауда оралымының өсуі елдің ақша айналымын айқын түрде нығайтады, өйткені елдегі айналымдағы ақшалардың негізгі бөлігін бөлшек сауда кәсіпорындарынан тауарлар сатып алуға жұмсалған халықтың ақшалай табыстары құрайды және осы жүйе арқылы олар банктің кассасына қайтып оралады. Бұл өз кезегінде, уақытымен, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, оқуақы, төлеуге және басқа да ақшалай операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен ақшалай айналымдарының тиімді жүйесі үшін бір жағынан, бөлшек саудаға түсетін тұтыну бұйымдарының көлемі мен құрылымдық құрамы арасында және екінші жағынан, сатып алу қорлары мен халық сұранысының құрылымы арасында дұрыс ара қатынас болуы керек.

     Осымен  бірге, бөлшек тауар оралымы сауданың сала ретінде, оның құрылымдық бөлімшелерінің (бөлшек сауда кәсіпорындарының-дүкеннің, дүңгіршектің және т.б.) және басқа да халыққа тауарларды бөлшек сатып  алу-сатумен шұғылданатын мекемелердің (жеке және заңды тұлғалардың) сауда-қаржы қызметтерінің негізгі көрсеткіші ретінде үлкен мағынасы бар.

     Оның  көлемі мен түр-түрінің құрылымымен  ең ақырында сауда мекемелері мен  кәсіпорындары қызметтерінің барлық басқа көрсеткіштері, соның ішінде жалпы түсім, шығындарының сомасы мен құрамы, тауарларды сатудан түскен түсім, сауда қызметкерлерінің саны мен құрамы, еңбекақы төлеу қоры, тауар қорларының көлемі мен түр-түрі тікелей байланысты.

     Көтерме және бөлшек тауар оралымының көлемі халық сұранымымен пайдаланатын тауарлар қорларының  жеткілікті көлемде болуына байланысты.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         1.2 Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау  

     Тауарларды  өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық болмаған жағдайда үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорындарында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

     2 – «Босалқылар»  JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бұл ұйымның қалыпты қазмет барысында қайта сату үшін сатып алынған және сақталған тауарлар. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары кіреді.

     Тауар қорлар – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі рыноктағы (айналым саласындағы) қоғамдық өнімнің бөлігі. Тауар қорларының міндеті- бұл толассыз өндіріске және үзіліссіз өткізуге кепіл болу. Олардың өндірістік қорлармен салыстырғанда, өз мәнісі бойынша маңызды айырмашылығы олардың жұмсалуы біршама күткендей болмайды.

     Тауар қорларының әділетті қажеттілігі сауда  жүйесінің үзіліссіздігін және ырғақтылығын қамтамасыз етуден туындайды, өйткені халық тұтынатын тауарлар өндірісі мен оларға сұраныстың арасында, бұйымдардың қажеттілігі мен олардың әртүрлі сол кезде қолда бары арасында оқтын-оқтын сәйкессіздік туындайды. Осындай  сәйкессіздікке мынандай жағдайда себеп болады.

     1. Жекелеген өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарған өнімдер тізбесі тауарларға деген сұраныстың құрылымынан әлдеқайда аз, сондықтан әртүрлі кәсіпорындардың өнімдерін жинап, халықтың сұранысына сәйкес тауардың түр-түрін қалыптстыру қажеттігінен туындайды.

     2. Өнеркәсіп кәсіпорындарының (жабдықтаушыларының) орналасу радиусы мен тауарларды тасымалдау жағдайы тауарлардың тобын сататын жерлеріне кезекті жеткізулер мен тұтыну арасындағы уақыт аралық айырмашылығын алдын-ала анықтайды, олар көптеген факторлардың әсерінен өте көп болуы мүмкін. Осы үзіліс кезінде тауарларды үзіліссіз сату мен тұтыну тек белгілі бір тауар қорлары болғанда ғана мүмкін.

     3. Елдің жекелеген Қиыр Солтүстік аудандарында теңелген аудандарының табиғи-климаттық ерекшелігі бар, жүк тасымалдау жағдайлары мен көлік жол қатынастары мүмкіндігіне байланысты жылдың жекелеген мезгілінде ғана жетуі шектелген биік таулы және жетуге жолы қиын аудандары мезгілінен бұрын жеткізу арқылы тауар қорларын жасауды талап етеді,  олар келешекте жолсыздық пен көлік қатынастарының жоқтығынан тауарларды жеткізудегі үлкен үзілістер кезінде халық сұранысын үзіліссіз қанағаттандырады.

     4. Кейбір тауарларды өндіру мен  оларды тұтынуда маусымдық құбылуы  бірдей еместігін тұтыну маусымы  кезінде мұндай тауарларды сату  көлемі олардың ағымдағы өндірілуінен асып түседі, сондықтан маусымдық тауар қорларын жасау қажеттігі туындайды. Ақырында, тауарларды жеткізудегі ойламаған үзіліс болуы мүмкін жағдайлар, сұраныстың тұрақсыздығы немесе кейде сауда жүйесінде қарастыруға болмайтын өндіріс ырғағының бұзылуы тұтынуда үзіліс болмау үшін сақтандыру қорларын жасауды талап етеді.

     Сонымен, тауар қорлары сауданың материалдық-техникалық базасы бар жағдайда тауар қорлары  халық мұқтаждығына толық сәйкес болуы, ең аз шығынмен бөлшек тауар  орлымының әсерлі дамуын қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ сауданың тиімділігін және сатып алушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.

     Тауар қорлары өздерінің міндеттері мен тұрған жеріне байланысты ажыратылады.

     Тауар қорлары  міндеттері бойынша : ағымдағы, маусымдық, сақтау және мерзімінен бұрын жеткізу  қорлары болып жіктеледі.

     Ағымдағы  тауар қорлары екі кезекті түсудің арасындағы кезеңде тауарларды күнделікті үзіліссіз сатуды қамтамасыз етуге арналады және олар тауарлардың әрбір кезекті түсуімен үнемі жаңарады. Сонымен, әрбір тауар бойынша қорлардың мөлшері сату көлемі мен тасып әкелу жиілігімен анықталады, сондықтан бұл жағдайда тауарларды тасып әкелу біршама бірқалыпты азғантай уақыт аралығында жүргізіледі.

     Маусымдық сақтау тауар қорлары  жыл мезгіліне сәйкес өндірілетін және тұтынатын кейбір тауарлармен сауданы үзіліссіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін жасалады. Мұндай тауарларға тұтыну маусымы кезінде олардың сатылу көлемі ағымдағы өндірістен асып түсетін тауарлар жатады. Осыған байлансыты маусым аралық шығатын осындай тауарлар алдын-ала қор жинау қажет, ол келешекте жылдың әр түрлі мезгілінде тауарлардың жекелеген түрлерін өндірудің жетіспеушілігі немесе тоқтауы кезінде халықтың өсіп келе жатқан сұанысын қалыпты қамтамасыз ету үшін сатылады. Сонымен, мысалы, шырша әшекейлері, шаңғы мен коньки, қыстық киім мен аяқ киім- қыста, картоп пен көкөністерді сала бастау- ұзақ сақтауға, киім мен аяқ киім –жылдың белгілі бір мерзіміне және т.б.

     Мерзімінен  бұрын жеткізілетін тауар қорлары  келешекте елдің жекелеген аудандарында сауданы тоқтаусыз жүргізу және халық сұранысын үздіксіз қанағаттандыру үшін тауарларды алдын-ала мерзімінен бұрын жеткізу арқылы жасалады, себебі бұл аудандарда табиғи климаттық ерекшеліктерінен, жолсыздық немесе көлік жолдары жүйесінің нашар дамуына байланысты (көктемгі және күзгі жолдың езілуінен) тауарларды көліктік қатынас жолдардың қазіргі жағдайында тек жылдың белгілі  бір мезгілінде ғана жеткізуге болады. Осы жеткізуге мүмкіндік бар кезде болашақта сатуға қажетті барлық тауарлар тасылып алынады, осының нәтижесінде бөлшек сауда кәсіпорындарында ағымдағы тауар қорларынан басқа, тауарларды кезекті жеткізулер арасындағы едәуір үзіліс кезінде сатуға арналған мерзімінен бұрын жеткізілетін қорларда шоғырландырылады. Осы жерде бұл мәселені жан-жақты қарамай-ақ айта кету керек, қазіргі көлік жолдары жүйесінің дамуы мен әбден жетілуіне байланысты елдің көптеген шалғайдағы аудандары жүйелі көлік байланыстарының жалпы жүйесіне кіреді, сондықтан мезгілінен бұрын жеткізілетін тауарлардың қажетті көлемі азаяды.